Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2015 в 10:31, курсовая работа
2014 жылдың 17 қаңтар айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында республика әлемдік дағдарыс жағдайында жылды «жеңіс көрсеткіштерімен» аяқтады деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы республикада қаржы дағдарысының алдын алу жолдары мен келешектегі атқарылатын іс-шаралар жөнінде айта келіп, дағдарыс кезіндегі дамудың жаңа міндеттерін де саралап берді. Атап айтқанда, мұның өзі негізінен экономиканы жаңғырту артықшылықтарына және тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға тікелей қатысты. Алда әлемдік экономиканы жаңа технологиялық негізде сапалы түрде жаңарту міндеті тұр.
КІРІСПЕ..............................................................................................................
4
1 МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТҮСІНІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.........................................
6
1.1 Мемлекеттік басқару жүйесінің теориялық негіздемесі..........................
6
1.2 Мемлекеттік басқару процесіндегі мемлекеттік саясаттың мәні және мемлекеттік саясатты өңдеу модельдері..........................................................
10
1.3 Мемлекеттік басқарудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оны жүзеге асыру механизмі............................................................................
16
2 ӘЛЕМДІК ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС КЕЗЕҢІНДЕ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.....................................................................................
24
2.1 Әлемдік қаржы-экономиқалық дағдарысының Қазақстанға әсері және оның тереңдігі....................................................................................................
24
2.2 Әлемдік қаржы-экономиқалық дағдарысынан шығудың қазақстандық тәжірибесі.......................................................................................................................................
32
2.3 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы мемлекеттік басқару элементі ретінде..........
39
3 ДАҒДАРЫС КЕЗЕҢІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ (ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІГІ)...............................................................................
45
3.1 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесін жетілдіру жолдары.................................
45
3.2 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың шетелдік тәжірибесі......................................................................
51
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................
64
Шағын және орта кәсіпкерлік халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын ұлғайтуға айтарлықтай әсер етеді. Жұмыс істейтіндердің саны бойынша, өндірілетін және сатылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен қызметтердің көлемі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жекелеген облыстарда жетекші рөл атқарады. Сондықтан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау проблемасы қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады. Қалыптасқан жағдайда мемлекет пен бизнестің әріптестігі негізінде кәсіпкерлік қаржылай және қаржылай емес қолдаудың экономиканың экспортқа бағдарланған шикізат емес секторларын дамытуды ынталандыруға бағытталған саясатын қайта қарау талап етіледі.
Осыған байланысты кредиттерге кепілдік беру және кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау сияқты құралдар айтарлықтай танымал және экономиканың қандай да бір секторын дамыту мен қолдау мақсатында қолданылады. Бұл құралдар коммерциялық банктердің кредиттік және ілеспе тәуекелдер себебінен экономиканың қандай да бір секторына салуға асықпай отырған едәуір қаржы қаражатын тартуға мүмкіндік береді.
Шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің теңгерімсіздігіне жол бермеу мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті, оның ішінде өңірлік кәсіпкерлікті дамыту есебінен мемлекеттік қолдауды күшейту қажет. Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетудің бұл құралдары бюджет заңнамасын жетілдіру шеңберінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.
Жаңа өндірістерді дамытуда кәсіпкерліктің бірінші кезекте, шағын және орта кәсіпкерліктің бастамаларын тежейтін негізгі проблемалар:
- қаржыландыруға қол жеткізу және қарыз алу құнының жоғары болуы;
- индустриялық инфрақұрылымның дамымауы;
- кәсіпкерлікті
қолдау инфрақұрылымының
Бұдан басқа, осының алдындағы жылдары құрылған кәсіпорындарда үлкен борыштық жүктемелер сақталып отыр, бұл олардың инвестициялық белсенділігін шектейді.
Мемлекет шикізат емес сектордың экспортына толық қолдау көрсетпейді, ал жаһандану және халықаралық қатаң бәсекелестік жағдайларында экономиканың шикізат емес секторларында экспортқа бағдарланған кәсіпорындар құру, көбінесе, мемлекеттің ынталандыру шараларының көмегімен жүргізілетінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
Әлемдік тәжірибе нарықтық экономикасы дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттің барынша қолдау жасайтынын айғақтайды.
Германияда кредит берудің мынадай жеңілдікті шарттары көзделген:
Шағын және орта кәсіпорындарды қолдау үшін Сингапурда бүкіл елге ортақ Spring агенттігі құрылған. Ол кәсіпкерлерге көмек көрсетудің 100-ге жуық әртүрлі бағдарламасын жүзеге асырады. Өз бизнесін жаңа бастап жатқан шағын және орта кәсіпорындарға ғана ерекше жеңілдіктер беріледі. Сингапурда шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жеңілдікпен кредит берудің әртүрлі бағдарламалары әзірленіп, енгізілген. Бұл арнайы қарыздар беру, кредиттерді сақтандыру және субсидиялар бөлу.
Жоғарыда жазылғандарға байланысты Бағдарламаны іске асыру шеңберінде кәсіпкерлерді қолдаудың субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру, сервистік қолдау, өндірістік инфрақұрылым жүргізу және кадрлар даярлау сияқты құралдарын Қазақстан Республикасы жағдайына бейімдеу және пайдалану ұйғарылып отыр.
Бұл бағдарлама қаражатын пайдалану мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
- несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау;
- шағын және орта бизнеске
несие¬лерді ішінара
- бизнес жүргізуге сервистік қолдау білдіру;
- кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындары[32,б.15].
«Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлер үшін де, сол секілді банктер мен инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашты. Басқа көптеген бағдарламалардан бір айырмашылығы, «Бизнестің жол картасы – 2020» тиімді болып шықты. Оның шарттарын нақты сектордың мыңдаған компаниялары пайдаланды. Соның арқасында оның басым көпшілігі дағдарыстан табысты шықты және сенімді өсуді паш етуде. Мыңдаған жұмыс орындары сақталды және қатары артуда. Бәсекеге қабілетті өнімдер шығарылуда, олар соның ішінде сыртқы нарықтарға да өткізілуде.
«Бизнестің жол картасы – 2020» аясында 3 мыңға жуық жоба 642 миллиард теңгеге субсидияландырылыпты. Мұның сыртында 200-ден артық жобаға 20 миллиардтан астам сомаға кепілдік берілген. Бағдарлама аясында 450 кәсіпорын үшін шамамен 100 миллиард теңге тұратын өндірістік инфрақұрылым салынуда екен, аталған жобалардың басым бөлігі, нақты айтсақ, 41 пайызы өнім өңдеу өнеркәсібін қамтиды. Ал оның ішінде өндірістік жобалардың 36 пайызы тамақ өнімдерін шығаруға арналса, қалғаны – резеңке және пластмасс бұйымдарының өндірісі. «Жалпы, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы кәсіпкерлікті қолдаудың таптырмас құралы болып саналады. Бүгінде оны қолдау шаралары 36 мыңнан астам бизнесменді қамтиды. Осының арқасында 145 мыңнан астам жұмыс орны сақталып, 40 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Қазір экономикадағы әрбір бесінші жұмыс орны осы бағдарлама аясында құрылды. Сондай-ақ оған индустрияландыру картасының әрбір төртінші жобасы тиесілі болып келеді.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасында қарастырылған тетіктер әлемнің көптеген елдерінде сәтті жүзеге асырылуда. Бұл пайыздық ставка бөлігін субсидиялау, несие бойынша жекелеген кепіл беру, өндірістік немесе индустриалды инфрақұрылымды дамыту, сервистік қолдау көрсету. Аталған тетіктерді Қазақстанда да қолдану тәжірибесі бар. Дегенмен алғаш рет бұл шаралар кешенді түрде қолға алынуда, ал оны қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджетте алдағы онжылдыққа арналған қаражат қарастырылып отыр. Бағдарлама «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау», «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру», «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» және «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
Қолға алынған уақыттан беріде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, жол картасының бірінші және екінші бағыттары бойынша несие портфелінің жалпы сомасы 279,071 млрд теңгені құрайтын 1 108 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» атты бірінші бағытында 1003 өтініш, ал «Кәсіпкерлердің валюта тәуекелдерін төмендету» атты үшінші бағытында 105 өтініш қанағаттандырылды. Ал бағдарламаның «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» атты екінші бағыты бойынша Мемлекеттік комиссия жанындағы жұмыс тобы жалпы сомасы 149 508 млрд теңгені құрайтын 184 өтінішті мақұлдады. Осы бағытта субсидиялауға қол қойылған 139 жоба-келісімдердің жалпы құны 101,706 млрд теңгені құрайды.
«Даму» қорының бұл бағдарламасы іске қосылғаннан бері 12,73 млрд теңге сомаға, оның ішінде бірінші бағытта – 4,250 млрд теңге, екінші бағытта 5,194 млрд теңге, үшінші бағытта 3,291 млрд теңге субсидия аударылды.
Несие бойынша пайыздық үстемені субсидиялауға ие болған жобалардың 49 пайызы өңдеу өнеркәсібі саласында, 18 пайызы көлік және қаттау секторында, ал 10 пайызы агроөнеркәсіп кешенінде жұмыс істейді.
Кәсіпкерлердің несиелерін кепілдендіру бойынша несие портфелінің жалпы сомасы 26 703,9 млн теңгені құрайтын 92 өтініш мақұлданды. Несие портфелінің жалпы сомасы 10 648,9 млн теңгені құрайтын 34 жоба бойынша кепілдендіру келісімшартына қол қойылды, оның ішінде кепіл сомасы 3 765,3 млн теңге. Мақұлданған жобалар саны бойынша Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстары өңірлер арасында жоғары белсенділік танытып отыр.
Толықтай алғанда бағдарламаны жүзеге асыру есебінен 102 427 жұмыс орны құрылды. Таяу үш жылдың ішінде бағдарламаның жүзеге асырылуы арқасында 22 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ.
Елбасы Жолдауы жағдайында өмірге келген «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы жергілікті жерлердегі кәсіпкерлер арасында өзара бәсекелестікті қыздырып, оларды жедел іс-қимылға, батыл әрекетке бастады. Мысалы, Қарағанды облысы бойынша жалпы құны – 32 142, 5 миллион теңгені құрайтын 111 жоба (11,1 пайыз) ұсынылды. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 88 жобаға 15 365,5 миллион, ал екінші бағыттағы 14 жобаға 1 355,6 миллион теңге және үшінші бағыттағы бір жобаға 2 727 миллион теңге бөлу келісілді[40,б.32].
Сөз жоқ, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы талай кәсіпкер кәсібін дөңгелентіп үлгерді. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы еліміздегі үдемелі индустриалдық-инновациялық дамумемлекеттік бағдарламасын іске асырудың тетіктерінің бірі саналады. Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын ашу.
3 ДАҒДАРЫС
КЕЗЕҢІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК
3.1 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесін жетілдіру жолдары
Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жаппай жалпы әлемдік ауқымдағы және сол сияқты ұлттық деңгейдегі қаржылық қатынастардың қолданыстағы модельдерінің кемшіліктерін көрсетті. Әлсіз жақтары мемлекеттік реттеу құрылымында және қаржы институттарының өздерінің қызметінде анықталды.
Қаржы институттарының проблемалары тәуекелдерді басқару жүйелерінің жетілмеуінде және қазіргі заманғы үрдістерге және қабылданатын тәуекелдер деңгейіне (дәрежесі бойынша, сол сияқты және тәуекел сапасы бойынша) сәйкес келмеуінде, корпоративтік басқару деңгейінің төмен болуында, айқындылықтың жеткіліксіздігінде және осының салдарынан теріс үрдістерге сезімтал болып отырған бизнес-модельдердің тиімсіздігінде пайда болды.
Дағдарыстан кейінгі кезеңнің айрықша белгілерінің бірі қаржы секторының анықталған проблемаларын жою қажеттілігі, жіберілген қателерді түзету және тұрақты әртараптандырылған өсуді қамтамасыз ету болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заманғы, тұрақты және бәсекеге қабілетті қаржы жүйесін құру бойынша жұмысты жалғастыру қажет.
Көптеген елдердің экономикалық тәжірибесі бәсекелестіктің нарықтық тетіктерін және жеке кәсіпкерлік бастаманы мақсатқа сай қолданумен қосылған экономиканы мемлекеттік реттеу шараларының артықшылығын растап отыр. Осыған байланысты экономиканы шоғырландырылған негізде мемлекеттік жоспарлаудың және ынталандырудың рөлі артады. Сонымен қатар, еркін нарықтың бәсекелестік, жеке меншікке қол сұқпау және іскерлік бастаманы қолдау сияқты базалық қағидаттары тұрақты болып қалады, ал жеке сектордың тиімді қызметі ынталандырылады. Ішкі ресурстарды жұмылдыру жөніндегі міндетті шешу үшін республиканың қаржы секторына деген сенiмді қалпына келтіру басым бағыт болады. Бұл ретте қаржылық қызмет көрсету аясын кеңейту бойынша жұмыс жандандырылады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу мемлекеттің әлеуметтік саладағы міндеттемелерін қысқарту және институционалдық инвесторлардың ерекше сыныбын құру бойынша мемлекеттің алғашқы қадамы болды.
Бүкіл әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін реформалаудың қисынды жалғасы халықтың әртүрлі топтарын (мүгедектерді, біреудің асырауында тұратын адамдарды, жұмыссыздарды және тағы басқалары) және медициналық қамсыздандыруды толық мемлекеттік қолдау қағидаттарынан одан әрі әлеуметтік қамсыздандырудың аралас жүйесіне тек мемлекеттің және жұмыс берушінің қаражаты есебінен ғана емес, сонымен қатар қызметкердің өзінің есебінен көшу болып табылады. Жұмыс берушілердің өндірістің зиянды және қауіпті түрлерінде міндетті кәсіби жарналар енгізу мәселесі қаралатын болады.
Жинақтаушы зейнетақы, әлеуметтік және медициналық қамсыздандыру (сақтандыру) жүйелерін одан әрі жетілдіру шеңберінде нарықтық қағидаттарды және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру компанияларының мүмкіндіктерін неғұрлым кеңінен пайдалана отырып әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің жаңа тұжырымдамасы ұсынылады. Осы жұмыс шеңберінде күш-жігер тек азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға ғана емес, сонымен қатар ел экономикасын ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз етуге қабілетті институционалдық инвесторлардың мүмкіндіктерін нығайтуға бағытталады[40,б.12].
Қазақстан қаржы секторының сыртқы қарыз алуға тәуелді болуының теріс тәжірибесі қаржыландырудың ішкі көздерін тарту бойынша жұмысты жандандыруды басым бағыт ретінде айқындайды. Бұл ретте ел ішінде қаржы ресурстарын жұмылдыру бойынша жұмыстың жинақталған тәжірибесі мынадай бағыттар бойынша жетілдіруді талап етеді.
Институционалдық инвесторлардың қаражатын тарту. Мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы өзара іс-қимыл жасау тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғасады, бірінші кезекте мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде.
Инфрақұрылымдық кешеннің объектілерін құру Қазақстанның экономикалық дамуының негізгі басымдықтарының бірі болады. Мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін пайдалану экономиканың стратегиялық маңызды салаларын түрлендіру процесінің негізгі құрамдас бөлігі болуы тиіс. Әріптестіктің осы түрі бір жағынан алғанда, жеке кәсіпкерлік бастаманың әлеуетін іске асыруға және дамытуға әрі институционалдық инвесторлардың қаражатын тартуға, екінші жағынан алғанда, экономиканың әлеуметтік маңызды секторларында мемлекеттің функцияларын сақтауға мүмкіндік жасайды.
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері ретінде ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді тарту үшін жағдайлар жасалады. Инвестициялық жобаны іске асыру осы жоба бойынша негізгі өндірістік тәуекелдерді көтеретін ірі инвестордың болуын көздейді. Ішінара инвестициялық жобаны қаржыландыру оларды жүзеге асыру үшін ресурстар беретін сыртқы және ішкі институционалдық инвесторларға мемлекеттік кепілдік немесе кепілдеме бере отырып борыштық бағалы қағаздарды шығару есебінен жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ инвестициялық жобаларды жоспарлауды және іске асыруды тиісті дәрежеде бақылауды қамтамасыз ету және жауапкершілікті белгілеу, осындай жобаларды қаржыландыру шеңберінде мемлекеттен бизнеске тәуекелдерді қайта бөлу және жинақтаушы зейнетақы қорларының шығындарын өтеу тетіктерін әзірлеу жөніндегі шаралар әзірленеді. Сонымен бірге мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберіндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға тартылған зейнетақы жинақтарының сақталуы мемлекеттің негізгі кепілдігінің бірі болып қалады.