Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтары және оны дамыту бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 11:01, курсовая работа

Описание работы

Бірінші бағыттың төркі ні жұмысшы жастардың проблемаларын талқылау болып табылады. Осы категория жүзінде іс жүзінде ғылыми мүдделердің назарынан тыс қалды.
Екінші бағыт оқушы жастардың жағдайларын зерттеумен байланысты. 1920-шы жылдарда бұл салада да интегралды қорытындылауға ұмтылыс байқалады. Осы тұжырымдамалардың бүкіл екіұштылығына қарамастан, солардың аясында жастар жөніндегі кейінгі зерттеулер үшін аса маңызды теоретикалық әдіснамалық ұстанымдар қалыптасты, бұл орайда П.П.Блонский, Л.С.Выготский сияқты ірі ғалымдарды атауға болады.

Содержание работы

Жастар түсінігі.
І бөлім.
Жастардың әлеуметтік-мәдени рөлінің қалыптасуы.
1.1 Жастардың құндылық туралы түсініктері.
1.2 Жастардың ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы орны мен қызметі.
1.3 Жастар мен құндылықтардың мәдениеттегі рөлі.
Жастар мәдениетінің тарихы.
ІІ бөлім.
Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтар аясындағы көріністері.
2.1 Қазақ жастар мәдениетінің деңгейлері және жетілу кезеңдері.
2.2 Жастардың қазақ мәдениетін жаңғырту мүмкіндіктері.
2.3 Жастар мәдениетін дамытудың қазақстандық үлгісі.
Қазақ жастарының ұлттық мәдениетіміздегі рөлі.

Файлы: 1 файл

Диплом.doc

— 244.00 Кб (Скачать файл)

1859 жылы бірінші тамыз айынан  бастап Орынбор облыстық басқармасында кіші тілмаш болып қызмет істейді. Ос кезде Балғожа биді айрықша бағалаған және соның Ыбырайды сүйе білген В.В. Григорьев (1816-1871) – Орынбор Шекара комиссиясының 1852-1863 жылдары төрағасы болған тұста көп жәрдем жасаған.

Ыбырай  Алтынсаринның ағартушылық қызметі  ХІХ ғасырдың 60-80 жылдары бастау алады. Облыстық басқармаларда қызмет атқара жүріп, халықтың жағдайымен танысады. Халықтың мұқтаждығы үшін қазақ болыстарының қызметін сынға алып, күресе бастайды.

Ыбырайдың ағарту ісіне ресми келуі 1860 жылдың жаз айында болды. Осы жаңа қызметіне келгеннен бастап, зұлымдық орнаған заманда қиыншылықтарға ұшырайды. Өз туған өлкесіне келуінің басты арманы қазақ балдарына арналған мектеп ашу еді. Осы туған өңірінде үш жыл мектеп ашуға талпынғанымен, нәтиже шығара алмады. Өзі аңсаған мектебін ашу 1864 жылы ашылады. Бұл мектептің ашылуы Ыбырайдың өміріндегі үлкен қуаныш болатын. Мектеп ашылғаннан кейін, Ыбырай ауылдарды жаяу аралап, мектепке қазақтардың балдарын, әсіресе жағдайы төмен отбасылардан шыққан қазақ балдарын ала бастады.

Ыбырай  ашқан жаңа қазақи мектептің діни мектептерден ерекшелігі  - онда бүкіл тәрбие жұмысының адамгершілік идеясына негізделіп жүргізіліп,  жастарға әрбір пән бойынша элементарлық білім беру ерекшеліктігінде және орыс тілінен басқа пәндердің қазақ тілінде оқытылуы болды.

Бұрын ешқандай дайындығы жоқ бұл жаңа мектепте Ыбырай бүкіл педагогикалық  жұмысты өз білгенінше, өзінің орыс мектебінен алған білімі мен тәрбиесі негізінде жүргізеді. Оқулық та, бағдалама да, тәрбиелік нұсқау да Ыбырайдың өзіндік шеберлігінен туындап отырды. Соның өзінде Ыбырай  алғашқы 4-5 айдың ішінде-ақ оқушы жастарға бір сыпыра білім беріп үлгереді. Торғай бекінісінің бастығы Я. П. Яковлев өзінің 1864 жылы Сібір генерал-губернаторына жіберген хатында жаңадан ашылған қазақ мектебінде оқу-тәрбие жұмысының алға қойылғандығы туралы хабарлай келіп, - барлық офицерлер мен дін өкілі (священник) училищеге шақырылды. Менің көзімше қазақ балаларына емтихан алынды. Оқылған уақыттың аздағына қарағанда, оқушылардың табысы жақсы. Төрт жарым айдың ішінде олардың алған білімі өте қанағаттанарлық, тіпті кейбіреулері орыс тілінде орыс тілінде басылған кітаптарды жақсы оқи алады, 9  бала қазірдің өзінде орысша жаза біледі, сондай-ақ мыңға жуық орыс сөзін дұрыс айта алады және 6 оқушы татарша оқиды және жазады»[9].

60-шы жылдардың соңы мен 70-шы жылдардың алғашқы жартысында Ыбырай өзі ашқан жаңа мектепте, оған қосымша Торғай уезінің әр түрлі қызметінде жүріп, педагогикалық білімі мен тәжірбиесін тереңдете түседі,  орыстың халықтық мектептеріндегі жағдайларды өз бетімен зерттеп біліп, оларды қазақ мектебі үшін қолдану мақсатында еңбек етеді, ізденеді.

1877 жылы Орал облысына мектептерін басқаратын инспектордың көмекшісі болуға шақырылады. Қай жерде болмасын, қазақ халқына молырақ пайда келтіруді ғана ойлаған Ыбырай бұл қызметке де келісімін береді. Өзінің инспеторға көмекшілікке келісім бергені туралы айтқан мына бір сөз сол үлкен сезімнің көрінісі болып табылады. «Бұл сияқты – деп жазды ол, жұмысқа ілкі кезінде мен тәрізді, білімі шамалы, бірақ халыққа деген мол сүйіспеншілігі мол қазақтың араласуы керек.

70-шы жылдарда қазақ даласындағы халық ағарту ісіне азды-көпті көңіл бөліне бастайды. Осының нәтижесінде 1879 жылдың 25 шілдесінде тиісті басқарушы орындар 1 қырқүйектен бастап Торғай облысы мектептерінің инспекторы туралы шешім қабылдайды. Бұл шешімде инспектор тікелей Орынбор оқу округінің оқу попечителіне бағына отырып, халық училищелерінің директорларына, басқарушыларына жетекшілік ету правосымен пайдаланады деп көрсетіледі. Сондай-ақ инспектордың тұрақты мекені Торғай қаласы болып бекітіледі.

 

2.1 1914-1916 жылдардағы алғашқы құрылған қазақ жастар ұйымдарының қызметі.

ХХ  ғасырдың басындағы қазақ зиялы  қауымының қалыптасуында Омбы қаласының  рөлі ерекше болған. Бұл кезде Омбы - бүкіл шығыс Сібірдің кіндігі, Дала генерал губернаторлығының астанасы және тоғыз жолдың торабы болғандықтан, қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-рухани шаралардың орталығына айналған еді. Қазақтың біртуар ұлдары Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Р.Мәрсеков, А.Тұрлыбековтардың ағартушылық қызметтері осы қалада басталған. Омбы оқу орындарында С.Сейфулин, М.Жұмабаев, Мұсылманбек және Асылбек Сейітовтар, М.Саматов, Н.Нұрмақов, С.Сәдуақасов сынды қазақ жастары білім алған. Бұл қаланың есімімен талантты жігерлі жастардың басын қосқан тұңғыш қазақ жастарының "Бірлік" ұйымының құрылуы тікелей байланысты болып келеді. Қазақстандағы революциялық оқиғалар кезінде құрылған саяси партиялардың бірі "Үш жүздің" қызметі де Омбы қаласымен байланысты [13,5 б] .

Омбы  облыстық мұрағатының деректеріне  сүйенсек, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында1912-1917 жылдар аралығындағы Сәкен Сейфулин, Нығмет Нұрмақов, Ахмет Барғасқин, Тұрғанбек Бейлин, Таутан Арыстанбеков, Мағжан Жұмабаев, Мұхаметжан Бейсенов, Абрахман Бәйділдин оқыған[104, 4 п]. "Бірлік" жастар ұйымының алғашқыда құрылуына да осы мұғалімдер семинариясының шәкірттері ұйытқы болған еді.

"Бірлік" ұйымының басшылық шоғырына кірген Бірмұхамед  
Айбасов, Қошке Кемеңгеров, Мұхтар Саматов және осы ұйымның мүшелері болған Жүніс Бабатаев, Исмаил Қазбеков, Асфендияр Чорманов Омбы ауылшаруашылық училещесінде білім алған [105 129-145]. Омбы қаласындағы басқа да оқу орындарында оқитын оқушы жастардың 1914 жылы "Бірлік" жастар ұйымы құрылған алғашқылардың бірі болып кіргендіктері күмән туғызбайды.

Қазақ шәкіртерінің топтасуына ұйытқы болып  жүрген Ш: Әлжановтың өмір жолына көз  салсақ, Омбыны мекендеген біраз қазақтың өмір тауқыметін аңғарғандай боламыз.

Омбыдағы  қазақ жастарының топтасуы уақыты талабы екендігін және олардың қандай қиын жағдайларда бас қосқандарын, алдарына қойған мақсат-мұраттарын мына деректен айқын көруімізге болады:

"Алаштың  саналы азаматтары қасіретте  еді. "Қарағым, қазағым, оян деп қақсап, "арыстаным, Алаш тұр" деп зарлап, ұлтын оятуға кірісті. Жүрегі жаралы, көзі жасты еді. Алаш деп зарлаған сол азаматтардың бірі Омбы жастары болды. Қазақтың қалың тұманнан құтқаратын өнер, білім деп келтіргендіктен, елге бұл өнер, білімді тарату ұлт қамын ойлаған жас болып үркендей қазақ жастары 1914 жылы 18 сәуірде "Бірлік" деп ат қойып, қауым ашты.

Қауымның  мақсаты кең еді, тілегі зор еді. Ұйқыда жатқан алашын оятпақ еді. Жұртты жегідей жеп бара жатқан алалықты тоқтату еді. Мал орнына сатылып бара жатқан апа, қарындастарымызды күндіктен құтқару еді. Алдағы күнде жарық шығар жұлдыздарымызды кейінгі жастарды оқуға тарту еді. Әдебиетті өсіріп, кең асыл тілімізді көркейту еді. Бұл тілекті іске асыру үшін қазақ жастарының ойын, ұстанған жолын бір ізге салу. Әр жерде жастар қауымдастықтарын ашу еді.

"Бірлік" қауымы жалпы Ресей үстінде  қалың қара бұлттың тегіс   қаптап, жауыздық нажағайы жарқылдық  ойнап тұрған кезде туды. Кең  құлаш салып, еркін демалу үшін  ерік болмады. Екі кісі бас қосып, кеңесуге шама жоқ еді. Зор қаладан жиналуға жер таппай, қырға орманға кетуші едік. Сол қалың орманның ішінде жаңа сырымызды, мұңымызды, зарымызды сөйлесе алушы едік. Қолымызда пұл жоқ еді. Оқуда жүрген өңшең шәкірт қалтамызды барымызды тиындап қоюшы едік. Бұл күйде жүргенде істің аса көркейіп кетпейтіні белгілі. Бірақ біздің ниет қарлығаштай болса да, қазаққа қызмет ету еді" [109,41 п.]. Міне, бұл құжат "Бірлік" ұйымының төңірегіне біріккен қазақ жастарының мақсаттары ұлт мүддесіне қызмет ету екендігін көрсетеді. Осыған сәйкес қазақ жастары өздерінің алдына қараңғылықтағы қазақ халқының рухани жағынан жетілуін, қазақ әйелдерінің теңдігін, ұлтының азаттығын ойлаған. Мұның өзі қазақ жастарының қоғамдық ой-санасының ескендігін, азаматтық ұстанымдарының қалыптаса бастандығын білдіреді.

Бұл тұжырымдамамызды сол оқиғалардың  куәгері Смағұл Сәдуақасовтың "Жастар жаңа жол" атты еңбегіндегі деректер толықтыра түседі: "Ең алғашқы  жастар ұйымы Омбы қаласында 1914 жылы ашылды. Ол ұйымның аты "Бірлік" еді. "Бірліктің" мақсаты оның программасында /тұтынған жолында/ айтылған. Қазақ халқын мәдени һәм жағынан ілгері қатардағы жұрттарға қосу, ұлтшылдық сезімін туғызу һәм ұлттықты сақтау.

Қазақ жастарының қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына отарлық езгінің күшті ықпал еткендігі, олардың қоғамдық ұйымға бірігуінің саяси мақсаты болғандығы жөнінде жастар қозғаласының рухани жетекшілірінің бірі Көшке Кемеңгерұлы өзінің "Қазақ тарихынан" атты еңбегінде былай деді: "1913 жылдардан бастап орыс школындағы оқушы қазақ жастары топтана бастады, 1914 жылы Омбыда жасырын "Бірлік ұйымы "ашылды. Мұның мәдени мақсатының астары, көздеген саясат екендігі, әлеумет наразылығы барлығы, 1916 жылы "Балапан" журналының алдында: "Балапан қанат қақты, жас еді... амалсыз қақты... солтүстіктің суығына шыдай алмады... балапанды көріп: "қорама кір, қолыма тұр,  қалған-құтқанды беремін" деп күледі солтүстіктің салқын жүрек, тасбауыр адамы", - дегенінен көрінеді"[23, 47 б.] . Демек, қазақ жастары отарлықтсаясаттың шарықта шегіне жетуіне байланысты азаттық үшін күрестің жаңа тәсілдерін қарастыра отырып, мәдени-ағартушылық ұйымдарға бірігуді көздеген. Бұл кезеңде тәуелсіздікке жетудің жолы бұрынғыдай қан төгісте емес, саяси күреске, әдіс-тәсілге келіп тірелгенін ұлт зиялылары да, қазақ жастары да түсінген еді.

"Бірлік" ұйымының 1914-1917 жылдардағы қызметіне байланысты ғалым Т.Кәкішұлы өзінің "Мағжан және Сәкен" атты еңбегінде кеңінен келтірілген. Ол бұл еңбегін сол кездегі Омбы семинариясының шәкірті, 1937 жылғы зұлмат зобалаңды басынан кешірген Таутан Арыстанбековтың естеліктеріне сүйене отырып, "Бірлік" ұйымына топтасқан қазақ жастарының қоғамдық қызметтерін баяндаған. Бұл зерттеу жұмысында "Бірлік" ұйымы мүшелерінің ұстанған бағыт-бағдарлары жөнінде төмендегідей деректер келтірген. "Омбыдағы 100-ге тарта қазақ шәкірттерінің басын қосып ұйымдастырушылар Ш.Әлжанов пен Сәкен Сейфулин екен. Ұйым басшылығына осы екеуі сайланды. Әлжанов - төраға, Сәкен - орынбасар. "Бірлік" ұйымы алғаш құрылуында тек қана "әдеби ұйым" деп құлақтандырылған көрінеді. Бұған "әлеуметтік" немесе "саяси" деген атақты жалғастыруға сол кезде, әрине болмайды. Бірақ ұйымның негізгі мақсаты - әлеуметтік әрекеттер (оқушы жастарға қоғамдық тәрбие беру, ел арасында патша өкіметінің қысымына қарсы үгіт-насихат жүргізу сықылды) екенін "Бірліктің" әрбір мүшесі бірінші күннен-ақ жақсы білген.

Е.Айбасовтың "Один из первых" атты еңбегінде  келтірілген деректер бойынша "Бірлік" ұйымының бағдарламасында келтірілген  мәселелер біртіндеп нақты өмірде жүзеге аса бастаған. Осыған сәйкес ұйым мүшелері Орыс географиялық қоғамының ұйымдастыруымен жасақталған экспедицияға жазылып, шәкірттер жазғы демалыс кезінде халық ауыз әдебиетінің үлгілері мен тарихи жәдігерлерді жинастыруға қатысқан. Олар өздеріне ешбір ақы талап етпестен, қаржы-қаражаттың өздерінің ұйымдарының қорына түсуі үшін аянбай еңбектенуге даяр еді, - деп көрсеткен[110, c.20].

"Бірлік" ұйымымен қатар қазақ жастарының  тағы қандай ұйымы деген болған  десек, бұл туралы И.А. Спиридонов "К истории возниковения и  развития комсомола Казахстана" атты еңбегінде алғашқы қазақ ұлттық-буржуазиялық жастар ұйымдары бірінші  дүниежүзілік импералистік соғыстың бастапқы кезінде-ақ пайда болғандығын және солардың бірі Ташкентте Сұлтанбек Қожановтың басшылығымен құрылғандығын атап көрсеткен [114,c.38].

Көрнекті  тарихшы К.Нұрпейісов өзінің "Алаш һәм Алашорда" атты еңбегінде  көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси тәуелсіздікке жету екендігін  айқындап көрсете отырып, оның негізгі  қозғаушы күші қазақ ауылының еңбекші  шаруалары болды, оған ішінара жаңадан қалыптасып келе жатқан ұлттық жұмысшы тобының өкілдері мен қолөнершілер қатынасты.

 

2.2. 1917-1920 жылдардағы қазақ жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдары.

Патшалық билік  жойылып, елде қос өкіметтік тәртіптің  орнатылуы бүкіл елдегі, оның ішінде Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдаайын түбімен өзгертті. Отарлық езгіде болып келген қазақ халқы патшаның тақтан құлауы, жаңа тәртіптің орнауы туралы хабарды зор қуанышпен қарсы алды. Ақпан революциясының жеңісі қоғамға демократиялық бостандықтарды бергендігін түсінген қазақ зиялылары оның мұраттарын іске асыруға үлкен құлшыныспен кіріседі. Бұл мақсатын қойған ұлт зиялыларының қызметінде мүлдем жаңа кезең басталған болатын. Сонымен қатар Ақпан революциясының кейін қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы үлкен қарқынға ие болды. Ал бұл кезеңде қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысының өрлеуі болды дейтін себебіміз: қазақ қоғамындағы бұрын-сонды болып көрмеген қазақ жастарының идеялық тұрғыда ұйымдасуы және қоғамдық-саяси істерге белсене араласуы биік деңгейге көтерілді.

Ақпан революциясының кейінгі кезеңде  де "Қазақ" газетінің төңірегіне топтасқан қазақ зиялыларының ұлт  мәселесіне қатысты бастамаларды өз мойнына алатындағы байқаймыз. Осыған байланысты "Қазақ" газеті 1917 жылғы 223 санында Минскідегі бұратана бөлімінде жүрген Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Есболов, Т.Жаманмұрынов, Н.Төрекұлов, Ш.Бекмұхамедов, А.Кенжин бастаған барлығы он бес қазақ аттарына жолдаған жеделохатын жариялады.

Жеделхаттың мазмұнында былай делінген: "Ресейдегі барша  халыққа ағайындық, теңдік бостандық күні туды. Жаңа құрылған үкімет дүкенін сүйеу үшін қазаққа ұйымдасу керек. Жаңа құрылған ел бағу дүкенін нығайту үшін тегі басқа барша халықтармен үйір боларға керек. Учридительное собрание сайлауларына қазақ болып қамдану керек. Жарамды жақсы адамдарын ауызға ала беру керек. Енді араздық, өштік, дау, жанжал, тартыс партиялық сыйыспаулық тастау керек. Көксерілік жұмыстарың - бірлік, адалдық болсын! Жер мәселесін де қозғап, тезірек қолға ала беріңдер. Біз қалайтын патшылық түрі - демократическая республика, яғни мал өсіріп, егін салып, жерге ие боларлық түрі[]. 

Информация о работе Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтары және оны дамыту бағыттары