Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтары және оны дамыту бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 11:01, курсовая работа

Описание работы

Бірінші бағыттың төркі ні жұмысшы жастардың проблемаларын талқылау болып табылады. Осы категория жүзінде іс жүзінде ғылыми мүдделердің назарынан тыс қалды.
Екінші бағыт оқушы жастардың жағдайларын зерттеумен байланысты. 1920-шы жылдарда бұл салада да интегралды қорытындылауға ұмтылыс байқалады. Осы тұжырымдамалардың бүкіл екіұштылығына қарамастан, солардың аясында жастар жөніндегі кейінгі зерттеулер үшін аса маңызды теоретикалық әдіснамалық ұстанымдар қалыптасты, бұл орайда П.П.Блонский, Л.С.Выготский сияқты ірі ғалымдарды атауға болады.

Содержание работы

Жастар түсінігі.
І бөлім.
Жастардың әлеуметтік-мәдени рөлінің қалыптасуы.
1.1 Жастардың құндылық туралы түсініктері.
1.2 Жастардың ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы орны мен қызметі.
1.3 Жастар мен құндылықтардың мәдениеттегі рөлі.
Жастар мәдениетінің тарихы.
ІІ бөлім.
Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтар аясындағы көріністері.
2.1 Қазақ жастар мәдениетінің деңгейлері және жетілу кезеңдері.
2.2 Жастардың қазақ мәдениетін жаңғырту мүмкіндіктері.
2.3 Жастар мәдениетін дамытудың қазақстандық үлгісі.
Қазақ жастарының ұлттық мәдениетіміздегі рөлі.

Файлы: 1 файл

Диплом.doc

— 244.00 Кб (Скачать файл)

Бірінші топ. Маңыздылығы  жағынан "отбасының бақыты", "білім  алу" сияқты құндылықтары бірінші орынға, сәйкестігіне қарай «денсаулық» пен «қызықты жұмысты» екінші және үшінші орынға қойған жастар. Сандық қатынаста құндылықтардың осындай үйлесімді жиірек таңдалды.

Екінші топ. «Қызықты жұмысты» бірінші орынға шығаратын жастар, «отбасының бақытын» және « мансапқа жетуді» көбіне екінші және үшінші орындарға қойды. Осындай құндылықты бағдарды таңдаған жастардың пайызы бірінші жағдаймен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

Үшінші топ. Бірінші өмірлік қажеттілікті «мансапқа  жету» деп есептеген жастар, қағида бойынша, «тыныш өмір» мен « қол жеткенге қанағаттануды» екінші және үшінші орныдарға қойды[1, 161 б].

Өмірлік құндылықтарды  таңдауда айқын белгіленген үйлесімділіктер  мен үйлесімсіздіктердің көп  қайталануы, осы таңдаудың кездейсоқ  еместігі, адамдардың түрлі ұмтылыстарының арасында тығыз байланыс бар екені туралы айтатынын атап өту қажет. 

Біздің зерттеуімізде  жастардың өмірдегі мақсаттары туралы түсініктері талданды, бірақ бұл  мұрат күрделі элементке жататын  сұрақтардың жауаптарын нысаландыру өте қиын болды, біз негізінен ашық сұрақтарға берілген жауаптардың корреляция талдаулық талдау әдісін пайдаландық. Зерттеу нәтижелерінің талдау мына жәйітті аңғартты, сауалнамаға қатыстқан әрбір бойжеткен қыздар мен жасөспірімдер өмірдегі мақсат туралы негізгі түсініктерін айқын тұжырымдаған. «Сіз алдыңызға нақты өмір мақсатын қойдыңыз ба? » немесе «Өмірдегі негізгі мақсаттарды қалай тұжырымдайсыз? » деген сұрақтарға сауалнамаларға қатысқандарының 12,9-ы % ғана жауап бере алмады.

Көпшілік жас  адамдар үшін олардың пікірлері бойынша, өмірде лайықты орын табу, адамдардың құрметіне бөлену мен оларға пайда келтіру ( бұл туралы 57,4% респондент түрлі нысанда пікір білдірді) негізгі өмірлік мақсат болып табылады. Лайықты білім алу (57,1%), өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіру (49,9%) сияқты нақты тұжырымдалған мақсаттар екінші орынға шықты. Содан кейін қоғамда жоғары дәрежеге қол жеткізу (44.1%), «адал және әдепті болу» (37,7%), өз балаларын өнегелі тәрбиелеу» (19,0%) өмірдегі басты мақсаттардың қатарында енді.

Сауалнамаға қатысқандардың 15,4%-ы материалдық әл-ауқатты арттыруды, түрлі заттар сатып алуды ( көбіне «элиталы үйден» пәтер және ең соңғы үлгідегі автомобиль алу айтылды) өмірдегі басты мақсат деп есептейді. Жастардың  14,0%-ы үшін мықты отбасын құру осындай мақсат болып табылса, 12,2%-ы «сүйікті адамды кездестірудің» маңыздылығын атады. Өмірдің мақсаты ретінде шетелге кету (5,1%) және тәуелсіз болу (3,4%) да айтылды. Жауаптардан көрінетіні, жастарды шамадан тыс рационализм мен прагматизмге, тұтынушылық психологияға бейімділікке байланысты жиі айтылатындарына қарамастан, жастардың басым көпшілігі қоғамдағы «мұраттың» (идеалдың) жалпы жұрт қабылдаған стандарттарына сай келеді. Ал материалдық ырыс-берекеге қол жеткізу және тәуелсіз болу, шамасы өмірдегі соншалық нашар мақсаттар бомаса керек.

Жастарды зерттеудің барысында сауалнамаға қатысқан жастардың   әркелкі топтарына  құндылықтарды маңыздылық дәрежесі бойынша орналастыруда белгілі  бір айырмашылықтар анықталды және қала мен ауыл жастарының жауаптарынан да айырмашылықтар көрінді. 16-17 жастағы қыздар мен жігіттер жоғарыда аталған құндылықтардың маңыздылығы бойынша былайша бөлді: бірінші орында тәуелсіздік - 63,1%, екіншіде білім алу - 50,4%, отбасы құндылығының маңыздылығын - 46,4%, қызықтыратын және жоғары ақы төленетін жұмысқа тұруды - 33,8%, мансапқа жетуді - 31,9% жастар белгіледі. Сауалнамаға қатысқан 16-17-дегі жастардың небәрі 3,5%-ы ғана денсаулықты атаса, 19,2%-ы рухани және мәдени құндылықтардың, 8,6%-ы қол жеткен жетістіктерге қанағаттанудың, 6,8%-ы      

Біздің  зерттеуімізде  жастардың өмірдегі мақсаттары туралы түсініктері талданды, бірақ мұрат  сияқты күрделі элементке жататын  сұрақтардың жауаптарын нысандандыру өте қиын болды, біз негізінен  ойын-сауықтың маңыздылығын алдыңғы қатарға қойды.

Сауалнамаға қатысқандардың 18-19-дағы жастар үшін қызықтыратын және жоғары ақы төленетін жұмысқа тұру - 78,9% ең маңызды құндылық болып табылса, екінші орынды отбасының бақыты - 64,7%, үшінші орынды білім - 53,6% алады.Өзінің және жақын адамдарының денсаулығы 50,3%, мансап 29,8% жастар үшін маңызды. Тыныш өмірге 22,3%, тәуелсіздікке 16,1%, қол жеткен жетістіктеріне қанағаттануға 8,3%, ойын-сауыққа 2,1% жастар артықшлық берді. 

20-24 жас аралығындағы респонденттер бірінші орынға отбасын (74,7%), екінші орынға жоғары ақы төленетін жұмысты (63,1%), үшіншігі - білімді (54%), төртінші орынға өзінің және жақын адамдарының денсаулығын (51,3%), мансапқа жетуді (34,3%) қояды. Содан кейін маңыздылығы жағынан тыныш өмір сүру (23,9%), тәуелсіздік - 19,6%, қол жеткен жетістікке қанағаттану (1,9%), ойын-сауық (1,8%) позициялары орналасады.

Одан ересек жас тобына жататындар (25-29 жас) құндылықты бағдарлардың айрықшлықты иерархиясын ұстанада. Олардың реті былай: отбасының құндылығы - 75,3%, материалдық молшылық - 66,4%, өзінің және жақын адамдарының денсаулығы - 48,7%, білім алу - 43,6%. Тәуелсіздікті сауалнамаға тартылғандардың - 23,8%, тыныш өмірді - 20,9%, және ойын-сауықты - 2,9%-ы құндылыққа жатқызады.

Қала мен  ауыл жастарының жас топтары бойынша  салыстыратын болса, деректердің талдауы анағұрлым мазмұнды болып көрінеді. Қызықты және жоғары жалақы төленетін жұмысқа тұруды атаған 16-17 жастағы қалалықтардың пайызы ауыл жастарымен салыстырғанда жоғары және осы құндылық 25-29 жастағы топ бөліктерінде де жоғары, 20-24 жастағы топ бөліктеріндегі ауыл жастары негізінен тәуелсіздікті маңызды құндылыққа жатқызады.

Ауыл жастары  үшін қалалықтармен салыстарғанда  тыныш өмір мен ойын-сауықтың маңызы төменірек. Денсаулық пен мансапқа жету жастардың таңдауында орнықты деңгейді көрсетеді, мұнда ауыл мен қала жастарының жас топтары бөліктерінің арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ.

Зерттеудің  деректері бойынша, басқа жас  топтарының ішінде ( 18-19, 20-29 жас) қала мен ауыл жастарының арасында айырмашылықтар бар. Осы айырмашылықтар негізінен қызықты және жоғары ақы төленетін жұмысқа тұру, білім алу, мансапқа жету мен денсаулық сияқты құндылықтарға қатысты орын алады да, мұны қала мен ауыл жастары тұрмыс (өмір) салттарының арасындағы айырмашылықтармен түсіндіруге болса керек.

Қазақстандық  қоғам дамуының қазіргі белесінде жас адамның өмірлік позициясын (ұстанымын) белгілеуі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұл жас адамдарыдың іс-әрекеттері мақсаттарын таңдауын, шешімдер қабылдауға даярлығын айқындап, осы мақсаттарға жетудің ең қолайлы тәсілдерін сабақтастырып, іс-әрекеттердің нәтижелерін бағалауға үйретеді. Жастардың өмірлік ұстанымдарны нақты эмпирикалық талдау кезінде мына жағдайды ескеру керек, ол түрлі әлеуметтік қатынастар жүйесінен көрініс табуы мүмкін. Өмірлік позицияны басым жағдайлар әдісімен талдау кезінде, ең алдымен, жастардың осы ұғымға нені сіңіретінін қадағалау, олардың қандай дәрежеде және қандай қызмет саласында белсенді позиция ұстанулары керек екені туралы пікірлерін айқындау қажет. Мұндай тәсіл екі мезетті өзара байланыстыруға, сондай-ақ осы позицияның сәйкес әрекеттер мен қылықтардың көрінуінің деңгейімен салыстыруға мүмкіндік береді.

Зерттеудің  нәтижесінде мына жәйт анықталды: сауалнамаға  жастардың көпшілігі өздерінің  өмірлік позициясын «көңілден шығатын (сүйікті) мамандықты табуға және өз ісінің хас шебері болуға ұмтылуымен ұштастырады (41,2%), олардың 27,5-ы  «өз жүріс-тұрыстарында адал болуы», 17%-ы өмірде нақты мақсатты таңдауды атаса, 14,3%-ы осы сұраққа жауап бермеді. Бұл орайда мына мәселені атап өту қажет, өмірлік позицияның жайғасымы туралы келтірілген деректер жас топтарының бөліктеріне қарай түрленеді. Мәселен, 16-17 жастағы жасөсіпірімдердің жас тобындағы бөліктері «өмірлік позиция»  ұғымының астарындағы мағынаны айқын түсінбейді. Осы сұраққа 20-29 жастағылар пайымды жауап берді.

Осы проблемаларды  қозғайтын сұрақтар сараптамалық сауалнамаға  енгізілді. Зерттеудің нысанымен жете таныс адамдар сарапшылар болды. Сарапшылар іріктеу кезінде олардың  кәсіби қызметі мен жастармен  жұмыс істеу тәжірбиесінде баса назар аударылады. Соның нәтижесінде жас ұрпақтың проблемаларын зерделейтін негізгі сарапшылар ретінде  жастар ұйымдарының,

ЖОО бөлімшелерінің, денсаулық сақтау және мәдениет жүйесінің  мамандары мен жетекшілері жұмыс  істеді.

Сарапшыларға  арналған сауалнамада, сондай-ақ: «Сіздіңше, осы аталған  құндылықтардың қайсысы осы заманғы жас адам үшін аса маңызды?» деген сұрақ қойылды. Жауаптар былайша орналасты.

      4-кесте.

 

 

Негізгі параметрлер

Сауаулнамаға  қатысқан адамдар санының %-ы

 

жеке өмірінің құндылықтары

55,7

 

жалпы адамзат  құндылықтары

51,2

 

әлеуметтік-кәсіптік құндылықтар

49,8

 

этикалық, моральдық  құндылықтар

46,1

 

ұлттық-мәдени құндылықтар

34,6

 

әлеуметтік-экономикалық құндылықтар

26,3

 

құқықтық мәдениет құндылықтары

18,3

 

көркемдік-мәдениет құндылықтары

11,0


 

  4-кестеде көрінгеніндей, сарапшылар жастар үшін орын алған құндылықтардың маңыздылығын айқын және баламалы түрде ретке келтіреді, бәрақ жасөспірімдер мен бойжеткен қыздардың өздерінің жауаптары олардың өмірлік позициясының белгілі бір жағдайында мінез-құлықтың үлгісін таңдауының деңгейі туралы анағұрлым толық және нақты ақпарат береді: жас адамдар өзінің сүйікті адамы, жақын досы және материалдық игілігі үшін нақты нені тәрк ете алады ( 1,2,3,4,5,6 - суреттер).

1-ші суреттен көрінгеніндей, жастардың басым көпшілігі (59,2%) материалдық игілік үшін өз мамандығынынан бас тартуға даяр, 50,7%-ы - сүйікті адамы үшін ештеңені аямайды. Сүйікті адамы үшін - 20,4%, досы үшін - 37,9% және материалдық игілігі үшін - 28,9%, ең жақын досы үшін -  17,8% және материалдық игілігі үшін 18% респонденттер «күмән келтіреді».

79¸5% жасөспірімдер мен  бойжеткен қыздар өзінің сүйікті  адамына бола, 76¸6%-ы ең жақын  досы үшін өздерінің әдет-ғұрыптарын  өзгертуге даяр(2-ші сурет).

Суреттерден көрінгендей, сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі сүйікті адамы және ең жақын досы үшін өз өмірін қауіпке тігуге, тұрақты тұратын жерін ауыстыруға, өзінің әдеттерін өзгертуге, белгілі бір дәрежеде материалдық игілікті тәрк етуге, қажеттігіне қарай мамандығынынан бас тартуға даяр. Бұдан сәл азырақ алшақтықта, бірақ сондай-ақ көпшілігі материалдық игілігі үшін тұрақты тұратын жерін ауыстыруға және елден кетуге келіседі (3-ші сурет).

Алайда жастар материалдық игілік үшін өз өмірлерін  ешқашан да қауіпке тікпейді (4-ші сурет). Сауалнамаға қатысқандардың 7¸7%-ы ғана, өз өмірлерін қауіпке тігумен келіседі.

Кез келген қоғамдағы сияқты, елдегі жас ұрпақтың қандай болып өсетіні, олардың қандай құндылықтарды уағыздайтыны, жастар өкілдерінің өздерін дара тұлға ретінде көрсете алатын-алмайтыны Қазақстандағы да бей-жай қадырмайды. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында мына мәселелерге баса назар аударылады: « Ұлттық бәсекеге қабілетті ең бірінші кезекте сауаттылық деңгейімен белгіленеді, өйткені әлемдік білім кеңістігіне толық интеграция жасау білім жүйесін халықаралық деңгейге көтеруге талап етеді». Қазіргі заманғы жастар өздерінің қалыптасуында жаңа әлеуметтік қатынастар құру кезеңінен өтеді. Сондықтан қазақстандық қоғамдағы қоғамдық және экономикалық құрылымның өзгеріске ұшыраған жағдайларында өмірде өз тағдырын өзі щешу үдерісінің ерекшеліктерін зерттеу базасын жариялау кезінде елдегі тәрбие-білім беру үдерісінің роліне баса назар аудару керек.Сондықтан, қорыта айтқанда жан-жақты жетілген адам мәселесі бүгінгі күн тұрғысынан алып қарағанда өзінің маңыздылығын жоймаған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Соңғы жылдары біздің елімізде, жалпы дүниежүзіндегі түбегейлі өзгерістерге байланысты бұрынғы құндылықтар өз мән-мағынасын жойса,жаңа құндылықтар әлі бой көтере алған жоқ. Тек жағдайда өмір сүріп жатқан біздің еліміз үшін бүгінгі күн талабына, келетін жан-жақты жетілген адамды, немесе ұлы Абай айтқандай «Толық адамды» тәрбиелеу қазіргі Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады(34,19).

Жалпы жастардың  құлықтары, олардың тұжырым, болжамдары азаматтық байланысқа және өзіндік түсінігіне қарап белгілі болады. Қазақстан халқы оның болашақ жағдайының көрінісі жастардың қолында, тарихқа сай келетін мінез-құлыққа үйлесімді дамумен байланыстырылады. Қандай да адамзаттық, қоғамдық құндылықтарды ұстана отырып, халықтың бірлігі мен елдің тәуелсіздігіне басымдық беруге жастарды баулу, осы бағыттағы әлеуметтік-мәдени шараларға көңіл бөлу, жастардың құндылық бағдарын анықтауға қол ұшын беру болып табылады.

Қазақ жастарының ұлттық-мәдени үлесін қосатын Қазақстан халықтар Ассамблеясы. Бүгінгі таңда бізде қалтарыс қаптары көп қанқұйлы өткен шақтың ғасырлар бойы қорланып қалған жаман әдеттердің болуына байланысты мәселерді шешуден сапалық жағынан басқа, өзекті міндеті – осы заманғы Қазақстанның барлық ұлттық топтарының жаңа азаматтық үйлесімі мәселелерін шешуге ойысатын мүмкіндік бар. Саяси тұрақтылық та, экономикалық өрлеу де, мәдениеттің жай-күйі де біздің осы міндеттерді қалай шеше алатынымызға байланысты.  

Жастардың кәсіптік білім туралы құндылықты түсініктері.

Кейінгі жылдар Қазақстан үшін білімнің мазмұны  мен ұйымдастыру деңгейіне, оның сапасы жөнңнңдегі критерийлерді анықтауға, білім беру технологияларын іздестіруге  қатысты көзқарастарды ( тәсілдерді) байыппен қайта қару уақытында айналды. Осы тұрғыдан жастардың кәсіптік білім алулары мен бастапқы жұмысқа орналасулары олардың өз тағдырларын өздері шешудегі аса маңызды белес болып табылады. ХХІ ғасырдың табалдырығында білім беру тұжырымдамасы шешуші маңызға ие бола түсуде. Ол бастауыш білім мен үздіксіз білім алу арасындағы дәстүрлі айырмашылықтардың аясынан шығып, шұғыл өзгерістер жүріп жатқан дүниенің бізге қоятын талабының жауабы болып табылады.

Алайда, бүгінгі  күннен кешіктірместен уақыт талап  ететін өскелең ұрпақтың негізгі ерекшеліктерін, бағдарларын анықтау қажет. Осы мағынада студент-жастар қоғамдағы өзгеріскетерге аса сезімтал келеді.Оның үстіне студенттік жылдар ең күшті дағдарыстардың біріне жатады - сәйкестік, өз тағдырын өзі шешу дағдарысы. Бұл кезеңді бастан кешірудің маңыздылығы мынада, жастардың сәйкестік дағдарысы қоғамның - жаңа әлеуметтік үлгідегі қоғамның өзінің тағдырын шешуімен қатар келеді. Мәскеу гуманитарлық университетінің белгілі профессоры, социолог И.А. Ковалеваның пікірі бойынша, әлеуметтіктің осы жаңа үлгісі жеке адамның әлеуметтік сапаларына (қасиеттеріне) мүлдем қарама-қарсы талаптар қояды: жеке адамның даралығына, жеке мүдденің басымдығына, өз күшіне сенуге, бастама көтеруге, іскерлікке, байлықтың мақсат ретіндегі құндылығына, уақыт ретіндегі құндылығына бағдарлайды. Білімді өмірдегі игіліктер мен жетістіктерге жетудегі, сондай-ақ өздерінің өмірлік жоспарларын іске асырудағы құндылық ретінде студенттердің атағаны әбден қисынды.

Информация о работе Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтары және оны дамыту бағыттары