Махамбет жөніндегі ой-пікірлер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 13:21, реферат

Описание работы

Кез – келген тарихи, яки болмаса шығармашылық тұлға тек өз халқының інжу – маржаны ғана емес, жалпы адамзаттық бастау ретінде «әлем азаматы» санатында болып әр кезеңдегі, әр алуан халықтың мәдениетін тоғыстыратын буын болатыны қақ. Міне, осы пікірге әлемдік қауымдастық ЮНЕСКО шеңберінде 200 жылдығы тойланып отырған дара тұлға, қазақтың ұлы ақыны, бостандық пен еркіндік үшін күрескер Махамбет Өтемісұлы да тұтастай жатады.

Содержание работы

Махамбеттің жыр жебесі. И. Тасмағамбетов
Шашақты найза, шалқар күй. Ә. Кекілбаев
Дәуір олғағының тұлғасы. Ақселеу Сейдімбек
Ерлік пен елдіктің өшпес рухы. З. Қабдолов
Дауылпаз ақын. Б. Аманшин
Махамбет мұралары. И. Кенжеалиев

Файлы: 1 файл

Mahambet-makala-1.doc

— 217.50 Кб (Скачать файл)

            Қаройдағы қанды оқиғаның аз-ақ  алдында Кіші Жүздің Күнбатыс  бөлімінің сұлтан-правителі Баймағанбет  Айшуақовтың Елек бойындағы ордасында  ақын өзінің қыр соңынан қалмай  қойған қарақұлағы, осы бір хан  баласы ақсүйекпен ақтық рет кездесті. Атақты «Мен – мен едім, мен едімді» Махамбет осы жерде айтқан. Баймағанбеттің бетін шиедей қылып, әбден жерлеп келіп-келіп:

 

                              Хан баласы ақсүйек – 

                               Байеке-сұлтан сен болып, 

                               Сендей нар қоспақтың баласы

                               Маған оңаша жерде жолықсаң,

                                Қайраңнан алған шабақтай 

                                Қия бір соғып ас етсем, 

                       Тамағыма қылқаның кетер демес ем! –

деп салды.

              Махамбет халық көңілінің тұнығындағы  ең асылын – еркіндікті, теңдікті, жақсы тұрмысты аңсаған арманын,  ата жауына деген қаны қатқан  өші мен кегін, азаматтың антқа  берік адалдығы мен арыстандай  ерлігін көкке көтере мадақтады. Ақынның қызыл оттай қызулы, қылыштай өткір, селдей серпінді сөздері қараңғыда алдан жарық күнді қармаған қалың қазақтың ақ жүрегіне толқу салды, ер көңіліне жел берді. Махамбет жырларын оқыған адам тез тұтанып, терең тебіреніп, Исатай сарбаздарының сапында айқасқа кіргендей, жеңіс қуанышын, жеңіліс күйігін бірге кешкендей сезінеді. Ақынның құдіретті сөзінің күні бүгінге дейін сыры кеткен жоқ, сыны түскен жоқ.

            Ғасырлар бойы әлдилеген арманына  – азаттық пен теңдікке Ұлы  Октябрь социалистік революциясы жеңісінен кейін қолы жеткен, қайта туған қазақ халқының түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениеті мен әдебиеті жедел дамып, көркейді. Махамбет жырлары халқымыздың мәдени мұрасының, рухани қазынасының ең асылынан саналады.

            Махамбет өлеңдері соңғы рет 1974 жылы «Ереулі атқа ер салмай» деген атпен басылып шыққан. Онда ақын жырларының  Х.Жұмалиев редакциясымен дайындалған 1962 жылғы басылымы негізге алынған-ды. Сонымен бірге Махамбеттің өмірі мен творчествосын зерттеудегі кейінгі деректерге сүйеніп, ақын өлеңдерінің құрылымы мен текстіне қажеттігі күмәнсіз деп танылған бірсыпыра түзетулер енгізілген – ді. Бұл өзгерістер кітапқа берілген «Түсініктерде» тарихи - әдебиеттану тұрғысынан мүмкін-қадарынша негізделген.

            «Жыр - семсер» кітабында Махамбет өлеңдері сол соңғы 1974 жылғы басылым бойынша еш өзгеріссіз берілді.

            Бұл кітап Махамбет Өтемісұлының  туғанына 175 жыл толуына орай шығарылды. 

 

 

Махамбет мұралары

И. Кенжеалиев ақын мұраларын зерттеуші ғалым

 

Сонда да жанашыр қауымның қамқорлығы тимей жүрген бiр жай  бар. Ол- Махамбеттiң тарихи мұрасын iздестiрудiң жеткiлiксiздiгi. Республика мен облыстың  басшылары, ғылыми, әдеби, тарихи орта ұлы бабамыздың қоғамдық-саяси қызметi жайлы деректердi, оның ақындық шығармашылық, сазгерлiк мұраларын жинастырып, жарыққа шығаруда мардымды жұмыс iстей алмай келедi.

Махамбет жайлы жиырма жылдың үстiнде iздестiру-зерттеу мақсатында ел аралап, архивтердi ақтарып, жиған-тергенiмiздiң  бiрқатарын баспасөз бетiнде жариялап, бабамыздың бай мұрасын халқымыздың игiлiгiне жаратуға қолдан келгенiнше атсалысып келемiз. Бұндағы айтайық дегенiмiз: батырдың қызметi туралы, өлеңдер жинағы жөнiнде әлi де тиянақты ғылыми тұрғыдан дәйектi кiтаптар көрiнбейдi. Кейбiр жерлестерiмiз еңiреген ердiң еңбегiне жеңiл-желпi қарайды екен. Сондайдың салдарынан болар, Махамбеттiң әдеби, музыкалық шығармаларын жинастыру кемшiн. Атырауда талай тарихшы, әдебиетшi, т.б. мамандар, көптеген қоғамдар, iрi кәсiпорындар бола тұра, осы күнге дейiн оның жанкештi болып, шыбын жанын шүберекке түйiп, жүрiп өткен жолдарын анықтаумен ешкiм шұғылданбайтыны өкiнiштi.

Өзiм Аштарқан мен Қиғаштан, Орда мен Бекетайдан бастап батыр  бабамыздың жүрген iздерiн Ақтөбеге дейiн iздеп барған болдым. Бiрақ жалғыз адамның iсi өне ме? Көрiп-бiлгендерiмнiң кейбiрiн архив деректерiне қосып, екi-үш рет Махамбет туралы қысқаша болса да тарихи очерк жазып, кiтапша етiп шығарғаным белгiлi. Олар да аз тиражбен шықты да, көп оқырманның қолына тимей қалды.

Оқу орындары студенттерiнiң Махамбет iзiне түсiп ұстаздар басшылығымен жаңа мәлiметтер жинауына болар едi.  Мысалы, оның “Едiл үшiн егестiк…, Қиғаш үшiн қандастық…” деген тарихи сөздерi бойынша жастарға Тептер, Қиғаш өзендерiн көрсетiп, тарихи-әдеби мәлiметтер жиналса, шәкiрттер оқу материалын терең  меңгеруге талпынып, әрi патриоттық тәрбие алар едi. Махамбеттiң “Күйген", “Қарақамыс” деген жерлерде болғандығы, ол араның жер бағдарын, табиғатын, кiмдер тұрғанын, қандай шаруашылықпен айналысқанын, қазiргi жайын т.б. мәлiметтер жинастырылса, тарихшы, географ, әдебиетшi т.б. мамандыққа үйренушi жастардың туған өлкенi бiлуiне, өмiрдi тануына пайдасы тимей ме? Отан деген осындайдан басталмай ма? Немесе көбiмiз бiлмейтiн Пороховин батағасы, Кульпин, Кокарев, Тудецкий т.б. Махамбет iзi түскен мекендердiң қазiргi орнын анықтаса, тарихшыларға көмек, бұлар оқырмандар қызығатын мәлiметтер шығар едi.  Батыр бабамыз

“Жайық  үшiн жандастық” деген ғой. Ол қай Жайық?  М. Неталиев секiлдi жерлестерiмiз Жайықтың не Қаракөлдiң екеуден екенiн бiлмейтiн сияқты. Ганюшкино жағында тағы бiр Жайық, Казгородок маңында екi Қаракөл барын анықтап, нақты пiкiр айтылса, қазiргi орындарына анықтама берiлсе, тарихымызды таразылауға едәуiр септiгiн  тигiзер едi.

Айта берсек, Атырау облысында Махамбет есiмiне байланысты жерлер көп. Оның балалық шағы Топайлы тұсында өткен. Үйшiкте, Сарайшықта талай болған. Дуан деген жерде 1841 жылы 6 наурызда ұсталған. Бұларды екiнiң бiрi бiле бермейдi. Бiр таңғалатынымыз: Құлманияз ұрпағының мекенi –Борсанды Атырау тұрғындары еске алмайды. Шыбынтай мен Өтемiстiң балалары Бекмағамбет Өтемiсұлының бастауымен 1860 жылы осы ата қонысы- Борсанға Нарын жағынан көшiп келген. Батыр баба жайлы тарихи әңгiмелер мен ақынның өлеңдерiн Құлманияз ұрпақтары бiлуге тиiс. Солармен кездесiп, әңгiмелесу қажет-ақ.

            Әрине ел iшiнен материал жинау оңай шаруа емес. “Қарабаудағы Дияр деген азамат бiледi” – дегесiн мен оған үш рет бардым, бiрақ “бiлмеймiн” деп жолатпады. Ең болмаса Бекмағанбеттiң, Құлманияз ұрпағының бейiтiн де айтпады. Бұ да түсiнiктi. “Журналистер алған материалды шала түсiнiп не өз мақсатына бұрмалап қате жазады”- дейдi ол. Жалпы, қазыналы кәриялардан тарихи, әдеби мәлiметтер жинау қиын екенiн басымыздан кешiрiп жүрмiз. Оған бiр жағынан, өткен кеңестiк қатыгез саясат кiнәлi болса, екiншiден, өзiмiздiң –қаламгерлердiң алған материалына атүстi, ұшқалақ қарауы да әсерiн тигiзуде. Алған мәлiметтерiмiздi байыптап тексерiп, басқасымен салғастырып жатпаймыз. Мен мұны өзге әрiптестерiмiзге сабақ болсын деп жазып отырмын.

            Тарихи оқиғаларда шындық бiреу ғана- соны тауып, дәлелдеуiмiз керек. Ал шала iстерге, атүстi әңгiмелесуге кәриялар қарсы. Олар iлтипаттылықты, оңаша отырып, асықпай, жаймашуақ әңгiмелесудi қалайды. Содан болар, Қарабауда тұратын Көжеков Шыңғыс деген атай соңғы жылдарға дейiн ешкiмге Махамбеттiң отбасы, туыстары және оның жырлары туралы жартымды мәлiмет бермеген екен. Бiз бұл кiсiмен 2-3 рет кездесiп, сөйлестiк. Жасы ұлғайған адамның көңiл күйi құбылмалы келедi, денсаулығы да өзгерiп тұрады. Әрине тiл тауып, сөйлесу оңай емес. Жалпы алғанда Шыңғыс атай ерте сауат ашқан, өз туыстары, ата-бабасы жайлы жақсы бiлетiн кiсi екен. Бiрақ ұзақ отырып сөйлесе алмайды, шаршап қалады. Шыңғыс атай Мөңкеұлы Мұрат, Қуан. Ы. Шөрекұлы, Халел Досмұхамбетұлы, Қажым Жұмалиев құрастырып шығарған еңбектерiмен жақсы таныс екен. Олардың берген дүниелерiнде Махамбет өлеңдерi түгел емесiн, көп шумақтардың ұмыт қалғанын, не шатастырып орны ауысқанын, тақырыптары өзгергенiн жене жаңсақ пiкiрлер көп екенiн айтты. Әуелде бiр тыңғылықты, бiлетiн адамдардан анық-қанығын мұқият жинап, тұпнұсқасын жарияламағасын, кейiн Махамбет шығармаларын құрастырушылар аударып-төңкерiп, баспадан шығара берiптi. Солардың iшiнде Берқайыр ағамыз шығарған жинақта ақын өлеңдерiнiң көп жолдарын алып тастап, ұқсастық қуып, бiрiн-бiрiне орынсыз қосқанын қәрия қынжыла айтып едi. Махамбет жинағын құрастырып шығаруда әлi де шалағайлық көп. Бiз жанашыр қауымға iстiң мәнжайынан хабар берiп отырмыз. Махамбеттiң күйлерiн жинауға да қатысып, сұрастыра жүре Атырау азаматтарының көмегiмен тiкұшаққа мiнiп, Калмыковқа шұғылдатып бардық, онда тұратын Қанаш  Иманбаевтан 10 шақты күйлерiн магнитофонға жазып алдық. Бұл жөнiнде “Қазақ әдебинтi” газетiнiң 1979 ж. 12 қазандағы санында жариялағанбыз. Сол тапқанымызды нота бiледi ғой деп Қ.Ахмедияровке берiп, ол бұл күйлердi менен алғанын жазбаса да, кiтап етiп шығарған. Бiрақ әлде де Махамбет күйлерi табылар деген үмiттемiз.

            Айтпағымыз: Махамбет биыл 190 жасқа  толады. Оның мерейтойын атап  өтейiк. Бұл тойдың ең басты мақсаты – жастарымызды, қалың оқырманды Махамбет өнегесiмен, оның асыл мұрасымен барынша толық таныстыру болса деймiз. Қазiргiдей қысталаң заманда ас берiп, ат шаптырып ысырап болудан гөрi Ұлы Махамбеттiң өмiрi мен қызметi жайлы деректердi, жырлары мен күйлерiн тағы да жинастырып, кiтап етiп шығарсақ, халық үшiн үлкен бiр iстi тындырар едiк. Бiздiң ойымызша, ол үшiн тиiстi мекемелер, қоғамдық ұйымдар, күллi жанашыр қауым Махамбет жинағын бұрынғыдай қалай болса, солай шығара салмай, ғылыми комиссия құрып, қатаң талап қойып, тексертiп, толықтырып шығаруға атсалысса деймiз. Бұл жерде Құлманияз ұрпағы туралы әлi де толық мәлiмет жиналуы қажеттiгiн еске сала кеткiм келедi. Олардың әрқайсысының бiлгенi шөкiмдей болса да, қағазға түсiрiлгенi және ақынның тiкелей өз ұрпағы анықталғаны жөн. Сонымен бiрге ел iшiнде Махамбет жырлары жазылған қолжазбалар, оны жатқа бiлушiлер, оның тарихын ашушылар бар деп естимiз. Солардың бәрiнен ерiнбей-жалықпай деректер жинастырсақ деймiн.


Информация о работе Махамбет жөніндегі ой-пікірлер