Шпаргалка по "Философии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2012 в 21:03, шпаргалка

Описание работы

приведены шпаргалки по предмету "Философия"

Файлы: 1 файл

шпоор.docx

— 84.21 Кб (Скачать файл)

2. Неміс классикалық философиясы  бүкіл философия тарихындағы  мұраны игеріп, алдыңғы қатарлы  мәдениет пен ғылымға сүйене  отырып, сол кедегі қоғамдық дамуды  терең талдады;

3. Неміс классикалық философиясы  жаңа диалектикалық әдістің, таным  теориясының, логиканың шығуына  түрткі болды.

4. Неміс классикалық философиясы  ойлау мен болмыстың диалектикалық  байланысын аша отырып, танымдағы  субъектінің рөлін айқындады.

5. Неміс классикалық философиясы  таным теориясындағы субъект  пен объектінің диалектикалық  арақатынасын ашып, теоретикалық  ойлау формасын жаңа сатыға  көтерді.

6. Философияға нақты катигориялар  мен идеялардан тұратын ерекше  философиялық пән ретінде қарады, сөйтіп философиялық катигориялардың  атқаратын рөлін көрсетті.

7. Неміс классикалық философиясы  гуманизм мәселесінің философиялық  рөлін айқындай отырып, адамзат  өмірінің әрекетін талдауға тырысты.  ХVІІІ  ғ. Француз ағартушыларынан кейін адамның табиғат пен рухқа қожайын екенін айтты, ақылдың жасампаздығын, тарихи процесстің заңдылыққа сүйенетіндігін тұжырымдады.

Бізді айнала қоршаған ортаның өзін-ақ  диалектикасының үлгісі ретінде қарауға болады.Өйткені дүниедеі қай зат болмасын шектелген,ол тұрақтылығымен қатар өне бойы өзгерісте,өтпелі.

Диалектика жөніндегі өзінің терең  ойларын Гегель былайша қорытады: «Еш жерде- аспанда,жерде,рухани өмірде,табиғатта болмасын,ешқандай ақыл ойдың белгілейтін абстрактілі «немесе бұлай-немесе олайы» жоқ.Қай жерде болмасын өмір сүріп жатқан барлық-ол нақтылы,олай болса,өз ішіндегі белгілі-бір айырмашылық пен қарама-қарсылықты қамтиды.Заттың өтпелілігінің өзі оның ішкісіне сыртқы нақты болмысының сай келмеуінде...Қайшылық-міне,бұл дүниенің шынайы қозғаушысы,ал қайшылықты ойлауға болмайды деген пікір тек күлкі туғызады».

 Сонымен Гегель диалектикалық  таным әдістемесін жасап,философияның  ғылымдық абыройын бұрын болмаған  дәрежеге көтерді.

ОООООООООООООООООООООООООООО Ортағасыр философиясының негізгі мәселелері:

.  Ортағасырларды (І-ХV ғ.ғ.) философияның қалыптасуының екі негізгі алғышарты болды:

а) ертедегі грек философиясы, әсіресі  платондық және  аристотельдік дәстүр;

б) философияны христиандыққа қарай  бұрған әулие жазбалар.

Ортағасырлар философиясы алдыңғы  антика философиясынан, одан кейін  болатын қайта өрлеу дәуірінен  өзінің діни мазмұны мен бағытылығымен  ерекшеленді.     

 Бұл дәуірде философия дінге  тәуелді болды, өйткені философиялық  сұрақтар теоцентризм, креационизм, провиденциализм позициялармен шешілді. 

Теоцентризм – әлемнің түптамыры, жаратылыстың себебі құдай деп түсіндіретін ілім.

Креационизм – Құдай тірі және өлі табиғатты жоқтан жаратты деген принцип (ортағасырлық онтологиялық принцип)

Провиденциализм – әлемдік оқиғаларды, тарихты, адам әрекетін құдай басқарады деген көзқарастар жүйесі (ортағасырлық гносеологиялық принцип)    

 Христиан философиясы түрлі  фазалар мен формалардан тұрды.  Ортағасырлық батысеуропа философиясының 2 кезеңін атап айтуға болады:

Патристика – қасиетті жазбаларда белгіленгендей, жүйелі догмаларды жасау кезеңі болды. (антика философиясына, әсіресе Платон философиясына сүйенді)

Схоластика – бұл кезеңнің негізгі міндеті діни догмаларды негіздеп, дәйектеп, қорғау болды. Схолостикалық философияның әдісі – ақыл көмегімен, яғни философия арқылы ақиқатты анықтау болды. Схоластикалық ойлау мәні жағынан 2 мәселеге шоғырланды: 1) әмбебаптылық мәселесі бойынша номинализм мен реализмнің таласы; 2) Құдайдың бар екендігін дәлелдеу.

Орыстың ғарыштық философиясы: Орыс касмизмі – космосты, қоршаған дүниені адамды өзара байланысты тұтастық ретінде қарастырған бағыт. өкілдері: Н.В.Бугаев, В.И.Вернадский, К.Э.Циолклвский, А.Л.Чижевский.

сты, қоршаған дүниені адамды өзара  байланысты тұтастық ретінде қарастырған  бағыт. өкілдері: Н.В.Бугаев, В.И.Вернадский, К.Э.Циолклвский, А.Л.Чижевский.

Еуропа ой-өрісінде ғарыш жөнінде христиадық антропоцентрлік  көзқарас ғасырлар бойы өмір сүрді.Оның негізгі қағидасы:адам-жаратылған дүниенің ең биік шыңы,жер болса-ғарыштың ортасы.

 Коперник мұндай көзқарасқа  төңкеріс жасайды:ғарыштың ортасы-жер емес,күн. Ғарышта тек жерде ғана өмір бар. Дж.Бруноның шексіз ғарыш пен өмір жөніндегі ойлары кең тараған жоқ.Жаңа дәуірдегі ғылымда ғарыш механикалық-физикылық объект,сансыз атомдардың өрісі деген пікір қалыптасты.

Енді,міне,орыс философиясында XVIIIғ.бастап, антропокосмизм идеялары пайда болып дамиды.Яғни адамның жер бетіндегі орны емес,оның ғарыштағы рөлі зерттеле бастайды.

  Н.Ф.Федоров адамзат зердесін  ғарыш эволюциясының заңды нәтижесі ретінде қарайды.Әрі қарай ғарышты адамзат саналы түрде өзгертеді. «Ғарыш хаос емес,нағыз Ғарышқа айналуы үшін зердені талап етеді».Болашақта ғылымның орасан зор дамуының негізінде адамзат өлместік дәрежесіне көтеріліп,сонымен қатар жер бетінде бұрын-соңды өмір сүрген барлық ұрпақтарды қайтадан тірілтнді,-деген ойда болды.

«Адамзатты біріктіретін негізгі  күш-мәдениет, ғарыштық этика»деген пікірді орыс ғалымы, суреткері,діни философы Н.К.Рерих айтқан болатын.

ППППППППППППППППППППППППППППП

Платонның объективті идеализмі: Платонның филосоиялық ілімінің орталығы эйдос (идея) теориясы болды.  Платон бойынша идея адам ақылымен байланысты ұғым емес. Идея барлық заттардың негізі, мәні, себебі. Ол объективті, тәуелсіз, салыстырмалы емес, денесіз, мәңгі, сезімдік қабылдауға келмейтін, тек ақыл арқылы танылатын бастама. Идея заттар болмысының түпнегізі, олардың идеалды бейнесі сипаттас, Демиург (жаратушы) сол арқылы нақты сезімдік заттарды жасайды. Сезімдік заттар оның көлеңкесі, көшірмесі, заттар идеялардың анықты үлгісі.     

 Таным теориясында Платон  идеалистік позицияны ұстанды.  Оның идея туралы ілімі оның  таным ілімімен ұштасып жатыр.  Платон сезімдік танымды рационалды  танымнан бөліп алды. Сезімдік  танымның пәні материалды әлем  деп алып, оны мәнсіз екінші  дегейлік деп қарастырып, ол тек  болмыс болып көрінетін шынайы  емес болмыстан хабардар еткізеді. Ақиқат, шынайы таным – бұл  идеялар әлемінне ену, тану, оны  ақылмен тану.     

 Платонның гносеологиялық концепциясы еске түсіру теориясы болып табылады. Жан идеяларды еске түсіреді, жан онымен тәнге енбей турғанда  идеялар патшалығында жолыққан. Платон нақты адамдардың идеяларын абстракциялап, идеялар әлемін құдайлық патшалық деп жариялады, адам дүниеге келгенге дейінгі ажалсыз жаны сол әлемде болатындығын айтты. Содан ол жерге түсіп, шектеулі уақыт адам тәнінде жүреді, сонда ол идеялар әлемін «еске түсіреді». Платон бойынша, таным жанның жерге түскенге дейінгі тіршілігін еске түсіруі болып табылады.       

 Платон жақсы өмір сүру  мәселесінде ақылды жоғары деңгейге  көтеретін мемлекеттің моделдерін  жасауға тырысты. Мемлект туралы  негізгі идеясында – ізгілік,  ақиқат білімге сүйенді, мемлекетті  идалды басқару осыларға байланысты, оның мақсаты адамның ажалсыз  жанын құтқару. Оны қызықтырған  мәселе мемлекеттің мәні мен  формаларын басшының тұлғалық  қасиеттері тұрғысынакн түсіну  болды. Платонның мемлекет жөніндегі құнды көзқарасы, мемлекеттің жетілген, идеалды және жетілмеген формаларын анықтау. Оны екі топқа жіктеп көрсетуге болады:

мемлекеттің жетілген, иеалды формалары:

а) Платонның идалды мемлекеті –  құрыламынгың ең негізгі принципі - әділдік

б) Аристократия (аристократиялық республика)

жетілмеген, құлдыраушы мемлекеттік формалар:

а) Тимократия – баққұмарлардың билікті өз қолдарына алуы, онда қоғам іштей іріп-шіриді, өйткені билеуші топ дүниеге ие болуға, баюға ұмтылады.

б) Олигархия – (грек  «азшылық»), азшылық көпшщілікке үстемдік жүргізуі, байлардың кедейлерді басқаруында, өшпенділік, қастандық жасау орын алады. Одан ысырапсыздық кең орын алады.

в) Демократия – мемлекеттік құрлыстың  ең шашар түрі, , көпшіліктің билік  жүргізуі, онда кедейлер мен байлар арасында өшпенділік өрши түседі. Өрескел  түрдегі бостандық, еркіндікке бастан тиранияға жол ашады.

г) Тирания – қоғамдық биліктің бір адам қолына көшуі.

ШШШШШШШШШШШШШШШШ

Шәкәрім дүниетанымының басты сұрақтары:үш анық.

Түпиені іздеуге қозғау салған, өмірді жете танып білуге деген құштарлық  пен талпынудан туған:

1. Неден бармын?

2. Не қылған жөн?

3. Жоғала ма жан өлген соң?

деген үш сұраққа Шәкәрім айрықша мән бере қараған.

Осы аса күрделі үш сұраққа жауап іздеу жолындағы Шәкәрім ізденістерінің бастау көзі Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы «Ақын аға» тарауында Абайдың әдеби мектебіндегі ақын-шәкірттері Дәрмен, Көкбай, Шұбар (Шәкәрім), Ақылбай, Мағауия, Кәкітай т.б. арасындағы хақиқат жайлы талас-пікірлерде жатыр. Осы пікір таласына сөзге төрелік айтатын Абай толғаныстарында берілетін «…Хақиқаттың шешуі: Жаратушы кім? Ғалам дегеніміз не? Жан не нәрсе және адамның хақиқатты білудегі дерегі не?» деген күрделі сұрақтарға берген жауап сөзінде зор танымдық ойлар төркіні жатыр. Заман қысымын көп көрген кеменгер жазушы М.Әуезов аталы ой танымын яғни Абай мен Шәкірімнің жантану ілімінен із тастап кетуді мақсат тұтқаны аңғарылып тұр.

Түп ие (Хақиқат) пен ғаламды танып білудегі Шәкәрім көзқарасында қос қабатты қатпарлы таным жігі жатқаны да аңғарылады.

Шәкәрім танымындағы төменгі қабат – күн жүйесіне байланысты туындаған. Шәкәрім күн – ата, жер – ана деп қарап, жер планетасындағы тіршіліктің пайда болу, даму жолын яғни, «неден бармын?» деген философиялық сұраққа жауап беруге ұмтылатыны «Тіршілік, жан туралы» өлеңіндегі ой-толғаныстарында тереңнен талдай отырып берілген.

Шәкәрім дүниетанымдық көзқарасындағы жоғарғы қабатында сөз болатын мәселе түпие мен соған балама ретінде қолданылатын жан сөзі жайында ой толғайтыны бар:

Жаралыс басы – қозғалыс,

Қозғауға керек қолқабыс.

Жан де мейлі бір Мән де,

Сол қуатпен бол таныс,

Әлемді сол Мән жаратқан, –

деп түп ие сөзінің синонимі немесе балама ұғымы ретінде «Жан» сөзі мен «Мән» сөзін тең дәрежедегі мағынасы жағынан бір ұғым ретінде қолданады. Бүкіл әлем немесе сол әлемнің ішіндегі жанды-жансыз нәрселердің бәрін де жаратушы қуат иесі – түп ие (арабша – Алла, парсыша – Құдай, қазақша –Тәңірі немесе Жаратушы). Ал «Жаралыс басы – қозғалыс» болса, сол қозғалысты «қозғаған қуат – жан дейміз» деп, басты себепкер күш ретінде жанды ерекше даралап, атап өтетіні бар. Ақын «қозғаған қуат – жан дейміз» деп, «Жаралыс басы – қозғалыста» қозғаушы қуат күші жан болып саналатынын алдымызға жайып салады.

Ақын ойын қорыта келгенде, қозғаушы күш – жан, мән, жанның егесі ретіндегі бас қозғалыс хақында айтылған ой-пікірлердің жемісі бір арнаға құйылады да, ол - түп ие деген ой-байламы шығады. Яғни, бұл ұғымды ақын сөзімен айтар болсақ, «Ең түпкі жаратушы – мінсіз ие» деген өзекті де желілі танымға тірелеміз.

Философиялық лирикалары мен «Үш анық» трактатында Шәкәрім ұждан мәселесіне төтенше мән бере қарайтыны бар. Ынсап, әділет, мейірім үшеуі ұждан ұғымын құрайды. Өйткені «Ұждан – жанның тілегі. Неге десеңіз, жан – тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе, барған сайын жоғарылай береді. Мәселен, таза дене, таза толық мінез, ой, істер керек қылады. Соның қатты бір керегі – совесть – Ұждан. Оны осы өмір үшін керек қылмайды, соңғы өмір үшін де керек қылады» (Үш анық. 30 б.). Яғни, Ұждан екі өмір үшін де қажет екен. Өлерін білген екі адамның біреуі жанның жоғалмайтынын, бұдан да таза болып жоғарылайтынына сенсе, үлкен үмітке қол артып, қуаныш сезіміне бөленеді. Ал, өлген соң жан жоғалады деген өкініште болып, үмітсіздік дариясының барсакелмес қайығына мінеді. Осындай нанымдағы пенделерге қарап Шәкәрім:

Жоқ, шырағым, жанымыз жоғалмайды,

Екі өмірдің азығы – осы Ұждан

Шын нану – ақылымен қабылдауы,

Қалады зұлымдықтан сөйткенде  адам, ––

деп Ұжданның адам үшін екі өмірде де рухани азығы: ынсап, әділет, мейірім сияқты ақыл адами қасиетті әрбір саналы адам жастайынан бойына ұялату жолында болуын ескертеді. Өйткені «Ар түзер адамның адамдық санасын» деп, Ұждан ұғымына зор мән бере қарағандықтан:

Шын таза жан тазалықпен

Тәңірісіне барады ол.

Мейірім, ынсап, әділеттен

Ағызам деп нұр бұлақ! ––

деп, өзі қойған екінші сұрағына жауап береді.

Шәкәрімнің екінші сұрағының яғни «не қылған жөн?» деген мәселеге беретін жауабы – адамның уақытша өмір жолында құлшынып әрекет ететін мақсаты ар ғылымы жолында табанды түрде еңбектенуін айтады. Сондықтан үжданды пенденің мұрат-мақсаты қайда жатқанын, арман-мақсатының темірқазықтай адастырмас бағытын үлкен сеніммен бағыт-бағдар бере жөн сілтейтінін көреміз.

«Ар ғылымы оқылса», – деп армандаған ойлы ақынның келер ұрпаққа нұсқаған адамшылық жолы – әр адамның жан тілегіне айналған Ұжданды (әділет, ынсап, мейірім) тұла бойына ұялату болғандықтан: «…ұждан, совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен Ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірде де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол – осы мұсылман жолы сияқты» (Үш анық, 34 бет), – деп осы жолды бүкіл өмір бойғы ізденісінен туған аса зор мән-мағынаға толы ой-қорытындысын ұсынады. Бұл – біздер үшін рухани шамшырақ!

Шәкәрім қойған үшінші сұрақ – «Жоғала ма жан өлген соң?»

Жантану ілімі Абай мен Шәкәрім мұрасындағы философиялық лирикалары мен қара сөздерінде желі тартады. Жантану ілімі жайында Жүсіп Баласағұн мен Ясауи шығармаларында теологиялық тұрғыдан тереңірек қарастырылса, ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақтың ауызша жырланған поэзиясында да тікелей болмаса да, жанама түрде ой-пікірлер айтылып табиғи жалғастық тауып келген. Ал ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында жантану ілімі Абай мен Шәкәрім мұрасының өзекті желісінің ғылыми рухани кілтіне айналып, өз заманының шырқау биігіне көтерілді.

Шәкәрім дүниетанымындағы жан мен тән мәселесі: Жантану ілімі Шәкәрім мұрасындағы философиялық лирикаларында желі тартады. Жантану ілімі жайында Жүсіп Баласағұн мен Ясауи шығармаларында теологиялық тұрғыдан тереңірек қарастырылса, ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақтың ауызша жырланған поэзиясында да тікелей болмаса да, жанама түрде ой-пікірлер айтылып табиғи жалғастық тауып келген. Ал ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында жантану ілімі Абай мен Шәкәрім мұрасының өзекті желісінің ғылыми рухани кілтіне айналып, өз заманының шырқау биігіне көтерілді. Абайдағы:

Информация о работе Шпаргалка по "Философии"