Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2015 в 10:31, курсовая работа

Описание работы

2014 жылдың 17 қаңтар айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында республика әлемдік дағдарыс жағдайында жылды «жеңіс көрсеткіштерімен» аяқтады деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы республикада қаржы дағдарысының алдын алу жолдары мен келешектегі атқарылатын іс-шаралар жөнінде айта келіп, дағдарыс кезіндегі дамудың жаңа міндеттерін де саралап берді. Атап айтқанда, мұның өзі негізінен экономиканы жаңғырту артықшылықтарына және тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға тікелей қатысты. Алда әлемдік экономиканы жаңа технологиялық негізде сапалы түрде жаңарту міндеті тұр.

Содержание работы

КІРІСПЕ..............................................................................................................
4

1 МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТҮСІНІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.........................................

6
1.1 Мемлекеттік басқару жүйесінің теориялық негіздемесі..........................
6
1.2 Мемлекеттік басқару процесіндегі мемлекеттік саясаттың мәні және мемлекеттік саясатты өңдеу модельдері..........................................................

10
1.3 Мемлекеттік басқарудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оны жүзеге асыру механизмі............................................................................

16

2 ӘЛЕМДІК ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС КЕЗЕҢІНДЕ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.....................................................................................


24
2.1 Әлемдік қаржы-экономиқалық дағдарысының Қазақстанға әсері және оның тереңдігі....................................................................................................

24
2.2 Әлемдік қаржы-экономиқалық дағдарысынан шығудың қазақстандық тәжірибесі.......................................................................................................................................

32
2.3 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы мемлекеттік басқару элементі ретінде..........

39

3 ДАҒДАРЫС КЕЗЕҢІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ (ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІГІ)...............................................................................



45
3.1 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесін жетілдіру жолдары.................................

45
3.2 Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың шетелдік тәжірибесі......................................................................

51

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................
64

Файлы: 1 файл

1.docx

— 152.42 Кб (Скачать файл)

Хатояма кабинеті бюджеттің министрліктер мен мекемелер, префектуралар бойынша орындалуы үдерісін қадағалады. Бұрын бюджеттің орындалуын тексеру 3 ай сайын ғана жүргізілетін және пайдалынылмаған қаражат есептелмеген. Енді министрліктен ай сайын есеп беру талап етілді. Бұл жаңашылдықтар шенеуніктер тарапынан наразылық тудырып, бюджеттік үдерістің орталықсыздануына әкелді.

Кан болса, экономикалық саясатта басты екі міндетті алға қойды: тұрақты экономикалық өсімге қолжеткізу және біріншілік мемлекеттік бюджетті теңгеру. Екі міндет те 10 жылға жоспарланды. Жекекәсіпкерлікті босату мен инвестициялардың сыртқа ағылуын қысқарту үшін, Кан пайдаға салынатын салықты 40%-дан 26%-ға дейін төмендетуді ұсынды. Яғни, ол Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына кіретін 30 мемлекеттің орташа көрсеткіші. Бұл шараны ірі компаниялардың 70%-ы қолдағанына қарамастан, оны тез арада жүзеге асыру оңайға соқпады. Cалықтың төмендетілуіне байланысты қайшылықтар алдында айтылып өтті.

Жаһандық дағдарыс Батыста орын алған қайшылықтардың тереңдігін көрсетті және американдық доллардың күшін жасақтауға теңқұқылы қатысқан Жапонияға үлкен ықпалын тигізді. Әлемнің ірі экономикалық державалары Халықаралық валюта қоры, оның филиалдары мен Әлемдік Банк сияқты мықты құрылымдарға сүйене отырып, жаһандық басқару жүйесіне жаңа қаржылық технологияларды енгізіп жатыр. Әлемдік қаржылық құрылымдар доллар мен еуроның айналымында түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Жапония да ірі қаржылық держава ретінде осындай үдерістердің көрінерлік қатысушысы болып табылады. Нәтижесінде, әлемдік саясат геоэкономикалық мәнге ие бола бастады. Ірі мемлекеттер, соның ішінде Қытай, Ресей, ЕО мемлекеттері және басқалар АҚШ-тың қор нарығындағы өз салымдарын сақтау үшін американ қымбат қағаздарын сатып алуда жаңа деңгейге шығуға мәжбүр. Қытай бірінші болып әскери-техникалық жағынан қуатты, бірақ қаржы-экономикалық тұрғыдан әлсіз АҚШ-тың керек еместігі туралы айтты. Жапония болса, иена қымбаттауын тоқтату үшін барлық долларды сатып алуға дайын екендігі туралы айтқан болатын.

Өңірлік және әлемдік экономиканы дағдарыс жағдайынан шығару жөнінде өз ұсыныстарымызды тұжырымдай келе, қазіргі әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс ғаламдық экономикалық жүйенің қаржы, демократиялық, институционалдық негіздерін дамытудың логикалық сабақтастығының ажырауынан туындаған деген бірыңғай пікірге сүйеніп, келесі ұсыныстар тұжырымдауға мүмкіндік берді.

1. Әлемдік валюта-қаржы жүйесінің жетілдірілмеуі және оны өзгеріп жатқан әлемнің жағдайларына сай бейімдеу үрдісінің артта қалуы ғалымдық және өңірлік қаржы нарықтарындағы болып жатқан өзгерістердің негізгі себептері болып табылды.

Әлемдік валютаны негізгі заманауи әлемдік экономикалық сәулет шарттарына сәйкес келтіру арқылы оны радикалды жаңартудың, атап айтқанда демократиялылығының, бәсекеге қабілеттілігінің, өркениеттілігінің, легитимділігінің және әлемдік қауымдастыққа есеп беруінің қажеттілігі туындады.

Осыған байланысты адамзатты дамыту және заманауи әлем әрекеттерінің мақсаттарына сәйкес әлемдік валюта-қаржылық жүйесін келтіру жөнінде бәтуалы шешім табуға барлық елдердің күш-жігерін біріктіру қажет. Ол үшін БҰҰ-ның қамқорлығымен G20 елдері және халықаралық валюта-қаржы жүйесін қалыптастыруда дауыстары бүгінгі күнге дейін ескерілмеген қалған елдер арасында пікірталас алаңын құру ұсынылып отыр.

Барлық қатысушы елдер үшін легитимді және өзара қолайлы әлемдік валюта жүйесінің қолданылу жағдайын құру ажет. Бастапқы қадам мақсаты заманауи ғаламдық экономикалық сәулеттің негізге алынатын шарттарына сәйкес әлемдік валютаны келтіру болатын әлемнің барлық елдерінің әлемдік валюта туралы бәріне ортақ және бірыңғай заң қабылдау болуы мүмкін  бұл заңның легитимділігі барлық қатысушы елдер – БҰҰ мүшелерінің мақұлдауына негізделетін болады.

Үйлесімді және әділетті әлемдік валюта-қаржы жүйесінің негізге алынатын алғышартын құрғаннан кейін және елдердің экономикаларын ықпалдастырудың және қоғамдастырудың қажетті деңгейіне қол жеткізгеннен кейін әлемде валюта-қаржы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, негізгі сауда-резервті валюта шығарушы жекелеген елдердің басымдылықтарын болдырмайтын ұлттық валютадан жоғары әлемдік валюта енгізу мақсатқа лайықты.

2. Жаһандандырылған валюта-қаржы  жүйесінің келешекте тұрақсыздануының және оның әлемдік құрылысының бүкіл конструкциясына эпидемиялық таралуының қауіп-қатері әлемдік қауымдастықтан жылдам әрекет жасауын талап етеді.

Қолда бар әлемдік резервті валютадан жүктемені өңірлік сауда-валюталық есептеу бірлігіне жедел қайта үлестірудің қажеттілігі өсіп келе жатқаны мәлім.

Баламалы резервті валюталар енгізк арқылы қауіп-қатерлерді бұлай әртараптандыру бірыңғай әлемдік валюта енгізуге өтпелі кезең болуы тиіс және ұлттық валютасы резервті валюта ретінде пайдалануы мүмкін елдердің экономикаларына бірыңғай талаптар қоса берілу тиіс:

  • ұзақ мерзім ішінде төлем теңгерімі қалдығының кенет ауытқуының болмауы;
  • ақша шығару көлемін елдің ЖІӨ –ге таза экспорт үлесіне қосу;
  • елдегі инфляцияның дәстүрлі төмен қарқыны.

Мұның өзінде келесі қауіп-қатерлерді ескеру керек:

  • евро түріндегі бірыңғай өңірлік валютаны шығарған кезде, әскери қақтығыстарсыз қауіпсіздік аймақты және айтарлықтай дәрежедегі ықпалдастықты қамтамасыз ету қажет;
  • өңірдегі басымдық валютаға байлау жағдайында өңірлік валютаны енгізу ойланған жоба болмауы негативті салдарға ұшырайды;
  • бірыңғай өңірлік валютаны енгізу инфляциялық үдерістер мен бизнес-циклдарды сәйкес келтіруде, елдер-қатысушыларға меншікті ақшалық-несиелік саясатты өткізгенде бұлтарыстың тарылуына әкеледі.

Әлемдік валюта-қаржы жүйесінің өзгеруінің осы үдерісі жаһандық экономиканың мемлекетаралық реттеуі әлемдік институционалдық құрылымды және әлемдік валюталық жүйені жетілдіруімен өзара байланыс деп қарастыру керек.

Ол үшін бар халықаралық және ұлттықтан жоғары институтардың нәтижелілігін арттыруын іске асыру, атап айтқанда Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық Валюталық Қоры, сондай-ақ жаңа халықаралық және өңірлік ұйымдарды құру үшін алғышарттарды соның ішінде валюталық-қаржылық жасау ұсынылады.

3. Қаржы-экономикалық дағдарыстың  әсері өндіріс, экспорт, импорт мөлшерінің  қысқаруында, жұмыссыздық өсуінде  көрініс табады және елдерді  танымал емес шараларға жүгінуіне  мәжбүрлеу мүмкін. Сыртқы саудалық  қолдаушылық, демпинг, капиталдың қозғалу жолындағы кедергілер әлемдік экономикалық құлдыраудан шығу проблемасын шешпейді, бірақ дағдарыс тереңдеу шиыршығын арандату мүмкін. Дағдарысқа қарсы шараларды өткізу елдер арасында келесі әрекеттер арқылы келісілу керек:

- еркін сауда жасау үшін жағдайлар жасау, бірыңғай экономикалық кеңістіктер аймақтарын кеңейту;

- мемлекеттік-жекеменшік серіктестік рөлін нығайта отырып, инфрақұрылымдық салалардағы инвестициялық жобаларды бірлескен қаржыландыру, өңірлік қаржы жүйелері мен аймақтарын құру;

- ұлттық банкілердің халықаралық қаржы институттарымен – Бүкіләлемдік Банкпен, Еуропалық қайта құру және даму банкімен, Азиялық, Исламдық, Еуразиялық даму банктерімен және басқалармен – елдердің сауда-экономикалық ықпалдастықты қаржы қолдау үшін ынтымақтастықты жандандыру;

- дағдарысқа қарсы өңірлік қорлар құру;

- ынтымақтастықтың соңғы кезеңінде – елдердің валюталық, ақшалық-несиелік, қазыналық саясаттарын үйлестіру.

4. Қаржы-несие жүйесін шексіз ырықтандыру аса қарқынды несие беру және бейқам инвестиция салу жасауға, нақты экономика тамырынан үзілген қаржы нарықтары жүйесін құруға мүмкіндік жасады. Қалыптан тыс ұлғайған қаржы-несие жүйесімен қолданған жасанды сұраным тұтынушы қоғамның қолданыстағы үлгісінің дағдарысына алып келді.

Нәтижесінде әлемнің көптеген елдері үкіметтерінің дағдарысқа қарсы шаралары ұлттық банкілер жүйелерін қолдауға бағытталған, осы салаға теңдессіз миллиардтап қаражат құю және солар арқылы экономиканың өзге де салаларына мемлекеттік қаражатты үлестіру жүргізіліп жатыр.

Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың алғашқы қиындықтарын жеңген елдердің тәжірибесі экономикаға қалыпты несие ағындарын қалпына келтіру келесі негізге алынатын қағидаларды қолдау талап етілетінін көрсетті:

- дәстүрлі және қайта құрылған құралдар арқылы өтімділікті және қорландыруды арттыру;

- құзыретті органдардың бағасына сәйкес, жекелеген қаржы институттарының капитал қорын күшейту;

- әлсіреген активтер проблемаларын бірыңғайлап шешу;

- бұл елдердің банкі жүйелерінің қолданылу айқындылығын күшейту;

- сондай-ақ коммерциялық банкілердің активтері мен пассивтері құрылымын, олардың өтімділік жағдайын, қаржы тұрақтылығын, салық мүлігінің құнсыздануы және қаржыландырылатын жобалар аясында олардың несиелік портфелі қауіпсіздігін бағалау әдіснамасына өзгерістер енгізу мақсатқа лайық.

5. Ортақ күш-жігермен дағдарысты  жеңетінімізге еш шүбә жоқ. Бірақ, заманауи әлемдік экономикалық  жүйе болашақта дағдарысты жеңе  алу үшін төмендегілер орындалуы  қажет[39,б.43].

Қаржы, сауда, халықаралық аренадағы қатынастарды реттеудің ескертпелі жүйесін құру. Мұндай жүйе капитал қозғалысында белгілі бір салаларды және елдерде ресурстың шамадан тыс жиналуына себеп болады және күюіне, нәтижесінде дағдарыстық жағдайға алып келетін күрделі үйлеспеушіліктің пайда болуының алдын алуы.

Болашақ ғаламдық экономикалық, қаржы дағдарыстарын болжаудың, жекелеген елдердің және халықаралық институттардың жинақталған тәжірибесін есепке ала отырып, экономиканы циклдік дамытуға қатысы бар қауіп-қатердің ерте алдын-алуды әдіснамалық қолдаудың халықаралық жүйесін құру үшін елдердің күш-жігерін біріктіру қажет.

Дүниежүзілік Банк институтының қызметін құрылымдық реформаларды ұзақ мерзімді қаржыландырудан дағдарысты болдырмауға қайта бағдарлау керек. Дүниежүзілік банктің интеллектуалдық әлеуеті банк секторының, қаржыны реттеу және корпоративтік басқару жүйесін реформалауға, рейтингілік агенттіктер жұмысының механизмін одан сайын жетілдіруге, қаржы аудитінің стандарттарын өзгертуге бағытталуы тиіс.

Әлемдік экономикалық жүйені одан әрі дамыту парадигмасын радикалды ауыстыру және қалыптасқан догмалар мен таптаурындарды қайта қарастыру, біздің пікірімізше, болашақ әлемдік қаржы және экономикалық жүйенің негізі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Дипломдық жұмысымды қорытындылай келе, мынадай маңызды аспектілерге тоқталғым келіп отыр.

2008-2009 жылдары барша адамзатты  әуре-сарсаңға салып, барлық елдердің  экономикаларының ұйпа-тұйпасын  шығарған, қазір де көптеген мемлекеттерді  ұйығына тартып, батырып бара  жатқан дүниежүзілік экономикалық  дағдарысқа айналды.

Қаржы-экономиқалық дағдарыстың салдарынан үлкен сабақ алуға болады. Дағдарыстан кейінгі даму өте күрделі әрі қатерлі кезең деп айтуға толық негіз бар. Осы кезеңнен өтуде әлемдік экономика мен саясаттың барлық субъектілеріне дүниежүзілік тиімді даму формуласын табу көп нәрсеге байланысты.

Осындай жағдайда, әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесін қалыптастыруға үлкен мән беріледі. Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық дағдарыстың алғашқы күндерінен бастап одан аман-есен өтудің шарттарын жасап, экономиканың дағдарыстан кейінгі дамуына негіз салуға айрықша назар аударды және әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысқа қарсы мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесін қалыптастыруға ерекше мәң берген.

Президенттің тапсырмасы бойынша үкімет дер шағында дағдарысқа қарсы күрес шараларын ұйымдастырды. Осының арқасында экономиканы рецессиядан, яғни құрдымға құлаудан құтқарудың сәті түсті. Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және бақылау агенттігі жедел түрде әлемдік нарықтағы тұрақсыздықтың жағымсыз әсерлерін жұмсартуға бағытталған кезек күттірмес шаралардың кешенді бағдарламасын қабылдап, жүзеге асырды. Тұрақсыздық зардаптарын жеңілдетудің бірінші кезеңінің өзінде мемлекеттік бюджеттен бұған 550 миллиард теңге бөлінді.

Жаһандық төлемпаздық дефицитін тудырған қаржы дағдарысының екінші кезеңі экономиканың нақты секторына кәдімгідей зардаптарын тигізе бастады. Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру және сауықтыру бағытында жаңа, қосымша шаралар қолдануды талап етті.

Президенттің тапсырмасы бойынша Үкіметтің, Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және бақылау агенттігінің «2009-2010 жылдарға арналған экономика мен қаржы нарығын тұрақтандыру үшін қаржы нарығын реттеу және бақылау жөніндегі бірлескен әрекеттер жоспары» жасалды. Бұл жоспар жаһандық дағдарыстың Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жағдайына тигізетін зардаптарын неғұрлым жұмсартуы, сондай-ақ дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономикалық өсімге қажетті алғышартттарды қалыптастыруы тиіс болды және бұл міндетті атқарып шықты да. 2010 жылдан бастап атқарушы билік елдегі макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға және дағдарыстан кейінгі даму үшін жайлы жағдай жасауға айрықша назар аударды.

Информация о работе Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік басқарудың қазақстандық жүйесі