Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2015 в 10:31, курсовая работа
2014 жылдың 17 қаңтар айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында республика әлемдік дағдарыс жағдайында жылды «жеңіс көрсеткіштерімен» аяқтады деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы республикада қаржы дағдарысының алдын алу жолдары мен келешектегі атқарылатын іс-шаралар жөнінде айта келіп, дағдарыс кезіндегі дамудың жаңа міндеттерін де саралап берді. Атап айтқанда, мұның өзі негізінен экономиканы жаңғырту артықшылықтарына және тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға тікелей қатысты. Алда әлемдік экономиканы жаңа технологиялық негізде сапалы түрде жаңарту міндеті тұр.
КІРІСПЕ..............................................................................................................
4
1 МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТҮСІНІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.........................................
6
1.1 Мемлекеттік басқару жүйесінің теориялық негіздемесі..........................
6
1.2 Мемлекеттік басқару процесіндегі мемлекеттік саясаттың мәні және мемлекеттік саясатты өңдеу модельдері..........................................................
10
1.3 Мемлекеттік басқарудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оны жүзеге асыру механизмі............................................................................
16
2 ӘЛЕМДІК ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС КЕЗЕҢІНДЕ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.....................................................................................
24
2.1 Әлемдік қаржы-экономиқалық дағдарысының Қазақстанға әсері және оның тереңдігі....................................................................................................
24
2.2 Әлемдік қаржы-экономиқалық дағдарысынан шығудың қазақстандық тәжірибесі.......................................................................................................................................
32
2.3 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы мемлекеттік басқару элементі ретінде..........
39
3 ДАҒДАРЫС КЕЗЕҢІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ (ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІГІ)...............................................................................
45
3.1 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесін жетілдіру жолдары.................................
45
3.2 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың шетелдік тәжірибесі......................................................................
51
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................
64
Қаржы жүйесін сауықтыру үшін кредиттік портфель сапасын сауықтыруға, Қазақстан экономикасына кредит берудің тұрақты өсуін қамтамасыз ететін ең үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес меншікті капиталдың жеткілікті болуы жөніндегі талаптарды жақсартуға бағытталған шаралар кешені қабылданатын болады.
Мемлекет басшысы кәсіпорындарды сауықтырудағы мемлекеттің қолдауы уақытша шара болып табылады және кәсіпорындардың өсу стратегиясына көшуі үшін көрсетіледі деп айқындады.
Сондықтан Бағдарламаға ену мүмкіндігі 2011 жылмен шектелген. Кейіннен өзінің төлем қабілеттілігін қалпына келтірген кәсіпорындар «Өнімділік 2020» бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатыса алады.
Бағдарламаның қолданысы кәсіпорындарды сауықтыру кезінде тараптардың еріктілігі, тепе-тең қатысуы, айқындылық, жариялылық, сондай-ақ тиімділік пен жүйелілік қағидаттарына негізделген.
Еріктілік қағидаты кәсіпорынның Бағдарламаға өтініммен қатысуына сайып келеді.
Тараптардың тепе-тең қатысуы кәсіпорынды сауықтыру жөніндегі іс-шаралар кредит берушілердің, меншік иелері мен мемлекеттің бірлескен және көрсетілетін қолдау көлемімен мөлшерлес күш-жігерімен жүзеге асырылуға тиіс екенін білдіреді.
Айқындылық қағидаты Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу рәсімдері мен нәтижелерін баяндаудың анықтығына және Бағдарламаның іске асырылуы үшін мемлекеттік және өзге органдардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдында есеп беруіне негізделеді.
Жариялылық қағидаты қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия режимді қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлекеттік органдардың қызметіндегі барынша ашықтықты және мемлекеттік қолдау нәтижелерін міндетті түрде жариялауды білдіреді.
Тиімділік және жүйелілік қағидаты мемлекеттік қолдау сауықтыру жоспарында айқындалған мерзімге сәйкес оң нәтиже межеленген кезде ғана ұсынылатынын білдіреді.
Бағдарламаға «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының ережелеріне сәйкес орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, қызметін өндіруші өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын, сондай-ақ алкоголь және темекі өнімін өндіретін кәсіпорындарды қоспағанда, жүйе құрушы болып табылатын кәсіпорындар қатыса алады.
Мемлекет, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар қатысатын заңды тұлғалар және олар бақылайтын заңды тұлғалар, сондай-ақ шет елдер қатысатын заңды тұлғалар Бағдарламаға қатысушы бола алмайды.
Бұл ретте қаржы ұйымдарымен қаржыландыру туралы келісімдер жиынтығында 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүс миллион) теңгені құрайтын немесе одан асатын және олар бойынша болашақта оларды қайта құрылымдаусыз орындау проблемалы болып есептеледі деген негіздер бар сомаға 2011 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей жасалуы тиіс.
Егер кластерлік қағидат бойынша холдинг құрамына жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін кәсіпорын кірген жағдайда Бағдарламаға холдинг тобы қатысады.
Бағдарламаға 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін «Банкроттық туралы» Заңға сәйкес сот шешімінің негізінде оңалту рәсімі қолданылған, жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін кәсіпорындар қатыса алады.
Дағдарыс жағдайында мемлекет өзіне экономикалық үдерістерді тұрақтандырушы рөлін қабылдады, екінші деңгейдегі банктерге, шағын және орта бизнес субъектілеріне, құрылыс саласы компанияларына айтарлықтай қаржылық қолдау көрсетті. Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру үшін қомақты бюджет қаражаты және Ұлттық қор қаражаты оқшауландырылды.
Тұрақты жұмыс орындарының жұмыс істеп тұрғандарын сақтау және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсіуін қамтамасыз ету мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде мынадай:
Сонымен бірге, екінші деңгейдегі банктердің ақпараты бойынша әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарынан орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жекелеген кәсіпорындар да кредиттерді өтеуге және оларға қызмет көрсетуге байланысты қиындықтарды сезініп отыр.
Қалыптасқан ахуал банктерге бұрын мемлекет көрсеткен қолдауға қарамастан, олардың несие қоржынына, сондай-ақ облигациялық қарыздарға қызмет көрсетуге және салық міндеттемелерін орындауға теріс әсер етуі мүмкін.
Бұл кәсіпорындардың көпшілігінің Қазақстан экономикасы үшін маңызды мәні бар екенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатынын атап өткен жөн.
Осындай қиын кезеңде қаржылық жүйені сақтап қалу үшін Үкімет тарапынан 2 миллиард доллар бөлінді.Сөйтіп «Самұрық- Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры арқылы әр банкке 25 пайыз қор беріліп,оларға қарыздарын өтеуге мүмкіндік туды.Сол арқылы Үкімет банктерді банкроттықтан аман қалды. Сондай-ақ Үкімет «Самұрық –Қазына» ҰӘҚ жанынан «Жылжымайтын мүлік қоры» деген мекеме ашылып, бітпей жатқан құрылысты аяқтап, үлескерлер мәселесінің негізгі бөлігін шешті.Елдегі жұмыссыздық мәселесін шешу үшін Үкімет «Жол картасы», «Жүз мектеп», «Жүз аурухана» деген бағдарламалар қабылдады. Осы арқылы ішкі экономикамыздың айналымындағы ақша көлемі көбейді. Сөйтіп, 2010 жылдың соңында, 2011 жылдың басында дағдарыстан шыға бастадық.
Жоғарыда айтылған әлемдік дағдарыстың бірінші толқыны болатын. Оның себебі: АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыс болса, сарапшылардың айтуы бойынша осы 2012 жылы басталған дағдарыстың екінші толқынының негізгі себебі елдің сыртқы қарыздары деп айтады. Бұл дағдарыс 2012 жылдан бастап 2015 дейін созылды деп болжанады. Біз – мұнай, шикізат өндіруші елміз. Экономикамыз әлі де әртараптандырылмаған. Қазынаның басым бөлігі сыртқа сатылған шикізат өнімдерінен түсетін бюджет салықтарымен толтырылып отыр. Негізгі тұтынушыларымыз - дамыған елдер. Сондықтан әлемдік дағдарыстың екінші толқыны, біріншісіне қарағанда қиындығы арта түспек. Әрі 3-4 жылға созылады. Дағдарыс ең алдымен, азық-түлік бағасының шарықтауымен басталады. Негізінен бұл дағдарысқа қарсы тұрудың бірден бір шешімі еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту қажеттігі. Егер біз сырттан келіп жатқан импорттың басым бөлігін өзіміз өндіретін болсақ, жұмыссыздар саны азаяды. Бұған қоса, валютамыздың сыртқа кетуін сақтайтын едік. Өндірушілеріміз жұмыс істеп, пайда тапса, ол пайданың бәрі ел игілігіне жұмсалатын еді. Әрі біз экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізер едік.
2.3 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы мемлекеттік басқару элементі ретінде
Дағдарысқа қарсы шаралардың бірі ретінде қабылданған «Бизнестің жол картасы – 2020» Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді. Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.
Бұл бағдарламаның мақсаты өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болады. Мемлекеттік бағдарламада экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін оның шикізат емес секторларын жедел дамыту көзделіп отыр. Бұл ретте экономиканың экспортқа бағдарланған дәстүрлі секторларындағы ұлттық холдингтер, отын-энергетика кешенінің және металлургия өнеркәсібінің жүйе құраушы компаниялары бастамашылары болып табылатын ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен қатар, шағын және орта кәсіпорындардың экспортқа бағдарлануын дамыту перспективасымен қазіргі заманғы өндірістер құру үшін оларды дамыту мемлекеттік бағдарламаның басымдығы болып табылады.
Бағдарламаның іске асырылуы:
1.жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;
2.кәсіпкерлік секторды сауықтыру;
3.өнімді шетке шығаруға
бағдарланған өндірістерді
Бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылатын болады:
1-ші кезең – 2010 – 2014 жылдар
аралығында. Яғни, 2010 жыл бағдарлама
міндеттемелерінің шешілуі: жаңа
бизнес - бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік
секторды сауықтыру, шетелге тауар
шығарушыларды қолдау сияқты
үш бағыт бойынша іске
2-ші кезең – 2015 – 2020 жылдар
аралығында жаңа
«Бизнес жол картасы – 2020» бағдарламасына әлеуетті қатысушылар үшін экономиканың басым секторлары:
1. Агро өнеркәсіп кешені;
2. кен өндіру өнеркәсібі
саласындағы техникалық
3. жеңіл өнеркәсіп және жиһаз шығару;
4. құрылыс материалдары
мен металл емес өзге
5. металлургия, металлт өңдеу , машина жасау;
6. өзге өнеркәсіп секторлары
(оның ішінде өзге дайын
7. көлік және қойма қызметі;
8. туризм;
9. ақпарат және байланыс;
10. кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;
11. білім;
12. денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;
13. өнер, көңіл көтеру және демалыс;
14. қызметтің өзге түрлерін
(компьютерлерді жеке
Бағдарламада нақты төрт бағыт қамтылған. Жаңа бизнес бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру және шетке өнім шығаруға бағдарланған өндірістерді қолдау, кәсіпкерлік потенциалын күшейту.
Бағдарламаның іске асырылуының бірінші бағыты аясындағы мемлекеттік қолдау мынадай әрекеттерден:
1) жобаларды іске асыру
үшін Банк кредиттері бойынша
пайыздық мөлшерлеменің бір
2) жобаларды іске асыруға бағытталған банк кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;
3) өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту;
4) бизнесті жүргізуде сервистік қолдау көрсету;
5) кадр дайындау, жастар
тәжірибесі және әлеуметтік
Екінші бағыт аясында –кәсіпкерлік секторын жақсарту – мынадай қолдау көрсетіледі:
1) Борышкердің Банктерден
бұрын алған кредиті (мақұлдау
кезінде) және жоба мақұлданғаннан
кейін туындайтын бір кредит
желісі аясындағы жаңа
2) Борышкерге өсімпұлын
есептеместен бюджет алдындағы (мекеме
ұстап қалатын жеке табыс
3) кәсіпорындарды қаржы-
Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімдерін сыртқы нарыққа шығаратын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Мемлекеттік қолдау Банктерден бұрын алынған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.
Мысалы, жаңа бизнес бастамаларды қолдау бойынша жаңа жобаларды іске асыру, экономиканың басым секторында жұмыс істейтін өндірісті жаңарту, жаңғырту немесе ұлғайтуға бағдарланған жобаларға кең қолдау қарастырылып отыр. Егер кәсіпкер осы анықтамаларға сай келетін болса, ол өзінің бұрыннан бар ауыртпалығы үлкен несиесін жеңілдетуге субсидия ала алады. Сондай-ақ, жаңа жобаларға берілетін кредиттер ішінара кепілдендіріледі. Яғни, кәсіпкер аймақтық маңызы бар жаңа жобаны бастағалы отырып, ол жобаны кепілмен қамтамасыз етуге мүмкіндігі жетпей отырған жағдайда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Қаржы агенті ретінде сол кәсіпкердің жарты тәуекеліне кепілдік береді. Мәселен, жоба 3 млрд. теңгелік болып бағаланса, кәсіпкердің банк алдындағы міндеттемесінің жарты бөлігіне мемлекет кепілдік береді. Ал кәсіпкер жобаның жалпы құнының 15 пайызын ақшалай немесе 25 пайызын мүлік түрінде қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жерде, ең бастысы, банктің жаңа жобаға беретін кредитінің ставкасы 14 пайыздан аспауы тиіс. Ал, субсидияға келетін болсақ, бұрыннан бар өндірістер мен жаңа жобаларды банк мақұлдаса ол жобалардың да несиелік үстемесін 14 пайызға түсіруге тиіс. Сол кезде мемлекет «Даму» қоры арқылы оның 7 пайызына субсидия береді. Субсидия – бюджеттен берілетін қаражат түріндегі қайтарымсыз көмек. Айналып келгенде кәсіпкердің кредиттік ставкасы 7 пайыздан аспайтын болады. Банк несие беру немесе субсидиялауды мақұлдаған соң жоба Аймақтық үйлестіру кеңесінің де мақұлдауын алуға тиіс.