«Адал агроөнеркәсіптік» АҚ мысалындағы айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 18:07, дипломная работа
Описание работы
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Бұл Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту, шағын фирма субъектілеріне салық салумен байланысты мәселелерді анықтау және соның негізінде шағын фирма субъектілеріне салық салу мен несиелендіру жүйелерінің жүзеге асыру жолдарын ұсыну болып табылады. Осы алға қойылған мақсатқа байланысты төменгі міндеттер қарастырылады: а) шағын фирманың мәні мен қажеттілігін теориялық тұрғыда негіздеу; ә) Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың заңдылық негіздері мен даму ерекшеліктерін талдау; б) Астана қаласындағы шағын фирма жағдайын талдау және кедергі келтіретін факторларды айқындау; в) шағын фирматі несиелеу жағдайын қарастыру; г) Қазақстан Республикасындағы шағын фирмаке салық салудың құқықтық аспектілерін жүзеге асыру; д) мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен концепцияларын қарастыру.
ХХ ғасырдың 60-шы жылдары батыс
экономикасы сол кездегі экономиканың
«екі жақтылығын» мойындайды. Олар «орталықтан»
мөлшері мен әсер етуі бойынша ірі кәсіпкерлер
немесе «шеттелген» – шағын кәсіпорындар.
Барлық нарықтық елдерде шағын
кәсіпорынсыз нарықтық қатынастың дұрыс
дамымайтындығын түсінді. 70-80-ші жылдар
монополистік емес сектордың жұмысы белсендірек
жүріп 3 - бағытта қозғалды:
- мәселе тереңінен
зерттелді, яғни жалпы жоспарға
ғана емес, сонымен бірге жеке
аспектілерде ғылыми зерттеудегі,
ірі бизнес пен арақатынасы, мемлекетпен
байланысы, әлемдік шаруашылықтағы
рөлі және тағы басқалары қаралды;
- шағын кәсіпорын мәселесі
барлық мәліметтерде тарала басталды;
- елдердің ерекшелігі
әрі қарай зерттеле бастады.
Біздің еліміз бұл жылдары Кеңес
Одағының құрамында болғандықтан елде
ірі кәсіпорынның басымдылығына артық
берілді. Шағын кәсіпорындар мүлде жат
ұғым болды.
Шағын фирма нарықтық экономиканың
маңызды элементі. Онсыз мемлекет үйлесімді
дами алмайды. Ол көбінесе экономиканың
өсу қарқынын, құрылымын және ЖҰӨ-нің сапасын
анықтайды. Бұл сектор нарық инфрақұрлымының
ажырамыс элементі. Бүгінгі өндірістің
ажырамас бөлігі ретінде экономикадағы
бәсекелестікті қолдап, қоғамдық құрылысқа
әлеуметтік негіз қалайды. Көптеген анықтамалар
түсінуші тұлғаның мүддесіне, мақсатына
және қоршаған ортаның даму деңгейіне
сай анықталады. Бір зерттеуде 75 елде қолданылатын
50 анықтаманы келтіреді. Шағын кәсіпорындарды
анықтауда негізгі мәселе жоғарғы шекті
анықтауда туындайды: қаржыгер негізгі
қордың нақты түрінде немесе қосымша құнымен
қосылғандағы жоғарғы деңгейді көрсетсе,
жұмысшылар жалпы жұмысшының санын көрсетуі
мүмкін, саудагер максималды сату көлемін,
қызмет көрсетушілер
жалпы клинеттерінің санын көрсетуі
мүмкін және тағы басқа.
Жоғарыдағы айтқандарды қорытындылай
келе мыналарды айта кету керек:
- шағын кәсіпорындарды
анықтау әртүрлі елдерде ғана
ерекшеленіп қоймай, елдің ішінде
де салалар мен аймақтарда
ерекшеленеді;
- анықтамалар тәжірибедегі
мұқтаждықтарға байланысты анықталады
және белгілі бір мақсаттарға
қызмет етеді;
- анықтамалардың көп
болып бөлінуі сол кездегі
нақты жағдайды көрсетеді.
90 жылдардың басында шағын
бизнестің ресми анықтамасы болған
жоқ және әртүрлі құрылымдар,
әртүрлі анықтамалар қолданды. Көптеген
сарапшылар мен экономистердің
ойынша шағын бизнес – бұл
жеке сектордың синонимі және
ауыспалы мағынада фирманы нарықтық
экономика бизнес әлемі ретінде
сипатталады.
Қазақстан Республикасы Президентінің
“Шағын фирманың дамуын мемлекеттің қолдауын
күшейту жөніндегі шаралары туралы” Жарлығы
қабылданғанға дейін шағын фирманы субъектілерінің
құқықтық статусы анықталмаған еді. Сондықтан,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шағын
кәсіпорындар статусын анықтайтын 1997
жылғы 8 сәуірдегі № 499 қаулысы қабылданды.
Шағын фирма ретінде экономиканың
барлық саласында кәсіпкер ретінде тіркелген
жеке тұлғалардың, сонымен бірге тұрақты
сапалық және сандық көрсеткіштерімен
анықталатын кез-келген ұйымдастырушылық-құқықтық
түрдегі (кәсіпорындардың жеке тұлғалармен
атқарылатын) әрекет түрі.
Фирмадағы әрекет тәуекелге
және кәсіпкердің заттық жауапкершілігіне
өз атынан жүргізіледі.
Шағын бизнес субъектілері
жұмыскерлерінің орташа жылдық саны барлық
жұмыскерлердің, оның ішінде контракт
және келісімшарт бойынша берілген заңды
тұлғаның барлық филиалдары мен бөлімдерінде
істейтін жұмыскерлердің барлығын есепке
алумен анықталады.
Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерiнiң
жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын
дара кәсiпкерлер және кәсiпкерлiк қызметтi
жүзеге асыратын, жұмыскерлерiнiң жылдық
орташа саны елу адамнан аспайтын және
жыл бойы активтерiнiң орташа жылдық құны
тиiстi қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда белгiленген алпыс
мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен
аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерi болып табылады.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi
Қазақстан Республикасының қолданылып
жүрген заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтiң
кез келген түрiн жүзеге асырады.
Заңды тұлға құрмайтын жеке
кәсiпкерлер, сондай-ақ мынадай ұйымдық-құқықтық
нысандардағы заңды тұлғалар:
- толық серiктестiк;
- коммандиттiк серiктестiк;
- жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк;
- қосымша жауапкершiлiгi бар
серiктестiк;
- өндiрiстiк кооператив - шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерi болуы мүмкiн.
Шағын кәсiпкерлiктіктің мынадай
ұйымдық-құқықтық нысандары болады.
Толық серіктестік. Серіктестіктің
әрбір қатысушысы, олар екеуден кем болмауы
тиіс, серіктестік атынан фирманы қызметті
атқаруға құқылы, яғни мұндай серіктестіктің
қызметі толық серіктестіктің өз қызметі
деп аталады.
Толық серіктестіктің қатысушылары
серіктестіктің қарыздары бойынша толық
жауапкершілікті. Бұл, егер мүлік жетіспеген
кезде немесе қарызды өтеген кезде кредиторлар
серіктестіктің кез-келген мүшесінен
талап етуге құқылы екенін білдіреді.
Серіктестер өзінің жеке мүлігінің көлемінде
ғана жауап береді.
Осындай жауапкершілік толық
серіктестікті кредиторлар үшін тартымды
етеді. Серіктестер арасындағы қарым-қатынас
сенімділікпен құрылады.
Толық серіктестік қызметін
басқару үшін барлық қатысушылардың келісімі
қажет. Толық серіктестіктің қатысушысы
оның құрамынан тек қана осы серіктестіктің
басқа да қатысушыларының шешімінің негізінде,
соттың шешімі бойынша шығарылуы мүмкін.
Толық серіктестік кұрылтайшылық
келісім-шарт негізінде құрылады және
қызмет етеді, оған барлық қатысушылар
қол қояды.
Командиттік серіктестік. Толық серіктестіктің
бір түрі болып табылады, бірақ онда бөтен
тұлғалар есебінен қосымша капиталды
тартуға болады (салымшы-қатысушылар немесе
командинттер). Бұл тұлғалар серіктестіктің
қызметіне тек қана салымдарды жарғылық
капиталға салу жолымен және өздерімен
салынған салымдар шегінде шығындар тәуекелін
атқарады.
Командиттік серіктестіктің
құқықтық құжаты тек қана толық қатысушыларымен
қол қойылған құрылтайшылық келісім шарт
болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі қоғам.
Жарғылық капиталы қоғамның қарыздары
бойынша жауап бермейтін қатысушылар
үлесіне бөлінген ұйымды жауапкершілігі
шектеулі қоғам деп атайды. Толық салым
салмаған қоғамның қатысушылары, әрбір
қатысушының төленбеген салым үлесінің
құны көлемінде жауапкершіліктеріне жауапты.
Қоғамның мемлекеттік тіркелуі кезінде
оның жарғылық капиталының кем дегенде
50%-ы төленуі керек.
Құрылтайшылық келісім шартқа
қол қойылғаннан кейінгі бекітілген жарғы
жауапкершілігі шектеулі қоғамның құрылтайшылық
құжаты болып табылады. Егер қоғам тек
бір адаммен құрылған болса, жалғыз құрылтйшылық
құжат болып жарғы табылады.
Қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік. Бұл жауапкершілігі
шектеулі қоғамның бір түрі, онда қатысушылар
өздерінің жарғылық капиталындағы салымының
құнына барлығына бірдей көлемде жауапкершіліктер
бойынша қосымша жауапты болады. Сонымен
қоса қосымша жауапкершілігі бар серіктестік қоғам және серіктестік
арасындағы орынды алады.
Өндірістік кооперативтер. Бұл коммерциалық
ұйымдардың бір түрі болып табылады, ол
жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын, бірақ
кооператив қызметіне өзінің жеке еңбегімен
қатысатын жеке тұлғалардың ерікті бірігуі
негізінде құрылады.
Өндірістік кооперативтердің
әр мүшесі өзінің мүліктік салымының көлеміне
байланыссыз оның жұмысын басқаруда бір
дауысы бар және алынған табыс мүліктік
салым емес еңбектік салымның есебінен
бөлінеді.
Кооперативтер мүшесі болып
оның қызметіне қатыспайтын, бірақ мүліктік
салымдарды салатын және оларға табыс
алатын заңды және жеке тұлғалар бола
алады.
Кооперативтер мүшесі оның
қарызы бойынша жауапты, бірақ өзінің
барлық мүлігімен емес, алдын ала жарғыда
бекітілген көлемінде.
Жалғыз құрылымдық құжат –
кооперативтердің барлық мүшелерінің
жиналысында бекітілетін және қабылданатын
жарғы болып табылады.
Шағын бизнес іріге қарағанда
икемді болып келетінін ұмытпаған жөн.
Әсіресе, бұл жұмыстың маусымдық сипатта
болуында айқын көрінеді. Сонымен бірге,
ол тұтынушылар сұранымының өзгерісіне
шұғыл икемделе алады, бәсекелі нарықтық
қатынастардың қалыптасуына активті әсер
ете алады, экономиканың құрылымдық қайта
құрылуына мүмкіндік жасайды, барлық деңгейдегі
бюджеттерді толықтыратын жаңа жұмыс
орындарын құруы және активті меншік иелері
мен кәсіпкерлер қатарын қалыптастырады,
тенденцияларды шұғыл меңгеріп, инновацияны
дамытады.
Шағын бизнестің ірі өнеркәсіппен
салыстыра келгенде бірқатар басымдылықтарға
ие болатындығына қарамастан, экономиканың
ерекше секторы ретінде біршама қиындықтарды
да өткеруде. Оларға келесілер жатады:
капиталдың жеткіліксіздігі.
Бұл өзінің қаржысының жетіспеуінен және
капиталға қол жеткізудегі ірілермен
күресте әлсіз болуынан туындайды;
экспорттық операцияларды жүргізудегі
проблемалар. Олар өздері шетел нарық
ерекшеліктерін зерттеу мен тәуелсіз
экспорттық саясатты жүргізуге байланысты
шығындарды көтере алмайды;
басқару процесінің ерекшеліктері.
Шағын фирма иеленушісінде өндірістік,
инженерлік, бухгалтерлік, менеджерлік
және администратор тәжірибесі болуы
керек, ал көбінесе оларда ешқандай да
тәжірибе болмайды;
мамандандырылған жұмыс күшінің
жетіспеушілігі. Көптеген жоғарғы және
орта оқу орындарының түлектері өзінің
еңбек әрекетін шағын кәсіпорындарда
бастағандарына қарамастан, олардың көбісі
бұл кезеңнен тез өтіп және одан гөрі перспективті
ірі компаниядан жұмыс табуға тырысады;
сыртқы экономикалық орта жағдайына
ерекше сезгіш келеді. Ірі кәсіпорындарға
қарағанда тұрақсыз келетін шағын фирмалар
өз өнімдерін тез өткізу мүмкіндігіне
байланысты болады;
әрекетті жоспарлаудың күрделілігі.
Шағын фирмалардың тек бір бөлігі ғана
өндірістік жоспар құрады және одан да
аз бөлігі – стратегиялық жоспар жасайды,
ал фирма нарықтағы өз орнын тек осының
көмегімен таба алады.
Фирманың өзіне тән немесе сапалық
ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға
болады:
Бірінші, фирманы өзінің шығу
тегі жөнінен тауарлы шаруашылық құбылыс.
Екінші, ерекше материалдық
қызығушылықтың болуы, оны іске асыру
шаруашылық субъектісіне толық шаруашылық
ерік бергенде ғана мүмкін.
Үшінші, фирманың имминенттік
қасиеті – шаруашылық субъектілерінің
заттық жауапкершілігіндегі экономиканың
бәсекелесті – күресті жұмыс істеу режимі.
Шағын фирманы бәсекелестіктің жоғарғы,
шекті даму дәрежесінде көрінеді.
Төртінші, шағын фирманың әлеуметтік-экономикалық
анықтамасы келесі жағдайлармен толығады.
Ол мыналарға негізделеді:
а) иеленушінің және оның жанұя
мүшелерінің еңбегіне;
ә) иеленушінің өндірістік-басқарушылық
әрекетінің жалдамалы жұмыспен қатар
жүруі.
Бесінші, ұйымдастыру мен басқарудың
жалпы қарапайымдылығы. Шағын фирманы
үшін басқару субъектісі мен меншік субъектісінің
сәйкестігі тән.
Алтыншы, нарыққа өте-мөте бейім
келуі және еркін сауда. Нарық субъектілерінің
әрекеттерінің өзгеріп отыруына байланысты
белгісіздік. Тұрақсыздық, нарықта тұрақты
ештеңе жоқ, ешқандай тенденция ұзақ уақыт
жалғаспайды, басқамен ауысады.
Жетінші, тәуекел – фирма тәуекелсіз
болмайды. Осылайша, тәуекелден бас тарту
емес (ол мүмкін емес), ал оны басқара білу
және шығындарды минимальды деңгейге
жеткізу. “Тәуекелді” жағдай көбінесе
мұндай компаниялар үшін банкротқа ұшыраудың
жалғыз алтьтернативасы болады.
Сегізінші, негізінен қаржыландырудың
орталықтандырылмаған көздерін қолдану:
шағын бинестегі кәсіпкерлер өз жинақтарын,
достарының ақшаларын, банктердің шектеулі
несиелерін қолданады, ал ірі масштабтағы
кәсіпкерлер негізінен банктер мен қорлық
биржалар арқылы қаржыланады.
Тоғызыншы, шағын фирманың мемлекеттік
реттеу әдістері мен түрлеріне, экономиканы
реттеу бағытына үлкен бағынышты болуы.
Шағын фирманы экономикалық конъюнктураның
өзгерісіне, саяси жағдайға, заңдылықтардың
өзгерісіне, салықтық және кедендік саясатың
қолданатын нормаларына, мемлекеттік
қолдаудың жалпы жүйесіне өте сезімтал
келуі.
Оныншы, шағын құрылымдардың
жоғарғы ұйымдастырушылық- функционалдық
икемділігі және мобильділігі. Шағын бизнес
кәсіпорындары ірі кәсіпорындарға қарағанда
тұтынушы сұранымын қанағаттандыратындай
нарықтағы туар мен қызметтердің, технологиялық
процестердің өзгеру темпіне динамикалы
және аз шығынмен бейімделуі. Сонымен
қатар оларға шығаратын өнімдердің номенклатурасының
шектелгендігі, өткізу жүйесінің қарапайымдылығы,
ресурстық және көтерме нарықтың локальдылығы
тән.
Шағын фирмаға қойылатын екі
критерийді бөліп қарастыруға болады:
сандық және сапалық. Сандық көрсеткіштерге
кәсіпорындағы жұмысшылардың орта саны,
капиталдың айналым мөлшері, активтердің
мөлшері, табыс көлемі және тағы басқа
көрсеткіштер жатады. Бірақ ресми шетелдік
статистика шағын кәсіпорындарға тек
жұмыспен қамтылғандардың санын көрсетеді.
Дәл осы көрсеткіш барлық елдердің мүдделеріне
сай келеді. Қалған көрсеткіштер тек ғылыми
әдебиеттерден іскерлік баспалардан,
банктер мен салық органдары жүргізген
анкеталардан және шағын кәсіпорындардың
инфрақұрлымын қамтамасыз ететін мамандандырылған
ұйымдардан көруге болады.
Сапалық көрсеткіштеріне кәсіпорын
иесінің меншік қүқығы мен кәсіпорынды
басқаруға және жұмысшылармен байланысының
деңгейінен көруге болады. Келесі мәселе
кәсіпорынның нәтижесіне оның жетекшісі
тікелей міндетті, жанұялық іс жүргізу,
қаржыландырудағы сипат. Маңызды критерилер
болып құқықтық тәуелсіздік жатады. Сонымен
бірге сапалық көрсеткіштерге мыналарды
да жатқызуға болады, өткізетін тауар
нарығының кішкене болуы. Осы критерилердің
барлығының жиынтығы шағын кәсіпорындарға
экономикалық категория ретінде шегін
анықтауға көмектеседі.
Қалай дегенменде, шағын кәсіпорындар
жоғалып немесе ірі кәсіпорындарға айналып
немесе басқа кәсіпорындарға қосылып
отырады. Бірақ шағын кәсіпорындардың
тұрақсыздығын диалектикалық тұрғыда
қарау керек. Бір жағынан жоғалады, екінші
жағынан пайда болады. Сонымен әлемдік
және отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай
шағын фирманың әр түрлі ұйымдық-құқықтық
нысаны бойынша жұмыс істейтін адамдардың
санымен анықталады. Ал бірнеше ғылыми
еңбектерде шағын кәсіпорын деп, бір меншік
иесімен басқарылатын бірнеше адамның
тобын немесе кәсіпорынның ісін айтады.