Біз ендігі жерде «қолымыз жеткен»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 08:49, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі менің курстық жұмысымның тақырыбы бір-бірімен бәсекелес көптеген сатушылар мен сатып алушылар болатын нарықтың қызмет істеу механизмін талдауға арналады.Үлкен нәрсенің ұсақтан құралатыны секілді елдің экономикалық бәсекеге төтеп беруі, ондағы фирмалар мен кәсіпорындардың өзара бәсекелестігінен де анықталады. Сондықтан да бәсеке жағдайындағы бағаның қалыптасу механизмін түсіну үшін сұраныс және ұсынысқа талдау жасау керек. Сұраныс және ұсыныс бүкіл экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басты тұтқа болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3
1.НАРЫҚ ТҮСІНІГІ, ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ.............................5
1.1 Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары мен түсініктері...........................5
1.2 Нарыққа көшудің стратегиялық ерекшеліктері..................................................8
1.3 Нарықтың тепе-теңдікке мемлекеттің тигізетін ықпалы................................ 11
2. Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңдері және даму деңгейлері........................................................16
2.1Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы......................................................................................................................16
Қазақстан Республикасындағы нарықтық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекетің рөлі.................................................................23
2.3 Қазақстан Республикасындағы нарықтын негізгі даму кезеңдері..................27

3. Қазақстан Республикасындағы нарық жағдайы:оның функцияларының даму принциптері және жетілдіру жолдары...............................................................................................................31
3.1 Нарықтық экономикадағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері........31
3.2 Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы және жетілдіру жолдары...........................................................................................36
Қорытынды..............................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................41

Файлы: 1 файл

129.docx

— 105.94 Кб (Скачать файл)

      Осылардың нәтижесінде  Ж/Ө осы жылдың қаңтар-маусым  айларында 1993жылдың осыған сәйкес  кезеңінен 27%-ке,өнеркәсіп өндірісінің  көлемі-29,4мемлекеттік кәсіпорындар  мен мемлекеттердің курделі қаржылары-61,2%-ке  кемиді.

     Табыс деңгейі  1994жылы 1сәуірде Қазақстанда орташа жалақы 23,8 долларға тең болса,бұл көрсеткіш  Өзбекстанда-39,6 Түркменияда-57,7 Ресейде-94 доллар болды. 

       Экономикалық  реформа осындай қиын жағдайда  жүргізілді.

Республикада реформаны жүзеге асыруға бағытталған3 бағдарлама қабылданды.Біріншісі 1991-1992жылдарға арналған мемлекеттік  меншікті мемлекет иелігінен алу  және жекешелендіру бағдарламасы.Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасы және мемлекеттік меншікті мемлект  иелігінен алу және жекешелендірудің 1993-1995жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы.

        Дағдарыстарға  қарсы және әлеуметтік-экономикалық  қайта құруды тереңдете жүргізудің  кезек күттірмейтін шаралары  туралы екінші бағдарламада 1992-1995жылдарға  алғашқы кезеңге мынандай міндеттер  қойылды:

         -мемлекет  меншігінен алып,меншікті жекешелендіруді  белсене жүргізу: 

         -тұтыну  нарығын тауарлармен қанықтыру;

         -республиканың  әлем шаруашылығына енуі.            

           Мұнда  күштің басым жағын ұлт мүддесінің  тәуелсіздігіне деген экономикалық  саясатты белсене жүргізуге,инфляцияны  мүмкін болғанынша төмендету,өндірістің  құлдырай беруін тоқтату,оны өркендете  беруге жағдай жасау,халықтың  әлеуметтік нәзік жағына рынок  кеселінің салдарын жеңілдету  мәселелері топтастырылған.

           1996-2005жылдар  барысындағы екінші кезеңге көзделген  міндеттер:

-республиканың шикізат өндіруге  бағыт ұстауын жойып,

  нарықтың толық механизмін  құру транспорт тараптарын

  тезірек дамыту және нарықтың  барлық түрлерін де

  қалыптастыру;

-экономиканы монополизацияға  соқтырмай,дұрыс бәсеке атаулыны  кеңінен қолдау арқылы барлық  тауар өндірушілерге шын мәнінде  еркіндік жасау;

  -отандық және халықаралық  бизнес саласын кадрлармен толықтыру,

5-7 жылға арналған кезеңде ашық  экономиканы дамыту негізінде  Қазақстанның әлемдік саудада  алатын орнын нығайту,бюджет тапшылы  мәселелерін шешу,ұлттық валютаға  толық жол ашу,республиканың әлемдегі  өнеркәсібі озық елдер қатарына  қосылуы көзделген.

    Еліміздің президенті  Н.Назарбаев Қазақстанның егеменді  мемлекет ретінде қалыптасуы  мен дамуының стратегиясы деген  кітапшасында экономика саласындағы  стратегиялық мақсаттар деп мыналарды  айтады:

      -меншіктің негізігі  түрлерін үйлестіре және іс-қимыл  жасай отырып,бәсекелестік бастамаға  негізделген әлеуметтік нарықтық  және басқа жағдайлар жасалады.

-Қазақстанның табиғи ресурстарының  дүниежүзілік таур нарығында   өзінің нақты айқындамасын жеңіп  алу немесе басқа елдермен  бөлісу...

-Тұтыну нарығын толықтыру

  -Қазақстанды дамыту үшін  шетл инвстиццияларын тарту және  оны тиімді пайдалану.

    Нарықтық экономикаға  өту,меншік қатынастарын түбірімен  өзгертуді талап етті.Өйткені,шетел  тәжірибесі көрсеткендей мемлекеттік  меншік 30-40 % болған,нарық өзінің  экономика тиімділігін сипаттайтын  сапасын жоя бастады.Сондықтан  Қазақстанда нарықтың экономикалық  қалыптасуы көп укладты экономикалық  дамуын қарастырады.Мемлекеттік  меншікті меншіктің басқа түріне  өзгерту мен реттеу жүзеге  асты.Меншік құқығы экономиканы  мемлекеттен мүліктер азаматтарға  берілді.Мемлекет иелігінен алу  дегеніміз – мүлікті мемлекеттің  басыбайлы меншігінен алып,оның  иелері қатарына меншіктің басқа  да түрлерін енгізу,мәселен,мемлекеттік  зауыт енді акционерлік компания  болуы мүмкін.Жекешелендіру дегеніміз  - әр адамға меншік беру деген  сөз.Жекешелендіру дегеніміз –  меншіктің барлық түріне –  мемлекеттік,ұжымдық,жеке меншіктің  теңдігі мен құқығына қалапты  жағдай жасайды.

       Меншікті мемлекет  иелігінен алу мен жекешелендіру  – нарыққа көшу барысында аса  маңызды мәселе.Осыған байланысты  елімізде «Мемлекет иелігінен  алу мен жекешелендіру туралы»  заң қабылданды.Жекешелендіру барысында  Қазақстан мынадай ерекшеліктер  мен қиыншылықтарды ескеруіне  тура келді:

  • экономикалық реформалар басталғанда мемлекет меншігінде негізгі қорлардың 80 %-ы болды,жекешелендіру барысында мемлекеттік сектор үлесін 30-40 %-ке түсіру көзделінді;
  • экономикалық дағдарыс тереңдеп,үдеп жатқанда жүргізілді;
  • инфляциялық процестердің күшеюі жұмыс дәрежесінің төмендеуіне әкелді,өйткені өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға,халықтың жеткілікті қаражаты болмады;
  • республикалық халық шаруашылық кешенді ірі кәсіпорындардың үлесінің жоғары болуы;
  • экономика шикізат өндіру бағыты басым болды;
  • кәсіпорындардың аймақ бойынша,қалалар мен ауылдар арасында біркелкі бөлінбеуі.

      Ұлттық бағдарламаға  сай Қазақстан Республикасында  мемлекеттен алу мен жекешелендіру  үш кезеңде жүргізілді:

  • 1991 – 1992 жж;
  • 1993 – 1995 жж;
  • 1996 – 1998 жж.

Қазақстан Республикасында алу  мен жекешелендірудің негізгі мақсаты:

  • шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;
  • бәсекелестік ортасы құрып өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;
  • шағын және орта бизнесті дамыту;
  • шет мемлекетті өзіне тарта білетін,жеке бизнес басымырақ ұүрылым жүйесін дамыту және нығайту.

    Жекшелендіру негізгі  бағыттарында жекешеленген әдістері  мен нысаналар кешені арқылы  түсіну және жекешелендірумен  объектілердің әр топтарының  айрықшаландырумен байланысты іске  асырылады.

    Крийтеришілер барысында  кәсіпорындарды жекшелендірудің  негізгі бағыттарына төмендегілерді  жатқызуға болады:

  • объектінің халық шаруашылық мағынасы;
  • салаға қатыстылығы;
  • қызметкерлер саны;
  • негізгі қорлардың құны.

Кәсіпорындардың және ұйымдардың жұмыс  істеушілер санына байланысты шарты  төмендегідей бөлінеді:

  • жұмыс істеушілердің саны 20 адамнан кем емес кіші кәсіпорындар;
  • жұмыс істеушілер саны 200-5000 адамға дейінгі орта кәсіпорындар;
  • жұмыс істеушілер саны 5000 адамнан астам ірі кәсіпорындар.

Осы топтарға жатқызуға байланысты мемлекеттік меншікті жекешелендіру  ұлттық бағдарламаға сай мынадай  бағыттарда жүргізіледі:

  • ірі және бірегей мүлік кешендерін жеке жобалар бойынша жекешелендіру;
  • орташа кәсіпорындарын жаппай бірақ жекешелендіру;
  • шағын кәсіпорындарының аукцион,конкурстық сауда,коммуналдық шаруашылық,тұрмыстық қызмет көрсету арқылы қалыптасқан кіші жекешелендіру.

1993 жылдың соңында 9 мыңдай кәсіпорын  жекешелендіру олардың 21 %-і жеке  меншікке берілді,57 %-і акционерлік  қоғамдарға айналдырылды.

  Объектілердің негізгі көтерме  және бөлшек сауда,қоғамдық тамақтану,тұрмыстық  қызмет өрісі болып табылады.

Кіші жекешелендіру процесі 3 кезеңнен тұрады:

  1. объектілерді таңдау және лоардың жекешелендіру мерзімін анықтау қажет;
  2. объектінің аукциондарда немесе конкурста сатылуын дайындау;
  3. объектінің сатылуы.

Бұл процесс ашық сипатта болуы  керек,ал меншік ең жоғары бағаны ұсынған  сатып алушыға ауысуы тиіс.Орташа кәсіпорындарын жаппай жекешелендіру  мынандай жолдармен жүргізілді.

  • халыққа жекешелендіру және жекешелендіру инвестициялық купондар (ЖИК) беру;
  • инвестициялық жеешелендіру қорлардың жүйесін (ИПФ) жасау.

Әр және бірегей мүлік кешенді  өнім шығарылатын немесе ерекше маңызды  жұмыстар атқарса,сол сияқты мемлекеттік  табиғи монополиясы болса Қазақстан  Республикасының мемлекеттік инвестиция мен қаржы министрлігінің басшылығымен жасалған жеке жобасымен жекешелендіріледі.Олар белгілі инвестицияға келісілген шарт бойынша сату,аукциондарға немесе бәсекелерде басқаруға контракт жасау жолымен,сол сияқты акцияларды ашық саудаларда жекешелендіріледі.

  Мемлекеттік меншік объектілері  2 классификациялық топтарға бөлінеді:

  • мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жатқызылатын объектілер;
  • жекешелендіруге тыйым салынған объектілер.Олар: жер,су,әуе кеңістігі,жануар және өсімдік әлемі,табиғи ресурстар,елдің тарихи,мәдени құндылықтары.

Жекешелендіру субъектілері – сатушы,мемлекеттік  орган,жекешелендіруді іске асыратын уәкіл.

     Мемлекет иелігінен  алу мен жекешелендірудің объектілері  – кәсіпорын,бірлестік,ұйымдар және  олардың бөлімшелері,мәдени қызмет  көрсету объектілері,мемлекеттік  тұрғын-үй қоры,мүлік түрлері  (ғимарат,құрал-жабдықтар,шикізат,өнім  т.б.) шаруашылық серіктестіктерде  жарғылық қордың акциялары мен  үлестері т.б. құндылықтар.

      Қазақстан Республикасында  мемлекеттік меншік объектілерін  мемлекеттен алу мен жекешелендірудің  төмендегідей түрлері қолданылады:  а) мемлекеттік кәсіпорын мүлігін  жалға беру; ә) жалға берілген  мемлекеттік кәсіпорын мүлігін  сатып алу; б) мемлекеттік меншік  объектілерін концессияға беру; в) мемлекеттік кәсіпорын акционерлік  қоғам немесе серіктестік ретінде  құру; г) кңбек ұжымы мүшелерінің  мемлекеттік кәсіпорын мүлігін  сатып алуы; д) мүліктері мемлекеттік  меншікке жатпайтын мемлекеттік  кәсіпорын мүлігін заңды тұлғаға  және азаматтарға конкурс немесе  аукцион арқылы сату.

    Бұл құблыс агроөнеркәсіп  кешенінде былай жүзеге асады:совхоз  бен басқа да ауылшаруашылық  кәсіпорындары, фермерлік және  шаруа қожалықтары,шағын кәсіпорын  мен олардың ассоциациялары,т.б.мемлекеттік  емес шаруашылық түрлері ретінде  қайта құрылды;

-ашық және жабық типтегі  акционерлік қоғамдық құру;

-құс фабрикасы менкешендерін,теплица  комбинаты акционерлік, шаруашылық  қоғамы немесе серіктестігі етіп  қайта құру;

-рентабельді емес мемлекеттік  ауылшаруашылығы кәсіпорын мүлігін  заңды және жеке тұлғаларға  аукцион арқылы сату:1997жылы 1қаңтарда 2400 соихоз бен колхоз қайта  құрылып,47000 шаруашылық субъектілері  құрылды.

Жекешелендіру нәтижесінде агроөнеркәсіп  кшенді 553 шаруашылық республика бойынша  жалпы өнім көлемінің 38,7% мөлшерінде өнім өндірген.Осы жетістіктің арқасында  республикдағы арнаулы есепшотқа 3,3млрд теңге түсті.

Жекешелендірудің ең қарапайым  түрі-өнім шығаратын кәсіпорындарды сату.Бұл жағдайда сатып алушы  толық меншік иесі болады.Тағы бір  қарапайым формасы мемлекеттік  кәсіпорын мүліктерін түгелімен  бөліп беру. Бұлардың күрделі формасы  мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік  қоғамға және жауапкершілігі шектеулі қоғамға айналдыру.

Жекешелендіру барысында азаматтардың мемлекет меншігіндегі өз үлестеріне құқылығын сақтау.

     Жекешелендіру роцесі  төмендегідей міндеттерді шешу  үшін жүргізіледі.

       -түсімсіз мемлекеттік  кәсіпорындарға субсидиялар мендотациялар  берілуі себепті пайда болған  бюджет ауыртпалығын қысқарту;

     -Жекешелендірілген  кәсіпорындада экономиканың өсуі  арқасында ұлттық экономикалық  тиімділігін арттыру.

Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру келесі әдістермен жүргізіледі:

       -белгілі бір  инвестицияларға келісілген шарттар  негізінде сату

        -аукциондар  немесе конкурстар арқылы өткізу;

         -басқаруға  контракт жасау;

          -акцияларды  ашық түрде сату,

          Қазақстан  Республикасында 1994-2000жж жекешелендірілген  кәсіпоындар саны 25262;оның ішінде  өнеркәсіп 1508;құрылыс 440;ауыл шаруашылығы  1616;көлік910;сауда және қоғамдық  тамақтандыру 6047;тұрмыстық қызмет  көрсету және коммуналдық шаруашылық 2190;өзге де салалар 12088;тоқтатылып  қойылған объектілер мен бітпеген  құрылыстар саны 463 болған.

Информация о работе Біз ендігі жерде «қолымыз жеткен»