Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2012 в 21:03, шпаргалка
приведены шпаргалки по предмету "Философия"
Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі,
«Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі.
«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі, –
деп, «мен» яғни, жан өлмейді, ал тән өледі деген байлам жасайды. Жан туралы Абай танымы екі түрлі. Біріншісі – 27-ші қара сөзде жан өлмейді деген таным. Екіншісі –бес сезім мен жанның жибили қуаты арқылы жинақталған іштегі ой қазынасы өнердің бір түрі арқылы сыртқа шығып, ол ой қазынаның иесі (тәні) өлсе де, оның рухани ой қазынасы ретінде ақындық өнердің қуатымен сыртқа шығуы, яғни, мәңгілік рухани азық көзі болып қалуы. Осы себепті де Абай:
«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған», -
деп, рухани ой қазынасына айналған жанның не себепті өлмейтініне мән бере қараған. Ал, Шәкәрім болса, осы идеяны жаңа қырынан көрсетуге ұмтыла отырып:
Ғибрат қылар артына із қалдырсаң –
Шын бақыт, осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің, –
деп өзіндік ой-байламын жасап отыр,
Абай да, Шәкәрім де ерекше мән бере қараған. Абай 27- қара сөзінде осы мәселе төңірегінде ой жүгіртеді: «Жә, сен бұл ақылға қайдан ие болдың? Әрине, қайдан келсе де, жан деген нәрсе келді де, сонан соң ие болдың», – деп ақыл мен жанның ара қатысы жайлы пікір көтереді. Осы ойдың желісін Шәкәрім нақтылай дамытып, жан ұғымына тереңдей отырып, өзінің тынымсыз ізденуден туған жаңаша ой-танымын оқырман назарына ұсынғанда жан күннің нұрынан келген деген өзіндік жаңаша танымын ұсынады:
«Жанымыз күннен келген нұрдан,
Тәніміз топырақ пенен судан.
Күн – атам, анық жер – анам…
Кетеді жаным күнге таман,
Жазықсыз болса, барады аман,
Қиянат істі қылмаған,––
деп жанның көп қырлы сырын аша отырып, жанның мәңгі өлмейтіні жайлы ой-танымын бар болмысымен алдымызға жайып салады.
Жантану ілімінің осы күрделі рухани табиғаты туралы мұсылман әлеміндегі тұңғыш пікір Құраннан басталады. Бұл мәселенің сыры тереңде жатқанын, жай адами таныммен алынбайтынын Алла Тағала Мұхаммед пайғамбарға қарата айтылатын сөзінде (17 сүре, 85 аят):
«Олар сенен жан туралы сұрайды. Жан дүниесін Тәңірім ғана біледі. Сендерге берілген білімнің шегі аз ғана де», – деп арнайы мағлұмат тастауында түбі терең құпия сырлар әлемі қабаттасып жатқанын байқаймыз.
Шәкәрім күннің нұрынан келген адам жаны оның тән өлген соң, қиянатқа жол бермей, ізгілік жолында болса, келген жері күнге қарай, яғни мәңгілік тұрағына қарай қайтады деген соны да тың танымға келеді.
Күннің өзі жарық нұрдан, яғни түп иеден – мәннен жаралғаны себепті «Жарық нұрдан жаралған күн жоғалмас» деп, өз дүниетанымының төменгі қабатынан өрлеп, жоғары қабаттағы жанға, мәнге яғни түп иенің өзіне қарай тартады. Өйткені «жаралыс басы – қозғалыс» болса, «қозғаған қуат – жан дейміз» деп, түп иені жанға балауы айқын көрініп тұр. Түп иенің яғни жанның нұры күнге берілсе, адам жаны күннің нұрынан жаралады. Яғни адам жанының түп төркіні күн нұрынан ары өтіп, түпиенің (жанның) өз нұрынан келген болып шығады. Адамның түп төркіні түпиемен тікелей ғарыштық байланыста болуы себепті, бұл құбылысты ойшыл ақын:
«Жоғары ғарыштан затың
Анық шын бұл маған көңіл»
деген ой байламына келіп отыр. Шәкәрімнің бұл байламға келуінің негізі түп иенің нұрында жатуы себепті.
Шәкәрімнің «Ғылымда не бар болса, бәрі жанда» деп жатуына себебі де бар сияқты. Дене (тән) мың құбылып өзгерсе де, оның ескі жаны өзгермейді. Дене киген киім сияқты ескіріп тозып қала береді, бірақ жан (ескі жан) өзгермейді, өлмейді. Осы себепті Шәкәрім «жан менің айтқанымдай баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді, құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ» («Үш анық», Алматы, 1991, 29 бет), – деп ой байламын жасайды. Жан әр түрге түседі, мысалы, инстинкті – сезімді жан, сознание – аңғарарлық жан, мысль – ойлайтын жан, ум – ақылды жан. Сезімді жан (инстинкт) – өсімдіктер жанына тән құбылыс. Аңғарарлық жан (сознание) – жануарлар әлеміне тән қүбылыс. Мысль (ум) – толық, терең ақыл адамзатқа ғана тән құбылыс болып саналады. Адамның хайуанаттан артықшылығы да осында, ақылында, алды-артын болжай алу қабілетінде жатса керек. Өйткені:
Тән – терезе, ой – қожасы,
Ойлап анық байқасаң,
Бар ғылымның түп атасы
Таза ақылмен ойлану, –
деп адамға тән ой мен ақылға, оның дамыған түрі таза ақылға мән береді де, «толық терең ақыл адамнан шығады» («Үш анық», 29 бет) деген байламға келуі жай нәрсе емес, ұзақ жылдар бойы ізденістің жемісі.
Ш.Уалихановтың әлеуметтік- саяси көзқарастары:
Қазақстандағы ХІХғ.қоғамдық-саяси және философиялық ой-пікірдің бірінші өкілі Ш.Уалиханов(1835-1865жж.)өз дәуірінің белгілі ғалымы,ағартушы-демократы болды.
Қоғам өмірін түсіндіруде
Ш.Уалиханов идеалист еді.
Шоқан Уалихановтың әлеуметтік-
Шоқан Патша өкіметінің Ресей
сот институтын өзгертпеген,