Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 13:11, курсовая работа
Тақырыптың көкейкестілігі. Еліміздің егемемдік алуымен байланысты әлеуметтік-экономикалық, рухани салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа бастамалар мен серпімді қадамдар жүрігізіліп жатыр.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың: «Бәсекеге кабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» Жолдауында атап өткендей «Ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады» деп атауы, білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас қалыптастыруды міндеттейді.
Кіріспе...................................................................................................................3-6
І-тарау. «Білімге құндылық қатынас» - туралы түсінік.......................7-14
Оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастырудың жетекші қағидалары.........................................................................................15-22
ІІ-тарау. Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастырудың теориялық негіздері.......................................................................................23-30
Оқушы тұлғасының құндылық бағдар жүйесінің мазмұны мен мәні..................................................................................................31-37
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңызын көре білу – мұғалімнің кәсіби сапасы......................................................................................38-41
Оқушыларды құндылық бағдарын қалыптастырудың себеп-салдары..............................................................................................42-48
Қорытынды..........................................................................................................49
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................50-52
Әр адамның мінез-құлқының
негізгі сипаттарының бірі—
Адамның іс-әрекеті әр нәрсеге итермелейтін, ішкі ойын іске асыратын қозғалысқа келтіретін дұрыс шешуін күттіретін мәселе. Оны дұрыс шешкен жағдайда ғана адамның құндылық бағдары ұғымының мәнін түсінуге болады. Бұл мәселе бойынша қоғамда әр түрлі көзқарас бар.
Ғалымдардың бір тобы (Божович Л.И., Неймарк М.М., Ильин В.В. және басқалар) адамның бағдары оның тұтынушылық қасиетіне байланысты десе, екінші бір тобы (Щукина Г.И., Ядов В.А., Кон И.С.) тұтынушылық, қызығушылық,
мақсат қою өмірдегі іс-әрекеттермен бірігіп қалыптасады дейді.
Адамның құндылықтарды сезінуі - қоғамдық болмыстың айнасы болып табылатын қоғамдық сананың қалыптасуы үшін аса қажет. Құндылық бағдарды сезіну: құндылықтарға өз бетінше жасырын түрде ұмтылу, жеке идея, бір жүйеге келтірілген, ой санадан өткізілген құндылық қана адамның сол құндылықты меңгеруге деген қоздырғыш күші тудырады.
Алайда, құндылық бағдар,
оның маңыздылығы, жеке тұлғаны құндылықтарға
бейімдеу, құндылық бағдардың қалыптасуына әсер етуші
фактор, олардың сипаттары туралы, әсіресе,
біздің Қазақстандық педагогика, психология ғылымдарында
жетік көңіл бөлінбеген. Тағы бір айта
кететін жайт, құндылық бағдардың мәні
мен құрылымы туралы нақты
көзқарас жоқ. Жеке адамның өмірдегі
орны оның іс-әрекеттері, сол әрекеттің
адамның жасына, қоршаған ортасына
қарай өзгеріске ұшырау себептері, оқу
тәрбие жұмыстарын құндылықтарға негіздеп
жүргізу, яғни оқушы жастарды құндылықтарға бейімдеу
қоғамда өз орнын табу, экономикалық тұрғыдан
еркін ойлау қабілетін қалыптастыру ісі
жете зерттелмеген.
Дегенменде, құндылық бағдар, құндылық бағдарды қалыптастыру проблемасын егжей-тегжей зерттеген жұмыстар қатарына Г.Қ. Нұрғалиеваның ғылыми жұмысы жатады. Бұл жұмыста құндылық бағдардың мазмұны, маңыздылығы зерттеліп, оған ғылыми- техникалық прогрестің, қоғамның әлеуметтік жағдайының, ортаның және тағы басқа жағдайлардың әсері қарастырылады. Қазіргі кезде өнеркәсіпке қажетті білікті маман кадрлар даярлау ісіндегі ұстаздарды оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастыруға даярлаудың маңызы зор екенін көрсете келіп, «оқушылардың құндылық бағдарын көре білу - мұғалімнің маңызды кәсіби сапасы» деп атап көрсетеді. Бірақ, автор мұнымен шектелмей оқушылардың құндылық бағдары интегралдық жеке тұлғалық қалыптасу, ал құндылық бағдар дамудың танымдық іс-әрекет және мотивация салаларының бірлігімен өзара үйлесімділігін сипаттайды деп, осыған байланысты өзінің моделін ұсынады. Автордың моделі оқушылардың құндылық бағдарын көре білудің негізгі өлшемдерін, құндылық бағдар процесінің кешенділігін, үздіксіздігін, жүйелілігін, интегралдық жеке тұлғалық қалыптасудың үлгісін көрсете отырып, кешенді түрде зерттеу жұмысын жүргізудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу, тәрбие процесін басқарудың ережесі мен шарты болып табылады.
Модельде оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастырудың мынадай өлшемдері анықталады:
I. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңызын көре білу.
ІІ.Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңыздылығын көре білу.
ІП.Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің педагогикалық диагностикасын көре білу.
IV. Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің ғылыми-әдістемесін көре білу.
Осы сараланған басты өлшемдердің жекеленген көрсеткіштері де қоса белгіленеді:
І.Жеке тұлғаның құндылық бағдарын «көре білуді» қалыптастыру.
2.Жеке тұлғаның құндылық
бағдарының жекелеген компонент
3. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының механизмдерін «көре білу».
4.Жеке тұлғаыың құндылық бағдарының заңдылығын «көре білу».
5.Жеке тұлғаның құндылық бағдарының қайшылығын «көре білу».
Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңыздылығын «көре білудің» басты көрсеткіштері:
1. Жеке тұлғаның құндылық
бағдар процесінің маңызын «
2.Жеке тұлғаның құндылық
бағдар процесінің механизмдері
З.Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің компоненттерін «көре білу».
Бұл модель мазмұндылық сипатымен бірге, психологиялық сипаты жағынан да толықтырыла түседі. Бұнда автор жеке адам дамуының теориялық негіздеріне сүйене отырып дамудың негізгі үш саласын /танымдық, іс-әрекет, мотивация/ белгілейді.
Танымдық саланың мазмұны төмендегідей білімдермен анықталады:
жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңызы; жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңызы; жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностиканың маңызы және құндылық бағдар процесінің ғылыми әдістемелік жүйесі жайлы білім негіздерін саналы түрде меңгеру.
Жеке тұлғаның құндылық бағдарын «көре білу» - мұғалімнің маңызды – қасиеті.
Мазмұндылық сипаты Психологиялық сипаты |
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының маңызы |
Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің маңызы |
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының диагностикасының маңызы |
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының ғылыми-әдістемелік жүйесі | |
Мұғалімнің «көре білуі» | |||||
Танымдық сала (білімдерді меңгеру) |
-механизмдер мен - ерекшелігі; -заңдылықтары мен |
-маңыздылығы; - заңдылықтары; - механизмдері мен - қайшылықтары. |
- маңыздылығы; - диагностикалық бағдарламасы; - диагностиканың бағдарламасын жасау; - диагностиканың нәтижесі; - тәрбиенің мақсаты мен міндеттері. |
- маңыздылығы; - әдістемені жасай білу; - әдістемені оқу-тәрбие процесінде қолдану; - әдістеменің тиімділігін «көре білу». | |
Іс-әрекет саласы (ебедейліктерді қалыптастыру) |
- жеке тұлғаның құндылық - құндылық бағдардың - құндылық бағдардың |
- құндылық бағдар процесінің - құндылық бағдар процесінің
механизмдерін тұтас пед. - құндылық бағдар процесінің өзара байланысын анықтау. |
- құндылық бағдардың - диагностиканың бағдарламасы мен әдістемесін жасай білу; - диагностиканың нәтижесіне сай тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін белгілеу. |
- құндылық бағдарды - құндылық бағдарды - құндылық бағдар процесінің қайшылықтарын «жеңе білу». | |
Мотивация саласы (себебін, дәлелін анықтау) |
- жеке тұлға проблемасына - құндылық бағдарды жеке
тұлғаның өзекті компоненті |
- жеке тұлғаның құндылық бағдар проблемасына қызығу; - жеке тұлғаның пед.құбылыс ретінде танып-білуге талпыну. |
- пед.диагностика проблемасына - диагностикалық зерттеудің әдістемесін меңгеруге талпыну; - диагностикалық нәтижесін «көре білуді» қалыптастыруға талпыну. |
- құндылық бағдардың - құндылық бағдарды |
2.1. Оқушы тұлғасының құндылық бағдар жүйесінің мазмұны мен мәні
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының танымдық саласы жеке тұлғаның қоғамдық болмыстың, еңбек пен мәдениеттің құндылықтары туралы білімдерді саналы түрде ұғынып, меңгерумен анықталады. Ал бұл процесс адамның санасына, зейініне, сонымен бірге қоғамдық болмыс, еңбек және мәдениет құндылықтары туралы білімдерді саналы меңгеруіне тікелей байланысты. Жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің іс-әрекет саласы жеке тұлғаның құндылық бағдары, жеке тұлғаның құндылық бағдар процесі, жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасы және жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің ғылыми-әдістемелік жүйесін қалыптастыруға қажетті іскерлік пен дағдылардың студенттердің бойынан көрініс табуымен анықталады.
Жеке тұлға дамуының мотивация саласы жеке тұлғаның құндылық бағдары, жеке тұлғаның құндылық бағдар процесі, жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасы және жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің ғылыми әдістемелік жүйесін меңгеруге, қалыптастыруға деген ынта-ықылас пен қызығушылықтың пайда болуымен анықталады.
Адам психикасының айырықша ерекшелігі адамда сананың болуымен тікелей байланысты. Сана адамға тән нәрсе. Сана деп еңбек арқылы пайда болып, адамның жаратылысқа және басқа адамдарға мақсатты түрде қалыптасуында орын алатын психикалық әрекетті айтады. Адамда сана болу үшін ол өзін айналасындағы дүниеден ажырата біліп, сол дүниеге және өзінен басқа адамдарға қарым-қатынасын анықтап, өзінің кім екенін саналы түрде ажырата білуі керек. Сана әлеуметтік тұрмыстың, тарихи қоғам дамуының жемісі.
Адам белгілі нақты коғамдық жағдайларда өмір сүріп, тіршілік ететіндіктен, оның санасы қоғам тұрмысының ықпалында болып, сол тұрмысты сәулелендіріп отырады. Қоғамдық тәжірибенің өзгеруімен бірге адамның санасы да өзгеріп отырады. Сананы меңгеруші және оның иесі жеке адам, жеке тұлға.
Оқу жұмысы мен белгілі бір білімдер жүйесін меңгеруде сана мен зейіннің маңызы өте зор.
Оқушылар әрекетінің басты, жетекші түрі - оқудағы еңбек. Мұның өзі көп уақытты алып, зор ақыл-оймен ерік-жігерді талап етеді.
Оқу еңбегі негізінен, интеллектуалды еңбек, оқу қызметі қажетті рухани және моральдық қасиеттерді, мінез-құлықтың әдеттері мен дағдыларын қалыптастыруға елеулі әсер етеді. Оқу арқылы оқушыларға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді.. Сонымен бірге жеткіншек білім жүйелерін меңгереді, сейтіп, өзін практикалық іс-әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді, оларды жан-жақты біле түсуге мүмкіндік алады. Білімді меңгеру ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс.
Таным процесі туралы теориялық түсініктемені таным теориясы береді, онда бейнелеу теориясының алатын орны ерекше. Бұл теорияға лайық объективті дүниені тану процесі адамның сана сезіміндегі, шындық құбылыстардың бейнесінің ерекше процесі болып табылады.
Ғылым мен техниканың өсуіне қарай адам дамуының жетілуіне қажетті жаңа таным құралдары жасалуда, адамның әлі де танылмаған заттармен құбылыстар дүниесін меңгеруін жеңілдететін зерттеудің барынша жетілген әдістері жасалуда.
Оқудың ғылыми танымдық формасының бейнесі, оның үстіне ол ғылыми таныммен тығыз байланыста болып табылады.
Оқу процесі Бұл педагогтік күрделі құбылыс, оның көптеген айырмашылықтары мен ерекше белгілері бар.
Таным қызметінің мотивтеріндегі айырмашылық ғылыми және оқушы танымдарының салыстырмалылығына барынша елеулі ықпал жасайды. Бұрыннан белгілі болғандай, ғылыми танымның міндеттері өмірден алынады, қоғам дамуының талаптарынан туындайды. Мектеп оқушылары танымының мотивтері серпінді болуға тиіс. Білім шәкірттік таньтмға айналу үшін оқушының оқуға, білім алуға деген қүштарлығы болуы керек.
Оқу, білім алу адам жеке басының танымдық Қызметінің ерекше түрі. Оқи жүріп, білім негіздерін меңгере отырып, олар өздерін қоршаған дүниені таниды.
Кез- келген білімдерді меңгеру оқушыларға зор талап қояды. Өйтксні, ұғыну өте күрделі процесс. Ол бірнеше кезеңдерден тұрады, бірінші кезеңінде нені оқыту керек, қалай оқьш, қалай меңгеруі керектігі жайлы мағлұмат алады. Бұдан кейін қабылданған білімнің тәжірибеде орындап, оның келесі кезеңін тұжырымдап, ұғынған нәрсені ойда ұстап тұру, яғни есте сақтау қабілетін қалыптастыру, соңғы кезең білімнің негізін сипаттайтын немесе негізгі болып саналатын зат, я болмаса құбылыс туралы белгілі ұғымды қалыптастырумен сипатталады.
Болашақ ұстаздарды жеке тұлғаның құндылық бағдар жүйесінің танымдық саласын қалыптастыруда танымдық іс-әрекеттің маңызы өте зор.
Ғалымдар оқу белсенділігі
туралы мәселеге назар аударып, көптеген
ғалымдар өздерінің зерттеу жұмыстарын
осы проблемаға арнады, және де бұл мәселе
төңірегінде әр түрлі көзқарас бар. Ғалымдардың
бір тобы (А.В. Дарвинский, А.К. Грощева, Б.П. Есипов) оқушылардың
танымдық белсенділігін
арттырудың негізгі құралы, олардың өз
бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуі
деп санайды. Жаңа нарықтық қатынастардың
өмірге келуіне байланысты
оқушылардың танымдық әрекеттерін әлеуметтік
маңызы бар өзекті мәселелердің қатарына
жатқызамыз. Себебі, қазіргі кезде қоғамда
болып жатқан түбегейлі өзгерістер жаңа
әлеуметтік-экономикалық қатынастардың
қалыптасуы біздің қоғамның әрбір мүшесі
үшін маңызы бар құбылыс болып табылады.
Мектептің міндеті - оқушыларға
құндылықтар жүйесін
Егер оқушылар жеке тұлғаның құндылық бағдарының мәнін, маңыздылығын ұғынса, білсе, жеке тұлғанын құндылық бағдар процесінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын, компоненттерінің маңыздылығын, механизмдері туралы, жеке тұлғаның құндылық бағдарын меңгеруге қажетті іс-әрекеттердің маңыздылығын түсініп, соны меңгеруге қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдық іс-әрекеттің тиімділігінің артқаны. Бұл оқушыларға өздерінің болашағы туралы, болашақ мамандығы туралы бастапқы мағлұматгар алып, өз мүмкіндігін пайдалана білу, білімнің пайдасы мен маңызын саналы түрде ұғынып, түсінуіне көмектеседі.
Білімді меңгерудің басты
көрсеткіштері оқушылардың
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының танымдық саласы тек құндылықтар туралы түсініктердің жиынтығымен ғана емес, сонымен бірге белгілі бір объектіні немесе құбылысты құндылық ретінде ұғынуымен де анықталады. Бұл құндылықтар арқылы солардың негізінде жеке тұлға өзін адамгершілік, өнегелі сапаларды «таратушы» санайды.
Құндылықтар теориясында жалпы адамзаттың, моральдық интероризация процесінің мәнін жете ұғыну, өте маңызды орын алады.
Көрнекті кеңес психологы ғалымы А.Н. Леонтьев: "Менің өмірімдегі мен нені меңгере алмадым, соны ұғына алдым ба, жоқ па, егер ұғынсам, меңгерсем, қаншалықты қандай дәрежеде ұғындым, оның мен үшін, менің жеке тұлғам үшін маңыздылығы қандай..." деп, психология ғылымында "мән" және "маңыз" деген ұғымдардың түсініктемелерін зерттеген.
Білімді меңгеру процесінде бағалау мен бағаның алатын орны ерекше. Себебі баға объективті қасиеттерді танып білулердің негізінде беріледі және бағалау өз алдына таным болып табылады.
Мектеп іс-тәжірибесінде білімді формальды түрде, яғни білімді немқұрайлы меңгеру жиі кездеседі. Оқушы ғылыми фактіні біле тұра, оны саналы түрде түсініп, ұғынбайды, ғылым оқушы үшін, бұл жағдайда жеке тұлғалық мәнге ие болмайды, жай құбылыс ретінде қалып қояды. Білім мен оны саналы түрде сезінудің арасындағы мұндай алшақтық білімнің маңыздылығын, яғни құнын түсіреді, білімнің маңыздылығы абстрактілі күйде болуының салдарынан пайда болады.
Информация о работе Оқушыларды құндылық бағдарын қалыптастырудың себеп-салдары