Аударманың грамматикалық қиындықтары. Морфология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 21:17, курсовая работа

Описание работы

Мекемелерде жалпы қоғамда орын алатын аударма ісінің грамматикалық қателіктерін іздестіру. Шет тілінен қазақ тіліне аударма жасаудың грамматикалық заңдылықтарымен танысу. Өзге компаниялардың Қазақстан жерінде өндіріспен айналысуы, шет ел мемлекеттерімен еркін байланыс немесе басқа да жағдайлар аударма ісінің кең қанат жаюына ықпал етті.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ірі державалармен қарым-қатынас жасау үшін сенімді аудармашылар керек болды. Аударма ісінің түп-төркіні қазақ жерінде одан ертеде басталды.

Содержание работы

КІРІСПЕ .……………………………………………………...............................................3
І. Аударманың грамматикалық қиыншылықтары. Синтаксис
1.1 Сөйлемді талдау. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сөйлем түрлері………....................5
1.2 Nominative with the Infinitive айналымы немесе инфинитивтің екінші баяндауыш ретінде қолданылуы……………………………………………...................................................9 1.3 Сабақтас құрмалас сөйлемдердің екі тілдегі айырмашылықтары және оларды қолдану заңдылықтары……………………………………………..........................................................13
ІІ. Аударманың грамматикалық қиындықтары. Морфология
2.1 Сөз таптарының орын басуы……………………………………………............................15 2.2 Ағылшын есімшесінің аударылу жолдары…………………………….............................17
2.3 Герундий мен герундиялық айналымдардың аударылу жолдары……............................19

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….............................23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………...........................25

Файлы: 1 файл

аударма ісінің грамматикалық қиыншылықтары изм.docx

— 92.42 Кб (Скачать файл)

      Мәдени фактор аударма элементінің ақпараттық бірізділігінің көлемін бастапқы мәтін негізіндегі әлеуметтік – мәдени дәстүрге сәйкес анықтаумен анықталады.

      Психологиялық фактор бастапқы элементтің ақпараттық бірізділігінің көлемін жеке тәжірибе және бастапқы мәтін авторының немесе аударма мәтінін қабылдаушының тәжірибесі туралы болжамдар негізінде анықтайды.

       Тілдік көзқарас бойынша, стандартқа сәйкес үйлестіктерге келмейтін бастапқы мәтіннің осындай бірліктерін аудару үшін аудармашы  негізгі үш тәсілді: лексикалық, грамматикалық және стилистикалық түрлерін қолдана алады.

Лексикалық  тәсілдер бастапқы мәтінде сөз деңгейінде стандартқа сәйкес емес тілдік бірлік болған жағдайда қолданылады. Мәселен: бастапқы тілдің мәдениетіне сай келсе де, аударма тілінде жоқ жалқы есімдер; белгілі бір кәсіби саладағы термин; түпкі мәдениетке сәйкес, бірақ аударма мәдениетінде құрылымдық – функционалдық бірізділік бойынша өзгеше және аударма тілінде мүлдем жоқ заттар, құбылыстар мен түсініктерді білдіретін сөздер. Мұндай сөздер аударма үрдісінде басты орын алады, өйткені салыстырмалы түрде контекстке тәуелсіз бұл сөздер аудармашының таңдауына сай аударма мәтініне әртүрлі бағыттылықты береді. Мысалы, қазақ тіліндегі Айсәуле немесе Гүлім есімдері ағылшын тіліне транслитерация тәсілі арқылы Aisaule, Gulim деп аударылып, мәтін ішіндегі есім рөлін атқарады. Бірақ, сөзсіз мәтіннен тыс ассоциацияны жояды: Айсәуле – айдың сәулесі және Гүлім – гүл. Ағылшын тіліндегі Bloody Mary бастапқы мәдениетке сай бір уақытта коктейль және ағылшын ханшайымының тарихи титулына сәйкес аллюзия бола отырып, екі мағынаға да бір атау кейпіне ие болады. Қазақ тілінде бұл атаудың екі түрлі формасы берілген: Қанды Мэри (коктейль) және Қанды Мария (ханшайым). Көптеген контекстерде бастапқы бірлікті біріктіру маңызды емес, бірақ бастапқы мәтін авторы оны күрделірек мәтіндік дүние – стандартты түрде тәуелсіз бірліктер жүйесіне толы бейнелеуде қолданса, аудармашы қиын жағдайда қалып, өзінің стилистикалық тәсілін таңдауына апарып соқтырады. Бұл дегеніміз – баламаларды лексикалық дәрежеден стилистикалық дәрежеге өткізу арқылы таңдау мәселесімен байланысты аударма бірлігінің деңгейін өзгерту.

     Бастапқы мәтіннің стандартқа сәйкес емес лексикалық элементтерін аударудың кең тараған тәсілдеріне транслитерация, транскрипция, калькалау, семантикалық модификация, суреттеу, түсіндірме, аралас аударма жатады.

         Грамматикалық тәсілдер морфемадан бастап фразадан жоғары бірліктерге дейін, бастапқы мәтіннің стандартты түрде тәуелсіз кез-келген грамматикалық құрылымы аударма мәтінінің объектісі болған жағдайында қолданылады.

Аудармашы үшін лексикалық мәселелермен салыстырғанда бұл мәселелер онша көп қиындық тудырмайды. Бірақ,  өзіндік даралығы болғандықтан белгілі бір тәсілдерді қолдануды талап етеді. Мәселен, ағылшын тілінде көп қолданылатын есімшені қазақ тіліне аударуда сөйлемнің грамматикалық құрылымының қайта құрылуын талап етеді:

The work having been done, everybody felt a relief.

Жұмыс біткен кезде, әрқайсысы өздерін иықтарынан ауыр жүк түскендей сезінді.         

Жұмысты бітіріп, әрқайсысы өздерін иықтарынан ауыр жүк түскендей сезінді.

      Барлық грамматикалық шақтар, тіпті өзге контекстерде тура сәйкестіктері болса да  қайта құрылады.

Ағылшын тілінен қазақ тіліне мәтінді аудару барысында етістік шақтары қызметінің үйлеспеуі орын алады. Мысалы, ағылшындардың тағам әзірлеу мәзірін жазу салтында императив формасы қолданылса,  қазақ тілінде ауыспалы келер шақ түрінде беріледі:

    Bake the buns till light golden.

   Бөлке нан қызғыш  түс пайда болғанша пісіріледі.  

Бұл қайта құру түрі аударма тілінде бастапқыдай грамматикалық формасы жоқ болған не өзге қызмет  атқарған жағдайда қолданылатын грамматикалық ауыстыруға жатады.

Осы мысалда till light golden  қазақ тілінде лексикалық бірліктердің қосылуын талап ететін синтаксистік орам болып табылады. Мұндай тәсіл тарату, қосу, біріктіру, кеңейту сияқты тәсілдерінің қатарына жатады.

Функционалдық ауыстыру және қосу сияқты кең тараған тәсілдердің қатарына грамматикалық трансформация, антонимдік аударма, нөлдік аударма және тағы басқалары жатады.

         Стилистикалық  аударма тәсілдері  аударма нысанасы бастапқы мәтіннің  белгіленген стилистикалық бірліктері  болғанда қолданылады. Білуімізше, кейбір стилистикалық бірліктер  мүлде аударылмаса, кейбірі күрделі  қайта құруға жатады. Тек 

бастапқы мәтіннің белгіленген стилистикалық бірліктерінің мардымсыз бөлігі ғана аударма барысында стандартты түрдегі сәйкестікке ие болады.

Кең тараған стилистикалық формалар аудармасы  қатарына бастапқы және аударма тілдерінің мәдени - тілдік дәстүрінің қаншалықты ұқсас не өзгеше екендігіне байланысты  метафоралар жатады. Ағылшын мәтінінде метафора өзгергіш қалыпта болып, бейнемен бірге мағынаның ирониялық кейпіне де ие болады. Және мәтіннің бір ғана бірлігін талдауда бірнеше стилистикалық тәсілдердің қолдануын қамтуы мүмкін. 

There was not an organ in his body that had not been drugged and derogated, dusted and dredged, fingered and photographed, removed, plundered and replaced.

Бұл сөйлемде метафора градация (бірізділік), аллитерация (әдеби көркемдеу), гиперболамен (көркем бейнені әсерелеу) бірігіп келіп медициналық тексерістің күлкілі – орынсыз бейнесін тудырады.

Бастапқы мәтіннің сөздік құрамын сақтау стилистикалық ықпалмен келіспей қалатындықтан, бұл мәтін аудармада эмоционалдық, бағалау және мағыналық ассоциацияның сақталуы үшін қайта құруды талап етеді. Бастапқы бейне негізін құрайтын мұндай ассоциациялардың белгілі бір бөлігін сақтап қалудағы жалғыз жол – стилистикалық тәсілдердің негізгі үйлесімділігін қайта құру. Дегенмен, мұндағы сөйлемдермен бірге тәсілдер де өзгеруі мүмкін. Мысалы, қазақ тіліне тән емес мұндай контексттегі аллитерация ритмдік, рифмалық қайталау тәсілі арқылы аударылуы мүмкін. Нәтижесінде негізгі мәтін былай аударылады: Оның барлық ағза мүшелері тексеріліп  желдетілді, алынып кептірілді, сипалып соғып көрілді, ағытылып, жөнделіп, орнына келтірілді.  

Жалпы негізгі стилистикалық қайта құру тәсілдерінің қатарына сөздік құрамның ауыстырылуы, бейнені ауыстыру, тропты ауыстыру, ауыспалы мағынаны анықтау, сөзбе сөз аудару  (түсіндірмемен не түсіндірмесіз).

         Әртүрлі қайта құру тәсілдерінің  ішінен бастапқы мәтінге сәйкес  тәсілді аударма бірлігіне сәйкестендіріп  таңдау аудармашының құзырында  болады.

 

 

1.3 Сабақтас құрмалас сөйлемдердің  екі тілдегі айырмашылықтары  және

оларды қолдану заңдылықтары

 

Қазақ және орыс тілдерінде құрмалас сөйлемдердің екі түрі белгілі: салалас және сабақтас. Олардың екеуі де екі жай сөйлемнен тұратындықтан күрделі болып табылады. Егер сөйлемнің құрамындағы екі жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болса, ол сөйлем салалас деп аталады.

Ал егер бірінші жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болса, ондай сөйлем сабақтас деп аталады. Сабақтас сөйлем басты мағынасын сақтап тұратын басыңқы және басыңқы сөйлемде айтылған мәліметке түсіндірме жасайтын бағыныңқы сөйлемнен құралған.

Ағылшын тілінде де сабақтас құрмалас сөйлемдер бар және олардың аударма барысында көптеген ерекшеліктері кездеседі.

Ағылшын тілінде бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемге Who, what, which, that, where, when, as, because, if  шылауларымен және ешбір шылаусыз қосыла алады.

Мысалы: The article that you read yesterday contains very important data – Сіз мақаланы кеше оқығаныңыздан, ондағы өзекті мәселелерден хабардарсыз. The man I know is a well-known artist – Мен танитын адам – танымал суретші. Сабақтас құрмалас сөйлемнің синтаксистік анализін келесідей орындау қажет:

1.Ең әуелі сөйлемді талдаған кезде, сөйлемнің тұрлаулы мүшелері – бастауышпен баяндауышты тауып алу керек.

Баяндауыш етістіктің санына қарай табылады, ал бастауыш оған серік болып келеді. әдетте осы тұрлаулы мүшелер сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер санын анықтайды.

2.жай сөйлемдер қосылып тұрған шылауларды анықтау қажет (ағылшын тілінде жай сөйлемдер шылаусыз да қосыла алатындарын ұмытпау керек) және бағыныңқы сөйлемнің бағыну түрін анықтау керек, яғни анықтауышты, себеп- салдар, мезгіл т.б. түрлерін анықтау керек.

3.енді бағыныңқы және басыңқы сөйлемдердегі тұрлаусыз мүшелерді тауып, содан кейін сол сабақтас құрмалас сөйлемді аударуға кірісу қажет.

Келесідей сабақтас құрмалас сөйлемдердің синтаксистік анализдерін жасау қиын болып табылады:

1. Егер бастауыш бағыныңқы  сөйлемде тұрса, ал баяндауыш  басыңқы сөйлемде тұрса, онда  олар that, if, whether, who, what, which, how, where, when, why шылауларымен  қосылады.

Мысалы: Whether the tax increase is the right solution is something some observes have recently begun to doubt – Соңғы кездері кейбір бақылаушылардың күмәнданатын жайттары – салық құнын өсіру мәселенің дұрыс шешімі ме жоқ па?

4. егер баяндауыш бағыныңқы сөйлемде тұрса, баяндауыш келесі етістіктерден тұруы мүмкін: to be, to seem, to appear және  That, if, whether, who, what, which, how, where, when, why шылауларымен сөйлемнің мағынасына енеді.

Мысалы: This trend in art is not really new. What is new is that it has become the general tactics used by the artists now – негізінде өнер салалсында бұл бағыт – жаңа емес. Жаңасы бұл суретшілер қолданылатын қазіргі заманның жаңа тактикасы.

5. Құрамындағы жай сөйлемдері шылаусыз қосылатын сабақтас құрамдас сөйлемдер.

Мысалы: The report the teacher’s delegation made on returning home was listened to with great interest by members of our department-Еліне қайтып орылған сәттегі оқытушылық делегациясының паш еткен баяндамашы өте қызықты болғандықтан, біздің бөлімнің қызметкерлері оны зор ықыласпен тыңдады.

                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ БӨЛІМ

Аударманың грамматикалық қиындықтары. Морфология

 

2.1 Сөз таптарының орын  басуы

 

Сөз таптарының орын басуы әдетте ағылшын және орыс тілдерінде сөз қолданулары және сәйкестік нормаларына байланысты болды.

Кейде сөз таптарының орын басуы орыс тілінде сәйкес мағынасы бар сөз табының жоқ болуынан да пайда болады.

Мысалы: The actions of Congress and North Carolina and Tennessee statesmen aided by gifts of wise conservationists, have set his land aside as Great Smoky National park – Тенесси және Солтүстік каралина штаттарының мемлекеттік қызметкерлерімен конгрестік және табиғатты сүйіп, оны сақталуының барлық маңыздылығын түсінетін адамдардың зор еңбектерінің арқасында Смоки – Хилл өзенінің жағасындағы бұл алқап ұлттық саябаққа айналды.

Салыстырмалы түрде қарағанда conservationists – сөзі орыс тіліне лексикалық сәйкестікке ие болмағандлықтан ондағы айтылып тұрған мағынан толық ашып көрсетуді талап етеді.

Сонымен қатар артық сөз қосу және есімшені қосу сияқты грамматикалық өзгертулерді орындауға тура келді.

Көбіне біз зат есімді етістік қылып, сын есімді үстеу қылып немесе үстеуді сын есім қылып және сын есімді зат есім қылып аударуға мәжбүр боламыз.

Мысалы: The Tomes yesterday warned editorially…- кеше өзінің кезекті мақаласында Таимс газеті ескертті... Аударма editorially үстеуі сын есімді зат есім болып тұр.

Келесі мысалда зат есім етістік болып аударылады.

Мысалы: You give food and drink and I’ll tell you how to sail the ship  - Сіз мені тамақтандырып, шөлімді қандырасыз, ал мен есесіне кемені қалай жүргізетінін көрсетіп берем.

Баяндауышты аудару кезінде де өте көп рет грамматикалық өзгертулерге тап боламыз, өйткені ол үнемі сөз таптарын талап етеді. Баяндауыштардың түрлері және қолданнылу жолдары екі тілде көп бірдей бола бермейді: етістікті баяндауыш көбіне атаулы баяндауыш болып аударылады.

Мысалы:  There was universal relief at the safe return of the three U.S. astronauts from their epic voyage to the moon – Үш Американдық ғарышкерлер өздерінің айға шеккен тарихи сапарынан аман есен оралғанда барлығы рахаттана жеңіл күрсінді.

Ағылшын тіліндегі атаулы баяндауыш етістікті баяндауыш болып аударылып тұр. Мысалы: Abstentions on, and even votes against the coming anti – union Bill are certain in the commons – Жалпылама палатысында шыққалы жатқан снтипрофодақ заңына байланысты сайлау басталған кезде адамдардың көбі еш күмәнсіз бас тартып тіпті қарсы дауыстар береді. Бұл сөйлемді аударған бірнеше грамматикалық өзгертулерге жүгіндік:  Abstentions on, және  votes against бастауыштары етістіктен жасалған баяндауыштар болып өзгереді – бас тартып қарсы дауыстар береді; are certain атаулы етістігі еш күмәнсіз үстеулі болып өзгеріп және ағылшынның жай сөйлемі қазақ тіліне сабақтас құрмалас сөйлемі ретінде аударылады.

 

2.2 Ағылшын есімшесінің  аударылу жолдары

 

Ағылшын есімшесінің қазақ немесе орыс тіліне аударылу қиындықтары:

  1. «Дұрыс етістіктердің» Particle II  формасы Past Simple формасымен сәйкестілігі. Мысалы: closed- жапты, жабық
  2. Ағылшын сөйлеміндегі анықтауыш қызметін атқарып тұрған есімше анықтайтын сөзден кейін тұра алып, оны іздеп табуды қиындық тудырады.

 Мысалы: The method developed made it possible to achieve good results – Зерттелген әдіс жақсы нәтижелерге жетуге септігін тигізді.

  1. Егер ағылшын тіліндегі зат есім мен есімше сәйкес келмеген жағдайда оны басқа лексикалық – грамматикалық тәсілді қолдана отырып аударамыз.  

Информация о работе Аударманың грамматикалық қиындықтары. Морфология