Шпаргалка по "Философии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2012 в 21:03, шпаргалка

Описание работы

приведены шпаргалки по предмету "Философия"

Файлы: 1 файл

шпоор.docx

— 84.21 Кб (Скачать файл)

Кеңістік  пен уақыт ұғымы:Қозғалыстағы заттар мен неше түрлі үрдістер кеңістік пен уақыт шеңберінде өтіп жатады.Ең жалпы алғанда,кеңістік пен заттар мен құбылыстардың бірінің жанында бірінің орналасуын айтамыз,ал уақытқа келер болсақ,ол-дүниедегі болып жатқан уақиғалардың бірінің соңынан екіншісінің келуі.

 Кеңістік пен уақыттың табиғаты  жөнінде сонау көне заманнан  бастап осы уақытқа шейін,негізінен,екі  көзқарас қалыптасты.Олар: субстанциализм-кеңістік пен уақытты дүниенің алғашқы негіздерінің бірі ретінде қарайды және релятивизм(салыстырмалы)-кеңістік пен уақыт қозғалып жатқан неше түрлі материалдық объектілердің формалары,соған бағынышты. Кеңістік – бұл материя тіршілігінің жалпы және обьективті формасы, ол бір мезетте тіршілік ететін обьектілердің орналасу тәртібін білдіреді. Материяның үш өлшемді объективті формасы.

Уақыт – бұл ұзақтықты, бір өлшемдікті, ассиметриялықты, қайта айналмауды және жалғастықты сипатпен анықталатын материя тіршілігінің обьективті формасы

Кеңістік пен уақыт жөнінде  ерекше ой айтқан Кант болды.Оның ойынша,олар адамға априорлық(тәжірибеден бұрын,тыс)түрде  берілген:кеңістік сыртқы сезімнің,ал уақыт-ішкі сезімнің априорлық формалары.Тек солар арқылы ғана адам өз дүниетанымын белгілі бір тәртіпке келтіре алады.

ҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚ

Қайта өрлеу  дәуірінің негізгі принциптері: Қайта Өрлеу дәуірі – ортағасырлық кезеңнен Жаңа заманға қарай өтетін өтпелі уақыт, бірнеше мыңжылдықтарды қамтыды (XIV-XVI ғ.ғ.).    

 Қайта Өрлеу дәуірінде алғашқы  капиталистік қатынастар пайда  болып, ұлттық мемлекеттер қалыптасты, абсолютті монархияға қарсы әлеуметтік  конфликтілердің өршіген кезеңі  болатын. Германиядағы шаруалар  көтерілісі, Франциядағы діни соғыстар, Нидерландиядағы буржуазиялық ревалюциялар.        

 Бұл  кезде қоғам өмірі мен мәдениет саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Қайта өрлеу дәуірі ХІҮ ғ. Италияда пайда болып, гүлденуі ХҮ ғ. болды, ХҮІ ғ. Қайта өрлеу бүткіл батысеуропалық құбылысқа айналды. Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің жарқын көрінісі Флоренцияда ХҮ ғ.аяғы мен ХҮІ ғ. басында көрінді. Италияда қала мемлекеттерінде белсенділік орын алып, феодалдық ескіліктен арылу басталды. Қалаларда сауда, банк істері дамыды, мануфактура пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінің мәдениеті мен философиясы – жаратылыстану және географиялық жаңалықтармен байланысты болды.     

 Қайта Өрлеу дәуірінің дүниегекөзқарасының  негізгі ерекшеліктері:

1) Өнерге көп көңіл бөлінуі.  Қайта Өрлеу дәуіріні көркемдік-эстетикалық  сипатта болды.

2) егер Антика дәуірі табиғат-космос, ал ортағасырларда адамның құдайға  қатынасы орталық  мәселе болса, Қайта Өрлеу дәуіріні адамды орталық орынға қойды, философиялық ойлауының негізгі ерекшелігі антропоцентризм, гуманиз болды. Қайта Өрлеу дәуірініде адамды шығармашылық тұлға ретінде қарады. Орта ғасырлық рухани түсініктерден арылуға талпыныс өнердің, әдебиеттің гүлденуіне алып келді, сөйтіп гуманистік дүниетаным қалыптасты.

3) дүниені пантеистік тұрғыдан  түсіну Қайта Өрлеу дәуірінің  натурфилософиясының өзіндік ерекшелігі  болды. Пантеистік көзқарас құдайды  табиғатпен теңестірді, табиғатты,  адамды құдайлық дәрежеге көтерді.

4) Натурфилософиямен қатарласа  жаңа жаратылыстану ғылымы дамыды (ірі ғылыми жаңалықтар ашылды, ол ғылыми-техникалық прогрессті  көрсетті).        

 Пантеизм догматтық, діни  дүниетанымнан табиғатты ғылыми  тұрғыдан түсінудің жаңа формасы болды. Қайта Өрлеу дәуірінің ғалымдары бірінші орынға тәжірбиені, зерттеудік  эксперименталды әдісін қойды. Натурфилософияны дамытқандар: Д. Бруно, Б. Телезио, Н. Кузанский, М. Монтень, Н. Коперник, Г. Галилей, Леонардо да Винчи.   

 Зерттеушілер Қайта Өрлеу дәуірінің философиясының дамуының екі кезеңін көрсетті: 1) Жаңа заманның талаптарына сай Антика философиясын реставрациялау мен қайта жасау кезеңі (XIV-XV ғғ.) – Данте Алигьери, Лоренцио Валла, Франческо Петрарка және т.б.

2) Өзіндік философияның қалыптасуы, жаңа натурфилософия (XVI ғ.).

Қайта өрлеу  дәуіріндегі ғылым: Қайта Өрлеу дәуірінің натурфилософиясы – жаратылыстану ғылымдарының пайда болып, дамуын жүзеге асырды. Натурфилософиясы дүниенің суретін қайта жасауға тырысты. Қайта Өрлеу дәуірінің натурфилософиясының негізгі сипаттары:

Пантеизм – Құдай мен табиғаттың өзара теңестірілуі;

Микро және макро космостың теңдігі  идеясы, бұл дүниетаным адамның шығармашылық қабілетін табиғатпен теңестіруді  негіздейді;

Гилозаизм – барлық болмысты жанды  деп ұғыну;

Табиғатты сапалық тұрғыдан түсіндіру;

Материяның өздігінен әрекетшілдігін тұжырымдау.

Негізінен,ғылым Орта ғасырдағы  ашылған университеттер  мен суретші,мүсінші,сәулетші т.с.с. өнер қайраткерлерінің өнерханаларында  дамыды.Егер университеттерде схоластикалық  ағым осы уақытқа шейін алі  басым болса,өнерханаларда математика,геометрия   сияқты ғылымдар жақсы дами бастады.Адамның  дене құрылысының өлшемі терең зерттелді.Сәулетшілер  үлкен ғимараттың жобасын жасау  жолында олардың геометриялық пропорцияларын зерттейді. Механикалық  заңдылықтарға  көңіл бөлді. Ғылым мен өнер саласындағы Қайта өрлеу заманының ең жан-жақты дамыған тұлғасы,тарихта өз ізін қалдырған Леонардо до Винчи болды(1452-1519жж.)ұлы суретші,мүсінші,инженер,ойлап тапқыш-ол өз заманы емес,бүкіл адамзат тарихында болған шығармашылық мүмкіншілігі ғажап адам еді.

Адам айнала қоршаған Дүниені тек  қана ғылыми жолмен танып қана қоймайды.Өнер-ол да танымның ерекше жолы.

Егер ғылым Дүниенің сандық жағынан  ғана зерттей алатын болса,онда өнер дүниенің сапалық,қайталанбайтын,әсем нақтылы жағын көрсете алады.

Қайта өрлеу  дәуірінің философиясының натурфилософы-Николай Кузанский: Қайта өрлеу дәуірінің пантеистік философиясының негізін салған италян философы Николай Кузанский (1401-1464) математика және жаратылыстану ғылымдарымен шұғылданған. Құдай мен дүние арақатынастарын қарастырып, теологияны жоққа шығарды. Құдай шексіз тіршіллік иесі, абсолютті максимум, Құдай әлеммен өлшенбейді, сондықтан ол абсолютті принципиалды түрде танылмайды.    

 Егер құдай шексіз болса,  яғни абсалютті максимум болса,  соңы жоқ болса, онда сонда  мағынада одан ажырамас абсолютті  минимум да болады. бұндай сәйкестіктен  мына қоытындыны шығаруға болады, Құдай барлығында әлемді құдайдан  тыс қарау шартсыз, екіншіден,  Құдай себеп пен салдардың,  жаратқанның және жаратылғанның  бірлігі; үшіншіден көрініетін  заттар мен Құдайдың мәні бір-біріне  сәйкес, бұл әлемнің бірлікте  екендігінің дәлелі.   

          Н. Кузанский философиясында адам туралы ілімге көп көңіл бөлген. Ол креационизма сияқты  христиандық идеялардан бас тартты, адамды өзінше микрокосм ретінде,  табиғат перзенті ретінде қарастырған антикалық идеяларға қайта оралды. Сөйтіп, Кузанский микрокосмды құдайлық мәнмен байланыстыруға тырысты. Ол мынандай тұжырымдарға келді: кіші әлем, адам, тек өндірмейді, көпжақты табиғат әлемін өзіне бағындырады, максимальды әлем – Құдаймен тең.                    Кузанскийдегі адамның әулиелігі ұғымын адамның шығармашылық мәнін түсіндіру үшін қолданды. Егер жаратушы абсолют Құдай болса, онда адам Құдайға ұқсас,  абсолют болып табылады, ол шығармашылық бастау, яғни, толықтай ерік бостандығына ие.           

Қайта Өрлеу дәуірінің және Жаңа заманның көптеген философтары сияқты Кузанскийдің танымының мақсаты  схоластикалық сенімді жою болды.    

 Кузанскийдің ойынша, адам микрокосм  ретінде, табиғатты танып білуге  табиғи мүмкіндіктерге ие. оның  танымдық мүмкіндіктері әулие,  шығармашыл ақылының арқасында  жүзеге асады. Ақыл индивидуалды, адамдардың түрлі тәндік құрылымымен  шарттанған.

Николая Кузанскийдің философиялық көзқарастары қайта Өрлеу дәуірінің натурфилософиялық  ойына көп ықпал жасады. 

Қайта Өрлеу  дәуірінің философиясының-әлеуметтік-саяси көзқарастары:Н.Макиавелли. Қайта Өрлеу дәуірінің әлеуметтік философы мемлекеттің теократиялық концепциясының негіздеушісі Никколо Макиавелли (1469-1527) болды. Ол адам табиғатының зұлымдығын жоюға көмектесетін, қоғамға қажетті тәртіпті орнататын зайырлы мемлекетті құрудың қажеттілігін тұжырымдаған. «Билеуші» атты  трактатында күшті мемлекетті құрудың жолдарын іздестірді. Макиавелли мынандай сұрақтарды қарастырды: «Не жақсы: сүйіспеншілік тудырған жақсы ма, әлде үрей ме?», «Билеуші өз сөзінде тұрғаны дұрыс па?», «Билеуші өзіне халықты бағындыруы үшін өзін қалай ұстауы қажет?», «Билеушінің кеңесшілері кімдер болуы керек?», «Жағымпаздардан қалай құтылу керек?» және т.б..     

 Макиавелли идеялары күшті  мемлекет құру үшін мемлекеттік  билікті күшейту және өзінің  саяси мақсаттарына қол жеткізу  үшін тіпті антигуманды құралдарды  қолдануы  арқасында макиавеллизм деген атауға ие болды. Билеуші күшті мемлекеті құру жолында өзінде арыстан мен түлкі қасиеттеріне ие болуы қажет. Сатқандық, өлтіру, улау, сенімін бұзу – мемлекеттік билікті нығайтуға бағыталған саясатта қолдануға болатын жағдайлар деп тұжырымдады.

Н.Макиавелли көбіне өзінің саясат жөніндегі  толғаныстарымен тарихта қалған.Оның негізгі себебі феодалдық-қауымдық қоғамның ыдырап,оның орнына ерте капиталистік қатынастардың келе бастауы еді.

Н.Макиавеллидің көрегендігі-саясаттың дербес құбылыс ретінде үлкен қоғамды өзгертуші құрал екенін анықтау,оның моральдық құндылықтарын бөлек табиғатын ашу,саяси билік үшін күресін,содан кейін оны ұстап тұру әрекетін жасау болды.

Н.Макиавеллидің ойынша,мемлекет пен  саясаттың қоғамдағы негізгі  қызметі әртүрлі таптардың,әлеуметтік топтардың басын біріктіріп,бүкіл  ұлттық келісімнің шеңберінен шығармау,қоғамды  ыдыратып жібермеу, орталық билікті  мықты қолда ұстау болды.

 

Қазақ философиясының ерекшелігі:

Қазақ философиясының ойының қалыптасу  ерекшкліктері:-философиялық ойлау әрбір халықтың ұлттық мәдени ерекшеліктерімен сипатталады,казақ философиясының қалыптасуының өзіндік ерекшклігі қазақ халқының өмір тіршілігінің ерекшелігімен көрәнеді.Әсіресе,көшпелі тұрмыс тіршілігінен және менталитетінен,сондай-ақ әлеуметтік мәдени ортаның тигізген әсері байқалады;

-қазақ жерінде ең тиімді шаруашылық көшпелі мал шаруашылығы болды.Осыған байланысты ата-бабаларымыз табиғат ырқына көніп,оған табынды;

-қазақ философиясының ерте кезеңіне тән сипат ретінде синкретизмді(өзара бірігу,кірігу)қарастыруға болады.Бұл дүниеге көзқарастық принципінің  өзара кірігіп кетуімен сипатталады.Ол ауыздан ауызға тараған ауыз әдебиетінен,фальклордан көрінеді;

-шешендер,ақын-жыраулар,батырлар мен қолбасшылархандар мен билер өзінше ерекше ойларды айтып,онда объективті дүние туралы көзқарастарын түйіндеді;

Бірақ,олар нақты философиялық ойларын мектептерін қалыптастыра алмаса да өз заманының,қоғамдық дамуының негізгі тенденцияларын көрсетіп,ой тұжырымдап отырды.

Қазақ философиясының тарихы Зкезеңнен  тұрады:1-кезең .алғашқы фил.ия(ерте кезеңнен Ixғ дейін);

2-кезең.Ұлттық фил.ия(IX-XIXғ);

3-кезең.Қазіргі заман фил.сы;

Қорқыт атаның философиялық ой-толғамдары:Орта ғасырдағы отандық философияның бастауын ғалымдар VIIIғ. Өмір сүрген Қорқыт атаның шығармашылық жолына апарып тірейді және ол заңды да.Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша,Қорқыт-VIIIғ.Сыр бойында өмір сүрген батыр,атақты ақын,асқан күйші,қобызшы,аңыз кейіпкері. «Қорқыт ата кітабы»-түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын,өмір салтын,әдет-ғұрпын,ақындық дәстүрін танытатын эпикалық-тарихи мұра.Оның ішінде 12түрлі дастан бар және оның әрқайсысы-өзінше аяқталған шығарма.Бұл шығармалардың түп-тамыры,шамасы,сонау көне замандарда пайда болған мифологияға кетеді,сондықтан олардың құндылығы да,міне,осында.

  Қорқыт атаның нақыл артында  қалған сөздері өзінің даналығымен тарихта сақталып,осы уақытқа дейін бізді таңғалдырады. «Ер жігітке қара таудай мал бітсе,жияр,көбейтер,талап етер,бірақ несібесінен артығын жемес».Қазіргі экономикалық реформалардың барысында әрбір іскер адам,жалпы алғанда,әрбір азамат осы нақыл сөздерді терең сезінуі қажет,ол қазіргі бизнес этикасының негізгі қағидаларының бірі болса екен дейміз. «Тәкәппарлықты тәңір сүймес», «Көңілі пасық ерде дәулет болмас»деген нақыл сөздерінен де керемет ой тұжырымдай аламыз.

  «Ескі темір біз болмас,ескі  мақта бөз болмас», «Қар қаншама  қалың жауғанмен-жазға бармас,гүлденіп өскен бәйшешек-күзге бармас»деген нақыл сөздерініңде терең сыры бар.Өйткені дүниедегі барлық құбаластар мен заттар уақыттың шеңбеерінде өмір сүреді,олай болмаса,әр нәрсе өз уақытында ғана құнды,оның өз өлшемі бар.

  «Ат қиналмай жол шалмас»,  «Ақылсыз балаға ата дәулетінен  қайран жоқ»деген сөздер де  өмірлік тәжірибеден алынған.Дүниеде  бақытқа жету үшін қиындықтар  мен қайшылықтардан өтіп,тек ақылмен жасалған ұлағатты істер атқару қажет деген ойға әкеледі.

«Кімнің батыр,кімнің бақыл екенін жырау білер»деген нақыл сөз  тек көпшіліктің мүддесі үшін іттелген істер ғана құнды,қоғамның алға басуының тетігі,негізі деп қарағаны болып шығады.

Сонымен Қорқыт атаның қалдырған терең  философилық ойлары(ел қорғау,ар-намыс,бірлік үшін күресу,ізгі ниетте болу,ұлағатты іс-әректтермен халықтың рухында қалып,өлместік дәрежесіне көтерілу т.с.с.)ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра болып қала бермек.

Қ.А.Яссауи шығармашылығы мен дүниетанымы:Сопылық философияның Орта Азиядағы көрнекті өкілі ретінде Қожа-Ахмет Яссауи(1094-1167жж.)бабамызды айтуға болады.Ол халықтың ділінде аса ұлы діни қайраткер ретіндн осы уақытқа дейін сақталған. «Меккеде-Мұхаммед ,Түркістанда- Қожа Ахмет!»деген сөздердің өзі оны бізге ашық көрсетеді.Негізгі осы уақытқа шейін жеткен еңбегі- «Диуани Хикмет»(Даналық кітабы).Бұл еңбекті, негізінен алғанда, адамның рухани даму жолын жарқыратып,көрсетіп тұратын шамшырақ ретінде қарауға болады.

  Қ.А.Яссауи философиясында қойылған  негізгі мәселе-ол адам болмысы,ал оның өзінің екі жағы бар.Біріншіден,адам-дене,оның  қажеттіктері өтелмей өмір сүру мүмкін емес;екіншіден,адам-рух,ол-оның басқа тіршіліктермен салыстырғандағы негізгі ерекшелігі,аса баға жетпейтін қасиеті.Бұл арада Қ.А.Яссауи үзілді-кесілді адамның терең мәнін оның рухани тұңғиығынан іздейді.Бұл көзқарас XXғ.өмір сүрген неміс ойшылы К.Ясперстің «нағыз адамның өмір сүру ахуалы-рухани ахуалы»деген сөзімен үндеседі.

Қ.А.Яссауидің қойған пендешілікті шектеу, нәпсіні тыю,руханиятты жоғары ұстау,қанағатқа келу мәселелері бүгінгі  жер бетіндегі өмір сүріп жатқан адамзат қауымында өзінің өзектілігімен  танылуда.

Информация о работе Шпаргалка по "Философии"