Оқушыларды құндылық бағдарын қалыптастырудың себеп-салдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 13:11, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың көкейкестілігі. Еліміздің егемемдік алуымен байланысты әлеуметтік-экономикалық, рухани салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа бастамалар мен серпімді қадамдар жүрігізіліп жатыр.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың: «Бәсекеге кабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» Жолдауында атап өткендей «Ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады» деп атауы, білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас қалыптастыруды міндеттейді.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................3-6

І-тарау. «Білімге құндылық қатынас» - туралы түсінік.......................7-14

Оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастырудың жетекші қағидалары.........................................................................................15-22

ІІ-тарау. Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастырудың теориялық негіздері.......................................................................................23-30

Оқушы тұлғасының құндылық бағдар жүйесінің мазмұны мен мәні..................................................................................................31-37

Жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңызын көре білу – мұғалімнің кәсіби сапасы......................................................................................38-41

Оқушыларды құндылық бағдарын қалыптастырудың себеп-салдары..............................................................................................42-48

Қорытынды..........................................................................................................49

Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................50-52

Файлы: 1 файл

Дип.-Оқушылардың-білімге-құндылық-бағдарын-қалыптастыру.docx

— 120.29 Кб (Скачать файл)

В. П. Тугаринов құндылықтың бірінші топтамасын белгілейді: өмір құндылығы (өмір, денсаулық, өмір қуанышы, адамдармен қарым-қатынас); мәдени құндылық, материалдық (техника, тұрғын үй, тамақ, киім); саяси -әлеуметтік (шыншылдық, бейбітшілік, әлем, қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, адамгершілік) және рухани құндылық (білім, ғылым, өнер) болып беледі.

С. Ф. Анисимов көзқарасы бойынша құндылық жіктемелерінің топтары: тұрмыстың жоғарғы құндылықтары - адам және адамзат; адамдардың материалдық өміріндегі құндылық; әлеуметтік құндылық; қоғамның рухани өміріндегі құндылық.

Құндылықтың негізгі қызметінің аймағы экономикалық, биологиялық, эстетикалық, этикалық, саяси қажеттіліктерге ие болады.

Құндылық жіктемесінің топтарына қарай ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас пайда болды: құндылық - индивиді мән беретін «психологиялық мінездеме» құндылығы; құндылық - индивидінен тыс «құндылықтың әлеуметтік маңызы».

Біздің ойымызша құндылық ол қарым-қатынас, қоғамдық деңгейдегі құбылыс, ол қоғам мәдениеті мен жеке тұлғаның рухани байлығы, қоғамның жеке тұлғамен қарым-қатынасы.

Қорытындылай келе құндылық мәдениеттің, ғылымның, әдебиеттің, этиканың негізгі өзегі бола келіп, жоғарғы құндылық деңгейін көрсетеді:

адамгершілікте - мейірімділік; танымда - шындық, этикада - эдемілік, құқық пен саясатта – шыншылдық. Сонымен педагогикалық құндылықты жеке тұлғаның дамуына, оның рухани қалыптасуындағы оқыту мен тәрбиеге байланысты қарастырамыз. Педагогикалық құндылыққа мыналарды да жатқызуға болады: окушыны оқыту мен тәрбиелеудегі мақсат пен қорытындының идеалы; білім, қабілет пен дағдылар, оқу -тәрбие процесінде мақсатқа жетудің негізі; еңбектегі, адамгершіліктегі, саясаттағы тэрбиенің жеке басындағы қасиеті; дүниетаным мен сендіру жеке тұлғаның мінез құлқына байланысты болады.

Құндылық бағдары ішкі дүниетанымға негізделе отырып, мынандай белгілермен құрылымдық, жеке тәжірибелік көңіл-күй жиынтығымен анықталады. А. Г. Здравомыслов өзінің еңбегінде, барлық құндылық бағдарының жиынтығы, жеке тұлғаның өзіне тән ой орталығының тұрақтылығы мен белгілі бір қабілет-қасиетімен қамтамасыз етіледі» Құндылық бағдарының әлеуметтік табиғаты езінің құрамымен көрініс береді. Құндылық бағдарының әлеуметтік табиғатын И. Кон былай деп түсіндіреді. Оның айтуы бойынша құндылықтар бағдары «... бір мезгілде әлеуметті және жеке болып табылады». Олардың әлеуметтік болу себебі: қоғамдық тәрбие, жедел даму және т.с.с. қоғамдық жүйелердің жағдайына негізделген құндылықтар бағдарының жиынтығы, берілген қоғам мүшесіне тән әлеуметтік мінезге ие. Сонымен қатар олар жеке, себебі онда адамның өмірлік қайталанбас тәжірибесі, оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарының өзіндік ерекшеліктері көрсетілген.

Құндылықтар бағдарының әлеуметтік табиғаты оның езін тұрақтандыру функциясында көрінеді.

Затқа тікелей қызығушылық  затқа құндылық қатынастың көрсеткіші болып табылмайды, себебі ол адам ушін бұл заттың маңыздылығымен байланысты емес, тек адаммен сыртқы қасиеттерімен ғана байланысты: жаңалығы, т.т.

Айтылғандарды жинақтай отырып, ескертеміз: адамның затқа деген құндылық қатынасы адамның жеке тұлға ретіндегі бағытын білдіреді, осы заттың өзі үшін жекелей мәніне сәйкес әрекет жасауға дайындығын білдіреді және объектіге қызығушылығымен бірлестік пен оны қажетсінуінің бірлігінде көрінеді. Осыдан барып оқушының білімге құндылықпен қарауының қалыптасуы оның тұлғалық бағыттылығының қалыптасу барысын, білім алуға дайын екендігін, білімді қажетсінуі мен оған кызығушылығының бірлігін сипаттайды.

Осымен байланысты білімді  оқушы тұлғасының таңдап коңіл бөлуін сипаттайтын психологиялық-педагогикалық түсінік ретінде білімге деген құндылық қатынастың мазмүнына талдау жасау қажет. "Құндылық қатынас" түсінігінің мазмұнына талдауға сүйене отырып, оның құрылымын былайша көретуге болады:

Білім құндылығы және білімді  қажетсіну оқушының білімге таңдап көңіл бөлуіне екі жақтап жағдай туғызады. Білім құндылығы білімнің оқушыға объективтік қатынасының субъективтік көрінісі болып табылады. Білімге деген қажеттілік - оқушының білімге объективтік қатынасының субъективтік көрінісі. "Білімге кұндылық қатынас" түсінігін осы қатынастардың бірлігі сипаттайды және біз схема түрінде былайша корсете алатын таңдап кеңіл бөлу байланысы шығады:

Ғалым-педагогтар, құндылық бағдарын оқушының тәрбие құралын, даму және жас ерекшеліктерін анықтай отырып, қоршаған ортаның әлеуметтік ерекшелігін де ескерген.

Құндылық бағдарын қараған кезде «құндылық» түсінігін жоғарғы ғылыми деңгейде қарау керек.

Адам қызметінің алуан  түрлеріне қарай, құндылық - мейірімділік псн жамандылық, шындық пен жалған, әдемілік пен сүйкімсіздік, істеуге болады және болмайды деген негіздерде бағаланады.

«Құндылық» түсінігінің  мазмұнынан ғалымдар Л.М. Архангельский, С.Ф. Анисимов, А.Г. Здрамыслов, М.С.Каған, В.М Момов, В.И.Сагатовский, В.П.Тугаринов, В.Т.Харчева, З.Н. Чавчавадзе, В.А.Ядов және басқалар қоғамдық сананың барлық түрлерінің мынадай белгілерін айқындайды: маңыздылығы, пайдалылығы, қажеттілігі, анық мақсатқа ие болуы.

В.Т.Тугаринов адамдар  нені қастерлейді, соның барлығы  құндылық деп анықтайды. Ол - зат, табиғат  құбылыстары, қоғамдық үрдістер, адамның іс-әрекеттері, мәдени құбылыстары болуы мүмкін.

И.С.Нарский, И.Н.Попов, В.Н.Сагатовский кұндылықтарды жалны болжау және баға беру деп біледі.

А.Г. Здравомыслов құндылықтардың әлемін адамдардың рухани іс-әрекеті, рухани байлығы, жалпы айтқанда рухани мәдениеті деп біледі.

В.С.Бакиров құндылықты қоғам  дамуындағы қажеттілікпен сәйкестендіреді.

Сонымен, ғылыми әдебиеттер сараптамасы құндылықты философияда, социологияда, психологияда, педагогикада қолданады. Оның объектісі мен құбылысын көрсетеді. Қажеттілік эталоны болып табылатын құндылықтың пайда болуы бірінші жағынан зат, құбылыс, олардың қасиеті; адам - қоғамның қажеттілігін қанағатғандыру болса, екінші жагынан қоғам - адам, құбылыс, зат, талгам және талдау болып табылады.

Құндылық бағдары ішкі дүниетанымга негізделе отырып, мынадай белгілермен анықталады: құрылымдық, жеке тәжірибелік, көңіл-күй жиынтығымен.

Құндылық  бағдарының ендігі бір   белгісі   оның функциясы   болып саналады. Бұл әйгілі философ А.Г. Здравомыслов еңбектерінде көрінеді. «Барлық құндылық бағдарының жиынтыгы  өзіне тән жеке түлғаның ой орталығының тұрақтылығы мен белгілі бір қабілет-қасиетімен   қамтамасыз етіледі».

Құндылық бағдарының әлеуметтік табиғатын И.Кон былай деп түсіндіреді. Оның айтуы бойынша құндылықтар бағдары «... бір мезгілде әлеуметті және жеке болып табылады». Олардың әлеуметтік болу себебі: қоғамдық тәрбие, жедел даму және т.с.с. қоғамдық жүйелердің жағдайына негізделген құндылықтар бағдарының жиынтығы, берілген қоғам мүшесіне тән әлеуметтік мінезге ие. Сонымен қатар олар жеке, себебі онда адамның өмірлік қайталанбас тәжірибесі, оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарының өзіндік ерекшеліктері көрсетілген.

Әлеуметтік-психологиялық ұғымдар сөздігінде «ұжым, тұлға, қарым-қатынас» үғымдары құндылықтар бағдарында жеке тұлганы қарастырудағы негізгі 2 аспект ретінде көрсетілген: субъективті қоғамның әлеуметтік құндылықтары ретінде белгілі бір тарихи кезеңнен өткен адамның ойындағы жеке көріністер; функциональды процесс ретінде адамның материалдық және рухани құндылықтарға деген таңдап алынған қарым-қатынасын анықтайды. Адам ойындағы құндылықтар идеалдар, бағдарлық құндылықтар, өмірлік мақсаттар және өмір сүру нормалары арқылы керініс табады, осыдан құндылық бағдары арқылы жеке түлғаның сапалық мінездемесінің түрлерін корсетуге болады. Құндылық бағдарының сапалы мінездемссін анықтауға болады. Жағымды құндылық бағдары жағымды іс-әрекетті тудырады. Жағымсыз құндылық бағдары зиянды да қауіпті жағымсыз іс-әрскетке шақырады.

Атақты кеңестік психолог К.К. Платоновтың айтуы бойынша  жске тұлғаның құндылық бағдары - жеке тұлғаның әлеуметтік тепе-теңдігінің мазмұны мен адам өмірінің эмоционалды дүниесімен де байлаиысты.

К.К. Платоновтың құндылық бағдарын қарастыруда қарым-қатынасқа онымен қоса әлеуметтік құндылықтар құрылымына, оның ең негізгі факторы ретінде - өз ара қарым-қатынаста жске тұлғаның ойлауы, эмоционалды компоненттері, адамгершілік және нақты сөйлеу қабілеттері беріледі.

В.А. Ядов бойынша құндылық бағдары жеке түлға қарым-қатынасының неғұрлым күрделі иерархиялық ұйымдасқан қүрылым компоненттерін көрсетеді.

Құндылық бағдарының психологиялық табигаты қажетті қатынас, қызығушылық, бағытталу мотиві арқылы ашылады. Психологиялық әдебиеттерде   берілген   анықтамаларда негізгі орынды көбінесе компоненттердің бірі алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1. Оқушылардың  құндылық бағдарын қалыптастырудың жетекші қағидалары

Педагогика ғылымының  даму және қалыптасу тарихына көз салсақ казақ педагогикасында гуманистік сипатта білім және тәрбие беру мәселелері ерте уақыттан бастап-ақ зерттеу нысанасына айналғанын байқаймыз. Жас ұрпақтың тәлім-тәрбие жүйесіндегі ізгіліктік тәрбие мәселесі оқу-тәрбие мазмұнын гуманитарландыру арқылы жүзеге асырылатындығы елімізде XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ ағартушыларының еңбектерінде атап көрсетілген болатын. Онда адамгершілік тәрбиесінің ізгіліктік компоненттерінің жас ұрпақтың гуманистік көзқарасын қалыптастыру потенциалының жоғары екендігін және қазіргі уақытта Қазақстанда көптеген педагог-ғалымдардың оқу-тәрбие процесін гуманитарландыруда адамгершілік тәрбиесінін. теориялық базасын күшейтумен айналысып жатқандығына ерекше назар аударылған еді. Бұл зерттеулерде болашақ педагог мамандардың құндылық бағдарды қалыптастыруда еліміздегі құндылық бағдарды қалыптастыру теориясы мен мазмұнының дамуына жан-жақты талдау жасамай нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі төмен деп саналғаны айқындалды. Осы тұрғыда құндылық бағдарды қалыптастыру адамгершілік тәрбиесінің нәтижелі көрсеткіші ретінде қабылдануы тиістігі, тек адамгершілік тәрбиесінің теориялық және эмпирикалық мазмұнын талдау, қорытындылау арқылы құндылық бағдардың құрылымдық мазмұнын айқындау мүмкін болады деп саналады. Осы ұстаным негізінде жеке адамның құндылық бағдарды қалыптастыруды ұйымдастыру мазмұны мен әдістемесін дайындау міндеті анықталып, аталған міндетті жүзеге асыру үшін қазақ этнопедагогикасының тәлім-тәрбиелік жүйесіне тарихи-педагогикалық зерттеу ұйымдастырып, олардың жас ұрпақтың құндылық бағдарын қалыптастыруда алатын

Осыған байланысты, тәрбиеленуші мен сыртқы әлем арасындағы шынайы қарым-қатынастар жүйесінен педагогикалық зандылықтар сипатына ие болатын объективті себеп-салдарларын айкындап, атап өтуге тиістіміз деп санаймыз. Бұл орайда жалпы педагогикалық процестегі тәрбие қызметі мен даму заңцьшықтары арасынан бастысын жеке атап көрсету қажет, ол - жеке тұлға дамуына бағытталған бағдар. Жеке тұлғаның жалпы мәдени, әлеуметтік-адамгершілІк және кәсіби дамуы неғұрлым өзара үйлесімді болса, адам мәдени-гуманистік қызметін жүзеге асыру барысында соғұрлым еркін және шығармашыл болмақ. Бұл зандылықтан білімнің құндылық метақағидалары жүйесіндегі жетекші қағида - жеке тұлғаның үздіксіз жалпы және кәсіби дамуы қағидасы келіп туындайды. Оның жетекші болу себебі, басқа қағидалардың негізінде де осы заңдылық жатады және олар осы жетекші қағиданың жүзеге асырылуының ішкі және сыртқы жағдайларын жасай келе, оғаы бағынышты болады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, білім беруді жеке тұлғаның үйлесімді дамуының басты шарты болып қарастырылады. Тәрбие болу үшін, Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша, ол "дамудың жакын аймағына" бағытталу керек. Бұл бағыт кез-келген жас кезеңінде жеке тұлғаның дамуы үшін міндетгі түрде жан-жақты емес, бірақ міндеггі түрде объективті қажетті қасиеттермен қамтамасыз ететін білім беру мақсаттарын қоюды талап етсді. Бүгінгі таңда адамға тек негізгі кәсіби білім беріп қана коймай, жалпы адамзат мәдениетін игертуге, осының негізінде, жағымды субъективті (жеке тұлға қажеттіліктері) және білім берудің материалдық базасы мен кадрлар мүмкіншілігімен байланысты объективті жағдайларды ескере отырып, жеке тұлғаның барлық жағынан дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Яғни, жағымды субъективті қасиеттері – құндылық бағдардың рухани заңдылықтарын қажетсінуі, оларды пайдалы әрекеттерде колдану және соның нәтижесінде гуманды әрекеттерді таңдау мүмкіндіктері дамиды. Таңдау мсн талғам әрекеттері даралық қасиеттерге ие болғандықтан оларда құндылық бағдардың "тұлғалық -даралық" сапалары қалыптасады.

Олай болса, осы арада - құндылық бағдарды әр уақытта гуманитарландырудың қажетті шарты болмайтындығын есте сақтау қажет. Құндылық бағдарды гуманитарландырудың қажетті құрастырушысы болуы үшін ең кем дегенде оның адам бойында ізгі ниет пен ізгіліктік қасиеттерді қалыптас-тыруы міндетті болып саналады және жоғары мәдениет түрінде іске асырылуы қажет. Егер біз оқу-тәрбие процесін гуманитарландырсақ, аксиологиялық тұрғыдан алып қарасак, оның мазмұнын әлеуметтік құндылық кешені ретінде "адамдардың мәндік күштерінің еркін дамуы және өмірлік ұмтылыстардың шығармашылық сипатта жүзеге асырылуы үшін жағдай туғызуды талап ететін әрекет жүйесі деп санауға болады (саяси, экономикалық, психологиялық, педагогикалық және т.б.) деп тұжырымдай аламыз. Осыған сәйкес, тұлғалық-бағдарлаушы көзқарастардың жүйесі ретінде, әлемдік құрылымның өзіндік үлгідегі болмысы болып табылады. Ол адамға бағытталған кең түрдегі әлеуметтік бағдарлама сипатына ие бола алады, бірақ тәрбиелене алмайды. Сондықтан оның ізгіліктік бағытталуы негізінде ғана ортаның сапалық тәрбиеленуі жүзеге асады. Бұл тұрғыда «құндылық бағдар» адамдардың бір-біріне, қоғамға, табиғатқа, өзіне қарым-қатынасын бейнелейтін, тұлғалық қасиеттері кешенінің дамуын көрсететін сипаттама ретінде беріледі. Сол себепті ізгіліктік бағыттылық құндылық бағдар құрылымдық мазмұнын анықтаушы басты әлемент болып саналады.

Екінші назар аударатын  мәселе - жеке тұлғаның құндылық бағдар қалыптастыру гуманистік тәрбие жүйесінің бағыттаушы нәтижесі ретінде ізгіліктік ұмтылыстардың өзара әрекеттесуіне тәуелді болатынын, яғни жеке адам психикасының ерекшеліктерін ескеруді қажет ететінін көрсету.

Бұл пікірге психологиялық-педагогикалық зерттеулерден көптеген дәлелдемелер табуға болады. Жеке алып қарастыратын болсақ, Ресей психологы А.Н.Леонтьевтің "адам қоршаған әлем алдында жалғыз өзі тұрған жоқ, оның әлемге деген қатынасы барлық кезде адамның басқа адамдарға деген қарым-қатынасымен байланысты болып келеді, ол өз қызметі барысында адамдармен өзара қарым-қатынаста болады" деген тұжырымын есепке алу қажет екенін байқаймыз. Қарым-қатынас өзінің әуелгі сыртқы формасына (бірігіп әрекет жасау, ауызша немесе ойша қарым-қатынас) сәйкес адамның қоғамда дамуының қажетті және ерекше шартын құрайды. Материалдық және рухани мәдениет жүйесін игеріп, оларды өзінің қажеттілігіне, "өз даралығының органдарына" айналдыруы үшін адам өзін қоршаған әлем құбылыстарымен қарым-қатынасқа басқа адамдар арқылы, яғни басқа адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы түседі. Сондықтан түрлі жас ерекшеліктеріндегі ізгілік тәрбиесінің, түрлеріне байланысты. Құндылық бағдар қалыптастырудың мазмұны өзгереді. Жас және интеллектуалдық ерекшеліктеріне байланысты ізгіліктік ұмтылыстары бағытты және мақсатты болады, сондықтан олардың құндылық бағдар қалыптастыру нақты бағдарланған мазмұнға бейімделуі тиіс. Олай болса, құндылық бағдарды қалыптастыру арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процестерге және шарттарға тәуелді болады. Педагогикалық процесті ұйымдастырудың тиімділігі окыту процесінің екі жақтылығының қызметтік қатынасы мен тұлғаны қалылтастыру әрекеттерін басқару стиліне байланысты. Құндылық бағдардың мақсат-міндеттерінің бұрмаланбауы және олардың сезімдік деңгейде шсшілмеуі педагогикалық өзара әрекеттесудің дұрыс қойылуына тікелей қатысты. Сондықтан бүгінгі күні педагогика ғылымында құндылық бағдар метақағида - жске тұлғаның дамуына бағытталған құндылық бағдарды қалыптастырудың теориялық және практикалық мазмұнын анықтауда тәрбие процесінің тұтастық принципі мен әрбір халықтың ұлттық-рухани құндылықтар мазмұнына бағдарлануы күн тәртібіне қойылуы дұрыс деп санаймыз.

Информация о работе Оқушыларды құндылық бағдарын қалыптастырудың себеп-салдары