Аралық станцияның жол дамуының планын құрастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:20, реферат

Описание работы

Курстық жобаның тапсырмасы бойынша станция I категориялық линияда орналасқан.
I категория:
а)жүк тасымалының жиілігінің нетто жүк бағытында 10-12 млн тонна/км және одан жоғары тасмалдануы керек;
ә) жолаушы қозғалысында тәуліктің ішінде 8-10 пар поедға дейін атқарылуы керек және поездың жылдамдығы 120 км/сағ жоғары болуы тиіс;

Содержание работы

Кіріспе
1 бөлім.Станцияның технико- қолдану сыйпаттамасы.......................................7
2 бөлім.Аралық станцияның схемасын таңдау....................................................9
3 бөлім.Жабдықтардың көлемін таңдау..............................................................11
4 бөлім.Поездық және маневрлік жұмыстарды ұйымдастыру.........................15
5 бөлім. Жер төсемінің көлденең профилі.........................................................24
6 бөлім. Поезд қозғалысының және станция қызметкерлерінің еңбектерінің қауіпсіздігін қамтамасыздандыру.......................................................................25
Қорытынды .........................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Муратбеков Айдос.docx

— 89.62 Кб (Скачать файл)

Аралық станциялардағы қабылдау- атқару жолдарың  ағыспа, жартылай ағыспа және көлденең түрі болады. Автоматтандырылған блокировкалы және диспетчерлік орталықтандырылған станцияларындағы  қабылдау- атқару жолдарының  ағыспа түрінде орналасқан бір жолдық линияларда поездарды тоқтаусыз айқастыру  ұйымдастырылуы мүмкін.

Аралық станциялардың шекарасындағы  қаламаңындағы қозғалысты линияларда қаламаңындағы поездардың құрамдарының айналымна арналған қосымша жолдар салынған. Аралық станциялардың типтік теміржол бекетінің ауданы 130-450м құрайды. Ортақ қолданылатын жүк құрылымдарына әдедетте жүк қоймаларын, ауыр жүктерге арналған платформалар мен алаңдар және контейнерлерін қосады. Көптеген теміржол бағыттарындағы аралық станциялар стрелкалары мен сигналдары электірлі орталықтандырылған құрылғылармен жабдықталған.Станциялар аз көлемде болғанда тиеу-түсіру, жүк жұмысын  концентрациялау арқылы, әсерлі ұйымдастырылады. Жүктер мен вагондардың өңдеу жұмысы қаншалықты көп болса, соншалықты маневрлік жабдықтар, күні бойғы  жұмыс экономикалық тұрғыда ақталады.Теміржол транспорттарында жүк жұмыстарын шоғырлау оның үлкен станцияларда орындалуына қарағанда қалаулы.Жүкті жіберушілермен қабылдаушыларға тиеу-түсіру алаңдары олардың қоймаларынажақын болуы әлде қайда тиімдірек.Алайда автомобиль жолдары

 

болғандықтан,жүк жұмысының шоғырлануы бола тұра жүк операцияларының миханизмі  тұтынушы үшін бір шама қалаулы болып  келеді. Кейінгі уақытта жүк жұмыстарын, әрбір участікте саны 3-5-ке жететін,тірек станцияларында жинақтайды. Маңайдағы станция кезегін жабады және операцияларын атқармайтын разъездермен озу пунктеріне айналдырады. Тіректі аралық станцияларды жүк шаруашылығы дамып келеді, жүк жұмыстарын миханизацияландыру әдісін еңгізіп жатыр. Миханизацияланған жүк миханизмдеріне құрамды бригадалары бар локомотивтерді тіркеуге болады.

Участікте тіректі станциялар болса,жергілікті жұмыс схемасы өзгеріп тәртіп бойынша құрамдарға вагондарды техникалық тіркеу станцияларында тіркейді. Вагондарды дәл осында жүк операцияларын  жүргізуге арналған осы тірек станцияларына қарайтын көршілес аралық станцияларда да ағытады. Маневрлік локомотивтермен және участіктегі жұмысты атқаруға бөлінген диспетчерлік локомотивтермен тірек станцияларына қарайды көршілес станцияларға вагондарды таратады.Мұндай кезде участікке құрама поездардың келу уақыты үнемделеді,қызмет көрсететін учаскенін ұзындығын үлкейту мүмкіндігі туралы.Тірек станцияларына вагондарды жеткізу мен оларды алып кету шығару поездары арқылы да асырылады.Учаскідегі жергілікті жұмысты ұйымдастыру схемасы мен тиеу-түсіру шоғырлануының шешімдерін технико-экономикалық есептеумен анықтайды. 

Поездарды қабылдау, атқару және өткізу

Теміржол станциясында поездарды  қабылдау атқару, өткізу тәртібі негізгі  жауапты операциялар тәртібі  поезд қозғалысының нұсқаулығында, техникалық пайдалану ережесінде станцияның техникалық жарлық актісінде белгіленген  стрелка посттары, болу пункттері (айрық, станция),тек қана бір жұмысшының қарауында болуға тиісті.Стрелка  посттары-стрелка постының кезекшісінде,станция  кезекшісінде (ДСП)

Поездардың  қабылдау-атқару жиынтығы СЦБ құрылымдарына  байланысты.Электорлық және басқа типті  орталықтырылмаған стрелкалармен  сигналдар электрикалық изоляцияларда  қабылдау-атқару жолдар және стрелкалар мен сигналдарды басқаруды станция  кезекшісі өз бөлмесінен маршруттын қабылдау-атқарудың жеке өзі даярлайды  немесе оның қол асты операторлары. Электромиханикалық орталықтандырылған басқаруменқатар,станция кезекшісінің қызметін басқа стрелка мойнағында орындау посты болады.Бұндай жағдайда маршруттарды даярлау бойынша бұйрықты станция кезекшісі осы постын операторына бұйрық береді.Станция кезекшісі маршруттын дұрыс даярланғанын орталық апараттағы приборларды басқару арқылы текскреді.Егер стрелка бұрмалары орталықтандырылмаған түрінде балмаса,онда оларды стрелка постынын кезекшілері ауыстырады, маршруттын дұрыс дайындалғанын тексеретін-аға стрелка пост кезекшісі болып табылады. Маршрутты дайындау тапсырмасын станция кезекшісі барлық стрелкапост кезекшілеріне маршрутқа кіретін бір уақытта бір келкі береді.Маршрут дайын болғаннан кейін барлық стрелкалар жабық болуы керек.Олардың кілттері станция кезекшісінде

немесе аға стрелкапост кезекшісінде сақталады,ал ерекше жауапты стрелкалардың  кілттері тек қана станция кезекшісінде сақталады.Поезды қабылдап-атқарып  болғаннан кейін стрелкаларды қалыпты  жағдайға келтіреді,немесе бос жолдарға бағыттайды.Электрлік орталықтандырылған түрінде стрелкаларды қалыпты жағдайға қою қажет емес.Поездарды тек  қана бос жолдарға қабылдайды және кіреберіс бағдаршам ашық болуға тиісті.

Станция кезекшісі маршрутты дайындау бойынша бұйрықтарды ертерек  стрелка постынын кезекшілеріне  немесе орталықтандырылған постардың  операторларына поездың номерін  және қабылдау жолын белгілеп береді.Станция  кезекшісі поезды қабылдау алдында  қабылданатын жолда барлық маневрлік  жұмыстарын тоқтату керек,маршруттын дайындығын өзі немесе аға стрелка  пост кезекшісі арқылы тексереді.

Маршруттын дайындығы туралы баяндамадан  кейін дайындалған маршрутты поезды қабылдау-атқаруға дейін,стрелка пост кезекшілері, орталықтандырылған пост операторы және станция кезекшісі басқа жұмысшыларға кезекшілікті бермеуі тиіс.Электрлік изоляциясы жоқ станциялар қабылдау-атқару жолдарында станция кезекшісі поезддиспедчеріне баяндама беруге, әрбір жолаушы поездының қай жолға қабылданатынын, әрбір жолаушы(айналасынан басқа) почта-багаждық, жүк-жолаушы немесе адамдар поезды.

Поезды бос аралыққа жіберудің  алдында, станция кезекшісі алдын-ала көз жеткізуі керек. Маршрутты дайындау және тексеру тәртібі поездың атқарылу-қабылдану тәртібімен бірдей.Поезды станциядан атқару кезінде станция кезекшісі аралықтын бос екенін тексеру керек;атқару маршрутын дайындау қабылдау маршрутына сәйкес келеді.Автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған блокировкаларында машинистке аралыққа шығу шыға беріс бағдаршамның көрсеткіші болып саналады, ал барлық байланыстар үзілгенде-ақ бланкіде қызыл сызықшамен белгіленген рұқсат қағазы саналады.

Тоқтаусыз станциядан өтетін поездарға  қабылдау және атқару маршруты бір  мезгілде дайындалады.Әрбір қабылданатын және атқарылатын поезды станция  кезекшісі,стрелка пост кезекшілері  өздері қабылдап-атқарады.Автоматтандырылған блокировкамен жабдықталған станциядағы  кіре беріс және шыға беріс бағдаршамдар автоматты тиым салу жағдайын қолданады.Басқа  жағдайларда поездың байланысында кіре беріс сигналды станция кезекшісі  немесе оның бұйрығы бойынша аға  стрелка пост кезекшісі немесе оның пост операторы жабады,құрамның кіре беріс немесе шыға беріс стрелкаларын ан толық өткеніне көз жеткізуі керек.Аралық станцияда кезекші поезд диспедчеріне және көршілес стнциянын кезекшісіне  поездың атқарылуы мен жүруі  туралы баяндама береді.

Станция кезекшісі  кезекшілік кезінде қабылдау-атқару жолдары туралы есеп жүргізуі керек, ол үшін басқару жабдықтарының көрсеткішін  қолдана отырып, қозғалыс графигін жүргізуге жолдардың бос еместігін  тексеру керек.Қыс мезгілінде қар  қалың болғанда, жолғыз қозғалмалы бірлікті қабылдау кезіндерельстік жүйесінің шунттық сезімталдығын жоғалтыпалуы мүмкін.

Бұндай жағдайларда станция  кезекшісі қосымша жолдардын  бос екендігіне ерекше назар аударып, тексеру керек.

Поездың жүріс кезінде стрелка  пост кезекшісі және орталықтандырылған посттың операторы жылжымалы  құраммен жүктің жағдайына, сигналдардың санына ерекше көніл бөлуге тиісті.Егерде өтіп бара жатқан жылжымалы құрамды  ақаулықтар байқалса стрелка пост кезекшісі  дереу ДСП-ға хабарлауға тиісті,ал егер де поезд қозғалысына кедергі  болатын жағдай байқалса-поезды тоқтатуға  тиісті.

Бір жолдық линиялардағы станцияда  поездарды айқастыру кезінде  жабдықталынбаған орталықтандырылған стрелкаларды станция кезекшісі  қабылдау маршрутынын баяндамасы дайын  болған соң, келесі қарама-қарсы поездың  атқарылуы туралы бұйрық береді.Қарама-қарсы  поездға аналған маршрутты құрамның толық келгеннен кейін дереу  дайындайды.Маршруттын дайын болғаны  туралы стрелка пост кезекшісі станция  кезекшісіне баяндайды және де хабарламамен бірге поездың келгенін айтады, сонымен  қатар поезды қабылдау-атқаруда аралығын қысқартады.

Жиі қозғалыста жол –жөнекей бағытта  станцияда бірнеше құрамды бір-бір  маршруттан жібереді, станция кезекшісі  стрелка пост кезекшісіне стрелканы  жабық қолдануға бұйрық бере алады, сонымен қоса маршрутқа кіретін  және әр құрамға ашылатын сигнал туралы хабарламаны жеткізеді.Стрелка пост кезекшілері бүкіл поездарды  қарсы алып шығарып салады және станция  кезекшісіне олардың жүрісі туралы баяндайды.Автоматтандырылған блокировкасы бар учаскелерде кіре беріс және шыға беріс бағдаршамдарды өте шығатын  поездар үшін автоматтық қозғалысқа ауыстырады.Станция кезекшісі осы  туралы стрелка пост кезекшісіне  орталықтандырылған пост операторларына хабарлыу керек.

Ерекше жағдайларда құрам станцияға  кіре беріс сигналынын тиым салу көрсеткішімен  шақыру сигналымен, жол серігінің  немесе станция кезекшісінің арнайы рұқсатымен станцияға қабылданады.Машинист белгіні көргенде поезд жылдамдығын 20км/сағ дейін азайтып,станцияға  абайлап тоқтауға дайын болып  кіруге тиісті.Кіре беріс сигналының берілуіне тиім салынғандығымен, оның қабылданған себебі жарамсыздықтарында болуы мүмкін, станция кезекшісінің тиім салынғанымен поездың қабылдауына  рұқсат етілгені туралы бұйрығы локомотив  машинисіне радио арқылы жеткізіледі.Бұл  бұйрық үстел үсті поезд қозғалысының журналы және поезд диспедчерінің  диспедчерлік нұсқауы журналында тіркеледі.

Құрама поездардың жұмысы

Участікте 2-3 жұп құрама поезд жұмыс атқарады. Құрама поезды дайындауға (құру атқару жолына шығару,сұрыптау немесе участкелік станцияларына жіберу операициялары) 1,5 сағаттай уақыт кетеді. ДСЦ барлық станциялардың кезекшілерінен әрбір  құрама поездға участіктен алынатын вагондарды анықтайды. Маневрлік диспедчер (ДСЦ) немесе поезды құру станциясыныңстанция  кезекшісі вагондарды анықтап және атқаруға 3 сағаттан кешіктірмейучастікте құрама поездға вагондарды тіркеуге орын

қалтыруға бұйрық береді. Поезд диспедчерінің  нұсқауы бойынша поездарды құрастырады. Құрама пездарды құрастырып болғаннан  кейін маневрлік диспедчер станция  кезекшісі немесе оператор поезд  диспедчеріне вагондар және жүктер бойынша  мәлімет береді.Поезд диспедчері участіктегі барлық станция кезекшілеріне  құрама поездың жұмысы бойынша хабарлайды және вагондар жөнінде мәлімет береді.Аралық станциялардың станция кезекшілері  және операторлары жүк шаруашылықтың  жұмысшыларына келген хабарландыруды жеткізеді және станцияға келген жүктердің иелеріне хабарлайды.Поездарды  құру станцияларда вагондар станциялы  участкте орналасқан тәртібі бойынша  құрамға тіркеледі.Вагондар көбінесе құрамның бас жағынан ағытылады, ал аяқ жағынан тіркеледі.Құрама поездармен аралық станцияларда келесі операциялар атқарылады ажырату,тиеуге және түсіруге беру, бір тиеу-түсіру фронтынан екіншісіне ауыстыру.Құрама поездардың станцияда тұру уақыты тіркелетін және ағытылатын вагондардың санына байланысты.Маневрлік операцияларға  кететін уақытты ағытылатын және тіркелетін вагондарды орташа көлеммен анықтайды.

Аралық станциялада маневр жұмыстарын құрама поездардың локомотивтері мен бір немесе бірнеше станцияларға қарайтын арнайы локомотивтермен, кей жағдайларды итерме және шығару локомотивтерімен атқарады.Егер аралық станцияның жұмысына арнайы локомотив бөлінсе, оынң жұмыс графигін сай етіп құрайды.Қозғалыс графигін құрғанда станциядан атқарылатын  поездар құрама поезд келгенге дейін тіркеуге дайын болуы, ал келген вагондардың ағытылғаннан кейін тиеп-түсіруді күтіп қалмауын ескереді.Мұндай станцияларда поездың аяқ жағында маневр жұмыстарын меневр локомртивтері,ал бас жағында-құрама поездардың локомотивтері атқарылады. Локомотивтер бөлінбеген станцияларда барлық маневрлік жұмыстарын құрама поездардың локомотивтері орындайды.

Бас кондуктор шығарып салушы құрама поезды вагондардың орналасу тәртібін тексереді.Ол жүріс жолында ағытылымға келген вагондардың құжаттарын алады,ал аралық станцияларда вагондарды ағытылуы мен тіркелуін басқарады.

Құрама поезды өңдеуге кететін  уақытты технологиялық операциялардың бойынша, олардың біреуінің қатарлас орындалу мүмкіндігін ескере отырып анықтайды,(1 график).Маневр жұмысына кететін уақытты анықтау үшін вагондарды ағыту және босату көлемінің орташа көлемін орнатады.Кететін уақытты маневр жұмыстарының техникалық өлшемдер басшылығының формуласыман анықтайды.Кондуктордың контораға өту,құжат қабылдау мен оны поездға қайтару уақытын хрономентражды бақылау мен  есептейді.Құрама поездың маневр жоспарын құра отырып, станция кезекшісінің жұмыс көлемінің орташа есебіне түзетулерін еңгізу.Станция кезекшісі келген поезды қарсы алып поездың бас кондукторына маневр жұмысының жоспарын хабарлайды.Бас кондуктор станция кезекшісіне ағытылатын вагондардың құжаттарын береді және маневр жұмыстарына кіріседі.Маневр жұмыстарын атқарып болғаннан кейін станция кезекшісіненпоездға тіркелген вагондардың құжаттарын алады.

 

 

 

 

 

 

1 график

 

Операциялар

Поезд келгенге дейін кететін уақыт

Станцияда тұрғанда кететін уақыт

1

Поездбен атқарылатын маневр жұмысының  жоспарын дайындау.

20-минут

 

2

Вагондарды, механизімдерді,атқарылатын  жұмыстардың көлемін дайындау.

25-минут

 

3

ДСП поезды қарсы алу және поезд  жолында станция кезекшісіне  бас кондуктормен баяндама беру.

 

2 минут

4

Маневрлер-ажырату, беру және вагондарды тіркеу.

 

15 минут

5

Тіркелетін вагондарды техникалық қараудан өткізу.

 

10 минут

6

Тіркелетін вагондарға құжаттарды дайындау.

15 минут

 

7

Бас кондуктордан құжаттарды қабылдау.Поездық  локолмотивті тіркеу.

 

5 минут

8

Автотежегіштерін тексеру.

 

10 минут

9

Бас кондуктордың поездға өтуі және атқару.

 

5 минут

Информация о работе Аралық станцияның жол дамуының планын құрастыру