Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтары және оны дамыту бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 11:01, курсовая работа

Описание работы

Бірінші бағыттың төркі ні жұмысшы жастардың проблемаларын талқылау болып табылады. Осы категория жүзінде іс жүзінде ғылыми мүдделердің назарынан тыс қалды.
Екінші бағыт оқушы жастардың жағдайларын зерттеумен байланысты. 1920-шы жылдарда бұл салада да интегралды қорытындылауға ұмтылыс байқалады. Осы тұжырымдамалардың бүкіл екіұштылығына қарамастан, солардың аясында жастар жөніндегі кейінгі зерттеулер үшін аса маңызды теоретикалық әдіснамалық ұстанымдар қалыптасты, бұл орайда П.П.Блонский, Л.С.Выготский сияқты ірі ғалымдарды атауға болады.

Содержание работы

Жастар түсінігі.
І бөлім.
Жастардың әлеуметтік-мәдени рөлінің қалыптасуы.
1.1 Жастардың құндылық туралы түсініктері.
1.2 Жастардың ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы орны мен қызметі.
1.3 Жастар мен құндылықтардың мәдениеттегі рөлі.
Жастар мәдениетінің тарихы.
ІІ бөлім.
Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтар аясындағы көріністері.
2.1 Қазақ жастар мәдениетінің деңгейлері және жетілу кезеңдері.
2.2 Жастардың қазақ мәдениетін жаңғырту мүмкіндіктері.
2.3 Жастар мәдениетін дамытудың қазақстандық үлгісі.
Қазақ жастарының ұлттық мәдениетіміздегі рөлі.

Файлы: 1 файл

Диплом.doc

— 244.00 Кб (Скачать файл)

Жастардың әлеуметтік-мәдени санасындағы аталған  құндылықтың ерекше орын алуы жастардың  базалық құндылықтарында олардың  қазіргі кездегі және болашақтағы  материалдық жағдайы өздеріне байланысты екендігі туралы пікір бар екендігін анықтайды. Аталған құндылықтың өзгеру бағыты тұтынушылық бағыт алуымен сипатталады.

Әлеуметтік  қажеттілікте негізделген құндылықтардың таңдалуы көп жағдайда базалық құндылықтарды  олардың қазіргі кездегі және болашақтағы материалдық жағдайы  өздеріне байланысты екендігі туралы пікір бар екендігін айғақтайды.  Аталған құндылытың өзгеру бағыты тұтынушылық бағыт алуымен сипатталады.

Әлеуметтік  қажеттілікке негізделген құндылықтардың таңдалуы көп жағдайда базалық құндылықтарды  таңдаумен байланысты болады. Демек қажеттілік әр адамның кез-келген адами болмысының іргетасы мәндік атрибуты, өмір сүру формасы, ішкі интенция. Қажеттілік адамның табиғи құрамдас бөлігі деп айта аламыз. Олай болса қажеттіліктің өзі құндылық.Ал құндылық аксиологиялық категория ретінде жалпы адамның сыртқы әлемге қатынасын анықтайды және үлгі дәрежесінде әрі мінез қағидасы мәртебесінде өмір сүреді(22,32) – дейтін Г.Қ. Әбдіғалиеваның аксиологиялық көзқарастарымен келісеміз. Жастардың әлеуметтік-мәдени құндылықтарды білім алу басымдылығымен, болашаққа деген сеніммен жақсы достар және қоғамдағы беделмен анықталады.

Дегенмен  тек қана білім алу өздігінен  жастар санасында тек мол табыс  және әлеуметтік игілік кепілі бола алмайды. Қазіргі кезде білім алу қоғамда  анағұрлым беделді мамандық алу  бағдарының бірі болып табылады. Сол себептен де Жастардың жалпы санасында «тұлға мәдениеті», «жоғары білім», «кәсіби біліктілік» сияқты ұғымдардың арасында байланыстардың жоқтығы байқалады. Қазіргі жастар ортасы дербес утилитарлық сандағы ұрпақ болуымен сипатталады.  Қазіргі қоғамда рухани байлыққа ие болған адамға сұраныс жоқ. Мұның себебі, батыстық үлгіде адамның ішкі жан дүниесінің байлығы мен тәрбиесі оның кәсібилігінен кейінгі орында тұрады. Осыған байланысты Д.Кішібеков ұлттық идеяның халықтық игіліктердің ары қарай дамуынада барынша ықпал еткендігін алып көрсеткен ( 24,25 б). Олай болса жастардың санасында ұлттық идея деңгейі біздің болашақтағы еліміздің бірлігі мен тұрақтылығы үшін маңызды қызмет атқарады. Өйткені ұлттық болмысымыздың антропоөзекті мәселесі, ұлттық «меннің» субстанциясы ұлттық дүниетанымының күре тамыры.

Өмірлік маңызды құндылықтардың қазіргі  басым болуы индивидтің қоғамдағы  өмір сүру талаптарымен қазіргі кездегі  өзекті немесе танымал болып табылатын  ерекшелңһіктеріне байланысты.

Жастардың әлеуметтік-психологиялық көзқарастары тұрғысынан жаңа қатынастар мен жедел құндылықтарға жедел түрде бағыттауға ұмтылған саяси-әлеуметтік сана кедергісіне ұшырайды. Нарықтық қатынастар, олардың көптеген жағдайда әр түрлі ауытқулары, халықтың материалдық және көптеген жағдайына жасалған соққылар жағдайды күрделендіріп, әлеуметтік-экономикалық реформа салдары алдындағы үрейінің тууына себепкер болды. Жастардың басым бөлігі кейбір себептерге байланысты қоғамда тұрақты, әлеуметтік орынды иелене алмайды. Бұл оқу мерзімінің ұзақтылығымен, материалдық қамтылудан және қосымша табыс табу мүмкіндіктерімен шектелумен байланысты. Қызметтегі жастардың материалдық жағдайы оның толық әлеуметтік тәуелсіздігін қамтамасыз ете алмайды. Себебі жастардың дұрыс білім алып, тәрбиеленуі немесе өзінің ойын жүзеге асыру үшін оның алдымен материалдық қажеттіліктерінің қамтылуы керек. Егерде, баспанасы жоқ материелдық игіліктерден ада болса, жастарға аталмыш болу, ұлттық идеологияны ұстану сияқты талаптар қою қиынға түседі.

Идеология қоғамда танымдық, іске жұмылдырғыш, қозғаушы және іс-әрекетті мөлшерлі қызметтер атқарады. Философиялық сөздікте идеология қоғамдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы ретінде анықталады. Ғалымдар идеологияның қызметтік сипатына баса назар аудара отырып, оның адамдардың әлеуметтік энергиясын топтастыра алут қасиетін жоғары бағалайды. Әлеуметтік-саяси әдебиеттерде басым жағдайды белгілі бір құндылықтар жүйесі тұрғысынан берілген сипаттамалар да орын алады. Бұл көзқарастағы жақтаушылардың (Д.Истон,М.Дюверже, В.Конноли, Л.Санджент, Ф.Уоткинс және т.б.) көзқарасынша, идеология мәнінің ашылуы, құндылық ұғымымен байланысты. Құндылық иделогияның негізгі элементі, өйткені ол иделогиядағы обьект пен субьект арасындағы тәуелсіздікті көрсетеді. Ол жеке адамның, әлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық үлгі береді.Әрбір субьект өз іс-қимылын сол үлгімен өлшейді(24,26). Сондықтан, біздің жағдайымызда идеологияның жастар белсенділігі үшін рухани құндылықтарға негізделген иделогия ғана жастардың іс-әрекетіне және бағытына стимул бола алады.

Жастар  әлеуметтік-мәдени белсенділігін қатынастырудың рухани факторларына бос уақытты  дұрыс ұйымдастырудың да маңызы баршылық. Үлкендермен салыстырғанда жастардың  бос уақыты баршылық. Бұл жерде  ең алдымен білім алып жатқан жастардың оқудан тыс кезден демалысы мен бос уақытын дұрыс ұйымдастыру туралы болып отыр. Қазірде қоғамдағы үлкен олқылықтардың бірі жастардың бос уақыты мен ойын түрлерінің өзгелігінде болып отыр.

Дәстүрлі  қазақ қоғамына тән өркениеттілік  және мәдениеттілік процесстер өте күрделі жағдайды бастан кешіргенін атап кету керек. Мысалы, шығыстық менталитет үшін батыстық мәдениетті сіңіру өте күрделі, себебі шығыстық адам өзінің ұлттық этникалық санасы бойынша, батыстық мәдениет субьектісімен ерекшеленеді. Сондықтан дәстүрлі қазақ қоғамында батыстық мәдениетті мәңгілік күйінде қабылдау қиын да күрделі процесс. Мысалы, қазақтардың , көне, мәдени, рухани, әлеуметтік дәстүрлері, болмысы,қонақжайлылық, төзімділік, жомарттық, бейімделгіштік сияқты қазақ этномәдени қауымдастығының ұлттық өзіндік санасының арналарын қалыптастырады. Қазақтардың болмысында сатқындық,екіжүзділік, жалған айту сияқты қасиеттер жат болып саналады(25,32).

Бұл мәселені қозғауымыздың себебі ұлттық менталитет пен идеологияны қалыптастыру балалардың, жастардың ойын түрлерін бастау алады. Қазіргі заманауи технологиялар мен олардағы жасанып жатқан қызығушылығын тудырып отырған ойын түрлерінің жастарды

қулыққа, күреске және басқа да жат қылықтар тәрбиеленуі, олардың болашақта  тұлға болып қалыптасуына кері ықпал етері сөзсіз.

Қазіргі таңда жастардың түңгі клубтар  мен би кештеріне баруы артып  отыр. Әрине, көңіл көтеру деген жаман  нәрсе емес. Кино мен театрды алмастыру  мақсатында дамыған түңгі клубтар  жастардың ашық қарым-қатынасқа  деген мүддесін қанағаттандырады. Алайда  барлық нәрсенің өз орны болуы керек. Көптеген түңгі клубтар, есірткі сату орталығына айналғандығын күнделікті ақпарат құралдарынан көріп отырамыз. Заң қызметкерлерінің түрлі рейдтері мен тексерулері  нәтижесіз, себебі, ол жердегі жастар би ырғағымен көңілденіп жүрме әлде есірткіге жастанып жүр ме, оны бірден байқау мүмкін емес.

Жастардың құндылықтық негізгі бағыттарының бірі – жалпыадамзаттық жыл ұлттық құндылықтарының негізінде жастарға тәрбие беру болып табылады. Жастар белсенділігін қалыптастырудың мақсаты өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани даму саласындағы жастардың еркін тұлғасын іске асыру болуға тиіс.

Еркін қалыптасқан жастар өздеріне тиесілі  даралықты сезініп, өзінің рухани және жеке тұлғаның қуатын көріп, өзінің ең жақсы қасиеттерін болашақ ұрпаққа беруге тырысады.

Жоғарыда  аталған ұлттық иделогияға орын беретін  ерекше қасиеттердің бірі «намыс» деуге  болады. Намыс ұғымының жоғары және төменгі шегін көрсеткен Б.Қожамбердиев біздің пікірімізше, қазақтың рухани және әлеуметтік болмысындағы намыстың дамуының жоғары шегі – елдің тәуелсіздігі мен бостандығы отанға деген сүйіспеншілік, ата-бабаға, ана тілі мен салт дәстүрге, құрмет, патриоттық сезім, қайырымдылық. Ал намыстың төменгі сатысы – іштарлық,көре алмаушылық бір-біріне өшпенділікпен қарау, деп тұжырымдалады (25,35).

Намыс ұғымының астарында үлкен мән жатыр  десек болады. Жастардың ойында намыс  сезімі дұрыс қалыптасқан жағдайда, отанына опасыздық жасауға, ұлттық мүддені өзінің жеке бас мүддесіне  айырбастауға,парақорлық, ұрлық сияқты жағымсыз әрекеттерге баруға оның намысы жібермейтін еді.

Тоқыру  жылдарының кері құбылыстарының бірі қоғамның негізгі әлеуметтік қызметі  болған жас ұрпақты тәрбиелеудің ұстанымдары, әдістері мен формасының бұзылуы болатын. Тәрбие беруді ұйымдастыру жастардың оқуы мен қызметімен тікелей байланысты ерекшеліктерін есепке алады. Сол кезде қоғамның дағдарысына қарамастан жастардың білім деңгейі күрт көтеріледі, бірақ та тәрбие беру жүйесін жетілдіру мәселесіне көңіл бөлінген жоқ. Жастар мен қоғам құндылықтары арасындағы кемшіліктер үдей түседі.

Қазақтың  бір туар ғалымы Шәкәрім қоғамда  өршіп келе жатқан жағдайдың даму ережесін бейнелейді. Еріншек, салақтық, надандық – адам болмысындағы азғыртушы нәспінің құрылымдық элементітері.Жеке адами факторлардан жаралатын маргинализмді мәдени құбылыс ретінде қарастыратын болсақ,адам психикасы да сыртқы әлемнен орын тауып маңдайлы құндылықтарды ұмтылуына әкеледі(26,12б).

Басқа жағынан алып қарастырғанда, он жылдықтар  аралығында ұрпақтар арасындағы рухани байланыстың жоғалуы қайта құрумен жариялылықтың ықпалымен жастардың адамгершілік ұстанымдарының жоғалуына әкеледі.

Белгілі қоғамның дамуы, болашағына деген сенімді  көзқарастың қалыптасуы сол қоғамдағы  жастар мен жастардың әлеуметтік-мәдени болмысымен тікелей байланысты.Бұл орайда шығыс елдері аға ұрпақтың тәжірбиесіне сүйенсе, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа жастарға көп үміт артады.

Жастардың қоғамдық-саяси ролі реформалар кезінде  барлық халыққа тән. Себебі жастардың  жаңа жағдайға бейімделуі немесе жаңашылдыққа ұмтылысы жоғары дәрежеде болғандықтан қоғамдағы өзгерістердің ортасынан орын алады.

Сондықтан жастар санасындағы «намыс», «ұлтжандылық», «адалдық» және «құндылық» ұғымын дұрыс  қалыптастыру елдің болшағын айқындайтын  факторлардың қатарына қояды.

Жастардың өмірлік бағдарлары мен құндылықтарын зерделеу қоғам өмірінің түрлі аспектілерін және оның даму үрдістерін талдау үшін негіз қалайды. Біздер жүргізген зерттеудегі проблемалардың бірі - жас адамдар түрлі өмір құндылықтарын қалайша бағалайды деген сауалды анықтау болды.

Жастардың құндылықтарға деген көзқарасын бірнеше кестеге салып көрсетуді жөн көрдік. Біздің алдымызда қос міндет тұрды: біріншіден жас адамдар маңызды деп есептейтін құндылықтардың ұшы-қиыры жоқ санын таңдау қажет болса, екіншіден жастар үшін ең маңызды басты үш-бес құндылықты таңдау және оның иерархиясын (сатысын) жасау керек еді. 

Қазіргі заманғы жастардың өмірлік басымдықтары (артықшылықтары) қандай?

Жастардың өмірдегі басым құндылықтар туралы сұрақтарға берген жауаптарын талдай отырып, ұсынылған 9 нұсқаның арасынан қызықтарынан және жоғары ақы төленетін жұмысқа тұруға ұмтылу, отбасындағы ырыс-береке, өз денсаулығы мен жақын адамдарының денсаулығы, білім алу, мансапқа жету, тыныш өмір, тәуелсіздік, қол жеткен жетістікке қанағаттану, ойын-сауық сияқты жауаптардың басым түскенін атап өтуге болады.

 

1 - кесте:

 

Өмірлік құндылықтар.

Жалпы

    %

Қыз балалар

      %

Ер балала

      %

13 жасқа дейінгі

     %

13-14           

жас

   %

15-17

жас

    %

17 жастан жоғары

    %

       1

      2

      3

      4

       5

      6

       7

      8

Денсаулық

       84,5

       84,2

       84,8

        93,8

    86,5

      82,9

      84,9

Достық

       46,8

      44,8

       49,0

       50,0

     41,7

      50,8

      42,5

Материалды  жетістік

       30,7

      31,0

      30,4

      31,3

    29,6

      30,8

      34,9

Отбасы

       49,3

      51,7

      46,5

      56,3

    52,5

     48,6

       39,6

Білім

       31,2

     33,9

      28,1

      18,8

    29,3

     33,7

       35,4

Жұмыс

      30,7

     31,9

      28,3

       25,0

    34,8

     28,2

       27,4

Тәуелсіздік

      16,7

     18,5

      14,6

       6,3

    13,8

     17,9

       21,7

Жоңары,

шенді қызмет

      8,1

     6,5

      9,8

      1,0

    6,4

     9,2

       9,4

Көңіл көтеру

     3,6

     2,7

      4,6

       0,0

     2,2

       4,4

       4,7

Басқасы

      1,4

     1,6

       1,0

       0,0

     4,4

       4,7

       0,0


(Бұл  кесте белгілі әлеуметтанушы  Жаманбалева Ш.Е. «Общество и  подросток:социологический аспект  девиантного поведения» атты еңбегінен алынып отыр).

Жастар  үшін назарда ұстайтын мәселердің бірі, шет елде білім алатын жас мамандардың  өз ұлттық құндылықтарын дәріптеуі  болады. Олай дейтініміз, діни-мәдени салада білім алатын түлектер шет елдердің салтын, санасын бойларына сіңіріп, елге оралғаннан кейін сол қалпында басқаларға үйретуге талпынуы дұрыс емес. Сондықтан әрбір азамат елдің мәдени, діни, экономикалық мүддесі тұрғысынан қарайтын болса дұрыс болары шындық. Басқаша айтқанда елдік мүдде,тәуелсіздік, мемлекеттілік барлық діни салттан жоғары тұруы керек. Әсіресе, Қазақстан Республикасының заңдарының пайдалана отырып, жат сенімдер мен өмірлік қағидаттарын, мәдениетін енгізуге тырысу, тек жеке топтық мүддеде қызмет ету азаматтылыққа сай келмейді.

Жастар  үшін өмірлік құндылықтардың маңыздылығы  жағынан өзіңді қызықтыратын және жоғары ақы төленетін жұмысқа тұру, отбасындағы тату-тәттілік, өзінің және жақын адамдарының денсаулығы, білім алу және мансапқа жету мақсаттары алдыңғы мақсаттары алдыңғы қатарға шығады. Осы иерархияда (сатыда) өмір сүру, тәуелсіздік, қол жеткен жетістікке қанағаттану соңғы орындардың қатарында тұр (3-ші кесте). 

3-ші кесте. Жеке адам өмірінің басым құндылықтары (сауалнамаға қатысқандардың жалпы санына қатысты %).

 

Өмірлік құндылықтар

                 Жастардың топ бөліктері

              (әр топ бойынша арасалмаө %0)

     16-17

     18-19

    20-24

    25-29

қызықтыратын  және жоғары ақы төленетін жұмысқа  тұруға ұмтылу

     

     73,0

  

      78,9

 

     63,1

 

     66,4

отбасының бақыты

     69,1

      64,7

     74,7

     75,3

өзінің денсаулығы жақын адамдарының денсаулығы

     53,6         

       50,3

     51,3

     48,7

білім

     48,3

       53,6

     54,0

     43,6

мансап

     23,9

       29,8

     34,3

     31,6

тыныш өмір

     21,3

       21,3

     23,9

     20,9

тәуелсіздік

     17,6

       16,1

     19,6

     23,8

қол жеткенге қанағаттану

     11,7

        8,3

     1,8

     9,7

ойын-сауық

     3,5

        2,1

      1,8

     2,9

Информация о работе Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтары және оны дамыту бағыттары