Аударманың грамматикалық қиындықтары. Морфология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 21:17, курсовая работа

Описание работы

Мекемелерде жалпы қоғамда орын алатын аударма ісінің грамматикалық қателіктерін іздестіру. Шет тілінен қазақ тіліне аударма жасаудың грамматикалық заңдылықтарымен танысу. Өзге компаниялардың Қазақстан жерінде өндіріспен айналысуы, шет ел мемлекеттерімен еркін байланыс немесе басқа да жағдайлар аударма ісінің кең қанат жаюына ықпал етті.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ірі державалармен қарым-қатынас жасау үшін сенімді аудармашылар керек болды. Аударма ісінің түп-төркіні қазақ жерінде одан ертеде басталды.

Содержание работы

КІРІСПЕ .……………………………………………………...............................................3
І. Аударманың грамматикалық қиыншылықтары. Синтаксис
1.1 Сөйлемді талдау. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сөйлем түрлері………....................5
1.2 Nominative with the Infinitive айналымы немесе инфинитивтің екінші баяндауыш ретінде қолданылуы……………………………………………...................................................9 1.3 Сабақтас құрмалас сөйлемдердің екі тілдегі айырмашылықтары және оларды қолдану заңдылықтары……………………………………………..........................................................13
ІІ. Аударманың грамматикалық қиындықтары. Морфология
2.1 Сөз таптарының орын басуы……………………………………………............................15 2.2 Ағылшын есімшесінің аударылу жолдары…………………………….............................17
2.3 Герундий мен герундиялық айналымдардың аударылу жолдары……............................19

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….............................23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………...........................25

Файлы: 1 файл

аударма ісінің грамматикалық қиыншылықтары изм.docx

— 92.42 Кб (Скачать файл)

Ауызша аудармашының бойында ораторлық өнер болуы қажет.

Ал жазбаша аудармада ондай қатаң тәртіп жоқ. Өйткені жазбаша аудармада әрбір аудармашы ойланып, мәтінді бірнеше рет оқып шығып аударманың әдісін әбден анықтап барып аударуы мүмкін, себебі жазбаша мәтіндер әр түрлі стильде болады.

Сонымен қатар жазбаша аударма тәжірибесі пәні аударманың грамматикалық және лексикалық аспектілерін қарастырады.

Аударма жағынан алып қарағанда ағылшын тілі мен қазақ тілінің грамматикалық құрылымдарының айырмашылықтары аударма мәселелерінің екі категориясымен беріледі: тілдік бірліктердің грамматикалық қасиеттерінің ұқсастығы жағдайындағы аударма мәселелері және бастапқы және аударма тілдеріндегі тілдік бірліктердің грамматикалық қасиеттерінің әртүрлілігі жағдайындағы аударма мәселелері. Сонымен бірге, ерекше қиындықтар дара грамматикалық бірліктер (сөз формалары негізіндегі морфологиялық қайта құру) мен біріккен грамматикалық бірліктерді (сөз тіркесі, сөйлем және фразадан тыс бірліктер негізіндегі синтаксистік қайта құру) қайта құрумен байланысты болады.

Тілдік бірліктердің грамматикалық қасиеттері бірқатар тілдік құбылыстардан: сөз, сөз тіркестері, сөйлем формалары, элементтердің орын тәртібі, формалардың грамматикалық мағыналары, форма мен мағынаның контексттік атқаратын қызметтерінен тұрады. Аударылатын белгілі бір тілдік бірліктің ақпараттық маңыздылығын қарастырғанда, біз тек сөз және сөз тіркестерінің лексико-семантикалық мағыналарын ғана емес, сонымен бірге олардың аударма мәліметінің жеткізілу мөлшеріне біршама әсер ететін грамматикалық қасиеттеріне де ден қоямыз.

Ағылшын тілі мен қазақ тілінің грамматикалық қасиеттерінде ұқсастықтары (сын есімнің шырайлары, етістіктің шақтары, сөздердің орын тәртібінің функционалдық маңыздылығы, т.б.) мен айырмашылықтары (ағылшын тіліндегі артикль, қазақ тіліндегі септіктер, ағылшын тіліндегі герундий,қазақ тіліндегі көсемше, т.б) бар.

Сонымен қатар, грамматикалық формалар, олардың атқаратын қызметтері мен мағыналары арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтардың толық немесе толық емес болатындығын естен шығармаған жөн. Осыған сәйкес толық аударма немесе толық емес аударманың әртүрлі нұсқаларын жасауға болады. Шын мәнінде толық теңестіруге келмейтін айырмашылықтар толық ұқсастық сынды аз кездеседі. Сондықтан, ең басты аудармашының кезігетін мәселесі – біріншіден, теңестіруді қажет ететін деңгей, екіншіден, грамматикалық формаларды аудару барысындағы теңестіру сипаты.

Осы мәселені шешудің басты амалы әдетте бастапқы контекст болғанымен, кейде белгілі бір мәтін түрін грамматикалық безендіру салты сияқты әсерлерді де есепке алу керек. Мысалы, грамматикалық формалар мен құрылымдарды бір үлгіге салу талаптары, белгілі бір грамматикалық формалардың стилистикалық бекітілуі, мәтіндегі хабардың нақты не нақты айтылмауы арасындағы дәстүрлі қатынас және тағы басқалары. Осыған сәйкес, дәстүрлі түрде ағылшын мәтінінде тәуелділік есімдіктері зат есімді анықтаушы ретінде нақты түсіндірілсе, қазақ тілінде оны қолдану кейде хабардың көлемін ұлғайтып жібереді. Мәселен, «He raised his hands» – «Ол қолдарын көтерді» («Ол өзінің қолдарын көтерді» формасы көптеп кездескендігімен аудармада мәнерлілік үшін түсіп қалуы мүмкін). Осыдан келе мұндай мысалдарда ішінара немесе нөлдік аударма қолданылғаны дұрыс.

Ең басты мәселені жалпы қарастыру морфологиялық жағынан ұқсас грамматикалық формаларды аударуда толық аудармамен бірге басқа да жағдайларды қарастыруға көмектеседі. Жоғарыда айтылған нөлдік аударманы қолдану формалардың ұқсастығы негізінде дәстүрлі-функционалдық сәйкессіздік жағдайында нәтижелі келеді. Жоғарыда келтірілген мысалдардан басқа есімдік түрлерінің сәйкессіздігі жағдайында нөлдік аударманы қолдану туралы айтуға болады.  Мәселен:

       they say                                 –  дейді,  деп айтады

       you see                                  –   түсінесің бе

  before one can say a word –   аузыңды ашып та үлгермейсің

       say it                                     –   айт.

Есімдіктерді аударудағы басқа тәсіл – ішінара аударма, яғни толық форманы емес, ішінара қызметіне сай келетін форманы қолдану. Мәселен, қазақ тіліндегі өздік есімдіктің өзіндік есімдік формасы болуы мүмкін. Осыған байланысты, толық не ішінара аударма қолданылады.

He could not break himself out of his habit of flushing.

Ол өз әдеті қызарудан арыла алмады.

He pulled himself together quickly. 

Ол өз - өзін тез қолға алды.

Аудармашылар көбінесе функционалдық сәйкестік (функционалдық ауыстыру) тәсілін пайдаланады. Әсіресе, екі тілде де тура сәйкестігі бар етістіктің шақтарын аудару барысында қолданылады. Дегенмен, екі тілде олардың атқаратын қызметтері үйлеспей қалуы мүмкін. Мәселен, Ол қонақ үйге орналасады сөйлемін контексттің қосымша уақытына сәйкес түрлі әдіспен беруге болады: She will stay at a hotel (келу уақыты немесе басқа жағдайлар маңызды емес, деректің өзі берілгенде), She will be staying at a hotel (нақты уақыт контекстке байланысты) немесе She is staying at a hotel (ниет немесе келісім контекстке байланысты). Соңғы форма, шындығында қазақ тіліндегі форманың тура баламасы бола алмайды, тек оны ниет немесе келісімді білдіру үшін функционалдық жағынан ауыстырады.

Грамматикалық формаларды функционалдық қайта құру грамматикалық айырмашылықтар, бастапқы және аударма тілдерінің лексико-семантикалық ерекшеліктері және тілдік дәстүрдің айырмашылықтарына сай жасалады. Бір ғана форма кейбір контексттерде толық немесе ішінара аударма арқылы берілсе, басқа контексттер дәстүрлі түрде тілде қолданылатын функционалдық ауыстыру арқылы аударылады. Мысалы, қазақ тіліндегі кешіріңіз формасы көптеген контексттер (уақытылы жауап қайтармағанымызға кешіріңіз, келеңсіздіктер үшін кешіріңіз, алаңдатқаным үшін кешіріңіз) мен жағдаяттарда (жеке қарым-қатынас, іскерлік хаттар, ресми қарым-қатынастар) бірдей қолданылады. Ағылшын тіліне аударуда бұл форманың толық – ішінара (excuse me, excuse his manner) және  функционалдық (sorry for being late, we must apologise for the delayed answer, inconveniences) баламалары табылуы мүмкін.

Әдетте функционалдық ауыстыру берілген форманың контекстте немесе жағдаятта қолданылуына сәйкес  морфологиялық өзгеріс мүмкіндіктеріне негізделуі мүмкін. Мысалы:

Presumably Egypt is the oldest highly advanced civilization and is often seen as a symbol for everything ancient and secret.

         Білуімізше, Египет ескі жоғары дамыған өркениет болып табылады және әдетте барша ескі мен құпияның белгісі ретінде қарастырылады. 

Ауызекі тілдік контекстте толық сәйкестік болуы мүмкін (мүмкін, болжам бойынша), бірақ бастапқы контекстте (ғылыми мақала) ол қазақ тілінде мәтіннің стилистикалық айтылуын өзгертіп жіберер еді. Бұл жердегі ашық түрдегі предикативті форма (білуімізше) қазақ тілінің дәстүріне сай ғылыми стильге келеді.

Кейбір жағдайларда осы сынды немесе басқа да сыртқы түрі сәйкес келетін грамматикалық формалар аудармада атқаратын қызметінің айырмашылығы мен айтылу дәстүріне байланысты күрделі қайта құруды талап етеді. Осындай тәсілдердің қатарына грамматикалық формаларды үйлестіру, өзгерту және антонимдік аударманы жатқызуға болады.

Үйлестіру, яғни әртүрлі грамматикалық формаларға жалпы грамматикалық қасиеттерді беру тәсілі ағылшын тілінің инфинитивті құрылымдарын аударуда қолданылады. Мәселен, әдеттегі немесе қайталанатын іс-әрекетті білдіретін инфинитив  қазақ тілінде формасы өзгертіліп аударылады:

      He glanced up just to see a stranger on the neighbouring roof.

      Ол жоғары қарап, көрші үйдің шатырынан бейтаныс біреуді көрді.

      When he passed a florist’s he was very apt to drop in and order some roses for her.

      Гүл сататын  дүкеннің жанынан өтіп бара  жатқанда, ол онда соғып және қызы үшін раушан гүлдеріне тапсырыс беріп шығуға бейім болды.

Аудармашылық өзгерту, немесе форманың морфологиялық атқаратын қызметін өзгерту әдетте хабардың элементтерінің  нақтылық деңгейі немесе нақтылықтың стилистикалық жағынан сәйкес келмеуі жағдайында қолданылады. Мәселен, «as long as I live» тіркесі контекстке сай «өмірімнің соңына дейін» функционалдық баламасы арқылы немесе грамматикалық жағынан өзгерген «өмірімде» формасы арқылы берілуі мүмкін:

     And, help me God, I’ll never eat spinach again as long as I live.

     Және мен, Құдай  қаласа, өмірімде енді шпинат жемеймін.

     I’ll take care for her as long as I live.

     Мен оған  өмірімнің соңына дейін қамқор  боламын.

Бірінші контекстте live етістігі өзінің салтанатты айтылуын сақтай отырып, мәтінге шпинат пен антты сәйкестендіре отырып ирониялық рең береді. Ал қазақ тілінде бұл стилистикалық жағынан келеңсіз болғандықтан өзгеріске ұшырайды. Екінші сөйлемдегі етістіктің қолданылуы қазақ тілі дәстүрінде «анттық, сөз берушілік» контекстке сай келеді. Сондықтан, бұл жерде толық аударманы қолданған жөн.

Бұл тәсілді қолдану бәрінен бұрын бастапқы сөздің морфологиялық өзгерісіне әкеледі. Зерттеулердің көрсетуінше, ағылшын тілінде предикативтік қатынасты жеткізуде басты орында етістіктік тәсілдің тұруы қазақ тілімен ұқсас келеді. Бірақ, кейде ол атаулы қайта құруды талап етуі мүмкін. Мәселен:

             Ол фирмасын аса белгілі компаниялардың  қатарына қосу үшін бар күшін салды.

             He did his best to place his firm among the most notable companies.

             Julia was paying no attention to what they said.

             Джулия олардың айтқандарына  мән бермеді.

             Джулия олардың бос сөзіне  көңіл аудармады.

Ағылшын тілінен немесе қазақ тілінен аударма жасау барысында ұзақ сөйлемді бөліктерге бөлу немесе жаңа ойды, тізбектелген іс-әрекеттерді өзгерту аудармашының шығармашылығына байланысты болады.

Мәселен:

Жаппай құндылықтарды жеке меншіктен кәмпескелеу жорықтары кезінде Петербургтың көптеген сарайлары өздерінің көркем өнер жинағынан айрылды.

1 – As a result of the campaigns of mass confiscations of artistic values from private collections, many palaces of St. Petersburg lost their arts collections.

2 – In the course of confiscating campaigns, many palaces of Petersburg lost their arts collections as private.

Аударманың бірінші нұсқасы грамматикалық формаларды сақтай отырып, ұзарған of – формасын құрып, логикалық құрылымы жағынан бұлыңғыр болып тұрса, ал екінші нұсқада өзгеріс арқылы логикалық жағынан бірізді және дұрыс құрылған сөйлемді құрастыруға мүмкіндік тудырады.

Антонимдік аударма аудармашыға грамматикалық форма лексикалық үйлесімділік ережелеріне қарама-қарсы болып, аударма мәтінін көркемдігінен айырған кезде аударма тілінде грамматикалық құрылымды дұрыс қалыптастыруда қолданылады:

         He did not have much time at his disposal.      

Оның уақыты аз қалды.

 

1.2 Nominative with the infinitive айналымы  немесе инфинитивтің екінші баяндауыш

ретінде қолданылуы

 

Туынды етістіктің эпитеті ретіндегі инфинитив көп қолданылмайды.

Туынды етістік әрқашанда тіркес болып келеді. Ол әдетте ырықсыз етістегі баяндауыш етістіктен және етістіктің кей мағынасын білдіретін инфинитив немесе есімше формасынан тұрады. Бұл әдетте физикалық қабылдау, ой және сөйлеу белсенділігін білдіретін етістіктер және де каузативті етістіктер болып келеді.

Бұл айналым өзінің ықшамдылығының арқасында және де келтірілген мәлімет үшін жауапқа тартылу мүмкіндігінің арқасында газетті публицистикалық стильде кеңінен таралған.

Мысалы: Over a hundred people are believed to have been drawned during the rescued flood in Pakistan – Пакистанда жақында болған су тасқынынан жүзден аса адам көз жұмды деген мәлімет таралды.

Туынды етістіктің бірінші элементі ағылшын тілінің to be етістігі кейде анықтауыш айналым барысында түсіп қалады.

Мысалы: The boy believed to have been kidnapped came home after missing for two days – Ұрланды деп есептелген бала екі күннен кейін үйіне оралды.

Инфинитивтің көптеген функциялары арасында инфинитивтің іс-әрекет жалғастырушы пысықтауыш функциясын атап өткен жөн.

Бұл созылмалы немесе іс-әрекет жалғастырушы инфинитив деп аталады.

Бұл функциядағы инфинитив жалғасатын іс-әрекеттерді білдіретін сөйлемдерде қолданылады.

Мысалы: I woke up one morning to find myself famous – Мен тамаша бір таңда оянып, өзімнің танымал екендігімді анықтадым. Бұл аударманы дұрыс түсіну үшін ағылшын сөйлемінде бірқатар өзгерістерді енгізу қажет.

Мысалы: I woke up one morning and found that I was famous - Мен тамаша бір таңда оянып, өзімнің танымал екендігімді анықтадым.

Бұл функциядағы инфинитивті қарастырмас бұрын атауына назар аударайық. «Адьектив» сөзі ағылшын тілінің «adjective» - «сын есім» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан бұл құрылымды сын есімді құрылымдардағы инфинитив деп атауға болады. Бұл құрылымдағы инфинитив өздік және ырықсыз етістерде қолданылады.

Ағылшын тілінде өздік етіс active voice, ал ырықсыз етіс passive voice деп аталады. Мұндай құрылымдағы инфинитив көбіне «қажеттілік» деген мағынаны береді. Мысалы: New zoo for children at Victoria Park London to be o pened in 1966 is proposed by the Greater London Council’s Park Comitee – Үлкен Лондонның муниципалитетіндегі саябақ комитеті 1966 жылы ашылуға тиісті Виктория паркінде балаларға арналған жаңа хайуанаттар бағын құруға ұсыныс жасады.

Дәл осы сөйлемді басқаша етіп аударуға болады.

Мысалы: New zoo for children at Victoria Park London to be opened in 1966 is proposed by the Greater London Council’s Park Comitee – Үлкен Лондонның муниципалитетіндегі саябақ комитеті 1966 жылы Виктроия саябағында балаларға арналған жаңа хайуанаттар бағын ашуды ұсынды.

Бұл сөйлемнен біз инфинитивтің адьективті немесе сын есімді құрылымында кейбір жағдайда модальдік мағынадан ауытқитынын көреміз. Сөйлем мүшелерінің алмасуы:

1 ереже: Қазақ тіліндегі әр сөйлемді ағылшынға аударудың алдында ондағы тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін тауып, олардың орналасу тәртібін анықтау.

Мысалы: Қазіргі кезде колледж және басқа курстар көптеген жастарға, қабілетті студенттерге жақсы іскерлік инвитициясы болып табылады – баяндапуыш тобы, көптеген жастарға қабілетті студенттерге – толықтауыш тобы, қазіргі кезде пысықтауыш көптеген қабілетті басқа жақсы іскерлік – анықтауыш тобы.

Сөз тәртібі: пысықтауыш+бастауыш+толықтауыш+баяндауыш.

Информация о работе Аударманың грамматикалық қиындықтары. Морфология