емес пе. Сондықтан
бұдан кейінгі талқылаулардың мақсаты
жаратылыс емес - ғылыми
пәндердің жалпы мүдделерін,
міндеттері мен әдістерін айқындайтын
ұғымның дамуына,
және жаратылыстану
әдістерінен оларды шектеуге қатысты
болмақ. Менің ойымша, бұл
ұғым мәдениет туралы
ғылым терминімен жақсы бейнеленеді.
Мәдениет туралы ғылым
деген не, және ол табиғатты
зерттеуде қандай қатысы бар?
Бұл сұраққа жауап
бермес бұрын, мұндай талпыныс жалпы
алғанда қандай мәнге
байланысты бірқатар
ескертулерді ойластырып алу керек. Біз бұл арада логиканың,
дәлірек айтқанда, әдіс туралы
ғылымды баяндау немесе ілімнің
бір бөлігімен ғана
айналысамыз, бізге жекелеген
жаратылыс немесе мәдени-ғылыми пәндердің
айырықша
мазмұны мүлдем қатыссыз
болады. Оның соңғысы арнайы ғылыммен айналысатын болды.
34. Абстракциядан нақтылыққа
өрлеу тәсілін қай нақты ғылымдардың қалыптасу
тарихынан айқын көрсетуге болады. Сан – заттардың алғашқы негізі. Бүгінгі
таңдағы біздерге сан – абстракция, ақыл-ойдың
туындысы. Бірақ антикалық ой шеңберінде
– сан – ол шындықтың алғашқы негізі,
ол заттардың “фюзисі² – яғни табиғаты. Гегельдiң философиясы
ақыл-ойға негізделген, онда бүкіл дүниенiң
шындығы ашылғандай. Бірақ, оның философиясында
адам Абсолюттік идеяның танымдық құралына
айналады. Кьеркогер Гегельдiң болмыс
пен ойлаудың тепе-теңдiгi жөнiндегi негiздемесiне
қарсы шығады, өйткенi ол болмыстың не
екенiн бiзге түсiндiрмейдi, сондықтан ол
“абстракциялық құбыжық² қана. Философияның негiзгi пәнiне, сондықтан,
тек қана жеке адамның өмiр сүруi, оның
қайғысы мен қуанышы, үрейi мен зардабы,
өз-өзiнiң рухына үңiлуi т.с.с. жатуы керек.
Соңынан мұндай көзқарастардың негiзiнде
ХХ ғ экзистенциализм философиясы пайда
болады. Ол бағытты талдаған кезде бiз
Кьеркогердiң идеяларына қайтып ораламыз.
Егер немiс классикалық философиясында
пайда болған панлогистiк көзқарасқа Шопенгауер
Ерiктi, ал Кьеркогер жеке адамның тебiренiстерiн
қарсы қойса, Конт оған қарсы ғылыми деректерге
негiзделген қағидаларды қарсы қоюға
тырысады. Конттың ойынша, ғылым - белгiлi
бiр абстракциялық негiзден шығарылатын
бiлiм жүйесi, ал тарих философиясы - рухтың
дүниеге келiп дамуын суреттейтiн iлiм ғана
емес. Ғылымның негiзiнде Дүниеде белгiлi
бiр тәртiп пен өрлеу барлығын көрсететiн
тәжiрибелiк байқаудың негiзiнде алынған
ғылыми деректер және соларды теоретикалық
деңгейге көтерiп талдау iс-әрекетi жатыр.
35. Қазіргі ғылымдағы эфир,кварк
сияқты ұғымдар қай Эфир деген ұғым қазәргі таңда химия
өнеркәсібінде кеңінен қолданылады, яғни
эфир майлары– ұшқыш органикалық қосылыстардың
құраушысы көп қоспасы; тамақ өнімдерінің
хош иісін құрайды. Оның құрамында көмірсутектер,
әсіресе терпендер, спирттер, фенолдар,
альдегидтер, қышқылдар, күрделі эфирлер,
сондай-ақ кейбір гетероциклді қосылыстар
болады. Эфир майлары көптеген өсімдіктерде
кездеседі және олардың бәрінде де эфир
майларына тән ерекше иісі болады. Эфир
майлары спирт, эфир, бензолда ериді, суда
нашар, көбі іс жүзінде ерімейді. Эфир
майлары негізінен парфюмерия, косметика
және тамақ өнеркәсібінде, медицинада
қолданылады. Кейбір эфир майлары химия
өнеркәсібінде органикалық синтезде,
мысалы, пинен-камфора синтездеуде, скипидар-сыр,
бояу өндірістерінде, т.б. еріткіш ретінде
қолданылады. Көптеген тамақ өнімдері
үшін олардың мөлшері пайыз бөлігімен
анықталады. Тамақ өнімдерінің хош иісі
маңызды сапа көрсеткіші болып табылады.
Жағымды хош иіс тәбетті ашады және тағамның
сіңімділігін жоғарылатады. Хош иісті
заттардың жеңіл булануын кейбір тамақ
өнімдерін аспаздық өндегенде және сақтағанда
ескеру қажет (татымдықтар, шай, кофе).
Тамақ бұзылғанда жағымсыз иістер пайда
болады, ол күкіртсутек, аммиак, индол,
скатол және т.б. заттардың түзілуіне негізделген.
Ал, кварктар қазіргі кезеңдегі ең кіші
зат бөлшегі; күшті, әлсіз, электромагниттік
және гравитациялық әсерлесулер Әлемдегі
барлық объектілердің құрылысы, қозғалысы
және дамуы үшін қажет. 1981 жылы академик
Ж.С. Такибаевтың жетекшілігімен ядроның
кварк-глюондық құрылымы, күшті әсерлесуге
түсетін бөлшектердің соқтығысу механизміне
байланысты мәселелер және олардың құрылымы
қарастырылады, ядролық фотоэмульсия
әдісімен атом ядросының құрылымы зерттелінеді.
Оған қоса, энергияның жаңарған көздері
саласында және оны алудың дағдылы емес
әдістері бағытында зерттеулер орындалды.
Кафедраның зертханаларында заттармен
сәулелердің әсерлесу құбылыстарына іргелі
зерттеулер жүргізілді.
36. Ақиқат
бар ма:объктивті реалдылық ретінде;немесе
анықтама бойынша Ақиқат– таным теориясының негізгі
категориясы, адам ойының өмір шындығымен
сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің
объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан
тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген
қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы
білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес,
танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды.
Объективті ақиқат — білімінің адамға
да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат
— салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта
үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп,
түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік
ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным
дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес
мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен
абсолюттік ақиқат диалектик. байланыста.
Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың
ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы
ақиқаттың жиынтығы (қ. Абсолютті және
салыстырмалы ақиқат) негізінде құралады.
Таным процесінде ақиқатқа жету өте қиын
іс. Ежелгі грек өкілі Гераклит “табиғат
өз сырын жасыруды жақсы көреді” деген
еді. Демокрит ақиқатты тану жолындағы
“сезімдік тану ақпарат беру қызметін
ғана атқарады, тек ақыл-ой араласқанда
ғана ол өз дәрежесіне көтеріледі” деп
білді. Пайымдаудың ақиқаттығы не жалғандығы
туралы мәселе өмір тәжірибесінде шешіледі.
Практика — ақиқаттың өлшеуіші, яғни ол
дүние туралы біздің таным-білімдеріміздің
ақиқаттығын дәлелдейді. Ақиқатты таным-білім
мен өмір шындығының сәйкестілігі ретінде
түсіну (корреспонденциялық принцип) ерте
заман өкілдерінен, мысалы, Аристотельден
басталады да, Жаңа дәуір философиясында,
Бэкон, Спиноза, Дидро, Гольбахтардың ілімдерінде
одан әрі өз жалғасын табады. Платонның
ұғынуында ақиқат — идеялардың өзгермейтін
абсолюттік қасиеті болып табылады. Ақиқат
дінде құдаймен (хақ тағаламен) байланыстырылады.
Бұл сөздің өзі де (арабша “һәққ” — шындық;
әділдік; парыз; міндет); құдай мәнін білдіретін
түбір сөзден туындаған (“һәқиқат”). Йасауи
мазһабы (жолы) өзі “қал” және “хал”
деп атаған екі ілімнің тұтастығын белгіледі.
“Қал” ілімі тек сана-сезіммен танылатын
Йасауи мазһабының теориялық білім жүйесін
қамтыды. Бұл ілім бойынша адам жаратушы
хақ тағаланың тұтастық ұғымындағы бір
бөлшегі ретінде қарастырылады. Осы тұтастыққа
жету, сіңу (фәнә), бірігу (таухид) мақсатында
адамның өмір мәні белгіленді. Адам хақтың
бір бөлшегі ретінде рухани және өтпелі
кезеңге тән нәпсілік қасиеттердің басын
біріктіргендіктен, азапты сынақтан өтіп,
абсолютті кемелдікке жетуі қажет. Сонда
адам жан, тән азабын кешу арқылы нәпсілік
қасиетін жеңіп, рухани пәктігін сақтап
қалса ғана хақпен бірігіп (таухид), хақ
дидарын көріп, ақиқат мәнін түсіне алады.
Йасауи мазһабының “хал” ілімі хақ жолындағы
белгі, нышандарды танытатын амал-әрекеттер
жиынтығын қамтиды. Бұл ілімде хақ жолындағы
40 мақамның 10-ы — шариғатта, 10-ы — тарихатта,
10-ы — мағрифатта, 10-ы — ақиқатта деп белгіленіп,
әр кезеңнің мағынасын құдайға деген махаббат
арқылы сезінуге көңіл бөлінді. Хақ жолындағы
адам белгіленген тәртіппен шариғат —
жабарут, тарихат — малакут, мағрифат
— лахут, хақиқат — насут шеңберін айналып
өткенде хақпен рухани қатынас туады.
Хақпен бірігуде адам өзінің адамдық қасиетін
белгілейді, бұл лахут-насут арақатынасын
теңестіруден көрінеді. Йасауи мектебі
дәстүрінен тамыр алған нақшбандийа, иканийа,
бекташийа секілді сопылық ағымдар да
ақиқатты танып білуде хақпен бірігу (таухид)
жолын ұстанды. Неміс классик. философтары
(Фихте, Гегель) Ақиқатты білімнің дамуы
тұрғысынан қарастырды. Ал қазіргі батыс
философтарының бір ағымы — экзистенциализм
өкілдері ақиқатты даралықтың психол.
ахуалы деп талқылайды. Ақиқатты танып-білу
процесі — тарихи, қарама-қайшылықты,
шексіз процесс. Ақиқат тереңде жатады.
Оны ұғынудың қиындығы да сонда. Қазақтың
ғылым туралы “инемен құдық қазғандай”
деген мақалы ақиқатқа жетудің мәнін де
жақсы ашып береді.
37. Адамның
мәні қай мағынада бар:ерекше
субстанция ретінде ме;немесе
жан ретінде ме;немесе..... Философиялық
талдау. Адам, әлеуметтік топ, я болмаса қоғамның
дүниетанымы, дүниесезімі мен оның іс-әрекет
белсенділігінің байланысы қандай? Адамның
іс-әрекетіне түрткі болатын оның қажеттіліктерінің
табиғаты неде? Мақсатқа лайықты іс-әрекет
деп нені айтамыз? Адамның іс-әрекетінде
мақсат-мұрат пен соған жеткізетін құралдардың
ара-қатынасы қандай? Адам өзінің іс-әрекеттерінен
шығатын Дүниеге тигізетін барлық салдарды
ескере ала ма? Дүниені адамзат қаншалықты
өзгертуі керек және де сол өзгертуде
қоғам мен басқа тіршіліктің ара-қатынасы
қандай болмақ?, - т.с.с. сұрақтар философияның
праксеологиялық мәселелеріне жатады.
Ең соңында біз философия пәнінің ең нәзік,
күрделі, терең ой, телегей-теңіз сезімдер,
рухани толғау тудыратын жағын атап өтуіміз
қажет. Ол Дүниенің өзін-өзі танып білу
дәрежесіне көтерген ең әсем күш – адам.
Адам мәселесі әсіресе ХХ ғасырдағы ойшылардың
философиясында аса үлкен орын алды. Адам
– кім? Ол рух па, я болмаса дене ме? Ол
не үшін Дүниеге келді? Адамның басқа тіршіліктен
айырмашылығы қандай? Адам өмірінің мән-мағынасы
неде? Ол өлімнен аттап өтіп өлместікке
жете ала ма? Адам ғарышта жалғыз ба, я
болмаса басқа рухани пәнделердің біреуі
ғана ма? т.с.с. сұрақтар философия пәнінің
антропологиялық жағын көрсетеді. Орта
ғасырдың ғұлама ойшысы А.Августин айтқанындай
“адамның өзі Дүниедегі орасан тұңғиық,
оның сезім толқыны мен жүрек тебіренісін
есептеу адамның басындағы шашты есептеуден
де қиын. Адамды микрокосм (кіші ғарыш)
ретінде макрокосмға (үлкен ғарыш) теңеген
ертедегі грек ойшылардың ойында үлкен
сыр жатса керек. Әрине, философия пәнінің
жоғарыда көрсетілген жақтары бір-бірімен
өте тығыз байланысты болып белгілі біртұтас
жүйені құрайды. Сонда ғана біз күрделі
адам мен дүние арасындағы ең жалпы қарым-қатынастарын
толыққанды суреттей аламыз. Алайда, әрбір
адамның философияны оқып-білудегі, әсіресе,
оны зерттеудегі ерекше бір салаға деген
қызығушылығы болуы мүмкін. Әдетте солай
болады да. Мысалы, жаратылыстану ғылымдарының
өкілдері көбінесе болмыс философиясына
(онтология), тәрбие мәселелерімен айналысатындар
адам және құндылық философиясына (философиялық
антропология мен аксиология), логика
және математика салаларының өкілдері
- таным философиясына (гносеология), өндіріске
жақын әр-түрлі техникалық мамандар иесі
– іс-қимыл философиясына (праксиологиялық
философия) ерекше көңіл бөлуі мүмкін.
Өйткені, атап өткен философия салалары
олардың мамандығына, білім ерекшелігіне
сай келеді. Бірақ, мұның өзі философияның
басқа салаларын да ешқашанда естен шығармай,
әрқашанда олардың өзара бір-бірімен байланысын
мен біртұтастығын ескеріп отыруды талап
етеді. Сонда ғана біз философиялық ой-өрістің
шеңберінде боламыз. Егерде біз философияның
белгілі бір саласын толығынан бөліп алып
қарасақ, онда ол бірте-бірте жеке ғылымдар
саласына қарай жылжып, өзінің философиялық
қасиеттерінен айырылып, жеке ғылымдар
саласымен сіңісіп кетуі мүмкін. Философия
өз-өзін сақтап қалу үшін “Адам мен Дүниенің² шегіне жеткен ең жалпы қарым-қатынастарының
шеңберінде әрқашанда болуы керек. Бұл
философияның ерекшелігі оның негізгі
мәселесін шешу арқылы анықталады. 38. Өзіңіз таңдаған бейклассикалық
нақты ғылымның қалыптасу тарихынан Н.Бордың
сәйкестік принціпінің интерпретациясын
көрсетіңіз. Бор (Bohr) Нильс Хенрик
Давид (7.10.1885, Дания, Копенгаген — 18.11.1962,
сонда) — даниялық ғалым, қазіргі заманғы
физиканың негізін салушылардың бірі,
Дания корольдік қоғамының мүшесі (1917)
және 1919 жылдан оның президенті. Бор —
атомның алғашқы кванттық теориясын жасаушы,
кванттық механиканың негізін қалаушылардың
бірі. Бор 1923 ж классикалық және кванттық
ұғымдар арасындағы сәйкестік принципін
ашты. Сол жылы өзі жасаған атом моделі
негізінде, алғаш рет Д.И. Менделеевтің
элементтердің периодтық жүйесіне ғыл.
түсініктеме берді. 1927 ж микродүниенің
ең маңызды принциптерінің бірі — толықтырғыштық
принципін тұжырымдады. Мұның философия
ғылымы үшін маңызы зор болды. Бор қағадалары
– даниялық физик Нильс Бордың атомның
орнықты (стационар) күйін және спектрлік
заңдылықтарын түсіндіруге арналған негізгі
болжамдары (1913), яғни сәйкестік принціпі:
Бірінші қағида немесе орнықты күйлер
қағидасы: атомдағы электрондар кез келген
энергиясы бар орбиталармен емес, тек
белгілі бір энергиясы бар орбиталар бойымен
қозғалады. Оларды орнықты орбиталар деп
атайды. Орнықты орбиталардың энергиясы
тек белгілі бір дискретті (үзікті) мәндерді
ғана иеленеді. Электрондар мұндай орнықты
орбита бойымен қозғалып жүргенде сәуле
шығармайды. Екінші қағида немесе сәуле
шығарудың жиіліктік шарты: атом бір орнықты
күйден екінші бір сондай күйге ауысқанда
ғана жарықтың бір фотонын жұтады не шығарады.
Шығарылған не жұтылған фотонның энергиясы
(һν) екі орнықты күй энергияларының (Е1
және Е2) айырымына тең (һν = Е1
– Е2, мұндағы ν – шығарылған не
жұтылған сәуле фотонының жиілігі, һ –
Планк тұрақтысы). Осы қағидалар негізінде
құрылған Бор теориясы тек сутек және
сутек тәріздес атомдардың құрылысын
түсіндіруге қолданылады. Бор қағидалары
классикалық физика заңдылықтарына толығымен
қайшы келеді. Бұл қағидалар – микродүние
қасиеттерін түсіндіру үшін табылған
алғашқы тұжырымдар. Атом құрылысы кванттық
механика арқылы ғана толық түсіндіріледі. 39. Гегел философиясы бойынша
әр халық(адам) еріктілік ұғымын қай деңгейде
түсінше соған сай қоғам(өмір)құрады.Бұл
ой қай жағынан дұрыс, қай жағынан бұрыс?
Гегельдiң ойынша, адамның басқа тiршiлiктен
бiрде-бiр айырмашылығы - оның тiке жүруiнде.
Ашық нәсiлшiлдiктi қолдамағанмен, Гегель
нәсiлдер мен ұлттардың арасындағы айырмашылықтарды
“абсолюттi рухтың² әр-түрлi сатыларындағы өз-өзiн анықтауымен
теңеп, олардың арасындағы мәдени айырмашылықтар
ешқашанда жойылмайды деген кертартпа
пiкiр айтады. Адамның өмiр кезеңдерiндегi
айырмашылықтарды қарап, ойшыл қоғамдық
қатынастардағы тәртiпке адамдар тек қана
жастық шағында ғана қарсы шығады, есейе
келе, пiсiп-жетiлген шағында олар қирату
мен бүлдiруден гөрi тәртiптi сақтауды,
жасампаздық еңбектi қалайды.
“Психология² тарауында Гегель адамның танымдық қабiлеттерiне
көңiл бөлiп, рухтың теоретикалық, практикалық
және ерiктi сатыларын талдайды. Адам теоретикалық
сана шеңберiнде қалып қоймай, әрқашан
оны өзiнiң еңбек процесiмен ұштастырып,
жасампаздық сатысына көтерiледi. Мiне,
осы теоретикалық және практикалық рухтың
бiрлiгi ерiктi рухты тудырады. Ал соңғы
өзiнiң мазмұнын, iшкi сырын дереу объективациялауға
(сыртқы дүниеге таңуға) тырысады. Осы
сатыға жеткен кезде субъективтiк рух
секiрiс арқылы объективтiк рухқа айналады.
Объективтiк рух, Гегельдiң түсiнiгi бойынша,
қоғам өмiрiндегi құқтық және адамгершiлiк
қатынастарды қамтиды. Рухтың терең мәнi
ерiктiкте болғаннан кейiн құқтық қатынастардың
өзi тiкелей шынайы өмiрге еңген ерiктiктiң
болмысы болып есептеледi. Осы тұрғыдан
ол қайсыбiр озбырлыққа, тәртiпсiздiкке
қарсы жатқан құбылыс. Құққа иеленген
адам өзiнiң еркiн сыртқы дүниедегi заттарға
таңып, оларды иеленiп “Менiкi² дейдi. Жеке меншiк сонымен, Гегельдiң
ойынша, ерiктiктiң қажеттi де субстанциалды
өмiрге енуi. Тек жеке меншiкте адамның
еркi өз-өзiне тұлғалық ерiк ретiнде қалыптасады.
Соның арқасында адамның еркiнiң субъективтiгi
жойылып, ол зерделi тұлғаға айналады.
Олай болса, тарихи жерге деген жеке меншiктiң
ұзақ күрес жолында қоғамдық меншiктi жеңуi
- заңды нәрсе, ол зерденiң жеңiсi.
Тарихи абсолюттiк идея өзiнiң абсолюттiк
рух сатысына көтерiлген кезiнде өзiн-өзi
түбегейлi танып-бiлiп қанағаттанады. Өнер
саласында ол өзiнiң толық ерiктiгiн сезiнедi,
дiнде - өзiн марқабатты түрде қабылдайды,
ал философияда - өзiнiң мәнiн категориялдық
(ұғымдық) дәрежеде түсiнiп, таниды.
40. Позитивизм «өлшенбейтін
ұғымдардың барлығы ғылымға жатпайды»
деген ұраннан басталды.Осы тұжырымдама
қай жағынан дұрыс,қай жағынан бұрыс. Позитивизм (франц. posіtіvіsme — оңды, дұрыс,
нақтылы) — нағыз ақиқат ғылымның жеке
салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын,
философиялық зерттеулердің ешқандай
танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін
философиялық бағыт. Бүл философиялық
бағыт ағылшын тілінде сейлейтін елдерде
кең тараған. Оның окілдері Р.Карнап (1891-1970),
Л.Витгенштейн (1889-1951), Б.Рассел (1872-1970),
А.Айер (1910) жөне т.б. Неопозитивизм — XIX
ғасырдың 30-жылдарыңца пайда болган субъективтіё-идеалистік
бағыт — позитивизм идеяларын жаңа тарихи
жағдайларға жоне ғылым дамуының жаңа
деңгейіне сөйкес өрі қарай дамытушы философиялық
ағым. Соңдықтан да ол үшінші позитивизм
(неопозитивизм) деп аталады. Бірінші позитивизм
ретінде О.Конттың (1798-1857) жоне Г.Спенсердің
(1820-1903) философия ғылыми танымның дамуына
кедсргі болатын керексіз нөрсе деген
көзқарасй алынған: философия тікелей
қабылдауға болмайтын заттардың мөнін,
түпкі себептерді білуге талпындыратын
іске аспайтын мақсат қойып, таным процесіне
теріс бағыт береді деп санады позитивистер.
Конттың пікірінше, адамның таным процесі
қүбылыстардың сырт көрінісін сипаттап,
классификациялауға өрекет жасауы тиіс,
олардың ішкі мәнін іздеп өуре болмауы
тиіс. Конттың бүл идсяларын өрі қарай
дамыту XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың
басында эмпириокритицизм деп аталған
оның жаңа түрі — екінші позитивизмнің
пайда болуына өкелді. Бүның өкілдері
Э.Мах (1838-1916), Р.Авенариус (1843-1896) жөне басқалар
заттар мен қүбылыстарды түйсіктер деп
атап, дүние танудың мақсаты түйсіктердің
арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу
деп түсіңдірді, сөйтіп олар материя мен
сананың, физикалық пен психикалықтың
қатынасы жайындағы мөселені жоққа шығарды,
түйсік, сана алғашқы деп санап, субъективтік
идеализмді жақтады. Үшінші позиттизм
— XX ғасырдың 20-30-жылдарында эмпириоқритицизмнің
орнына келген неопозитивизм — математикалық
логиканы философиялық зерттеулерге қолданудың
ңөтижесіңде туды. Ең кең тараған бүл философиялық
ағымды жақтаушылар жаратылыстанушы ғалымдардың
ішінде көптеп саналады. Бүл ағымның кең
таралуының бір себебі сол, ол бүкіл „метафизикаға",
яғни жалпы философиялық проблемаларға
қарсы шығып, бүл проблемалар ойдан шығарылған
жалған проблемалар деп санайды; философия
ғылымға қызмет етуі тиіс, ғалымдардың
ғылыми қағидаларды түжырымдауына, оларды
қолдануына көмектесуі қажет, соңдықтан
философия тілге логикалық талдау жасаудың
ережелерін жасаумен, тіл проблемаларын
шешумен айналысуы тиіс деп есептейді. 41. Біз кімбіз,біз қайданбыз,қайда
барамыз және неге үмітенуге болады тақырыбына
эссе. Адам — Жер бетіндегі ең жоғарғы
даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи
әрекет пен мәдениетті жасаушы. Адам –
философия, әлеуметтану, психология, физиология,
педагогика, медицина, т.б. ғылымдардың
нысаны болып табылады. Адам мәселесі,
оның пайда болуы, өмірде алатын орны,
тіршілігінің мәні мен мақсаты адамзат
танымының формалары – әпсаналардағы
(мифологиядағы), діндегі, философиядағы,
ғылымдағы ең негізгі мәселе. Бұл жөніндегі
әңгімелер ертедегі Стоя қаласының ойшылдары
(Сенека, т.б.) мен Сократтан басталады.
(Протагор: «адам – заттардың өлшемі»,
Сократ: «өзіңді өзің танып біл»). Ежелгі
Үнді, Қытай, Грек философиясында адам
әлемнің бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Демокрит түсіндірмесінде адам микрокосм,
«кіші әлем», ол сондай-ақ түпнегіздерден
құралады; адам денесі мен рухы ақиқаттың
екі аспектісі (аристотелизм) немесе екі
ерекше түпкізаты (платонизм). Антикалық
философия үшін (Аристотель) адамды қоғамдық
өмірге икемді тіршілік, рух, парасат иесі
ретінде тану анықтаушы фактор болды.
Ортағасырлық шығыс өкілдері де (Әбу Наср
әл-Фараби, т.б.) діннің ықпалы күшейіп
тұрғандығына қарамастан, Аристотельдің
осы түсінігін ары қарай жалғастырды.
Қайта өркендеу дәуірінде адам құдайдан
дарыған еріктілік күші арқасында өз өмірі
мен тағдырының негізін қалаушы және табиғаттың
шектеусіз билеушісі ретінде танылды,
сондықтан шебер жаратушының бейнесі
Ренессанс символына айналды. 17 ғасыр
(ғылыми-революция ғасырында) мен 18 ғасыр
(ағартушылық дәуірінде) рационалистерінің
ұғынуында нақ сол парасат, ақыл-ой адамның
түпкізаты, өзіне тән ерекшелігі ретінде
қарастырылады. Неміс классикалық философиясы
үшін адам мәдениеттің жаратушысы, рухани
іс-әрекет субъектісі және жалпы идеалдық
бастау, яғни рух, парасат иесі. 19 – 20 ғасырлардағы
постклассикалық философия (Фридрих Ницше,
Артур Шопенгауэр, Серен Кьеркегор және
т.б.) сезім, мықтылық және т.б. адамдық
ақылдан шет қабілеттерге бет бұрады.
Қазіргі философия адам тіршілігінің
мәнін оның саналы қызметімен байланыстырады.
Бұл қызметтің барысында адам тарихтың
әрі алғышарты әрі жемісі болып шығады.
Адамның әлеуметтік мәніне назар аудара
отырып, қазіргі философия сонымен бірге
әлеуметтік және биологиялық факторлардың
өзара күрделі әсерін, әлеуметтік факторлардың
басымдылығын ескереді. Әйтсе де «табиғи
түрде» әрекет ететін биологиялық факторлардың
зор маңызы бар екендігін де ұмытпау қажет.
Болашақтағы адам парасатты, иманды, елгезек
те қарекетшіл, сонымен бірге сұлулықтан
ләззат ала білетін, рухани кемел, жан-жақты
дамыған тұлға. Ол қоғамдық тірлікте қайталанбас
бітім, бірегей тұлға ретіндегі өзіндік
«менімен» танылатын болады.
42. Қазіргі
замандағы философия,ғылым және
дін арасындағы байланысты қалай
түсінесіз. Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын
дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы
деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын
– капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың,
индустриалды өркениеттің бастауы болған
құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат
ежелгі дүниемен қоштасып (антика және
орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз
тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек
– дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани
пікірді бекіткен философия болды.
Р.Декарт «философияның негізгі сұрағын»
да дуализм тұрғысынан шешеді: «Не бірінші:
материя ма, әлде, с ана ма? Таласы мағынасыз.
Материя мен сана тек адам бойында бірігетіндіктен,
адам табиғаты дуалистік болғандықтан
(өз бойында екі – материалды және рухани
– субстанцияны біріктіретіндіктен),
материя да, сана да бірінші бола алмайды
– олар әрқашан болған және тұтас болмыстың
екі түрлі көрінісі». Физикада, математикада,
т.б. түрлі ғылым салаларында қолданылатын
ғылыми әдіс таным процесінде қолданылмайды,
дейді Декарт. Ғылыми әдісті таным процесінде
белсенді қолдану арқылы таным процесін
әлдеқайда алға жыджытуға, танымды өндірістен
өнеркәсіп өндірісіне айналдыруға болады.
Ондай ғылыми әдіс ретінде Декарт дедукцияны
ұсынады. Декарттың философиялық, гносеологиялық
әдісінің мағынасы – таным процесінде
тек абсолютті, деректі, шын сүйену және
ақыл арқылы логикалық тәсілдер арқылы
жаңа, ақиқат білім алу. Декарт пікірі
бойынша, дедукция әдісін пайдалану арқылы
ғана танымның барлық салаларында шын
білімге қол жеткізуге болады. Спинозаның
философиядағы маңызды үлесі – болмыс
мәні қарастырылатын субстанция теориясын
жасауында. Негізіне Декарттың субстанция
туралы теориясы алынғанымен, өзі онымен
келіскенімен. Спиноза Декарттың теориясының
кемшіліктерін жойын, өз жүйесін қалыптастыруға
тырысты. Спиноза Декарттың субстанция
туралы теориясының басты кемшілігі –
оның дуализмінде деп санады. Ондағы қайшылық
– өз тіршілігі үшін өзгені қажет етпейтін
мән болғандарына қарамастан барлық субстанцияларды
жаратқан. Жалғыз және Ең жоғарғы Ең ақиқат
субстанция - Құдай болып, барлық басқа
субстанциялар оған тікелей тәуелді болуында.
Субстанциялардың өзара тәуелсіздігі
мен олардың бәрінің бір мезгілде басқа
субстанцияға – Құдайға жаппай, бірдей
тәуелділігіне. Фр.Бэконның философиялық
идеясының – эпиризмнің мәні: таным негізінде
тек қана тәжірибе жататындығына. Жеке
адам немесе адамзаттың тәжірибесі (теориялық,
практикалық) көбейген сайын ол ақиқат
білімге жақындай түседі. Бірақ ақиқат
білім – түпкі мақсат емес. Білім мен тәжірибенің
басты мақсаты – экономиканың дамуына,
жаңа нәрселердің, адамның өз әрекетінде
практикалық жетістіктерге жетуіне, адамның
табиғатқа үстемдік етуіне көмектесу.
Фр.Бэконның филофиялық кредосын бейнелейтін
афоризмі: «Білім - күш». Фр.Бэкон «танымның
басты әдісі индукция болуға тиіс» деген
новаторлық идея ұсынды. Индукция – көптеген
жеке құбылыстарды жалпылау негізінде
жалпы қорытындылар жасау (мысалы, «түрлі
металл түрлері балқитын болса, барлық
металдар балқу касиетіне ие») деп түсіндіреді
Фр.Бэкон.