«Адал агроөнеркәсіптік» АҚ мысалындағы айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 18:07, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Бұл Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту, шағын фирма субъектілеріне салық салумен байланысты мәселелерді анықтау және соның негізінде шағын фирма субъектілеріне салық салу мен несиелендіру жүйелерінің жүзеге асыру жолдарын ұсыну болып табылады.
Осы алға қойылған мақсатқа байланысты төменгі міндеттер қарастырылады:
а) шағын фирманың мәні мен қажеттілігін теориялық тұрғыда негіздеу;
ә) Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың заңдылық негіздері мен даму ерекшеліктерін талдау;
б) Астана қаласындағы шағын фирма жағдайын талдау және кедергі келтіретін факторларды айқындау;
в) шағын фирматі несиелеу жағдайын қарастыру;
г) Қазақстан Республикасындағы шағын фирмаке салық салудың құқықтық аспектілерін жүзеге асыру;
д) мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен концепцияларын қарастыру.

Файлы: 1 файл

для Нурбола.docx

— 213.58 Кб (Скачать файл)

Орналасу географиясына келетін болсақ, шағын кәсіпорындардың республика аймақтары бойынша біркелкі таралмағандығын көруге болады. Шағын кәсіпорындардың көптеген саны Павлодар облысы, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Алматы қаласында. Бұл жалпы нарықтық инфрақұрылымның дамығандығымен, бұл аймақтардағы индустриалды орталықтың болуымен түсіндіріледі. Ал, шағын кәсіпорындар санының аздығы байқалатын аграрлы облыстар Қызылорда, Батыс Қазақстан.

Соңғы уақыттарда Солтүстік Қазақстан облысынан басқа республиканың барлық облыстарында шағын кәсіпорындар санының азайғандығы байқалады. Әсіресе, халықтық тұтыну тауарларын шығаратын және құрылыс сферасындағы шағын кәсіпорындар үлкен дәрежеде азайды. Бұрынғыша олардың үштен бірі делдалдық және коммерциялық іспен айналысатындар. Салық төлеу жүйесінде экономиканың мемлекеттік емес секторында шағын кәсіпорындар орнына жекеменшік кәсіпорындары келе бастады. Олардың санының өсуі республиканың барлық облыстарында байқала бастады: Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында. Жалпы 1992-1995 жылдар аралығында жеке меншік кәсіпорындары 3 есе өсіп 22 мыңды құрады, оларда 178,9 мың адам жұмыс істеді. 1998 жылдың басында жеке меншік кәсіпорындардың бестен бір бөлігі Алматы қаласында, оннан бірі – Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарына келді. Жеке меншік кәсіпорындардың көптеген бөлігі коммерциялық бағытта. Жалпы санының 11,6 пайызы құрылыста, ал халық тұтынатын тауарлар өндірісінде 5,6 пайызы жұмыс істеді.

Бүгін де тікелей инвестиция перспективті болып келеді. Ал оларды тартудың негізгі формасы біріккен кәсіпорын, яғни, ірі, орта және шағын бизнесті біріктіру. Олар 1990 жылдардың басында пайда бола бастады, ол кезде олардың саны 15 болды және де олардың жартысы Алматыда шоғырланды. Одан кейінгі кезеңде олардың саны өсе бастады. 1998 жылдың басында елде алыс және жақын шет ел инвесторларының қатысымен құрылған 2 мыңнан аса біріккен кәсіпорындар пайда болды. Олардың көбісі азиялық елдердің фирмаларымен – 183, европалық – 166, американдық – 51.

Біріккен кәсіпорындарда диверсификация деңгейі жоғары: олардың әрбіреуі орташа төрт салада жұмыс істеуге ниет етті. Практиканың көрсетуі бойынша біріккен кәсіпорындар озық технология мен өндірісті ұйымдастырудың прогрессивті әдістерін енгізуде, бәсекелесті өнім өндіру және т.б. пайдалы. Сондықтан, біріккен кәсіпорындарды барлық салаларда, әсіресе өңдеуші өнеркәсіпте құру қажет. Көптеген біріккен кәсіпорындар сауда – дел-далдық әрекетпен айналысады .

Батыстың ең дамыған елдерінде біріккен кәсіпорындарды қолдау ішкі экономикалық саясатта үлкен орын алады. Оларға ақысыз немесе символикалық арендалық төлем арқылы бос жерлер ғимараттар беріледі.

Фирманың тез дамуына қажетті жағдай, әсіресе, шағын кәсіпорындардың, әрекет етуші субъектілерге қызмет етуші және өндірістік өнімді өткізуді жеңілдетіп нарықтық инфрақұрылымның элементтерінің қалыптасуы мен дамуы болып табылады. Оған әсіресе өтпелі кезеңде мемлекеттің үлкен ұйымдастырушылық әсері қажет.

Нарықтық инфрақұрылым объектілерінің даму анализі, экспорттық өнім шығаратын ірі мемлекеттік кәсіпорындар шоғырланған жерде дамығандығын көрсетеді.

Мысалы, 1998 жылы Жезқазған қаласында 81 коммерциялық банк және 7 сауда үйі болғанмен жеке кәсіпорындар мен кооперативтердің саны бойынша қала республикада ақырғы орындардың бірінде болған. Бұл мұндағы нарықтық инфрақұрылым объектілері, негізінен, ірі мемлекеттік кәсіпорындармен және оларға қызмет ету үшін құрылды (“Жезқазған түсті металл АҚ, “Балхашмыс”, Жәйрем КБК және т.б.). Осындай  жағдай Маңғыстауда да байқалды. Онда нарықтық инфрақұрылым объектілері мұнайгаз саласының кәсіпорындар қажеттіліктеріне бағытталған.

Фирма секторының қалыптасуын республикадағы дағдарысты процестер ұстап тұр. Ол құрылған шағын және орта кәсіпорындардың жабылуына әкеледі

Біздің республикада шағын экономиканың дамуын ұстап тұрған себептердің ішінде мыналарды көрсетуге болады: өндірістік күштердің облыс пен аудандар бойынша әркелкі таралуы, шикізатқа маманданған салалардың басым болуы, әлеуметтік артта қалған және экологиялық ахуалы төмен аудандардың болуы, жұмыс күшінің біліктілік деңгейінің төмендігі, фирманы қолдаудың және ынталандырудың экономикалық механизмдерінің жоқтығы.

Елімізде 90 жылдардың басында болып өткен жекешелендіру процестері шағын фирманың қалыптасуы мен дамуына негіз болды.

Республикамыздағы шағын және орта бизнестің дамуы экономиканы табысты реформалаудың индикаторларының бір болып табылады. Фирманы класс нарық дамуының ажырамас бөлігі, экономикалық қарым-қатынастардың ерікті субъектісі болып табылады.

Экономикалық активтіліктің негізгі факторы ретіндегі шағын фирманың ролі көптеген дамыған мемлекеттер экономикасындағы маңызды орнымен айқындалады: шағын бизнестің үлесіне жұмысбастылардың 50-60 пайызға дейінгісі, жаңа жұмыс орындарының 70-80 пайызы келеді, ал өнім өндіру мен қызмет көрсетулері ЖҰӨ-нің дерліктей жартысын құрайды.

Шағын фирманың басым тұстары капитал салымдарының тез қайтымдылығы, өндірушілердің негізінен аймақтық нарыққа бағытталуы, сұраным өзгерісіне икемділігі, жұмысбастылықтың өсуі. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясаттың  негізгі бағыттарының бірі шағын бизнесті дамыту.

 

 

 

 

1.3 Шағын фирманы дамытудағы  шетел тәжірибесі

 

Көптеген шетел мемлекеттерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнеске байланысты мемлекеттік саясат маңызды өз бетінше жүйелік бағыт болып табылады. Ұйымдық құрылымдарды және шағын фирманы қолдау механизмдерін басқа мемлекеттерде зерттеу қандай да болмасын ұлттық ерекшеліктерге қарамастан барлық сипаттамаларға анықтауға мүмкіндік береді.

Төменгі кестедегі үлестерден көріп отырғанымыздай шағын бизнесті дамыту үшін Қазақстан оның басқару процесін жетілдіруге көп күш жұмсау қажет. Шетелдік мамандардың айтуы бойынша қазіргі бизнес ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді.

Бизнестің ішкі және сыртқы ортасын сараптаудан екі факторды есепке алған жөн: ішкі және сыртқы ықпалдардың көлемі және ортаның өзгеру деңгейі. Фирманын барлық сыртқы ықпалдарын өз кезегінде макроэкономикалық және салалық деп бөлуге болады.

 

Кесте 3 – Дамыған мемлекеттер тәжірибесі

 

Дамыған мемлекеттер тәжірибесі

ҚР деңгейін бағалау

Мемлекттік саясат мақсаттарын анықтайтын фирманы қызметті қолдау сұрақтарын реттейтін әлеуметтік құқықтық актілердің болуы 

Даму үстінде

Мемлекеттік қаржылық, технологиялық, ақпараттық, кеңістік және кадрлық мемлекеттік жобалардың жүйесін құрастыру және жүзеге асыру

Даму үстінде

Шағын фирманы қолдаудың тікелей және жанама шараларының байланысы 

Даму үстінде

Әртүрлі деңгейдегі бюджеттерден шағын фирманы қолдау жобаларын жүзеге асырудың ассигновациясын анықтау

Даму үстінде

Шағын бизнес саласындағы барлық міндеттерді реттейтін дамыған арнайы мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің болуы

Жоқ

Орталық, аймақтық және жергілікті билік органдарының функцияларын өзара рационалды бөлу

Даму үстінде

Мемлекеттік билік органдарының шағын бизнес мүдделерін қорғайтын ұйымдармен өзара қарым-қатынасы

Жоқ

Шағын бизнес саласындағы мемлекеттік саясатты өзара қарым-қатынасты қолдауға бағытталған

Даму үстінде


 

 

Экономикалық

факторлар

 

Бизнесті мемлекеттік реттеу

   

Ортаның бизнеске макро ықпалы

 

Әлеуметтік факторлар

 

Технологиялық

факторлар

   

Ресурстық факторлар

   

 

 

Сурет 2 – Ортаның бизнеске макроықпалы

 

 

 

Ішкі немесе бақыланатын факторларға кәсіпорын қызметіне байланысты факторларды жатқызады. Енді әртүрлі тәжірибелерге келейік.

АҚШ-тағы шағын және орта бизнес.

Әдетте америкалық фирмалардың көлемі жұмысшылардың санымен бағаланады: өте ұсақ фирмалар – 20 адамға дейін жұмысшылары бар, шағын 20-дан 99 адамға дейін, орташа 100-ден 499-ға дейін, ірі 500 адамнан көп.

 

Кесте 4 – АҚШ-тағы фирмалардың көлемі

 

Фирма көлемі

Фирма саны

Ірі

1000

Орташа

134000

Шағын

2000000

Шағын кеңселер

3000000


 

 

АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын және орта бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын және орта кәсіпорындардың жаппай жабылуы кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шағындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарылайды. Бір шағын және орта кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады.

Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53% шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. АҚШ тәжірибесі шағын және орта бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.

Енді АҚШ-та шағын және орта кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмекке келейік. Шағын және орта кәсіпорындардың қызметі арнайы ұйымының – 1953 ж. АҚШ Конгресі құрған шағын бизнес әкімшілігінің құзырына кіреді. Сол жеке сектордың құқықтық негізгі болып табылатын шағын бизнес туралы Заң қабылданды. 1953 ж. Эйзенхаур президент болған кезде елде жұмыссыздық және инфляция болатын. Экономиканы жандандыру үшін – шағын бизнес әкімшілігін (ШБӘ) құрды. Ол өз қызметтерін дұрыс атқарды. Қазіргі уақытта АҚШ-та шағын бизнесте 22 млн. кәсіпорын бар, онда елдегі барлық жұмысбастылардың 54% қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындарының өндіріс және сату көлемі жалпы мемлекеттегі сату көлемінің 52% құрайды, және 99,7% кәсіпкерлер – бұл шағын бизнес басшылары. Шағын бизнес әкімшілігі – шағын кәсіпорындарға қаржылық және кеңестік көмек көрсетеді. Басты міндеті – шағын және орта фирманы ұйымдастыру, қолдау және өмір сүруін қамтамасыз ету. Шағын және орта өз қызметін басқа агенттіктер мен комитеттер, соның ішінде қаржы, білім, кәсіби ассоциациялар мен бірігіп отырып жүзеге асырады. Мемлекет өнімнің ірі тұтынушыларының бірі болғандықтан шағын және орта бизнес әкімшілігі шағын кәсіпорындарға мемлекетпен мәміле орнатуға көмектеседі. Әйел, мүгедек, ардагер – кәсіпкерлерге ерекше назар аударады. Шағын және орта бизнес әкімшілігі 5 мың адам жұмыс істейді, оның 4 мыңы Вашингтоннан тыс жерлерде. Ұйымның 10 аймақтық орталығы және 66 территориялық бөлімшелері бар. Олардың арасындағы байланыс аудан – аймақ – орталық тізбегі бойынша жүзеге асады. АҚШ-ғы шағын және орта бизнес қоғамдағы ресми белсенділікті сақтау үшін маңызды болып табылады.

Америкалық тәжірибе көрсетіп отырғанындай фирманы еркіндігін шектейтін кез келген үкіметтік немесе басқа да шектеулер ресми белсенділікті төмендетеді. Сондықтан шағын және орта бизнестің барлық мүдделері АҚШ конгресінің бақылауында. Сонда да ерекше ролді шағын және орта бизнес әкімшілігі шеңберіндегі жобалар ойнайды. Мысалы, шағын және орта бизнеспен айналысқысы келетіндер үшін арнайы қызмет қарастырылған, олар тегін кеңестер береді, конференциялар ұйымдастырады, кездесу және семинарлар өткізеді. Оның үстіне, шағын және орта бизнес бизнес-инкубатордың бастауымен ақпарат беру, кәсіпкерлерді оқыту және оларға әр түрлі сұрақтар бойынша кеңес берумен айналысатын орталықтар ұйымдастырылған [14].

Бұдан басқа, 1976 ж. арнайы шағын және орта бизнес мүдделер қорғайтын Адвокаттық кеңсе құрылды, ол тікелей Президент пен Сенатқа бағынады. Адвокаттық кеңсе негізгі міндеттері:

    • мемлекеттік заңдардың, жобалардың, ережелер мен салықтардың шағын және орта бизнестің дамуына әсерін зерттеу;

    • шағын және орта бизнеске әсер ететін факторларға экономикалық және статистикалық зерттеулер жүргізу, шағын және орта бизнес потенциалын бағалау, шағын және орта бизнес мәселелері мен қажеттіліктерін зерттеу, т.б.

Қазақстандық тәжірибеде шағын және орта бизнеске көмектесудің «инкубаторлық» жобасын қолданған жөн. «Инкубатор» термині алғаш фирманыпен айналысушыларға көмек көрсету мақсатында университет, ұйымдар, компаниялар, федералдық үкімет органдары жандарына ашылған ұйымдарға қолданылады. «Инкубатордың» басты міндеті – шағын, әсіресе иннновациялық бизнесті алғашқы қолдау. Инкубаторлар жанынан құрылған кәсіпорындар тәжірибе жинайды, одан ары даму үшін көмек алады, нарықтағы өз орындарын бекітеді. Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткеннен соң, әдетте үш жылдан соң, фирмалар бизнес-инкубаторлардан шығып өз бетінше қызмет етеді. Ал босаған орындарға бизнесті нөлден бастап жатқан жаңа фирмалар келеді.

Әдетте бизнес-инкубаторлар бірнеше жаңа бастаушы орналасқан арнайы ғимараттарда орналасқан. Олар ғимарттар мен құрал-жабдықтарды бірігіп қолданып ғана қоймайды, сонымен бірге бизнес-инкубатор көрсететін барлық қызметтерге, бизнес кеңестерге қол жеткізе алады. Кейбір қызмет түрі, аренда құнына қосылған, көрсетілетін қызметтердің басқа түрлерінің бағасы төменірек.

Бизнес-инкубатордың негізгі ресурстарына келесілер жатады:

а) бизнес- инкубаторлар персоналы, соның ішінде кеңес берушілер;

ә) құрал-жабдықтар, соның ішінде ұйымдастыру техникалары (көшірме машиналары, факс, компьютерлер т.б.);

б) бір жылға жалданатын ғимарттар мен жиһаздар;

Информация о работе «Адал агроөнеркәсіптік» АҚ мысалындағы айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау