Шпаргалка по "Философии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 18:26, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Философия"

Файлы: 1 файл

filosoffia_shshpor.doc

— 468.00 Кб (Скачать файл)

49.Сананы  материяға,жанды энергияға теңейтін  бағыт дұрыс па? Философиялық  талдау. Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі, түсіндіруге 
қиын мәселелердің бірі, себебі сананы керу, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерек-шелігін көрсететін факторлардың бірі, сана арқылы адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге асырылатыны күмәнсіз. Сондықтан да философия тарихында «сана», «жан», «бейсаналық» ұғымдарының төңірегінде үнемі пікірталастар жүріп отырды және олар қазір де жалғасуда. 
Сапаны түсінудегі әр түрлі көзқарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады: 
материалистік – сананы материяның дамуында пайда болатын табиғаи қасиеті деп түсіну; 
2) идеалистік – сананы материяға жат, одан алғашқы, жаратылстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп ұғыну. 
Жаратылыстану ғылымдарының дамуының нақты жетістіктері саңаның мәні, генезисі туралы сауалдарға жауап берді деп айтуға болады Түйіндеп айтсақ, сана туралы ғылыми көзқарас мынадай: сана ерекше түрде ұйымдасқан материяға – адам миына ғана тән қасиет. Оның дәледі ретінде адамның миы зақымданғанда оның ойлау, психикалық қызметі бұзылатынын айтсақ жеткілікті. 
Сананың табиғаты қоғамдық, яғни ол тарихи эволюция нәтижесінде қоғамда қалыптасты және сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін болмақ. Сананың қалыптасуының алғышарты ретінде еңбекті атауға болады. Еңбектің арқасында адам өзінің күнделікті өмір сүруіне және табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті нәрселерді жасады, табиғат заттарының жаңа қасиеттерін ашты, ой-өрісін кеңейтті, еңбек құралдарын бірте-бірте жетілдіре түсті. Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған адамдарды жақындатты, олардың бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды, араласу құралы ретінде тіл пайда болды. Еңбек пен тіл адамның миын, сезім органдарын дамытты, есту, көру. сезу, қабілетін күшейтті, санасын қалыптастырды. Абстракциялауға, тұжырым жасауға құштарлық еңбек пен тілге қайта әсер етті, оларды

50.К.Поппер  бойынша «кез келген теория  эксперимент арқылы жалғанға  айналатын гипотеза». Осы тұжырымдама  дұрыс па? К. Поппер – ғылымның философиялық концепциясын жасаушы. Поппер неопозитивизмнің ғылыми сөйлемдерді верификациялау концепциясының сәтсіздігін заңды дейді. Еске сала кетейік, неопозитивизм – көрінген ғылыми теория тәжірибеден алынуы керек деген қағиданы ұстанады. Ғалымдар жаналықты ашқанда фактіден теорияға өтпейді, керісінше гипотизадан жалқы пайымдауға өтеді, яғни гипотетико-дедуктивті әдісті пайдаланады дейді. Поппер ғылыми принциптерді фактілер арқылы тексере алмайсын. Сынау үшін оған сәйкес келетін фактілерді іздеу емес, керісінше оны жоққа шығаруға талпыну керек. Сонымен, К. Поппер ғылыми біліммен жалған білімді айырып алу үшін фальсификация принципін ұсынады. Ғылым мен философия, К. Поппердің пікірінше әртүрлі бір – біріне ұқсамайтын құрылымдар. Философиялық тұрғыдан ғылыми ақиқаттылықтың жолы жалған білімдерден әлсін-әлсін тазарып отыру. Оған мысал ретінде Поппер марксизм философиясын алады. Алғашқы кезеңде марксизм концепциясында ғылымилықтың белгісі болған, өйткені оның кейбір қағидаларын жоққа шығаруға болған болар еді. Кейіннен, қайшылықтары айқындала бастағанда, теорияны “құтқару” мақсатында ол қайшылықтарды түсіндірумен айналысып фальсификация принципін бұзды.  Сондықтан, К. Поппер марксизмді жалған теория деп есептейді. Философия ғылым емес, өйткені оның пайымдауларын жоққа шығара алмайсын, бірақ оны мағынасыз деп айта алмаймыз. Фальсификация принципі арқылы ғылым мен философияның арасын ажыратамыз. Осы принцип, философиялық білімдер жүйесін керексіз, мағынасыз деп жоққа шығармайды. Философия, К. Поппердің пікірінше ғылыми прогресстің қозғаушы күші. Осы пайымдаулардың авторының философияны жақтап шыққаны байқалады, басқа позитивистер сияқты оны жоққа шығармайды, бірақ философияның пәні тарылған. Философия ғылым болғысы келсе сынмен айналасуы керек. Философиялық іс-әрекет “сыни рационализм” өкілдерінің пікірінше тек сындарлы әрекет. Сонымен, К.Поппер ғылымды теориялық деңгейде тұтас жүйе ретінде талдауды ұсынады. Көрінген теория, ғылым статусын сақтағысы келсе, тәжірибе арқылы бекерге, жоққа шығарылуы керек. Егер теория жоққа шығарылмаса, оны ғылым дей алмаймыз. Фальсификация принципінде кейіннен сынға ұшырайды. Теорияны жоққа шығару – оны фальсификацияға ұшырату емес, фактілерді жақсы түсіндіре білетін басқа теориямен ығыстыру. Осы мақсатпен ғылымды эмпириялық және теориялық деңгейде ғана қарастырмай,ғылымилықтың мазмұнды нормаларын беретін метатеориялық деңгейде де қарастыру керек деген ұсыныс болды.

51.Жаңа  технологиялар мен біздің табиғатқа  сай «әлеуметтік сұраныс» арасындағы  байланысты көрсетіңіз. Жаңа технологиялар уақыт өткен сайын қуса жеткізбестей қарқынмен дамып жатыр. Бүгін үйренген білімің ертеңгі күні жарамсыз болып қалса, таң қалуға болмайды. Тарихтағы алғашқы компьютерлер үлкен бір бөлменің көлеміндей алып болған болса, қазір көзге көрінбестей қалыпта жасалуда. Ақпараттық технологиялар саласындағы бәсекелестік дүниеге жаңа, тың, әрі қолжетімді техника мен технология түрлерін әкелуде. Әлемдегі ең алпауыт компаниялардың қатарындағы алғашқы орындар АҚШ және Жапон комапанияларына бұйырады.Жаңа технологиялардың арасынан дисктердің даму процесіне көз салсақ, өткен ғасырдың сексенінші жылдарындағы IBM 3380 Disc Sysytems құрылғысының ақпарат сақтау қабілеттілігі небары 2,5GB болды. Ал қазіргі күндердегі бір ғана MicroSD Card-тардың сыйымдылығы 32GB. Сыйымдылығы жағынан көлемі жағынан да бағасы жағынан да екеуінің айырмасы ”жер мен көктей” деңгейде.Жаңа технологияларр күннен күнге дамып келе жатыр.Себебі неше түрлі техника атап айтқанда компьютерлердің әртүрлі түрлері,әртүрлі программалар жаңаруда.Табиғатқа деген әлеуметтік сұраныс дегеніміз адамның күнделікті өміріне қажетті заттар.Мысалы біз табиғаттың өнімдерін пайдаланамыз.Су,ауа,жылу бәрінде табиғаттан аламыз.Жануарларды азық ретінде пайдаланамыз.Бірақта табиғаттың байлықтарын орнымен пайдаланып,болашақтыңда қамын ойлау керек.

52.Жаттанудың осы замандағы формалары мен шешу жолдарын талдаңыз. Жаттану — кейбір демократиялық емес қоғамдардағы адамдардың өздері жасаған, өз іс-әрекеті туындыларының өздеріне үстемдік етуін, өздеріне қарсы тұратын жат күшке айналуын білдіретін философиялық категория. Жаттану адамдардың қоғамдағы өзара қатынастарының, олардың практикалық қызметтерінің сол адамдардың өздерінің қатынастары емес, қоғамдағы заттардың қатынастары болып көрінуі. Жаттану — қоғамдағы еңбек бөлісінің қарама-қайшылықты дамуының нәтижесі. Қоғамдағы еңбек бөлісінің мұндай дамуы оның көптеген салаларын бір-бірінен алыстатып, тіпті әуел бастан бұл салалардың әрқайсысы дербес процестердей сипат иеленеді. Оқшауланған әрекеттер атқаратын адамдар да ортақ істерге өз ісіндей қарамайды. Ортақ істер әркімнің ұмтылатын мақсаты болудан қалып, адам әрекеті тек өзіндік, тек өзіне ғана керек мақсатқа жетудің құралына айналады. Яғни, мұндай қоғамдағы жалпы процесс адамдардың өз іс-әрекеттерінің жемісі болып көрінбей, керісінше, өз мүддесі үшін адамдарды пайдаланатын, оларға жат қозғалыс болады. Адамдар субъект емес, объектінің функциясын атқарады. Өзіне қызмет етуге жаратылған нәрсенің өзіне үстемдігін нығайтуды адамдар өз өмірінің түп мәніне айналдырады. Материалдық байлық адамға қызмет үшін емес, керісінше, байлық үшін өндіріле бастағанда кері айналу немесе “затқа айналу” процесі жүреді. Қоғамдағы субъектілерді дәнекерлеуші орган болып табылатын мемлекет те бәріне қызмет істейтін органнан енді бәрін өзіне қызмет еткізетін органға айналады. Ол енді адамдардың бәрінің ортақ ырқына бағынудан бәрін өзіне бағындыратын ырықтың өзіне, яғни ешкімнің ырқы емес ырық болып өзгеріп, бастапқы қатынас кері айналады. Адамдардың бәрінің ортақ ырқының орнына тек ырықтың өзінің ырқы шығады. Тарихтағы абсолюттік монархия, фашистік және кеңестік саяси құрылыстар осындай жаттанудың немесе адамның өзіне жат болған оның басқару функциясының түрлері болып саналады.

53.Глобальді  мәселелердің философиясы.Себептері  мен шешу жолдары. Адамзат дамуының қазіргі кезеңінің ерекшелігі – әлемдік (ғаламдық, жаһандық), глобальды (лат. globus – жер шары) проблемалардың пайда болуы. Олардың қалыптасуы адам қоғамының өзінің эволюциясымен, оның ішінде елдердің, мемлекеттердің соңғы он жылдықтардағы экономикалық, саяси және әлеуметтік үрдісінің өзгешеліктерімен, әсіресе қазіргі ғылыми-техникалық революциясымен тығыз байланысты. Бұл проблемалар қоғам өмірінің барлық салаларын, елдердің басым көпшілігін қамтиды және оларды шешу үшін тіпті ең күшті дамыған мемлекеттің де шамасы келмейді, ол үшін көптеген мемлекеттердің немесе бүкіл адамзаттың күш-қуатын жұмылдыру керек. Сондықтан да осы проблемалар әлемдік (глобальды) деп аталады. Айтатын тағы бір ерекше жағдай - әлемдік проблемалар жер бетінде өмірдің, тіршіліктің әрі қарай жалғасуына, адамзат баласының болашағына үлкен қауіп төндіріп тұр, гамлеттік «болу не болмау?»сұрағы күн тәртібіне қойылуы мүмкін. Басқаша айтқанда ең басты құндылық - өмірді, тіршілікті сақтау, адамзаттың аман қалуын қамтамасыз ету ғаламдық проблемалардың оңтайлы шешілуіне байланысты деуге болады. Көптеген ғалымдар, қоғам, мемлекет қайраткерлері, әртүрлі халықаралық, аймақтық ұйымдар осы проблемаларды терең, жан-жақты зерттеумен айналасуда, тығырықтан, тұйықтан шығудың жолдарын іздестіруде (мысалы,«Рим клубы»). Сөйтіп, ғаламдық проблемалардың себептерін және оларды шешудің жолдарын зерттейтін глобалистика пайда болды. Әлемдік проблемалардың құрылымы (топтары): Мемлекеттер арасындағы қатынастар(интерәлеуметтікқатынастар):Терроризммен күрес,Соғыс және бейбітшілік проблемасы,Әлеуметтік-экономикалық проблемалар,Кейбір аймақтар мен елдердің артта қалған проблемасын жою,Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін рационалды пайдалану және оның негативті салдарларын бейтараптандыру (нейтрализация) проблемасы. «Адам - қоғам»жүйесінің проблемалары: Денсаулық сақтау проблемасы,Білім проблемасы,Демографиялық проблемалары,Адамды жан-жақты дамыту проблемасы,Адамзаттың болашағын болжау проблемасы. «Табиғат - қоғам»жүйесінің проблемалары: Экологиялық проблемалар кешені(жер, су, ауа және т.б.),Ресурстар проблемасы,Энергетика проблемасы,Азық-түлік проблемасы,Ғарышты (космосты) игеру проблемасы. Әлемдік проблемаларды шешу жолдары: 1)Жерде ядролықсыз, зорлықсыз, көпполярлы әлемді, бейбітшілікті орнату, онда мемлекеттераралық қатынастар мен ғаламдық сипаттағы мәселелердің бәрі түгел халықаралық қауымдастық орнатқан нормаларға сәйкес шешілсе;2)қайбір елдің немесе топ елдердің уақытша әп-сәттелік (сиюминутный) пайдаларынан бүкіладамзаттық құндылықтардың басымдылығы, әр елдің халқының өзінің болашағын таңдау еркіндігі, әлемнің барлық елдерінің экономикалық және экологиялық өзара тәуелділігін жете түсіну; 3)дамыған және дамушы елдердің арасындағы терең дисбалансты (теңсіздікті), тұтастай адамзат өркениетінің бір қалыпты дамымауын жою; 4)жаңаша ойлауды қалыптастыру және тарату, соның нәтижесінде әлемде нәтижелі диалог, кез келген қайшылықтар мен жанжалдарды, үлкен сол сияқты кіші халықтардың мүдделерін ескере отырып, бейбітшілік жолмен шешу орын алуы керек.  

54.Философиялық дискурс:адамның  табиғаты мен өмір сүру мәні. Дискурс (фр. discours) — тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурс дегеніміз уақыттың мәдени тілдік контексті. Дискурс — сөйлесу арқылы берілетін ойдың әлеуметтік ястарына талдау беретін үғым. Дискурс адамдардың сөйлеу арқылы жасаған қарым-катынасынан кейін ғана мағынасы болады, яғни мағынасы мен белгісін, сөз бен ойдың бірлігін айқындайды. Дискурс ұғымы XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап философияда кеңінен қолданыла бастады. Тұңғыш болып «дискурс» ұғымын Ю. Хабермас өзінің «Коммуникативтік компетенция теориясына дайындық» атты еңбегінде қолданған болатын. Содан бері бұл термин батыстық философияда кең қолданылып жүр. Хабермас «дискурске» мына төмендегідей белгілер тиесілі деп қарастырады — қарым-қатынасқа, сұхбатқа имманентті (іштей тиесілі), сол кезеңнің қоғамдық өмірінде қалыптасқан нормалар, ережелер және негізгі құндылықтар жинағынан тұратын идеологиялық тіл. Ондағы идеология деп отырғанымыз жалпы белгілер жүйесі деген мағынада қолданылып отыр.

 

55.Қазіргі  әлемдік әлеуметтік-экономикалық  дағдарыс мәселесі.

 

Экономикалық дағдарыс – дағдарысты, тоқырауды, жандануды және өрлеуді дәйекті түрде қамтитын ұдайы өндірістік цикл кезеңдерінің бірі. Нарықты жағдаяттың күрт құлдырауымен, ұлттық экономиканың тұрақсыздануымен, қоғамдық ұдайы өндірістегі үйлесімсіздіктің күшеюімен сипатталады. Экономикалық дағдарыс тауар капиталын артық өндіруден (сатылмаған өнімдердің өсуі), өндірістік капиталдың артық қорлануынан (өндірістік қуаттардың толық қуатпен жұмыс істемеуінің көбеюі, жұмыссыздықтың өсуі), ақша капиталының артық қорлануынан (өндіріске жұмсалмаған ақша санының көбеюі) көрініс табады. Өндіріс шығындарының өсуі, баға мен пайданың, жалақының төмендеуі, халықтың қалың жіктерінің тұрмыс деңгейінің құлдырауы экономикалық дағдарыстың жалпы нәтижесі болып табылады. Дағдарыс – нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу тетігінің аса маңызды нышаны. Ол шет-шегін тауып қана қоймай, сонымен бірге ынталандыру міндетін де орындай отырып, экономиканы дамытуға серпін береді. Циклдік дағдарыс халық ш-ның барлық аясын қамтиды. Тұрақты сипаты жоқ дағдарысқа аралық, ішінара, салалық, құрылымдық дағдарыстар жатады.Экономикалық дағдарыс әлеуметтік жағдайға да әсер етеді.Экономика тұрақты болмаған жағдайда,халықтың әлеуметтік тұрмысыда құлдырайды.Жұмыссыздық орын алады. Әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың себептері экономиканың бірқалыпты болмауы.Себебі әлемдегі қайсыбір мемлекетті алсақ,тіпті дамыған мемлекеттердің өзінде экономика бір кезде құлдырып,бір кезде шарықтау шегіне жетіп отырады.Экономикалық құлдырау кезінде,меммлекеттік қаржылық жағдайы нашарлайды.Халықтың арасында жұмыссыздар саны көбейеді.Экономикаға әрбір мемлекеттің өнеркәсіп жағдайы,импорт,экспорт әсер етеді. Қазақстанның дағдарыс мәселелірін шешуге бағытталған іс шаралары.«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» . Әлеуметтік-экономикалық дағдарысты шешу жолдары: жұмысқа тартылу, Қол жетімді баспана, Өңірлерді дамыту, Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, Басқарушылардың білікті саяси табын дайындау , Сот және құқыққорғау жүйелерін жаңғырту, Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі, Зейнетақы жүйесін жетілдіру, Индустриалды-инновациялық жобалар, Ауыл шаруашылығын дамыту.

56.Қазіргі  кванттық физикадағы объктивті  реалдылық мәселесі. Философиялық  талдау. Квант ( нем. Quant, лат. quantum – қанша) – физиканың бөлінбес негізгі бөлімі.

табиғаты дискретті (үзілісті) физикалық шаманың мүмкін болатын өзгеруінің ең кіші мөлшері;

әсер кванты – негізгі физикалық тұрақтылардың бірі;

қандай да бір физикалық  өрістің қасиетін тасушы бөлшек.

(мысалы, электрмагниттік өрістің кванты – фотон, дыбыс тербелістері өрісінің кванты – фонон). Объективтілік реалдылық көпөлшемді, оның мәні мен формаларының арасындағы байланыс-қатынастарының сипаты сан түрлі қаситерге ие. Объективтік реалдылық идеалдық немесе материалдық қана емес, сонымен қатар мистикалық, эзотерикалық бола алады. Дүние ұйымдастырылған ғана емес, ретсіз, хаостық сипатқа да ие. Объективті реалдылық-әлемнің адамның сана сезіміне,ойына тәуелсіз өмір сүруі.Дүниені түсіну адамның айқындамасынан емес.

57.Эволюцияның  синергетикалық моделі мен диалектиканың  негізгі заңдарының арасындағы  байланысты көрсетіңіз. Синергетика (грек, synergtikos - біріккен әрекет) — пән аралық сипаттағы ғылым саласы; күрделі жүйелердің өзін-өзін ұйымдастыруы туралы ғылым, синергетикалық әдісті саяси ғылымда қолдану саяси өмірде өзін-өзі ұйымдастырудың күрделі тетіктерін зерттеуге көбірек көңіл бөледі; тепе-тең емес ашық жүйелердегі кооперативтік құбылыстарды зерттейді. Синергетика ұғымын 1971 ж. неміс физигі Г. Хакен енгізген. Синергетика саласындағы зерттеулер күрделі динамикалық жүйелердегі өзін-өзі ұйымдастыру үрдістерін зерттеумен байланысты. Синергетиканың зерттеу объектісі линейлі емес жүйелер. Шынайы жүйелердің басым көпшілігі де - дәл осы линейлі емес жүйелер.Синергетиканың жаңалығы қазіргі саяси дамудың түрақсыз сипатын білдіруінде. Синергетика негіздері И. Пригожинмен, И. Стенгерспен қаланған. Синергетика тұрғысынан әлемнің сан алуан болуы оның даму шарты, сондықтан саяси құбылыстарды талдауда сан алуан факторларды, саясатқа өмірдің басқа салаларының (экономика, экология, мәдениет, әлеуметтік сала, география, демография) ықпал ететінін есепке алу керек. Синергетика кез келген қарапайымдылықты немесе сан алуандылықтың төмендеуін ғылыми зерттеудегі бүрмалаушылық деп қарастырады. Басқаша айтқанда, синергетикалық әдіс зерттеушіні саяси үрдісті талдауда оның құрамдас бөліктерін талдаудан ғана емес, саясатқа саяси емес факторлар ықпалын да есепке алуын міндеттейді.Синергетикалық әдіснаманың негізін тиімділіктің жаңа түрі құрайды - линейлік емес ойлау немесе синергетикалық тиімділік. Синергетикалық теория өзін-өзі дамытушы жүйелерді ашық жүйе ретінде қарастырады. Диалектика заңдары: қайшылық заңы, санның сапаға ауысу заңы, терістеуді терістеу заңы. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы (немесе қайшылық заңы) бар барлықтың табиғаты бірдей бола тұрып өзара күресте және бір-біріне қайшылықта болатын қарама-қарсы бастамалардан тұратындығын білдіреді (мысалы: күн мен түн, ыстық пен суық және с.с.). Қарама-қарсы бастамалардың бірлігі мен күресі бүкіл бардың, тіршілік ететіннің қозғалысы мен дамуының ішкі қайнар көзін, ескінің жойылып, жаңаның пайда болу себептерін көрсетеді. Санның сапаға ауысу заңы дамудың, даму процесінің ішкі механизмін, тетігін, оның қалай, қайтіп өтуін, дамудағы жаңа сапаның пайда болу логикасын ашып көрсетеді. Сапа дегеніміз – объектіні анықтаушы, заттың, құбылыстың,процестің бірлігін тұтастығын, салыстырмалы тұрақтылығын, өз-өзімен тепе-теңдігін білдіреді. Сан – нәрсе мен құбылыстың есептелу параметрлері (сан, көлем, аумақ, салмақ, мөлшер т.б.), өлшеу мен есептеуге жататынның бәрі. Терістеуді терістеу даму процесінің бағытын, тенденциясын, ілгері басуды, жаңаның пайда болуы мен ескінің кейбір кезеңдерінің қайталануының салыстырмалылығын сипаттайды. Дүниеде ешқандай зат, құбылыс немесе процесс өзінен-өзі, «тақыр» жерде (на «голом» месте) пайда болмайтыны белгілі. Әр нәрсе өзінің алдындағы басқа бір нәрсе негізінде пайда болады, яғни жаңа ескінің негізінде пайда болады.Жаңа мен ескі қарама-қарсы. Олардың күресі барысында жаңаескіні жеңеді, басқаша айтқанда, жаңа ескіні терістейді.

Информация о работе Шпаргалка по "Философии"