Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтары және оны дамыту бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 11:01, курсовая работа

Описание работы

Бірінші бағыттың төркі ні жұмысшы жастардың проблемаларын талқылау болып табылады. Осы категория жүзінде іс жүзінде ғылыми мүдделердің назарынан тыс қалды.
Екінші бағыт оқушы жастардың жағдайларын зерттеумен байланысты. 1920-шы жылдарда бұл салада да интегралды қорытындылауға ұмтылыс байқалады. Осы тұжырымдамалардың бүкіл екіұштылығына қарамастан, солардың аясында жастар жөніндегі кейінгі зерттеулер үшін аса маңызды теоретикалық әдіснамалық ұстанымдар қалыптасты, бұл орайда П.П.Блонский, Л.С.Выготский сияқты ірі ғалымдарды атауға болады.

Содержание работы

Жастар түсінігі.
І бөлім.
Жастардың әлеуметтік-мәдени рөлінің қалыптасуы.
1.1 Жастардың құндылық туралы түсініктері.
1.2 Жастардың ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы орны мен қызметі.
1.3 Жастар мен құндылықтардың мәдениеттегі рөлі.
Жастар мәдениетінің тарихы.
ІІ бөлім.
Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтар аясындағы көріністері.
2.1 Қазақ жастар мәдениетінің деңгейлері және жетілу кезеңдері.
2.2 Жастардың қазақ мәдениетін жаңғырту мүмкіндіктері.
2.3 Жастар мәдениетін дамытудың қазақстандық үлгісі.
Қазақ жастарының ұлттық мәдениетіміздегі рөлі.

Файлы: 1 файл

Диплом.doc

— 244.00 Кб (Скачать файл)

Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтары және оны дамыту бағыттары

 

 

Жоспар:

        

 

  1. Жастар түсінігі.

І бөлім.

Жастардың әлеуметтік-мәдени рөлінің қалыптасуы.

1.1 Жастардың құндылық туралы түсініктері.

1.2 Жастардың ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы орны мен қызметі.

1.3 Жастар мен құндылықтардың мәдениеттегі рөлі.

Жастар  мәдениетінің тарихы.

       ІІ бөлім.

Жастар  мәдениетінің ұлттық құндылықтар аясындағы  көріністері.

2.1 Қазақ жастар мәдениетінің деңгейлері және жетілу кезеңдері.

2.2 Жастардың қазақ мәдениетін жаңғырту мүмкіндіктері.

2.3 Жастар мәдениетін дамытудың қазақстандық үлгісі.

Қазақ жастарының ұлттық мәдениетіміздегі рөлі.  

 

                                                   

 

                                                       Кіріспе

                                               1.Жастар түсінігі.

Жастар  дегеніміз бұл өздерінің жас  ерекшеліктерімен және де қоғамда өздерінің  ерекше статустарымен әлеуметтік топ  болып саналады. Әр кезеңнің жастары  өз кезінде өзіндік мәдениетпен  ерекшеленеді. Жастар ескі әдет ғұрыптар мен салт дәстүрлерді жоққа шығарады.

В.Т.Лисовский  ең алғаш рет 1968 жылы «жастар» түсінігіне анықтама берген:«это поколение людей, проходящих стадию социализации, усваивающих образование, профессиональные, культурные и другие социальные функции». Игорь Кон жастар мінез-құлықтар жиынтығымен, әлеуметтік құрылымымен және әлеуметтік-психологиялық қасиеттерімен ерекшеленетін әлеуметтік-демографиялық топқа жатқызған. Игорь Кон жастар түсінігіне төмендегі анықтама беріп кеткен болатын:

«Молодость как определённая фаза, этап жизненного цикла биологически универсальна, но её конкретные возрастные рамки, связанный с ней социальный статус и социально-психологические особенности имеют социально-историческую природу и зависят от общественного строя, культуры и свойственных данному обществу закономерностей социализации».[9]

В.Т.Лисовскийдің айтуынша, жастардың әлеуметтік проблемаларының  жіктелімін әр түрлі негіздемелер бойынша жүргізуге болады: аумақтық белгі бойынша индустриялы елдерге тән жастар проблемаларын атауға болады: жеке   өңірлерге (аймақтарға) тән проблемалар, жеке алынған елге тән проблемалар; уақыттық белгі бойынша «мәңгілік» аталатын проблемаларды қарауға болады, мәселен, ұрпақтардың өзара қатынастары және нақты заман арқылы туындаған проблемалар; жүйелі белгі бойынша осы қоғаммен оның даму деңгейіне тән, халықтың әркелкі топтарына қатысты жастардың жалпы проблемаларын және нақ осы әлеуметтік топқа тән, оның қоғамдағы жағдайы мен рөліне байланысты тікелей жастар проблемаларын зерттеуге болады (Лисовский.,1996). 

В.А.Луковтың пікірі бойынша, ХХ ғасырдың бас кезіндегі  Ресей жастары  жөніндегі зерттеулердің  негізгі бағыттары революциялық өзгерістердің серпінді жағдайларында өрбитін жаңа үдерістерді мазмұндайды. Жастар жөніндегі зерттеулер жаңа қоғамдық тұрғыда негізгі үш бағыт бойынша жүргізілді.

Бірінші бағыттың төркі ні жұмысшы жастардың  проблемаларын талқылау  болып  табылады. Осы категория жүзінде іс жүзінде ғылыми мүдделердің назарынан тыс қалды.

Екінші  бағыт оқушы жастардың жағдайларын  зерттеумен байланысты. 1920-шы жылдарда бұл салада да интегралды қорытындылауға ұмтылыс байқалады. Осы тұжырымдамалардың бүкіл екіұштылығына қарамастан, солардың аясында жастар жөніндегі кейінгі зерттеулер үшін аса маңызды теоретикалық әдіснамалық ұстанымдар қалыптасты, бұл орайда П.П.Блонский, Л.С.Выготский сияқты ірі ғалымдарды атауға болады.

Ең  соңғы, үшінші бағыт  жастар қозғалысын зерттеумен тікелей байланысты. 1920-жылдарда осы мәселеге әдептен тыс назар аудару байқалады.Ол, әрине кездейсоқ емес. Біріншіден, нақ сол кезде жастар қозғалыстарының бастамалары идеялық-саяси спектірдің әр полюстеріне айқын ұйымдық нысан алады.Жастардың саяси ұйымдары, жастар белсенділігінің басқа да ұйымдасқан түрлері жылдам қарқынмен дами бастады. Жастар ұйымдарының халықаралық деңгейіндегі байланыстары қанат жайып, халықаралық жастар бірлестіктері құрылды. Екіншеден, кеңес тарихының алғашқы кезеңінде жастардың әлеуметтік субьектілігі мүмкіндіктерінің орасан үлкен әлеуітіне ие болды және іске асырудың сан алуан нысандарын туындатты.

Жастар  туралы қазіргі білім үшін теориялық  және қолданбалы зерттеулердің маңызы зор, осы зерттеулер КСРО-да қоғамдық ғылымдары дамытуға лайық жаңа жағдайлар жасалды.

Жастар проблемтаикасына қатысты қолданбалы зерттеулер 1960-1980-ші жылдары орасан зор үлкен құлаш жайды. Жастар арасында бүкілодақтық, аймақтық (өңірлік), жергілікті        

Жастар  жеке топқа жатуының негізгі себептеріне; жас айырмашылығы, статусы, рөлдік функциясы жатады. Ежелгі Қытайда жастар болып 20 жасқа дейінгілер жатса, ал Пифагор жастарды 13 жастан 30 жасқа дейінгілерді жатқызған.Бұл жас айырмашылықтарды 3-ке бөліп көрсетуге болады:

1. 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер;

2. 18-24 жас аралығындағы жастар;

3. 24-30 жас аралығындағы ересек жастар:

Жастар  – өз ерекшелітері арқылы қарама-қайшылықты және бір мәнді емес әлеуметтік функцияларды атқарады. Сонымен қатар, жастар:

      • мемлекеттің және қоғамның дамыған жетістіктерін жалғастырушы

бір жағынан экономикалық инциативасының әлеуметтік мобильдегінің қатушысы болса, екінші жағынан әлеуметтік-cаяси қарым-қатынасқа толық емес қосымша күштер енгізді.

      • Әлеуметтің бөлігі ретінде – елдің экономикалық қайта өрлеуінің күші болып табылады. 

   Қазіргі жастар – бұл «компьютерлік ұрпақ», «виртуалды  шындықтың ұрпақтары», алдыңғы мәдени сұраныстары мен құндылықтар шеңбері айырмашылыққа толы.

2005 жылғы жастардың жағдайы туралы  бүкіләлемдік баяндаманың деректеріне  сенсек; жастардың (14-25 аралығындағы) саны әлемде 1995 жылы 1,02 миллиард адамды, ал 2005 жылы 1,15 миллиардты қүраған.Қазіргі таңда әлем тұрғындарының 18 пайызын жастар құрайды; ал жастардың 85 пайызы дамыған елдерде тұрып жатса, оның 209 миллионы АҚШ-тың 1 доллардан аспайтын жалақыға өмір сүрсе, ал 515 миллионы АҚШ-тың  2 долларынан кем түспейтін жалақыға күн көруге мәжбүр болуда.

Неміс әлеуметтанушысы Карл Мангейм(1893-1947) жастар, бұл өзіндік жағдайында, көптеген жағдайларда, таза іс әрекеттері мен өзгерістердің нәтижесінде алға жүретін күщ ретінде көрсетеді. Мангеймнің ойынша, жастар әлеуметті өмірдің делдалы қызметін атқарады: бұл қоғамдағы мәртебесінің толыққанды емес қосымша элементіне ие болып табылады.Бұл параметр эмбебап және белгілі орынмен, уақытпен шектелмеген. Мангеймнің ойынша, жастар өз табиғатымен прогресивті емес, консервативті емес, бұл кез келген бастамаға мүмкіндік.

Жастар  ересектік және әлеуметтік топ ретінде  әрқашан мәдениет құндылықтарын  қабылдай отырып,кез келген уақыттарда жастар өз сленгін және өз субмәдениетін  керағар түрлерін жасады. Олардың өкілдері болып хиппи,битниктер, стиляктар жатты. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    І бөлім

                    Жастардың әлеуметтік-мәдени ролінің қалыптасуы.

 

                         1.1 Жастардың құндылық туралы түсініктері.

 

Кез-келген мемлекет өзінің болашағы жайында терең ойланып, оның барынша жарқын болуын қалайды. Сол елдің болшағының қандай да бір дәрежеде, белгілі бір бағытта болуына қазіргі қазақ жастарының орнына ерекше екендігін ешкім жоққа шығара алмасы шындық. Өйткені қоғам жастар арқылы өзін биологиялық бүтін ретінде ғана емес, сонымен бірге, әлеуметтік бүтін жүйе ретінде сақтай ж»не дами алады.

Жастардың болмысы мәселесін зерртеудің бастау көзін философтардың, мәдениеттанушылардың, әлеуметтанушылар мен саясаттанушылардың жеке тұлғаның дамуындағы  обьективтік және субьективтік факторлардың рөліне, қоғамның әлеуметтік құрылымына, мәдениеттің жеке адамға ықпалына талдау жасаудағы теориялық амалды негіздеуге қатысты теориялық пікірталастардан табуға болады. Жастар және олардың әлеуметтік-мәдени болмысы мәселесі әрі қоғамның негізгі сипаты, құрылымдық ілегерлеуі мен өзгеруі контексінде, әрі дифференді қабаты – қоғамның өзіндік бітімге, қабілет қасиеттерге ие, ерекше әлеуметтік топ ретінде зерттеледі.

Жастар – бүкіл қоғамның экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, саяси, мәдени, рухани дамуының әрі обьектісі, әрі субьектісі. Бұл, бір жағынан, олардың сан жағынан халықтың басым көпшілігін құрайтындығымен, екіншіден, жастардың өршілдік шығармашыл, игемділік, мобилділік, креативті жаңашыл болу қасиеттерімен байланысты болмақ.

Жастар  ұғымының ғылыми категория ретінде  қалыптасып даму жолы оны тәрбиелеудің әлеуметтік-педагогикалық концепцияларындағы кейбір  аспектілерін анықтаудан бастап дербес жастар жасы теориясының қалыптасуына дейінгі аралықты қамтиды.

Жастар  философияда, мәдениетттануда, әлеуметтануда, саясаттануда және басқа ғылымдарда жиі қолданылатын ұғым. Алайда бұл  әлеуметтік категорияның анықталу ауқымы өте күрделі екендігі ғалымдар ортасында мойындалады. Жалпы жастар ұғымы ғылыми әдебиеттерде, оның жастық ерекшеліктеріне қарай қарастырылып, жас шекараларын анықтауға тырысқандық байқалады.

  Сондықтан «жастар» ұғымын өзгеріп отыратын категориялар қатарына жатқызуға келеді. БҰҰ-ның мәліметі бойынша «жастар» ұғымының қазіргі заманғы шекарасы  13-14 жастан 20-30 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Мәдениет философиясы тұрғысында алғанда «жастар» ұғымы мәдени онтология мен мәдени анторпология жүйесіне енеді. Осы негізге сүйене отырып, жастар ұғымын ғылыми    субтанционалдық категория ретінде айту орынды деп есептейміз.

«Жастар -  қоғам» жүйесін алатын болсақ, олардың арасындағы онтологиялық тұтастықты байқаймыз. Бір, жағынан, қоғамның өзінің қалыпатсуы мен даму үдерісі болса, бірін екінші жағынан, жастардың субьект ретінде қалыптасып дамуы қоғамның жетілдіру үдерісі болып табылады.

Мәселені, «жастар – мәдениет» концепті тұрғысынан қарастыратын болсақ, бұл  жағдайда ол екеуі бірін-бірі толықтырып  отыратын бір ғана үдерістің екі жағы десек болады. Мәдениет аясында жастардың жоғары құндылық бағыт-бағдары анықталады, олар өз тарапынан жас тұлғаның әлеуметтік мінез нормасы құрылымы мен кеңістігін анықтайды. Ұлттық мәдени дәстүр мен құндылықтарды сақтау және оны әрі қарай дамыту жауапкершілігі дәл сол жастарға жүктеледі. Жастардың мәдени болмысын және оның сапалық деңгейін анықтаудың өзі Қазақстанның қоғамдық-мемлкететтік даму дәрежесін, ұлттық менталитеттің мықтылығын, сондай-ақ мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтағы орнын анықтайды.Егер тарихқа үңілетін болсақ, жастардың мәдени бітімінің ерекше феномен ретінде қалыптасқандығын аңғаруға болады. Осы орайда біз үшін қызықты мәселе, ол жастардың мәдени тұрғыдағы  өзін-өзі іске асыру және рухани мәдени құндылықтарды бойына сіңіру мәселесі.

Сондықтан жастардың материалдық және рухани тұрғыдан кемел болуы біздің болашағымыздың беки түсуіне ықпал етеді.  Жастардың  рухани тұрғыдан қалыптасуында әлеуметтік-мәдени құндылықтардың орны бөлек. Қандай салада болмасын болашақ ұрпақтың кемелденуінің негізін сол елдің дәстүрі мен құндылықтары қалыптастыратын болса, оның еліне, жұртына адал болуын қамтамасыз етіп ғана қоймай, ел үшін ерінбей еңбектенуіне негіз болады. Сол үшін мемлекеттің де жастарды назардан тыс қалдырылмауы заңды құбылыс. Жастар саясаты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасы» ережесінен негізделіп, «жастардың рухани және тән саулығы маңызды фактор [17] деген тұжырым қалауы тиіс.

Әрине, 2004 жылғы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастардың құқықтық және рухани құндылықтары жастарды өз халқының мәдениетіне бағыттауы, мемлекетіміздің тарихи өткеніне баулуы, қоғамдағы келісім мен бейбітшілікті нығайту жас ұрпақтың отаны үшін мақтан сезімін қалыптастыруы тиіс. Патриотизм, адамгершілік, шеберлік, жауапкершілік сияқты жеке қасиеттерді иеленуге ұмтылу жас қазақстандықтар үшін алға қойылуда. Сонымен, жастар саясатының ресурсын, мәдениеті мен ғылыми білімін,  ұрпақтың саны мен сапасын, оның өмірінің деңгейін анықтайтын бағдарлар, екіншіден, еліміздің қауіпсіздігі мен ұлттық үйлестігін сақтау және дамытуға кедергі болатын теріс салдарды шектеу әрбір мемлекет үшін маңызды мәселе.

Қоғам табиғи, әлеуметтік және мәдени жақтарының өзін жас ұрпақ арқылы қалыптасады. Жастар белгілі бір жүйеде мемлекеттің  болашағын құрайды, сондықтан да оның көңіл күйі, тәртібі мен  хал-ахуалы қоғамдағы жалпы саяси және әлеуметтік-психологиялық жағдайдың көрсеткіші ретінде танылады. Өзіндік ерекшелігіне қарамастан жастар әлеуметтік топтар мен ұйымдардан тыс өмір сүрмейді, сол себепті де жастар мәселесі қоғамның барлық дәрежелеріне тиесілі анағұрлым кең әрі әлеуметтік-мәдени мәселелерден туындайды. Әлеуметтік-мәдени тұрғыдан болашаққа сенім түсінігін түбегейлі өзгерткен экономикалық және саяси қаиынастардағы өзгерістер жалпыадамзаттық құндылықтарға өту мәселесінің тереңдігі мен өзектілігін айқындайды.

Жастар  қандай таңдау жасайды? Олардың әрқайсысы  өткендегі адамзат мәдениетінің мұрагері бола отырып, мұндай моральдық, саяси, эстетикалық, басқа құндылықтардың арасында таңдау еркін иеленген.

Қайта құру мен Қазақстанның өз тәуелсіздігін  алуы жастарға жаңа жағымды «уақыт қаһарманын» - саяси диссидент, табысты  кәсіпкер немесе саяси қайраткер  берді. Мемлекет, мектеп, отбасы, саяси  көшбасшылар, діни ұйымдар, бейресми қозғалыстар, студенттік және ғылыми қозғалыстар, пікірталас клубтары БАҚ, түрлі мәдениеттер тіпті замандар бір-бірінен айтарлықтай айырмашығы бар құндылықтарды уағыздайды. Мысалы, БАҚ, Интернет, бірсәттілік сюжеттерді дәріптеу арқылы жастардағы экрандық мәдениетті қалыптасытруда, ал оның өзі жастар болмысын құрастыруға себеп болып отыр.

Жастар  арасындағы түрлі қарама-қайшылықтардың болуы, олардың тәртіпке бағалауға  байланысты мәселелерден әрекет бағыттарынан, құндылық бағдарларынан көрінетін  трансформациялы үрдістерден туындайтындығын  дәлелдейді. Базалық құндылықтардың басым болуы – заңды құбылыс. Негізінде олар белгілі бір дәрежеде әлеуметтік және беделді қажеттіліктердің негізін қалыптастыру факторлары болып танылады. Жастар үшін базалық құндылықтардың маңыздылығына жасаған талдау, жастардың әлеуметтік санасында жалпы адамзаттық құндылықтар басым екенін анықтады.

Информация о работе Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтары және оны дамыту бағыттары