Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2015 в 10:31, курсовая работа
2014 жылдың 17 қаңтар айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында республика әлемдік дағдарыс жағдайында жылды «жеңіс көрсеткіштерімен» аяқтады деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы республикада қаржы дағдарысының алдын алу жолдары мен келешектегі атқарылатын іс-шаралар жөнінде айта келіп, дағдарыс кезіндегі дамудың жаңа міндеттерін де саралап берді. Атап айтқанда, мұның өзі негізінен экономиканы жаңғырту артықшылықтарына және тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға тікелей қатысты. Алда әлемдік экономиканы жаңа технологиялық негізде сапалы түрде жаңарту міндеті тұр.
КІРІСПЕ..............................................................................................................
4
1 МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТҮСІНІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.........................................
6
1.1 Мемлекеттік басқару жүйесінің теориялық негіздемесі..........................
6
1.2 Мемлекеттік басқару процесіндегі мемлекеттік саясаттың мәні және мемлекеттік саясатты өңдеу модельдері..........................................................
10
1.3 Мемлекеттік басқарудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оны жүзеге асыру механизмі............................................................................
16
2 ӘЛЕМДІК ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС КЕЗЕҢІНДЕ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.....................................................................................
24
2.1 Әлемдік қаржы-экономиқалық дағдарысының Қазақстанға әсері және оның тереңдігі....................................................................................................
24
2.2 Әлемдік қаржы-экономиқалық дағдарысынан шығудың қазақстандық тәжірибесі.......................................................................................................................................
32
2.3 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы мемлекеттік басқару элементі ретінде..........
39
3 ДАҒДАРЫС КЕЗЕҢІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ (ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІГІ)...............................................................................
45
3.1 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесін жетілдіру жолдары.................................
45
3.2 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың шетелдік тәжірибесі......................................................................
51
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................
64
2008 жылдың бірінші жартысындағы
Қазақстан экономикасының даму
жағдайлары (әлемдік экономиканың
оң серпіні, мұнайға, металдарға
әлемдік бағаның рекордтық
2008 жылдың екінші жартысында
әлемдік қаржы және тауар
2008 жылғы Қазақстанның
экономикасы дағдарыс
Қазақстан экономикасына әлемдік қаржылық - экономикалық дағдарыстың әсері келесідей болды:
Кесте 1
Қаржылық – экономикалық дағдарыстың әсері
№ |
Әсер ететін факторлар | |
Экзогенді факторлар |
Эндогенді факторлар | |
1 |
Қазақстандық экспорттың негізгі бөлігін құрайтын мұнайдың әлемдік бағасының түсуі, яғни, 2008 жылы 1 баррель үшін 147 доллар тұрса, 2009 жылы 36 – 54 долларға дейін төмендеген |
Тауарлық белсенділікті төмендеткен ішкі сұраныстың азаюы мен тұтыну шығындарының төмендеуі. 2009 жылы тоқсан бойынша бөлшек сауда айналымы 3,4 % - ға азайды; |
2 |
Сыртқы нарықтың сұранысының бірден қысқарылуы: 2009 жылдың І тоқсанында экспорт көлемі 49,2% - ға азайса, мұнай мен газ конденсатының экспорт көлемі 10% - ға төмендеген |
Экономикада банктік несиелендіру көлемінің жоғары деңгейде қысқарылуы. Өткен 2008 – 2009 жылғы дағдарыста олар тоқсан бойынша 4,9 % - ға төмендеді; Жоғарғы инфляция деңгейі мен қымбат банк несиелері және т.б. |
3 |
Экономиканың инвестициялайтын сыртқы көздердің азаюы |
Отандық кәсіпорындардың өнімдерінің төмен сапалы болуы және өндірістің жоғары деңгейлі шығындары |
Ескерту: «ҚР статистика жөніндегі Агентігі» 2009 ж. №5 жинағынан алынған мәліметтер |
Сол 2008 - 2009 жылдадағы дағдарыс уақытында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4,6% - ға қысқарды, өңдеуші өнеркәсіп көлемі 11,8 % - ға төмендеп, өте күшті дағдарыс әсер еткен кәсіпорындар қатарына жатқызылды. Статистика бойынша, ЖІӨ – нің 2,2% - ға төмендегенін көрсетеді[25,б.15].
Еліміздің түрлі өнеркәсіп салаларының өнімдеріне әлімдік нарықта сұраныстың күрт төмендеуі салдарынан темір мен мыс өндіретін «Арселор Миттал Теміртау» және «Қазақмыс» компаниялары жұмыс уақытын, жұмысшыларды қысқарту, өнім көлемін азайту сияқты амалсыз шараларды жүргізді. Қысқаша сараптама жасап кететін болсақ, 2009 жылдың қаңтар айында өнеркәсіп өнімі көлемі 26,7 пайызға төмендесе, құрылыс жұмыстары 36,7 пайызға қысқарды. Бұған дейін Теміртаудағы металлургиялық комбинатта прокаттың айына 301 мың тоннасына тапсырыс жасалып келсе, қазір 246 мың тоннаға дейін азайған. Екінші бір алып – «Қазақмыс» корпорациясы да қиын жағдайды бастан кешіруде. Мыстың бір тоннасына бағаның 5 мың долларға дейін құлдырауы, үлкен қиындықтарды туғызуда. Осындай себептерге байланысты болжам бойынша алдағы уақыттарда 15 мың жұмыс орнының қысқару қаупі бар. Қазақстандық өндірісорындарының тауарына сыртқы және ішкі нарықтағы сұраныстың төмендеуі өнеркәсіптердің тауарды өндіру көлемін 2,6 пайызға азайуына әкелді. Әлемдік баға барлық шикізат бағасына әсер етті деп те айтуға болмайды. Мысалы, орташа темір рудасының бағасы 2008 жылдың қарашасында 140,6 долл. болды, ал 2006 жылы 77,4 долл./т бағаланған болатын. Уран концентраттың әлемдік баға ортасын табуға көмектесті, 2007 жылы - 99,2 долл. болса, ал 2008 жылдың қарашасында 50,5 долл. керісінше 2006 - 47,9 долл. бағаланған болатын. Арматуралы сталь, катанкінің әлемдік бағаға сәйкес рекодты көрсеткішкпен төмендеді, дегенмен, 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда жоғары. Түсті метталлдар көп шығындалды. Алғашында алюминий бағасы 2008 жылдың желтоқсанында 1 525 долл./т құраса, керісінше 2 570 долл. болып 2006 жылы бағаланған, ал медь сәйкесінше 3 232 және 6 722 долл./т, цинк - 1 082 және 3 275 долл./т. Тас көмірдің бағасы 2008 жылдың қарашасында қыркүйекпен салыстырғанда 60 % төмендеді. Бірақ 2006 жылдың бағасымен салыстырғанда өте жөғары болатын, 92,25 долл./т және 49,09 долл. сәйкесінше. Табиғи газдың бағасы жоғарғы деңгейде сақталды - 576,7 долл./мың. куб.м. Минералды тыңатқыштар бағасы өз деңгейін ұстап тұр. Фосфаттың бағасы 20 % төмендеді, бірақ бұған дейін он есе жоғары болғанын білеміз. 2008 жылдың қарашасында фосфаттың шартты бағасы 350 дол./т ал 44,2 долл./т болып 2006 жылы сатылды, суперфосфат - 915 долл./т және 201,6 долл./т бағаланған.
2007 жылы инфляцияны қалыптастыру
өзінің әсерін сақтап қалған
түбегейлі факторлардың (жиынтық
сұраныс пен тұтынудың жоғары
өсу қарқындары, инфляцияның импорты,
алдыңғы жылдарда ақша
Бұдан басқа, ішкі нарықтағы бағалардың өсуіне әлемдік тауар нарықтарындағы бағалардың өсуі әсер етті. 2007 жылы мұнайға әлемдік бағалар едәуір өсті. 2007 жылдың екінші жарты жылдығында азық-түлік тауарларына (бидай, өсімдік майлары) әлемдік бағалардың күрт көтерілуі инфляцияның елеулі көтерілуіне алып келді. Сонымен қатар, 2007 жылы ақша ұсынысы орташа қарқындармен көтерілді, сыртқы фактор 2007 жылдың соңында инфляцияның 18,8 %-ке дейін көтерілуін айқындап берді.
2008 жылы инфляциялық үдерістер
әр түрлі бағыттағы сипатта
болды. 2008 жылдың бірінші жартысында
азық-түлік пен энергия
2008 жылдың екінші жартысында
іскерлік белсенділіктің, экономиканың
өсу қарқынының баяулауы, тауар
нарықтарындағы әлемдік
Энергия ресурстарына, шикізатқа әлемдік бағалардың төмендеуі салдарынан экономиканың нақты секторындағы бағалардың төмендеуі, сондай-ақ бәсекелестікті, нарықтық инфрақұрылымды дамытуға, табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін тұрақтандыруға бағытталған инфляцияға қарсы саясаттың қабылданған шаралары 2008 жылы инфляцияның жоспарланған шамадан (жылдың соңына 10 %) аспайтын деңгейде ұстап қалуға ықпал етті.
Әлемдік қаржы дағдарысының банк жүйесіне әсері де өлкен болған. Банк – бүгінгі таңдағы қаржы ресурстарына кәсіби негізде айналысатын институт. Сондықтан олар өз тәуекелін жан-жақты ойластырады. Қазір еліміздің екінші деңгейдегі банктерінің шетелдерден алған қарыздарын қайтаруға толық мүмкіндіктері бар. Үстіміздегі жылғы қазан айының соңына дейінгі деректер бойынша банктердің сыртқы қарызы 42 миллиард доллардан 36,27 миллиард долларға дейін азайды. 2009 жылы банктер сыртқы 10,6 миллиард доллар көлеміндегі қаржыны қайтаруға тиіс болды. Бұл ретте банк активтерінің сапасы ерекше рөл ойнайды. Оған рейтинг агенттіктері де ерекше мән береді. Сондықтан Үкімет банк активтерінің сапасын көтеруге ерекше мән беріп отыр.
Ішкі қаржылық дағдарыстың туындауына қауіп немесе себептер жоқ, өйткені іргелі факторлар өзгерген жоқ. Ұлттық Банктің алтынвалюта қоры резервінің төмендеуі Ұлттық қордың активтерінің тиісінше өсуімен дәйектеледі. Олардың өзіндік жиынтық көлемі 37 млрд. АҚШ долларынан астам қаражатты құрайды (ЖІӨ 42 пайызы). Дағдарыс банк жүйесіне әсер етпей қоймады, себебі банктердің табысы 2008 жылдың тоғыз айы ішінде алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,5 есе азайды. Қор жиынтығының қысқара түскеніне қарамастан, банктер экономиканы кредиттеуді жалғастыруда. Несие беру бюросы (ПКБ) ҚР Халық Банкі анықтамалары бойынша, Қазақстанның несие жүйесінде халықтың экономикалық белсенділігінің 42 % қатысуда (3 455 мың адам). Банктерге қарызгерлер басым қатарын құрылысшылар құрайды - 52,1 млрд. теңге (2007 жылы - 7,8 млрд.), тамақ өнеркәсіптері - 6,2 млрд., металлургия - 3,9 млрд., ауыл шаруашылығы - төрт млрд. теңге. Қазақстанның банктік секторы өзгеріп отырған жағдайға дер кезінде және тиісінше назар аудара білді. Заем алушыларға талап күшейтілді, несие портфелінің сапасын жақсарту жөніндегі шаралар қолға алынды. Үкімет және Ұлттық Банк тәуекелдікті дер кезінде бағалайды. Ұлттық Банк қысқа мерзімді тұрақтандыру шаралары ретінде банктерге қайта қаржыландыру түрінде төлем қабілетін ұсынды. Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық даму қарқынын қолдау мақсатында Үкімет бюджеттен қайтарым негізінде қаражат бөлді. 2007 жылдың аяғына дейін 1 млрд. АҚШ доллары, ал 2008 жылы – 3 млрд. АҚШ долларынан кем емес қаржы бөлінді. Бұл қаражат мына мақсаттарға бөлінді:
- біріншіден, ипотекалық
рыноктың тұрақтылығын
- екіншіден, өздері үшін
қолайлы жағдайды қарастыра
- үшіншіден, экономиканы
әртараптандыру үшін маңызды
мәні бар перспективалы
Қаржылық көмектің банктерге берілуін, кейбір сарапшылар бұл қаржы экономиканың нақты салаларына жетпестен бұрын екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыздарын жабуға кетеді дейді. Осы ретте ақша қазақстандық банктерге көмек көрсету үшін емес, ал экономиканың нақты секторына бөлінетін болады. Банктер осы қаражатты пайдалануда қаржылық делдал болады. Кейбір банктер мемлекет меншігіне алынады, дегенмен де қаржы саласына көрсетіліп отырған көмектің механизмі мемлекеттің банк капиталына толықтай ықпал жасауына мүмкіндік бермейді. Бұл уақытша шара болып табылады. Жағдай дұрысталғаннан кейін мемлекет қолындағы акцияларды банктер қайтадан сатып алады. Сонымен қоса екінші деңгейдегі банктер мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылық көмекті алмауға да ерікті. Мемлекеттік қолдау көрсетудің негізгі қағидаттары тең қаржыландыру, мемлекет пен бизнестің әріптестігі, тәуекелділікті барабар бөлу және жауапкершілік болып табылады.
2007 - 2008 жылдары төлем теңгерімінің жағдайын анықтайтын факторлар ретінде қазақстандық экспорттың негізгі тауарларына әлемдік бағалардың деңгейі, тікелей шетелдік инвестициялар, сондай-ақ сыртқы борышқа қызмет ету болып қалды.
Мұнайға жоғары бағалар, ішкі табыстардың өсуі және шетелдік тікелей инвестициялар ағынының жоғарылауы экспорттың ұлғаюына және импорттың өсуіне, сондай-ақ мұнай секторында алынған табыстардың экспатриациясына мүмкіндік тудырды.
2007 жылы
тауарлар экспорты өткен
Оң сауда теңгерімі кезінде инвестициялық табыстардың теріс теңгерімі (-11,9 млрд. АҚШ доллар), сондай-ақ қызметтер импортының экспорттан 8,1 млрд. долларға асып кетуі 2007 жылы ағымдағы шоттың 8,2 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде тапшылығына себепші болды.
2007 жылдың
бірінші жартысында ағымдағы
шоттың тапшылығы шетелдік
2007 жылдың
тамыз айындағы банк
2008 жылдың басынан бергі
мұнайға әлемдік бағаның шілде
айында тарихи максимумға
2008 жылдың төртінші тоқсанында
әлемдік тауар нарығындағы
Әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, 2008 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны қысқарып, 14,5 млрд. доллардан астам болды. Тікелей шетелдік инвестициялар елге валюта ағынының негізгі көздерінің бірі болып табылады. Елге сыртқы қаржыландырудың ағып келуінің басқа көзі ретінде жеке банктік емес сектордың қарыздары болды.
Әлемдік қаржы нарықтарына қол жеткізудің шектеулі жағдайында қаржы шотының операциялары бойынша ресурстардың ағып келуі 2008 жылдың қорытындысы бойынша 2007 жылмен салыстырғанда 7,1 млрд. долларға төмендеп шамамен 1,3 млрд. долларды құрады.
Капиталмен және қаржымен жасалатын операциялар шотының әлсіреуіне қарамастан, Қазақстанның төлем теңгерімі 2008 жылы ағымдағы шоттың нығаюы арқасында оң болып құралды (шамамен 2,2 млрд. АҚШ доллары).
2001 – 2008 жылдар кезеңінде
негізгі экспорттық тауарларға
әлемдік бағаның өсуі
Әлемдік тауар нарықтарында бағалардың түсуіне дейін бюджеттік түсімдердің шамамен үштен бір бөлігі мұнай секторына келді. 2008 жылдың төртінші тоқсанында болған мұнай бағасының күрт төмендеуі бюджетке тікелей әсер етті. Нәтижесінде шоғырландырылған бюджет профициті 2008 жылы төмендеп, бағалау бойынша ЖІӨ-нің 1,5 %-ін ғана құрады.
Тұтастай республика бойынша 2008 жылға республикалық бюджеттің нақтыланған болжамы 1 триллион 529,5 миллиард теңге болды, яғни бұрынғы бекітілген көрсеткішке қарағанда 371,1 миллиард теңгеге азайды. Бұл мынадай факторлардың әсерінен туындап отыр.