Шпаргалка по "Философии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2012 в 21:03, шпаргалка

Описание работы

приведены шпаргалки по предмету "Философия"

Файлы: 1 файл

шпоор.docx

— 84.21 Кб (Скачать файл)

ЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕ) Ежелгі Үнді фил-сы:Философия өте ерте кездерде Көне Шығыста пайда болды: Үндіде, Қытайда, Египтте және Вавилонда. Бірақ тарихи себептерге байланысты Көне Египтте и Көне Вавилонда философиялық мектеп қалыптаспады. Ертеректе философиялық дәстүрлер мен мектептер Көне Үндіде қалыптасты.      Үнді философиясы  б.э.д.  II-I мыңжылдықтардың басында қалыптасты, ол кезде арийлердің (малмен айналысатын тайпалардың) халықты жаулап алуы, алғашқы қауымдық құрлыстың пайда болуы класстық қоғамның, мемлекеттің құрылуына әсер еткен еді. Әрбір осындай мемлекеттің басында  раджа тұрды, билік жериеленуші аристократ пен тұқымнан берілген брахмандардың қолында болды.    Алғашақыда көнеүнді қоғамы 4 негізгіә варнаға (сословияға) бөлінді:брахмандар (дін қызметшілері мен монахтар)кшатрилер (әскерилер  мен ертедегі тайпалардың танымаладамдары)вайшьилер(жерөңдеушілер, қолөнершілер, саудагерлер)шудралар (өндіргіш күш ретіндегі бұхара, тәуелді халық).    Мұндай варналарға бөліну дінде қалыптасып, кейін қоғамдағы касталық жүйеде негізделді.    Көне Үндінің рухани мұрасының, сондай-ақ философиялық ойлауының қалыптасуы мен дамуына ведалық әдебиеті әсер етті.Ведалар  гимндерден, құдайға табынудан, дуалаудан, құрбандық формаларынан және т.б. тұрады. Ведтерде ертедегі діни көзқарастар адам, әлем, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер тұжырымдалған. Ведтер 4 топқа (самхиттерге) бөлінген:Ригведа – Ведалық құдайларға арналған 1017 гимндер жинағы.Самаведа – құрбандық шалу кезінде Ригведаның гимндерін дұрыс айтуға үйрететін түсіндірмелер.Яджурведа – Ригведаның гимндері орындалатын ритуалдарды сипаттауАтхарваведа – құдайларға, демондарға, рухтарға арналған дұғалардың жиынтығы.Канондардың келесі бір бөлімідері:Брахмандар – Ведаларға түсіндірме.Араньяктар (орман тақуаларының кітаптары)- тақуаларға арналған ведалық түсіндірмелер. Упанишадтар (ізгі білімді тану үшін «ұстаздың аяқ жағында отыру») б.д.д. І мың. ж. шамасындағы діни-философиялық текстер болып табылады. Осы кездің өзінде-ақ философиялық сананың бастапқы элементтері пайда болды және алғашқы философиялық ілімдер қалыптасты (діни-философиялық және материалистік).     Ертеүнділік философияның дамуы белгілі бір жүйенің немесе мектептің негізінде дамыды, және оларды үлкен екі топқа бөлуге болады:1. Астика (ортодоксальды, яғни Вед авторитетін мойындайды)Веданта, Миманса, Санкхья, Ньяя, Вайшешика, Йога2. Настика (ортодоксальды емес, яғни Вед  авторитетін мойындамайды) Джайнизм, Буддизм, Локаята (Чарвака).Джайнизм (джина - жеңіс) негізін қалаған – Махавира. Жеңіс – ол адамның өзін-өзі жеңуі. Негізгі ұғымдары: тірі (джива), өлі (аджива), ізгі, күнә, жанның бұзылуы (ашрава), самвара – жанның тазалануы, тәуелдік, карманы бұзу – нирджара, босау. Джайнизмдегі «үш асыл»: - дұрыс сенім, дұрыс білім, дұрыс жүріс-тұрыс.  Джайнизмде адам өзін-өзі жеңу үшін бірнеше қағидаларды ұстану керек:Апариграха – дүние заттарына қызықпау, байланбау, самарқаулық;Сатья – ешбір қиындыққа қарамастан шындықты айту;Астья – ұрлық жасамау;Ахимса – қиындықтарп жөніндегі ілім, еш нәрсеге зәбірлік көрсетпеу.Нирванаға жету; нирвана – сананың өшуі, сөнуі, дүние қызығынан бас тарту.  Үнді философиясының онтологиясы Рита заңдарына сүйенеді – космологиялық эволюция, циклділік, тәртіп пен өзарабайланыс. Болмыс және бейболмыс Брахма-Космостың (Жаратушы-Құдайдың) дем алуымен немесе дем шығаруымен ұқсастырылады. Өз кезегінде, Космос-Брахма 100 космостық (жердегегі 8640000000 жыл) жыл өмір сүреді, одан соң ол өледі және абсолютті бейболмыс басталады, жаңа Брахма туғанша – 100 космостық жыл өтеді .Бар шексіз тарих – Космоса өмірі мен Абсолютті Бейболмыстың кезектесуі, бір бірімен әр 100 космостық жылда кезектесіп отырады. Әрбір жаңа Космоса-Брахманың туылуына байланысты өмір де барынша жетілген формада қайта туындайды.Дүние өзарабайланысты. Космос өміріне әрбір оқиға өз әсерін тигізеді. Эволюцияның мақсаты – материалды формаларды әр кезде өзгерте отырып барынша жетілген рухқа қол жеткізу.Көне Үнді философиясының гносеологиясының ерекшелігі заттар мен құбылыстардың сыртқы белгілерін қарастыру емес, заттар және құбылыстар әлемін түйсінгендегі санадағы процестерді тану болды. Көне Үнді философиясының кейбір маңызды ұғымдары:Атман - Болмыстың жоғарғы субъективті бастауы, жоғарғы рухани бастау.Джива -         кең мағынасында жан немесе өмір ұшқыны, монада, әлемдік              өмірдің бастамасы.Дхарма -        моральды заң, парыз, рухани ілім.Агни - от құдайы.Яма -       өлім құдайы.Рита - ғарыштық тәртіп.Карма -   себеп пен салдар заңы; жазалану; рок немесе тағдыр.Мукти(мокша) -      сансарадан және жергілікті кармадан босатылу, жоғарғы адамгершілік  бастамалар.Нирвана -     сананың жоғарғы рухани жағдайы, рухани болмыс сферасына жетумен байланысты.Пракрити -    материалды табиғат, материалды субстанция.Пуруша -       рухани табиғат; рухани субстанция; Абсолютті рух.Сансара -     қайта туылған жанның әруақытта  материалды және рухани әлем        шеңберімен жанның айналуы.

  Ертедегі Қытай философиясы:ерекшелігі,қарастырған мәселелері.

Өз уақытында Гегель айтқандай,Күннің өзі шығыстан шыққаннан кейін,біз  де философияның тарихын Шығыс елдерінен  бастаймыз.Көне шығыс елдерінің  бірі-ұлы Қытай елі.Ол бүгінгі таңда заманның қойған талабына сәйкес жауап тауып,өте тез дамып келе жатқан ел. Б.з.б. VIII-VI ғғ. Көне Қытайда құлиеленушілік қоғамның қалануы мен дамуында идеологияда екі  тенденция қалыптасты: консервативті және прогрессивті, мистикалық және материалистік. Бұл екі тенденция арасындағы күресте бес алғашқы элементтер (металл, ағаш, су, от, жер) туралы, қарама-қайшы бастамалар (Инь және Янь), табиғи заң (дао) туралы  қарапайым материалистік  идеялар кеңінен тарады және басқа да көзқарастар б.з.б  II-I мың жыл. білімнің нәтижесі еді.           

 Қытай философиясы халықтың  патриархалды тіршілігіне ұқсас  және практикаға нақты-әрекетпен  бағыталған. Қытай философиясында  Көне Үндідегіндей немесе басқа  халықтардікіндей бай мифологиялық  негіз жоқ.. Қытай философиясы  ең бастысы прагматикалық философия,  арғы дүнедегі емес,  осы дүнедегі бүгінгі күннің практикасына бағыталған.    

 Көне Қытайдың философиясының  алғы бастауы алғашқы қытай  жазба ескерткіштерінде, әсіресе  «Өзгерістер кітабында» («Ицзин»), Қытай  философиясының басталуын ұқтыртады.  Бұл кітап (сол сияқты. «Ши цзин»  - «Өлеңдер кітабымен» бірге) Үндістандағы Упанишад сияқты мәнге ие болды.

 Көне Қытай философиясының  тағы да бір ерекше ағымы-ол Фа-цзя мектебі(«Фа»-заң).Бұл ағым,негізінен алғанда,конфуциандық ілімге қарсы бағытталған(әсіресе оның адам,мораль мәселелеріне)ілім.

Фа-Цзя мектебінің негізін қалаушы-Хань-Фэй-Цзы(280-233б.ғ.д.)         

 Көне Қытай философиясындағы  жоғарғы маңызға ие болған  даосизм мен Конфуций ілімі  болды.   

 Даосизм –  Лао-цзы құрған ілімі, Дао – заттардың жолы. Даосизмді негіздеушінің негізгі идеясы табиғат пен адам өмірі «аспан әмірімен» басқарылмайды, белгілі бір жол – даодан пайда болады.  Дао – бұл заттардың табиғи заңы, Ци (ауа, эфир) субъстанциясымен бірге әлемнің негізін құрайды. Әлемдегінің барлығы қозғалады, дамиды, үнемі өзгерісте болады. Даму қалай жүрсе де, адалдық әруақытта жеңеді. Заң солай. Адам заттардың табиғи жолына араласпауы керек.    

 Лао-цзы идеясы «Доа дэ  цзин» атты кітабында б.з.б. V-III ғғ. пайда болған, оның жалғасы  б.э.б. I ғ.    

 Конфуцийшілдік. Бұл ілімнің  негізін қалаған көрнекті ойшыл,  саясатшы - Конфуций (б.д.б. 551-479 ж.ж.) болған. Конфуция көзқарастары «Лунь  юй» («Әңгімелер мен пайымдар»)  атты кітапта берілген. Конфуцийшілдік  – бұл, ең алдымен моралдық-этикалық  ілім, әрбір адамның дүниедегі  алатын орны туралы сұраққа  жауап іздеді. Конфуцийдің адамның  қоғамдық өмірдегі жүріс-тұрысының  алтын ережесі: өзіңе қаламағанды  өзгеге жасама.

 Әрине,Қытай философиясында  материалистік ағымдар да болды.Мысалы, «ци»ұғымы Демокриттің «атом»ұғымымен  тең,олар көзге көрінбейтін,әртүрлі  салмақты ұсақ бөлшектер.

Дегенмен Қытай философиясында идеалистік ағымдар басым болып,негізгі  философиялық толғаулар адам мәселесіне,қоғамның әлеуметтік-саяси жақтарына,басқару жүйесіне,моральдық сұрақтарға арналды.

ЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖ

Жаңа заманның рационалистік және эмпирикалық  дәстүрлері(Ф.Бэкон,Р.Декарт)

. XVII ғасырдан бастап жаратылыстану ғылымдары қауырт дамыды, сондықтан философияның ғылыми жаратылыстық алғышарттары қалыптасып, философия  схоластикалық ойлаудан діннен толығымен арылды, ақылыдың құдіретілігі мен ғылыми зертеулердің шексіз мүмкіндіктері туралы айтқан ілімдер қалыптасты.    

 Жаңа заман философиясына  жаратыластанудың тәжірбесінен  туындаған материалистік тенданция  тән.    

XVII ғасыр Еуропаның философиясының  ірі өкілдері Ф. Бэкон, Т.  Гоббс и Дж. Локк (Англия); Р. Декарт (Франция), Б. Спиноза (Голландия), Г. Лейбниц (Германия).   

 Оларға тән ортақ сипат ортағасырлық рухани мұраларға сыни көзқарас, философияның рөлі мен маңызын қайта қарау, схоластикалық ойлаудағы суеверияға қарсы шығу болды.      

 Философия практикалық сипатқа ие болып, адамзат тағдырына нақты ықпал етуіне байланысты өмірлік қолданыс тапты.

Жаңа заман философтарының қарастырған  мәселелері мына төмендегілер:

танымның жаңа әдістерін жасау;

онтология мәселелері;

болмыс мәселесі субъстанцияны  қарастыруда көрінді;

әлеуметтік өмір мәселелері. XVII ғасыр  философиясы гуманистік идеалдар мен  құндылықтырды саналы түрде қорғады, әсіресе ақыл мен бостандық принциптерін талдауға ерекше мән берді.       

 Фрэнсис Бэкон (1561-1626) – Англиядағы эмпиризмнің егізін қалаушы. «Жаңа Органон» трактатының авторы, онда ғылымның міндетіне жаңа түсінідірмені жасап, ғылыми индукцияның негіздеді. «Жаңа Атлантида» шығармасында саяси көзқарастары тұжырымдалып, утопиялық көзқарастары берілді, гүлденген идалды мемлекет бейнеленді,   онда өмір ғылымның рационалды негіздері арқылы ұйымдастырылып, техниканың дамуы қарастырылған, бірақ онда басқарушы мен бағынушы класстар сақталған.      

 Бэкон бойынша ғылыми білімнің  міндеті, адамзат ұрпағына пайда  алып келу. Барлық ғылымдардың  ортақ мақсаты – адамның табиғатқа  билігін одан әрі нығайта түсу. Бэкон өзінің «Білім - күш» атты афоризммен танымал, онда жаңа ғылымның практикалық мәні мен бағытылығы айқындалған. Ғылым – бұл құрал, өзіне өзі мақсат емес, оның мақсаты табиғи құбылыстардың себептілік байланысын ашу, өйткені бұл құбылыстарды адамзат игілігі үшін пайдалану мақсатында қажет.       

 Табиғатқа үстемдік жүргізу  үшін, адамға қызмет етуін қарастыру  керек, сол үшін ғылыми танымның  әдістерін өзгерту қажет. Барлық  таным, барлық жаңалық тәжірбиеге  сүйенуі қажет. Ол тәжірбиенің  екі түрін көрсетті: 1) «жеміс берін» - тәжірибе, оның мақсаты – адамға  қажетті пайданы көздеу, 2) «тек  гүл беретін» - тәжірибе, ол тек  заттар құрлысы мен құбылыстардың  заңдылықтарын ғана танумен шектеледі.   

      Ғылыми дәстүрді қалпына келтірудің логикалық негіз ретінде индукция теориясын алды. Индукцияның алғышартын тәжірбиені аналитикалық тұрғыдан ұғыну құрайды.  Бэкон бұрынғы түсіндіруді теріске шығарудың мәнін аша отырып, оған қарсы болды, оны негативті (теріс) интенция деп атады. Оның ойынша, онымен шұғылдану қателіктерге ұрынудың, суеверия мен ақылға сиымсыз көзқарастардың пайда болуының басты себебі. Ғылыми дәстүрді қалпына келтіру арқылы бос елестерден, қателіктерден тазарту керек деп тұжырымдады. Осыған байланысты ол төрт түрлі қателікті, таным жолына кедергі келтіретін – төрт түрлі «елестер» (қате бейнелер) немесе себептерді көрсетті. Олар «тектік елестер» (адам табиғатына тән ой қабілеттерінен), «үңгір елестер» (ғалымдардың жекелеген топтарына немесе жеке адамдар тобына тән қателіктерден туады), «алаң елестер» (түсіндіру барысында тілдің шикілігі мен дәлелсіздігінен сөздер арқылы кеткен қателіктер) и «театр елестер» (ақылды қате көзқарастарға тәуелді етіп, бөтен біреулердің пікіріне сын көзбен қарамай қабылдау). Жалған көзқарасты жойған соң шынайы әдістің негізінде жаңа ғылым жасауға болады. Бэкон бойынша, ғылым тәжірбие фактілерінің ұтымды түрде өңделіп – пысықталуы болуы тиіс, яғни оның тұжырымдарының индукция арқылы жинаған ұғыидарға негізделген қағидалар болды.        

 Сонымен, Бэконның философияны  дамытудағы маңызды жақтары: 

жаңа ғылыми дәстүрді қалпына келтіріп, өткен кезеңнің философиялық ілімдеріне баға берді;

табиғатқа материалистік түсініктерін қалыптастырды, материяға – бөлшектердің жиынтығы, табиғат – денелердің жиынтығы ретінде қарауды ұсынды;

қозғалыстың материяның ажырамас бөлігі ретінде қарап, механикалық қозғалыспен  шектеліп қалмай, 19 түрін тапқан;

жаңа қажетіліктерді, Англиядағы алғашқы  капиталистік қор жинау дәуірінде  ғылымға қойылған талаптарды көрсетті. 

Рене Декарт (1596 -1650) – француз философы, математик, физик және физиологы. Ла Флеш діни коллегиясында оқыды. Математикада аналитикалық геметрияның негізін салған. Механикада қозғалыс пен тыныштықтың салыстырмалығын атап көрсетті, әсерлесу мен жалпы әсердің заңын тұжырымдады, сондай-ақ серпілмейтін екі заттың өзара соқтығысында қозғалыстың толық санының сақталу заңын анықтады. Ол космологияда ғылым үшін жаңа идея – Күн системасының табиғи дамуын жетілдірді, әлем құрылымына және аспан денелерінің пайда болуына жағдай тудыратын космологиялық катигория қозғалысының негізгі формасын оның ұсақ бөлшектерінің құйынды қозғалысы деп білді. Декарт дамуды тек механикалық заңдылық деп түсінді, бұл болжам табиғатты диалектикалық тұрғыдан түсінуге ықпал етті. Декарт материаны кеңістікпен теңестірді. Бұл қандайда болмасын кеңістікте зат бар, бос кеңістік болмайды, ал тығыздық пен геометриялық қасиеттер дененің бір мәнін құрайды. декарт материалистік физика іліміне дуалистік идея тән: қозғалысқа жалпы себепші – құдай, ол материяны қозғалыс және тыныштықпен қоса жасады, және материя қозғалыс пен тыныштықтың бірдей жалпылама санын сақтайды. Физиологияда рефлекстік актының алғашқы ғылыми сипаттамасы – қимылдар тетіктерінің нобайын жасады. Декарт бойынша мәні кеңістік болып табылатын денеден жанның айырмашылығы оның ойлау қабілетінде.          

 Декарт та Бэкон сияқты  білімнің міндеті адамның табиғат  күштеріне үстемдік етуінде, техникалық  құралдарды ойлап табу және  жасауында, себеп пен салдарды  танып білу, адам табиғатын жетілдіру  деп білді. осы міндетті орындау  үшін бәріне күдіктене қарау  керек деп білді. Бұл күмән  барлық нәрсені танып білуге  болмайды деген сенімсіздіктен  туған жоқ, керісінше, ол білімнің  дұрыс бастамасын тудыру үшін  қажет. «Күмәнданамын, яғни ойланамын,  ойланамын яғни өмір сүремін» (Cogito, ergo sum) деген қағиданы осындай бастама деп есептеді. Сөйтіп, ақиқат білімнің тамыры ақылда деп есептеді де, теоретикалық ойлаудағы тәжірибенің мәніне мүлдем көңіл бөлмеді.        

 Декарт таным ілімінде математикалық  білімнің логикалық сипатын біржақты  түсіндіру нәтижесінде қалыптасқан  рационализмнің негізін қалады. Декарт үшін математикалық білімнің  жалпыға бірдей, қажетті сипаты  ақылдың өз табиғатынан туындайтын  болғандықтан, ол таным процесінде  мүмкіндігінше толық ұғыммен  тануға болатын қағидаларға сүйенген  дедукция роліне баса мән берді.   

Декарттың ақылдың дұрыстығы және туа біткен идеялар туралы ілімі (мұндай идеяларға құдай, жандық және тәндік субъстанция туралы ойлары жатады) идеализмге ықпал етті. Танымдағы  сананың алғашқылығы, ақылдың сезімдік қабылаулардан тәуелсіз екендігін  мойындады. Егер ақыл ақиқат әдісті пайдаланатын болса, барлығынан ақиқат білімді ала  алады. Мұндай әдіс ретінде Р. Декарт дедукция деп көрсетті. Оның әдіс туралы ілімі «Әдіст туралы пікір» (1637) шығармасында жазылды.

Жыраулар  дүниетанымының әлеуметтік-философиялық мәні:

XV-XVIIIғ.ғ.дүниеге келген философиялық ой-талғамдар,негізінен алғанда,жыраулық т үрде таралып өмір сүрді.Өйткені көшпенділердің арасында сауаты ашылған,жазылған сқзді оқитын адамдардың саны көп болмай,олар көбіне ақсүйектерге ғана тән болатын.Қарапайым сөзбен жеткізілген ой біреуден-екіншіге тарау жолында өзгеріп,алғашқы мән-мағынасын жоғалтатыны баршаға мәлім.Тек қана өткір детерең,нақышына келтірілген өлең шумақтары адамның ақыл-ойымен қатар,оның сана сезіміне өзінің зор әсерін тигізіп,халықтың жадында сақталып,оның дүниеге деген көзқарастары мен іс-әректтеріне өзгертулер енгізе алды.Жалпы алғанда,бұл тек қана қазақ халқына тән нәрсе емес.Қай заманда да,қай халық,өз поэзиясын жан-тәнімен сүймеген,ол әрқашанда адамның жан-дүниесін билейтін әміршісі емес пе?! XXғасырда өмір сүрген неміс философы М.Хайдеггердің өз өмірінің соңына қарай поэзияға бетбұрыс жасап,болмыс жөніндегі нағыз терең  ойларды ұлы өлеңшілердің шығармаларынан іздегені осыған байланысты болса керек.Сол себепті де біз қазақ халқының қалыптасу жолындағы терең философиялық мәселелерді жыраулардың шығармашылық жолдарынан іздеуіміз керек.

Информация о работе Шпаргалка по "Философии"