Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 21:17, курсовая работа
Мекемелерде жалпы қоғамда орын алатын аударма ісінің грамматикалық қателіктерін іздестіру. Шет тілінен қазақ тіліне аударма жасаудың грамматикалық заңдылықтарымен танысу. Өзге компаниялардың Қазақстан жерінде өндіріспен айналысуы, шет ел мемлекеттерімен еркін байланыс немесе басқа да жағдайлар аударма ісінің кең қанат жаюына ықпал етті.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ірі державалармен қарым-қатынас жасау үшін сенімді аудармашылар керек болды. Аударма ісінің түп-төркіні қазақ жерінде одан ертеде басталды.
КІРІСПЕ .……………………………………………………...............................................3
І. Аударманың грамматикалық қиыншылықтары. Синтаксис
1.1 Сөйлемді талдау. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сөйлем түрлері………....................5
1.2 Nominative with the Infinitive айналымы немесе инфинитивтің екінші баяндауыш ретінде қолданылуы……………………………………………...................................................9 1.3 Сабақтас құрмалас сөйлемдердің екі тілдегі айырмашылықтары және оларды қолдану заңдылықтары……………………………………………..........................................................13
ІІ. Аударманың грамматикалық қиындықтары. Морфология
2.1 Сөз таптарының орын басуы……………………………………………............................15 2.2 Ағылшын есімшесінің аударылу жолдары…………………………….............................17
2.3 Герундий мен герундиялық айналымдардың аударылу жолдары……............................19
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….............................23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………...........................25
Ағылшын тіліне аударсақ: At present a college or other twining programs are good business investments for many bright, young students. Word order: adverb + subject +predicate + object.
2 ереже: Егер қазақ тілінде жай сөйлемінде бастауыш жасырын келген жағдайда бірақ ол алдыңғы сөйлемде айтылып кетсе, оны ағылшынға аударар кезде ағылшын тілінде қазақ тілінің мағынасына сәйкес бастауышты алумыз қажет.
Мысалы: Филипп Ройл 1936 жылдың 26 қыркүйекте Бирмингемде дүниеге келді. Елуінші жылдарда әскере болып сонда қызмет жасап, орыс тілін сол жақта үйренді. – Philip Roil was born on the 26 th of September 1936. In the fifties he served his obligatory two years in army. It was there that he started to study Russian.
3 ереже: егер қазақ тілінің құрмалас сөйлемінде баяндауыш бастауыштың алдында тұрса аударма кезінде бастауыш баяндауыштың алдына шығып кетеді.
Мысалы 1998 жылы Ақтөбе облысынан әкеткен мұнайдың көлемі – 2,57 млн т – In 1998, 2.57 million tons of oil were exported from Aktobe oblast.
4 ереже: Қазақ тілінде сөйлемде жанама толықтауыш келсе, ағылшын тілінде ол жанама бастауышқа айналады.
Мысалы: құрылыс алаңында орын алған апат нәтижесінде сегіз адам қаза тапты. – industrial accidents at this construction site have killed eight people.
5 ереже: Қазақ тіліндегі мекен негіз, себеп-салдар пысықтауышы ағалшын тілінде толықтауыш болып кей жағдайда бастауыштың қызметін атақарады.
Мысалы: Соңғы жылдары біздің обылысымызда кіші мекендер қарқынды дамуда. – Last years saw a rapid developmend of small business in our blast.
Күрделі толықтауыш аударма барысында кеңінен қолданылады. Ол да бір тілден екінші тілге аудару кезінде қолданылатын грамматикалық өзгертудің түрі болып табылады.
Күрделі толықтауыш инфинитивті және есімше құрылымдрын аудару тәсілі ретінде қолданылады.
Егер инфинитив сезі іс әрекетін білдіретін етістіктерден кейін тұрса, онда ол күрделі толықтауыштың бір бөлігі ретінде қазақ немесе орыс тілінің құрмалас сөйлемінің қосымша түрінде аударылады, яғни құрамында күрделі толықтауышы бар ағылшын тілінің жай сөйлемі қазақ немесе орыс тіліне аударғанда сабақтас құрмалас сөйлемге айналады.
Мысалы: I saw him pass the paper to the secretary – Менің көргенім ол хатшыға құжаттарды бергені. We expect the government to provide assistance to the needy population – Біздің үтіттеніп отырғанымыз, үкіметтің балалары көп отбасыларға көмсек беретіні.
To be – инфинитиві аударма кезінде түсіп қалады, өйткені орыс тілінде көмекші етістік жоқ. Мұндай кезде орыс тіліндегі сөйлемде жай сөйлем болады.
Мысалы: We expect the government to provide assistance to the needy population – Біз бұл шешімді ең жақсы деп санадық.
Есімше инфинитив сияқты күрделі толықтауыштың құрамына ене алады.
Мұндай грамматикалық құрамында есімше баяндауыш болып аударалыды.
Мысалы: The people watched the firemen climbing the tallest tower in the city – Халық өртке қарсы қызмет адамдарының қаладағы ең ұзын мұнараның басына шығып бара жатқандарын байқап тұрды.
Салыстыру үшін инфинивті айналымы бар сөйлемді аудрайық: The people watched the firemen climbing the tallest tower in the city – Халық өртке қарсы қызмет адамдарының қаладағы ең ұзын мұнараның басына шығып бара жатқандарына қарады.
Complex Object – тің аударылатын қиын кезі. There seems to be at least two scenarios of the government’s actions – үкімет іс әрекеттерінің ең аз дегенде екі сценарилері бар деген болжам бар.
Complex Subject – айнымалы инфинитив
атау септігімен бірге
Бұл айналым қолданған кезде инфинитив күрделі баяндауыштың бөлігі болып, активті және пассивті формадағы етістіктерден кейін тұрады.
Мысалы: They are known to have won – Олардың жеңіске жеткендері мәлім. Their team seems to have won – Олардың тобы жеңске жеткен секілді.
Инфинитивтің формасына қарай аударма кезінде баяндауыш аяқталған жәнее аяқталмаған іс әрекет білдіре отырып осы өткен және келер шақтарда тұра алады.
Мысалы: He seemed to be sleeping – Ол ұйықтап жатқан сияқты болды, He is said to have made a good report – Ол жақсы баяндама жасады деген сыбыс бар, They are known to have been working on this issue for a year – Олардың бұл жұмыс төңірегінде жұмыс жасап жүргендеріне бір жыл болғандығы баршаға мәлім.
Аудармашының басты біліктілігі – оның бастапқы мәтінді әртүрлі тәсілдер арқылы сөйлем мүшелеріне талдай білуі.
Жас аудармашылардың көп таралған қатесіне сөзбе сөз аударма жасауы, яғни бастапқы мәтінді біркелкі сөйлем мүшелеріне немесе айтылымдарды бөлек сөздерге талдауы, оларға аударма тілінде баламалар іздеп, сол арқылы аударма мәтінін құруы жатады. Бұл қатенің мәні – аудармаға жататын сөз бірліктерінің орнына аудармашы тілдік бірліктерді қоюында және әртүрлі тілдегі сөз бірліктерінің тілдік құрамы үйлеспей қалуы да мүмкін екендігін елемеуі. Аударманың бірліктерін нақты анықтау – аударманың дұрыс болуының басты шарттарының бірі. «Аударма бірліктері» ұғымының мәні мен мағынасы туралы ғалымдардың пікірлері әр қилы. Осы салада зерттеу жұмыстарын жүргізген Л.С.Бархударов және В.Н.Комиссаровтың берген анықтамасы мынадай: «Аударманың бірліктері деп біз бастапқы мәтіндегі бірліктердің аударма мәтінінде ұқсастықтарын таба алатындай, бірақ құрамды бөліктері жеке дара аударма мәтінінде ерекшеленетін бірліктерді атаймыз».
Аударма бірліктерінің негізіне тек қана сөз емес, сонымен қатар тіл бірліктері де: фонемадан бастап фразадан тыс бірліктерге дейін кіреді. Аудармаға жататын бастапқы бірлікті дұрыс анықтаудағы басты шарт – сол не одан басқа бастапқы бірліктің мәтіндік қызметін анықтау болып табылады. Сөзбе сөз аударманың бұрыстығы осындай тілдік бірліктердің мәтіндік қызметін дұрыс анықтамағандықпен байланысты: ауызша немесе жазбаша түрдегі сөздік жағдаятқа түскен сөз тілдік бірлік ретінде негізгі мәтіндегі өзге сөздермен жүйелі әрекеттерімен байланысты болады, яғни мәтінге, жағдаятқа шартты түрде тәуелді болады. Бұл тәуелділіктер, жоғарыда айтылғандай, жүйелі кейіпте болады және минимумнан (көршілес сөзден) максимумға (тұтастай мәтін немесе тіпті мәтіннен тыс байланысқа) дейін контекстік басшылықты құрайды.
Сөздің контекстік тәуелділік феномені мәтіннің сөздік құрамының кеңістіктік, уақыттық және себеп-салдарлық кейіпін анықтайды, және де әртүрлі тілдерде бұл тәуелділіктердің берілуі әрқилы болады. Шын мәнінде, аудармашы бөлек сөздермен бірге бастапқы мәтінге сәйкес сөз аралық жүйелі тәуелділікпен кезігеді. Жаңа бастаушы аудармашының жіберетін қатесінің бірі – жеке тәуелділіктер және тұтас тәуелділік жүйесін анықтап бағалай алмауы.
Мәселен, «Ол Алматыда тұрады» деген хабарлама тілдік құрамы жағынан ағылшын тіліндегі «She lives in Almaty» фразасымен сәйкес келсе, ал «Ол «Астория» қонақ үйінде тұрады» деген хабарлама «She is staying at the Astoria» деген лексико-грамматикалық жинаққа өзгереді. Екінші мысалдағы қазақ тілінен ағылшын тіліне сөзбе сөз аударма жасау негізінен хабарламаны бұрмалайды, өйткені бұл жағдайда аударманың бірлігін жекелеген сөздер деңгейінде емес, тұтас сөз тіркесі деңгейдегі кеңістіктік, уақыттық, себеп-салдарлық нақты тәуелділіктерге негізделген сөз тіркестері деңгейінде анықтау қажет болады.
Қазақ тілінде «тұрады» сөзі «жергілікті орында тұру» не «қонақ үйде тұру» сынды сөз тіркестерінің құрамына кіргенімен, яғни кеңістіктік, уақыттық жағынан кең қолданысқа ие болса, ағылшын тілінде бұл хабарламалар әртүрлі тілдік бірліктерді талап етеді. Бірінші жағдайдағы мәтін уақытты нақтылауды қажет етпейтін кеңістіктік тәуелділікке негізделген «белгілі бір жергілікті орында тұрақты тұру» сөз тіркесін білдіріп, ағылшын тіліндегі «to live» сөзіне сай болады.
Нақты уақыттық тәуелділіктің болмауы аудармада «to live» жәй уақыттық түрмен қанағаттандырса, екінші мысалдағы мәтін «арнайы мекемеде тұру» нақты кеңістіктік тәуелділік және «уақытша тұру» нақты уақыттық тәуелділікті тудырып, ағылшын тілінде өзгеше сөзді қолдану мен уақыттық түрді нақтылауды талап етеді. Жас аудармашының жіберетін қателерінің бірі – бастапқы тәуелділіктерді дұрыс бағалай алмауының нәтижесінде «She lives in the Astoria» деп аударып, шынайы мәнін өзгертіп, «Ол әрдайым Асторияда тұрады» деп аудару арқылы жағдаятқа сай аударма жасай алмауы.
Егерде бастапқы мәтінді бағалаудағы басты контекстік тәуелділіктердің түрлерін қарастыратын болсақ, онда олардың қатарына ең алдымен не? қайда? қашан? қалай? сұрақтарына жауаптарды жатқызу керек. Тәуелділіктердің басқа тобы қалай айтылды? (тема) және не айтылды? (рема) деген сұрақтарға жауаптардан тұрады.
Белгілердің бірізділігіне сәйкес аударма жасау – осы тәуелділіктердің тобын бағалауда жіберілетін қате.
Мұндай жағдайларда үйлесімділікті дұрыс құрудың өзі жеткіліксіз болады, өйткені аудармаға жататын бірлік жоғары деңгейдегі синтаксистік құрылым – ағылшын және қазақ тілінде әдетте қызметі, тәсілдері сәйкес келе бермейтін, маңызды сөйлем мүшелеріне талдау аспектісіндегі сөйлем болуы қажет.
Мәселен, ағылшын тіліндегі «A few students of our university were reported to take part in the competition» сөйлемін аудару теморематикалық тәуелділіктерді есепке алуды талап етеді: «A few students of our university» сөз тіркесі ағылшын тілінде рема болып табылады, яғни не айтылды? деген сұраққа жауап береді. Ағылшын тілінде реманың сөйлемнің басқы жағында тұруы сынды құрастырулар орынды болса, қазақ тілінде ремалық тәуелділіктер сөйлемнің екі бөлігінде де орналасуы мүмкін. Осы сияқты айырмашылықтарды ескере отырып бастапқы сөйлемнің құрамдас бөліктерінің бірізділігін өзгерту арқылы осы сөйлемді былай: «Хабарлама бойынша, сайысқа біздің университеттің бірнеше студенттері қатысыпты» аудару керек.
Аударманың бірліктерін анықтаудағы қиын жағдайлар максималды түрдегі контекстік тәуелділіктермен тығыз байланысты, яғни өзінше тілдік тәуелділіктердің белгілік қызметі сөйлемнен тыс, кейде тіпті толық мәтіннен де тыс жағдайда анықталады.
Сөйлемге мәтіндегі дербес бірлікті құрау міндетті де емес: ол тілдік сипаттамалары жөнінен белгілі бір шамада біртұтастыққа тәуелді күрделірек фразадан тыс бірліктерге жатуы мүмкін, және бұл тәуелділік түрлі тілде әртүрлі тілдік шешімдерді талап етеді. Льюис Кэроллдың «Айна артында» шығармасында басты кейіпкер Алиса әртүрлі фантастикалық, таңғажайып тіршілік иелерімен кездесіп, оларды өзіне таныс жәндіктердің есімдерімен салыстырады:
“And then there’s the butterfly,” Alice went on …
“Crawling at your feet,” said the Gnat (Alice drew her feet back in some alarm), “you may observe a Bread-and-butter-fly. Its wings are thin slices of bread-and-butter, its body is a crust, and its head is a lump of sugar.”
“And what does it live on?”
“Weak tea with cream in it.”
A new difficulty came into Alice’s head. “Supposing it couldn’t find any?” she suggested.
“Then it could die, of course.”
“But that must happen very often,” Alice remarked thoughtfully.
“It always happens, said the Gnat.”
Студенттің аудармасы бойынша мәтін мынадай сипатта болады:
«Тағы, бізде көбелек бар», деп Алиса әңгімесін әрі жалғастырды.
«Аяғыңның астында», деді Маса (Алиса қорқыныштан сәл кейін шегінді), «сен Бутербродты бақылай аласың. Оның қанаты май жағылған бутербродтан жасалса, денесі тәтті наннан, ал басы бір шағым қанттан жасалынған.»
«Ал ол немен қоректенеді?»
«Кілегей қосылған сұйық шәймен».
Алисаның басына жаңа қиындық түсті. «Ал егерде ол оны таба алмаса ше?» деп ойлана қалды.
«Онда ол, әрине, өліп қалады».
«Олай болса, мұндай жағдай жиі кездесуі керек қой», деп Алиса ойындағын айтты.
«Бұлай әрдайым болып тұрады», деді Маса.
Бұл аудармада жеке дара лексико-грамматикалық қате жіберушіліктен бөлек, мәтіндегі маңызды нәрсе тысқары қалған. Мұнда бастапқы мәтінге тән ирония, сөздерді ауыстыру және сөйлемнен күрделі, дербес мәтін бірліктері болып табылатын эпизодтар жоқ. Эпизод тәуелділіктерін есепке ала отырып, орыс тіліне аудармада Н.Демурова бастапқы мәтінді айтарлықтай өзгертеді:
«Міне, мәселен, бізде көбелек бар», деді Алиса.
«Ә–иә, – деп Маса сөзін созды. – Ана бір бұтаға қарашы. Бұтағында кім отырғанын білесің бе? Бао–көбелек! Ол тұтастай ағаштан жасалынған, ал оның мұртшалары жас бұтақтың өркендері сияқты жасыл және нәзік!»
«Ал ол не жейді?» – деп, Алиса қызыға сұрады.
«Жоңқалар мен үгінділер», – деп, Маса жауап берді.
Н.Демурованың айтуынша, «Кэроллдың кестесі мұнда біршама жұрнақ пен жалғаудың әсерінен күрделенеді. «Жабыстыру» сол бір қағида бойынша жүреді. Баобаб пен көбелек сөздерін қосудың нәтижесінде баокөбелек шығады. Н.Демурова аударма барысында бастапқы мәтінді қарапайым тілдік бірліктермен бергеннен гөрі құрамы күрделісіне ауыстырып, сөздерді ауыстыру арқылы өзгерту қажеттігін де атап көрсетеді.
Мәтіннен тыс тәуелділіктер аудармашыдан кең түрде жалпы мәдени, арнайы білімдерді білуін талап етеді. Оларсыз адекватты аударма жасау мүмкін емес. Кейбір жағдайларда бұл тәуелділіктер тобы аударма мәтінінде транслитерация, калькалау немесе аудармашы түсіндірмесінің қолданылуын алдын ала айқындайды. Әсіресе бастапқы мәтіндегі мәдениеттің ерекшеліктерімен байланысты аударма аса маңыздылыққа ие.
Сонымен, бастапқы мәтіннің аударма бірліктерін анықтап, сөйлем мүшелеріне талдауда, біз оларды мәтіннің ішіне енетін сөздердің мазмұндық және құрылымдық – функционалдық қасиеттерін анықтайтын тәуелділіктер жүйесі бойынша анықтаймыз.
Бастапқы мәтінді сөйлем мүшелеріне талдау және аударма бірліктерін анықтау үрдісінде аудармаға жататын мәтіндік бірліктердің екі түрі ерекшеленеді: контекстке стандартты түрде тәуелді бірліктер және стандартты түрде тәуелсіз бірліктер. Стандартты түрде тәуелді бірліктерді аудару екі тілдің типологиялық ерекшеліктерін ескеретін лексико – грамматикалық сәйкестік деңгейінде жақсы іске асады. Бұл бірліктер әрбір жәй мәтінді құрайды және аударма негізін анықтайды. Осылайша, осы үлгідегі бірліктер бастапқы мәтінді қайта жасап, стандартқа сәйкес кейіпте болады және тіларалық сәйкестіктерге апарады.
Стандартты түрде тәуелсіз бірліктер ерекше аударма технологиясын талап етеді, бірліктердің құрылымы мен атқаратын қызметтері екі тілде өзгеше болады және әлеуметтік – мәдени дәстүрлерге бастапқы мәтін авторының, аударма мәтінін қабылдаушы мен аудармашының жеке тәжірибелеріне де байланысты өзгеше болады. Осындай бірліктерді аударуда арнайы өзгеріс тәсілдерін қолдану қажет, осыған орай тілдік, мәдени және психологиялық факторлардың үндесуін қадағалап отыру керек.
Тілдік фактор аудармашының бастапқы мәтіннің белгілі бір элементтерін өзгерту түрін қолдануымен анықталады: транслитерация, калькалау, модификация, алмастыру, аудармашы түсіндірмесі және т.б.
Информация о работе Аударманың грамматикалық қиындықтары. Морфология