Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................................3
1.НАРЫҚ ТҮСІНІГІ, ШАРТТАРЫ
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ.............................5
1.1 Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары
мен түсініктері...........................5
1.2 Нарыққа көшудің стратегиялық ерекшеліктері..................................................8
1.3 Нарықтың тепе-теңдікке мемлекеттің
тигізетін ықпалы................................ 11
2. Қазақстанда нарықтық
қатынастардың қалыптасу кезеңдері және
даму деңгейлері........................................................16
2.1Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның
экономикалық және әлеуметтік жағдайы......................................................................................................................16
- Қазақстан Республикасындағы нарықтық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекетің рөлі.................................................................23
2.3 Қазақстан Республикасындағы
нарықтын негізгі даму кезеңдері..................27
3. Қазақстан
Республикасындағы нарық жағдайы:оның
функцияларының даму принциптері
және жетілдіру жолдары...............................................................................................................31
3.1 Нарықтық экономикадағы қазіргі басымдылықтары
мен кемшіліктері........31
3.2 Қазақстан Республикасындағы
нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы
және жетілдіру жолдары...........................................................................................36
Қорытынды..............................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................41
Қосымшалар
Кіріспе
«Біз
ендігі жерде «қолымыз жеткен»
экономикалық өсуді пайдаланумен
шектелмей, осы өсуді шындап
басқаруды меңгеруге үйренуіміз,
сөйтіп оны сапалық жаңа деңгейдегі
экономикалық дамуға ұластыруымыз
керек» деген елбасы Н.Назарбаев
өзінің жолдауында. Міне бұл дегеніміз
елбасының мемлекет алдына бәсекеге
қабілеттілік жөнінен қойып отырған
ең басты міндеттерінің бірі.
«Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 30 елдің құрамына кіру» стратегиясы
елбасының 2009 жылғы Қазақстан халқына
Жолдауында баяндалған тапсырмалардан
туындайды. Елдің бәсекеге қабілетті болуы
ондағы барлық салалармен өлшенеді. Солардың
ішінде экономикалық жағдайдың бәсекеге
қабілетті болуы маңызды. Бәсекелестік
күрес – жылжымалы, өктемелі үрдіс. Оның
өлшемі жағдайдың тепе-теңдігі емес, экономикалық
байланыстың барлық салаларындағы және
белсенді кәсіпорынындағы негізгі ойларды
үнемі бұзып отыру жатады.
Бүгінгі менің курстық
жұмысымның тақырыбы бір-бірімен
бәсекелес көптеген сатушылар
мен сатып алушылар болатын
нарықтың қызмет істеу механизмін
талдауға арналады.Үлкен нәрсенің
ұсақтан құралатыны секілді елдің
экономикалық бәсекеге төтеп
беруі, ондағы фирмалар мен
кәсіпорындардың өзара бәсекелестігінен
де анықталады. Сондықтан да бәсеке
жағдайындағы бағаның қалыптасу
механизмін түсіну үшін сұраныс
және ұсынысқа талдау жасау
керек. Сұраныс және ұсыныс
бүкіл экономикалық жүйенің ырғақты
жұмыс жасауын көрсететін басты
тұтқа болып табылады. Нарықтық
механизм – сатушы мен сатып
алушының өзара іс-әрекетінің
бәсекелестік механизмі және
сұраныс пен ұсыныстың негізінде
құрылады. Нарық - өндіруші мен
тұтынушының арасындағы байланыстың
ерекше түрі. Ол өндіріс пен
тұтыныстың арасындағы баланыстылықты
қамтамасыз етеді. Бұл баланыстылық
сыртқы құбылыста сұраныс пен
ұсыныс арасының сәйкес болуы
ретінде көрінеді. Міне, сондықтан
да мен бұл жұмысымда сұраныс
пен ұсыныстың ерекшеліктері,
нарықтық тепе-теңдік тақырыптарына
толықтай тоқталатын боламын. Өзектілігі:
Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар
жүйесі жылдан жылға дамып келеді.Нарықтық
экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту
экономикалық қатынастарға түсімі жақтарды
ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету,жан
– жақты талдау қызметтерін жүргізу,экономикалық
талдау қызметкерлердің қызметін жүргізу,экономикалық
тиімді шешім қабылдау, нарықтық функцияларды,
даму принциптерін қарастыру болып
табылады. Сонымен қатар меншік қатынастарының
әртүрлі нысандары, нарық инфрақұрылымын
жасау болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Нарықтық экономиканың
жалпы мақсаты – экономиканы тұрақтандыру
мақсатында Республика Үкіметі нарыққа
өтудің тұжырымдамасын жасап шығарады.
Тұжырымдама мемлекеттің және экономикалық
егемендіктің қағидаларына негізделген.
Нарықтық экономика, осы заманғы
жекеше іс бастау және іскерлік рухы, саяси
демократиямен астасып отырып,бостандықты
сақтап қалудың ең жақсы перспективасын
ашып берді және барлық адамдар үшін
экономикалық өсу мен молшылықтың
барынша кең мүмкіндіктерін ұсынады.
Курстық жұмыстың міндеті: Нарықтық экономиканың
атқаратын рөлі зор. Нарықтық жұмыстың
жалпы ішінде: Нарық жүйесінің мәні, элементтері,
принциптері, кемшіліктері, Қазақстан
Республикасындағы нарықтың қалыптасу
және даму стратегиясы сипатталады. Оның
бірнеше міндеттері бар олар:
- Нарық ұғымы, нарықтың мәні, ерекшеліктері,
- Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері
- Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы
- Нарықтық құрылымды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі
- Нарық экономикадағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері
- Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы
Жұмыстың
құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 3
бөлімнен, Қорытындыдан және Қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.Нарық түсінігі, шарттары және қызметтері.
1.1
Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары
мен түрлері.
Нарықтың мәні оның атқаратын
қызметтері арқылы анықталады. Оның
атқаратын қызметтері:
- Экономикалық игіліктерді және қызметтерді, өндірушілермен тұтынушыларды, байланыстыратын буын.
- Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші ролі.
- Экономиканың жағдайы туралы объективті ақпараттың қайнар көзі.
- Бәсеке арқылы экономиканы тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазарту.
- Өндірістік шығындарды азайтуды экономикалық ынталандыру.
- Еңбекке деген материалдық стимулдарды экономикалық жағынан қамтамасыз ету.
Нарықтың басқа бір атқаратын
қызметі – ақпараттық. Нарық тауарлар
бағасы мен қызмет ақыларының,
несие және банк депозитінің,
проценттік нарқының т.б. үздіксіз
өзгеріп отыруы арқылы өндіріске
қатысушыларға олар сататын немесе
сатып алатын тауарлар мен
қызметтерге жұмсалатын қоғамдық
қажетті өндіріс шығындары, қоғамдық-қажетті
сапа және ассортимент туралы
объективті ақпар беріп отырады.
Нарық күрделі экономикалық категория
ретінде өз бетінше емес, әр-түрлі
факторларға байланысты белгілі
бір нақты әлеуметтік-экономикалық
жағдайларда өмір сүреді. Дүниежүзілік
тәжірибе нарықтық механизмнің
мынадай жағдайлар мен шарттар
орындалғанда ғана тиімді қалыптасатынын
және өмір сүруін дәлелдеп
берді.
- Шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі.
- Меншік қатынастарының алуан түрлі формалары.
- Өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы.
- Тауар өндірушілердің және сауда делдалдарының бәсекесі.
- Нарық инфрақұрылымын жасау.
Территориялық белгілеріне қарай
нарық мынадай түрлерге бөлінеді:
дүниежүзілік нарық, еларалық
бірлестіктер нарығы, ұлттық нарық,
аймақтық нарық және оқшауланған
немесе жергілікті нарық.
Дүниежүзілік нарық, сатушылар
мен сатып алушылар арасындағы
тауарлар мен қызметтерді айырбастау
жүйесі түрінде көрінетін бұкіләлемдік
шаруашылықтың құрамдас бөлігі.
Ол халықаралық еңбек бөлінісінің,
валюталық-несие және қаржы қатынастарының
негізінде құрылып орнықты. Дүниежүзілік
нарық өндірістік кооперация
және интеграция, сыртқы сауда,
тауарайырбас операциялары арқылы
ішкі нарықпен байланыста болады.
Еларалық бірлестіктер нарығы
деп, экономикалық айырбастың
ерекше формалары мен шарттары,
терең еңбек бөлінісі арқылы
байланысқа, бірнеше мемлекеттердің
қатысуымен құрылған нарықты
айтады.
Ұлттық нарық бір елдің мемлекеттік
шекарасының аумағымен шектелген
жалпы ішкі нарық. Ұлттық нарықта,
белгілі бір нысанда өндірістің
нәтижелері мен шарттарына байланысты
экономикалық қатынастар дамиды. Бұл қатынастар,
нарық қызметінің шарты – ақша және тауар
айналысының болуын анықтайтын тауарақшалы
форма түрінде көрінеді.
Аймақтық нарық
- бұл бөлек территориялық бөлімше
нарығы (республика, облыс, аймақ,
аудан). Нарық қоғамдық тұтынушылар
мен өндірушіледі байланыстырудың тиімді
механизмі ретінде әлемдік өркениеттік
ұлы жетістіктерінің бірі деп есептеледі.Бірақ
нарық механизмі кәсіпкелік пен бәсекелестікті
дамытпайынша өмір сүре алмайды.Ал бұл
меншіктің әр түрлі формалары және әр
түрлі тауар өндірушілер болғанда ғана
мүмкін,бұнда өндіріс экономикалық жағынан
әлсіз,өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан
тазартады,оның есесіне олардың тиімді
жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретін
қолайлы жағдай жасайды.Бұдан нарықтың
қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін
іріктеудің демократиялық механизмі және
ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Нарықтық экономика
мына басымдылықтарға ие:
- Ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі;
- Өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді;
- Тұтынушылармен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрекет ету бостандығын қамтамасыз етеді;
- ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа технологиялары,әдістерін енгізу үшін жасауға көмектеседі;
- Өндірушілерді адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасын арттыруға бағыттайды.
Сонымен бірге
нарықтық механизмнің елеулі қайшылықтары
да бар.Оларға әлеуметтік жіктеулі,әлсіздерге
,әсіресе банкротқа ұшырағандарға
деген мейірімсіздік,жұмыссыздықтың
болуы жатады. Реттелмейтін таза нарықтық
экономика адамның еңбек ету,білім
алу,табыс табу сияқты әлеуметтік –
экономикалық хұқтарына кепілдік бермейді.Бұл
салалар мемлекеттің белсенді түрде
араласып реттеуін қажет етеді.Мемлекет
бағаны реттеу,салық жүйесі негізінде
табысты қайта бөлу,бюджет шығындарының
есебін жұмысшыларды қайта мамандандыру,оларға
жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік
амту жүйесі арқылы нарықтық экономиканың
қысымын жұмсартады.
Нарық механизмі ғылым мен
техника жетістіктерін,еңбек ресурстарын,еңбекті
ұйымдастырудың жаңа әдістерін
кеңінен пайдалануды көздейді.Бірақ
көп қаржы уақытты қажет ететін
оның жаңа бағыттарында стратегиялық
мақсаттарды жүзеге асыруды,өндірісте
терең құрылымдық өзгерістер
жасауды қамтамасыз ете алмайды.Бұл
жерде мемлекеттің стратегиялық
ғылыми – техникалық саясаты
мен экономикалық көмегінсіз,ірі
кәсіпорындар мен бірлестіктердің
қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге
жету мүмкін емес.
Сонымен, нарықтық экономика кемшіліктеріне
мыналар жатады:
- табыс алуға кепілдік бермейді;
- толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді;
- қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталадырады;
- ұжымдық пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді дамытуды қамтамасыз етпейді.
Нарықтық экономиканың
әрекет ету жиынтығында нарық
жүйесін құрайтын оның белгілі
бір элементтерінің болуын көздейді.
Нарықтық экономиканың
бірінші әрі маңызды элементі
- өндірушілер мен тұтынушылар.Олар
еңбектің қоғамдық бөлінуі процесінде,біреулері
тауар өндіріп,басқалары оны тұтынған
кезде қалыптасады.Тұтыну жеке
өзіндік және өндіруші болып
бөлінеді.Жеке тұтыну кезінде
тауарларды өндіріс сферасынан
шығарып,олар халықтың жеке қажеттілігін
қанағаттандыру үшін пайдаланылады.
Өндіруші тұтыну
өндіріс процесінің жалғасы ретінде
жүреді,бұл кезде тауар басқа
өндірушілер ары қарайғы өңдеу
үшін пайдаланылады.Бұл жағдайда
өндірушілер мен тұтынушылар
арасындағы өзара әрекет қызмет
нәтижелерін алмасу үшін орнатылады.Нарықтық
шаруашылықта ол тұрақтылығымен
ерекшеленіп,мамандандыру негізінде
құрылады және көтерме нарықтық
мәселе нысанында көрінеді.
Нарықтық экономиканың
екінші элементі ретінде өндірістік
бірліктерді корпоративті басқару
базасындағы меншіктің жеке немесе
аралас нысандарымен ерекшеленетін
экономикалық ерекшелік жүреді.
Үшінші маңызды
элемент – баға.Ол айрықша
зерттеуді қажет етеді.Бұл жерде
екі ескерту бар: 1)баға арақатынасы
әрекет етуші коньюнктураға байланысты
ауытқитын сұраныс пен ұсыныс
нәтижесінде қалыптасады.2)баға осы
географиялық ауданда өндірілетін
осы тауарға деген нарықтық
қатынастың әрекеті сферасын
анықтайды.Осы сфераның шекарасы
трансакциялық шығындармен,яғни
айырбаспен байланысты айналым
шығындармен анықталады.