Шпаргалка по "Философии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2012 в 21:03, шпаргалка

Описание работы

приведены шпаргалки по предмету "Философия"

Файлы: 1 файл

шпоор.docx

— 84.21 Кб (Скачать файл)

Қазақ халқының ақын-жырауларының ішінен аса көрнекті тұлғалар ретінде Сыпыра жырауды(XIVғ),Асан қайғы,Қазтуған Сүйінішұлын(XVғ.)Доспамбет пен Шалкиіз жырауларды(XVIғ),Жиембет пен Марғасқа жырауларды(XVIIғ.),Ақтамберді мен Тәттіқара,Бұқар жырау мен Шал ақынды(XVIIIғ.)атап өтуге болады.

Ж.Баласағұн  дүниетанымы:

Орта ғасырдағы отандық философияда  ерекше орын алатын,бүкіл дүниежүзілік ағарған қауымға мәлім тұлға  Жүсіп Хас Хаджиб Баласағұн(1017-1083жж.)Баласағұн қаласында дүниеге келген,ол сол кездегі Қараханид мемлекетінің сауда,қолөнер,мәдениеті дамыған басты қалалардың бірі болған.

Негізгі еңбегі «Құтадғу біліг»(Құтты  білік)-түрік тілінде жазылған алғашқы мәдени- эстетикалық,философиялық дастан.Ол-қазіргі түркі тілдес халықтардың Орта ғасырлардағы тарихы,қоғамдық саяси өмірі,ғылым мен әдебиеті,әдет-ғұрпы,жалпы алғанда,мәдениеті жөнінде қыруар мол деректер бар туынды.

Ж.Баласағұнның ойынша,Дүние жер,су,от,ауадан тұрады.Адам басқа тіршіліктерге қарағанда,ерекше жаратылған пенде.Оның жан-дүниесінен өнер,білім,ақыл-ой,көңіл,ұятты табуға болады.Соңынан ұлы Абай да осы рухани құндылықтарға үлкен мән берген болатын.Әсіресе таным,білім мәселелерін ойшыл жоғары орынға қояды: «Білім биік,ақыл ұлық,Білімсіздік-ауру...»,-деп қорытады ұлы ойшыл.

Ойшыл төрт құндылық-әділет,дәулет,қанағат,ақыл-бір-бірімен үндескен жағдайда ғана ел бақытқа жетеді деп қорытады.

«Құтты біліктегі» «білік»сөзінің екі мағынасы бар.Оның бірі «білім»  болатын болса,екіншісі- «билік ету», «елді басқару».

Оның дүниеге деген көзқарасына  Ж.Баласағұн рухты бірінші орынға қояды.Адам-ақыл-парасатты бар ерекше пенде,ақыл адаммен қоса жаратылады.Сондықтан дүниеде адам зерттеп білмейтін нәрсе жоқ.

Өзінің шығармасында Ж.Баласағұн  имандылық,әдептілік,жалпы тәлім-тәрбие жөнінде де тамаша өсиеттер қалдырды.

Ұлы бабамыздың тамаша ойлары бүгінгі өзгерістерістегі Қазақстан қоғамына өзінің өзектілігімен пайдалы.Оны әрбір азамат білуі қажет.

Жаһандану кезеңіндегі өзекті мәселелер(экология,ғылыми-техникалық ревалюция,денсаулық,,табиғат т.б.):

  Жаһандану дегеніміз-бір-бірімен тығыз экономикалық,ғылыми-техникалық,саяси,мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы.

Қазіргі біздің заманымызда(XXғ. 50-жылдарынан бастап)қоғамның өндіргіш күштерінің дамуына ғылыми-техникалық революция(ҒТР)деп аталатын бұрын болмаған жаңа кезең басталады.

Сонымен,ҒТР-қазіргі заманғы қоғамның өндіргіш күштерінің бүкіл жүйесіндегі аса терең төңкеріс;ол төңкеріс ғылымның қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуы негізінде іске асты.ҒТР-дың ықпалымен адам мен табиғат,адам мен техника,адам мен ғылым,сондай-ақ адам мен адамның арасындағы қарым-қатынастың сипаты өзгерді.ҒТР-ның өріс алуының нәтижесінде біздің заманымызда бүкіл адамзат өмір сүру проблемалары ортақ,тарихы тағдыры ортақ біртұтас қауымдастыққа бірікті десе де болады.Бұл тарихи процесс белгілі бір дәрежеде жер шарының барлық халықтарын қамтыды.

Адамзат табиғаттың дүлей күштері  тудыратын апаттарды ежелден-ақ білетін:жер сілкінісі,су тасқыны,қуаңшылық,жұт сияқты табиғат апаттарына қарсы амал таба алмайтын.Ал қазіргі кездегі көптеген дағдарыс,апаттар,сайып келгенде,адамның өз қолымен жасалып,өз іс-әрекеттерінің салдарынан болып отырған құбылыстарға жатады.Бұл соңғы апаттар «антропогендік»деп аталды,басқаша айтқанда,табиғи сипатта емес,әлеуметтік сипатта болады.Табиғат апаттарына тек бой ұсынуға,бейімделуге тура келген болса,ал әлеуметтік апаттардың себебін танып біліп,оларды болдырмау адамзаттың қолынан келеді-оларды болдырмауға тек ақыл-парасат,гуманистік сана қажет.

ҒТР-дың нәтижесінде туған дүниежүзілік атомдық қауіп-қатермен қатар,табиғат пен қоғамның қатынасында туған басқа да дағдарыстар бар.Ол дағдарыстың ішіндегі ең бастылары экологиялық,энергетикалық т.б. дағдарыстар болып отыр.

ҒТР сыртқы ортаның тез өзгеруіне  адам организмінің қабілетінің шектеулі екенін байқатты.Сол  себепті қоғамның ішкі техникалық күш-қуаты мен биосфераның табиғи шектеулі мүмкіндіктері арасында және сондай-ақ адам организмі арасында елеулі қайшылықтар туды.Ауаның,су мен топырақтың ластануы,тұрмыстың ьарған сайын қиындауы,әсіресе ірі қалалардағы жағдайлар химиялық жағынан организмге зиянды түрліше дәрі-дәрмектерді көптеп қолдану және т.б. бәрі адамның денсаулығына зор зиянын тигізуде.Адамның физикалық және психикалық денсаулығына зиянды бұлардан басқа да факторлар аз емес.

  Адамзаттың Жер бетіндегі  болмысын сақтап,ілгері қарай  прогрессивті түрде дамуын қамтамасыз  етудің талаптары дүниеге жаңаша  көзқараспен қарау,жаңаша ойлау  логикасын қалыптастыру міндетін  ұсынады.Адам біртұтас дүниежүзілік  тарихтың нағыз субъекті болу  жолын іздеуі,табуы қажет.

Жан Поль Сартр  мен А.Камюдің өмір сүру философиясы(өмір сүру,мән,абсурд мәселесі)

Философиялық трактаттарда, әдеби  шығармаларда экзистенциалистер адам өмірінің таргедиялық жақтарын көрсеткен. Оның негізгі өкілдері: М. Хайдеггер, А. Камю, Н. Бердяев, Ж.П. Сартр, К. Ясперс, т.б.  Негізі мәселесі-адам оның өмірі, бостандығы, жауапкершілігі.         

 Жан-Поль Сартрдың (1905-1980) экзицтенцалды философиясының басты сұрағы – таңдау мәселесі. Философиясының басты ұғымы «өзің үшін болмыс». Адамның өін толық тануы осы «өзің үшін болмыста» іске асады.

-         адам өзін – басқаның оған қатынасы арқылы таниды;

-         адам өмірінің маңызды шарты, желісі, белсенділігінің негізі – бостандық;

-         адам өз бостандығын таңдау арқылы көрсетеді; мұндай өмірлік маңызды таңдау Сартрда экзицтенцианалды таңдау деп аталады.

-         Адамда бостандықпен қатар жауапкершілік мәселесі туындайды. «Менімен болып жатқанның бәрі - менікі». Адам жаупты болмайтын бір ғана нәрсе бар ол – оның дүниеге келуі, ал қалғанының бәріне өзі жауапты.       

 Альбер Камю (1913-1960) философиясының мәселесі – адам өмірінің мағынасыздығы. Адам өмірі – абсурд (негіссіз). Оның екі дәлелі бар:

-         өліммен жүздесу - өмірде маңызды деп көрінетіндер (мансап, байлық, байланыстар) мәнін жоғалтып, мағынасыздыққа айналады;

-         дүние мен табиғатпен астасу – адам миллиондаған жылдар өмір сүріп келе жатқан табиғат алдында шарасыз екендігін сезіну.

Камю бойынша өмір мағынасы – сыртқы дүниеде емес, адам тіршілік етуінде, бар болуында.

ИИИИИИИИИИИИИИИИИИИИИИИИИИИ

Ибн- Сина дүниетанымы:   

 Ибн-Сина (Авиценна) (980-1037жж.)Бұхара төңірегінде дүниеге келіп,Хамаданда қайтыс болды.Ұлты –тәжік.Еуропа халықтарына

Авиценна деген атпен таныс.Негізгі  еңбектерінің ішінде «Логика», «Риторика», «Поэтика», «Физика», «Жан жөнінде», «Метафизика»т.с.с.атауға болады.

  Авиценна дүниежүзілік ағарған  қауымға өзінің шығармашылығының екі жағымен таныс.

Біріншіден,Ибн-Сина үлкен ғалым-дәрігер болған адам.Ол өзінің артына әртүрлі ауруларды жазатын шөптердің қосындыларынан жасалатын 1000дәрінің рецептін қалдырған.

 Ал енді оның философиялық  көзқарастарына келер болсақ,өзінің  онтологиясында(Болмыс ілімінде)Ибн-Сина неоплатонизмнен қалған эманация идеясын кеңінен қолданып,Дүние Алланың-бірінші себептің(өзіне-өзі қажетті барлық)ағып-тасуынан пайда болды деген пікір айтты.

Ибн-Сина Құдайды діндегі сияқты табиғатқа оның жаратушысы ретінде қарсы қоймайды. Құдай Дүниедегі барлықтың алғашқы себебі болғаннан кейін,материалдық Дүние Құдайсыз,ал Құдай бұл Дүниесіз өмір сүре алмайды деген пікірге келді.Сонымен Ибн-Синаның болмыстық көзқарасы пантеизмге өте жақын болды.

 Ибн-Синаның дүниетану іліміне келер болсақ,ол адамның жан дүниесінде потенциалды ақыл-ой бар дейді.Яғни адамның өз алдында жатқан дүниенің мән-мағынасын аша алатын мүмкіндігі бар.Бірақ ол-өте күрделі.

Ибн-Сина- ғылымдарды класификациялаған. Философиялық білімді 2-ге бөлді: практикалық және теоретикалық.

Теоретикалық – ақиқатқа жетуге бағытталған ғылымдар, олар : физика, математика, метафизика.

Практикалық – саясат, экономика, этика. Бәрі логиканы пайдаланады, логика – ғылымның құралы, бәріне таным  әдістерін ұсынады.  

 Ибн-Сина философия мен теологияның  ерекше статустары туралы айтты,  кейін ол  Ибн-Рушдтың «екі удайлы ақиқат теориясынан» көрініс тапты.

ККККККККККККККККККККККК

Конфуций  ілімі: Конфуцийшілдік. Бұл ілімнің негізін қалаған көрнекті ойшыл, саясатшы - Конфуций (б.д.б. 551-479 ж.ж.) болған. Конфуция көзқарастары «Лунь юй» («Әңгімелер мен пайымдар») атты кітапта берілген. Конфуцийшілдік – бұл, ең алдымен моралдық-этикалық ілім, әрбір адамның дүниедегі алатын орны туралы сұраққа жауап іздеді. Мұнда ақсүйектерді құрметтеу, қоғамдағы өз орныңды біліп, оны мықтап ұстау және т.б. орындалуы тиіс этикалық ережелердің жиынтығы. «Сяо» - «ата-ананы құрметтеу», «ди»- «үлкен ағаны құрметттеу», «чжун» - «өз басшыңа адал болу және оны құрметтеу». Осы ережелермен жүру бұрыннан қалыптасқан тәртіптің бұзылмауын қамтамасыз етеді.     Конфуцийдің адамның қоғамдық өмірдегі жүріс-тұрысының алтын ережесі: өзіңе қаламағанды өзгеге жасама.    

 Конфуций өзінің әлеуметтік  идеалын қалыптастырды – толысқан (жан-жақты, қайырымды) адам идеалы (Цзюнь-цзы), ол екі ішкі сипатқа  ие болуы керек – «Жэнь» (гуманизм, адамсүйгіштік) и «И» (парыз  сезімі және әділдік, білуге  ұмтылу). Цзюнь-цзы – еліктеудің  эталоны, қытай қоғамының әрбір  мүшесі сондай болуға ұмтылуы  керек.    

 Конфуцийдің көргісі келетін  Аспан асты мемлекетінің құрылымдық  модельінде толысқан (жан-жақты)  адам идеясы көрінді. Оның пікірі  бойынша, мемлекет – бұл үлкен  отбасы. Бірақ бір ғана әке  – мемлекетті басқаруды толығымен  жүзеге асыруға мүмкіндігі жатпейді. Оның көмекшісі ретінде чиновниктер  алынады. Басқаруға құқықты алу  үшін олар өздерінің жоғары  моральдық тұлға екендіктерін  көрсетуі қажет, оны өз қармағындағыларға  қамқорлық жасаумен, олардың молшылықта  өмір сүруін және жақсы тәрбиемен  дәлелдеуі қажет. Конфуцийдің  практикалық кеңесін бүгіндегі  басқару саласындағы ең ақылды  администрацияның өсиеті деп  атауға болады:  ақылды басшы адамдар нені жақсы көретіндігін білуі керек, нені жек көретіндігін де білуі керек.     

 Бұдан мынандай қорытынды  жасауға болады конфуцийшілдік  қытай дәстүріне негізделіп жасалған,  ал даосизм – әлемдік философияға негізделген. Даолықтар әлеуметтіліктен тысқары космосқа қарай өтуін тұлғаның жалпыадамзаттық ұмтылыстарының «жердегі» шеңберден, мемлекеттілік тұйық шеңберде шығуымен түсіндіргісі келді.   Адам барлық уақытта жалпыадамзаттық ұмтылысында өзін микрокосмосом, өзінің соңғы құрыламы мен мәні бойынша космостың табиғи элементі ретінде сезінуге тырысты.

Канттың философиясы:Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы – Иммануил Кант (1724-1804) болды. Қолөнершінің семьясында, Кенигсберг қаласында туылған. Оның өмірлік ұраны: «Шыдамдылық және өзіңді ұстай білу». Канта философиясы трансцендентальды идеализм деген атау алды.

Философиялық шығармашылығы екі  кезеңнен тұрды:

1. «Сыни кезеңге дейінгі кезең» (1746-1770). Қарастырған мәселесі болмыс, табиғаи, жаратылыстану мәселелері  болды. Ол даму проблемасында  табиғаттың дамуына көңіл бөлген  алғашқы философ болды. Бұл  кезеңдегі шығармасы «Жалпы тарих  және аспан теориясы», кант  онда өзінің космологиялық теориясын  түсіндірді. Күн жүйесінің пайда болуы туралы болжам жасады (әлемнің пайда болу ының анологиясын қарастырды) бұл теория кейін Кант-Лаплас теориясы деп аталды.     

 2. «Сыни кезең» (1770-1797)(агностицизм и априоризм). Осы кезде өзінің негізгі еңбектерін жазды, олар «Таза ақылға сын» (таным теориясының сұрақтары), «Практикалық ақылға сын» (этикалық мәселелер), «Пайым мүмкіндіктеріне сын» (эстетика және табиғатағы мақсатылық байланыстар туралы ілімі жүйеленді).    

 «Таза ақылға сын» еңбегінде  таным теориясы қарастырылып  жаң замандағы эмпиризм мен  рационализмнің тар өрісін өзара  біріктіруге тырысты. Ол танымды  үшке бөлді: сезімдік, пайым, зерде  (рационалистік).    

 Таным теориясында – агностик  болды, танымның қоршаған шынайылықты  толығымен тану мүмкіндігін жоққа  шығарды. Оның болжамында танымның  тұйыққа тірелуінде себеп, қоршаған  шынайылық – объекті емес, таным  әрекетіндегі – адам, оның ақылы,  оның танымдық мүмкіндіктері  шектеулі.    

 Шынайы әлемдегі ақыл мен  сезімнің қабылдайтын бейнелері  «біз үшін зат», ал ақылмен  абсалютті түрде танылмайтын  нәрселер «өзіндік зат» деп  аталды. «Өзіндік зат» - трансцендентальды  яғни басқа дүниелік уақыт  пен кеңістіктен тыс өмір сүреді.       

 Кант таным теориясында барлық  білімдер 2-ге бөлінеді: 1) тәжірбиелік  білімдер апострорий; 2) тәжірбиеге  дейінгі білім – априорий.      

 Адам ақылы өзінің таным  құралдарымен өз мүмкіндіктерінен  шығуға тырысқанда, ол шешілмейтін  қайшылықтарға тап болады, ол  антиномиялар – ақылдағы пайымның  бір-бірін өзара терістеуі. Ақыл  көмегімен логикалық дәлелдеуге  болады, бір мезгілде екі қарама-қайшы  логикалық дәлел болуы мүмкін, сөйтіп антиномиялық жағдай туындайды.  Антиномияға Кант төрт мысал  (құдайдың бар немесе жоқ екендігі, дүниенің шекті немесе шексіз  екендігі,) келтірді, оның әрқайсысында  тезис және антитезис бар. кант  бойынша, антиномиялардың болуы  – ақылдың таным мүмкіндіктерінің  шектеулі екендігін дәлелдейді.    

 И.Кант  «Практикалық ақылға сын» еңбегінде мен не істеуім керек деген сұраққа жауап іздеп, этикалық мәселелерін қарастырады. Яғни, адамгершілік, мораль, парасат мәселелерін қарастырды. Кант теоретикалық ақылдан, оның шешілмейтін шым-шытырық қайшылықтарынан практикалық ақылға өтті.    

 Практикалық ақыл деп аталуының  себебі, оның функциясы – адамның  өзін-өзі алып жүруін басшылыққа  алды, яғни адамгершілік әрекеттерінің  принциптерін жасады. Мораль, адамның  мінез-құлқы, іс-әрекеті ешбір  сыртқы жағдайға тәуелді болмауы  керек, адам адамгершілік, парасатты  жан, сондықтан ол адамгершілік  заңдарына сүйенуі керек. Бұл  заңда Кант адамгершілік категорияларының  императиві деп атады және  ол былай анықталды: адамның  өзіндік еркі мен мінез-құлқы,  іс-әрекеті, әрқашан жалпы заңдардың  принципне бағынып, соның негіінде  жасалуы қажет.       

 Кант әруақытта «Аспандағы  жұлдыздар мен бздегі адамгершілік  заңдарынан керемет ешнәрсе жоқ»  дегенді қайталап отырды.

Информация о работе Шпаргалка по "Философии"