«Адал агроөнеркәсіптік» АҚ мысалындағы айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 18:07, дипломная работа
Описание работы
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Бұл Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту, шағын фирма субъектілеріне салық салумен байланысты мәселелерді анықтау және соның негізінде шағын фирма субъектілеріне салық салу мен несиелендіру жүйелерінің жүзеге асыру жолдарын ұсыну болып табылады. Осы алға қойылған мақсатқа байланысты төменгі міндеттер қарастырылады: а) шағын фирманың мәні мен қажеттілігін теориялық тұрғыда негіздеу; ә) Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың заңдылық негіздері мен даму ерекшеліктерін талдау; б) Астана қаласындағы шағын фирма жағдайын талдау және кедергі келтіретін факторларды айқындау; в) шағын фирматі несиелеу жағдайын қарастыру; г) Қазақстан Республикасындағы шағын фирмаке салық салудың құқықтық аспектілерін жүзеге асыру; д) мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен концепцияларын қарастыру.
Айналым қаражаттарының
айналымдылығы дебиторлық қарызды өтеу
есебiнен айналым қаражаттарының орташа
жылдық құнының төмендеу себебiнен
0,07 пунктқа өскен. Бұл олардың айналымдылық
жылдамдығының өскенiн, ал қайтарымды
күту кезеңiнiң қысқарғанын бiлдiредi.
Фирма басшылығы
салынған қаржыны тез қайтарып алуды (айналым
капиталы өнiм құнының құраушысы болып
табылады) көздейдi және олар неғұрлым
тез айналса, Фирма капиталы нарықтық
ортаның өзгерiсiне соғұрлым тез бейiмделе
алады.
5. Бiр айналым
ұзақтығы (күнмен)
Бiр айналым
ұзақтығы көрсеткiшi фирма салған капиталын
неше күнде қайтарылатынын анықтайды,
фирма үшiн күндерiң аз болуы жақсы. Мәлiметтер
бойынша 2010 жылғы айналым ұзақтығы 98,1
күн болса, 2011 жылы – 96,2 күндi құраған.
Фирмадағы айналым ұзақтығы аз болса,
айналыстар саны көп болып, пайда табуға
мүмкiндiк бередi.
Активтер түсiмдiлiгi (өндiрiс рентабельдiлiгi)
Бұл көрсеткiш
фирма активтерiн тиiмдi қолдану
қабiлетiнiң негiзгi индикаторы болып
келедi. Ол өнiмдi жүзеге асыруға
салынған активтердiң қандай көлемi
қажет екенiн анықтайды. “Адал
АӨК” АҚ көрсеткiшi: 2010 жылы –
0,397; 2011 жылы – 0,5 құраған, ол фирма
қолданған активтердiң 1 теңгесiне 2010
жылы - 3,9 теңге, 2011 жылы – 5 теңге
таза пайда тапқанын бiлдiредi.
Табыстылықтың берiлген деңгейi қаржылық
тұрақтылыққа қол жеткiзу және
қалыптастыру мен өткiзу нарықтарын
ынталандыруда тек қана өндiрiстiк
үрдiске емес, сонымен қатар маркетингтiк
қаражаттарды қолдануы арқылы
бұл көрсеткiштiң одан әрi мүмкiндiктерiнiң
болуын бiлдiредi.
“Адал АӨК”
АҚ 2010 жылғы меншiктi капиталының табыстылық
көрсеткiшi 28,3%, 2011 жылғы – 31,07% құрады. Анықталған
көрсеткiш меншiктi капиталдың 37,6% және
таза табыстың 51% өсуi жағдайында меншiктi
капиталға келетiн таза табыстың өсуi мүмкiндiгiнiң
бар екендiгiн көрсетедi.
Дивиденд төлеу көрсеткiшi
Акционерлер
мен қаржыгерлер дивидендтерге пайданы
үйлестiру және үйлестiруден кейiн фирмада
қалған пайданы бақылауға алады. Үйлестiруден
кейiн қалған сома фирманың меншiктi (акционерлiк)
капиталды ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.
“Адал АӨК”
АҚ бұл көрсеткiш 2010 ж. – 0,027, ал 2011 ж. –
0,0074 құрап, дивидедтер бойынша төлемдер
сомасы сәйкес жылдарда 487690 мың теңгеге
және 199546 мың теңгеге тең болды. 2011 ж. дивиденд
сомасы 2010 жылмен салыстырғанда 59% (288144
мың тг) төмендеген. Оның себебi пайданы
өндiрiстi дамытуға қайта инвестициялаумен
байланысты фирманың басшылығының нақты
саясаты.
Бұл коэффициент
фирманың өсу мүмкiндiктерiне қатысты фирманың
акционерлiк капитал құрылымына байланысты
болып табылады.
Бұл тұста фирма
әрқашан тұрақты дивидендтiк саясатты
жүргiзуге ұмтылады. Осы көрсеткiштi
бiрнеше жылдар бойынша қарастырсақ, басқару
саясатының тенденциясын бағалауға болады:
пайданы фирманың дамуына қайта инвестициялауға,
акциялар иелерiне пайданың көп бөлiгiн
төлеуi.
Талдау көрсеткендей
фирманың барлық көрсеткiштерiнiң өсуi
Фирманың өндiрiстiк қызметiнiң тиiмдiлiгiнiң
өсуiне мүмкiндiк беретiн әкiмшiлiктiң оңтайлы
жүргiзген басқаруы нәтижесiнде болған.
Жалпы жасалынған
талдауды қорытындыласақ, айналым қаражаттары
тиiмдi қолдану мен негiзгi көрсеткiштер
өсу тенденциясына ие және бұлФирма үшiн
өте жақсы.
Әрi қарай фирма
активтерiн тиiмдi қолдануға тәуелдi фирма
төлем қабiлетi мен өтiмдiлiгiн талдауға
болады.
Фирманың ұзақ
мерзiмдi мiндеттемелерi бойынша төлем
қабiлетiн айқындау фирма қаржылық жағдайының
негiзгi критерийi болып табылады. Демек,
фирмадағы активтердiң мiндеттемелерден
артық болуы оның төлем қабiлетiнiң жоғары
екендiгiн бiлдiредi.
Фирманың қысқа
мерзiмдi мiндеттемелерiн төлеу қабiлетi
– оның өтiмдiлiгi болып табылады. Басқаша
айтқанда, ағымдағы активтерiн жүзеге
асыра отырып, өз қысқа мерзiмдi мiндеттемелерiн
төлей алатын фирма өтiмдi болып саналады.
Өтiмдiлiк көрсеткiшi
оның талдауы жасалынады.
Фирманың ағымдағы
жағдайының көрсеткiшi.
Бұл ағымдағы активтердiң
қысқа мерзiмдi мiндеттемелерге қатынасымен
анықталады. Ол ағымдағы активтердiң
бiр айналымының ұзақтылығына
теңестiрiлген кезеңiнде күтiлетiн
төлем қабiлеттiлiктi бiлдiредi.
Жабу коэффициентi
ағымдағы қарыздық мiндеттемелерi бар
тұлғалардың төлемсiздiктен қорғалу дәрежесiн
бiлдiредi. Жабу коэффициентi жоғары болса,
несие берушiлердiң позициялары да жоғары
болады. Бiр жағынан жабу коэффициентiнiң
жоғары болуы басшылардың жұмысының тиiмсiз
жүруiн бiлдiредi: қолма-қол қаражатының
дұрыс пайдаланылмауы немесе артылған
ТМҚ “Адал АӨК” АҚ 2010 жылмен салыстырғандағы
15,2% өзгерген. Бұл шамадан тыс несиелеуге
әкелетiн рационалды емес несие саясаты
нәтижесiн бiлдiредi. Ағымдағы активтер
құны 50% төмендеуi мүмкiн болғандықтан
фирмада жабу коэффициентi 2 - 2,5 құрауы
керек.
Есептеулер
“Адал АӨК” АҚ жабу коэффициентi 2010
жылы – 8,16; 2011 жылы – 1,65 болғанын көрсеттi.
Демек, 2010 жылы фирманың қарыздық мiндеттемелерi
оның активтерiнен жоғары болып, фирманың
төлем ұабiлеттiлiгiне күмән келтiрсе, 2011
жылы бұл көрсеткiш тұрақталды.
“Критикалық”
баға коэффициентi
Фирманың
ағымдағы активтерiмен салыстырылатын
ағымдағы активтер бөлiгiмен қолма-қол
ақша капиталы, тез жүзеге асырылатын
құнды қағаз немесе дебиторлық қарыз түрiнде
қолданылатын “лакмустық қағаз” деген
атауға ие қатаң бағалау түрi болып
табылады. Бұл концепцияның негiзгi мәнi
– ТМҚ құнсыздануын есепке ала отырып,
фирма үшiн критикалық жағдайда ағымдағы
мiндеттемелердi тiкелей алу қабiлетiн айқындауға
мүмкiндiк бередi. Дебиторлық қарыздың
орташа айналымдылығына 73,5 күнге тең мерзiмде
күтiлетiн төлем қабiлетiн анықтауға жәрдемдеседi.
Бұл көрсеткiш ағымдағы мiндеттемелердiң
қалт бөлiгi қолма-қол ақша есебiнен ғана
емес, сонымен қатар жүктелген өнiм үшiн
күтiлетiн түсiм, атқарылған, көрсетiлген
қызметтен түскен түсiм негiзiнде өтелiнуiн
айқындайды. Оның оптималды шегi 0,7 - 0,8.
Фирмадағы 2010 жылғы көрсеткiш – 0,9; 2011 жылғы
– 1,33 болған. Бұл көрсеткiштер фирма үшiн
қолайлы, себебi олар нормативтерден 1,5
есе көп, яғни фирмада дағдарыс жағдай
болуы мүмкiн болса, Фирма өз мiндеттемелерiн
төлей алатындығын көрсетедi.
Абсолюттi өтiмдiлiк
коэффициентi
Бұл балансты
құру сәтiндегi ағымдық мiндеттеменiң қай
түрi төленуi керектiгiн анықтайтын коэффициент.
Оның оптималды шегi – 0,2-0,25. Ол “Адал
АӨК” АҚ 2010 ж. – 0,13; 2011 ж. – 0,18 болды.
Берiлген коэффициенттер мәнi фирманың
өтiмдiлiк деңгейiнiң онша тиiмдi еместiгiн
көрсетедi. Өйткенi ол берiлгендер оптималды
шектен 1,4 есе аз.
Өтiмдiлiк коэффициентiнiң
ауытқуына қарамастан, “Адал АӨК” АҚ
өз қызметiн, өндiрiсiн рентабельдi жүзеге
асырып, бюджет алдындағы мiндеттемелерiн
азайтып, еңбекақы бойынша қарыздары өтелген.
Осыған қарамастан фирма оларға көп көңiл
бөлетiн нарық қатынастарның субъектiлерiне
(несие берушiлер, мердiгерлер) ерекше назар
аударылуы керек. Берiлген көрсеткiштiң
төмен болуы фирма төлем қабiлеттiлiгiне
күмән келтiрiп, жалпы оның қызметiнiң дамуына
кедергi келтiруi мүмкiн.
Бұл дипломдық
жұмыстың осы бөлiмiнде фирманың қаржы
тұрақтылығын талдайтын экономикалық
талдаудың келесi этапына өтедi. Нарық
жағдайында меншiктi қаражаттардың активтерге
салынуы есебiнен өтелуi мүмкiндiгiн анықтау
маңызды.
Төленген пайыздар
үстiнен төленген қаражаттардан қалыптастырып
пайда Фирма иесiнiң иелiгiнде болғандықтан,
фирма заемдық қаражаттарын тиiмдi қолдану
– фирманың меншiктi капиталының ұлғаюына
әкеледi. Фирманың қаржы тұрақтылығы көрсеткiштерi
4-кестеде бейнеленген.
Кесте 7 - “Адал АӨК” АҚ қаржы тұрақтылық
көрсеткiштерді талдау
№
Көрсеткiштер
өлш.бiрл.
2010 ж
2011 ж
өзгеруi,%
1
Қаржы
тәуелдiлiгi коэффициентi
%
0,41
0,32
-21
2
Автономдылық
коэффициентi
%
0,59
0,68
15,3
3
Активтер
айналымдылығы
Мың
тг
0,68
0,69
1,01
4
Айналым
қаражаттарының айналымдылығы
Мың
тг
3,63
3,7
1,02
5
Активтер
түсiмдiлiгі
Мың
тг
0,397
0,5
1,25
Қаржылық тәуелдiлiк коэффициентi
Активтер құрамындағы
заемдық қаражаттар үлесi активтердiң
кредитор қаржыландыратын бөлiгiн айтады.
Бұл коэффициент фирма активiне қарсы
ортақ претензия сомасындағы “жат ақша”
бөлiгiнiң коэффициентiн анықтайды. Бұл
коэффициент неғұрлым жоғары болса, несие
берушi үшiн тәуекел мөлшерi де соғұрлым
үлкен болады.
Фирма активтерi
активтердiң орташа құнында заемдық қаржылар
төрттен бiр (1/4) бөлiгiн алады. Берiлген
көрсеткiш фирманың айтарлықтай қаржылық
тәуелсiздiгi бар екенiн, бiрақ өндiрiстi
кеңейту үшiн заемдық қаржыларды қолданылатынын
көрсетедi.
Фирмады тек
өз қаржы есебiнен кеңейту тиiмдi емес,
сондықтан iрi фирмалар несие берушiлер
қызметiне жүгiледi. Сондықтан бұл көрсеткiштiң
кредитор үшiн де мәнi аса маңызды. Бұл
көрсеткiш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым
кредитордың сенiмi төмен болады. Сондықтан
фирма “қарыздық қорға” батып қалмауы
үшiн өз тәуелсiздiгiн сақтап қалуы керек.
“Адал АӨК” АҚ осы көрсеткiшi айтарлықтай
тәуелсiздiкке ие екенiн көрсетедi (2010 ж.
– 0,41; 2011 ж. – 0,32), оған осы көрсеткiштiң
21% төмендеуi дәлел бола алады.
Автономдық коэффициентi
Автономдық
коэффициентi (активтердегi акционерлiк
капиталдың үлесi) фирма заем көздерiне
қаржылық тәуелсiздiктi бейнелейдi. Бұл
көрсеткiштiң оптималды шегi 1,0. Фирмаға
салым салатын инвестор осы көрсеткiшке
қарай отырып әрекет етедi. Демек бұл көрсеткiш
1-ге тең болса, инвестор сенiмдi болады.
“Адал АӨК” АҚ бұл көрсеткiшi 2010 жылы 0,59-ға,
ал 2011 жылы 0,68 құраған.
0,69 – бұл
коэффициенттiң минималды шегi болып
табылады. Бұл көрсеткiш қарастырылатын
жылдың басы мен аяғында есептелiнедi,
сол арқылы фирманың даму тенденциясын
көруге болады.
Фирманың өндiрiсiтiк
қызметiнiң тиiмдiлiгi мен қаржы тұрақтылығы
көрсеткiштерi орташа деңгейде.
Көрсеткiштердiң
өсу тенденциясы фирманың қызметiнiң тұрақтылығы
мен оның қызметiнiң әлеуеттi ұлғаюын дәлелдейдi.
Жағдай тұрақтылығына
қарамастан берiлген фирмада өтiмдiлiк
коэффициентi айтарлықтай тұрақты емес.
Бұл болашақта сыртқы субъектiлердiң сенiмiне
күмән келтiретiн бiрден-бiр фактор. Сондықтан
Фирма басшылығы көрсеткiштердiң келесi
түрiне назар аударуы керек.
2010 жылдың
басында таза айналым капиталының
төмендеуi көрсетiлген. Бұл фирманың
жұмсалған шығыны түскен табыстан
төмен болғанын бейнелейдi. Бiрақ
соңғы екi жылда ондай құбылыс
байқалмады – таза айналым
капиталы оң мәнге ие.
Кесте 8 – 2010-2011 жылдардағы “Адал АӨК”
АҚ меншiктi капиталы талдауы.
мың
теңге
Көрсеткiштер
2010ж.
2011ж.
Ауытқуы
(+,-)
Меншiктi
капитал
62962,214
86614,350
23652,136
Ұзақ
мерзiмдi активтер
87306,468
103328,461
16021,993
Өз
қаражаттарының болуы
-24344,254
-16714,111
-7630,143
Ескерту: 5 кесте [35] мәліметтер
бойынша жазылған.
8 кестеден фирмада
меншiктi капитал жетiспеушiлiгiн көруге
болады. Егер келесi жылда да осындай тенденция
болатын болса, фирма қаржылық қиыншылықтарға
ұшырауы мүмкiн, мысалы жабдықтаушылармен,
салық органдарымен, жалақы бойынша персоналмен
есеп айырысу мүмкiндiгi төмендейдi. Фирманың
қаржылық жағдайын жақсарту үшiн меншiктi
капиталды келесi мәселелердi есепке ала
отырып ұлғайтуға болады:
негiзгi қаражаттардың бiр бөлiгiн жалға беру;
артық негiзгi қаражаттарды жүзеге асыру (сату);
тәуелсiз
филиалдар ашу.
2.3 “Адал агроөнеркәсіптік ” АҚ айналым
қаражаттарын басқару.
Бұл
бөлiмде “Адал АӨК” АҚ бухгалтерлiк баланстық
екiншi бөлiмiнiң мәлiметтерiн негiзге ала
отырып, айналым қаражаттарын басқаруга
талдау жасалынады.
“ Адал АӨК
” АҚ ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерi
кассадағы ақшаны қосады, сонымен қатар
алғашқы өтеу мерзiмi 3 айдан аспайтын банктегi
қысқа мерзiмдi депозиттер қамтиды. 2010
жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайға сәйкес
“Қазақстан Халық Банкi” АҚ тарапынан
“ Адал АӨК ” АҚ аударылған 4,865 мың теңге
сомасы берiлген кепiлдемелерді қамтамасыз
етедi.
Жабдықтаушылар
талабын өтеу бойынша Алматы қаласының
сотының шешiмiмен 2011 жылдың 31 қаңтарында
3,457 мың теңге сомасындағы ақша-қаражаттары
шектелiндi.
Кесте 9 – 2010-2011 жылдарға арналған
“ Адал АӨК ” АҚ дебиторлық қарыздар