Махамбет жөніндегі ой-пікірлер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 13:21, реферат

Описание работы

Кез – келген тарихи, яки болмаса шығармашылық тұлға тек өз халқының інжу – маржаны ғана емес, жалпы адамзаттық бастау ретінде «әлем азаматы» санатында болып әр кезеңдегі, әр алуан халықтың мәдениетін тоғыстыратын буын болатыны қақ. Міне, осы пікірге әлемдік қауымдастық ЮНЕСКО шеңберінде 200 жылдығы тойланып отырған дара тұлға, қазақтың ұлы ақыны, бостандық пен еркіндік үшін күрескер Махамбет Өтемісұлы да тұтастай жатады.

Содержание работы

Махамбеттің жыр жебесі. И. Тасмағамбетов
Шашақты найза, шалқар күй. Ә. Кекілбаев
Дәуір олғағының тұлғасы. Ақселеу Сейдімбек
Ерлік пен елдіктің өшпес рухы. З. Қабдолов
Дауылпаз ақын. Б. Аманшин
Махамбет мұралары. И. Кенжеалиев

Файлы: 1 файл

Mahambet-makala-1.doc

— 217.50 Кб (Скачать файл)

 

Теңдіксіз малға көнбедік», - деп қынынан суырылған да қынабына қайта түспей қойған жалаң қылыш. Ол ханмен қалай келімге келсін; келмесе, хан қалай ұнасын! Онымен де қоймай, өсек – ғайбат, күншілдік деген кесепат бір емес пе, ел ішінде Махамбет - ақын мен Фатима – ханым ашына көрінеді деген қаңқау сөз таралады. Мұның өзі Ханның Батырға ыза – кегін өршіте түсіпті деседі тағы бір білгіштер.

Осындай толып жатқан себептерге ханның жеке өз басына тән  әлсіздіктер мен пендешіліктер  қосылып, Жәңгір мен Исатай – Махамбет арасы ашылады; бір – бірімен  ымырасыз жаулыққа көшеді.

Ойлап қарасақ, тіпті  осылай болмаса ешқандай мүмкіндік  жоқ еді.

О, заман да бұ заман, халық наразылығына суарылған күрес пен тартыс тек бір ғана мақсатта – сол халықтың еркіндігі мен бостандығы үшін болып отырған. Патша керген желіге қыл мойнынан көгенделген хан халықпен екі арадағы баррикаданың арғы жағынан берғы жағына көшем десе де көшіп шыға алмайды.

Ендеше, адамзат тағдыры  мен талайының бұл сияқты мейлінше шинелісіп жатқан күрделі, қиын шырғалаңдарын  тарихи тұрғыдан байыптап, сол аласапыранның  асау толқынымен алысып жүрген жан  себіл тұлғаларды өз ортасында танып  – бағалаудың орнына, оларды тек бір – біріне қарама – қарсы екі топқа ғана бөліп, бірін ақ, бірін қызыл ғып шығару – күні өтіп бара жатқан нәрсе! Бұл екі топта бір – бірімен байланысты: бір болмаса, екіншісінде де мағына қалмайды. Жәңгір болмаса, Исатай – Махамбетке ашық айқасқа шығар жауда болмас еді және хан патшаға арқа сүйеген күшті жау болмаса, батырлардың жан кештілігі де құр донкихоттық болып шығар еді.

Демек, Жәңгірді өз орнына қою – Исатай мен Махамбетті орындарынан  тайғызу, немесе ханды күшейту –  батырлардың рөлін төмендету яки әлсірету емес. Керісінше, жауы күшейген сайын батырдың да айбыны мен айдыны асқақтап, жалы күдірейе түседі. Махамбет жырының да мәнін тереңдетіп, мазмұнын байытып тұрған осы сыр мен сымбат.

Біздің осы талғау – талдауларымыз тәрізді кешегі тарихты толғау – бүгінімізді ойлау, ертеңімізді болжау үшін қажет екенін, кешегі тарихымыздың, әсіресе, адамдар арасындағы қарым – қатынастың, олардың әрқайсысына тән мінез – құлықтың, іс әрекеттің, ақыл – айланың ұнамды – ұнамсыз жақтарын бүгінгі жетістік – жетпестіктерімізбен салыстыра, бүгінгілердің кеңдігі мен кемдігіне, көрегендігі мен көрбалалығына салғастыра келе одан көпке пайдалы қортынды шығарып, ертеңіміз үшін сабақ алуымыз керек екенін кезінде өмір мен өнердің арақатынасын дәл осы жерден іздеген Виссарион Белинский шегіне жеткізе уағыздаған болса, мұның өзі – бүгінгі күні де маңызын жоймаған мейілінше зәру мәселе!.. Қайран Махамбет:

 

«Еділдің бойы ен тоғай 

Ел қондырсам деп  едім.

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп  едім …»

 

            Қандай асыл арман, абыройлы  мақсат! Алайда Махамбет өмір  сүрген дәуірде бұл арман –  арман қалпында, мақсат – мақсат  қалпында қалатын.  Бұл арман  мен мақсат жолындағы ерлік  елдің елдігіне, еркіндігіне әкелмейтін. Елдің еркіндігін аңсаған ерлердің айбаты мен қайраты бұлтты тілген найзағайдай жарқ етіп жанатын да сөнетін.

            Исатайдың жайы, Махамбеттің халі  солай еді. 

            Әдебиет тарихын зерттеу мен  зерделеу тек әдебиет пен әдебиетші  үшін ғана керек емес. «Өнер  - өнер үшін» емес, өнер өмір үшін екенін мойындасақ,  біз бүгін Махамбет шығармашылығын талдап-тексергенде оны бүгінгі талғам мен талап елегінен өткізе сараптауымыз шарт.

            Бүгінде, құдайға шүкір, заман  – біздікі! Дәуір де өзіміздікі! Ғасыр да біздің игілік ғасырымыз болуға тиіс. Міне, он жыл, Қазақстан – егемен ел, өз еркі өзіндегі азат, өз алдына дербес мемлекет. Бүгінде біздің басшымыз орыс патшасы қазақ елінің еркіндігіне тұсау етіп қарауылға қойған құқықсыз Хан емес, өзіміз қайлап-сайлап, ел еркіндігін қорғайтын бар билікті бір өзінің қолына берген мәртебелі Президент. Енді, міне, бодан емес, бостан өлкемізге «ел қондыру» да, «мал толтыру» да, дәлірек айтқанда, халқымызды байлыққа кенелтіп, рахатқа бөлеу де өз қолымызға көшкен заманда Елбасы маңына елден бұрын өзін емес, өзінен бұрын елін ойлайтын, сондай-ақ беталды күпсіп, билік маңының бәрін бұра тартып «бас-басына би болған өңкей қиқым» бақталастар да емес, Елбасымен елдік-бірлікке келіп, нағыз елдік-биікке көтеріле алатын; «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», халық қамын жейтін ерлер ғана топтасуға тиіс.

            Биыл тәуелсіздігіміздің он жылдығы  тұсында байқап-барлап қарасақ,  бірқатар олқылығымыздың орны  тола бастағанын аңғарамыз. Айталық,  мәселен, Президент Назарбаевтың  ұлтымыздың әдебиетіне, мәдениетіне, тарихына айрықша назар аударуы – зиялы қауымды да түгел жалт қаратып, тың ықылас-пейілге, жаңа бағыт-бағдарға, нақты іс-әрекетке  көшіріп отыр. Жалпы тарихымызды түгендеп, «өлгенімізді тірілтіп, өшкенімізді жандырғанымызды» түгел тізіп жатпай-ақ, бірер нақты да затты дәлел мен дерек келтірсек, сонау көне дүниеден Бейбарыс сұлтанның, со секілді байырғы түркі құндылықтарының туған топырағымызға қайта оралуы біздің түпкі тегімізге тереңдеу болса, Абай мен Жамбылдың жүз елу жылдық, Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқановтың жүз жылдық мерейтойлары ЮНЕСКО арқылы халықаралық деңгейде аталып өтуі… Жуырда ғана Парижден оралған вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов Ғабит Мүсіреповтың жүз жылдығы мен Махамбет Өтемісовтің екі жүз жылдығын тағы да ЮНЕСКО шеңберінде дүниежүзілік дәрежеде өткізуді шешіп келсе, - осының бәрі Елбасының тікелей, қолма-қол араласуы, оның бүкіл әлем таныған бедел-абыройының арқасы екенін бәріміз көріп-біліп, сүйсініп отырмыз.

Бір кезде керемет  ерліктің үлгісі боп көтерілген Махамбет бүгінде егемен елдіктің өшпейтін рухымен осылай астасып жатыр.

Ақиқат шындықты «шыңдап» қана қоймай, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа  «шегелеп» қалдыратын ғажайып Сөз  өнерінің құдірет күші деген осындай  болады. Сонымен…

Аспан астында, жер үстінде  өмір барда өнер бар. Өмір өнерге көшкенде ғана өмір, әйтпесе ол – бүгін бар, ертең жоқ уақытша пенде секілді өткінші. Заман да солай. Ал, өнер мәңгілік!

 

«Қоғалы көлдер, құм, сулар 

Кімдерге қоныс болмаған.

Саздауға біткен құба тал 

Кімдерге сайғақ болмаған.

Басына жібек байлаған

Арулар кімнен қалмаған…»

 

- дейді Махамбет. Пайғамбардың  сөзі! Сондықтан да Махамбет құдай  берген талантының арқасында  аз ғұмырында өзі басынан кешкен  өмірді өнерге көшірген де  өлеңге айналдырып, ұрпақтан-ұрпаққа  – тірілердің бәріне – бәрімізге түгел жаттатып кеткен.

Александр Твардовский  нағыз жақсы өлеңді «тап-таза алтын» («чистое золото») дейді екен. Асылы, алтын деген зат өлшеулі, аз болады. Махамбет өлеңдері де со секілді аз; бәрін жиғанда бір қойын дәптерге сыйып кетеді. Ал оқып қараңыз, әр жолы – алтын; терең мағына мен мазмұн; бір мұң, бір сыр… көл-көсір философия:

 

«Бұзбай құлан пісірмей,

Мұз үстіне от жақпай!» 

 

Не дейді? Құланды бірдеңе  етіп «Бұзбай пісіріп» көруге болады, ал «мұз үстіне от жағу» деген не сұмдық? Жә, арғы жағын оқып байқайық:

 

«Мұз үстіне от жақпай,

Қу найзағай сүйеніп,

Құр далада зар қақпай,

Жалғыз жүріп ат бақпай,

Қабағыма қарыс сүйем  мұз қатпай,

Қапыда қалған қасқамын,

Қақ жүректен найза түйретпей!

Жалғыз қалдым,

Адасып қалған үйректей…»

 

Шіркіннің бір ғана күрсінуінің өзі осындай. Батырдың ыза мен кекке қайнап аһ ұрған өкінішін бұдан артық қалай айтып жеткізуге болады. Болмайды. Мүмкін емес. Ол үшін тек Махамбет керек.

«Махамбет екі образ  жасады, - дейді академик Қ.Жұмалиев. – Бірі Исатай образы, екіншісі Махамбеттің өз образы». Дәл айтқан: Махамбет бірнеше толғауында әлгідей «алтын сөздермен» майдандас ағасы – «ақ кіреуке жағасы» Исатай Таймановтың – ол басшы, бұл қосшы боп қасында бірге жүрсе де ұсынса қолы жетпес алыс «арманының – таудан мұнартып ұшқан тарланының, кермиығы – кербезінің, керіскедей шандозының, құландай ащы дауыстының, құлжадай айбар мүйіздінің, қырмызыдай ажарлының, Хиуадай базарлының, теңіздей терең ақылдының, тебіренбес ауыр мінездінің» тастан қашалғандай сом тұлғасын әуелі осылай мүсіндеп, мінездеп алады да, одан әрі бұл суретті қимылсыз  статика қалпында қалдырмай, алай-дүлей асау динамикаға көшіріп, асқақтата, аспандата шырқап әкетеді:

 

«Садағына сары жебені салдырған,

Садағының кірісін 

Сары алтынға малдырған.

Тереңнен көзін ойдырған,

Сұр жебелі оғына 

Тауықтың жүнін қойдырған.

Маңдайын сары сусар  бөрік басқан,

Жауырынына күшіген  жүнді оқ шанышқан.

Айқайласа белдігі байланған.

Астана жұртын айналған;

Атына тұрман болсам деп,

Жұртына құрбан болсам деп,

Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен,

Атқан оғы Еділ-Жайық  тең өткен,

Атқанын қардай боратқан,

Көк шыбығын қанды  ауыздан жалатқан – 

Арыстан еді-ау Исатай!

Бұл фәнидің жүзінде 

Арыстан одан кім өткен?!» 

 

Паһ! Осыдан артық батырдың бейнесін жасау мүмкін бе? Текті  заты тұрмақ астына мінген атына дейін аңызға айналған қарақыпшақ Қобыландының өзі тағы да Махамбетше айтқанда «толғай-толғай оқ атқан, он екі тұтам жай тартқан, қабырғасын қақыратқан, тебінгісін тесе атқан, тізгінінен кесе атқан» ессіз ер, көзсіз батыр болса, осындай-ақ болған шығар…

Батыр ақын батыр қолбасының сөз өнеріндегі мәңгілік бейнесін осылай сомдады да, бұрқанған күшке, бұла қайратқа, шиыршық атқан жігерге, ызалы ашуға, ақылды нақылға толы өлең-жырын тұтастай алғанда өзінің автопортретіне айналдырды. «Махамбеттің өз образы» деген – сол! Өйткені, оның «қорғасыннан құйылған» ап—ауыр әр сөзінен Өзін танимыз. Көнеретін архаизм да емес,  нақ екі арадағы екеуіне бірдей етене, еркін, еспе мағыналы ерке де серке сөздерді қайдан ғана іздеп тауып, қалай ғана ағыл-тегіл, ақпа-төкпе өлеңге өріп жібергеніне таң қаласыз. Контекстегі әр сөз әрін де, нәрін де келтіретін орнын дәл тауып, ойнап тұр. Ақындық шеберлік деген сол ғой!

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» дейтін Абайды ақындардың ақыны – ақыл мен сезімнің, сыр мен жырдың түпсіз терең мұхиты десек, сонау бағзыдағы «бұлт болған айды ашқан, мұнар болған күнді ашқан, мұсылман мен кәуірдің арасын өтіп бұзып дінді ашқан Сүйінішұлы Қазтуған» мен «Тоғай, тоғай, тоғай су, Тоғай қондым өкінбен; Толғамалы ала балта қолға алып, топ бастадым, өкінбен; туған айдай нұрланып, дулыға кидім, өкінбен; зерлі орындық үстінде, ал шымылдық ішінде, тұлымшағын төгілтіп, ару сүйдім, өкінбен!» деп дүрілдеп өткен Доспамбет пен Би Темірді алдымен «Алп, алп басқан, алп басқан арабы торым өзіңсің; жазылы алтын, қол кескен алдаспаным өзіңсің» деп алып, ізінше би оны «ата-тегіне, атақ-дәрежесіне сай сый көрсетпей шетке қаққан кезде бір жағы өкпе, бір жағы наразылық ретінде» (М.Мағауин «Алдаспан», Алматы, 1971 жыл, 21 бет) «Еділден аққан сызашық біз көргенде тебінгіге жете-жетпес су еді – телегейдей сайқалтып, жарқыраған беренді теңіз етсе тәңірі етті; жағасына қыршын біткен тал еді – жапырағын жайқалтып, терек етсе тәңірі етті; тебінгінің астынан ала балта суырысып, тепсінісіп келгенде тең атаның ұлы едің, дәрежеңді артық етсе тәңірі етті!» деп қолын бір сілтеп теріс айналып кеткен баба жырау Шәлгезден бермен қарай тау өзеніндей тасқындап төгілген  суырып салма (импровизаторлық) поэзияның Абай мұхитына сарқып  құяр сағасында тұрғандықтан да Махамбеттің (барлық циклін біріктіріп бір атауға көшірсек) «жорық жырлары» сол ұлы дәстүрдің жалғасы ғана емес, жаңғыра, жаңара жетілуі ретінде ақындық олимпіне самғап, парлап көтеріліп тұр. Қазақ поэзиясының ғасырлар бойғы дамуындағы бұл заңдылық әрқашан естен шықпауға тиіс.

Абайға дейінгі осы  заңдылық Абайдан кейін де жалғасын тауып жатқан үзілмес «алтын арна» (Әуезов айта беретін «Золотая жила»). Өзгелерді өз алдына қойғанда «өртке тиген дауылдай өлеңі» өзінен аумаған  Қасым мен «күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып өзіне қайтарып» кеткен Мұқағали әдеби-эстетикалық сауатын бәрінен бұрын «Махамбет мектебінен» оқып ашқан. Бұл ұлы ақынның екі жүз жылдығына дейін зерттеліп – зерделенетін өз алдына бөлек талдаудың тақырыбы.

Махамбет - өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы дейтін себебіміз: оның өзінде жеке бастың өмірі болмаған, өмірі өнеріне көшіп кеткен де қасиетке айналған жеке тіршілігінде тек қасірет қана қалған. Өзін ойламаған, өзге жайын – ел қамын ғана ойлаған. Отбасынан баз кешіп, өз рахатынан өзі безіп, ылғи ғана «ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып» жүргендегі мақсат-мүддесі – елінің ертеңі, дәлірек айтқанда, - біздің бүгінгі күніміз – азат Қазақ мемлекетінің  ұлы материгіндегі өзгеше бір сырлы арал болып тұрған Махамбет поэзиясының тақырыбы біреу – майдан. Не үшін болып жатқан майдан? Әлгі айтқанымыз: қазақ елінің елдігі, еркіндігі мен егемендігі үшін болып жатқан ерлік майдан. Махамбет тек осы тақырыпты ғана толғады. Оның барлық өлеңін бір жерге топтағанда «Жорық жыры» болып шығатыны сондықтан. Бұл тақырыпты ол және қаламын тістеп отырып ойдан-қырдан іздеп келіп, саусақ арасынан сауып алған жоқ, Исатай екеуі өз қолдарынан жасап алды. Сөйтті де, тек соны ғана жырлады. Адам басында болатын күллі сезім мен сыр, іс пен әрекет, қимыл мен қарекет, сайып келгенде өмір мен өлім, адамзатқа тән тағдыр мен талай… - бәрі-бәрі осы тақырып арнасында тасқындап ақты, толғамын тапты. Әдебиеттің бір үзілмес арқауы – махаббат деген мәңгілік тақырып бар; оны жырлауға Махамбеттің мұршасы болмады. Бұған келгенде қолына ұсталғаны қалам емес, найза, - қалай жырласын! Махаббатың қызығы – сүйген жар, оның қайда қалғаны белгісіз, «қосылған жаста арудың көре алмай кеттім құлашын» деп өкіне бере ізінше: қайтейін, «қатын қалса бай табар, қарындас қалса жай табар, артымда қалған ақсақал алқалай кеңес құрған күн ақыл менен ой табар»; жалғыз-ақ «кейін қалған жас бала күдер үзіп біздерден, көңілі қашан жай табар?» деп тебірене толқып барып, жә:

 

«Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас  бала

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық шөл көрмей,

Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс  қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Информация о работе Махамбет жөніндегі ой-пікірлер