Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 22:25, дипломная работа
АҚ «Жәйрем КБК» кірме жолына кіретін стансалар, яғни Жәйрем, Ушқатын және Жомарт стансаларының аралықта пойыздар қозғалысы жартылай автоматты блокировка сигналы арқылы жүзеге асырылады. Ал «Весовой» маневрлік аумағының маневрлік құраманың қозғалысы маневрлік ретпен орындалады. Жәйрем стансасынан Ушқатын стансасына пойыздарды жөнелту, Жомарт стансасына тиеуге келген және тиелген вагондарды жіберу жартылай автоматты блокировка сигналымен жүзеге асырылады, ал егер ол ақауланған жағдайда тепловоз машинистінің радиобайланыс арқылы хабарларынан кейін Жәйрем стансасының кезекшісі тіркеуі арқылы жүзеге асырылады.
1 Жәйрем стансасының техникалық және пайдалану сипаттамасы
1.1 Жалпы мағұлмат
1.2 Бағыттамалық шаруашылық
1.3 АҚ «Жәйрем КБК» кірме жолы
2 Жәйрем стансасының жұмыс істеу анализы
2.1 Жүктік жұмыстың көлемі мен мінездемесі
2.2 Оперативтік басқару және стансаның жұмыс істеу жоспарын құру
2.3 Жәйрем стансасының жұмысын талдау
2.5 Түсіру
2.6 Жергілікті вагондарды жөнелту
3 Құжатайналымның автоматтандырылған жүйесін енгізу жолымен АҚ «ЖКБҚ» Жәйрем стансасының жүктік коммерциялық жұмысын жетілдіру
3.1 Қазіргі кездегі стансадағы құжатайналым бойынша атқарылатын жұмыстар
3.2 ЭКТҚ құжатайналым жайлы жалпы мағлұматтар
3.3 АБЖ құжатайналымда құрамды дайындау кезіндегі жұмыс істеу принциптері
3.4 Енгізу бойынша технологиялық есептеулер
1 Жәйрем стансасының техникалық және пайдалану сипаттамасы
1.1 Жалпы мағұлмат
Жәйрем стансасының мінездемесі бойынша жүктік және жұмыс көлемінің орындалуы бойынша үшінші класқа жатады.
Станса мынандай аралықтардан тұрады:
а) жұп бағытында – Жәйрем - Ушқатын - бір жолды, жартылай автоматты блокировкамен жабдықталған. Аралықта 1 км мен 18 км арасында теміржолдық қорғалмаған 2 категориялы шлагбаум орналасқан.
б) тақ бағытында – Жәйрем – Весовая бір жолды, жартылай автоматты блокировкамен жабдықталмаған. Аралықта 2 км теміржолдық қорғалмаған 4 категориялы шлагбаум орналасқан.
Ішкітүйіскен түйіспелер: Жәйрем стансасының 1 басты жолдан бастап Весовой маневрлік аумағының 8 бұрмасын қамтиды. Маневрлік құрамалардың қозғалысы маневрлік ретпен орындалады.
АҚ «Жәйрем КБК» кірме жолына кіретін стансалар, яғни Жәйрем, Ушқатын және Жомарт стансаларының аралықта пойыздар қозғалысы жартылай автоматты блокировка сигналы арқылы жүзеге асырылады. Ал «Весовой» маневрлік аумағының маневрлік құраманың қозғалысы маневрлік ретпен орындалады. Жәйрем стансасынан Ушқатын стансасына пойыздарды жөнелту, Жомарт стансасына тиеуге келген және тиелген вагондарды жіберу жартылай автоматты блокировка сигналымен жүзеге асырылады, ал егер ол ақауланған жағдайда тепловоз машинистінің радиобайланыс арқылы хабарларынан кейін Жәйрем стансасының кезекшісі тіркеуі арқылы жүзеге асырылады.
АҚ «Жәйрем КБК» кірме жолы Жомарт стансасымен № 3 бұрмалы бағыттама арқылы № 3 жолдың Жомарт стансасының жалғасы болып түйіседі. АҚ «Жәйрем КБК» кірме жолы АҚ «Жәйрем КБК» өз меншігі болып табылады. Кірме жолдың шекарасы болып «Кірме жолдың шекарасы» деген сигналдық белгісі қабылданған « НУ» бағдаршамы болады.
Жалпы кірме жолдың көлемі 50 811,58 м құрайды: Жәйрем – Үшқатын аралығы 7227,45 м, Жәйрем – «Весовая» маневрлік аймағы аралығы 1934,75 м, Үшқатын – Жомарт аралығы 12020,27 м.
Жәйрем стансаның жолдарының профилінің келесідей еңістері бар: бірінші жол 1,9 ‰, екінші жол 1,3 ‰, үшінші жол 1,4‰, төртінші жол 1,8 ‰, бесінші жол 1,5 ‰ Үшқатын жаққа қарай еңістерге тең.
АҚ «Жәйрем КБК» кірме жолында құмды балласты эпюрасы 1640-1840 дана/км тең ағаш шпалдары төселген. Бұрмалы бағыттамалары 1/9 және 1/11 маркалы және Р-50 рельстері бар.
Қабылдау жөнелту жолдары және тиеу түсіру фронттары мачталы КГ-5000 ДРЛ-700 типті прожекторлары бар.
АҚ «Жәйрем КБК» кірме жолы келесі жүк түрлерімен жұмыс істейді: марганецті концентрат, металлолом, ұсақталған тас және ГСМ.
Кірме жол 6 өз меншігіндегі маневрлік локомотиві сериялы ТЭМ2 – 4, ТЭМ18 – 1, ТГМ23 – 1 түрлері бар, олар жылдамдық өлшегішпен (скоростиметрмен) және қауіпсіз құрылғылармен (ЭПК) және маневрлік радиобайланыспен (пойыздық) жабдықталған.
Кірме жол диспечері және Жомарт стансаның кезекшісімен байланыс телефон арқылы, ал локомотивтік бригада мен Жомарт стансасының кезекшілерімен пойыздық радиобайланыспен жүзеге асырылады.
Станса келесідей байланыспен қамтамасыз етілген:
Телефондық
Радио
Кірме жолдар тізімі және олардың жанасу орындары 1.1 кестеде көрсетілген.
Кірме жолдар тізімі және олардың жанасу орындары
№ п. п. |
Кірме жолдарды қамтамасыз етуге арналған кәсіпорын (ұйым) атауы |
Тиістілік |
Кірме жолдар шекарасы және жанасу орындары |
Кірме жолдардан қозғалмалы құрамның шығуын ескертудің алдын-алу жолдары |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
АҚ «Жәйрем кен байыту комбинаты» |
АҚ «ЖКБК» |
АҚ «ЖКБК» кірме жолы № 3 бұрмалы бағыттама арқылы Жомарт стансасы арқылы жанасады |
лақтырмалы бағыттаушы |
1.2 Бағыттамалық шаруашылық
Жәйрем стансасы аралықтандырылған бағыттамалардан тұрады.
Жәйрем стансасының жолдық дамуы ең басты 1 және 2, 3, 4, 5 қабылдау жөнелту жолдарынан, қабылдау - жөнелту жолдарына арналған стансалық жолдар, сонымен қатар құрастыру және қайта құрастыру пойыздарынан, өз қажетіне арналған 1-19 шаруашылық тұйықтарынан құралған. Тұйықтардың қызметтері: 1 тұйық локомотивтік депо, 2 тұйық думкарларды жөндеуге арналған, 3 локомотивтің экипировкасына арналған тұрып қалуы, 4 тұйық және 6 қоспалы жолы 2 бөлімшелік жолда 15 және 17 тұйықталған бұрмалы бағыттамамен үшбұрыш құра отырып, жылжымалы құрамның қозғалуына мүмкіндік береді.
Тақ жағында 1 бұрмалы посты, ал жұп бағытында 2 бұрмалы постылары орналасқан. 1 пост арқылы «Весовой» маневрлік аумағына вагондарды беру және 16, 17, 18, 19 тиеп- түсіру тұйықтары ретпен жүргізіледі. 16, 17 тұйықтары жылу орталықтарын түсіруге арналған. 18 тұйық құрылғылар қоймасы, бұл жанармай электростансасы мен кластық вагондардың тұруына қолданылады. 19 тұйық жанбалы жағылмалы материалдар қоймасы. Барлық бұрмалы бағыттамалар қолдық қызмет көрсетеді.
1.2 кесте
Жәйрем стансасының жолдық ведомості
№п/п |
Жолдың тағайындалуы |
Бағыттама-лар жолды шектеуіштер |
Ұзындық, метр |
Сыйымдылы-ғы шарт бойынша вагон | ||
Жалпы |
Жарам-ды | |||||
бас-тап |
дейін | |||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Басты жол |
14 |
11 |
988 |
900 |
59 |
2 |
Барлық пойыздар үшін қабылдау жөнелту |
14 |
11 |
988 |
900 |
59 |
3 |
Барлық пойыздар үшін қабылдау жөнелту |
22 |
13 |
900 |
846 |
55 |
4 |
Барлық пойыздар үшін қабылдау жөнелту, сонымен қатар пойыздарлы құрастыруға арналған |
22 |
13 |
900 |
846 |
55 |
5 |
Барлық пойыздар үшін қабылдау жөнелту, сонымен қатар пойыздарлы құрастыруға арналған |
20 |
7 |
1030 |
949 |
63 |
6 |
Түйістіруші жол |
17 |
14 |
185 |
149 |
14 |
7 |
Локомотивтік тұйық |
12 |
тіреу |
112 |
75 |
5 |
Тұй. № 1 |
Локомотивтік депо тұйығы |
12 |
Тіреу |
75 |
1.2 кестенің жалғасы
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 | |
Тұй. № 2 |
Думпкарларды жөндеу тұйығы |
24 |
Тіреу |
143 |
106 |
7 | |
Тұй. № 3 |
Жабдықтау және тұндыру тұйығы |
24а |
Тіреу |
82 |
45 |
3 | |
Тұй. № 4 |
Қозғалмалы құрамға арналған тұйық |
19 |
Тіреу |
123 |
45 |
3 | |
Тұй. № 5 |
ВВ тиеу түсіру үшін |
4 |
Тіреуге дейін |
557 |
520 |
37 | |
Тұй. № 7 |
Ұсақталған тас қоймасы, түсіру тұйығы |
27 |
Тіреу |
317 |
280 |
20 | |
Тұй. № 9 |
локомотивтік депо тұйығы |
29 |
Тіреу |
337 |
300 |
21 | |
Тұй № 10 |
Локомотивтік депо тұйығы |
30 |
Тіреу |
317 |
280 |
20 | |
Тұй. № 11 |
ОМТС түсіру тұйығы |
31 |
Тіреу |
335 |
293 |
21 | |
Тұй. № 12 |
ОМТС түсіру тұйығы |
32 |
Тіреу |
337 |
300 |
21 | |
Тұй. № 13 |
ОМТС түсіру тұйығы |
33 |
Тіреу |
342 |
305 |
21 | |
Тұй. № 15 |
ОФ түсіру тұйығы |
34 |
Тіреу |
237 |
220 |
15 | |
Тұй. №16 |
Түсіру тұйығы |
35 |
Тіреу |
551 |
475 |
30 | |
Тұй. № 17 |
Жылуцентрді түсіру тұйығы |
36 |
Тіреу |
372 |
335 |
23 | |
Тұй. № 18 |
Жылуцентрді түсіру тұйығы |
37 |
тіреу |
172 |
135 |
9 | |
Тұй. № 19 |
ГСМ арналған тиеу түсіру үшін |
35 |
Тіреуге дейін |
457 |
420 |
28 |
1 Ең басты қабылдауға жіберуге және өткізуге жолаушылар мен жүктік пойызды екі жаққа;
2 Жүктік пойыздарды екі жаққа қабылдау - жөнелту үшін;
3 Жолаушылар мен жүктік пойыздарды екі жаққа қабылдау-жөнелту және өткізу үшін;
5 Жолаушылар мен жүктік пойыздарды екі жаққа қабылдау-жөнелту және өткізу үшін;
7 Тартым және ВМ қауіпті жүкті вагондарды авариялық карточкада көрсетілген шараларды орындау үшін арналған.
Қатерлі жүк поездарын қабылдау, жөнелту және өткізу үшін көрсетілген жолдар:
– I класты ВМ жүк поездарын қабылдау, жөнелту және өткізу үшін стансаның 3-жолы көрсетілген; бұндай поездарды қабылдау учаскесінің поезд диспетчері бұйрығы бойынша жүргізіледі; поезд жүруінің бағытын дайындаған соң станса кезекшісі пост сигналшыларына поезд қабылдау бағыттама ілмекті салымдармен және қалқалы құлыптармен жабу туралы өкім беруге міндетті және осыдан кейін барып көрші стансадан поезд жөнелтуге рұқсат береді; станса кезекшісі, өз кезегінде ауыстырылатын бағыттамалардың барлық бағыттама тұтқасына қызыл қалпақшалар кигізеді және СОБ бағыттамалар мен сигналдар жүйесімен поезд қабылдау бағытын қамалайды;
– стансаға поездарды қабылдау (жөнелту) тек СОБ стансасының әрекеттегі жүйесі барысында ғана іске асырылады.
– СОБ бұзылу жүйесі барысында стансаға поездарды қабылдау (жөнелту) ерекше және жоғарыда көрсетілген сақтандыру шараларының ИДП 16 тарауын және Жергілікті техникалық нұсқаудың 18-бөлімін ұстанумен ғана іске асырылады;
– ВМ – нан поездардың келуі және жөнелтілуі туралы дауыс қатайтқыш құралы бойынша хабарланбайды.
Қатерлі жүк (ВМ) вагондар мен жағылмалы газдарды тасу цистерналарын поездардан тыс қоюға арналған жолдар: Мұндай вагондардың тұрақ жолдарына жүргізілетін бағыттамаларды қандай жағдайда бекітілетіні, бағыттамаларды жабу тәртібі және олардың кілттерін сақтау орындары көрсетіледі: ВМ-нан жекелеген вагондарды және жағылмалы газбен тиелген цистерналардың орны үшін (локомативсіз уақытша немесе ұзақ мерзімді, соның ішінде орын ауыстыру операциялары барысында) стансаның 1-жолы берілген, осыдан вагондар тежегіш құралдармен сенімді бекітілген болуы керек, оның бекітілу дұрыстығы мен сенімділігі станса кезекшісімен жеке тексеріледі; осыдан № 23 және 24 бағыттамалары стансаның 2-жолының бағыты бойынша белгіленеді, ал станса кезекшісі ауыстыру бағыттамаларының бағыттама тұтқасына қызыл қалпақша кигізеді және пост сигналшыларына кілт станса кезекшісіне берілетін қалқа құлыбы бар ілмекті салыммен бағыттама бекіту туралы үкім береді; берілген вагондармен жұмыс жасау барысында сақтандыру шаралары ИДИ 16- тарауында және Жергілікті техникалық нұсқаманың 18 бөлімінде жазылған.