Оқушыларды құндылық бағдарын қалыптастырудың себеп-салдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 13:11, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың көкейкестілігі. Еліміздің егемемдік алуымен байланысты әлеуметтік-экономикалық, рухани салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа бастамалар мен серпімді қадамдар жүрігізіліп жатыр.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың: «Бәсекеге кабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» Жолдауында атап өткендей «Ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады» деп атауы, білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас қалыптастыруды міндеттейді.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................3-6

І-тарау. «Білімге құндылық қатынас» - туралы түсінік.......................7-14

Оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастырудың жетекші қағидалары.........................................................................................15-22

ІІ-тарау. Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастырудың теориялық негіздері.......................................................................................23-30

Оқушы тұлғасының құндылық бағдар жүйесінің мазмұны мен мәні..................................................................................................31-37

Жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңызын көре білу – мұғалімнің кәсіби сапасы......................................................................................38-41

Оқушыларды құндылық бағдарын қалыптастырудың себеп-салдары..............................................................................................42-48

Қорытынды..........................................................................................................49

Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................50-52

Файлы: 1 файл

Дип.-Оқушылардың-білімге-құндылық-бағдарын-қалыптастыру.docx

— 120.29 Кб (Скачать файл)

Адамның бір мұқтаждығьшың қанағаттанып, оның орнына басқа мұқтаждығының пайда болуы оның өмір сүруіне, әрекет етуі өте қажетті шарт болып табылады. Егер адам өзінің мұқтаждықтарын қанағаттандырумен ғана тынатын болса, онда өмір сүрудің, тіршілік етудің айырықша керегі де болмас еді. Адамның қоғамға мұқтаждығы, ал қоғамның алға дамып отыруы да болмас еді. Сол себептен мұқтаждық, я қажеттілік адамның болсын, қоғамның болсын прогрессивтік түрде алға дамуына қажетті қозғаушы күш болып табылады.

Мұқтаждықтар негізінде адамдардың өз іс-әрекетінің мотивтері болады, яғни белгілі бір мұқтаждықты қанағаттандыруға байланысты бой ұру пайда болады.

Сонымен, мотив - іс-әрекетке жетелейін себеп, ал мақсат - адамның белгілі бір істі орындауға талпынуы. Мақсат мотивке үнемі сай келе бермейді. Бірақ, мақсаттың іс-әрекеттің мотиві болуы маңызды құбылыс. Мұнда адамның алдына қойылған міндетерді, мүмкін болғанша, орындауға талпынуы пайда болады, сөйтіп, ол оның мұқтажына айналады.

Іс-әрекет процесінде адамның алдына бір ғана максат тұрмайды, бір-біріне байланысты мақсаттардың бүтін бір жүйесі тұрады. Мысалы, мектеп оқушысының алдына тек үй тапсырмасын орындап қана қою оның соңғы мақсатын білдірмейді. Бұл міндетке қоса ұлы мақсат - білімді адам, өз ісінің шебері, мына қоғамның белсенді мүшесі болу мақсаты тұрады.

Бір жүйедегі мақсаттар ең таяу тұрған мақсаттар болады да, екінші бірі келешектегі, алда тұрған мақсаттар болады. Нақ сол сияқты іс-әрекет мотивтері де таяу, қысқа және алыс жатқан мотивтер болады. Егер адам қысқа, шолақ мотивтерді басшылыққа алса, оның іс-әрекетінің келешегі болмауы мүмкін. Бұл оның мүдделерінің тар өрістілігін немесе қажетті принциптілігі жоқ екендігін көрсетеді. Ең таяу мотивтерді басшылыққа алатын адамдар әдетте ең қарапайым ғана мақсаттар (өзінің материалдық мұқтаждықтарын қанағаттандыру, дүниені қызықтау) қояды. Бұл адамдар көбінесе еш нәрседен бас тартпайды,олар үлкен қиыншылықты жеңіп шығуға әдеттенбеген.

Алыс жатқан мотивтерді басшылыққа алатын адамдар ең таяу мақсаттарды өзінің әрекетіндегі ұлы мақсатқа жету жолындағы қажетті саты, қажетті кезең деп қарайды. Мұндай адамдарды кездескен қиыншылықтар жігерсіздендірмейді, жекеленген сәтсіздіктер оның жігерін әлсіретпейді, қайта өзінің бүкіл өмірінің мақсаты болып табылытын алдына қойылған міндетті шешуге жігерлендіре түседі.

Жеке адам әлеуметтік қатынастармен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адамның өзіне тән белгілі бір көзқарас, қарым-қатынас, моральдық талаптары және тағы басқа да сапалы қасиеттері қалыптасқанда ғана ол басқаларға тәуелді болмайды. Біздің ойымызша, дамудың осы бір денгейін меңгерген адам барлык психикалық процестер мен функциялар, барлық қасиеттер мен саналар белгілі бір құрылымға ие болады. Бұл құрылымың негізі - жеке адам дамуының мотивация саласы.

Жеткіншектерде мотивтердің қалыптасуы ерікті түрде

жүреді. Бұл жастағы балалардың мотивациялық құрылымы тек баланың дамуы мен тәрбиесі негізінде белгілі бір адамгершілік құндылықтарды қабылдау процесі кезінде пайда болады.

Адам қоғамның, белгілі бір топтың құндылықтарын ғана қабылдайды. Бұдан адамның ұжым мен топпен бірлікте екенін және оның ұжыммен тікелей қатысы бар екенін, ұжым мен топтағы орнының бар екендігін аңғаруға болады. Адам құндылықтарды қабылдап қана қоймай, өзінің құндылықтарды біліп, саналы түрде ұғынуы үшін әрекет жасайды, өзіне-өзі талап қояды.

Мотивтердің иерархиясы қарапайым  ынтығу мен қызығушылықтан белгілі бір қажеттіліктің пайда болуына дейінгі аралықпен сипатталады. Мысалы, болжамдық іскерлікті қалыптастыруда оқушының болашақ туралы ойлауын, яғни болжай білуге, көре білуге мектепте жүрген кезінің өзінде-ақ үйрету қажет. Бұл баланың қызығушылығынан киялға, арманға айналуы мүмкін, ал өсе келе, жоғары кластарда болжам жасауға деген ынтасын туғызады,

Танымдық іс-әрекетте құндылық бағдар оқушының білімін өзінің қажеттілігі мен талап, тілегіне сай дәрежеге жеткізеді, ал шығармашылық іс-әрекеттің мотивациясы жеке тұлғаның өз мүмкіндіктерін пайдалана алуымен сипатталады.

Бірлескен іс-әрекетте маңызды  нәрсе болып, адамның өзіне серіктесіне (партнер) назар аударуы, іскерлік қарым-катынас орнатуы және ортақ тіл табыса білуі болып саналады.

Жеке тұлғаның құндылық бағдары.болашаққа арналған, ол жоспарланған істің құнды үлгісі ретінде қолданылады.

Құндылық бағдардың негізгі атқаратын қызметі - адамның мақсаты мен іс-әрекетін дұрыс жолға қойып, оның орындалуын бақылау.

Жеке тұлғаның құндылық бағдарының мотивациялық-мақсаткерлік компоненттеріне келетін болсақ, болжам, мақсат, идеал секілді негізгі педагогикалық категорияларды терең зерттеуді, сол категориялардың өзара байланысын, олардың жеке тұлғалық қалыптасу категорияларынан айналуын зерттейді, көздейді.

Мақсат адамның саналы іс-әрекетінің белгілі бір заңдылығын, идеал мен нақтылықтың диалектикалық бірлігі, нақтылықты белгілейтін форма. Мақсатқа бсрілген бұл анықтамадан оның көп қырлы категорияға жататынын көруге болады.

Адамның саналы әрекеті  мақсатсыз болмайды, себебі мақсат қою, бағдарлама жасау және осыларды іс жүзіне асырудағы маңызды нәрсе адамның іс-әрекеті болып табылады. Сондықтан мақсатты жеке тұлғаның «көре білуі», болжай білуі және бағдарлай алуын сипаттайтын процесс ретінде қарастыру кажет.

Көптеген философиялық зерттеу жұмыстары мақсаттың қалыптасуына арналған (Б.А. Боронович, В.М. Гришенко, В.А. Костин, А.Н. Костин, А.Н. Яценко, М.Л. Салаш және т.б.)

Мақсатты болжау белгілі бір рухани іс және мақсатгың қалыптасу процесі ретінде жүреді. Мақсатты болжаудың ішкі құрылымы екі компоненттен тұрады: мазмұндылығы мен серпінділігі. Мақсатты болжаудың сипаты жаңа істің дамуымен байланысты. Саналы түрде қойылған мақсат сананың қызметіне қажетгі тіректі қамтамасыз етеді, мақсатгы қоя білу, жоспарлау, көре білудің элементтерін қамтиды. Мақсатты болжаудың категориялары: «көре білу», болжау, бағдарлау және жоспарлау.

Жеке тұлғаның құндылық бағдар жүйесі сол тұлғаның танымдық іс-әрекетімен байланысты, ал құндылық бағдар дербес жеке тұлғалық қалыптасу ретінде дамудың танымдық, іс-әрекет және мотивация салаларымен анықталады. Сондықтан жеке тұлғаның құндылық бағдарының мотивтері қандай, болса мотивтердің қалыптасуы қажет пе деген басқа да сауалдарға шешім табу міндеті түр.

Құндылық бағдарға қызығу, ынталану, талпыну ұғымдарының студенттің болашақ іс-әрекетгерінің объектілері мен субъектілерімен біртұтас байланысы ғана емес, сонымен бірге сол жеке тұлғаның құндылық бағдарына дұрыс көзбен қарауы деп қарастыру қажет. Ол көптеген психикалық процестерді, қабілетті көтермелейді, оларға дем береді, адамның іс-әрекетін толыққанды, қуатты және жарқын болуына көмектеседі.

Құндылық бағдарының маңызды қасиеттерінің біріне оның серпінділігін, яғни жай ғана қызығушылықтан жеке бастың тұрақты қасиетіне дейін өзгеруін жатқызуға болады.

Білуге, үйренуге қызығушылық  адамның ми қабатында оптимальды қозу ошағының пайда болуымен байланысты; адамның бір нәрсеге қызығуы кезіңде оны тез арада жақсы түсініп, тұрақты қабылдаудың физиологиялық тұрғыдан түсіндірілу себебі де осыдан.

Білуге, үйренуге қызығушылықтың адамның санасын оятатын зор күші бар, ол қызығуды қанағаттандыру үшін амалдар мен қажет заттарды іздестірудің пәрменділігін, нәтижелігін арттыруға мәжбүр етеді.

Жалпы алғанда, жеке тұлғаның құндылық бағдар жүйесіне қызығушылық мынадай факторлардан тұрады деп санаймыз:

  1. Жеке тұлғаның құндылық бағдар проблемасына қызығу.
  2. Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесін меңгеруге талпыну, ықылас білдіру.
  3. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасын меңгеруге ұмтылу, талпыну.

4. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми әдістемесін игеруге ықылас білдіру, қызығу.

Сонымен, жеке тұлғаның құндылық бағдар жүйесінің мотивация саласы: жеке тұлғаның құндылық бағдар процесі; жеке тұлғаның құндылық бағдары; жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасы және жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми әдістемесін меңгеруге, қалыптастыруға деген ынта-ықыластың пайда болуымен анықталады. Бұл басты өлшемдердің жекелеген көрсеткіштері;

1. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңыздылығын түсінуге, жеке тұлға проблемасына, жеке тұлғаның құндылық, бағдарының ерекшеліктерін білуге ынталану, талпыну.

2. Жеке  тұлғаның  құндылық  бағдар  процесінің маңыздылығын түсінуге, құндылық бағдар процесінің ерекшеліктері мен зандылықтарын білуге, жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің амалдарын үйренуге, құңдылық бағдар процесінің қайшылықтарын жеке білуге талпыну, қызығу, ынталану.

3. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасының маңыздылығын түсінуге, диагностиканың бағдарламасын жасай білуге, диагностиканың нәтижесін «көре білуге», диагностиканың нәтижесіне қарай тәрбие жұмыстарын жоспарлай білуге, жалпы тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін анықтап, белгілеуге қызығу, ынта-ықылас білдіру, ұмтылу.

4. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми әдістемесінің маңыздылығын түсінуге, ғылыми әдістемені тиімді пайдалана білуге, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға ұмтылу, қызығу, ынталану.

 

 

 

Қорытынды

 

Құндылық бағдары оқу  танымдық әрекеттің сапалық мотивіне ыкпал ете отырып, білім беруді жандандырады; құндылық бағдары әрекеттің жиынтығымен байланысты және оның орындалуын анықтайды; құндылық бағдары оқушыларға өзінің әрекетін таңдауға мүмкіндік береді; құндылық бағдары жеке бастың дамуына ықпалын тигізеді; кұндылық бағдары оқушылардың оқу-танымдық әрекетінде белсенділік мөлшерін анықтайды; «құндылық» және «құндылық бағдары» категориялары - бұл жалпы ғылыми категория; жақсылық, ақиқат, әдемілік және әділеттілік ө мәнділігіне қарай адамзат үшін тұрақты мінезбен ерекшеленеді, тұрақтылыққа қатысты жоғарғы құндылықты категорияға кіруі мүмкін; педагогикалық құндылықтарға: білім, біліктілік және дағды; жеке бас қасиеттері; оқу қызметінде қарым-қатынас мақсатына жету құралы ретінде; көзқарас жәнс сенім жүйесі; жеке мінездердің жиынтығы жатады; құндылықтар бағдарының объектісі ретінде өзін-өзі бағалауға және жеке өміріндегі және қоғамдық өмірдегі жаңа құндылықтар мен қажеттіліктерді білуге адамды тұрақтандыруға бейімдейді; тұлға қалыптасуында адамның сенімі мен идеалдары, қызығушылығы, мақсаттары құндылық бағдарымен анықталып, басты рөл атқарады; құндылык бағдары жеке түлғаның максаттық, үміткерлік, адалдық сапаларын, анықтаушы принциптер мсн идеалдарды ерікті істергс қабілеттілікті арттырудың белгілі типінде қызығушылық қажеттілігіне карай бағыттайды; құндылық бағдары күшіне жеке тұлғаны басқару, мотивациялау саласы кірсді. Окытудың мотивациясына саналы адамзатты ішкі және сыртқы қайта жасақтаудың нәтижесі және ең бірінші адамның бағалы құндылығы жатады.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Абдуллина О.А, Общепедагогическая подготовка учителей в системе высшего образования. М., Просвещение. 1990 г.
  2. Абульханова-Славская К. Деятельность и психология личности. М., Наука. 1980 г.
  3. Амонашвили Ш.А. Личностно-гуманная основа педагогического процесса. Мн. Университетская, 1990 г.
  4. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. А., 1991 ж.
  5. Архангельский Л.М. Ценностные ориентации и нравственное развитие личности. М., 1978 г.
  6. Бабанский Ю.К., Ильина Т.А., Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. А., Мектеп. 1989 г.
  7. Блонский Г.П. Избранные педагогические и психологические сочинения. М., 1979 г.
  8. Виноградов В.Г. Научное предвидение. М., 1973 г.
  9. Гершунский Б.С. Педагогичесая диагностика. Методология. Теория. Практика. Киев, 1986 г.
  10. Гоноболин Ф.Н. Психология. А., Мектеп, 1976 г.
  11. Гриценко В.М. Предвидение как процесс и результат познания. Л., 1968 г.
  12. Гудечик Я. Психологические аспекты ценностной ориентации. 1979 г.
  13. Данилов М.А. Педагогический процесс как объект педагогической теории. М., 1973 г.
  14. Додонов И. Эмоция как ценность. М., 1978 г.
  15. Донцов А.И. К вопросу об управлении ценностными ориентациями личности. М., МГУ. 1971 г.
  16. Жарықбаев Қ. Қазақстандағы психологиялық-педагогикалық ғылымның даму тарихы. А.
  17. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1986 ж.
  18. Жұмабаев М. Педагогика. А., 1992 ж.
  19. Загвязинский В.И. Учитель как исследователь. М., 1980 г.
  20. Зязин Б.П. Профессиональное самовоспитание педагога.
  21. Кирякова А.В. Ориентация школьников на социально-значимые ценности. С.-П., 1991 г.
  22. Қазақстан Республикасының Ата заңы. 1993 ж.
  23. ҚР гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. 1994 ж.
  24. ҚР білім беру туралы заңы. 1999 ж.
  25. Құдайқұлов М.Ә. Важное звено педпрактики. А., 1971 г.
  26. Ломов Б.Ф. К проблеме деятельности  в психологии. М., 1981 г.
  27. Методы педагогических исследований. //п/р В.И.Журавлева, М., Прос., 1972 г.
  28. Методы педагогических исследований. // под. Ред. А.И.Пискунова, Г.В. Воробьева. М., 1979 г.
  29. Мамандыққа кіріспе. Ред. Басқ . Л.И.Рувинский. А., 1991 ж.
  30. Нургалиева Г.К. Ценностные ориентации личности методология, теория, практика, формирования. А., 1994 г.
  31. Скаткин М.Н. Методология и методика педагогических исследований. М., 1986 г.
  32. Ұстаздық шеберлікке жетудің жолдары. / методикалық нұсқау/ А., 1991 ж.   

Информация о работе Оқушыларды құндылық бағдарын қалыптастырудың себеп-салдары