Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 12:52, дипломная работа
Цистерналар сұйық газ сияқты,сусымал сұйық сияқты газ,тәрізді жүктерді шанақтың ерекше формасымен ұсынатын қазандықтарда мұнай өнімдерін,Цистерналар тасымалданатын жүкке байланысты екі топқа бөлінеді тамақ өнімдерін тасымалдау үшін арналған кең наменклатурасын тасымалдау үшін;
- арнайы жүктер түріне арналған арнайыландырылған цистерна.
Жалпы тағайындауға арналған цистерналар келесідей бөлінеді: ашық (бензин, және тамақ өнімдері сүт,табиғи ауыз су т.б) және қара (мұнай,минералды майлар және т.б) мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған.
- 125 тонналық.
Цистерна қазандығы жүктi тасымалдау үшiн (мұнай өнiмi, су, химия заттары, цемент) артық қысымсыз арнала алады немесе (сұйытылған газдар ) қысыммен.
Жүктiң тасымалдаулары
үшiн сыйымдылығы соңғы
Тасылатын заттардың оларында әсерiмен
коррозиясынанғы қазан металлының қорғаулары
үшiн коррозияның ингибиторларының тасылатын
жүгiне арнайы iшкi жамылғылар, немесе қосымшаларды
қолданады.
1.3.Автомобиль цистерналарының қажеттігі, жіктелуі және жалпы талаптар.
Автомобильді цистерналар келесі жүктерді тасуға арналған, солардың ішінде мұнай өнімдері (бензин, дизель отындары, битум); химиялық заттар (қышқылдар, синтетикалық өнімдер); балқытылған түрдегі қатты заттар (күкірт, нафталин); сұйықталған және қысылған газдар (бутан, аммиак, хлор,азот); ұнтақ және түйіршікті материалдар (цемент, ізбес тас, гипс, минералды тыңайтқыштар); жартылай сұйық материалдар (бетон).
Көрсетілген жүктерді тасуға арналған арнайы қозғалмалы құрылым келесі белгілер бойынша жіктеледі:
- технологиялық жабдық қойылған негізгі шасси түрі бойынша (автомобиль - цистерна, тіркеме - цистерна, жартылай тіркеме - цистерна) және оның жүргіштігі бойынша (кәдімгі немесе жоғарылатылған жүргіштікті);
- қажеттігі бойынша – тасымалдауға арналған (автомобиль - цистерна), тасымалдауға және құюға арналған (автомобиль –цистерна - құйғыш);
- сыйымдылығы (жүк көтергіштігі) бойынша;
- тасымалданатын жүктің түрі бойынша;
- көтеретін шасси түрі бойынша – рамалы және көтеретін құрылысты (2-сурет);
- түсіруге арналған технологиялық жабдық түрі бойынша (гравитациялық күштер әсерімен жүкті түсіру, механикалық түсіру, пневматикалық түсіру, цистернаға немесе дербес қойылған сорап көмегімен түсіру, самосвалды түсіру).
а - рамалы құрылыс; б - көтеретін құрылысты 2-сурет.Автомобиль- |
Құрылыстық белгі бойынша цистерна резервуарлары былай бөлінеді:
- көлденең қимасының пішіні бойынша (дөңгелек, эллипс тәрізді, төртбұрыш);
бойлық қимасының пішіні бойынша (тұрақты немесе айнымалы қима; цилиндрлік - конусты; хоппер тәрізді);
- жылулық жекелеу сипаттамалары бойынша (жылулық жекелегіші жоқ,
термиялық жекелегіші бар, қосымша қыздырғышы бар немесе өзі қыздыратын)
- материал түрі бойынша (кәдімгі болаттан, төсемі жоқ жоғары беріктікті болаттан, ішкі беті арнайы төсемді, тот баспайтын болаттан, пластмассадан).
Автомобиль - цистерналарды жобалағанда мыналарды ескеру керек: тасымалданатын жүктің физикалық-химиялық қасиеттерін (тығыздығы, тұтқырлығы, электр өткізуі, қаныққан буының қысымы, коррозиялығы, еріген заттар мен судың шамасы, тоңазу температурасы); сораптың сипаттамасы; тыныс клапандарының сипаттамасы; тазарту құралдарының түрі; технологиялық жабдықты қыздыру және жылулық жекелеу керектігі.
Әртүрлі қажеттікті цистерналарға қойылатын талаптар стандартта көрсетілген.
Қазіргі кезде автомобиль - цистерналарды белгілейтін бірыңғай жүйе қалыптаспаған. Автомобиль өнеркәсібі министрлігі шығаратын автомобиль - цистерналар былай белгіленеді, яғни белгі негізгі шасси түрі мен цистернаның қажеттігін көрсететін екі-үш әріп, дефиспен байланысқан бір-екі цифр, сонда соңғылар цистернаның м3 өлшенген сыйымдылығы және негізгі шассидің маркасы. Мысалы, АТЗ-4,5-375, яғни УРАЛ-375 автомобилі негізінде цистернасының сыйымдылығы 4,5 м3 құрайтын автомобиль отын құйғыш.
1.4.Мұнай өнімдерін тасуға арналған автомобиль – цистерналар
Бұл топтағы автомобиль - цистерналар сүзілген мұнай өнімдерін тасымалдау, қысқа мерзімде сақтау және техникаға олардың берілген шамасын өлшеп құю үшін қажет немесе осы көрсетілген жұмыстардың кейбіреуін істеу үшін керек.
Автомобиль - цистерна тұрқысының қимасы овал тәрізді болады және де ішіне деңгей көрсеткіш қойылған, сонымен қатар цистерна қылтасының қақпағы люкпен, тыныс клапандарымен жабдықталған. Цистерна ауа шығаратын құрылғымен, ЗИП жәшігімен, тегеурінді және сорғыш құбырларды қоюға арналған пеналдармен, ұстағышы бар баспалдақпен, қылта тұсында қойылған жұмыстық алаңшамен және өртке қарсы құрал-сайманмен жабдықталған.
Автомобиль - цистерна белгіленген тәртіппен бекітілген конструкторлық құжаттар бойынша ГОСТ Р 50913-96 сәйкес жасалынуы тиіс.
Мұнай өнімінің нормативтік құжаттарында арнайы талап қойылмаса, онда цистерна көлемінің 95 % аспайтын деңгейге дейін толтырылуы тиіс.
Автомобиль - цистерналардың N2, N3, O3 және О4 категорияларында қолданатын шассилердің тежегіш жүйелері бір тұтастануға қарсы (АБС) жүйелермен қамтамасыз етілуі керек.
Цистерналардың бүйірден соғу немесе аударылу салдарынан болатын зақымданулардан қорғау келесі шарттардың біреуі орындалса қамтамасыз етілді деп есептеледі:
- екі күшейтетін
элементтердің (қалқалар, толқын
кескіштер, ішкі немесе сыртқы
шығыршықтар) өзара аралығы 1,
- цистернаның екі қалқасының (толқын кескіштерінің) арасындағы көлем 7,5 м3 аспауы тиіс.
Қалқалар мен толқын кескіштер 10 см дейін ішіне қарай майыстырылған
немесе басқа әдіспен балама беріктік қамтамасыз етілген. Толқын кескіштің ауданы цистерна қимасының ауданының 70 % кем емес ауданды құрауы тиіс.
Автомобиль - цистернадан отын өздігімен горизонталь алаңда қотарылғанда онда қалған отын көлемі цистернаның номиналды сыйымдылығының 0,1 % аспауы керек.
Жабық автомобиль - цистернаны толтыруға арналған жабдық толтыруды шектегіштен тұрады, сонда оның датчигінің жұмысы құйылатын сұйықтың энергиясымен жүргізіледі. Сонымен қатар сұйық құйылуының жоғарғы деңгейін көрсететін сигнализатор болуы керек және де ол беретін электрлік сигнал шассидің дыбыс сигналына айналдырылуы тиіс. Тағы да автомобиль - цистерна кері клапаны бар қысқа құбырмен және от қорғаушысы бар газ өткізетін қысқа құбырмен жабдықталуы керек.
Автомобиль - цистерна ішіндегі жұмыстық қысымды сақтайтын және ол аударылғанда оны өздігінен жабатын тыныс құрылғысымен, сонымен қатар цистернадағы артықшылық қысым 100 кПа (1 кг/см2) жеткенде автоматты түрде ашылатын қорғаушы құрылғылармен жабдықталуы керек.
Цистернаның сорап қойылған сорғыш құбырында алдын ала сүзетін фильтр қойылуы тиіс.
Мұнай өнімінің мөлшерін көрсететін есептегіштердің алдына таза сүзетін фильтрлер қойылуы керек. Фильтрдің қойылу орны сүзгіш элементті алмастыруды және фильтрдің ішкі қуысын тазартқанда фильтрді орнынан алмай істеуді қамтамасыз етуі тиіс.
Тегеурінді және сорғыш қысқа құбырлардың цистерна ішіндегі бөліктері мұнай өнімдерімен цистерна толтырылғанда ағысты шағылыстыратын және цистерна қотарылғанда сұйықтың шұңқырын болдырмайтын құрылғылармен қамтамасыз етілуі керек.
Цистернаның толтырылуы жоғарғы әдіспен жасалғанда мұнай өнімін беретін қысқа құбырдың цистерна ішіндегі бөлігінің төменгі қимасынан цистерна түбіне дейінгі аралық 100 мм кем болмауы тиіс.
Цистернадағы қысым мен сиретілуді өлшеу құралы ретінде сәйкес аспаптар қойылады. Көрсетілген параметрлерді бақылау үшін индикаторлар қолдануға болады.
Автомобиль - цистерна қысқа құбырларды сақтауға арналған жәшіктермен, ЗИП сақтайтын жәшіктермен жабдықталуы керек. Қысқа құбырларға арналған жәшіктер іштеріне шаң мен жауын-шашынды түсірмеуі керек. Қысқа құбырлар көрсетілген жәшіктерге отын түспеуін қамтамасыз ететін тығындармен жабдықталуы тиіс.
Автомобиль - цистерна жасағанда газбен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар автомобиль шассиін қолдануға болмайды.
Автомобильдің пайдаланған газды шығаратын құбырын оның оң жағына алдына шығару керек. Пайдаланған газдарды шығаратын құбырдың құрылысы тұтынушының ұшқын сөндіргіш қоюына болатын мүмкіншілігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Егер қозғалтқыштың қойылу орны мұндай қайта жабдықтауды жасауға мүмкіндік бермесе, онда газ шығаратын құбырды оң жаққа немесе цистерна аймағынан және отын коммуникацияларының аймағынан аулақ жоғары қоюға болады. Сонда газ шығаратын құбырды отын багының қасына өте жақын қоюға болмайды. Газ шығаратын құбыр жоғары шығарылғанда оны ұшқын сөндіргішпен жабдықтамайды.
Автомобиль - цистернада әрбіреуі көлемі 5 л кем емес екі ұнтақтық от сөндіргіш болуы керек. Тіркеме және жартылай тіркеме көлемі 5 л кем емес бір ұнтақтық от сөндіргішпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Цистернада «Қауіпті» деген екі белгі, «Жылдамдықтың шектелуі» деген белгі, қызыл түсті жанып - сөнетін фонарь немесе төтенше тоқтау белгі, киіз, 25 кг құмы бар жәшік қоюға арналған орындар көзделуі тиіс.
Цистерна толтырылу (қотарылу) кезінде жермен байланысуы керек. 31-суретте автомобиль - цистернаның технологиялық жабдығының принципиалды схемасы келтірілген.
1...6-ысырмалар; 7-вентиль; А- тегеурінді
- сорғыш қысқа құбыр; Б- |
3-сурет. Автомобиль - цистернаның принципиалды технологиялық схемасы |
Цистернаның толтырылуы өзінің сорабымен ысырмалар 1, 4 және тегеурінді - сорғыш қысқа құбыр А ашық кезінде жүргізіледі, сонда қалған элементтер жабық болады.
Цистернаның өгей сораппен толтырылуы ысырмалар 4, 5 және тегеурінді - сорғыш қысқа құбыр А ашық кезінде жүргізіледі, сонда қалған элементтер жабық болады.
Цистернаның өзінің сорабымен қотарылуы ысырмалар 2, 3, 5 және тегеурінді - сорғыш қысқа құбыр А ашық кезінде жүргізіледі, сонда қалған элементтер жабық болады.
Цистернаның өгей сораппен қотарылуы ысырмалар 4, 5 және тегеурінді - сорғыш қысқа құбыр А ашық кезінде жүргізіледі, сонда қалған элементтер жабық болады.
Цистернаның өздігінен қотарылуы ысырма 6 және қысқа құбырлар А, Б ашық кезінде жүргізіледі, сонда қалған элементтер жабық болады.
Цистернаға соқпай сұйықты беру ысырма 3 және қысқа құбырлар А, Б ашық кезінде жүргізіледі, сонда қалған элементтер жабық болады.
Мұнай өнімін тегеурінді қысқа құбырдан сору ысырмалар 1, 3, 4, вентиль 7 және тегеурінді қысқа құбыр Б ашық кезінде жүргізіледі, сонда қалған элементтер жабық болады.
3-суретте автомобиль отын құйғыштың принципиалды технологиялық схемасы көрсетілген.
Цистернаның толтырылуы өзінің сорабымен ысырмалар 1, 2 және тегеурінді - сорғыш қысқа құбыр А ашық кезінде жүргізіледі, сонда қалған
элементтер жабық болады.
Цистернаның өгей сораппен толтырылуы ысырмалар 2, 8 және тегеурінді - сорғыш қысқа құбыр А ашық кезінде жүргізіледі, сонда қалған элементтер жабық болады.
Цистернаның фильтрге соқпай өзінің сорабымен қотарылуы ысырмалар 6, 7, 8 және тегеурінді - сорғыш қысқа құбыр А ашық кезінде жүргізіледі, сонда қалған элементтер жабық болады.
Цистернаның өгей сораппен қотарылуы ысырмалар 2, 8 және тегеурінді - сорғыш қысқа құбыр А ашық кезінде жүргізіледі, сонда басқа элементтер жабық болады.
Цистернаның өздігінен қотарылуы ысырма 9 ашық кезінде жүргізіледі, сонда қалған элементтер жабық болады.
Цистернаға соқпай сұйықты беру ысырма 2 және қысқа құбырлар А, Б ашық кезінде жүргізіледі, сонда қалған элементтер жабық болады.
Үлестіретін қысқа құбырлардан мұнай өнімін сору ысырмалар 1, 2, 4, 5, 7 және вентиль10 ашық кезінде жүргізіледі, сонда қалған элементтер жабық болады. 4-суретте тыныс құрылғысының құрылысы көрсетілген.
Қатты төсемді
жүретін жері бар мұнай базаларында
операциялар орындағанда