Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2015 в 10:31, курсовая работа
2014 жылдың 17 қаңтар айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында республика әлемдік дағдарыс жағдайында жылды «жеңіс көрсеткіштерімен» аяқтады деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы республикада қаржы дағдарысының алдын алу жолдары мен келешектегі атқарылатын іс-шаралар жөнінде айта келіп, дағдарыс кезіндегі дамудың жаңа міндеттерін де саралап берді. Атап айтқанда, мұның өзі негізінен экономиканы жаңғырту артықшылықтарына және тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға тікелей қатысты. Алда әлемдік экономиканы жаңа технологиялық негізде сапалы түрде жаңарту міндеті тұр.
КІРІСПЕ..............................................................................................................
4
1 МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТҮСІНІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.........................................
6
1.1 Мемлекеттік басқару жүйесінің теориялық негіздемесі..........................
6
1.2 Мемлекеттік басқару процесіндегі мемлекеттік саясаттың мәні және мемлекеттік саясатты өңдеу модельдері..........................................................
10
1.3 Мемлекеттік басқарудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оны жүзеге асыру механизмі............................................................................
16
2 ӘЛЕМДІК ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС КЕЗЕҢІНДЕ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.....................................................................................
24
2.1 Әлемдік қаржы-экономиқалық дағдарысының Қазақстанға әсері және оның тереңдігі....................................................................................................
24
2.2 Әлемдік қаржы-экономиқалық дағдарысынан шығудың қазақстандық тәжірибесі.......................................................................................................................................
32
2.3 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы мемлекеттік басқару элементі ретінде..........
39
3 ДАҒДАРЫС КЕЗЕҢІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ (ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІГІ)...............................................................................
45
3.1 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесін жетілдіру жолдары.................................
45
3.2 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың шетелдік тәжірибесі......................................................................
51
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................
64
2. Мемлекеттік
саясатты қалыптастыру. Аталмыш
кезеңде мәселелерді шешу
3. Мемлекеттік
саясатты жұзеге асыру. Аталмыш
кезең мемлекеттік саясатты
4. Мемлекеттік
саясатты бағалау. Аталмыш кезең
мемлекеттік саясатты реттеу
мен алынған нәтижелерді
Саясаттың қалыптасуы маңызды кезең болып табылады, себебі оның сапасынан өткізілетін саясаттың жүзеге асырылу табыстылығы мен салдарлары тәуелді болады. Мемлекеттік саясатты өңдеу аталмыш саладағы мемлекеттің негізгі мақсаттары және басымдықтарын анықтаудан басталуы тиіс. Мемлекеттік саясат болуы тиіс:
- нақты және белгілі мәселелер мен нәтижелерге қол жеткізу қол жеткізу;
- қандай
да бір әлеуметтік топтардың
қажеттіліктерін жүзеге
- ішкі және сыртқы ресурстар мен шарттарды, олардың алдын алу шараларын ескеру;
- мемлекеттік
саясатты жүзеге асырудың
Мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысты тәсілдемелердің ішінде келесілерді атап өту қажет:
- перспективалық
тәсілдеме, мұнда қарқынды талдау
мен жағдайдың дамуын
- әрекет
етуші тәсілдеме, мұнда мәселе
қоғам мен мемлекет үшін
- рационалды
тәсілдеме, ол экономико-математикалық
әдістер мен рационалдылық
Мемлекеттік саясатты өңдеу мен жүзеге асырудың келесідей 4 модельдерін атап өтуге болады:
1. «Жоғарыдан
төменге» моделі, мұнда шешімдер
басқарудың жоғарғы деңгейінде
қабылданып, содан кейін төменгші
деңгей мен аймақтық немесе
жергілікті басқару
2. «Төменнен
жоғарыға» моделі, мұнда саясаттың
қалыптасуы мемлекеттік
3. Демократиялық
модель, мұнда мемлекеттік саясатты
өңдеуге орталықтанған
4. Аралас
модель, бұл жоғарыда аталған
модельдерді қамтиды, яғни мемлекеттік
саясатты өңдеуге азаматтар
Мемлекеттік саясатты түрлі көзқарас тұрғысынан талдауға мүмкіндік беретін мемлекеттік саясатты зерттеудің түрлі теориялық тәсілдемелері әрекет етеді. Олардың барлығы нақты қоғамдық саладағы саясатты өңдеу бойынша мемлекеттік билік органдарының іс-әрекетін ғылыми зерттеу үшін бастапқы нүкте ретінде белгілі координаталар жүйесін береді. Қоғамдық саясатты зерттеуге қатысты негізгі теориялық тәсілдемелер мен тұжырымдамалар мынадай мектептермен ұсынылған.
1. Институционализм
– мемлекеттік саясатты
2. Саяси
процесс тұжырымдамасы
3. Топтар
теориясы мемлекеттік саясатты
топтың күрес, өзінің құндылықтары
мен қызығушылықтарына, ресурстарына
ие қоғам мен үкіметтің түрлі
топтары арасындағы тұрақты
4. Элиталар
теориясы мемлекеттік саясатты
саяси және әкімшілік
5. Рационализм
теориясы мемлекеттік саясатты
басқарудың өңделген ғылыми
6. Инкрементализм
теориясы мемлекеттік саясатты
істердің қалыптасқан жағдайын
бәсең өзгерту бойынша
7. Ойындар
теориясы мемлекеттік саясатты
қоғам немесе үкіметтегі екі
неғұрлым маңызды тараптар
8. Қоғамдық
таңдау теориясы мемлекеттік
саясатты белгілі пайда
9. Ашық
жүйелер теориясы мемлекеттік
саясатты сыртқы орта
Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру – алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудің күрделі де қарқы процесі, оған мемлекеттік билік органдары мен азаматтық қоғам институттары қатысады. Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін мемлекеттік билік органдары бағдарламалар өңдейді, субъектілерді жүзеге асыруға қатысатын іс-әрекетті ұйымдастырады, әрекет етуші ресурстарды шоғырландырады.
Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру механизмі алға қойылған міндеттерге сәйкес жоспарланатын шаралардың орындалуын қамтамасыз ететін әдістер мен ресурстарды білдіреді. Жүзеге асыру механизмі нормативті-құқықтық, ұйымдық, қаржы-экономикалық құралдар мен басқарылатын объектке ықпал ету әдістеріне ие.
Мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың табыстылығы мен нәтижелілігі саясаттың өңделу нақтылығынан, мемлекеттік саясаттың шекараларын анықтаудан, оның негізгі ұйымдық және қаржылық элементтерін анықтаудан, атқарушы билік органдарының қажетті ресурстармен және білікті кадрлармен қамтамасыз етілуінен, әлеуметтік топтар мен қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік саясат мәнін түсінуден тәуелді болады.
Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, ең алдымен, атқарушы билік органдарына жүктеледі. Мемлекеттік заңнамаға сәйкес белгілі саладағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін жауапкершілік министрліктерге жүктелген. Министрліктің ұйымдық құрылымына департаменттер, басқармалар, бөлімдер кіріп, олар қабылданатын шешімдердің сипатын анықтайды, олардың жобаларын өңдейді, мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын бақылай отырып, қабылданған шешімдерді орындайды.
Мемлекеттік саясаттың жекелеген бағыттары бойынша қабылданған шешімдерді жүзеге асыру бойынша министрліктер мен ведомстволардың әрекеттерін координациялауға мүмкіндік беретін арнайы органдар құрылады. Қоғамдық ұйымдар да мемлекеттік саясатты ұйымдастыруда маңызды рольге ие, себебі белгілі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына қызығушылық танытады.
Мемлекеттік саясаттың негізгі элементтерінің біріне оның бағалануы жатқызылады. Мемлекеттік саясатты бағалау мемлекеттік саясат нәтижелерін зерттеу мен өлшеу механизмдері мен тәсілдерінің жиынтығын білдіреді. Ақпаратты жүйелі алусыз және қабылданатын шешімдер мен саясат нәтижелерін бақылауды қамтамасыз етусіз мемлекеттік саясаттың және мемлекетті дамытудың болашақ стратегиясын өңдеу тиімділігі төмендейді.
Мемлекеттік саясатты бағалаудың басты тағайындалуы алынған нәтижелерді анықтау мен саясат нәтижелері мен салдарларын анықтау мақсатында, сонымен қатар мемлекеттік саясатты әрі қарай жетілдіру мақсатында ақпаратты жинау мен талдаудан тұрады.
Қазіргі таңда мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда ақпараттық қамтамасыз етудің ролін атап өтпеуге болмайды. Органдар мен лауазымды тұлғаларды шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету, сонымен қатар халыққа сыртқы және ішкі саясат, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты ұсыну мемлекеттік саясаттың табысты жүзеге асырылуының маңызды элементі болып табылады.
2 ӘЛЕМДІК ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС КЕЗЕҢІНДЕ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
2.1 Әлемдік
қаржы дағдарысының
Баршамызға мәлім ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекеттке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ, дегенмен де оның соққыларына қарсы төтеуге лайықты екенін де байқатып үлгерді.
Әлемдік қаржы дағдарысы - планетаның ортақ мұңы. Себебі негізінен дүниежүзінің қаржы нарығы - бір-біріне көзге көрінбейтін доллар, еуро, юань түріндегі нәзік тетіктер арқылы байланысқа түсетін өте күрделі механизм. Бәсекелестік жағдайында капиталистік экономиканың негізгі күші жеке корпоритивтік мүддені ілгері шығару, яғни табыс табу болып табылады. К.Маркс «Капиталистік жүйе дағдарыстан қашып құтыла алмайды. Өйткені оның негізгі мақсаты-тауар өндіру, қызмет ұсыну, бәсекеде жеңіп шығу», деген екен. Жалпы осы әлемдік қаржы дағдарысының негізгі себептерін анықтасақ.
Яғни белгілі бір кезеңде сұраныс пен ұсыныс таразысының басы теңгеріледі.Ал бірақ оның қай уақытта екені белгісіз болған соң, екпін алған капиталистік машина тежегішін басудың орнына жүрісін жылдамдата береді. Өндірілген тауарлар көлемі сұраныстан әлдеқайда асып кеткен соң, сол Маркс айтқан асыра тауар өндіру дағдарысына алып келеді.Мұндай жағдайлар тарихта жиі орын алып тұрады.Сөйтіп, нарықта өнім көбейеді.Сол кезде не бағаны төмендету, не кәсіпорын жұмысын тоқтату қажеттігі туындайды. Бағаның төмендеуі банкротқа ұшырау қаупін тудырса, кәсіпорындардың тоқтауы кәсіпкерлердің шығындарының өсуіне алып келеді. Ал жұмысы мен табысынан айырылған азаматтардың қоғамда әлеуметтік қауіпті күшейтетіні белгілі. Барлық дағдарыстың негізгі себебі, шектен тыс өндірілген өнім мен шектен тыс айналымдағы жүрген ақша болып табылады. 2007 жылдың мамыр-маусым айларында Америкада ипотекалық дағдарыс басталды[23,б.42].
Сөйтіп, бұл дағдарыс ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Қазақстанға 2007 жылдың күзінде келіп жетті. Қолдарында оразан зор қаржысы бар, дүниежүзілілік қаржы жүйесіне ықпал етіп отырған Америка банктері барлық елдердің банктеріне қысқа мерзімге несие беріп отырған.Оның ішінде біздің банктер ол қаражатты халыққа несие түрінде тартты. Дәл осы уақытта елімізде жылжымайтын мүлікке сұраныс артып, бағаны шарықтатып жіберді. Несие ағыны күрт тоқтаған кезде басталған құрылыс жобалары күйреп, кәсіпкерлер күйзеліп, елде жаппай жұмыссыздық етек алды, халық арасында әлеуметтік наразылық күшейіп кетті. Осындай жағдайға кім кінәлі деген сұрақ туындайды. Жалпы, ең алдымен сондай күйге түсуге кінәлі Ұлттық Банктің Қаржы нарығын қадағалау агенттігі болатын. Сарапшылар талай рет «Сырттан келген ақшаны шектеу керек»,- деп айтқан болатын. Яғни, банктер несие алып, оны жұртқа таратпай ақ керісінше, ақшаны елімізді өркендететін, өндіріс салаларына салуы керек еді. Бірақ ол кезде банкирлер үшін басты мақсат – тез арада көп ақша табу болды.
2000 жылдан 2007 жылға дейін Қазақстан экономикасы жылына орташа алғанда шамамен 10 % қарқынмен өсіп отырды. Нақты Жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) жоғары және орнықты өсу қарқынына қарамастан, осы кезеңде экономикалық өсудің құрылымы мен сапасы өзгерді.
2007 жылға қарай экономикалық
өсу құрылыстың, қаржы қызметінің
және сауданың дамуына көп
дәрежеде байланысты болды. Экономиканың
өсуіне өнеркәсіп үлесінің
Экономикалық өсудің құрылымындағы бұл үйлесімсіздік банк секторы мен құрылыстағы байқалған «серпіліс» жағдайларында болған, бұған елеулі көлемдегі сыртқы қарыздармен қамтамасыз етілген банктік кредит беру көлемінің жеделдетілген өсуі себеп болды. Жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның өсуі бұл секторды кредит беру үшін аса тартымды етті.
2007 жылғы тамыз айында
АҚШ-тың ипотекалық
Сыртқы қарыз берудің күрт қысқаруы және өтімділік тапшылығы негізінен отандық экономиканы банктердің құрылыс пен саудада шоғырланған кредит беруінің көлемдерін қысқартты. Сол уақытта экономиканың өсуі осы секторлардағы белсенділікке байланысты болғандықтан, бұл экономика өсуінің баяулауына алып келді.
Экономика өсуінің баяулауы 2007 жылдың екінші жартысында басталды. 2007 жылдың қорытындылары бойынша ЖІӨ-нің нақты өсімі 8,9 %-ке төмендеді[24,б.13].