Шпаргалка по "Философии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 18:26, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Философия"

Файлы: 1 файл

filosoffia_shshpor.doc

— 468.00 Кб (Скачать файл)

   Гегельдiң ойынша, рух даму процесiнде өзiнiң үш  сатысынан өтедi :               1. Субъективтi рух, яғни жеке адамның санасы,

2.Объективтi рух, оған  ол құқ, мораль, адамгершiлiк, жан-ұя, азаматтық, мемлекеттiктi жатқызады,

3 Абсолюттiк рух - ол өнер, дiн және философия.

  Субъективтi рухты Гегель үш ғылымның шеңберiнде қарайды. Олар антропология, феноменология және психология. Антропология iлiмiнде ол жеке адамның тұлғалық қасиеттерiнiң қалыптасуына, дене мен жанның ара-қатынасына, адамзаттың нәсiлдiк айырмашылықтарына, мiнез-құлық пен темпераментiне, адамдардың өмiр кезеңдерiндегi айырмашылықтарға т.с.с. көңiл бөлiп талдайды. Гегельдiң ойынша, адамның басқа тiршiлiктен бiрде-бiр айырмашылығы - оның тiке жүруiнде.

    Бiздi бүгiнгi таңда Гегельдiң жасаған философиялық жүйесi қанағаттандырмауы мүмкiн. Алайда, осы жүйенi жасау жолында  ол көне заманда негiзi қаланған диалектикалық iлiмдi пайдаланып бүкiл табиғат, тарих және рухани өмiрдi белгiлi бiр процесс, яғни тоқтаусыз қозғалыс, өзгерiс, қайта құрылу, даму ретiнде қарап, олардың iшкi қайшылықтары мен байланыстарын зерттедi. Ал мұның өзi диалектика iлiмiн жаңа сатыға көтерiп, дүниеге деген жаңа таным теориясын тудырды. Негiзiнен алғанда, Гегельдiң философия саласындағы қалдырған өшпес iзiн көп ғалымдар осыдан көредi. Бұл пiкiрге толығынан қосылуға болады.

 

14.Диалектиканың  негізгі заңдары мен принциптері  және олардың танымдық рольдері. Дамудың мәнін және оның әртүрлі проблемаларын зерттейтін ілім диалектика (гр. dialektikē) деп аталады. Осы сөзді алғаш рет философияға Сократ енгізді. Ол ақиқатқа жету үшін сұхбаттасу өнерін– dialektikē techne – жасау керек деп есептеді. Бұл тәсілді Платон қолдап әрі қарай дамытты. Сөйтіп, бұл өнер өзінің бастамасын сонау ертедегі Грекиядан алып, күні бүгінге дейін жоғары бағаланады.Диалектика даму туралы ең толық, жан-жақты және терең мазмұнды ілім, теория болуымен қатар барлық ғылымдар үшін, практикалық қызмет үшін сол теорияға негізделген бірден-бір философиялық әдіс, зерттеу әдіснамасы да қызметін атқарады.Диалектиканың құрылымы:диалектиканың негізгі прициптері,заңдары(метапринциптері),диалектиканың каегориялары (негізгі емес заңдары).Диалектиканың прициптері:1)жалпылық байланыс қоршаған дүниенің тұтастығын, оның ішкі бірлігін, барлық компонеттерінің – нәрселердің, құбылыстардың, процестердің- өзара байланыстылығын,өзара тәуелділігін білдіреді.Байланыс түрлері: Сыртқы және ішкі (ең кең таралған түрлері); Тікелей (тура) және жанама; Генетикалық және функционалдық; Кеңістік және уақыттық; Кездейсоқтық және заңдылықты.2) Жүйелілік қоршаған дүниеде сансыз көп байланыстар ретсіз емес бір тәртіпте болады дегенді білдіреді. Осы байланыстар тұтас жүйе құрады, онда олар иерархиялық тәртіпте орналасады. Оның арқасында қоршаған дүниеде ішкі мақсатқа сәйкестілік бар. 3) Себептілік – біреуі екіншісін тудыратын байланыстардың болуы. Қоршаған дүниенің нәрселері,құбылыстары, процестері бірдемемен шартталған, яғни немесе сыртқы, немесе ішкі себебі бар.Себеп салдар туғызады, ал мұндай байланыстар себепті-салдарлы деп аталады.Диалектика заңдары: қайшылық заңы, санның сапаға ауысу заңы, терістеуді терістеу заңы. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы (немесе қайшылық заңы) бар барлықтың табиғаты бірдей бола тұрып өзара күресте және бір-біріне қайшылықта болатын қарама-қарсы бастамалардан тұратындығын білдіреді (мысалы: күн мен түн, ыстық пен суық және с.с.). Қарама-қарсы бастамалардың бірлігі мен күресі

бүкіл бардың, тіршілік ететіннің  қозғалысы мен дамуының ішкі қайнар көзін, ескінің жойылып, жаңаның пайда болу себептерін көрсетеді. Санның сапаға ауысу заңы дамудың, даму процесінің ішкі механизмін, тетігін, оның қалай, қайтіп өтуін, дамудағы жаңа сапаның пайда болу логикасын ашып көрсетеді. Сапа дегеніміз – объектіні анықтаушы, заттың, құбылыстың,процестің бірлігін тұтастығын, салыстырмалы тұрақтылығын, өз-өзімен тепе-теңдігін білдіреді. Сан – нәрсе мен құбылыстың есептелу параметрлері (сан, көлем, аумақ, салмақ, мөлшер т.б.), өлшеу мен есептеуге жататынның бәрі. Терістеуді терістеу даму процесінің бағытын, тенденциясын, ілгері басуды, жаңаның пайда болуы мен ескінің кейбір кезеңдерінің қайталануының салыстырмалылығын сипаттайды. Дүниеде ешқандай зат, құбылыс немесе процесс өзінен-өзі, «тақыр» жерде (на «голом» месте) пайда болмайтыны белгілі. Әр нәрсе өзінің алдындағы басқа бір нәрсе негізінде пайда болады, яғни жаңа ескінің негізінде пайда болады.Жаңа мен ескі қарама-қарсы. Олардың күресі барысында жаңаескіні жеңеді, басқаша айтқанда, жаңа ескіні терістейді.

 

15. Философиялық  антропология. Адам мәселесі әсіресе ХХ ғасырдағы ойшылардың философиясында аса үлкен орын алды. Адам – кім? Ол рух па, я болмаса дене ме? Ол не үшін Дүниеге келді? Адамның басқа тіршіліктен айырмашылығы қандай? Адам өмірінің мән-мағынасы неде? Ол өлімнен аттап өтіп өлместікке жете ала ма? Адам ғарышта жалғыз ба, я болмаса басқа рухани пәнделердің біреуі ғана ма? т.с.с. сұрақтар философия пәнінің антропологиялық жағын көрсетеді.

Орта ғасырдың ғұлама ойшысы А.Августин айтқанындай “адамның өзі Дүниедегі орасан тұңғиық, оның сезім толқыны мен жүрек тебіренісін есептеу адамның басындағы шашты есептеуден де қиын. Адамды микрокосм (кіші ғарыш) ретінде макрокосмға (үлкен ғарыш) теңеген ертедегі грек ойшылардың ойында үлкен сыр жатса керек.Әрине, философия пәнінің жоғарыда көрсетілген жақтары бір-бірімен өте тығыз байланысты болып белгілі біртұтас жүйені құрайды. Сонда ғана біз күрделі адам мен дүние арасындағы ең жалпы қарым-қатынастарын толыққанды суреттей аламыз.Алайда, әрбір адамның философияны оқып-білудегі, әсіресе, оны зерттеудегі ерекше бір салаға деген қызығушылығы болуы мүмкін. Әдетте солай болады да. Мысалы, жаратылыстану ғылымдарының өкілдері көбінесе болмыс философиясына (онтология), тәрбие мәселелерімен айналысатындар адам және құндылық философиясына (философиялық антропология мен аксиология), логика және математика салаларының өкілдері - таным философиясына (гносеология), өндіріске жақын әр-түрлі техникалық мамандар иесі – іс-қимыл философиясына (праксиологиялық философия) ерекше көңіл бөлуі мүмкін. Өйткені, атап өткен философия салалары олардың мамандығына, білім ерекшелігіне сай келеді. Бірақ, мұның өзі философияның басқа салаларын да ешқашанда естен шығармай, әрқашанда олардың өзара бір-бірімен байланысын мен біртұтастығын ескеріп отыруды талап етеді. Сонда ғана біз философиялық ой-өрістің шеңберінде боламыз. Егерде біз философияның белгілі бір саласын толығынан бөліп алып қарасақ, онда ол бірте-бірте жеке ғылымдар саласына қарай жылжып, өзінің философиялық қасиеттерінен айырылып, жеке ғылымдар саласымен сіңісіп кетуі мүмкін. Философия өз-өзін сақтап қалу үшін “Адам мен Дүниенің² шегіне жеткен ең жалпы қарым-қатынастарының шеңберінде әрқашанда болуы керек. Бұл философияның ерекшелігі оның негізгі мәселесін шешу арқылы анықталады.

Философияның өзі пайда  болғаннан бері адам белгілі бір  өлшемде оның тану, зерттеу объектісі болды. Адам мәселесімен Сократтан бастап көптеген философтар айналысты. XX ғ. басында философиялық антропология деген мол ықпалды ағым дүниеге келді. Оның назарының ортасында – адам проблематикасы, ал басты идеясы – адамның интегралды концепциясын (тұжырымдамасын) жасау, сөйтіп шын мәнінде барлық философиялық проблемаларды қою мен шешудің амалдарын табуға тырысады. Философиялық антропологияның элементтері К.А.Гельвеций, И.Г.Гердер, Л.Фейербах, К.Маркс ілімдерінде кездеседі, ал оның негізін қалаушылар М.Шелер, А.Гелен, Г.Плесснер, Э.Ротхакер болып есептеледі. Бұл ағымның өзінің ішінде бірнеше бағыттар бар (экзистенциалдық антропология – К.Ясперс, М.Хайдеггер, Ж.-П.Сартр; персоналистік антропология – Э.Мунье, П.Риккер; мәдени- философиялық антропология – Э.Ротхакер, М.Ландман, Э.Кассирер; психо-аналитикалық антропология – З.Фрейд, К.Г.Юнг, А.Адлер, Э.Фромм; структуралистік (құрылымдық) антропология – К.Леви-Стросс, М.Фуко, Ж.Лакан, діни антропология – К.Войтыла, К.Варт т.б.). Адамның шығу тегі Концепциялары: Жаратылу концепциясы,Ғарыштық концепция,Эволюциялық Концепция. Жаратылу концепциясы бойынша адамды жаратушы Құдай немесе біздің санамызға симайтын басқа күш болып саналады.Ғарыштық концепция адам баласы жоғары дамыған өркениеттерден Жер планетасына «эксперимент» ретінде ғарыштан жіберілген деп есептейді. Эволюциялық концепция материяның ішкі потенцияларының өрістеуі нәтижесінде адамның табиғи, эволюциялық шығуы туралы теорияны ұсынады. Адамның қалыптасуы туралы әртүрлі көқарастар бар (Дарвин және т.б.). Диалектикалық-материалистік философия келесі қағидаларды жақтайды:

- адамның қалыптасуында  еңбек шешуші роль атқарды;

- адамның және қоғамның  қалыптасуы – бұл материяның

қозғалыстың биологиялық  формасынан әлеуметтік формасына

ауысуы. Бұл ретте қозғалыстың биологиялық формасы, әрине,

жоғалмайды, ол диалектикалық  мағынада әлеуметтік формамен

«алынады» («снимается»);

- адам қалыптасқаннан  кейін оның дамуы әлеуметтік

факторлардың анықтаушы, шешуші ықпалымен өтеді (алғашқыда

адамдар табиғат нәрселерін – таяқ, тас т.б. – еңбек құралдары ретінде

пайдаланса, кейін әрі  қарай қоғамның, адамның өзінің дамуы

барысында жасанды еңбек  құралдары пайда болды және олар үнемі

жетілдіріле түсті; білім, ғылым, мәдениет, техника т.б. дамыды). Философия тарихындағы адам

концепциялары: Мифологиялық және діни-идеалистік көзқарас,Қайта Өрлеу дәуірі және неміс классикалық философиясы,Диалектикалық-материалистік философия. Адамның басты белгілері: Жанданушылық (одушевленность),Әрекетшілдік (деятельность),Әлеуметтілік (социальность). Адам екі жақты (двойственен) – дене мен жаннан тұрады деген түсінік ерте замандардан бері, мифологиялық дүниетанымнан бастап болды. Көп уақыт бойы адамдағы ең басты – жанданушылық, сана,

ақыл деп бекітіліп  келді. Діни-идеалистік дүниетанымда адам жаны жоғары, құдайшылық бастамасының көрінісі ретінде түсінілді.Дене өледі, жан мәңгілік.

 

16.Философиядағы  ақиқат мәселесі. Таным процесінде білім тек қана алынып (табылып) қойылмайды,сонымен бірге бағаланады. Білімді әртүрлі тұрғыдан бағалауға болады: пайдалылығы, маңыздылығы, қолданылмалылығы және т.с.с. Бұл жерде басты проблема – білімді оның ақиқаттығы немесе жалғандығы (өтіріктігі) тұрғысынан бағалау. Ақиқат туралы мәселе–таным теориясының орталық мәселесі. Гегель былай деп жазған: «Ақиқат деген ұлы сөз және одан да гөрі ұлы іс. Егер адамның рухы және жаны әлі сау болса, онда осы сөздің дыбыстарын естігенде кеудесі жоғары көтерілуі керек».Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Таным нәтижелерінің практикалық қызметте жетістікпен колданылуы тек алынған білім дәйекті, ақиқатты болғанда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Акиқат туралы мәселе, тиісінше, таным теориясындағы аса маңыздылардың бірі. Ақиқат — білімнің пәніне, нағыздығына сәйкестігі. Ақиқаттың объективтілігі — тұлғаның талғамы мен зауқынан, жекелеген коғамдық қозғалыстар мен партиялардың корпоративтік мүдделерінен, жалпы адамның санасынан тәуелсіздігін айғақтайтын оның бірінші, бастапқы белгісі. Ақиқатқа қол жеткізу субъекті мен объектінің өзара кайшылықты әрекеттесуінен жүзеге асырылады. Сондықтан бұл әрекеттесудің; нәтижесінде (таным үдерісінде) объектінің де, субъектінің де әсерінен тұрады. Акиқатқа қажетті бейнеде таным үдерісінің объективті және субъективті құрауыштарының бірлігі көрініс береді: объект болмаса, білім өзінің мазмұнын жоғалтады, ал білуші адамсыз — субъектісіз білімнің өзі жоқ. Рас, нағыздыктың білуші субъектіге тәуелді емес екендігі белгілі. Объективті шынайылықтың өзінде ешкандай ақиқат жоқ, онда тек өзінің қасиеттері бар нәрселер ғана бар. Ақиқат осы шынайылықты адамдардың тануының нәтижесінде пайда болады. Ол танылатын шынайылык туралы субъектінің білімі болып табылады. Сондықтан объективтік білім неғұрлым толығырак болса, соғұрлым таным субъектісінің белсенділігі жоғары болады. Бұған байланысты мынаны айтуға болады: ащщат — объективтілік пен субъективтіліктів; бірлігі, объективті шынайылықтың субъективті бейнесі. Ақиқат деген-үдеріс, ол объектіні бірден, түтасымен және толык келемде түсіну. Ақиқатка бірден және түтасымен қол жеткізу мүмкін емес, оның күрделі үдеріс екендігін сезіп түсінуге адамдар біртіндеп келді. Акиқатты біртіндеп дәлдеу және тереңдету үдерісін белгілеу және сипаттау, оның объективті мазмүнын толыктыру үшін "абсолютті ақиқат және салыстырмалы акикат" үғымдары енгізілген. Абсолютті ақиқат деп езінің мазмүны бойынша бейнеленіп отырған объектісіне абсолютті сәйкес келетін бішмді айтамыз. Мүндайда білімның деңгейі абсолютті, демек, толық, дәл, ақырына дейін. Абсолютті ақикат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын айғақты акикатты айтуға болады ("Абай Құнанбайұлы 1845 —1904 жылдар аралығында өмір сүрген"). "Мәңгілік" ақиқатқа болашақта ешқашан теріске шығарылмайтын ақикаттар жатады. Мысалы: "Барлық адамдар өледі", "Ай Жерді айналады", "Материяның және қозғалыстың жасалмайтыны және жоғалмайтыны" туралы философиялық ұстаным, т.б. Алайда танымда абсолюттік акикатка жетуді нақты нәтиже дегеннен гері, ғалымдар кол жеткізуге тырысатын идеал деуге болар. Сондықтан ғылымда салыстырмалы ақиқатты көп пайдалануға тура келеді. Салыстырмалы ақиқат деп өзінің барлык объективті мазмұнымен аякталмағандығы, толык емес екендігі көрінетін, ертелікеш бұдан өрі дөлдеуді кажет ететін білімдерді айтамыз. Былайша айтканда, салыстырмалы акикат нағыздыққа жақын, оған едәуір сәйкес келетін, бірак толык емес акиқат.

 

17.Бейклассикалық философия тақырыптары және бағыттары. Батыс философиясы үшін ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасыр дәуірдің өзіндік санасы айқын көрініс тапқан және тарих пен мәдениет дамуының логикасы бұрынғыдан өзгеше түсіндірілген неше түрлі бағыттарға толы ерекше кезең болды. ХІХ-ғасырдың соңынан бастап Батыс философиясында философияның жаңа, классикалық емес типі қалыптаса бастады және ол ХХ-ғасырда қарқынды дамыды. Оның құрамына неотомизм, тстенциализм, позитивизм, постмодернизм, структурализм және тағы басқа бағыттар кіреді. Оларға белгілі бір деңгейде тұтастық тән деуі болады, бірақ айқын білінетін ерекшеліктері де бар. 
ХХ-ғасыр философиясының қалыптасуы шарттары туралы айтсақ: 
1) ХХ-ғасырда Европа басынан кешкен тарихи-әлеуметтік өзгерістер әсіресе бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстар қоғам мүшелерінің бойында үрей мен қорқыныш, адамзат пен жеке адамның болашағына деген сенімсіздік туғызды; 
2) Қоғам дамыған сайын оның өміріндегі қарама-қайшылықтар күшейе түсіп, адамзат пен өркениеттің алдында шешімі қиын, жаңа діни ұлттық, этникалық мәселелер пайда болды, оларды шешуге дәрменсіз қоғамды дағдарыс жайлады; 
3) Бұл қоғамдық дағдарыс жеке адамның жаттануы мен өгейсінуін ту-ғызды, себебі қоғам тұлғаның ішкі дүниесі мен оны мазалаған мәселелер туралы бас ауыртпады; 
4) Бұрынғы философиялық жүйе ХХ-ғасыр адамын толғантқан сұрақ- тарға жауап беруге қабілетсіз еді, «Жалпы адам дегеніміз не?» деген сұрақ- пен шектелмей, «Мен кіммін?» сауалын қоятын философиялық бағыттарға қажеттілік туды. Осындай бағыттардың бірі – психоанализ – ХІХ-ғасырдың соңында психиатрия шеңберінде истерияны, невроздарды «катарсис», өзін-өзі тазарту методы ретінде пайда болып, кейінірек австриялық невропатолог Зигмунд Фрейд (1856-1939) адамның жанының тылсым байланыстары мен негіздерін зерттеуге бағытталған психологиялық доктринаға айналдырған ілім. Психоанализдің гуманистік психоанализ немесе неофрейдизм деп ата-латын бағытының негізін салушы неміс-американдық философ, психолог. социолог Э.Фромм (1900 -1980) Фрейдтің биологизмін, либидо теориясын. табиғилық пен әлеуметтікті қарама-қарсы қоюын, психологияны философия мен этикадан бөлектеуін сынады. Позитивизм – қазіргі заманғы таным теориясынын бағыты. О негізін қалаушы – француз философы Огюст Конт (1798-1857). Позитивистердің пікірінше, «болмыс», «материя», «сана» және т.б ұғымдарға, страктылық ойлауға сүйенетін дәстүрлі философия енді жарамсыз, бебі, тек тәжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат, нақты, жаратылыстану ғылымдарына математикаға жақын философия ғана ақиқат философия. Постмодернизм – монизм философиясын терістеп, плюрализм фи-лософиясын, табиғат пен қоғамдағы көптік, сантүрлілік идеясын жария еткен, қазіргі заманғы мәдениеттің мазмұны, ойлаудың және ізденістің жаңа стилі көрініс тапқан философия. Негізгі өкілдері: орыс филосотары Е.П.Блаватская (1831-1891), Д.Л.Андреев (1906-1959), Г.Г.Шпет (18 1940), француз философтары Поль Рикер (1913) және Жак Деррида (19 2004), американдық жазушы-философ Карлос Кастанеда (1925). Өмір философиясы – Батыс философиясының белгілі, өкілдері өте көп бағыттарының бірі сөп бағыттарының бірі. Өмір философиясы өмірді дүниенің бір бөлігі ретінде ғана қарастырумен шектелмей, оны дүниенің бір бөлігі қақ ортасына қояды, өмір ұғымына сүйене отырып, дүние мен өмірді толық түсінуге талпыныс жасайды. Өмір филосолософияның міндетін тек осылай түсіндіреді, себе мәселесін зерттейтін ғылым болса, адам үшін өмірден жоқ деп есептейді.Өкілдері: С.Кьеркегор, Артур Шопенгауэр, Фридрих Ницше, Жан Поль Сартр. ХХ-ғасырдағы философиялық ағымдардың тағы бірі – неотомизм, немесе жаңа томизм – католик шіркеуінің философиясы, қазіргі заманы діни философиялық ағымдардың арасындағы Батыс Европада ғана мес. бүкіл әлемге ең танымалы және беделдісі. Неотомизм орта ғасырың діни философы Томас Аквинскийдің іліміне негізделген. Структурализм – ХХ-ғасырдың 60-жылдары Францияда қалыптасқан. лингвистика ғылымымен тығыз байланысты, өзінің негізгі философиялық-методологиялық міндетін адамның рухани-мәдени қызметінің игілі бір тарихи кезеңдер үшін жалпылық сипатқа ие болатын жемістерін зерттеу, баяндау және түсіндіру деп анықтайтын ағым. Басты өкілдері – К.Леви-Строс, М.Фуко.К. Леви-Строс (1908). Герменевтика – түсіну туралы, рух туралы ғылымдарды ғылыми менгеру туралы ілім. Терминнің өзі көне Грецияда пайда болды, алынған хабарды белгілі бір ережелер мен интуицияға сүйене отырып түсіндіру өнері дегенді білдіреді.

Информация о работе Шпаргалка по "Философии"