Біз ендігі жерде «қолымыз жеткен»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 08:49, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі менің курстық жұмысымның тақырыбы бір-бірімен бәсекелес көптеген сатушылар мен сатып алушылар болатын нарықтың қызмет істеу механизмін талдауға арналады.Үлкен нәрсенің ұсақтан құралатыны секілді елдің экономикалық бәсекеге төтеп беруі, ондағы фирмалар мен кәсіпорындардың өзара бәсекелестігінен де анықталады. Сондықтан да бәсеке жағдайындағы бағаның қалыптасу механизмін түсіну үшін сұраныс және ұсынысқа талдау жасау керек. Сұраныс және ұсыныс бүкіл экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басты тұтқа болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3
1.НАРЫҚ ТҮСІНІГІ, ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ.............................5
1.1 Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары мен түсініктері...........................5
1.2 Нарыққа көшудің стратегиялық ерекшеліктері..................................................8
1.3 Нарықтың тепе-теңдікке мемлекеттің тигізетін ықпалы................................ 11
2. Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңдері және даму деңгейлері........................................................16
2.1Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы......................................................................................................................16
Қазақстан Республикасындағы нарықтық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекетің рөлі.................................................................23
2.3 Қазақстан Республикасындағы нарықтын негізгі даму кезеңдері..................27

3. Қазақстан Республикасындағы нарық жағдайы:оның функцияларының даму принциптері және жетілдіру жолдары...............................................................................................................31
3.1 Нарықтық экономикадағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері........31
3.2 Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы және жетілдіру жолдары...........................................................................................36
Қорытынды..............................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................41

Файлы: 1 файл

129.docx

— 105.94 Кб (Скачать файл)

     Жекешелендіруден түскен  қаражат мемлекет меншігіне алынады,мынадай  шығындарға жұмсалады;

-мемлекеттің ішкі несиелерін (қарыздарын) төлеуге;

-халықтың жете қамтамасыз қамтамасыз  етілмеген және әлеуметтік жағынан  қолданылмаған тобына жәрдем  беруге;

-жұмыссыздарға жәрдем беруге  кадрлар даярлауға, қайта даярлауға  т.б. мақсаттарға жұмсалады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1.  Қазақстан Республикасындағы нарықтық  құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекетің рөлі.

Бұрынғы КСРО-да 1985 жылы басталған  қайта құру,әкімшілдік-әміршілдік жүйеден  нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінің бастамасы болды.

    Қазақстан үкіметі осы  бағытта мынандай үш негізгі  шараларды жүзеге асыруды көздеді:

-бағаға және өндірушілерге бақылауды  алу арқылы экономикалық ырықтандыру;

-айналымдағы ақша массасын реттеу  және бюджетті тептең ету арқылы  макроэкономикалық тұрақтандыру;

-мемлекеттік мүлікті жеке адамдарға  және ұйымдарға сату.

Қазақстан Республикасының аралас нарықтық экономикаға өтуі ТМД елдеріндегі  сияқты эволюциялық-реформаторлық  сипат алды.Нарықтық экономикаға  өтудің Қазақстан Республикасындағы  басты міндеттері:

1.Мемлекеттік меншікті мемлекеттен  алу жекешелендіру.

2.Кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің  қалыптасуы.

3.Рыноктың инфрақұрылымының қалыптасуы,бастысы-тауар  мен қор биржасы,т.б.әртүрлі нарықтың  құрылуы.

4.Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті  дамыту мақсатымен экономиканы  монополиясыздандыру.

5.Бағаны либерализациялау,сұраным  менұсыным негізінде нарықтың  сипаттағы бағаға көшу.

6.Экономиканың қаржы-экономикалық  тұрақтануы.

7.Өтпелі кезеңде тұрғындарды  әлеуметтік қорғау жүйесін мықты  қамтамассыз ету.

Нарықтық экономикаға көшу-бір  сөзбен айтқанда,меншіктің әртүрлі  формаларын қалыптастыра отырып,тізгінді еркін бәсекелестікке беріп,сол  бәсекелестік арқылы өндірістің дамуына  да,баға да реттеу деген сөз.

       Нарықты дамытуға  байланысты негізі мақсат-мүдделерімізге  қысқ аша тоқталайық.

       Бірінші мақсат-тауарлар  мен қызмет көрсету нарығын  дамыту.Мұнда өндірістік тауарлар,қызмет  көрсетумен қатар,өндірістік емес  мәні бар тауарлар қызмет көрсету  туралы да айтылды.Нағыз нарық  жай сатып алу мен сату ғана  емес,ол-тауар өндіру мен қызмет  көрсетуге-таңдау мүмкіндігі.Соңғысы  тек өндірістік күштердің жоғары  даму деңгейінде ғана орын  алады,әрі адамның кең ауқымды  қажеттіліктерін есепке алғанда  ғана нәтижелі болады.Таңдау мәселесін  шешу-тауарлар мен қызмет көрсету  нарығын қалыптастыруға қажетті  жағдайларды жасау керек.Бұл шарттар  қажет бірақ жеткілікті емес. Өйткені таңдау мәселесі абсалютті  емес.Тауарлар мен қызмет көрсету  түрі арасынан адам өзіне керек  тауарларды таңдау үшін білім  мен мәдениет деңгейі болуы  керек.Бұл адамның маңызды қасиеті  – таңдай білу талғамын қалыптастырады.Демек,нарықтық  қатынастардың дамуы қоғамның  әлеуметтік инфрақұрылымы деңгейіне  де тікелей байланысты.

      Екінші мақсат  – финанс-қаржы нарығын қалыптастыру.Әңгіме  бағалы қағаздар нарығы (акция,облигация,т.б.) туралы болып отыр.Финанс нарығы  – нарық құрылымының биік деңгейі,оны  реттеп әрі қалыпқа келтірудің  күрделі де нәзік механизмі.Өтпелі кезең осындай нарықты қалыптастыру және сынақтан өткізу (апробация) үшін керек,өйткені бағалы қағаздарсыз нарықтық экономиканың болуы мүмкін емес. Бағалы қағаз иесі қосымша табыс көздеріне ие болып қана қоймай,меншік иесі де болып табылады.

    Бұл әлеуметтік шиеленісті  күрт төмендетіп қана қоймай  қоғамдағы әртүрлі топтардың  жақындастырылуына себеп болады.Сондай-ақ  бағалы қағаздар тауар эквиваленті  ретінде ақшаны қамтамасыз етуде  қосымша қызмет атқарады.

      Үшінші мақсат  – жұмыс күші еңбек нарығын  қалыптастыру мен оны реттеу.Біздің  жағдайымызда,бұл ең қиын,нәзік  мәселе.Шынында,ондаған жылдар бойы  КСРО-да еңбек нарығы жоқ және  болуы мүмкін емес деп,уағыздалып  келген еді,өйткені жұмыс күші  өндіріс құралдарынан бөліп қаралмады,енді  еңбек нарығын құру сөзсіз  қажет болды.Бұл мәселе болашақта  өте актуалды болмақ.Еңбекпен  қамтамасыз ету саласы мен  жалпы нарық қатынастарын жете  бағаламау,жұмыссыздықтың әлеуметтік  құрылымы негіздерін жан-жақты  зертемеу,нарық жа5дайында е4бекпен 0амтамасыз етудің мемлекеттік  саясаты өлшемдерінің болмауы  елді қиын жағдайға әкеп тіреді.

        Соңғы жылдары  қабылданған «Республикадағы еңбекпен  қамтамасыз ету туралы» заңмен  қоғамымыз нарық жүйесін қалыптастыруға  тағы бір қадам жасады.Бұл заң  жұмыс күші нарығын қалыптастырудың  негізгі принциптерін айқындап,заң  жүзінде белгілеп берді.

        Ең алдымен  еңбек етудің еріктілік принципі  енгізілді.Соңғы 70 жыл ішінде  қазақстандық азаматтар нақты  өмірде алғаш рет әртүрлі заңдастырылған  еңбек ету салаларын таңдауға  мүмкіндік алды.

        Екіншіден  жаңа Конституцияға сай барлық  азаматтарға,сондай-ақ шетелдіктерге,кәсіпорындардың  меншік түріне қарамастан жұмысқа  жалдану саласында тең құқық  беріледі.Бұл біздің жұмыс берушілерге,енді  шетелдік маманданған жұмыс күшін  пайдалануына мүмкіндік берсе,ал  біздің жұмысшылар енді шет  елдерде жұмыс істей алады.Сонымен  еліміз дүниежүзілік жұмыс күші  нарығына біртіндеп ене бастады.Үшіншіден,жұмыс  орны жоқ және жұмыс орнын  жоғалтқан азаматтарға әлеуметтік  кепілдіктер берілген,яғни түгелдей  жұмыссыз жағдайда жәрдем ала  алады.

       Мелекеттің макроэкономикалық  процеске қатысуы осы процестің  бөлінбейтін элементіне айналды.Бүгінгі  таңда мұндай қатынасу барлық  экономика көлемінде жүргізіледі  және де белсенді түрде жүзеге  асырылуда.Бірақ, мемлекет белсенділігінің  артуына қарамастан,бүгі өркениетті  елдердң экономикасы өзінің нарықтық  негізін сақтауда.

      Мемлекет пен нарықтың  өзара қатынасы нарықтың қоғамда  маңызды мәселелердің бірі,себебі  бұл экономикалық жүйеде мемлект  ерекше қызмет атқарады.Қазіргі  кезеңде экономика үшін мемлекеттік  кеңістік,мемлекеттік шекара және  мемлекеттік шаруашылық орталығы  қандай қажет болса,мемлекеттік  өкімет,мемлекеттік тәртіп және  мемлекеттік ынталық соншалықты  әбден керек.

       Өтпелі кезең  экономикасындағы мемлекеттің рөлін  жаңаша ойластыру қажет.Бұл кезде  мемлекеттің экономикалық сфераларға  тікелей араласуы кеміп,бірте-бірте  жанама реттеумен алмастырылатыны  айқын.Расында әр кәсіпорынға  жоспар белгілеп берудің қажеттігі  жоқ.Мекемелер мен кәсіпорын ұжымдарының өкілдерін кеңетіп,олрға дербестік берген,мемлекет өзіне тән іс-дамудың стратегиясын анықтаумен шұғылдануға мол мүмкіндік алатыны тәжрибеден белгілі.

Қысқаша айтқанда,нарықтық экономика  жағдайындағы мемлекеттің рөлі әкімшілдік-әміршілдік жүйедегі жағдайдан мүлдем басқаша  болуы тиіс.Азаматтар,жеке кәсіпкерлер  немесе еңбек ұжымдары шешім қабылдау процесінде дербестік пен жауапкершілікті  өз мойнына алып,бәрін мемлекет органдарына  мойын ұсынудан арылуы қажет.Мемлекеттік  рөлінің күшеюі оның жаңа заңдар жасап  барлық азаматтарды бірдей,тең жағдайлы мүмкіндіктердің алдына қоюынан  көрінеді. Мұның өзі демократиялық  мемлекеттің дамуы мен кемелденуінің  кепілі.

   Осы негізде,мемлекет қоғамға  пайдалы,іс-әрекеттерді жүргізу  үшін өэінің әр түрлі функцияларын  пайдаланады. Олардың ішінен заң  шығару, кәсіпкерлік пен халықаралық  байланыстарды нығайту функцияларын  атап айтуға болады.

   Рынок жағдайындағы мемлект  мына қызметтерді өз мойнына  алады:стратегиялық,экономикалық,құрылымдық,техникалық,әлеуметтік,демографиялық  болжау менжоспарлауды.

Экономиканы реттеудің тікелей  және жанама қызметін де атқарады.

     -нарықтық экономиканы  реттеу сферасында және оның  қалыпты қызметін қамтамассыз  етуде мемлекеттің негізгі міндеті-оның  тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы  жағдайлар тудыру және дамыту,кәсіпкерлік  еркіндігі мен адал бәсекелестік  ұйымдастыру болып табылады.Бұл  мәселені шешудегі ең алғашқы  қадам көптүрлі экономикалық  процестерді реттейтін заңнама-құқықтық  және нормативті база жасау  болуы қажет.Бәрінен бұрын мемлекет  экономикалық әрекеттердің ережесін  бекітеді және оны экономикалық  барша субъектілердің орындауын  қамтамассыз етеді.

-Мемлекет иығына мемлекеттік  кәсіпкерлік қызметі жатады.

  Ол қоғамға қажет мемлекеттік  кәсіпорын мен өндірістік және  әлеуметтік инфрақұрылымды жасайды.Олар  темір жол мен жалы ұлттық  шоссе жолдары,көпір,каналдар,газ,мұнай  құбырлары,байланыс,аурухана,мектеп,т.б.

-Нарықтың бір қателігі монополиялыққа  жол бермеу.Қазіргі экономика,шын  мәнінде,нарық коньюктурасы анықтағндай,көптеген  қателіктер жібереді.Бұндай қателіктердің  себебі-өндіріс пен тұтынудың  тмімділігі.Бұл жағдайда мемлекет  трапынан байқалатын әрекеті  аз емес.Бірақ экономика сырқатын  жоюдағы мемлекетәрекетін еске  ала отырып,оның өз қатесін  елеусіз қалдыруға болмайды,яғни  мемлекеттің өзі әдейі тудыратын  жағдайды ескеру қажет.Мемлекеттің  экономикаға араласатын маңызды  құралдары: салық,баға,процентік  ставкалар.

  -Мемлекет дағдарысқа қарсы  саясатты жасау мен өткеру  қызметін атқаруды бюджеттік  саясаттың көмегін ұлттық табысты  үлестіру арқылы жүргізеді.Тұрғандардың  толық жұмыспен қамтамассыз етілуін  олдайды.

 Мемлекеттік бюджет –нарықтық  экономикалы елдерде мемлекеттің  экономикалық саясатының жоғарылауын  білдіру болып табылады. Бюджеттік  саясат дегеніміз-мемлекеттің кірісі  мен шығысының өзгеруі.Оның аса  маңызды бағыты-дефицинтті емес  бюджетке ұмтылу немесе оны  ең төменгі деңгейде ұстау.

-нарықтық жүйе балалар мен  қарттарды және кедейленген жұртшылықты  сырт қалдырып,тауарларды қалталы  қоғам топтарына жіберетіндіктен  мемлекет әлеуметтік әділеттілікті  қамтамассыз етуге тырысады.

         Нарықтық  бағалық механизмін жақтаушылар  және оны сынаушылар нарық  жүйесінің тиімділігіне қарамастан,ол  елеулі теңсіздікке жол ашатындығын  мойындаулары қажет.Бұл нарық  кемістігі емес бөлудің кемістігі.Мемлекет  ол жағдайды өзгерте алады  және өзгертуге міндетті.Мұндай  ситуацияны өзгертудің екі жолы  бар: 1) прогрессивті салық салу; 2) зейнеткерлер еңбекке жарамсыз  көп балалы,жұмыссыздар,т.б. мұқтаж  азаматтардың табыстарын қоршараларын  қарастыру;

  • мемлекеттің тағы бір қызметі – экономикалық тұрақтылығы аса ауқымды мөлшерде (макроэкономикалық) сақтаумен байланысты.Бұл экономикалық циклдің шарықтап өсуін және оның құлдырап төмендеуін реттеу және бақылаумен байланысты.Мұнда мемлекеттің қолданатын басты тәсілі:өндіріс,жұмыссыздық және құнсыздану деңгейін қаржылау және салық салу арқылы реттеу.

Нарықтың экономикалық көшу процесінде мемлекеттің атқаратын экономикалық қызметі және оған әсер ететін әр түрлі  тәсілдерді қолданады.Олар:құқықтық мөлшерлер,ақпарат  хабарларымен қамтамасыз ету,қаржы  бөлу – экономикалық (салық,несие,процент,баға т.б.) тетіктер:

 Мелекеттік тапсырыс,заттай  салық,лимиттер мен квоталар,т.б.

     Нарықтың қалыптасуында  ақша және қаржы несие жүйелері  де маңызды рөл атқарады.Мұнда  айта кететін жайт, мемлекет экономикамызды  сауықтыру бағытындағы,қаржы-несие  жүйесіндегі жүргізіліп жатқан  реформалары.Олар халық шаруашылығында  қолданылатын икемді салық жүйесін  қалыптастыру,экономикаға тиімді  әсер ететін несие саясатын  жүргізу,республикада ақша айналымын  тұрақтандырып,оны сауықтыру.

  1.     Мемлекеттің өте маңызды функциясы – ақша жүйесін басқару.Ақша массасының молая өсуі бағаның,инфляцияның көтерілуін тудырады.Ақша массасының көлемі мемлекеттік экономикалық саясаттың төтенше маңызды макроэкономикалық құралы болып табылады.Керісінше,экономикада ақшаның жетіспеуі экономикалық құлдырауға,жұмыссыздықтың өсуіне тірейді.Сонымен қатар,мемлекет саладағы саясатын өзгертеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Қазақстан Республикасындағы нарықтын негізгі даму кезеңдері.

  Статикалық модель – бұл  уақыт факторының әсерінсіз функционалдық  байланысты көрсететін теориялық  құрылым. Осы модель көбінесе  нарықтық тепе-теңдікті зерттегенде  қолданылады. Нарықтық тепе-теңдік  өзгеруі мүмкін, бұл сұраныс пен  ұсыныс сызықтарының тепе-теңдікке  әсер ететін сыртқы факторлардың  өзгерісінен болады. Нарықтық тепе-теңдіктің  өзгеру заңдылығын және оның  зардаптарын анықтау үшін салыстырмалы  статика әдісі қолданылады. Және  бұл екі немесе одан да көп  тепе-теңдік жағдайларын салыстыруға  мүмкіндік береді, бірақ бір нүктеден  екінші нүктеге қалай өтетінін  зерттей алмаймыз. Бұл модель  график арқылы салыстыру кезінде  өте тиімді. Әртүрлі тепе- теңдік  түрлерін салыстыру: 

  1. экономикалық параметрлердің  нарықтық тепе-теңдікке әсерін анықтауға;
  2. нарықтық тепе-теңдіктің зардаптарын түсіндіруге;
  3. нарықтың болашақтағы жағдайын болжауға;
  4. экономикалық реттеудің құрал- жабдықтарын пайдаланудың әсерін анықтауға мүмкіндік береді.

Информация о работе Біз ендігі жерде «қолымыз жеткен»