Махамбет жөніндегі ой-пікірлер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 13:21, реферат

Описание работы

Кез – келген тарихи, яки болмаса шығармашылық тұлға тек өз халқының інжу – маржаны ғана емес, жалпы адамзаттық бастау ретінде «әлем азаматы» санатында болып әр кезеңдегі, әр алуан халықтың мәдениетін тоғыстыратын буын болатыны қақ. Міне, осы пікірге әлемдік қауымдастық ЮНЕСКО шеңберінде 200 жылдығы тойланып отырған дара тұлға, қазақтың ұлы ақыны, бостандық пен еркіндік үшін күрескер Махамбет Өтемісұлы да тұтастай жатады.

Содержание работы

Махамбеттің жыр жебесі. И. Тасмағамбетов
Шашақты найза, шалқар күй. Ә. Кекілбаев
Дәуір олғағының тұлғасы. Ақселеу Сейдімбек
Ерлік пен елдіктің өшпес рухы. З. Қабдолов
Дауылпаз ақын. Б. Аманшин
Махамбет мұралары. И. Кенжеалиев

Файлы: 1 файл

Mahambet-makala-1.doc

— 217.50 Кб (Скачать файл)

Махамбет жырларының  құдiреттiлiгi арман-аңсарының заманалық кесектiгiнде. Махамбет халық басындағы бақ пен сордың жалқылық мысалына жұбанбайды, заман дүмпуi тудырған iрi ағымдардың аққарасын саралап толғанады. Бұл ретте, оның санасы сергек, танымы терең, мақсаты айқын. Ұлттың азаттығы мен халықтың әлеуметтiк теңдiгiн  Махамбеттен терең жырлаған, Махамбеттей жеткiзе жырлаған ақын қазақ топырағында некен-саяқ. Дәстүрлi талғамымызда хас өнердiң бойына сұлулық пен шындық тең бiтiп, қоржынын аудармауы керек. Махамбетте мұның екеуi де кәмiл. Ол сонысымен көшпелiлер мәдениетiнiң аса тегеурiндi соңғы тұяғы ретiнде мойын бұрғызады. Махамбет өзiнiң рухы асқақ жырларын жыршылығы тасып шығармаған. Оның бойындағы буырқанған аста-төк өнер күрес жолындағы ең оңтай қаруы болған. Тек қана жырлары емес, оның арынды күйлерi де ұдайы ситуация үстiнде туындап отырған. Бодандықта өмiрi өксiген халқының қағажу көрген хал-күйi, өз халқына қарсы сырт күштiң қол шоқпары болған Жәңгiр хан мен Баймағамбет сұлтанға деген запыран ашу, ел қамын жеп еңiреп өткен Исатай батырдың ұрпаққа өнеге өр тұлғасы, көтерiлiс күндерiнiң ең бедерлi сәттерi, асыл арманның күйреуi, осының бәрiн тағдырдың жазмышындай еткен заманалық үрдiс, мiне, Махамбет өнерiне арқау болған нақтылы өмiр көрiнiстерi осылар.

Осынау ойдың орамы  Махамбет жырауға ғана емес, сонымен  бiрге Махамбет күйшiге де тiкелей  қатысы бар. Махамбет күйлерi, оның қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен, ел бастаған ақын бола отырып, осының бәрiне қоса күй де шығарған екен-ау дегiзетiндей әуезе сезiмнiң бодауына жүрмейдi.  Ол поэзияда қандай дара болса, күйде де сондай оқшау. Махамбет күйлерi адуын мiнезiмен, асқақ сезiмiмен дараланады. Кiбiртiгi жоқ, iшкi толғаныстың тегеурiнi, күрсiнi көп көкiректен лақылдап ақтарылғандай. Ең ғажабы, осының бәрiн өзгеде жоқ әуен-сазбен өрнектеп отырады. Махамбет күйлерi оның поэзиясының саз-сарынға айналған түрi. Ұлы мұрат жолында арқалы қимыл жасап, атқа қонған ерлерге сүйсiнгенде “Исатайдың Ақтабаны-ай” күйiн саңқылдатқан. Ата жаудың темiр торына түсiп, тар есiктен сығалап, өр кеудесiн өксiк қысқанда “Шiлтерлi терезе” күйiн бебеулеткен. Адыра қалған ата мекен, жаттың табанына тапталған туған жер қасiреттiң үлкенi, қайғының зоры болып, қабырғасын қайыстырғанда “Қайран Нарын” күйiн сұңқылдатқан. Арманында ақау жоқ үзеңгiлес серiктерiнiң ер тұлғасына, мәрт мiнезiне арнап “Тарлан”, “Жұмыр-Қылыш” күйлерiн күмбiрлететiн…

Қапыда дұшпанның қақпанын басып, Қиыл өзенiнiң бойында Исатай бастаған есiл ерлер қырғынға ұшырағанда “Өкiнiш”, “Қиылдағы қырғын” күйлерiн  азынатқан… Мiне, осылай жалғаса бередi. Себепсiз домбыраға қол созу жоқ. Күйдi көңiл көтеру үшiн емес, көкейдегiсiн жеткiзу үшiн тартатынын Махамбеттiң өзi де жасырмайды. “Домбыра тартсам келер күй” дейдi.

            Махамбет қатардағы көп күйшiнiң  бiрi емес. Ол даланың қатал талабын қапысыз орындап, сарабдал сынынан сүрiнбей өткен соң ғана домбыраға бiлек артқан. Бұған Махамбеттiң “Ақжелең” күйi айғақ. Себебi “Алпыс екi тармақты Ақжелеңнiң өрiсiн ұзартып, өресiн биiктеу санаулы ғана саңлақтардың пешенесiне жазылған. Ал Махамбеттiң “Ақжелеңi” күйшiлiктiң осынау ұлы дәстүрiн нұрландырар дүние. Тiптен, бұрыңғы “Ақжелеңдердiң” сезiмiне серпiн қосып, мұңына мiнез дарытып, айтарымен аңғартарын байыта түскен.

            Махамбеттiң күйшiлiгi оның бiртұтас  тұлғасын даралап қана қоймайды, сонымен бiрге дәстүрлi көшпелiлер мәдениетiн жасаушылардың әмбебап қасиетiне де жарқын айғақ. Мұның өзi  өнердегi ғана емес, өнерпаз бойындағы синкреттiлiктi алғашқы қауымдық құрылыстың талғамына телитiн әлдекiмдердiң теориясымағы тайғанақ екенiн аңғартумен бiрге, көшпелiлер мәдениетiнiң болмысына өзгеше зердемен қарауды пайымдатады.

 

Ерлік пен елдіктің өшпес рухы

З. Қабдолов, халық жазушысы, академик

 

         Махамбет! Бұл есім - өмірдегі қасіреттің синониміне, өнердегі қасиеттің символына айналған аса аяулы әрі ардақты ат. Көзі ашық, көкрегі ояу қазақтың бір де бірі бұл есімге бейтарап қарай алмайды:

 

 «Ереуіл атқа ер  салмай 

Егеулі найза қолға  алмай,

Еңку – еңку жер  шалмай …» немесе:

 

«Мұнар да мұнар, мұнар күн,

Бұлттан шыққан шұбар күн,

Буыршын мұзға тайған күн,

Бура атанға шөккен күн…» -

дей бастасаңыз – ақ болғаны, алдымен  мейірімін төгеді, содан соң мерейленіп кетеді.

            Мұның себебі – «Атандым Ғазиз  ақын бала жастан, әнші жоқ  Қараөткелде меннен асқан» дегендей, Абайдан кейінгі өлеңшілерді өз алдына қойғанда, Абайға дейінгі қазақ поэзиясында бұдан асқан ақын жоқ. Бұл шындықты әр қазақ та бар қазақ түгел мойындап болған. Әрине, асқар таудың асу – асу белдері біреу емес, бірнешеу болатыны секілді, қазақтың жыршылық – жыраулық өнерінің де төбесін тіреген қадау – қадау діңгектері бірқыдыру бар: Асан Қайғы мен Қазтуған, Доспамбет пен Шәлгез, Жиембет пен Марғасқа, Ақтамберді мен Тәтіқара, Үмбетей мен Бұқар … Осылардың әрқайсысы заңғардың әр биігіне ұқсаса, Махамбет бар биіктің ішіндегі Қыранқия тәрізді қиырдан мұнартады. Махамбет өлеңі – қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті. Әрбір буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап – таза қорғасыннан құйылған ап – ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер  бетіндегі ешбір елдің өлең – жырында жоқ. Оның өзге тілге оңай аударылмайтыны да сондықтан.

            Ақын болу – бір бар; ал  оның үстіне батыр болу ше? Және де ақын – ақын, батыр  – батыр қалпында бөлек –  бөлек тұрып қалмай, ақындық пен  батырлық бір тұлғаның табиғатында  ару әйелдің бұрымындай  өріліп, баяғы бабалар дәуірінен бермен қарай тек қана азаттық аңсаған асыл ерлердің азап пен қорлыққа қарсы ашулы дойырына айналса … - о, бұл – енді әр ғасырда бір кездесетін аса сирек құбылыс. Осыдан келіп өмірдің өнерге яки өнердің өмірге айналуы секілді ғажайып «жұмбақ» процесс туады да, оны туғызған уақыт пен кеңістікке амалсыз жүгінеміз. Махамбет өмір сүрген Уақыт пен өнерін өрбіткен Кеңістік туралы ойласақ, біздің жадымызда патшалы Ресейдің тепкісінде төңбекшіген басыбайлы отары – ұлан – ғайыр Ұлы даламыз, сол даланың бір шалғайындағы Бөкей ордасы, Орданы билеген қазақтың соңғы ханы Жәңгір Бөкеев оралады.

            Бұл - Махамбеттің тағдырын тануға  керек тарихи дерек. 

            Енді өнерге келсек, қазақ поэзиясындағы  ғасырлар бойы дамуына шешуші себеп болған қозғаушы күш – ешқашан үзілмеген, толастамаған, барған сайын үдей түскен азаттық идеясы.

            Бұл – Махамбет талантының  қайнар көзі, асау ағысы. 

            Бұлар бір – бірімен тығыз  бірлікте: Нарында орыс патшалығының  отарлау саясатынан туған қарғылы хандық Бөкей ордасы орнамаса, Ордаға сол тұстағы Уақытқа тәуелді – Жәңгір хан бұрынғы І Павел патшаның Бөкей сұлтанға жасаған «кеңшілігінен» хайыр көріп, кейінгі император І Николайға адалдық антын беріп, сол Кеңістікке лайық өмір әкелмесе, сол өмірдегі отаршыл озбырлық пен өзімшіл найсап обырлыққа қарсы ұлт – азаттық күресінің қаһарманы Исатай Тайманов пайда болмас еді, туған елінің еркіндігі жолында тудай желбіреген Махамбет Өтемісовтің жалында жырлары да дүниеге келмес еді.

            Сұрақ туады: ел егемендігін  былтыр тойлаған он жылдың  ішінде қалыптасқан бүгінгі жаңа  көзқарас, жаңаша ойлау тұрғысынан  байыптап байқасақ, Исатай – батыр  да, Махамбет – ақын дейік,  ал енді осылар алысып жүрген  хан Жәңгір кім?  Өзі қазақ, солай бола тұра сол қазақтың ақи-тақи ымыраға келмес жауы ма сол Жәңгір?!

            Махамбет рухындағы мықты қаламгерлеріміздің  бірі Әбу Сәрсенбаев өзінің  соңғы кітабын балай бастайды: «Кешеге дейін өзімізді өзіміз  қорлап, біздің өткеніміз болған  жоқ, тарихымыз тек Кеңес өкіметінен басталады, біздің бетке ұстарымыз болмаған, мал соңында қаңғып жүрген жабайы, меңіреу халық едік, тек ұлы орыс халқының арқасында ғана жер бетінен жойылып кетпей аман сақталдық, патша үкіметі Атамекенімізді отарлап, бізді құрып кетуден сақтады деп келдік. Қазақ хандарының бәрі жауыз, қанішерлер, қазақ жырауларының бәрі керітартпалар, ал орыс патшаларының бәрі шетінен дана, шетінен халық қамқоршысы деп сандырақтадық. Бізді солай сандырақтатты» («Ғасыр мен ғасыр беттесе», Алматы, 1995 жыл, 6 бет).

            Тым қатал әрі анайылау айтылған. Десек те тоқсан жыл өмірінің  үштен екісін Коммунист партиясының  қатарында, Кеңес шындығын жырлаумен  өткізген қарт ақын өмірінің  соңғы кезеңінде өз ұғымын  өзі осылай өзгерте бастаған. Бұл тұрғыдан қарасақ, Бөкей хандығының тарихындағы уақыт пен кеңістік мөрі басылған талай заңдылықтарды жаңаша байыптауға болар еді. Бөкей хандығы құрылуына байланысты туған даламыздың бір кезде жоңғарлар таптап, қалмақтар жайлаған Еділ мен Жайық арасын өзімізге қайтарып алдық. Торталана туырылып, иесіз құлазып жатқан құм қойнауына Орда қаласы орнады. Көшпелі жұрт көлігін туарып, қоныстана бастады. Ел орныққан соң Ордадан шығысқа қарай сусыған қызыл шағылдың ондаған шақырым ұзына бойы қысы – жазы бірдей көкпеңбек көксіл атып тұрған көк жасыл орманға айналған. Ғұмырында шөлі қанып көрмеген қалың құмға кезінде әлдеқайдан су келіп, көл пайда болған. Айдында аққу ұшып, қаз қонған. Жапан түзге қалың ел ірге теуіп, қатар – қатар қарағай үйлер салынған. Кейін «Дала қоңырауы» атанған Ыбырай Алтынсарин туатын жылы (1841) тарихта тұңғыш рет қазақ балаларына қазақша – орысша білім беретін Жәңгір мектебі ашылған. Мектептегі оқу – ағарту ісінің өрбуін хан тікелей өз қамқорлығына алған. Бұл арада бұрын - соңды болып көрмеген кітапхана, клуб, мұражай орнаған. Бұларды аз десеңіз, патшалы Ресей астанасы Санкт – Петербург үлгісіндегі қару – жарақ палатасы жасақталған. Көш - керуен, сауда -  саттық, жәрмеңке – базар ду да ду, у да шу жыңылап жатқан.

            Осының бәрі Астархан губернаторының үйінде жатып оқып, еуропаша білім алған азиат, бір өзі «жеті жұрттың» тілін білген, білімдарлығына лайық Қазан университетінің құрметті мүшелігіне қабылданған, үздік қабілетіне сай ақ патшаның өз қолынан қазақ топырағындағы тұңғыш генерал шенін алып, шекпенін жамылған Бөкейдің ұлы Жәңгір ханзаданың арқасы еді.

Сол Жәңгір - Еділ – Жайық  екі өзен арасын жиырма екі жыл  билегенде жұртына осынша игілік әкелген хан Жәңгір неге ғана кісі көргісіз харам, адам айтқысыз арам да жаман адам болады сонда?

 

            Жә, Махамбет Жәңгірге:

-          Хан емессің, қасқырсың, қара  албасты басқырсың! – деген  екен.

 

Мұның несі бар? Махамбеттанудың  негізін салған Халел Досмұхамедовтен  бастап, оны одан әрі дамытқан Қажым  Жұмалиевтен бері қарай Исатай –  Махамбет тарихын зеттеушілердің бәрі ақынның осындай ызалы сөздерінің тұсында Баймағамбетке байланыстыра, сайып келгенде тіпі Жәңгірдің өзіне қарата, олардың бірі болмаса бірі:

- Бұлай айтпаса, Махамбет  батыр бола ма? Батырдың сөзін  көтермесем, мен хан болам ба? – депті деседі. Осының өзі  тарихи шындықты қалпына келтіріп, әркімді күллі күнгей – көлеңкесімен қоса өз орнына қоюға мүмкіндік беретін аңыз да болса әділ уәж емес пе? Жоқ, қалай болғанда да қазақтың ханы, орыстың генералы Жәңгір Бөкеев - өз заманының үлкен қайраткері. Аңыз болсын, ақиқат болсын, бәрібір, әйтеуір о баста Исатай мен Жәңгір, Жәңгір мен Махамбет қазақтың қашанғы халықтың қасиеті – ағайыншылықтан ажырамаған адамдар. Жәңгір ел бастаған хан болса, Исатай сол ортадағы ақылды көсем би, Махамбет от ауызды, орақ тісті шешен болған. Соңғы екеуі бірі – батыр, бірі – ақын; бірі серке, бірі ерке ер – азаматтар болған соң, Жәңгір олардың екеуін де екі аймаққа старшын етіп тағайындаған.

            Ал осы ынтымақ қалай бұзылған? Араздық жауласуға қалай жеткен? Бұл туралы бұрылтпас ақиқат та бар, әр алуан аңыз да көп. Жұрт жадында сақталған бір аңызға бақсақ, Махамбет пен Жәңгір бір – біріне бетпе – бет келіп кінәласқанда, тіктесе беруге шыдамай, амалы құрыған хан ақынға: «Алдым жалын, артым өрт, екі оттың ортасында жүрмін, қайтейін» депті. Артымдағы өрт деп отырғаны ханға билік бергенсіп, сол арқылы қазаққа деген бодандық бұғауын қысқан ұстіне қыса түскен орыс патшасының зымиян саясаты болса, алдымдағы жалын деп отырғаны хан арқылы қан қақсатып бара жатқан отаршылдық езгіге – қорлық пен зорлыққа қарсы кек кернеген қазақ халқының азаттық жолындағы айықпас айқасы мен шайқасы. Мұндай жағдайда хан мен халық арасында қандай ынтымақ болуы мүмкін?

Ендеше, халық қолын  бастаған Исатай – Махамбет пен  патша жолын жақтаған (тіпті жақтамауға мүмкіндігі жоқ) Жәңгір хан арасындағы араздық жауласыға қалай жетпесін!  Жарайды хан мн халық арасындағы күрестің негізгі заңдылығы осы делік. Азат Қазақ мемлекеті деген тіпті түске кірмеген, ел егемендігі дегеннен елес те жоқ, бұғаулы бодан өлкеде хандық құрған Жәңгірдің орнында кім болса да дәл соның халін бастан кешкен болар еді дегенге қол қойсақ қоялық. Ал мына бір білгіштердің түйін – тұжырымдарына қалай қарайсыз:

- Халық Теке қаласының  батыс шалғайындағы «Хан - тоғайда»  ақ киізге көтеріп таққа отырғызған  ханның өз қара басы бөлек те ерек. Мейлі, бір өзін алтынмен аптасын, күміспен күптесін, одан ырыс тартылмайды, қазына сарқылмайды. Ал қара құрым хан төңірегі түгелімен халық қазынасын, ел байлығын талапайға салып, жаппай тонаудан басқа бітірері жоқ жемқорлар, тұрмыс – тіршілік дегенді баспен емес қарынмен ойлайтын қорқау – құзғындар болса, ол – халыққа келген нәубет! «Ашыққаннан құныққан жаман» дегендей, әсіресе, ханның қайын - атасы Қарауылқожа Бабажанов күйеу баласын арқаланып әбден араны ашылған арсыз аларман, адуын алпауыт; соның және сол секілді тума – туысқандарының, жақын – жұрағаттарының тойымсыз нәпсісіне тыйым салу Жәңгірдің қолынан келмеді. Исатайдың, оған ерген қалың бұқараның ханға жауығуына бас себеп сол! Оның үстіне ақылы қанша болса, айласы сонша, таққұмар, баққұмар хан өз мансабын қорғау әрекетінде қазаққа емес, орыс патшасының қазаққа қарсы ұстаған қолшоқпары кәззәп казакқа (казак орысқа) сүйенді. Бұл – тағы бір себеп.

Енді Махамбетке келсек, ол Исатайдан гөрі намысқой, қазақ  жері үшін патша әскерлерімен:

 

«Еділ үшін егестік,

Жайық үшін жандастық,

Қиғаш үшін қырылдық,

Тептер үшін тебістік.

Теңдікті малды бермедік,

Информация о работе Махамбет жөніндегі ой-пікірлер