Аудит мәнділігі: мәні мен мазмұны және оның деңгейін анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 17:59, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі мақсат міндеті аудиторлық мәнділіктің мәні мен мазмұны және аудиторлық мәнділіктің деңгейін анықтау. Оның ішінде келесідей сұрақтарды қарастырады:
• Аудиттік ауытқулар
• Мәнділік деңгейінің көрсеткіштерін тәжірибелік анықтау
• Мәнділікті бағалау үшін критерийлер
• Халықаралық аудит стандарты 320 «Аудит мәнділігі»

Содержание работы

Кіріспе………………………………………………………………..........…………5
Тарау 1 Аудиторлық мәнділіктің мәні мен мазмұны.........................................7
1.1 Аудиттегі мәнділік......................................................................................7
1.2 Аудиттік ауытқулар...................................................................................10
1.3 Халықаралық аудит стандарты 320 «Аудит мәнділігі»........................14
Тарау 2 Аудиттегі мәнділік деңгейін анықтау...................................................21
2.1 Мәнділік деңгейінің көрсеткіштерін тәжірибелік анықтау...................21
2.2 Мәнділікті бағалау үшін критерийлер.....................................................26
Қорытынды..................................................................................................................28
Пайдаланылған ақпар көздері.................................................................................30

Файлы: 1 файл

Аудит курсовой ГУльжазира.doc

— 450.50 Кб (Скачать файл)

АтМГИ. 5В050800-Есеп және аудит ЕжА-10 ҚОБ с/қ/б тобы



            Супығалиев Еркін

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI

АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫ

 

 

 

 

 

«Есеп және аудит» кафедрасы

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

«Аудит»  пәнi бойынша

Тақырыбы: «Аудит мәнділігі: мәні мен мазмұны және оның деңгейін анықтау»

 

                                                          

 

 

                               Орындаған: ЕжА 10 ҚОБ с/қ/б топ студентi Супығалиев Е

                               Тексерген: э.ғ.к., профессор Жалғасбаева А.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау  2012ж

 

Мазмұны

 

Кіріспе………………………………………………………………..........…………5

 

Тарау 1 Аудиторлық мәнділіктің мәні мен мазмұны.........................................7

    1. Аудиттегі мәнділік......................................................................................7
    2. Аудиттік ауытқулар...................................................................................10
    3. Халықаралық аудит стандарты  320 «Аудит мәнділігі»........................14

 

Тарау 2 Аудиттегі мәнділік деңгейін анықтау...................................................21

2.1 Мәнділік деңгейінің көрсеткіштерін тәжірибелік анықтау...................21

2.2 Мәнділікті бағалау үшін критерийлер.....................................................26

 

Қорытынды..................................................................................................................28

 

Пайдаланылған ақпар көздері.................................................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Аудиттің ақпараттық негізі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан  ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік есептеме нақтылығымен олардың аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру мақсатындағы шығындарды, қаржыларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды бизнес жоспарлармен жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпараттар алу және қызмет процессін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларлы іске асыруүшін тексерудің арнаулы әдістері мен тәсілдерін қолдана білу керек.

Қазақстан Республикасының  бүкіл халық шаруашылығының нарықтық экономикаға өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастыру-құқықтық нысандары мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау жүйелері мехнизмдеріне түбегейлі әсер етті.

Аудиторлық қызмет негізгі  қағидаларын сақтау негізінде жүргізіледі. Аудиттің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы бақылау жүргізу.

Аудиттің мазмұнын қарастыру  барысында оның нақты құрамы туралы айту қажет. Олар мыналар: шаруашылықтағы субъект мәлімет аудитордың мамандығы  фактілерді жинау және бақылау аудит стандарты аудитор ақпараты, есебі.

Курстық жұмыстың өзектілігі: елдің микроэкономикасын басқару  құралына аса қажетті аудиторлық мәнділік осы курстық жұмыста  кеңінен және түбегейлі қарастырылады. Мәнділік  аудитордың міндетін ұйымдағы қаржылық есптемені тексеруді болжамайды және есептемеде құрылған нақты бірлік өлшеміне дейін оның сенімділігіне қорытынды бермейді. Мәнділік – бұл ақпараттағы мүмкін өзгерістер параметрі, яғни өзінің компетенттелген тұтынушысының пікіріне әсер етуі. Мәнділік – тұрақты абсалюттік санда көрсетілмеуі мүмкін. Әрбір нақты жағдайда, әрбір мекеме үшін мәнділік түрліше болуы мүмкін.

Курстық жұмыстың негізгі мақсат міндеті  аудиторлық мәнділіктің мәні мен мазмұны және аудиторлық мәнділіктің деңгейін анықтау. Оның ішінде келесідей сұрақтарды қарастырады:

  • Аудиттік ауытқулар
  • Мәнділік деңгейінің көрсеткіштерін тәжірибелік анықтау
  • Мәнділікті бағалау үшін критерийлер
  • Халықаралық аудит стандарты 320 «Аудит мәнділігі»

Бірінші тарауда, аудиттегі мәнділік дегеніміз не деген сұраққа жауап жазылады, яғни аудит мәнділігі бұл қаржылық есеп берудің кейбір баптарын, көрсеткіштердің бұрмалаушылықтарының мүмкіндік деңгейі немесе жарық көрген қаржылық есепте көрсетілетін және мәнді емес деп қарастырылатын пайдаланушыларды жанылыстырмайтын барынша мүмкін қателіктер.

Мәнділікті бағалау аудитордың тәжірибесіне, мамандық дәрежесіне байланысты және олардың өздерімен әрбір  аудит жүргізілетін ұйым үшін, оның қызметінің көлемі және ерекшелігімен  бірге анықталады. Және бұл тарауда аудиттегі мүмкін ауытқуларды анықтау оларды есептеу жолдары мен тәсілдері көрсетілген. Мәнділік деңгейі дегеніміз есеп беру қателерінің сол шектіе мәні, содан бастар бұл есеп беруді пайдаланушы кәсіби маман үлкен болжау дәрежесімен ол арқылы дұрыс қорытынды жасамайды және дұрыс экономикалық шешім қабылдамайды.

Қаржылық есеп берудін кейбір көрсеткіштері  жеткілікті дәл болмауы мүмкін. Бірақ, бұл арқылы есеп беру дұрыс емес деп шешім қабылдауға болмайды. Дәл  еместіктер есептеу кезіңде қате жіберуден немесе олар бағалаушы  болғандықтан болуы мүмкін. Аудитормен анықталған мұндай дәл еместіктер есеп беруде реттелінуі қажет. Оның үстіне субьектілер әрқашан түзетулерді бір деңгейде еңгізбейді.

Екінші тарауда, мәнділік деңгейінің көрсеткіштерін тәжірибелік анықтау  және мәнділікті бағалау үшін қойылатын негізгі критерийлер туралы қарастырылады. Курстық жұмысымды осы аталған тарауларға жеке –жеке тоқталып, қорытынды жасадым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тарау 1 Аудиторлық мәнділіктің  мәні мен мазмұны

 

 

    1.  Аудиттегі мәнділік

 

 

Аудиттегі мәнділік дегеніміз – қаржылық есеп берудің кейбір баптарын, көрсеткіштердің бұрмалаушылықтарының мүмкіндік деңгейі немесе жарық көрген қаржылық есепте көрсетілетін және мәнді емес деп қарастырылатын пайдаланушыларды жанылыстырмайтын барынша мүмкін қателіктер.

Мәнділікті бағалау аудитордың тәжірибесіне, мамандық дәрежесіне байланысты және олардың өздерімен әрбір аудит жүргізілетін ұйым үшін, оның қызметінің көлемі және ерекшелігімен бірге анықталады.

Қаржылық есеп берудін кейбір көрсеткіштері  жеткілікті дәл болмауы мүмкін. Бірақ, бұл арқылы есеп беру дұрыс емес деп шешім қабылдауға болмайды. Дәл еместіктер есептеу кезіңде қате жіберуден немесе олар бағалаушы болғандықтан болуы мүмкін. Аудитормен анықталған мұндай дәл еместіктер есеп беруде реттелінуі қажет. Оның үстіне субьектілер әрқашан түзетулерді бір деңгейде еңгізбейді.

Көбінесе аудиторлар бухгалтерлік есеп беруге дәл еместіктерді жібереді:

  1. Олар майда және қаржылық есепті пайдаланушылардың шешіміне әсер етпейді, яғни маңызды емес;
  2. Майда қателерді анықтауға және түзетуге кететін шығында өте жоғары;
  3. Оған кететін уақыт бухгалтерлік есеп берудің жарық көруін кешіктіреді.

Сонымен, аудитор есеп көрсеткіштері  абсолютті дәл болмайтындығын жібереді, бірақ сонымен бірге бухгалтерлік есеп беру дұрыс екендігін дәлелдейді. Көбінесе көрсеткіштердің 5%-ке дейіңгі аутқуы мәнсіз, ал 10% жоғары мәнді болып саналады.

Қателердің абсолюттік шамасы. Қатенің  абсолюттік шамасы басқа факторларға  байланысты болмайақ қажетті болуы  мүмкін, себебі кез келген ірі сома басқа жағдайларсыз материалды болып табылады.

Қателердің салыстырмалы шамасы. Бұл  бағалау болжамдалған қателердің тиісті базалық шамасына қатынасы ретінде  пайдаланылады. Мұнда терістікті санап  шығару үшін осы базалық шаманы таңдау проблема болып табылады. Мысалы жалпы  кірісті база ретінде пайдалануға болады, өйткені оның мөлшері таза кірістін мөлшеріне қарағанда тербелістерге аз тартылады.

Есеп берудің баптарының маңызы. Бұл материалдылықты анықтаудағы  қажетті фактор. Өтімді ликвитті активтердің  шоттары бойынша мұмкін қателер, басқаларға қарағанда (негізгі құралдар, болашақ кезеңнңн шығындары) өте маңызды болып қарастырылады.

Нақты шарттар. Аудитор пайдаланушыларға ұсынылған қаржылық есептің болмашы  қателерінеде үлкен көңіл қоюы қажет. Мұның өзі аудитордың мұқият жұмыс  істеуіне және материалдылықтың қатал критерийлерінен шығуына себепші болады.

Белгісіздік. Ұйымның төлем қабілеттілігі  жоқтығына байланысты немесе жақын  арада төлем қабілеттілігін жоғалту  проблемалары аудитор үшін болашақ  оқиғалардың белгісіздігін тудырады. Бұл жағдайда аудитор материалдылықтың өте қатал белгілерін пайдалануы керек.

Кумулятивтік тиімділік. Аудитор  белгілі және мүмкін қателердін жалпы  мөлшерін бағалауға міндетті.

Материалдылық (мәнділік) аудитті  жоспарлау кезеңінде аудиторлық тексерудің тиімділігін қамтамасыз ету үшін бағаланады.

 

 

1-сурет. Мәнділік концепциясы

 

Мәнділік түсінігі аудиторға аудиторлық процедуралардың көлемін және орындалу мерзімін, сипатың анықтауда және бұрмалаушылықтардың әсерін бағалауда  қажет.

Халықаралық тәжірибеде 10% шегіндегі баланс бабының ауытқуына әкелетін қателер мәнді болып табылмайды. Халықаралық тәжірибеде немесе Қазахстан Республикасында мәнді қателер туралы нормативтік нақтыланған талаптар жоқ.

«Аудиттегі мәнділік» 320 ХАС мынаны қарастырады: «Егер пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер ететіндей қате мәнді болса ақпарат мәнді болып табылады». Қабылданған тәжірибеге сай әр аудиторлық мекеме немесе аудитор өзінің тәжірибесі мен кәсібі пікірі арқылы мәнділіктің деңгейін орнатады. Мәнділік деңгейін бағалау тәсілі аудиторлық фирманың ішкі стандарттарына жазылуы тиіс.

Қаржылық есептілікті тексеру  барысында аудитор аудиттегі  мәнділіктің екі жағын тексеруі тиіс:

  • Сандық мәнділік деңгейін;
  • Сапалық деңгейін, яғни ҚР әрекет ететін құқықтық актілердін тараптарымен жүзеге асырылатын операциялардың ауытқулары;
  • Мәнділік денгейін аныүтау барысында екі өлшем қолданылады;
  • Абсолютті өлшем  - бұл аудитордың субьективті пікірі, ол мәнді емес көлемде анықтауда мәнді болып табылады.

Салыстырмалы өлшем – бұл  қабылданған базалық өлшемді пайыздық қатынаста анықтау.

Аудиттегі мәнділік туралы мынадай қорытынды жасауға болады:

  1. Мәнділік  аудитордың міндетін ұйымдағы қаржылық есптемені тексеруді болжамайды және есептемеде құрылған нақты бірлік өлшеміне дейін оның сенімділігіне қорытынды бермейді.
  2. Мәнділік – бұл ақпараттағы мүмкін өзгерістер параметрі, яғни өзінің компетенттелген тұтынушысының пікіріне әсер етуі.
  3. Мәнділіек – тұрақты абсалюттік санда көрсетілмеуі мүмкін.
  4. Әрбір нақты жағдайда, әрбір мекеме үшін мәнділік түрліше болуы мүмкін.
  5. Мәнділікті бағалау критериясы болып, тек сол шамадағы белгі қаржылық есептемеде мүмкін қателердің, яғни оның жағдайына дейін квалификацияланған тұтынушыға дұрыс қорытынды жасау негізінде шешімдер және экономикалық негізделген қабылдауын өзгертуі мүмкін.

Мәнділік жөніндегі пікір аудиторлық тексеру мен оның нәтижесін бағалауға  әсер етеді, шешілген анықтамалардың қаржылық есеп беруде дұрыс көрсетілгендігі  болып табылады.

№ 320 ХАС «Аудиттегі мәнділікке» сай : «Аудитор мәнділікті қарау керек»

  • Аудиторлық процедуралар көлемі мен мерзімінің анықтау сипаты;
  • Шығуға әсер ететін бағалау;

Аудитор шығуды ескеру керек, яғни қаржылық есептемеде келтірілген шағын сомадағы салыстыруға тиісті шешімдерге маңызды  әсер ететін жиынтықта көрсетіледі.

2-сурет. Аудитордың мәнділік  деңгейін қарастыруы

 

Мәнділік деңгейі қаржылық есептеме аспектісіне байланысты айырмашылығы болуы мүмкін.

 

 

1.2 Аудиттік ауытқулар

 

 

Мәнділікті бағалауда негізгі  екі тәсіл пайдаланылады индуктивтік  және дедуктивтік.

Индуктивтік тәсіл әр бап үшін мәнділікті бөлек бағалауда, сонан соң бағалауды  қосу арқылы мәнділікті анықтауды ұйғарды. Мұндай тәсілді өте абайлап қолдану  керек, себебі қате есеп берудің бір  бабына қатысты маңызды болуы  мүмкін.

Дедуктивтік тәсіл мәнділікте жалпы бухгалтерлік есеп беру күшін немесе бөлек бір бөлімін, сонан кейін бағалауды есеп берудің кейбір баптары бойынша бөлуді, әр шот бойынша жұмыстың көлемін анықтауды ұйғарды.

Аудитор мәнділікті бағалау кезінде  оның екі жағын қарастыруға міндетті.

Сапа тұрғысынан аудитор өзінің кәсіби пікірін пайдалануы керек. Сандық тұрғысынан аудитор қатенің мәнділік деңгейін бағалауы қажет. Сандық бұрмалаушылыққы есептік саясатты дұрыс емес немесе жеткіліксіз сипаттау, пайдаланушыныжаңылыстыратын, түбінде экономикадық шығындарға айып түрінде әекп соқтыратын заңдылық бұзушылықтарды ашпау жатады.

Информация о работе Аудит мәнділігі: мәні мен мазмұны және оның деңгейін анықтау