Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 11:01, курсовая работа
Бірінші бағыттың төркі ні жұмысшы жастардың проблемаларын талқылау болып табылады. Осы категория жүзінде іс жүзінде ғылыми мүдделердің назарынан тыс қалды.
Екінші бағыт оқушы жастардың жағдайларын зерттеумен байланысты. 1920-шы жылдарда бұл салада да интегралды қорытындылауға ұмтылыс байқалады. Осы тұжырымдамалардың бүкіл екіұштылығына қарамастан, солардың аясында жастар жөніндегі кейінгі зерттеулер үшін аса маңызды теоретикалық әдіснамалық ұстанымдар қалыптасты, бұл орайда П.П.Блонский, Л.С.Выготский сияқты ірі ғалымдарды атауға болады.
Жастар түсінігі.
І бөлім.
Жастардың әлеуметтік-мәдени рөлінің қалыптасуы.
1.1 Жастардың құндылық туралы түсініктері.
1.2 Жастардың ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы орны мен қызметі.
1.3 Жастар мен құндылықтардың мәдениеттегі рөлі.
Жастар мәдениетінің тарихы.
ІІ бөлім.
Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтар аясындағы көріністері.
2.1 Қазақ жастар мәдениетінің деңгейлері және жетілу кезеңдері.
2.2 Жастардың қазақ мәдениетін жаңғырту мүмкіндіктері.
2.3 Жастар мәдениетін дамытудың қазақстандық үлгісі.
Қазақ жастарының ұлттық мәдениетіміздегі рөлі.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жастарды мемлекеттік құрылымдарға тарту шараларынан басқа, сол кезеңде өзекті болған бағдарламалар да жүргізіліп жатты. Олар жастар ұйымдарының жұмыстарын жаңа бағытта институтциялау арасында жүрді. Мемлекеттік басқарылымға тарту мақсатында дарынды жастарды іздестіру шаралары жүргізілді.
Жастардың
тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік
құрылысына ат салысуы, жастар саясатын
реттеу тұтастай алғанда жартылай аяқ
асты жағдайда жүрді. Республиканың
тәуелсіздігін нығайту
Жастар
ұйымдарының глобальдық мәселелрді
түсінуі және шешеуге атсалысуы
коммунистік құндылықтардың жойылып,
жаңа менталитеттің қалыптаса
Жастар танымында кәдімгідей орны бар дүниетанымдық құрылым сараптамасы бұрынғы идеолгиядан бір күннің ішінде арылу мүмкін екенін көрсетеді. Қоғам жаңа идеологиялық дұрыстығын бағалап, оны қабылдауы үшін оған біршама уақыт қажет. Егер жаңа мемлекеттік идеологияның социалистік рухтағы бұрынғы идеологиямен салыстырмақ, көп айырмашылық кездестіреміз.
Біріншіден, ол таптық сипаттан ада, догмалық пен схематизмнен алшақ әлеуметтік топтар мен тұрғындардың барлығына бірдей қызмет етеді. Сөйтіп тұра ол қатаң және өзгертуге мүлдем болмайтын тәртіпті бұзуға әрекет етпейді.
Екіншіден, қазіргі жалпыұлттық идеология өздігінен даму және өзін-өзі басқару көзқарасымен, қоғам және жеке тұлғаларды саясиландырудан алыс. Ағарту және демократия позициясындағы ол жастардың жалпы мәдени деңгейі мен оның құндылықтарының жылдам өзгеру талабына өз бағытын тез өзгертіп, жаңа құндылықтар туындата алады.
Үшіншіден, жаңару және әлеуметтік қатынастарды қайта құру талабына жалпыұлттық идеологияның талаптары тамырымен өзгереді.
Қоғамның
демократияландыру кезінде
а) ұлттық идеология барлық халықты, оның ішінде жастарды біріктіру күші болуы керек;
ә) руханилықтың қалыптасуы, жастардың жалпы мәдениетінің жоғарлауы, жағымдылық негіздердің сақталуы;
б) адам факторы мен халықтың шығармашылық күшінің белсенді болуына ықпалды түрде әсер ету;
в) құқықтық және нормативтік құжаттардың идеологиялық қамсыздандырылуы, қабылданған саяси шешімдердің ғылыми-техникалық тұрғыда негізделіуі;
г) жастар арасындағы тәрбие жұмыстарына арналған дидактикалық іргетастың құрылуы;
д) ұлттық өнер, әдебиет пен көркем шығармашылықты дамыту.
Ескі жүйенің құлауы мен жаңа қоғамның түзілуі кезіндегі өтпелі дәуірде (кезең) жас ұрпақтың өз-өзі анықтауға қатысты өзгеру барысын шартты түрде екі кезеңге бөліп көрсетуге болады.
Бірінші кезеңде (ғасырдың соңғы он жылдығының бірінші жартысы) қайта құруға дейінгі өмір сүру дағдысы, дүниетаным, құндылықтар мен мақсаттардың барлығына дерлік қарсы болу өз шарықтау шегіне жетеді.
Саяси реформаларды, саяси ойлаудың дамуын жастардың саясаттағы қабілеттілігін танымай, олардың саясатқа қызығушылығын ескермей жатып, жастар саясатын жүргізуге болмайды. Біздің ойымызша, демократиялық реформа ең қиын әрі күрделі міндеттердің бірі. Өйткені дәл осы майданда жастар өздерін тәуелсіз субьект ретінде сезініп қоймай, өздерінің сұраныстарын қанағаттандыра алатын саяси күш ретінде сезіне алады.
Екінші топтағы жастар ұйымдары жастардың еңбек пен шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектесті. Бұл, біріншіден, студенттік құрылыс жасақтары, ғылыми-техникалық шығармашылық одақтар мен жастар құрылыс бірлестіктері, тәлімгерлік бригадалары, студенттік конструкторлық бюролар және т.б.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың айтуынша «гүлденген қоғамға тек нарық, ашық экономика, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау арқылы жетуге болады(116).Бұл ең алдымен әлеуметтік құндылықтардан бас тартпайтын әлеуметтік даму жолы.
Ұлттық мәдениет – халықтың өзін-өзі тұрақтандыратын және оның барлық әрекеттеріне негіздеме беретін әсіресе, жастардың асқақ мұраттарын қалыптастыратын рухани ізденіс аймағы.Ұлтымыздың мәдениетін, дүниетанымын зерделеудегі басты мәселе біздің өскелең ұрпаққа басқа елдермен тең боларлық рухани қор жинай алдық па деген сұраққа барып тірелетін рас.
Кеңестер Одағының жойылуына байланысты. Одақтағы Республикалардың әрқайсы жеке мемлекет болып қалыптасты. Бұл процесстің ерекшелігі, ұлттық сананың даму нәтижесі Кеңестер Одағы халықтарын біріктірген татулықтың, ұйымшылдықтың жойылуына, бұрынғыдай бағалы, рухани құндылықтардың келуіне әкеліп соқтырды. Бұл орайда, біріншіден, ұлттық сананың жеке адамдағы қалыптасуының обьективті қажеттілігін іздеуді атап өткен жөн. Барабарлық өзіндік мәдени, лингвистикалық, және басқа да ерекшеліктер басқа да топтардан ерекшелендіріп те байланыстыра да отырып ниеттестікті білдіріп тұруы қажет.
Жастар саясаты «Қазақстан Респуликасының мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасы» енгізіліп, «жастардың рухани және тән саулығы – мемлекеттің стратегиялық капиталы мен оның қазіргі кездегі дамудың маңызды факторы (179) – деген тұжырымдама қалыптасу керек. 2004 жылғы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңды ескергеніміз жөн. Ол жасөспірімдер мен жастардың рухани құндылықтары, жастардың өз халқының рухани мәдениетіне баулуы, мемлекетіміздің тарихи өткеніне баулуы, қоғамдағы келісім мен бейбітшілікті нығайту жас ұрпақтың Отаны үшін мақтан сезімін қалыптастыруы тиіс. Патриотизм, адамгершілік, шеберлік, жауапкершілік сияқты жеке қасиеттерді иеленуге ұмтылған жас Қазақстандықтар үшін алға қойылуы қажет.
Жастар қандай таңдау жасайды? Олардың әрқайсысы өткендегі адамзат мәдениетінің мұрагері бола отырып, мұндай моральдық, саяси, эстетикалық басқа да құндылықтардың көпшілігін таңдау еркін иеленген. Алайда өмір сүрудің обьективтік шарттарына сәйкес біз белгілі түрде генетикалық, әлеуметтік-cаяси, ұлттық, экономикалық және басқа да факторлармен шартталған мүмкіндіктер шеңберін ішіндеміз.
Қазақстандағы бүгінгі өтпелі кезең мұндай таңдауды біршама қиындатады. Бір жағынан, қазақстандықтардың бірнеше ұрпақтары белгілі тарихи себептерге байланысты өзінің мәдени көздерінен айырылған болатын. Қазақ мәдениетінің жоғары және төменгі қабаттарының арасындағы алшақтық сақталып келеді. Екінші жағынан жастарға белсенді түрде жат мәдениет, жалпы мәдениет, Батыстың, Шығыстың миссионерлері қуатты уағыздары, әдетте бір-біріне қарама-қайшы келетін саяси, иделогиялық және діни мифтер мен идеялар салмақ түсуде.
Мәселе жас буын материалдық және рухани өндірістің көп өнімдерімен жұмыс істеуге әзір ме дегеннен туындайды. Басқа адамдармен әлеуметтік байланыс құруға, белгілі ортада ізденіс жұмыстарын жүргізіп отырады. Ол саналы болып өсіп жатқан құндылықтар мен мақсаттар арасынан таңдау жасауға мәжбүр болады.
Қайта құру мен Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуы жастарға жаңа жағымды «уақыт қаһарманын» - cаяси диссидент, табысты кәсіпкер немесе саяси қайраткерді берді.
Елбасымыз, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылы мамырдың 14-і күні Астанада өткен «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының І съезінде «Жас Отан» мемлекеттік жастар саясатының түпқазығына айналуы керек», деп міндет қойған болатын. Бұл міндетті біз орындай білдік, нәтижесі де аз емес.
Үстіміздегі жылы 16 қарашада Астана қаласында «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі өтті. Елбасымыздың қатысуымен өткен съезде «Жастар – Отанға!» стратегиялық маңызды құжат қабылданады. Бұл құжатта:
– жастарды кәсіби тұрғыдан өсуге ынталандырудың қажеттілігіне;
– жас қазақстандықтар үшін «әлеуметтік лифтілердің» барынша тиімді тетіктерін іздестіру маңыздылығына;
– жастар арасында масылдық және салғырттық көңіл-күйге әлеуметтік және дүниетанымдық көзқарас қалыптастырудың маңызды екеніне;
– жастар арасында жұмыспен қамту бойынша қолданылып жатқан шараларды жетілдіруге;
– жастар арасында дәстүрлі имандылық құндылықтар жүйесін күшейту маңыздылығына;
– жастардың тәни дамуына қолайлы жағдайлар жасауға;
– жас отбасыларға жүйелі түрде қолдау көрсетуге, отбасы құндылықтарын дәріптеуге, қолжетімді баспана алудың нақты тетіктерін жасап шығаруға;
– жастар арасындағы, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер қылмыскерлігі деңгейін төмендету қажеттігіне;
– нашақорлық пен маскүнемдіктің таралуының алдын алу мен оған қарсы тұруға;
– жастар арасында экстремистік идеялардың таралуына, сондай-ақ кейіннен саяси реңк бере отырып, этносаралық қақтығыстарды қоздыру әрекеттеріне жол бермеуге;
– жастардың рухани-имандылық құндылықтарын қалыптастыруда қазіргі заманғы желілік технологиялардың жетістіктері мен артықшылықтарын кеңінен пайдалану қажеттігіне;
– жастар бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы заманауи желілік технологиялар мен коммуникациялардың бүкіләлемдік жетістіктері мен басымдықтарын қолданудың қажеттілігіне;
– жастардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық белсенділігінің даму деңгейін көтеруге;
– жастар арасында волонтерлік институтын қолдау қажеттілігіне;
– ауылдық жерлерде жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі бастамаларды қолдау маңыздылығына;
– белсенді экологиялық білім беру мен жастардың экологиялық мәдениетін дамытуға назар аударылып отыр. [5]
ІІ бөлім.
Жастар мәдениетінің тарихы.
Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтар аясындағы көріністері.
2.1 Қазақ жастар мәдениетінің деңгейлері және жетілу кезеңдері.
Қазақ жастар мәдениеті тарих қойнауында ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың бас ширегінде бастау алды. Яғни бұл кезең тарих жылнамасында Қазақстанның толығымен Ресей патшалығының қол астына кірген уақыты болып саналады. Қазақ сұлтандары мен байларының орыс патшасының қол астына кіріп, адал қызмет ете бастады. Бұлардың құрамында хандардың ұлдары мен олардың ұрпақтары болатын. Патша үкіметі хан тұқымдарын, қазақ байларын болыс, старшина, ауылнай етіп бекітіп жатқан заман еді. Бұл оқиға қазақ елін екі нәтижеге алып келді. Біріншісі, қазақ елі еуропалық білім мен мәдениетпен танысса, екіншісі ашық тәуелсіздіктен айырды. Біріншісіне келіп тоқталатын болсақ, қазақ сұлтандары мен байлары өз ұлдарын орыс мектептері мен училищелерінде, кадет корпустарныда оқытуға мүмкіндік алды. Көптеген қазақ жастары осы кезеңде орыс, батыс қоғамымен және мәдениетімен таныса бастаған болатын. Көптеген орыс, батыс зерттеуші ғалымдарымен танысып жатты. Олар орыс, француз достарымен хат алмасып тұрды. Қазақ жеріне көптеген зерттеушілер, суретшілер, саяхатшылар және т.б. келіп жатты. Осылардың ішінде батыс мәдениетімен етене араласқан жас қазақ ғалымы, ағартушы, тұңғыш этнограф, суретші Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) болды. Шоқан өзі әйгілі Абылай ханның шөбересі, Уәли ханның және қазақ ханшасы Айғаным ханымның немересі, әйгілі Ғұбайдолла хан мен Кенесары ханның туысы болып келеді. Шоқан жастайынан ғылым мен өнерге қызықты. Ауылына қонаққа келген орыс, шетел зерттеушілері мен саяхатшыларының әңгімелерін тыңдап, олармен жақын танысты. Олардан батыс әдебиетімен, сурет салу өнерімен танысты. Шоқан жас кезінде ауылындағы тіршілікті суретке салып бейнелеуді ұнатқан.
Әкесі Шыңғыс сұлтан Шоқанды Сібір кадет корпусына оқуға береді.
Осы жерде оқып жүрген Шоқан қабілеттілігімен орыс зиялы қауымынының көзіне түседі. Шоқан бұл ортада өте ізденімпаз болып шығады. Шоқан сол заманда тиым салынған француз, ағылшын жазушыларының буржуазиялық тарихымен танысып шықты. Шоқан батыс мәдениетімен қатар шығыс халқының тұрмысымен танысты. Орыс география қоғамының мүшесі болады. Орыс саяхатшыларымен шығыс халықтарының елдеріне барып, олардың тұрмыс-тіршілігімен, мәдениетімен, әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен, ауыз әдебиетімен танысып, оларды қағазға түсірді. Осыған дәлел, әйгілі қырғыз халқының жыры «Манасты» қағазға түсірген. Түркі, монғол, қытай сөздігін жасаған. Әйгілі Қашқар экпедициясына қатысқан.
Қазақ жастар мәдениетінің даму кезеңінде рөл ойнаған ірі тұлғалардың бірі бұл Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 209 (7) қазан айында Торғай оьлысында дүниеге келген. Атасы Балғожа би Орта жүздегі беделді би болған. Әкесі Алтынсары ауылдағы молданың алдын көрген, аздаған діни оқығаны болмаса, момын ешкімге зиянсыз жан болатын. Ыбырай 3-4 жасқа толғанда әкесі Алтынсары ауырып қайтыс болады да, Ыбырайдың шешесі Айманды ағайын туғандары Алтынсарының інісі Қошанға қосады.
Ыбырайдың тәрбиесімен атасы Балғожа би айналысады. Атасы патша үкіметі мен жергілікті жердегі әкімдермен және орыс шенеуіктерімен тығыз байланысынның нәтижесінде бес жасқа толмаған немересі Ыбырайды мектепке береді. 1844 жылы 18 маусымда Орынбор шекара комиссиясы «қазақ балалары үшін ашылатын мектеп» ережесін бекіткен болатын. Осы ереженің 12 тармағында: « Мектепке тек қана қазақтардың, әсіресе үкіметке еңбек сіңірген немесе үкіметке шын берілгендігімен мәлім болған адамдардың балалары қабылданады» - делінген. Осы талаптарға Ыбырай сай келіп тұрды. 1850 жылы 22 тамызда ашылған мектепке алынған 30 баланың бірі болды. Оқуға алғаш келгенде Ыбырайдың денсаулығы, сыртқы пішіні мектеп басқарушыларына көңілінен шыға қойған жоқ болатын. Атасы Балғожа би Шекара бастықтарының алдында беделі болғандықтан мектепке күшпен алғызады.
Ыбырай мектеп қабырғасындағы алғашқы күндерден бастап мұғалімдердің және өзімен бірге оқыған құрбы-құрдастарына айрықша зеректігін, өткірлігін көрсете бастайды. Мектеп оқытушылары мен Шекара комиссиясының жауапты адамдары Ыбырайдың оқуына көңіл бөліп, оған қолайлы жағдай туғызып отырады.
Мектеп қабырғасында өткен жеті жыл Ыбырайға көп нәрселерді үйретеді. Атап айтқанда, бұл жылдарда ол орыс тілін меңгереді, оның тұрмыс ерекшелігін, экономикалық озықтығын біледі, қазақ халқы сияқты экономикасы мен мәдениеті мешеу елге бұл халықтың қай жағынан болсын үлгі бола алатындығын аңғарады, сөйтіп өмірдегі әрбір құбылыстарды азды-көпті өз бетімен тани айыра білу дәрежесіне жетеді. Ыбырай 1857 жылы жаз айларында мектепті «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығып, содан 1859 жылдың шілде айына дейін өз ауылында атасы Балғожаның қолында болады. Қазақ қоғамының көп жайларын көзімен көріп, өзіндік ой дүниесімен сөзіне, байқай білуі үшін бұл қысқа мерзімнің пайдасы тиеді.
Информация о работе Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтары және оны дамыту бағыттары