Оқушыларды құндылық бағдарын қалыптастырудың себеп-салдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 13:11, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың көкейкестілігі. Еліміздің егемемдік алуымен байланысты әлеуметтік-экономикалық, рухани салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа бастамалар мен серпімді қадамдар жүрігізіліп жатыр.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың: «Бәсекеге кабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» Жолдауында атап өткендей «Ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады» деп атауы, білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас қалыптастыруды міндеттейді.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................3-6

І-тарау. «Білімге құндылық қатынас» - туралы түсінік.......................7-14

Оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастырудың жетекші қағидалары.........................................................................................15-22

ІІ-тарау. Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастырудың теориялық негіздері.......................................................................................23-30

Оқушы тұлғасының құндылық бағдар жүйесінің мазмұны мен мәні..................................................................................................31-37

Жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңызын көре білу – мұғалімнің кәсіби сапасы......................................................................................38-41

Оқушыларды құндылық бағдарын қалыптастырудың себеп-салдары..............................................................................................42-48

Қорытынды..........................................................................................................49

Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................50-52

Файлы: 1 файл

Дип.-Оқушылардың-білімге-құндылық-бағдарын-қалыптастыру.docx

— 120.29 Кб (Скачать файл)

Осындай дараланбаған педагогикалық өзара әрекеттесуде әркімге қатаң түрде бөлініп берілетін рөлдерді ұсынуға болады. Олар басқа құндылық бағдарды метақағида - полисубъективті (диалогтік) әдіске қарама-қайшы келеді Бұл қағидаға сәйкес тек "субъект - субъект" қатынастары, оқуда тең құқылы бірігіп әрекеттесу жағдайларында ғана жеке тұлғаның үйлесімді дамуы мүмкін. Педагогтің суперпозициясы мен құндылық бағдары субординациялық позициясы жеке тұлғалық тұрғыдан тең кұқықты, өзара бірігіп әрекеттесуші адамдардың позицияларына айналу керек. Мұндай өзгеру педагогикалық процеске қатысушылардың рөльдері мен қызметтерінің өзгеруіне тікелей байланысты. Педагог мұнда тәрбиелемейді, оқытпайды, ол тұлғаның өз бетімен дамуға деген талпынысын өзектендіреді, колдайды, онын белсенділігін зерттейді, өз бетімен әрекет етуіне жағдайлар жасайды, яғни өз мүмкіндігін қабілетіне сәйкес бағалау еркіндігін қалыптастырады.

Алайда, педагогикалық процесті диалогизациялауды - бұл "жұп педагогикаға" кайта оралу деп түсіну емес, өйткені мұнда бірігіп әрекеттесу формаларының толық жүйесін қолдану талап етіледі. Оларды енгізерде оқу мәселелерін шешуде педагогтің барынша жәрдем беруінен бастап, олардың біртіндеп өз белсенділіктерінің өсуіне дейін, одан оқуда өзін-өзі тәртіпке келтіре алатын жағдайға жетіп, олардың арасында серіктестік қатынастар пайда болғанша белгілі бір тәртіп, динамика сақталу керек. Педагог позицияларының өзгеруіне байланысты бірігіп әрекеттесу формаларын қайта құру өзін-өзі дамыту жолына дербес бет алған окыту субъектісін өзін-өзі өзгертуіне мүмкіндік береді, атап айтқанда оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың демократиялық стилін қолдайды. Демократиялық басқару стилі жеке адам бойында сенім қатынасына негізделген құндылық бағдарды қалыптастыруға себепкер

болатыны белгілі. Құндылық бағдарды қалыптастыруда оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың және басқарудың альтернативті (балама) формалары мен стильдерін колданған жөн деп есептейміз.

Сонымен бірге жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы арқылы құндылық бағдарды құндылық бағдарды қалыптастыру процесі онын даралану дәрежесі мен шығармашылық бағыттылығына байланысты. Бұл заңдылық тәрбиенің даралық-шығармашылық әдісі деген метақағидасына негіз болады. Ол тұлғаға өзінің қаншалықты өсіп дамығанын сезініп, қойған мақсатына жеткенде қуануына мүмкіндік береді. Даралық-шығармашылық әдістің, негізгі мақсаты жеке тұлғаның өз қабілеттерін көрсете білуі үшін, оның шығармашылық мүмкіндіктерін анықтап (диагностикасын жасау), дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады. Дәл осындай әдіс құндылық бағдарды қалыптастырудың жеке тұлғалық деңгейін де қамтамасыз етеді.

Гуманистік тәрбие құндылық бағдарды жалпы адамзаттық құндылықтарының әлеуметтік ұйымдастырылған интериоризация процесі ретінде қарастырылады. Гуманистік тәрбие айтарлықтай дәрежеде кәсіби-этикалық өзара жауапкершілік метақағидасының жүзеге асырылуымен де байланысты болғандықтан жеке тұлғаны көзқарасы мен рухани дүниетанымына ықпал етеді. Мұның негізінде жатқан заңдылыққа сәйкес педагогикалық процесс қатысушыларының адамдардың тағдырына, коғамның болашағына деген жауапкершілікті өз мойындарына алуға дайындығы олардың гуманистік өмір салтын ұстанып, педагогикалық этика нормаларын сақтайтындарын көрсетеді. Бұл қағида жеке тұлға педагогикалық процесте қалыптасқан жағдайлар ағысына көніп кете бермей, керісінше бұл жағдайларды өзі жасап, өз стратегиясын алға тартып, саналы және жоспарлы түрде өзік-өзі кемелдендіре алатындай іште орныққан белсенділікті талап етеді.

Сондай дәстүрлі қоғамның құрылымының ғасырлар бойы шаңырағын шайқалтпай ұстап тұрған, халық мұраларының тарихи процесінде жоғалып кетпеуіне себепші болған құдірет - адамгершілік принциптеріне негізделген руханилық болатын. Қазіргі модернизациялану заманында қазактың рухани кұндылықтары сақталуы мумкін бе? Әлде жалпы адамзаттық құндылықтардың басымдылығын мойындап қана алға жылжуымыз керек пе? Оған елбасымыздың "...бүгінде қазақ санасына ұялаған әлемдік ахуалдың қаншалықты маңыздылығына қарамастан, ең "басты діл" діни де емес, өркениеттік те емес, ұлттық діл болу керек", - деген пікірін келтіруге болады.

Өйткені, құндылықтар жүйесінің әртүрлі элементтері болып есептелетін жеке, топтық, кауымдастық, жалпы адамзаттық құндылықтар иерархиясы бүгінгі Қазақстан жағдайында белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік мәселе. Одан адамның жеке басының тұлғалық құндылығы жалпы адамзаттық құндылықпен сәйкес келіп жатса, онда әлеуметтік болмыста үйлесімді ахуал қалыптасар еді деген ой қалыптасады. Себебі, жалпы адамзаттық құндылықтар, шынайы діни құндылықтар сияқты (оларды дін атын жамылып адамдарды алалауға, бір-біріне қарама-қарсы қоюға шақырып жүрген іс-әрекеттермен шатастырмау қажет) адамдардың "Эгосына", өзімшілдігіне қызмет етпейді. Олар моральдық жағынан тазаруға, тәубаға келуге, гуманистік іс-қимылдарға шақырады. Ал жеке бастық немесе топтық құндылықтар (оның этникалық, әлеуметтік қауымдар, ұйымдар түріндегі формалары болсын) көбінесе өзінің шектеулі мүдделерін қорғау мақсатында қалыптасады. Сондықтан олар өздерінің кейбір жағымсыз іс-әрекеттерін алалауға бейімділік танытумен болады.

Міне, құндылықтар теориясының классикалық түсініктерінде де жеке тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру онын рухани дамуының мазмұнына байланысты екендігі анықталып отыр. Олай болса, зерттеу жұмысымыздың міндеттерінің ең бастысы халқымыздың рухани кұндылықтарының мазмұнын анықтау болып табылады. Олардың ішінде қоғамдық формациялардың ауысу кезеңдеріне төтеп беретін бұлжымас, өзгермейтін құндылықтар болады. Сондықтан рухани кұндылықтарды - адамның шынайы болмысының нығаюына игілікті әсер ететін, оның тұлғалық өзек болатын, еркіндігін жасампаздықпен, шығармашылықпен паш етуге мүмкіндіктер ашатын ақиқаттың түрлі құбылыстары деуге болады. Рухани кұндылықтардың материалды құндылықтардан айырмашылығы әрбір жанның ішкі потенциалын ашуға көмектеседі, жалпы рухани үйлесімдікке қызмет етеді. Ол әлеуметтік дүниеден әділетсіздікті, үйлесімсіздікті күшпен емес, ыстық ықыласпен, жүрек жылуымен, нұрымен орнына келтіруге, түзеуге тырысады. Сондықтан оларды жалаң Зердемен, қарапайым логикамен түсіндіріп беру мүмкін емес болады.

Бұл ойдың негізгі түптамыры  Қазақстандағы халықтар арасындағы "өзара кірігу үрдісінің іргетасы ұлттық мемлекеттілік болып табылады", -деген тұжырымда жатыр. Әрине, енді ғана тәуелсіздігін алған ел үшін бұндай бағдардың тарихи-әлеуметтік қажеттілігі зор. Дегенмен де ұлттық кейпін, мазмұнмен қоғам дамуы. діннің өрістеуі шектелмейтіні де белгілі. Сондықтан ұлттық діл жалпыадамзаттық құндылықтардан сусындап, акиқаттың шынайы рухани дамуымен астасып жатса ғана үнемі жаңғырып отыратынына күмән келтіруге болмайды. Бұл орайда адамзат тарихында өздерінің қайталанбас ізін қалдырған ғұлама ойшылдардың рухани мұрасын зерттеу және олардың тәлімдік ойларын жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдалану үлкен маңызы бар әрекет болып табылады. Өйткені, Қорқыт, Асан Қайғы, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи, Махмұд Қашқари, Абай, Шәкәрім сияқты т.б. тұлғалар өз заманының рухани байлығын өз дүниетанымдарында қордалайды, жүйелейді, халқына паш етеді.

Түрлі тәрбие жүйелері арқылы қазақ этнопедагогикасындағы ізгілікті ойларға негізделген қазіргі уақытта оқу мекемелерінің тәрбиелік потенциалдарын күшейту, қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық, рухани құндылықтар туралы білімдік мазмұнын анықтау, халық педагогикасының рухани-ізгіліктік құндылықтарын тұтас қабылдау; адам бойындағы ізгі қасиеттерді құрметтеу және дұрыс бағалай білу; ұлттық құндылықтардың жалпы адамзаттық құндылықтармен үйлесімділігін сақтау, ұлттық мәдениет пен гуманистік тәрбиенің үйлесімділігін қамтамасыз ету басты міндеттері болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II- тарау. Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастырудың теориялық негіздері

«Құндылық бағдар» ұғымы  кеңестік социология ғылымында 1964-1965 жылдары  пайда болды. «Социология в СССР»  деген сөздіктер жинағында «құндылық  бағдар» ұғымына берілген түсінік  төмендегідей:

Жеке адамның құндылық бағдары – бұл жеке адамның  белгілі бір әлеуметтік құндылықтарды  мақсат етіп ұстауы, яғни әлеуметтік құндылықтардың белгілі бір тобына деген қарым-қатынасы. Мысалы: құндылықтар еңбек, оқу, қоғамдық жұмыс, жанұя, еңбек ақы, т.с.с. болып келуі ықтимал.

Құндылық бағдар мәселесі маркстік құндылықтар теориясы жайлы  еңбектерде зерттеліп, қайтадан өңделуде. Себебі, жеке адамның дамуы, өмірдегі оның беталысы, мінез-құлық, әдет-дағдысы, мәдениет пен өмірдегі құндылықтарды  қалыптастыруға бағытталған.

60-70 жылдары құндылық бағдар  мәселесін В.П.Тугаринов пен О.Г.Дробницкийлер  зерттеді.

Құндылықтардың табиғатының  күрделілігінен олардың әртүрлі топтамасы пайда болды.

В.П.Тугаринов құндылықтардың екі тобын бөліп қарастырды:

- өмірдің құндылықтары - өмір, денсаулық, өмірдегі қуаныш, адамдармен қарым-қатынас, т.б..;

- мәдени құндылықтар –  материалдық (техника, баспана, тамақ, киім, т.б.);

- әлеуметтік саяси (қоғамдық  тәртіп, қоршаған әлем, қауіпсіздік,  бостандық, еркіндік, адамгершілік);

- рухани құндылықтар (білім, ғылым, өнер).

Социологтар құндылықтарды  белгілі бір ереже немесе іс-әрекеттің  реттегіші ретінде қарастырады.

Бұдан басқа материалдық және рухани құндылықтар (В.Ломов), өзекті  және потенциалды (В.Ломов, В.Г.Алексеева) құндылықтар топтамасы да кездеседі.

Белгілі кеңес психологы  В.Н.Мясищевтің (1960ж.) пікірі бойынша: «Құндылық  бағдар жеке тұлғаның рухани дамуының орталығы, жеке тұлғаның қоғамға, белгілі  бір топқа, еңбекке, өзіне деген саналы қатынасы» болып табылады.

С.Л.Рубинштейн құндылық бағдардың әлеуметтік психологиялық негізі туралы өз теориясын ұсынды. Ол адамның  қоршаған әлемге деген қатынасы, осы адамның қажетті заттар мен құбылысты, құндылықты жеке бөліп қарауына деген пікірді білдірді. Адам өмірдегі жағдай мен мағына мәселелерін қарастыра отырып, С.Л.Рубинштейн адамның мінез – құлқын ретке келтіретін құндылықтардың қызметін ерекше атап көрсетті.

С.Л.Рубинштейннің пікірінше, ішкі жағдайда болған өзгерістерді нәтижесінде белгілі бір құндылықтар өзекті, негізгі қажеттіліктерге айналады.

Философиялық сөздікте (Мәскеу,1983ж.) құндылық бағдар ұғымына:

«Жеке тұлғаның өмірдегі тәжірбесінен жинақтаған ішкі жан дүниесінің маңызды элементі, адамның саяси, философиялық, адамгершілік сенімі мен құштарлығы, мінез-құлықтың адамгершілік қағидалары» - деп анықтама берілген.

Ал ғылыми әдебиеттерде «құндылық  бағдар» ұғымына әртүрлі анақтамалар  беріледі. Ғалымдардың бір тобы құндылық бағдарды адамның жалпы әлеуметтік бағыттылығы деп қарастырса, екінші бір тобы – құндылық бағдарды жеке тұлғаның әлеуметтік құндылықтарға  деген субъективті қатынасы деп, ал үшінші тобы «құндылық бағдар»  ұғымына психологиялық тұрғыдан түсініктемелер береді.  Кейбір зерттеушілер «құндылық» түсінігін белгілі бір сапалы қасиеттердің жеке бөлініп шығуымен түсіндіреді.

Құндылықтардың пайда  болуы адамның қажеттілігін қанағаттандыратын  іс-әрекетпен байланысты. Құндылық іс-әрекеттің мақсаты ретінде  жүреді. Философия ғылымында құндылықты қоғамның тарихи құбылыс, субъект пен  объектінің іс жүзінде өзара әрекеттесу кезеңі деп қарастырады.

«Адамгершілік құндылық – ол әлеуметтік маңызы бар адамгершілік құбылыс. Ол адам мен қоғамның даму идеяларының іске асуына мүмкіндік туғызушы». (Л.Д.Леутская).

Құндылық бағдар күрделі  жеке тұлғалық қалыптасу болып анықталады. Құндылықтар қажеттілікті қанағаттандыратын құрал болып анықталады. Құндылықтар қажеттіліті қанағаттандыратын құрал есебінде жүреді.

Құндылықтар адамның сезімін  оятып, іс-әрекетінің себеп – салдарын анықтайды, соған байланысты әрекетті реттейді, оның іске асуына ықпал етеді. Сондықтан құндылық адам мен оның қажеттілігінің қоршаған орта мен арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.

Сонымен, құндылық бағдар дегеніміз  бір жағынан алғанда, жеке тұлғаның нақты іс-әрекетке деген көзқарасы  мен қарым-қатынасының білінуі, екінші жағынан белгіленген мақсаттар  жүйесі. Ол – жоғары деңгейде объектілерді, хал-жағдайды, қажеттілікті, мақсаты таңдауды түсіндіреді,

  • қоғам мен адамдарға жақсылық пен жамандықты, ақиқат пен адасуды, әсемдік пен сүйкімсіздікті, әділеттілік пен әділетсіздікті, рұқсаттылықты, тыйымсалушылықты, мәнді мен мәнсіздікті ажыратуға көмектеседі.

Жеке тұлғамен ұлттық мәдениетті қалыптастырудағы құндылық бағдардың  әлеуметтік – адамгершіліктік аспектісі  прогресшіл қазақ ағартушыары Ж.Аймауытов, Ы.Алтынсарин, Ш.Әлжанов,  А.Байтұрсынов, Ш.Уалханов, М.Жұмабаев және А.Құнанбаевтардың  еңбектерінен маызды орын алған.

Құндылықтардың әлеуметтік – адамгершііктік маңызы туралы ой – пікірдің дамуы Қ.Б.Бержанов, Қ.Б.Жарықбаев, Н.И.Ильминский, Қ.Қ.Құнантаева, О.И.Обдов, А.И.Сембаев, А.П.Сейтешов, Т.Т.Тәжібаев, Г.А.Уманов, С.А.Ұзақбаева және К.М.Храпченковтардың тарихи-педагогкалық ой – пікірлерімен тығыз байланысты.

Еліміздің тәуелсіздік аясындағы  алғашқы бет алыстары, тың жаңарулар  мен өзгерістерге толы серпінді дамуы басталған қазіргі шақта ой-сана қозғалысының саяси әлеуметтік, экономикалық өмірге тигізетін әсері зор.

Ел басшысы, Н.Назарбаевтың «Қазақстан болашағы — қоғамның идеялық бірлігінде деген еңбегінде: «Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы - адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр» - деп атап көрсетілген.

Қоғамымыздың өскелең  мәдениеті, егемен елдің экономикалық және әлеуметтік прогресі жағдайында мектептің маңызы зор.

  Қазіргі кезде біздің қоғамымыздың басты міндеттерінің бірі - ғылыми-техникалық прогресті, нарықтық экономика процесін жеделтетуді соның негізінде елімізде әлеуметтік-экономикалық өзгерісті түбегейлі жүзеге асыру. Бұл мәселені ойдағыдай шешуде басты сала - ол оқу барысында оқушылардың құндылық бағдарын дұрыс қалыптастыру болып табылады. Ол үшін болашақ ұстаздарға тек арнаулы пәндерді ғана оқытып қоймай, кәсіби бағдары мен құндылық бағдары қалыптасқан маман етіп даярлауды талап етеді. Бұл мәселені ойдағыдай шешуде басты сала оқу барысында болашақ ұстаздарды құндылық бағдарын қалыптастыруға даярлау болып табылады.

Информация о работе Оқушыларды құндылық бағдарын қалыптастырудың себеп-салдары