«Адал агроөнеркәсіптік» АҚ мысалындағы айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 18:07, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Бұл Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту, шағын фирма субъектілеріне салық салумен байланысты мәселелерді анықтау және соның негізінде шағын фирма субъектілеріне салық салу мен несиелендіру жүйелерінің жүзеге асыру жолдарын ұсыну болып табылады.
Осы алға қойылған мақсатқа байланысты төменгі міндеттер қарастырылады:
а) шағын фирманың мәні мен қажеттілігін теориялық тұрғыда негіздеу;
ә) Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың заңдылық негіздері мен даму ерекшеліктерін талдау;
б) Астана қаласындағы шағын фирма жағдайын талдау және кедергі келтіретін факторларды айқындау;
в) шағын фирматі несиелеу жағдайын қарастыру;
г) Қазақстан Республикасындағы шағын фирмаке салық салудың құқықтық аспектілерін жүзеге асыру;
д) мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен концепцияларын қарастыру.

Файлы: 1 файл

для Нурбола.docx

— 213.58 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шағын фирма нарықтық экономиканың басты элементі болып табылады, онсыз мемлекет бірқалыпты дами алмайды.  Шағын фирма – бұл өркениетті нарықтық шаруашылықтың құрамдас бөлігі, оған тән бәсекелестік механизмнің ажырамас бөлігі. Бұл фирма түрі нарықтық экономикаға қажетті  икемділік бере отырып, халықтың ірі қаржылық және өндірістік ресурстарын  жинақтайды, өзінде қуатты монополияға қарсы потенциалды қалыптастыра отырып, ғылыми-техникалық прогрестің бірқатар бағыттары бойынша алға жылжуды қамтамасыз етеді және құрылымдық қайта құрудың басты факторы болады, көп жағдайда нарықтық шаруашылықтың еңбекпен қамту және басқа да әлеуметтік мәселелерін шешеді. Сондықтан шағын фирматің дамуы экономикалық саясатты қалыптастырудың стратегиялық міндеті болып табылады.

Мемлекеттік және басқа да қолдауға қатысты шағын фирмаке аз көңіл бөлінуімен шағын фирматің мәселелерін зерттеу мәні жоғарылайды. Шағын фирматі дұрыс бағаламау нәтижесінен оның экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктерін ескермеу ірі стратегиялық мақсаттардың іске аспауына тікелей әсерін тигізеді.

Мемлекеттің қолдауынсыз және өзіндік ішкі топтағы өзара әрекетсіз шағын фирма ірі капиталдық бәсекелестік күреске төтеп бере алмайды, өзінің экономикалық, саяси және әлеуметтік қызығушылықтарын қорғай алмайды.

Жаңа кәсіпорындардың нарыққа шығуына және олардың қызметтерінің дамуына әкімшілік және экономикалық кедергілер бар. Көптеген шағын кәсіпорындар қазақстандық заңдылықтардың жетілмегендігіне байланысты  «көлеңкеде қалып отырды». Қалыптасқан жағдай жемқорлыққа шексіз мүмкіндік әкеле отырып, нәтижесінде шағын фирма өкілі жергілікті деңгейде бұқаралық құрбанға айналады. Мемлекет шағын фирма секторында нарықтық өзгерістер процесінің белсенді және қозғалмалы қатысушысы ретінде, минималды меншіктік ресурстар көмегімен капитал салымдарының жоғары айналымын қамтамасыз ететін экономикалық қарым-қатынастардың тең құқылы субъектісін көргісі келмейді. Шағын меншік иесінің несие-қаржылық және салықтық жүйеде кедендік қорғауда ешқандай артықшылықтары жоқ, фирматі дамытуда айтарлықтай кедергілерді бастан кешіреді, өмір сүруге қиын жағдайда жұмыс істейді. Шағын фирманың өкілі үшін  өндірістік сферада  бұл фирманың  түрі тиімсіз, сондықтан сауда және делдалдық салада қызмет істеуді жөн көреді, ал қазіргі қазақстандық экономика үшін капиталдың айналыс саласынан өндіріс саласына құю өте қажет. Сол себепті бүгінгі күні шағын фирмаға мемлекет тарапынан қолдау жасау қажет.

Шағын фирманы қолдау мен дамыту Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың приоритетті бағыттарының бірі болып табылады.

Шағын фирма – жеке кәсіпкерлердің, шағын кәсіпорындардың фирма қызметтеріне сүйене отырып, шағын нысанда жүзеге асырылатын фирма түрі. Шағын фирма өндірістің, сауданың, қызмет көрсету  сферасының кейбір түрлері мен нысандарына тән. Экономика секторын көтеруде шағын фирманың маңызы туралы «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді дамыту стратегиясында айқын көрсетілген. Үкімет осы міндеттерді орындауға нақты мүмкіндік беретін бірнеше шаралар қабылдады: мәнді заңдылықтар базасы қабылданды, несиелік әдіс енгізілді, шағын фирма үшін инфраструктура жасалды.

Оның себебі, шағын фирманы дамыту туралы көптеген қаулылар мен заңдар терең экономикалық дағдарыс жағдайында, макроэкономикалық қалыпсыз жағдайында қабылданды. Сондықтан да бұл шаралардың барлығы мемлекет тарапынан жай ұсынған сөз сияқты  қала берді, нақты түп-тамыры болған жоқ.

Бұл мәселенің  тағы бір аспектісі, біз өндірістік сектор мен қарым-қатынас сферасындағы шағын фирманы ажырата алмаймыз. Негізінде бұл әртүрлі салалар. Өндірістік сектордағы шағын фирма күрделі технологияларды,  қымбат жабдықтарды қолданумен байланысты, ол қарым-қатынас сферасына қарағанда, жұмыс істеушілердің жоғары кәсіптік  деңгейін талап етеді.

Нарықтық қатынасқа көшпей тұрғанда еліміздің экономикасының негізін ірі өндірістік орындар құрайтын, ал шағын фирма мемлекеттік мүдделер сферасына жатпайтын. Дегенмен, жоспарлық экономика трансформациясы кезінде кіші кәсіпорындар мемлекетіміздің стратегиялық курсын жүзеге асырудың басты құралдарының бірі болып табылады. Әлемде шағын фирманы жасау және дамыту мәселесі алға тартылған жоқ, өйткені ол жүздеген жылдар бойы табиғи жолмен өзі қалыптасты. Қазақстан экономикасының бұл секторы санаулы жылдарда қалыптасты.  Шағын фирма мәселерін көптеген экономистер зерттеді және әлі де зерттеу үстінде, бірақ осыған қарамастан мәселері шешімсіз қалуда, сондықтан Республикамызда шағын фирманы қолдау және дамыту бүгінгі күнде өзекті мәселе болып отыр.

Шағын фирманы дамытудың қазіргі мәселесін талдауына қарасақ, екі басты бағытты көруге болады: оның қызметінің құқықтық жағын жүзеге асыру және жаңа прогрестік нысандармен шағын фирманы қаржылай қолдау тәсілдерін дамыту. Бірінші бағытта салық салу облысында дұрыс, тиімді құқықтық режимді орнату өте маңызды болып табылады. Салық саясатты жүзеге асыру шаралары несие беру  мәселесі тікелей байланысты болмаса да, ол жаналай шағын фирманың кірістер мен кірістілігін қалыптастыруына әсер етеді, атап айтқанда, салық төлеу мүмкіндігіне әсер етеді.

Шағын фирманың кейбір өзіне тән ерекшеліктері оның экономиканың маңызды секторы екендігін көрсетеді.

Мемлекеттің оған аса мән беруі қоғам үшін экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге жетумен түсіндіріледі.

Шағын фирманың экономикалық нәтижесі келесілерде көрсетіледі :

          1) бәсекелестік ортаны қалыптастырады;

          2) нарықты тауармен және әртүрлі қызметтермен толықтырады;

          3) ірі фирма үшін кадрлар мен капитал ресурсының көзі болатын «қоректену ортасы» болып табылады.

          Әлеуметтік  – тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз  ету  мәселесін шешуге көмектеседі.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Бұл Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту, шағын фирма субъектілеріне салық салумен байланысты мәселелерді анықтау және соның негізінде шағын фирма субъектілеріне салық салу мен несиелендіру жүйелерінің жүзеге асыру жолдарын ұсыну болып табылады.

          Осы  алға қойылған мақсатқа байланысты  төменгі міндеттер қарастырылады:

          а) шағын фирманың мәні мен қажеттілігін теориялық тұрғыда негіздеу;

           ә) Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың заңдылық негіздері мен даму ерекшеліктерін талдау;

б) Астана қаласындағы шағын фирма жағдайын талдау және кедергі келтіретін факторларды айқындау;

в) шағын фирматі несиелеу жағдайын қарастыру;

          г) Қазақстан Республикасындағы шағын фирмаке салық салудың құқықтық аспектілерін жүзеге асыру;

           д) мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен концепцияларын қарастыру.

Диплом жұмысының пәні шағын фирма шаруашылығын қалыптастыру және оны басқару.

Дипломдық жұмысты жазудағы әдістемелік негіз болып, заңнамалық актілер, банктік іс аумағында қазақстандық, ресейлік экономистердің және шетелдік мамандардың ғылыми еңбектері мен монографтары, оқу пособиялары мен методикалық өңдеулер, мерзімді баспа материалдары, статистикалық ақпараттар, «Қазақстан-2020» стратегиясы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті және құрылымдық материалдары табылады.

Дипломдық жұмыс құрылымы  кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан құралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Фирма экономикасының теориялары.

 

1.1 Фирма  стратегиясының теориясы  және оның шаруашылықты жүргізудегі  негізгі ережесі.

 

"Фирма" – көп профилді өндіріс. Мысалы, Италия фирмасы "Фиат" тек қана  автомобиль шыгарып коймайды, теңіз  кемелерін және т.б. шығарады.

 ХІХ-ғасырдың  басында француз зкономисті Жан  БатистСэй (1767-1832 жылдар) кәсіпорынның  шаруашылық қызметінің негізгі  ережесін калыптастырды. "Пайданы  көбейту үшін өндіріс шығындарын  азайту керек".

Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарыктық бәсеке жағдайында бас тартпай жүмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұракты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық максаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінін үлесін көбейту болды.

Осы дәуір, еркін бәсеке дәуірі теоретикалық экономикаға баға бәсеке дәуірі ретінде белгілі. Осы уақытта бәсекелестеріне қарағанда сондай өнімге бағасы төмен фирма алға шықты.

Осы бойынша америка ғалымы, зкономист П. Самуэльсон: "Тауар өндірушілср бағалар бәсекесіне қарсы'гұра алады және өздерінің пайдасын максимум деңгейге дейін көере алады, тек қана шығындарды минимум деңгейге дейін азайтқанда, бұл өз кезегінде өндірістің ең тиімді әдістерін ендіргенде ғана қол жеткізіледі" - деп жазды.

Қазіргі жетілмеген, бағалық емес бәсеке жағдайында өндірістің шығындарын азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті, әсіресе фирмалар арасында бәсеке болғанда ерте ме кеш пе фирма үшін төлем төлей алмау жағдайына әкеледі.

Әлемдік қауымдастықтың қазіргі экономикасы өтпелі  экономика ретінде сипатталады: бір елдер, бұрынғы социалистік елдерді қосып алып нарықтық экономикаға өтуде, дамушы  елдердің бір қатары дамудың индустралдыға дейінгі деңгейінен индустралды дәуірге өтуде, иидустралды дамытушы елдер индустралдықтан ақпараттық дәуірге өтуде.

Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың мұқтаждықтары  мен сұраныстары көп қырлы және ұлттық рыноктар рамкаларынан  алыстауда, сұраныстар мінезі өзіндік сипат алып және де өзінің құрылымы бойынша әр түрлі болуда.

Фирма. егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылы емес, сату көлемін арттыру арқылы жүзеге асыруы керек, осы факторлар өзара байланысты болса да.

Жалпы қабылданғандай, фирма басшысы білімді және жан-жақты болса да, менеджерлер мен инженерлсрдің қандайталаптары мен қабілеттері болғанымен, бағалық емес қатаң бәсеке жағдайларында, яғни тұтынушылар сұраныстарының құрылымында бірінші орынға жаңашылдық,  сапа, дизайн, жиі жаңарту мен әр алуан ассортимент, сатудан кейінгі жоғары деңгейдегі сервис койылғанда, өз фирмасында өндірістік шығындар деңгейін белгілі бір шекарасынан төмен азайту мүмкін еместігіне көзі жетеді.

Микроэкономика саласындағы мамандардың бағалануынша кез-келген фирма үшін кез-келтен экономика үшін шаруашылық қызметтің бағдары болып әлемдік сыныпты қазіргі заманға сай кәсіпорындарда ондірісті ұйымдастыруы болуы тиіс және мына параметрлерге сай келуі тиіс;

біріншіден, үлкен икемділігі, өнім ассортиментін тез өзгерту және өнімді жиі жаңарту қабілеттері болуы керек. Стандартталған өнімнің қатаң стандартқа негізделген жаппай өндірісі тұтынушылардың тез өзгеретін сұраныстарына бейімделуге қабілетсіз және оның салдары төлем төлей алмауға әкеледі;

екіншіден, фирма жаңа технология мен өндірісті ұйымдастырудың жаңа нышандарына көшуге ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі екені соншалықты, қазір еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да нышанарын әсіресе фирма өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселе шынымен қойылған жағдайда қажет етеді;

үшіншіден, фирмаға өзінің өнімінің сапасын және сатудан кейінгі сервистің деңгейіне көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек. Тұтынушылардың өнім сапасына деген талаптары бүгін тек, өсіп қана қойған жоқ, және де өзінің сипатын түбірімен өзгетті. Қазір жақсы өнімді шығару аз, сонымен бірге сатудан кейінгі сервисті ұйымдастыруды, тұтынушылардың жоғары деңгейдегі өзіндік сұраныстарына қосымша фирмалық қызметтерді көрсету туралы ойлау керек.

Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар құрылымында қалдық және старттық шығындар туады. Фирманың тұрақты шығындарына құрал-жабдықтар жалға беру ақысының, салықтадың, әкімшіл басқару шығындары кіретінін білеіз. Тұрақты шығындар шығарылған өнім көлеміне тәуелді болмайды.

Қалдық шығындар - өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындардың бөлігі. Неғұрлым шаруашылық қызметінің тоқтау уақыты ұзын болған сайын, соғұрлым қалдық шығындарының көлемі аз болады. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды жалға беру туралы түрлі шарттар мен келісімдерден құтылу мүмкіндіктері пайда болады.

Старттық шығындар-өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен байланысты туатын тұрақты шығындарпдың бөлігі.

Старттық шығындар-өндіріс пен өткізу көлемдері өзгермегенде өзгермейтін болуы мүмкін. Егер өндіріс әлеуетін арттыру керек болса (техника мен жұмыскерлер санын), онда старттық шығындардың сандық өсуі және типті секірісі болады.

«Тұрақты шығындар» түсінігі – салыстырмалы, өндіріс пен өткезілу өзгеруінің әсерінен олар өзгеріссіз қалмайды.

Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өзгермелі шығындар өндіріс көлемі мен өнім өткеру көлемі азайғанда және артқанда қалай болады? Өзгермелі шығындар жұмысшы күшіне, шикізат пен материалдардың шығындары екенін білеміз. Бұл шығындар өндіріс пен өнім өткеру көлемінің өзгеруімен өзгереді.

Фирманың өндіріс пен өнім өткеруінің өзгеруіне байланысты өзгермелі шығындар құрылымында пропорционалды, прогрессивті, дегрессивті шығындар пайда болады.

Пропорционалды өзгермелі шығындар-өндіріс  пен өнім өткеру пропорциясына қатысты өзгеретін шығындар.

Информация о работе «Адал агроөнеркәсіптік» АҚ мысалындағы айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау