43. Нақты
ғылымдардағы сәйкестік,
Диалектикалық материализм
философиясының мазмұнын түсінуде, диалектикалық
логиканың пәнін негіздеуде диалектиканың,
логиканың және таным теориясының
бірлігі ұстынының шешуші маңызы
бар. Ол ұстынды алғаш зерттеген
Гегель болатын, ол оны болмыс пен ойлаудың бірдейлігі
ұстының идеалистік тұрғыда түсіндіруге
сүйеніп, бар нәрсенің, абсолют рухтың
өздігінен дамуының сатылары болып табылатын,
өздігінен дамитын ойлаудың көріну және
байқалу формалары деп қарастырды. Гегель
идеяны тарихи даму үстіндегі біртұтас
рухтың жалпыға ортақ шарты деп, таза мәндер
жүйесі деп қарастырды. Ол оны өзінін философиялық
жүйесінің бірінші бөлімі - логикада зерттеді.
Бірақ, Гегельдің айтуынша, рухтың өздігінен
дамуы жалпыға анықтаулармен, идеялармен
шектелмейді, диалектикалық даму барысында
абсолюттік рух өзінің ерекше формаларын,
- табиғат пен қоғамдық-тарихи шындықта,
- тудырады деді. Философ бұл жерде, рухтың
диалектикалық даму үдерісін, форма түзуін,
рухтың өзінің жалпыға ортақ анықтаулары
мен заңдылықтарын оның өзінің тануы,
өзінің ұғынуы ретінде суреттейді.
Гегельдің ойынша, кез-келген
философияның мақсаты абсолютті
бейнелеу болу себепті, біртұтас және
өздігінен дамитын рух туралы
бірнеше философиялық ғылым емес,
бір ғана біртұтас ғылым болуға тиіс. Сондықтан да оның философиясында
онтология, гносеология және логика тәуелсіз
және бөлек болмайды, өйткені Гегель оларды
біртұтас философиялық ғылымның қырлары,
жақтары деп қарастырған.
Диалектиканың, логиканың
және таным теориясының бірдейлігі
идеясы диалектиканың даму, қайшылық, жүйелілік,
сияқты ұстындарымен қосылып, Гегель ойды,
логиканы және таным теориясын ұғынуда
өткендегі философиямен салыстырғанда
айтарлықтай алға басуға мүмкіндік берді,
алайда идеализм мен оның философиясы
бастау алған жалған негіз оған зерттеген
мәселесі терең және жан-жақты шешуге
кедергі келтірді.
Гегель ілімімен салыстырғанда,
маркстік философияда диалектиканың,
логиканың және таным теориясының
бірдейлігі ұстынының шын мазмұны
бірізді материализм тұрғысынан
жан-жақты ашылды. Марксизм бойынша, ойлау ерекше, тәуелсіз
шындық емес, ол қоғамдық адамның адам
үшін заттар жасау және табиғат заттарын
қайта жасау жолының қоғамдық адамның
тарихи даму барысында қорытып шығарған
идеалды формасы болып табылады.
Ойлау іс-әрекеттің жалпыға ортақ, идеалды формасы болғандықтан,
оның ерекше арнайы заңдары жоқ және болмайды
да, ол қалыптасу және даму үдерісінде,
объективтік шындықта үстемдік ететін
және бар нәрсенің бәріне ортақ әмбебаптық
диалектикалық заңдарға бағынады. Басқаша
айтқанда, адам ойының дамуы, табиғат та,
қоғам да сол бойынша болатын жалпыға
ортақ заңдарға бағынады. Демек, объективті
болмыстың жалпыға ортақ заңдары субъективтінің,
яғни ойлаудың да жалпыға ортақ заңдары
бұндай жағдайда өзінен-өзі пайда болатын
сыңаржақ көзқарас шектеулі болып табылады.
44. Гейзенбергтің
анықсыздық принципінің Гейзенберг Хайзенберг, Вернер (5.12.1901,
Вюрцбург — 1976) — неміс физигі, кванттық
механиканың негізін салушылардың бірі.
Мюнхен (1923) және Геттинген (1924) университеттерін
бітірген. 1927 — 41 ж. Лейпциг университетінің
профессоры, 1941 — 45 ж. кайзер Вильгельмнің
Физика институтының директоры және Берлин
университетінің профессоры, 1946 — 58 ж.
Физика институтының директоры және Геттинген
университетінің профессоры болды. Ал
1958 жылдан Физика және астрофизика институтының
директоры және Мюнхен университетінің
профессоры. Оның ғылыми-зерттеу еңбектері
кванттық механикаға, кванттық электр
динамикасына, өрістің релятивистік кванттық
теориясына, ядро теориясына, магниттік
құбылыстарға, ғарыштық сәулелерфизикасына,
элементар бөлшектер теориясына, жаратылыстану
ғылымының философиясына арналған. Гейзенберг
1925 ж. Н. Бормен бірге кванттық механиканың
алғашқы нұсқасы — матрицалық механика
теориясын жасады. 1927 ж. микробөлшектің
импульсі мен координаты арасындағы байланысты
өрнектейтін — анықталмағандық принципін
ашты. Ол ферромагниттік теориясын, сондай-ақ,
алмаспалы өзара әсер теориясын жетілдірді.
Гейзенберг — атом ядросының моделіне,
өрістің квантталу сұлбасына арналған
бірқатар еңбектердің авторы. Нобель сыйл.
лауреаты (1932). Кванттық
анықсыздық принципі.
45. Декарт бойынша «Мен
ойлап тұрмын,сондықтан,мен бармын». Рационализмнің негізін қалаушы - француз
философы, ғалым-математик Рене Декарт
(1596-1650) деп саналады. Декарттың философиядағы
үлесі мынадай: 1.Дүниені танудағы ақыл-ойдың
рөлін негіздеді;
2.Субстанция, оның атрибутары мен модустары
туралы ілімді ұсынды;
3.Философиядағы материализм мен идеализм
бағыттарын келісімге келтіруге тырысып,
дуализм теориясын негіздеді;
4.Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен»
идеялар теориясын ұсынды.
Болмыс пен таным негізінде ақыл-ой жатқанын
Декарт былай дәлелдеді:
1.Дүниеде адамға түсініксіз заттар мен
құбылыстар көп (мысалы: Құдай деген бар
ма? Оның қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі
бар ма? т.б.);
2.Есесіне кез-келген құбылыс пен затқа
күмәндеуға болады (дүние шынымен тіршілік
ете ме? Күн шығып тұрғаны рас па? т.б.);
3.Түсініксіз, анық емес заттармен, құбылыстармен
салыстырғанда күмәндану нақты қасиет,
шын процесс және дәлелді қажет етпейді;
4.Күмәндану – ойдың қасиеті, демек, күмәндана
отырып адам ойлайды;
5.Шын тіршілік ететін адам ғана ойлай
алады;
6.Ойлау – ақылдың жұмысы болғандықтан,
болмыс пен тану негізінде ғана жата алады.
Осыған байланысты Декарт:
«Мен ойлаймын (күмәнданамын),
демек, мен тіршілік етемін» афоризмінің авторына айналды.
Болмыс мәселесін зерттеу
барысында Декарт болмыс мәнін сипаттайтын
базалық, негіз болатын ұғымды табуға
талпынды. Өз ізденістері нәтижесінде
Декарт субстанция ұғымнын тұжырымдады.
Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен
басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу)
тек субстанция ғана ие және ондай субстанция
Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті,
жойылмайды және барлық нәрсенің себебі
мен өзегі. Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы
болғандықтан субстанциялардан құралған
дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар
да (жеке заттар, идеялар) субстанциялық
басты қасиетке ие – тіршілік ету үшін
өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда
бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі
жетімді (жеткілікті) болғанмен Құдайға
қатысты алғанда олардың бәрі екінші және
оған тәуелді (өйткені оларды жасаған
Құдай). Жаратылған субстанцияларды Декарт
екі типке жіктейді:
1.материалды (заттар), 2. рухани (идеялар).
Сонымен қоса олардың әрқайсысының тек
өздеріне ғана тиесілі қасиеттері (атрибуттарды)
болатының атап көрсетеді: дәйектілік
- материалды заттардікі, ойлау – рухани
идеялардікі. Осылайша, барлық материалды
субстанциялардың бәріне тән қасиет дәйектілік
(ұзындығына, еніне, биіктігіне, тереңдігіне
қарай) және олар сансыз көп рет (шексіздікке
дейін) бөліне береді. Рухани субстанцияларға
ойлау қасиеті тән және олар, кірісінше,
бөлінбейді. Материалды және рухани субстанциялардың
басты қасиеттерінен (атрибуттарынан)
тарайтын басқа да қасиеттері модустар
деп аталады. Мысалы, дәйектіліктің модустары
– форма, қозғалыс, кеңістіктегі жағдай,
т.б.; ойлаудың модустары - сезімдер, тілектер,
түйсіктер, т.б. Адам, Декарт пікірінше,
екі – материалды (тәндік-дәйекті) және
рухани (ойлаушы) субстанциялардан құралған.
Адам – өзі бойына екі бірдей субстанцияны
(әрі материалды, әрі рухани) қатар біріктіретін
тіршілік иесі, сондықтан ол табиғаттан
жоғары көтеріле алады. Адам өз бойында
екі субстанцияны қатар біріктіретіндіктен
келіп дуализм (екіұдайлық, қосарлылық)
идеясы туындайды. Р.Декарт «философияның
негізгі сұрағын» да дуализм тұрғысынан
шешеді: «Не бірінші: материя ма, әлде,
сана ма? Таласы мағынасыз. Материя мен
сана тек адам бойында бірігетіндіктен,
адам табиғаты дуалистік болғандықтан
(өз бойында екі – материалды және рухани
– субстанцияны біріктіретіндіктен),
материя да, сана да бірінші бола алмайды
– олар әрқашан болған және тұтас болмыстың
екі түрлі көрінісі». Физикада, математикада,
т.б. түрлі ғылым салаларында қолданылатын
ғылыми әдіс таным процесінде қолданылмайды,
дейді Декарт. Ғылыми әдісті таным процесінде
белсенді қолдану арқылы таным процесін
әлдеқайда алға жыджытуға, танымды өндірістен
өнеркәсіп өндірісіне айналдыруға болады.
Ондай ғылыми әдіс ретінде Декарт дедукцияны
ұсынады. Декарттың философиялық, гносеологиялық
әдісінің мағынасы – таным процесінде
тек абсолютті, деректі, шын сүйену және
ақыл арқылы логикалық тәсілдер арқылы
жаңа, ақиқат білім алу. Декарт пікірі
бойынша, дедукция әдісін пайдалану арқылы
ғана танымның барлық салаларында шын
білімге қол жеткізуге болады.
46.Зенон
антиномиялары мен нақты ғылымдардағы
шексіздік мәселелерінің арасындағы
байланысты және шешу жолдарын
көрсетіңіз. Зенон философияға тұңғыш рет диалог
формасының қолданылуын енгізді.Ол қозғалыстың
диалектикалық табиғаты туралы мәселелерді
теріс формада қолданды.Зенон үшін болмыста
қайшылық жоқ,сондықтан қайшылықты- болмыс
жалған болмыс. Қайшылықты қозғалыстың
табиғатын тұңғыш ашқан – Элей мектебінің
көрнекті өкілі Зенон. Ол қозғалыстың
Қайшылықтар арқылы жүзеге асатынын көрсете
білді. Оның апориялары қозғалысты түсінуде
сезім мүшелерінің көрсеткіштері жеткіліксіз
екендігін, негізгі мақсат – қозғалысты
теория жүзінде бейнелеу болып табылатынын
және бұл мақсатқа жету жолы қиын екендігін
дәлелдеді. Бұл бағыттағылар болмыс өзгермейді,
ал қозғалыс жоқ, оның үстіне Қайшылық
та болуға тиіс емес, Қайшылықты ой – қателікке
ұшыраған ой деген көзқараста болды. Апория
(гр. ἀπορία — тығырық, шарасыздық)
— көне грек философиясындағы шешімі
қиын немесе шешілмейтін мәселелерге
байланысты қолданылған ұғым. Ол, негізінен
бақылау және тәжірибе жасау аркылы алынған
қорытындылар мен сол қорытындыларды
ойша талдап көрудің арасында туатын қайшылықтарлы.Зенонның
қозғалыстың мүмкін еместігі туралы пайымдауларын
апория деп атайды.Зенон апорияларының
мәні:белгілі қашықтықтан өту үшін оның
жартысын жүріп өту керек;жартысын жүріп
өту үшін осы жартының жартысын жүріп
өту керек,сөйтіп осылай кете береді.Бұдан
шығатын қорытынды:қозғалыстың басталуы
мүмкін емес. білдіреді. «Дихотомия» (екіге
бөлу) апориясында қозғалушы дене белгілі
бір қашықтықты жүріп өту үшін әуелі оның
жартысын, ал осы жартыны өту үшін оның
жарты бөлігін, сонан соң оның жартысын
жүріп өту керек. Осылайша шексіздікке
дейін жалғаса береді, яғни қозғалушы
дене қозғалысты бастамауы да мүмкін (апорияның
екінші бір түрі бойынша: қозғалыс өзінің
қозғалыс мәнінде тұрғанда тоқтауы, кідіруі
мүмкін емес).«Ахилл» апориясы: желаяқ
Ахилл тасбақаны қуып жете алмайды, себебі
ол тасбаға дейінгі қашықтықты жүгіріп
өткенше, тасбақа өзінің ол орнын ауыстырып,
белгілі бір қашықтыққа жылжып кетеді.
Ахилл осы қашықтықты игергенше тасбақа
тағы да алға жылжиды, осылайша жалғаса
береді.Зенонның осы аталған және тағы
басқа апориялары қозғалысты матемематикалық
өрнектеудің және бұл процесте қолданылатын
ұғымдардың қайшылықты екенін көрсетті.
Ол қайшылықтар бірлігін түсіне алмағанымен,
қозғалыстың қайшылықты екенін дұрыс
байқады. Зенон апориялары антикалық математиканың,
логиканың және диалектиканың дамуына
жол ашты. Ол кеңістік, жеке мен жалпы,
бүтін мен бөлшек, қозғалыс пен тыныштық
ұғымдарындағы қайшылықтарды көрсетіп,
олардың шешімін іздеуге негіз салды.
47.Адамның
екі жақты антиномиалық табиғатын
қалай түсінесіз. Антиномия - пікір алмасу кезінде кездесетін
бір-біріне карама карсы, сонымен бірге
бірдей негізделген пайымдаулар. Адам
игілікті дүние құбылыстарын өзара сабақтастырып
жатқан ең басты тұлға ретінде көрінеді.
Рухани өмір ағымына ол табиғаттың ең
биік сатысынан қарайды.Адам қандай қиыншылықтарды
бастан кешірсе де, бәрібір өз қолымен,
ақыл – ойымен әлемді жасандырып, тіршілік
көркіне үстеме мән дарытып, сонымен бірге
еңбек құдіретімен өзі де өзгеріп, өркениетті
заманның ізгілікті бір белесінде өмір
сүріп отыр. Демек, еңбек адам баласының
табиғатқа қатынасын айқындайтын күретамыр,
әрекет өрісі болып табылады. Адамда туа
біткен және жүре пайда болған рефлексінің
тетіктеріне өте зор мән берді. Өйткені
бұл рефлекстерді ұғыну адамдық әрекеттің
филогенездік негізін құрайды және адамның
өзін толық танып, жете меңгеру қабілеттерін
жетілдіреді.Организмнің туа біткен іс
- әрекеті сақталыс және қорғаныс рефлекстері
болып екі үлкен топқа бөлінеді.Сақталыс
рефлекстер қатарына организмге тағам
немесе оттегі келуімен байланысты тыныстық
іс - әрекеттің ыдырау өнімдерін шығару
(дем, зәр), тұқым жалғастыру және сақтау
(жыныстың, ұрпаққа қамқорлық) әсерленістері
жатады.Қорғаныс рефлекстері организмді
қатерлі,зиянды тітіркендіргіштердің
ықпал өрісінен алыстатады, зиянды заттарды
шығарады.Туа біткен рефлекстер организмнің
даралық қасиетін және түрін сақтауды,
қамтамасыз етеді.Адамның көру, есту және
иіс сезу рефлекстері бағдарлау рефлекстері
деп аталады.Инстикт – ырықсыз сезім –
адамның жағдай – күйіне қарай немесе
осы жағдайда сәйкес жүзеге асырылатын
қозғалыс әрекетінің және күрделі мінез
– құлқының жиынтығы. Инстинкт туа бітеді.Мінез
– құлықтың табиғи құрамында түр сақтайтын
және тұқым жалғастыратын эволюциялық
дамудың тәжірибесі сақталады.Мінезді
жете тексеретін, оның шығу тетіктерін
зерттейтін ғылым этология деп аталады.
Этологиялық зерттеудің нәтижесінде мінез
– құлықтың ішкі қажеттілік арқасында
пайда болатындығы дәлелденеді, инстинкт
әсерленуді іске қосатын қозғағыш күш
– сыртқы түрткілер. Әрбір қозғағыш түрткі
өзіне лайықты стереотиптік әрекеттерді
қосады.Орталық жүйке жүйесі іштегі үстемді
талапқа сәйкес мінездің тиісті әрекеттерін
жүзеге асырады. Мидың мінез құратын іс
- әрекеті даярлық және атқарушы болып
бөлінеді. Даярлық іс - әрекет көбінесе
ішкі мұқтаждық сезімдері арқылы қанағаттанады.Танымдық
және сезімдік жүйелерде мидың әртүрлі
құрылымдары қатысады. Танымдық жүйе орталық
жүйке жүйесінің арнайы бөлімдері, ал
сезімдік жүйе мидің торлық құрылымы,
мимбия жүйесі арқылы қызмет атқарады.Ашығу,
шөлдеу, үрей, ләззат, агрессия, жыныстық,
ата- аналық, жылулық сияқты организмнің
жетекші мұқтаждықтары биологиялық мотивация
деп аталады. Бұлардың барлығы да туа пайда
болады және тұқым қуалау негізінде қалыптасады.Білім
алу, мамандықты игеру, көркемөнер, әдебиетке
әуестік т.б. биологиялық мотивациядан
ерекше, қоғамдық тәрбие арқылы қалыптасады.Ми
іс - әрекетінің ең тартымды құбылыстарының
бірі – оның қабылдаған ақпаратты сақтау
және еске түсіру, яғни зерделік қабілеті.
Зерде дегеніміз – жүйкенің ақпаратты
код ретінде сақтап, нақтылы бір жағдайда
оның қасиеттері мен көшірмесін өзгертпестен
қайта жаңғыртуы.Зерде ақпаратты сақтау
ұзақтығына қарай, қысқа мерзімді және
ұзақ мерзімді болып бөлінеді.Адам зердесінің
барлық түрі қисынды – мағыналық және
сезімді бейнелік болып екіге бөлінеді.
Бұлардың біріншісі ұғымдарға, екіншісі
елестетуге сүйенеді. Адам үшін зерденің
қисынды мағыналық типі ең жоғары түрі
болып есептеледі.Анализ және синтез үлкен
ми сыңары қыртысының өте маңызды қызметі.
Организм өзінің тіршілік іс - әрекетінде
сыртқы және ішкі ортаның тітіркендіргіштеріне
үнемі анализ – синтез жасап отырады.Анализ
- әркелкі сигналдарды айыру, бөлу, организмге
тиетін әралуан әсерді ажырату. Синтез
– біріктіру, талдау, қорыту, ми қыртысының
әртүрлі бөліктерінде туатын қозуларды
бірлестіру.Адамның психикасы мен мінез
құлқының ерекше кескінін олардың табиғи
темпераменті мен бойындағы мінезі жасайды.Адам
мінезі сангвиник (ширақ), флегматик (салмақты),
холерик (ұстамсыз), меланхолик (әлсіз)
деп бөлінеді. Адам керемет ерекшелігі
бар құбылыс. Оның кереметтігі - әлеуметтік
мәні мен биологиялық қасиеттерінің ерекше
бірігуінде. Сонымен қатар, өзі мен қоршаған
ортаның өзара байланысын ұйымдастыратын,
басқаратын заттық – практикалық іс -
әрекеті бар.Адам – бір жағынан, биологиялық
негіздері бар, екінші жағынан, терең абстрактілі
ойлауға қабілетті, рухани мүмкіндігі
жоғары тіршілік иесі.Ол қоғамдық өмірдің
жоғары деңгейіне, мәдени жетістіктерді
меңгеруге, табысты білім алуға бейім.
Қазіргі өркениет уақытында тәрбиенің,
заңдардың, моральдың, нормалардың ықпалы
мол болғандықтан, ондағы биологиялық
негіздерді әлеуметтік бастау толық бақылауға
алған.
48.Трансцендентальдық
идеялар:Құдай,Әлем,Мен қай мағынада өмір
сүреді?. Трансцендентальдық (лат.тілінде
- аттап кетушілік, межеден асып кетушілік)
Канттың тәжірибеден алынбаса да тәжірибеге
ықпал жасайтын о баста есте бар нәрсені
белгілейтін философиялық ұғым; трансцендентальдықтың
түрлеріне кеңістік пен уақыт, себептілік,
қажеттілік сияқты басқа да категориялар
жатады. Құдай - (монотеизм ) өзiнше жеке-дара
болып табыла алған деистикалық және теистикалық
оқуларда ерекше мәннiң атауы немесе қандай
болмасын бiр нақтысы (политеизм ) көп.
Құдайлар әлем дiндерiндегi әлемдердi құрып
ұнайды, олардың болмысы, шараны, мән және
заң заттарға, жанды заттарға және тұлғаларға
бередi. «Қағида бiрiккен теизмдердiң дiни
оқуларында, Жоғарғы, жаратылған жанды
заттарға оның (махаббат ) дербес қатынасы
дербес болмысты бекидi және кеңiстiк негiзiнен,
ашықтық акттерiндегi оның диалогиялық
ашылуы. Құдайдың идеясы адам баласының
әр түрлi дiни дәстүрлерiнде бiртiндеп кристалданды.
Дамытуды бастапқы теория - әсер күштер
туралы алғашқы қауымдық халықтардың
ұсынысы - әртүрлi панорамасында табандатқан
дүниелiк таратпайды. Әлем, - басқаша ғалам.
Ғалам – алуан түрлі формада болатын әрі
ұдайы өзгеріп отыратын, кеңістік пен
уақыт бойынша шеті де, шегі де жоқ бүкіл
дүние. Ғаламды (араб сөзінен) зерттеумен
тікелей шұғылданатын ғылым – астрономия.
Ал барлық ғылыми білімге негізделген
ғалам жөніндегі пайымдаулар космологияның
мәселесі болып есептеледі. Қазіргі түсінік
бойынша, Әлемнің жасы 15 млрд жыл шамасында.Әлем
дегеніміз өте үлкен мағынаға ие.Әлемді
тұтас қарап,оның құрамына барлық дүниені,адамды
енгіземіз. Ғаламның шексіздігі туралы
алғашқы пікір біздің заманымыздан бұрынғы
V ғасырда өмір сүрген ежелгі дәуірдегі
грек ғалымы Гераклиттің (біздің заманымыздан бұрынғы
V ғасыр) еңбектерінде кездеседі. Гераклиттің
көзқарасын Демокрит, Эпикур және Лукреций
одан әрі дамытып, кейінгі дәуірлерде
Жердің шар тәрізді екенін және аспан
шырақтарының бір-бірінен алшақтылығын
анықтауға байланысты зерттеулер (Пифагор, Аристотель, Эратосфен)
жүргізілді. Бірақ шіркеу мен дін үстем
болған дәуірде мұндай озық ойлар қолдау
таппай, тек Қайта өркендеу дәуірінде
Николай Коперниктің «Аспан сферасының айналысы
туралы» атты кітабы космогонияда
ғылыми зерттеуге жол ашты. Біз мекендеген
Жер де, басқа планеталар, құйрықты жұлдыздар
мен метеорлық денелер тәрізді, Күн жүйесінің
құрамына енеді. Күн жүйесінің диаметрі
он миллиард километрдей. Галактиканың
диаметрі шамамен 30 мың пк-ке (шамамен 100 мың жарық жылы)
жуық. Кейінірек ғалам кеңістігінде біздің
Галактика тәріздес миллиондаған басқа
да галактикалардың бар екендігі анықталды.
Зерттелген галактикалар жиыны Метагалактика деп аталады.Мен
дегеніміз ол әрбір жеке адамның өзі.Мен
қай мағынада өмір сүреді десек,әрбір
жеке адам өмірге өмір сүру үшін дүниеге
келеді.Адам осы дүниеге келгендіктен
оның алдына қоятын мақсат мұраттары болады.Сол
мақсат мұратына жету үшін адам дүниеде
өмір сүреді.