Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2015 в 10:31, курсовая работа

Описание работы

2014 жылдың 17 қаңтар айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында республика әлемдік дағдарыс жағдайында жылды «жеңіс көрсеткіштерімен» аяқтады деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы республикада қаржы дағдарысының алдын алу жолдары мен келешектегі атқарылатын іс-шаралар жөнінде айта келіп, дағдарыс кезіндегі дамудың жаңа міндеттерін де саралап берді. Атап айтқанда, мұның өзі негізінен экономиканы жаңғырту артықшылықтарына және тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға тікелей қатысты. Алда әлемдік экономиканы жаңа технологиялық негізде сапалы түрде жаңарту міндеті тұр.

Содержание работы

КІРІСПЕ..............................................................................................................
4

1 МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТҮСІНІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.........................................

6
1.1 Мемлекеттік басқару жүйесінің теориялық негіздемесі..........................
6
1.2 Мемлекеттік басқару процесіндегі мемлекеттік саясаттың мәні және мемлекеттік саясатты өңдеу модельдері..........................................................

10
1.3 Мемлекеттік басқарудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оны жүзеге асыру механизмі............................................................................

16

2 ӘЛЕМДІК ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС КЕЗЕҢІНДЕ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.....................................................................................

24
2.1 Әлемдік қаржы-экономиқалық дағдарысының Қазақстанға әсері және оның тереңдігі....................................................................................................

24
2.2 Әлемдік қаржы-экономиқалық дағдарысынан шығудың қазақстандық тәжірибесі.......................................................................................................................................

32
2.3 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы мемлекеттік басқару элементі ретінде..........

39

3 ДАҒДАРЫС КЕЗЕҢІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ (ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІГІ)...............................................................................

45
3.1 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесін жетілдіру жолдары.................................

45
3.2 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың шетелдік тәжірибесі......................................................................

51

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................
64

Файлы: 1 файл

1.docx

— 152.42 Кб (Скачать файл)

Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

2014 жылдың 17 қаңтар айында  Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында республика әлемдік дағдарыс жағдайында жылды «жеңіс көрсеткіштерімен» аяқтады деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы республикада қаржы дағдарысының алдын алу жолдары мен келешектегі атқарылатын іс-шаралар жөнінде айта келіп, дағдарыс кезіндегі дамудың жаңа міндеттерін де саралап берді. Атап айтқанда, мұның өзі негізінен экономиканы жаңғырту артықшылықтарына және тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға тікелей қатысты. Алда әлемдік экономиканы жаңа технологиялық негізде сапалы түрде жаңарту міндеті тұр.

Мемлекеттің ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының ұлттық мүдделері нақты өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік салалардың, жеке кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағыттары ретінде қарастырылады.

Дағдарысты мемлекеттік басқару - мемлекеттің кәсіпорынды дағдарыстық жағдайлардан, банкроттықтың алдын - алудан қорғау немесе оның арғы қызметін тоқтату үшін пайда болатын ұйымдастырушылық-экономикалық және кұқықтық қатынастарын көрсететін макроэкономикалық категория. Дағдарысты болдырмау немесе жеңілдету мақсатында, мемлекет алдын ала ұлттық экономиканың даму бағдарламасын жасайды.

Енді Қазақстанда қазіргі уақытта әлемді шарпыған дағдарысты еңсеру бағытында тиісті макроэкономикалық тұрақтандыру іс-шаралары қабылданып, оның елеулі нәтижесі бар екендігін айта кеткен жөн. Қазақстан экономикасы дағдарысқа байланысты сырттан төнген қатерлерге тұрақты түрде төтеп беріп келеді.

Жұмыстың мақсаты әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесін қалыптастыру ерекшіліктерін қарастыру.

Белгіленген мақсатқа байланысты келесідей міндеттер қойылды:

- мемлекеттік басқару жүйесінің теориялық негіздемесін анықтау;

- мемлекеттік басқарудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оны жүзеге асыру механизмін анықтау;

- әлемдік қаржы-экономиқалық дағдарысының Қазақстанға әсері және оның тереңдігін қарастыру;

- әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы мемлекеттік басқару элементі ретінде;

-..әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесін жетілдіру жолдарын анықтау;

- әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың шетелдік тәжірибесі және шетелдік тәжірибені Қазақстанда қолдану мүмкіндігін анықтау.

Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері отандық және шетел сарапшылардың, ғалымдардың еңбектері, мемлекеттік басқару және әлемдік даңдарыс бойынша оқу құралдары мен оқулықтар әдістемелік негіз болды. Жұмыста Қазақстан Республикасының нұсқамалық және заң материалдары, периодикалық басылымдағы баптар, анықтама басылымдар қолданылды.

Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқару жүйесінің дамуын және мәселелерін бірқатар ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапқан. Шет елдік зерттеушілер Флорида Р.А., Дэминг Э.Р, Г.Хоскинг және тағы басқалар дағдарыс кезінде экономикалық қатынастардың қазіргі заманғы теориясын дамытқан. Ресей ғалымдары К.В.Атаманчук, В.В. Колташов, И.С.Панарин, В.В. Лобанов еңбектерінде әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқару жүйесінің ғылыми және тәжірибелік мәселелері кең көлемде зерттелген. Зерттеліп отырған мәселеге отандық ғалымдар: Ш.А.Есімова, Б.Ә. Мұқашева, З.А. Әбділдина, К.Е. Бердалиев және т.б. өз үлестерін қосты.

Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесін жүзеге асыру механизмдері.

Зерттеу субъектісі ретінде мемлекеттік органдар және Қазақстаның дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесі алынды.

Дипломдық жұмыс кіріспіден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдибиеттер тізімінен тұрады.

1 МЕМЛЕКЕТТІК  САЯСАТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ  ТҮСІНІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Мемлекеттік  басқару жүйесінің теориялық  негіздемесі

Мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудың ерекшелігі мемлекеттік құрылғыдан, оның тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлерінен тәуелді болады. Осыған қатысты көптеген ғалымдар былай деген: «Басқаруға қатысты қандай да бір модельді таңдап, оны Қазақстанға қатысты қолдануға болмайды. Өркениеттің, мәдениет, менталитет, экономикалық даму деңгейі мен ресурстық мүмкіндіктер қоғамдық прогресс жолдарын таңдауды шектеп, әрбір елдің мүмкіндіктерін ескерген, бейімделген жаңару қажеттілігін анықтайды» [5,б.45].

Қазіргі таңда ғылыми пән ретінде мемлекеттік басқаруға бірегей тәсілдеме қалыптаспағанын айта кету керек, ол жалпы басқару теориясы мен жекелей алғанда, мемлекеттік басқару теориясының жеткілікті түрде өңделмеуіне байланысты. Осыған байланысты әлемдік тәжірибеде үлгі ретінде қолдануға болатын қандай да бір әмбебап модель өңделмеген. Бұл мемлекеттік басқару мен шаруашылық басқару сияқты екі ішкі жүйеге де кері ықпал етеді. Аталмыш салаға зерттеу жүргізген отандық және шетелдік ғалымдардың көпшілігі басқару теориясын әрі қарай дамыту қажеттілігін көрсететінін білдіреді.

Осы мәселеге қатысты отандық ғалымдар былай дейді: «Басқару теориясының концептуалды көп түрлілігі қоғамдық процестерді зерттеудегі әдістемелік бірліктің жоқтығында, басқарудың объективті заңдарының анықтаушы ролін ескермеуде жатыр». Және әрі қарай: «Қазіргі таңдағы қолданбалы басқару ғылымы әзірше жаңа және пәнаралық сипаттағы, сондай-ақ соңына деген қалыптаспаған білім саласы» [5,б.9].

Мемлекеттік басқару саласындағы зерттеулер қазіргі таңдағы даму кезеңінде үш негізгі бағыттар бойынша жүргізілуде: құрылымдық-институционалды, социологиялық және әкімшілік-ұйымдық.

Аталмыш бағыттардың бірінші түрінің зерттеу заты -  заң шығарушы және атқарушы, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар арасында қызметтерді тиімді бөлу, сонымен қатар шешім қабылдау барысындағы олардың келісілген әрекеттері.

Социологиялық бағыт жүктелген қызметтерді атқару барысында мемлекеттік қызметкерлердің ұжымдық және жеке әрекеттерін талдауға бағытталған. Аталмыш бағыт шеңберінде үйреншікті тәртіп пен жұмыс ырғағын бұзатын реформаларға төтеп беру мақсатында басқарушылық аппараттың жаңашылдықтарға қарсы тұруымен байланысты мәселелер зерттеледі.

Үшінші бағыт Файольдің ғылыми мектебінің ізін қуушылардың еңбектерін білдіреді. Олар мемлекеттік басқарудың институционалды-құқықтық әдістерін зерттеген. Оның мазмұны өкілетті органдар мен оларға сәйкес келетін ұйымдық құрылымдар қызметтерінің құрамы мен мазмұнын тиімді етуден тұрады[5,б.53].

Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында «жаңа мемлекеттік басқару» тұжырымдамасы кең тарауға ие болды. Оның негізінде мемлекеттік менеджеризм жатыр. Дамыған және кейбір орташа дамыған елдерде кең тарауға ие болған аталмыш тұжырымдамада мемлекеттік қызмет іс-әрекетіне нарықтық элементтерді енгізу мақсаты қойылады [6,б.24].

Қарастырып отырған салада өткізілген отандық еңбектердің ішінде неғұрлым қызықты болып табылатыны факторлы-мақсатты тәсілдеме. Ол мақсаттылық синтезі мен аталмыш мақсатты жүзеге асыруға ықпал ететін немесе кедергі болатын факторлар жиынтығын сипаттайды. Факторлы-мақсатты реттеудің мәні мынадан тұрады: біріншіден, аталмыш әлеуметтік-экономикалық процестің маңызды параметрлерін анықтайтын неғұрлым маңызды да кілтті факторларды айқындау; екіншіден, алға қойылған мақсатқа табысты түрде жету үшін осы факторларға қолайлы ықпал ету [6,б.94].

Осы салаға қатысты мынадай қағидаларды да атап өтуге болады. Оның ішінде: иерархиялық дифференциация қағидасы, құрылымдық-функционалды диффузия мен эквиваленттілік қағидалары. Өтпелі кезең мен нақты уақытта болып жатқан процестер мен құбылыстарды талдау барысында аталмыш әдістемені қолдану қазақстандық ғалым-экономистерге мемлекеттік басқару жүйесін реформалау барысындағы бір кемшілікті анықтауға мүмкіндік берді. Оның мәні нарықтық экономиканы екі иерархиялық деңгейге бөлуге қатысты жеңілдетілген тәсілдемеден тұрады: макроэкономикалық және микроэкономикалық. Аталмыш тәсілдеме жүйеішілік даму процесін, жүйе мен оның жекелеген бөліктерінің біртексіз даму процесін сипаттайтын иерархиялық дифференциация қағидасын бұзады [6,б.97].

Мәселенің осылайша қойылуының заңдылығы жүйенің табысты дамуы жүйе құрамына енетін элементтер түрлерін арттыру мен олардың арасындағы өзара байланыстар сипатын өзгерту арқылы жүзеге асуынан тұрады. Сәйкесінше, басқару процестерін ұйымдастырудың тәжірибелік мәселелерін шешу барысында туындайтын мәселелерді талдау мен олардың оңды түрде шешілуі үшін шаралар кешенін талдаудағы жеңілдетілген тәсілдеме қалаулы нәтижелерге әкелмейді.

Басқарудың түрлі мектептері тарапынан сындық талдау олардың арасындағы айтарлықтай айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Олардың мәні бір ғалымдардың өз еңбектерінде басқарудың экономикалық аспектілеріне назар аударса, ал екіншілердің-саяси, үшіншілердің – құқықтық, ал төртіншілердің – ақпараттық аспектілерге назар аударуынан тұрады. Біздің ойымызша, бұл айтарлықтай заңды құбылыс болып табылады және ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқару териясының пәнаралық сипатын дәлелдейді. Басқару теориясындағы анықталған айырмашылықтардың өткізілетін қолданбалы зерттеулерге және тәжірибедегі басқарушылық іс-әрекетке жағымсыз ықпал ететінін айта кету керек.

Қарастырып отырған білім саласындағы қалыптасқан істер жағдайы екі негізгі себептерге байланысты. Біріншісінде түрлі факторлардың ықпалымен қоғам дамуының нақты кезеңдерінде сол кезеңдердегі өзекті экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, ақпараттық мәселелер басымды болған, ол, өз кезегінде, ғылыми зерттеу басымдықтарын да анықтаған.

Екіншісі, ең алдымен, айтарлықтай анықсыздық пен ондағы процестер мен құбылыстардың алуан түрлілігімен сипатталатын талдау объектісі ретіндегі қоғамдық жүйелердің күрделілігімен түсіндіріледі. Өз табиғаты бойынша олар ұйымдық жүйелер типіне жатқызылады. Олардың басты қасиеті мынада: олар барлығын бір жүйеге біріктіріп, өз туындауы бойынша түрліше болып келетін бөліктердің өзара қатынастарын жақсартады. Өзге жүйелерден олардың басты айырмашылығы олардағы мақсаттар саналы түрде таңдалып, орындалуынан тұрады. Осыған байланысты басқару тұрғысынан аталмыш жүйелердің, біріншіден, нақты да толық сипатталмайтынын, екіншіден, көптеген жағдайларда болашақта оның даму сипатын айтарлықтай нақты болжаудың мүмкінсіздігін ескеру қажет.

Процестік тәсілдеменің туындауы басқарудың негізгі қызметтерін басқаруышылық іс-әрекеттің салыстырмалы оқшау түрлері ретінде қарастырған классикалық мектеп шеңберінде жүзеге асқан. Жоспарланған мақсаттарды жүзеге асыру бағытындағы іс-әрекет бір уақыттық актіні емес, қатаң орнатылған циклдылықпен үздіксіз жүзеге асырылатын өзара байланысқан әрекеттер сериясын білдіреді деп есептеледі [7,б.33].

Информация о работе Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесі