Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 18:26, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Философия"
8. Ежелгі Шығыс философиясындағы адам мен дүние мәселесі.Шығыс философиясы, әдебиетi мен поэзиясынан сусындап өзiне тән ерекше дүниеге деген көзқарасын дүниеге әкелдi. Үнді философиясындағы натурфилософиялық көзқарастарға келетін болсақ, олар дүниені 5 тұрақтыдан тұрады деп есептеген. Олар – жер, су, от, ауа, кеңістік. “Осы дүниеде бес тұрақты қосылған, оған джива неге керек (джива – жан-дүние). “Егер 5 тұрақтының бірі болмаса, онда ол қосынды да жоқ. Ет, қан, май, сүйек, және оларды біріктіретін тарамыстан дене тұрады. Бірақ дживаны ешкім көрген жоқ. Жұрт джива естиді деп айтады. Бірақ құлақпен біз естиміз бе , -деген материалистік көзқарастарды біз кездестіреміз. Джива (жан) дегеніміздің өзі дене. Ал дененің бәрі кәртәйады, өзгереді, құриды. Ең алдымен ескіріп, тесіліп содан кейін құлайтын үй сияқты, сезім, манас (ақыл), жел де, ет пен қан да, сүйек те шіріп әрбіреуі өзін тудырған заттарға айналады,- деген сөздерді оқуға болады. Екінші материалистер мәселені тереңірек қарап, Дүние алғашқы материядан – пракритиден жаратылған деген пікір айтады. Пракритидің 3 гуны (гун - қасиет) бар. Олар – саттва, раджас және тамас.
Саттва – ашық, оған ешқандай таңба түспеген, бізге біліммен бақыт әкеледі.
Раджас - құмарту қасиеті, ол іс-әрекетке итереді.
Тамас – жайбарақаттық пен жалқаулықты, ұйқы мен миғұлалықты көрсетеді.
Үнді материалистерінің ойынша, пракритидің бұл 3 гуны бір-бірімен күресте болады. Егер раджас пен тамас жеңілсе, онда саттва үлкейеді. Раджас пен саттва жеңілсе – онда тамас ұлғаяды. Тамас пен саттва жеңілсе – раджас күшейеді.
Саттва ұлғайған адам өлгенде – таза әлемге жетеді.
Раджас ұлғайған адам өлгенде, ол тағы карманың шеңберінде туады.
Тамас ұлғайған адам өлгенде, олар адасқандардың ішінде қайта дүниеге келеді.
“Саттваға тұрақтылар – жоғарыға бағыттайды, раджасқа – ортада қалады, тамасқа – төменге, қараңғыға кетеді². Қытай аңыздарында Дүниенің жаратылуына көп көңіл бөлінген. Алғашқы тұңғиықтың (хаостың) ішінде үлкен жұмыртқа пайда болып, оның ішінен дәу алғашқы адам – Пань-Гу шықты,- дейді Қытай мифологиясы. Содан кейін ол оң қолымен сермеп қалғанда, хаос қаққа жарылып, жер мен аспан пайда болыпты. Әрі қарай оның тынысы желге айналып, дауысынан – күн күркірейді, бір көзінен күн туса, екіншісінен ай пайда болады, Дүниенің төрт бөлігі – оның екі қолы мен екі аяғынан, өзендері – оның қанынан, жаңбыр – шыққан терінен пайда болыпты.
Қытай мифологиясында Дүниенің екі бастауы – еркектік жағы - ян - ол жеңіл, ақшыл бөлшектерден, ал әйелдік жағы – инь – керісінше, ауыр, қараңғы түсті бөлшектерден тұрады. Олардың бір-бірімен әр-түрлі өлшемде қосылуы- бүкіл болмыстағы барлық заттар мен құбылыстарды құрайды. Б.ғ.д. Vқ-V ғ.ғ. Қытай елінде мифологиялық дүниетанымнан философияға қөшу үрдістері басталады. Сонау көне заманнан бастап Қытай философиясында үш негізгі ағым пайда болды. Олар: даосизм – бұл ағымды Қытайдың натурфилософиясы деуге болар еді. Екінші ағым – Кон-фу-циандық - ол Қытай халқының моралдық философиясы, үшінші – Фа-цзя мектебі –ол Қытайдың әлеуметтік-саяси философиясы. Бұл ағымдар сонау көне заманда пайда болып, осы уақытқа шейін осы халықтың дүниетанымында елеулі орын алады. Кон-фу-цзыдың айтуына қарағанда, адамдарды екі түрге бөлуге болады. Олар “ізгі адам² (цзюн-цзы) және “ұсақ адам² (сяо-жень).
“ізгі адам² өз алдына үлкен талаптар қояды, ал “ұсақ адам² талапты басқалардың алдына қояды.Үлкен адамға үлкен істерді тапсыруға болады, ұсақ адамға сенуге болмайды. үлкен адам басқа адамдармен тіл тауып, бірақ өмірде өз жолын іздейді. ұсақ адам басқа адамдармен бірге болғанымен ұрыс керіс тудырады. үлкен адам адамгершілік жолында өзінің өмірін қиюға дайын, ұсақ адам өзінің өмірін ит сияқты орда бітіреді.
9. Ортағасыр және қайта өрлеу дәуіріндегі философия. Қайта Өрлеу дәуірі (Renessance - фр. ) - Орта ғасырдан Жаңа Заманға өту дәуірі болды. Оның шеңберін біз X1V-XV1 ғ. ғ. белгілейміз. Қайта Өрлеу заманы Италия елінде басталды. Оған себеп болған әлеуметтік-экономикалық жағдайларды алатын болсақ, бұл кезде солтүстік Италияда, әсіресе теңіз жағалауларындағы аймақтарда орналасқан қалаларда сауда, қөлөнер өндірісі тез дами бастайды, мұның өзі феодалдық қатынастардың сарқуына, көп іскер шаруалардың өз қожайындарынан ақша төлеп бас бостандығын алып қалаларға келуіне, алғашқы капиталистік экономикалық қатынастардың дамуына әкелді. Жартылай ұйқылы-ояу өмір сүріп жатқан бір үлгідегі феодалдық қоғам оянып, жаңа өмірге аттанады, қалалар тез өсіп, ондағы әлеуметтік өмір өзінің әр-түрлілігімен, күнбе-күнгі өзгерістерімен , қызықтығымен көзге түседі. Жоғарыда көрсетілген өзгерістер біршама қоғамның рухани өміріндегі жаңаруларға әкеледі. Біріншіден, өндіргіш күштерді дамыту қажеттігі схоластикалық ой-өрісінен жаратылыстану ғылымдарына бетбұрыстың пайда болуына әкелді. Ал оның өзі бірте-бірте материалистік бағыттың философияда күш алуына әкеліп соқты. Табиғаттың заңдылықтарының бірде-бір зерттеу жолы - ол тәжірибелік зерттеу - эмпиризм (emperіa, -грек сөзі, - тәжірибе) бағытын тудырды. Тәжірибе арқылы алынған деректерді пайымдау, қорыту қажеттігі рационализм ағымын дүниеге әкелді. Ал бұлардың өзі ой еңбегінің бағалануына, әсіресе ағарған интеллигенцияның дүниеге келуіне әкеліп соқты. Егер Орта ғасырдағы қоғамда ой-еңбегі негізінен дін шеңберінен шыға алмаған болса, қазір жағдай күрт өзгере бастады.
Орта ғасырдағы қауымдық негізде ұйымдасқан әр-түрлі кәсіби топтар жаңа жағдайда бірте-бірте ыдырап, оның орнына жеке адамдардың іс-әрекеті көбірек бағалана бастайды: табиғи мол дарыны бар адамдар өздерінің мүдделері мен мақсаттарына сай сүретші, мүсінші, дәрігер, жазушы, сәулетші т. с. с. болуға тырысады. Ал мұның өзі ресми ғылымға, сол кездегі схоластикалық нәтижесі жоқ ой-өрісіне қарсы сезімдерді туғызады, өйткені олардың ой-өрісі, дүниесезімі, шығармашылық ізденістері діннің шеңберінен шығып жаңа қөзқарасты талап етеді.Ал бұл айтылған ойлардың айқын көрінісі - Орта ғасырдағы университеттер мен шіркеуден тыс жаңа ұйымдардың көптеп пайда бола бастауы. Оларды “Studіa Humanіtatіs² (гуманитарлық пәндерді зерттеу) деп атады. Сонымен, қайта Өрлеу Заманының өшпес нәтижесі – гуманистік (Humanus – латын сөзі, - адамгершілік, адамдық) ағымның сол кездегі қоғамның мәдиниетінің саласында пайда болып, оған жан-жақты зор әсерін тигізуінде болды. Бұл ағым философиялық ой-өріске ғана емес, сонымен қатар саясатқа, моральдық нормаларға, әдебиет пен көркем өнерге, діннің өзіне үлкен ықпалын тигізді. Негізгі идеясы - жеке адамның бойындағы табиғи дарындарын өмірге әкелу, адамның құдіретін, ар-абыройын көрсету болды. X1V ғ. екінші жартысынан бастап Көне классикалық грек және латын әдебиеті мен өнеріне, философиясына деген сұраныс жылдам өсе бастайды. Оларды мәдени саладағы маңдай алды үлгі, білім алғысы келетін адамға ең қажетті нәрсе ретінде бағалай бастайды. Гуманистік әдебиет білім мен “vіrtus² (лат. сөзі) ізгілікті рақымшылдықпен теңей бастады. “қайта өрлеу² деген ұғымның мазмұнының өзін, міне, осы антикалық мәдиниетке деген іңкәрдән шығаруға болады. Алайда бұл талпынысты біз көне заманның мәдениетіне, философиясына тұрпайы түрде қайта оралу деп түсінсек, ол қата болар еді. Оны біз қайта оралу, көне мәдениетке баға беріп өз заманынан бөлу, сонымен қарым-қатынасқа түсу,- деп түсінуіміз керек. Сонда ғана біз “Өрлеу² дегенде әрі қарай даму, жетілу мағнасына ие боламыз. Міне, “Қайта-өрлеу² деген ұғым осыны көрсетеді.
10. Жаңа дәуір философиясы.Әлемнің классикалық бейнесінің қалыптасуы. ХУII ғ бастап Батыс Еуропа топырағында капиталистiк қатынастар қарқынды дами бастайды. Жалпы алғанда, қоғамның әлеуметтiк-экономикалық, саяси ақуалы, қоғам мен табиғатты танып-бiлу қажеттiктерi философия саласында онтологиялық (болмыстық) мәселелерден гөрi ғылымды дамыту қажеттiктерi жаңа ұйымдардың, мекемелердiң пайда болуына себеп болады. Оларды сонау Платонның заманынан келе жатқан “академия² деген сөзбен атай бастайды. 1560 жылы Неаполь қаласында “Табиғат құпиясын зерттеу академиясы², осы кезде Англияда “Лондондағы корольдық қоғам², Парижде “Жаратылыстану академиясы² құрылды. Бұл академиялардан тәрбие алған Роберт Бойль - қазiргi физика мен химия ғылымдарының алғашқы кiрпiштерiн қалаған, Исаак Ньютон - механика ғылымының негiздерiн жасаған, Христиан Гюйгенс - алғашқы маятниктi сағатты ойлап шығарған т.с.с. тұлғаларды айтып өтуге болар едi. Бұл уақыттаы жаратылыстану саласында алға озып шыққан механика ғылымы болды. Оның негiзгi себебi - өндiргiш күштердi дамыту, жаңа машиналар мен неше-түрлi механизмдердi жасау қажеттiктерi болатын. Әрине, жаратылыстану саласындағы мұндай күрделi өзгерiстер философия саласына зор әсерiн тигiзiп материализм ағымының механистiк түрiн тудырды. Ол Қайта Өрлеу заманында дүниеге келген органистiк материализмдi ауыстырды. Ал мұның өзi сол кездегi қоғамдық санадағы басым дiни көзқарасты төңкерiп тастамағанмен, оның бiтiмiн өзгерттi. Бiрiншiден, дiни фанатизм бiрте-бiрте азайып, оның орнына дiни төзiмшiлдiк, әрбiр адамның қандай дiнге сенуге деген құқы мен талғамы болмасын iс жүзiнде сақтала басталды. Ғылым мен дiннiң ара-қатынасы бұрынғыдай “қос ақиқат² принципi арқылы шешiлiп, сонымен қатар деистiк (deus,-латын сөзi,- құдай) бағыт күш ала бастайды. Деизм бағыты Құдайды мойындағанмен, оны тек алғашқы Дүниенi жаратқан күш ретiнде ғана түсiнедi, ал содан кейiн жаратылған Табиғат өз заңдылықтарының негiзiнде өмiр сүре бастайды, Құдай-тағала оның өмiрiне ендi ешқандай әсерiн тигiзбейдi. Мұндай көзқарас ғалымдардың Табиғаттың терең жатқан сырларын ашуына кеңiнен жол ашты.Ал жаратылыс тану ғылымдарының өзiне келер болсақ, онда бiр-бiрiне қарсы тұрған екi әдiстемелер (методтар) кеңiнен қолданыла басталды. Ол - бiр жағынан алғанда, табиғат құбылыстарын тәжiрибелiк жолмен байқап зерттеу, екiншi жағынан, Дүниенi математикалық-абстрактылық жолмен сараптау. Мұндай жағдайлар философия саласында ғылымға деген үлкен үмiт тудырады, жаңа зерттеулер тұрғысынан Орта ғасырларда дүниеге келген схоластикалық ойлау жүйесi қатты сынға алына бастайды. Ешқандай тарихтағы болған ұлы тұлғалардың ой-пiкiрi жаңа дамып келе жатқан жаратылыстану ғылымдарына кедергi болмауы керек, олар ерiктi түрде өз пәнiн зерттеуi қажет деген ой қоғамдық санада басымдыққа ие болады. Ғылым Құұайға қарсы емес, керiсiнше, ол табиғаттың терең заңдылықтарын ашып, Жаратушының құдiреттiлiгiн көрсетедi деген пiкiр кеңiнен таратылады. Мiнеки, осындай қайшылықты жол Жаңа дәуiрдегi философияны тудырып, оны әрi қарай дамытады. Ендi нақтылы түрде соған назарымызды аударайық. Ф.Бэкон - Жаңа дәуiрдегi философияның алғашқы өкiлiАғылшын философы Френсис Бэкон (1561-1626ж.ж.) сол кездегi ақсүйектер тобынан шыққан, Кембридж университетiнде бiлiм алып, соңынан саясатпен, дипломатикалық жұмыспен айналысқан тұлға. Оның мемлекеттiк қызметте жеткен шыңы - ол 1618 ж. ең жоғарғы - лорд-канцлерлiк - әкiмшiлiк орынға ие болады. Король Яков 1 оған Верлуам деген жердегi үлкен қорғанды сыйға тартып, “Верлуам лорды² деген атақ бередi. Алайда, саясатта тұрақтылық жоқ, сондықтан, жүре келе, ол бұл саладан кетуге мәжбүр болады. Ендi оның философиямен айналысуына жол ашылады.Ф.Бэконның қол астынан шыққан еңбектерiнiң iшiнде “Ғылымдардың қадырлығы мен көбейуi жөнiнде², “Жаңа Органон², “Жаңа Атлантида² деген еңбектерiн атап өтуге болады. Ф.Бэконның шығармаларының ерекшелiктерi - ол бiлiмнiң өмiрге деген қажеттiлiктен пайда болатындығын асыра көрсетуi. Ол әсiресе, табиғатты зерттеудiң қажеттiгiне көп көңiл бөледi, ал оның негiзгi жолы - тәжiрибелiк зерттеулер. “Не iс-әрекетте пайдалы болса, ғылымда да ақиқатты², ғылымның жетiстiктерi мен жемiстерi - оның ақиқаттығының көрiнiсi,- дейдi ұлы ойшыл. Тәжiрибенi талдай келе, Ф.Бэкон оны екiге бөледi. Олар - жемiстi тәжiрибе мен сәулелi тәжiрибе. Бiрiншi өмiрге пайдалы нәтижелер әкелсе, екiншi табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседi. Сәулелi тәжiрибелер өмiрге дереу пайда әкелмегенiмен, жемiстi тәжiрибелердi жүргiзуге көмек бередi, басқаша жағдайда олар сарқылып қалар едi. Ғылымның дамуына сондай үлкен мән берген ғалым, оны сала-салаға бөлу мәселесiне (классификацияға) көп көңiл бөледi. Оның ойынша, адамның жан-дүниесiндегi үш қабiлетi ғылымды топтастырудың негiзiнде жатуы қажет. Олар -1. есте сақтау; 2. қиял ; 3. ақыл-ой. Есте сақтау қасиетiне сай ғылым - тарих, қиялға - поэзия, ақыл-ойға - философия. Тарих ғылымын Ф.Бэкон екiге бөледi. Олар - жаратылыстану тарихы ( historia naturalis ), екiншiсi - азаматтық тарих ( historia civilis ).Қиялға негiзделген поэзия дүниенi шынайы бейнелемей, керiсiнше, адамның жүрегiнен, сезiмiнен шығатын талаптар тұрғысынан көрсетедi.Ал ендi философияға келер болсақ, оның пәнi үш мәселенi қамтиды. Олар - Құдай, Табиғат және Адам мәселелерi. Өз заманындағы түсiнiктерге сай, Ф.Бэкон Құдай мәселесiн “қос ақиқат² тұжырымы арқылы қарайды. Философия саласында Құдайды ақыл-оймен танып-бiлу мүмкiн емес. Сондықтан, ол теологияның шеңберiнде сенiм арқылы қаралуы керек. Ал табиғат философиясына келер болсақ, Ф.Бэкон оны да екiге бөледi. Олар - теоретикалық және практикалық философия. Теоретикалық философия сәулелi тәжiрибелерге негiзделсе, практикалық философия -жемiстi тәжiрибелерге сүйенiп, табиғатта бұрынғы-соңды болмаған жаңа заттар мен құбылыстарды тудырады. Адам мәселесi де екiге бөлiнедi. Табиғат туындысы ретiнде оны философиялық антропология (philosophia humana), ал қоғамның мүшесi ретiнде азаматтық философия (philosophia civilis ) зерттейдi.
11. Философиядағы болмыс мәселесі. Болмыс (бытие) – не бар болса, соның бәрі. Осы түсініктің арғы түбірінде барлық, яғни «болу», «бар болу» деген мағына жатыр.
Болмысқа материалдық заттар да, құбылыстар мен процестер де,қатынастар мен байланыстар да, тіпті рухани өмір көріністері де жатады:адам немесе жануар, табиғат немесе қоғам, шексіз галактика немесе біздің жер планетамыз, ақынның фантазиясы немесе математиктің
теориясы және т.с.с. Болмыс – бұл өз жиынтығындағы объективтік және субъективтік реалдылық, шындық. Бұл проблеманың бай зерттелу тарихы бар (Парменид, Гераклит, Платон, Аристотель, орта ғасырлар, Қайта Өрлеу дәуірі, Жаңа заман, неміс классикалық, марксизм, феноменология,
экзистенциализм философиясы және т.б.). ≪Болмыс≫ категориясының мазмұны және мағынасы: қоршаған дүние, заттар, құбылыстар реалды өмір сүреді: ол (қоршаған дүние) бар;қоршаған дүние дамуда, ішкі себептері бар, қозғалыс көзі оның өзінде;материя мен рух – бір, бірақ сонымен бірге қарама-қарсы мәнділіктер, реалды өмір сүреді. Болмыстың негізгі формалары: материалдық болмыс: табиғаттың,қоршаған дүниенің материалдық денелері,заттары,құбылыстары («бірінші табиғат»);адам жасаған заттар,процестер болмысы(«екінші табиғат»); идеалдық болмыс: тұлғаланған,жекелік рухани болмыс; объективтенген (тұлғадан тыс) рухани болмыс,сонымен қатар тіл; адами, адам болмысы: заттар дүниесіндегі адам болмысы; ерекшелі адамның өзіндік болмысы; әлеуметтік болмыс: Қоғамдағы адамның индивидуалды болмысы; адам, қоғам, социум болмысы. Әдебиетте кейде болмыстың модустары (түрлері) туралы да сөз қозғалып жүр: 1) «болмыс – өзінде» («бытие – в – себе»); 2) «болмыс -өзі үшін» («бытие – для себя»); 3) «болмыс – басқа үшін» («бытие – для – другого»).Жоғарыда қарастырылған болмыстың негізгі өмір сүру, көрініс табу түрлерінің, формаларының әрқайсысының өзіне тән заңдылықтары бар – олар физика, биология, антропология, әлеуметтену және т.б. сияқты сан алуан ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондай-ақ, олар белсенді түрде өзара қарым –қатынасқа түсіп, тұтас байланыс құрайды, бір-біріне өтіп тұрады. Ең бастысы, дүние болмысы тұтас, тұрақты, үйлесімді, сөйте тұра, үнемі қозғалыста, өзгермелі, құбылмалы. Соңғы жылдары адам қызметінің әртүрлі салаларында
≪виртуальды реалдылық≫ (шындық) немесе ≪виртуальды болмыс≫ деген термин кең таралуда: адам мен компьютердің өзара іс-әрекетімен жасалған реалдылықтың моделі. Бұл ерекше жағдай, иллюзорлық, жорамалдық реалдылық, бірақ бұл құбылыс әлі жан-жақты зерттеуді керек етеді.
12. И.Канттың философиясы.Категориялардың
логикалық функциялары.Иммануил Кант (1724-1804) Шығыс Пруссиядағы
Кенигсберг (қазiргi Калининград) қаласында
дүниеге келiп өмiр бойы сол жерде өмiр
сүрген. Жастайынан әлсiз бала болып өзiнiң
денсаулығына мұқият қарауға мәжбүр болған.
Өмiрiнiң аяғына шейiн қатаң тәртiптiң негiзiнде
өмiр сүрiп, денсаулығын сақтап қалу үшiн
тiптi жан-ұя құрудан да бас тартқан.
И.Кант 1745 ж. Жергiлiктi университеттi бiтiргеннен
кейiн жаратылыстану мәселелерiмен айналысады.
Тек 1770 ж. бастап өмiрiнiң соңына дейiн философиямен
шұғылданады. И.Канттың бұл өмiр кезеңiн
“сындық кезең² деп зерттеушiлер атап кеткен. Себебi,
И.Канттың бұл уақытта жарыққа шығарған
үш негiзгi еңбектерi “сын² деген сөзден басталады. “Таза зерденi
сынау² - негiзiнен дүниетаным мәселелерiне арналған,
“Практикалық зерденi сынау² - мораль мәселелерiне, ал “Пайымдау
қабiлетiн сынау²- табиғат философиясы мен өнер мәселелерiне
арналған.Өзiнiң “сындық кезеңге² дейiнгi өмiр сатысында И.Кант күн жүйесiнiң
пайда болуы жөнiнде болжам жасайды. Оның
ойынша,, ғарышта тараған әр-түрлi материалдық
бөлшектер тарту күшi арқылы үлкен бұлттарды
құрайды, ал оның iшiндегi тарту және оған
қарсы бағытталған итеру күштерi үлкен
дауылдарды тудырып шарға ұқсайтын ұсақ
бөлшектердiң үйкелесуiнiң негiзiнде қызып
жанатын объектiлер дүниеге келедi.Ғарышта
бiр жұлдыздық жүйелер пайда болып, екiншiлерi
сөнiп жатады. И.Канттың ойынша бiз өмiр
сүрiп жатқан жер планетасы сияқты ғарышта
сан-алуан объектiлер бар. Ал олардың көбi
бiз сияқты саналы пәнделердi тудыруы мүмкiн.
Табиғат, жалпы алғанда, мәңгiлiк iс-әрекет
пен жаңару жолында өмiр сүредi, ол өзiнiң
бiтпейтiн қайта-құру әрекетiн тоқтатпайды.Өмiрiнiң
“сындық кезеңiнде² И.Кант өзiнiң алдына бiрнеше көлемдi философиялық
сұрақтарды қойып, соларға жауап беруге
тырысады. Олар : “Мен ненi бiле аламын² , “Мен не iстеуiм керек² , “Мен не нәрсеге үмiттене аламын² , “Адам дегенiмiз не және ол өзi не бола
алады² .И.Канттың гносеология (таным) саласында
жасаған ²коперникандық төңкерісі² ²мен нені біле аламын?² деген сұраққа жауап беруiнен шығады.
Бiрiншiден, И.Кант бiлiмдi екiге бөледi. Олар
тәжiрибелiк (апостериорлық) бiлiм және
априорлық (яғни тәжiрибеден бұрын, таза,
оны тiптi туа бiткен деген мағнада да түсiнуге
болады, өйткенi ол тәжiрибеге дейiн бiзге
берiлген).Өзiнiң практикалық философиясында,
яғни моральдық iлiмiнде, априорлық деп
дүниедегi барлықты емес, болуға тиiс, керектiгiн
көрсететiндi айтады. И.Канттың таным теориясындағы
тағы да жиi кездесетiн категориялары -
ол трансцендентальдық және трансценденттiк.
13. Гегель жүйесі.Философиядағы тәсіл мәселесі. Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831 ж.ж.) - Германияның Штутгарт қаласында лауазымы биiк шен иесiнiң жанұясында дүниеге келген. Гимназияны үздiк бiтiрiп, 1788-1793 ж.ж. Тюбинген теологиялық институтында оқиды. 1801 ж. бастап Иена университетiнде ғылыми-педагогикалық жұмыс атқара бастайды.
Негiзгi еңбектерi: “Рухтың феноменологиясы (құбылысы) ², “Логика ғылымы², “Философиялық ғылымдардың энциклопедиясы², “Құқ философиясы², “Эстетикаға арналған лекциялар² т.с.с.Өзiнiң философиялық жүйесiн жасау жолында Гегель ойлау мен болмыстың теңдiгiнен бастайды. Ал онда оның Шеллингтiң философиясынан айырмашылығы неде?,- деген сұрақ пайда болуы мүмкiн. Расында да, Шеллинг , жоғарыда көрсеткендей, Абсолюттiң ойлау мен болмысының тепе-теңдiгiн мойындады. Бiрақ, сол тепе-теңдiктен шығудың қайнар көзiн ол белгiсiз бiр құдiреттi күштен көредi де, оны тек қана эзотерикалық (құпия) жолмен сезiнуге болатынын айтады. Ал Гегельге келсек, ол сол ойлау мен болмыстың теңдiгiн ғана мойындап қоймай, оны айырмашылық ұғымымен тығыз байланыстырып, олардың өзара iшкi диалектикасын ұғымдық (категориялық) деңгейде түсiнуге болатынын айтады. Екiншiден, Гегель Абсолюттi дамып жатқан субстанция ретiнде қарап, философияға тарихи көзқарасты еңгiзедi. Сонымен қатар, дамудың өзi қайшылықтың негiзiнде, заттың бүгiнгi жағдайының терiске шығарылып, оның қарама-қарсыға өтуi, соңғының өзi жүре келе терiске шығарылатыны т.с.с. ретiнде қаралады.Көркем сөзбен пайымдай келе, Гегель “ақиқат - алдын-ала құйылып қалтаға салуға дайын тұрған күмiс ақша емес², оған жету үшiн жеке адам жалпы рухтың өткен тарихи жолымен танысып, оны егжей-тегжей бiлiп, игеру керек екенiн айтты.Осындай диалектикалық көзқарастың негiзiнде Гегель өзiнiң орасан зор философиялық жүйесiн тудырды. Ол Абсолюттiк идеядан басталады. Басқаша сөзбен айтқанда, ол - абсолюттiк бiлiм, таза ұғым - шынайы болмыстың өзi. Оның өз-өзiне келiп тануын, өз-өзiн анықтауын ол “Логика ғылымы² арқылы бередi. Сонымен қатар, абсолюттiк идея өз-өзiне тең ойлау сатысынан өтiп, iс-әрекет арқылы өзiнiң өзге болмысына - табиғатқа айналады. Ал табиғат дегенiмiз, Гегельдiң ойынша, немқұрайлы сыртқы затқа айналған идея. Табиғаттың мақсаты - өзiнiң тiкелей сезiмдiк сатысынан өтiп, Феникс құсы сияқты өзiн қайта жаңару үшiн жағып, жасарып, осы сыртқы болмыстан рух ретiнде қайта дүниеге келу болып табылады.Рух дегенiмiз - шектелген сана, ойлай алатын қабiлетi бар пәнде, яғни - адам. Бiрақ, ол табиғаттан шықса да, Гегельдiң ойынша, оның туындысы емес - ол өзiнiң өзiндiк нәтижесi. Рух өзiнiң алғы шарттарынан - логикалық идея мен сыртқы табиғаттан - өзiн тудырады. Сонымен, абсолюттiк идея ең алдымен таза логикалық дәрежеде болады, соңынан табиғатқа айналып, соның iшiнен адамзат осы тұрғыдан қарағанда, Гегельдiң ойынша, философия ғылымын үшке бөлуге болады. Бiрiншi, ол - Логика. Ол - өзiнде және өзiне бағытталған идеяны зерттейтiн ғылым. Екiншi - табиғат философиясы. Ол - өзiнiң өзгеше болмысындағы идеяны зерттейтiн ғылым.ұшiншi - рух философиясы. Ол - өзгеше болмысынан қайта өзiне оралып жатқан идея жөнiндегi ғылым.Сонымен, Гегельдiң абсолюттiк идеализм жүйесiнiң қабырғалары осылай қалыптасты. Жоғарыдан байқағанымыздай, Гегельдiң философиялық жүйесiн объективтi идеализм бағытына толығынан жатқызуымызға болады. Осы арада оқырманның шыдамы бiтiп, мынандай сұрақ қойуы мүмкiн: табиғатқа дейiн таза ақиқат ретiнде өмiр сүрген “абсолюттiк идея² - ол не? Бұл сауалды уақытында Гегельдiң лекцияларын тыңдаған оқушылары да қойыпты, - деген аңыз бар. әрине, ол басқаша сөздермен айтылған Құдай идеясы. Тек христиан дiнiндегi Құдайға қарағанда, оның денелiк адамдық қасиеттерi жоқ, ол таза логикалық идея ғана. Сонымен, бiз Гегельдiң жасаған философиялық жүйесiн неше-түрлi философиялық категориялармен (ұғымдармен) әсемделген нәзiк дiни көзқарас десек те болғаны. Егер бiз Гегельдiң философиясындағы алғашқы абсолюттiк идеяны сызып тастап, өзiмiздiң Дүние жөнiндегi ой-өрiсiмiздi мәңгi өмiр сүрiп жатқан “ұлы мәртебелi Табиғаттың² өзiнен бастап, тiршiлiк әлемiн, тiптi сана-сезiмi бар адамның өзiн соның туындысы ретiнде қарасақ, онда бiз таза материалистiк көзқараста болар едiк.Алайда, Гегельдiң философиялық жүйесiндегi ең құндысы - оның рух жөнiндегi ойлары. Ол адамзат рухын тарихи көзқарас тұрғысынан талдап, оның даму сатылары жөнiнде тамаша ойлар мен пiкiрлер айтады.