«Адал агроөнеркәсіптік» АҚ мысалындағы айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 18:07, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Бұл Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту, шағын фирма субъектілеріне салық салумен байланысты мәселелерді анықтау және соның негізінде шағын фирма субъектілеріне салық салу мен несиелендіру жүйелерінің жүзеге асыру жолдарын ұсыну болып табылады.
Осы алға қойылған мақсатқа байланысты төменгі міндеттер қарастырылады:
а) шағын фирманың мәні мен қажеттілігін теориялық тұрғыда негіздеу;
ә) Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың заңдылық негіздері мен даму ерекшеліктерін талдау;
б) Астана қаласындағы шағын фирма жағдайын талдау және кедергі келтіретін факторларды айқындау;
в) шағын фирматі несиелеу жағдайын қарастыру;
г) Қазақстан Республикасындағы шағын фирмаке салық салудың құқықтық аспектілерін жүзеге асыру;
д) мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен концепцияларын қарастыру.

Файлы: 1 файл

для Нурбола.docx

— 213.58 Кб (Скачать файл)



      Дебиторлық қарыз күмәндi қарыздар резервiн ұстап қалудың номиналды құнымен бейнеленедi. Астана қаласының соты шешiмiне сәйкес бюджеттiк мекемелердiң дебиторлық қарыздары, 2010 жылы ұзақ мерзiмдi дебиторлық қарыздары қысқа мерзiмдi дебиторлық қарыздарға аударылған (259,334 мың теңге сомасында) 2011 жылдың желтоқсанында 205,898 мың теңге сомасындағы KFW заемының есебiне аударылды. Қалған 53,436 мың теңге сомасындағы қарыз 2011 жылға аударылды.

      Дебиторлық қарыз күмәндi қарыздар резервiн ұстап қалудың номиналды құнымен бейнеленедi. Астана қаласының соты шешiмiне сәйкес бюджеттiк мекемелердiң дебиторлық қарыздары, 2010 жылы ұзақ мерзiмдi дебиторлық қарыздары қысқа мерзiмдi дебиторлық қарыздарға аударылған (259,334 мың теңге сомасында) 2011 жылдың желтоқсанында 205,898 мың теңге сомасындағы KFW заемының есебiне аударылды. Қалған 53,436 мың теңге сомасындағы қарыз 2011 жылға аударылды.

Кесте 10 – 2010-2011 жж. “ Адал АӨК ” АҚ ТМҚ мөлшерi, мың теңге

 

Атауы

2010 ж.

2011 ж.

Ауытқуы (+,-)

Материалдар

408868,0

472836,9

639689

Тауарлар

16347

49651

33304

ТМҚ көнерген және өтiмдi емес түрiнiң резервi

27618

79014

-79014

БАРЛЫҒЫ

407740,9

469900,6

621597


 

 

 

Орташа шамалық құн әдiсiн және жүзеге асырудың таза құнын есепке ала отырып, аз өзiндiк құнымен бейнеленедi. Өзiндiк құн сатып алу құнын, траснпорттық шығындарды, сақтауға кеткен шығындарды қамтиды. Жүзеге асырудың таза құны мүмкiн болатын сату құнынын жүзеге асыруға кеткен шығындардан шегеруге негiзделедi.

Үйлестiрiлмеген берiлген өнiмге қажеттiлiк туындайтын филиалдарға запас жiберу арқылы үйлестiрiледi. Егер Фирма қоймаларында сақтау мерзiмi 1 жыл болатын өнiм қолданылмай, жатып қалса, ондай өнiм жүзеге асыру комиссиясына жiберiледi. Комиссия қарап болғаннан кейiн шешiмiн шығарып, ол тауарлар өтемсiз болып танылып, есептен шығады.

Жүзеге асыру көлемiн ұлғайту мақсатында фирманың 2 бөлiмшесi жұмыс атқарады: маркетинг бөлiмi мақсатты жарнама жасауға,  сауда аймақтарында материалдар тарату, тұтынушылар тұтынушылар талғамын анықтауға бағытталған iс-шараларды жүргiзедi. [27]

Тауарлар көрсетiлетiн қызметтер тасымалы жабдықтаушы мен өндiрушi арасындағы келiсiмге сәйкес жүргiзiледi. Бұл үрдiстiң үзiлiссiздiгiн қамтамасыз ету үшiнФирмада автомобильдер паркi ұйымдастырылады.

Баға саясаты сатып алу сұранысы анализi негiзiнде жүргiзiледi.

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Фирмада айналым қаражаттарын жетілдіру және басқару

 

3.1 Айналым қаражаттарын тиiмдi пайдалану  мақсатында  оңтайландыру.

 

Фирма қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру көптеген айқындамаларға байланысты болады. Тиiмдiлiктi арттыру баға құрылымындағы өзiндiк құнды азайту мен өндiрiс көлемiнiң өсуi нәтижесiнде ғана мүмкiн болады.

“ Адал АӨК ” АҚ басшылары өзiндiк құн үлесiнiң көп болуына (92% және 96%) назар аударулар керек. Бiрақ оны қымбат материалдар қолданылғандығымен түсiндiруге болады. Демек, фирма бар күш-жiгерiн қымбат материалдармен жабдықтайтын, бағасына сай сапасы да жоғары болатын материалдармен қамтитын жабдықтаушылар iздеуге жұмсауы керек.

Өндiрiс көлемiнiң өсуi нәтижесiндегi тиiмдiлiкке айналым мен негiзгi қаражаттарды тиiмдi пайдалану арқасында ғана қол жеткiзуге болады.

Негiзгi капиталды қолдануды оңтайландыруға бағытталған негiзгi бағыттар:

Ең алдымен, құрылғыларды модернизациялауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн еңбек қаражаттарын техникалық жағынан жетiлдiру. Бiрақ өнiмдiлiгi жоғары құрылғыларды сатып алу үлкен капитал салымдарын талап етедi, ал ондай салымдар компанияда бола бермейдi. Қажет қаражаттары амортизациялық қорда жинақталуы керек. Тек осындай шартта ғана негiзгi капитал өндiрiсi үрдiсi жоспарлы және бiрыңғай тиiмдi жүзеге асырылады. Мұндай нәтижеге қол жеткiзуге амортизациялық аудармаларды есептеу әдiстерiнiң мәнi зор. Олар амортизациялық қор көлемi мен негiзгi қорлардың жүзеге асыру кезеңдердегi ресурстарды шоғырландыруға белсендi әсерiн тигiзедi. Амортизациялық аударымдарды жедел есептеу әдiсi таңдау нарықта сондай бағамен, бiрақ өнiмдiлiгi жоғары өнiм пайда болуымен байланысты болатын, моральдық тозуға ұшырауға дейiн құрылғыларды ауыстыруға бағытталған. Моральдық тозу қызметтердiң бәсеке қабiлетінiң және компания қызметiнiң тиiмдiлiгiнiң төмендеуiне әкеледi. “ Адал АӨК ” АҚ осы уақытқа дейiн Қазақстанда аналогиясы жоқ құрылғыларды енгiзудi жалғастыруда. [35]

Iстен шыққан  құрылғылар мен қолданылмайтын  кеңiстiктердi (ғимараттар мен ғимараттар) iстен шығару оларды жалға беру  немесе жүзеге асырылу арқылы  жүргiзiледi.

Құрылғыларды жөндеу мерзiмiнiң қысқаруы мен жөндеу қорларын құру арқылы құрылғылардың бұзылуының алдын алып, тозылған құрылғыларға қажет жаңа және қосалқы бөлшектердi сатып алуға болады.

Айналым қаражаттарының тиiмдi қолдануын жақсартатын факторлар. 

Айналым қаражаттарын тиiмдi қолданудың сыртқы және iшкi факторлары бар. Сыртқы факторлар компания қызметi мен қызығушылықтарына қарамастан елеулi әсер етедi. Оларға елдегi жалпы экономикалық жағдай, салық заңдылығының ерекшелiктерi, несие алу шарттары, олардың пайыздық мөлшерлемесi мен мақсатты қаржыландыру жатады. Компания айналым капиталының қозғалысын рационализациялауда iшкi резервтер мен сыртқы факторларды ескере отырып қана жүзеге асыра алады. Айналым қаражаттарының тиiмдiлiгiн ұлғайту айналыстың барлық сатыларындағы  1 айналымның жылдамдауымен қамтамасыз етiледi. Айналым қаражаттарының айналысын жеделдету қызметтер өндiрiсiнiң көлемiн қаржыландырусыз ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. [29]

Айналым қаражаттарының қолдану тиiмдiлiгiн арттырудың тағы бiр жолы - өндiрiстiк запастарды тиiмдi ұйымдастыру болып табылады. Запастар, бiр жағынан, өндiрiстiк үрдiсiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз етсе, екiншi жағынан, өндiрiстiк үрдiске қатысатын өндiрiс қаражаттарының бөлiгiн бiлдiредi.

Өндiрiстiк запастарды қысқартудың негiзгi жолдары :

Компанияның үздiксiз және ырғақты қызмет етуiн қамтамасыз ететiн материалдар запасының көлемiнiң оптималды шегiн анықтау.

Тасымалдау мен жеткiзудiң келiсiмде нақты шарттарын енгiзу арқылы жабдықтарды ұйымдастыруды жақсарту. Дамыған елдерде жүк тасымалы нақты бекiтiлген уақытта әкелiнедi. Тасымалдаудың дұрыс деңгейде жүрмеуi, яғни келiсiмдегi шарттардың орындалмауы беделi жоғары жүк тасымалдауды мойнына алған компанияның беделiнiң төмендеуiне әкеледi. Ол өз нәтижесiнде тапсырыс берушi клиенттерiнiң санының қысқаруына әкеледi. Бекiтiлген нақты уақытта тасымалдау жүйесiнде материалдар, шикiзат және қоймаларға деген қажеттiлiк болмайды. Себебi өндiрiстiк үрдiстiң үздiксiздiгiнiң кепiлi дұрыс таңдалған жеткiзушi болып табылады. Қазақстандық жабдықтаушылар мен жеткiзушiлердiң тұрмыстық сапасы әлi жоғары деңгейге жете қоймаған,  сондықтан мұны тiкелей шаруашылық қатынастарды жақсартумен кооперациялауды жетiлдiру негiзiнде шешуге болады.

Материалдық айналым қаражаттарының айналымдылық коэффициентiне компанияда запастарды бағалау әдiсi әсер  етедi. Тәжiрибе жүзiнде запастар құнын үш ыңғайлы әдiспен еспетейдi: ЛИФО; ФИФО және орташа мамандық құн.

Айналым қаражаттары айналыс сферасында жаңа өнiмдi құруға қатыспайды, тек оны тұтынушыға жеткiзудi ғана қамтамасыз етедi. Қаржыларды шамадан тыс айналысқа салу да өнiрiс дамуына негативтi әсерiн тигiзедi. [30]

Айналым қаражаттарын айналысқа салудың қысқартуының өндiрiлген қызметтердi өткiзудi тиiмдi ұйымдастырудың алғышарттарына  көрсетiлген қызмет үшiн қолма-қолсыз есеп айырысу, құжаттарды жедел рәсiмдеу, келiсiм және төлем тәртiптерiн сақтауды жатқызуға болады.

Еңбек өнiмдiлiгiнiң ұлғаю факторы:

Еңбек өнiмдiлiгiнiң ұлғаюы компанияның қолында бар резервтерi есебiнен болады.

Өндiрiстi автоматизациялау, өнiмдiлiгi жоғары техниканы енгiзу, прогрессивтi технологиялар базасын қолдану, қазiргi заманғы электронды-есептеуiш техниканы қолдану, сондай-ақ монотондық, зиян және ауыр еңбектi пайдалануды қысқарту, еңбек жағдайын жақсарту оңтайлы нәтиже бередi. Еңбек интенсивтi қайтарымдылығы және ұзақтығының ұлғаюы немесе төмендеуiне себепкер болатын  жұмыскерлер денсаулығына көбiрек назар аударған жөн.

Өндiрiстi басқару мен ұйымдастыруды жетiлдiру, еңбек мотивациясын ұйымдастыру мен ынталандырудың қазiргi заманға сай формаларын енгiзу арқылы бiрталай жетiстiктерге жетуге болады.

Фирмада еңбек жағдайын ұйымдастыру адамның еңбек етуi үшiн тиiмдi жағдай жасауды бiлдiредi. Еңбектi ұйымдастырудың негiзгi бағыттары:

    • еңбек бөлiнiсi мен кооперациялаудың ұтымды формалары мен әзiрлемелерiн енгiзу;

    • кадрларды даярлау мен бiлiктiлiгiн жоғарылатуды ұйымдастыру;

    • жұмыс орындарын ұйымдастыру мен оларға қызмет көрсету;

    • түрлi топтағы жұмыскерлер саны мен құрылғылардың бiрлiгi арасындағы қатынасты, шығындар мен еңбек нәтижесi қатынасын анықтауды мақсат қоятын еңбектi нормалау.

- Еңбекақыны  төлеудi ұйымдастыру. Еңбекақы жұмыскерге  компанияның жұмыс күшiнiң үдемелi өндiрiсiн қамтамасыз ететiн және  өндiрiстiң дамуын қамтитын еңбегi мен еңбек нәтижесi үшiн төлем  төлеу. Еңбектi ұйымдастырудың негiзгi элементтерiне еңбекақы қорының  қатысуы, тарифтiк жүйе, еңбекақы  төлеу формасы мен жүйесi, ұжымдық  келiсiмдер жатады.      

    • Еңбек жағдайының жақсаруы жұмыс күшiнiң өндiрiсiтік емес шығындарының төленуiне, яғни еңбек күшiнiнiң өндiрiстiк мақсаттағы шығындарының ұлғаюына әкеледi. [32]

Мотивация – еңбек қызметiнiң тиiмдiлiгiн анықтаудың негiзгi факторының бiрi.  Мотивация өзiңдi немесе басқаларды жеке мақсаттар мен ұйым мақсаттарына жету үшiн талпындыру деген мағынаны бiлдiредi.

Мотивация теориясының көп түрi бар: Маслоу бойынша қажеттiлiктер иерархиясын қанағаттандыру теориясы, әдiлеттiлiк және күту теориялары; мотивациялаудың Потер-Лазер моделi .

Қызметтердi ынталандыру келесi саты бойынша жүргiзiледi:

    • басқарушылар тарапынан жұмыскерлердiң сiңiрген еңбегiн мойындау;

    • еңбек салымдарының көлемiне байланысты материалдық ынталандыру (еңбекақы, сыйақылар, демалысты төлеу);

    • жұмысшы қызметiнiң өсу мүмкiндiгi.

Көрсетiлетiн қызмет сапасы нарық жағдайындағы фирманың өмiр сүру деңгейiн, қызмет тиiмдiлiгiнiң өсуiн, барлық ресрурстар үнемдiлiгiн анықтайды

Қазiргi таңда нарықтағы компаниялар интенсивтi факторлар даму есебiнен ғана қызмет етудi қарастырмайды. Ал мұндай жағдайда нарық шартына бейiмделу мүмкiндiгi азая түседi. Тиiмдiлiктi арттыру үшiн пайданы 10 еседен жоғарылатуға мүмкiндiк беретiн инновациялық әдiстердi қолданудың маңызы зор. [33]

Сонымен қатар фирма қызметiнiң тиiмдiлiгiне фирманың iшкi және сыртқы ортасымен байланысты қамтамасыз ететiн жеке бөлiмдер қызметiнiң нақтылығы әсер етедi. Егер маркетингтiк бөлiм өз уақытында кiм үшiн және қашан өнiм өндiруi туралы мәлiмет берсе, фирма қызметінің қысқа уақыт аралығында жүзеге асуына мүмкiндiк бередi. Ол фирма қызметiнiң тиiмдiлiгiне оңтайлы әсер етедi.

Жоғарыда аталған тиiмдiлiктi арттыруға бағытталған шаралар дәстүрлi болып табылады, мұндай шараларды қолдану  әрдайым оң нәтиже беруi мүмкiн емес. Сондықтан фирма қызметiнiң гүлденуiне мүмкiндiк беретiн жаңа шаралар түрлерiн қарастыру қажет.

  “Адал АӨК” фирмасының айналымдылығын жеделдетудi келесi жолдармен жүзеге асыру ұсынылады: өндiрiстiк запастарды құру сатысында экономикалық жағынан негiзделген нормаларды енгiзу; шикiзат, жартылай фабрикаттармен жабдықтаушылардың жақындығы, тiкелей, ұзақ байланысты қолдану; материалдық-техникалық жабдықтаудың қойма жүйесiн кеңейту, қоймаларда жүктеу жұмыстарын автоматтандыру мен механизациялау.

Аяқталмаған өндiрiс сатысында ҒТП жеделдету (прогрессивтi техника мен технолгияны енгiзу); стандарттауды, унификациялау, типизациялауды дамыту; ресурстарды үнемдi пайдаланудың экономиалық ынталандыру жүйесiн жақсарту.

Айналым сатысында – қызметтердi тұтынушылардың қызметi өндiрушiлерге жақындауы есептеу жүйесiн жетiлдiру.

Фирманың айналым қаражаттарына қажеттiлiгiн айқындауда келесi мәселелердi ескеру қажет: меншiктi айналым қаражаттарымен тек қана өндiрiстiк бағдарлама қажеттiлiктерi емес, сонымен қатар қосалқы және көмекшi өндiрiстердiң, тұрғын-коммуникалдық және басқа шаруашылықтардың қажеттiлiктерi өтелiнуi керек. Тәжiрибе жүзiнде тек фирманың негiзгi қызметiнiң қажеттiлiктерiн көп көңiл бөлiнедi.

Барлық фирмалардағы сияқты, “ Адал АӨК ” АҚ резервтер мен айналым қаражаттарының айналымдылығын жеделдету жолдары келесi факторлаға байланысты болады:

Тауар айналымы көлемi мен айналым қаражаттарының көлемiне айналымдылықты жеделдету  үшiн:

    • тауар қозғалысы мен айналым қаражаттарын толық нормалау;

    • фирманың шаруашылық жоспарын толық және ырғақты орындау;

    • қызмет көрсетудiң прогрессивтi әдiстерi мен формаларын енгiзу арқылы қызметтердi ұйымдастыруды жетiлдiру;

    • жиналуы мен сақталуын бiр тәртәпке келтiру;

    • жабдықтаушылар және тұтынушылармен есеп айырысуды жетiлдiру;

    • жұмыс талаптарын жақсарту;

    • пайданы инкассациялау мен банк счеттарында немесе компания кассасында қалған ақша қаражаттарының қалдығын қатаң лимиттеу арқылы ақша қаражаттарының айналымдылығын  жеделдету;

    • шаруашылық материалдар запастарын, құны төмен және тез тозатын заттарға кететiн шығынадарды және болашақ кезең шығындарын минималдау;

Информация о работе «Адал агроөнеркәсіптік» АҚ мысалындағы айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау