Маркетинговые услуги

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 11:19, курсовая работа

Описание работы

Банкроттық – нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық құбылыс болғандықтан Қазақстанда ол оны сауықтырудың құралына айналмады.
Кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету мақсатында қалыптасқан көзқарастар мен сараптауларды, экономикалық қатерлерді талдауды, дағдарысқа қарсы басқаруды, ғаламдану жағдайындағы қолдауды ғылыми негіздеу зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды және ғылыми-тәжірибелік құндылығын анықтайды

Содержание работы

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
Ι-ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні….5
1.2. Кәсіпорын банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің пайда болу себептері ………………………………………………………………….10
ІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ САЯСАТЫ
2.1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны……………………………………………………………………17
2.2. Кәсіпорынның қаржылық қабілетсіздігін бағалау шараларын талдау
………………………………...................................................………….21
2.3 «Көктас» АҚ –ның банкроттыққа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайын талдау……………………………………………………………….29
2.4 Дағдарысқа қарсы басқару- кәсіпорынның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі ретінде………………………………………………..………..…..36
ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………….....………………………..40
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………..…42

Файлы: 1 файл

Кәсіпорынның дағдарысы мен банкроттығы. КУРСОВАЯказгу.нуржан.doc

— 331.00 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3

 

Ι-ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Кәсіпорын банкроттығының  экономикалық табиғаты мен мәні….5

1.2. Кәсіпорын банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің пайда болу себептері ………………………………………………………………….10

 

ІІ. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы  басқару саясаты

2.1. Кәсіпорынның дағдарысқа  қарсы басқаруының мәні мен  мазмұны……………………………………………………………………17

          2.2. Кәсіпорынның қаржылық қабілетсіздігін бағалау шараларын талдау

………………………………...................................................………….21

      2.3 «Көктас» АҚ –ның банкроттыққа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайын талдау……………………………………………………………….29

 

           2.4 Дағдарысқа қарсы басқару- кәсіпорынның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі ретінде………………………………………………..………..…..36

 

ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………….....………………………..40

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………..…42

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

"Қазақстан-2030" Стратегиясында  дамудың ұзақ мерзімді басым  мақсаттарына ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын дағдарысқа қарсы басқаруының, шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу жатады. Стратегия түйінді міндеттердің бірі ретінде республикада индустриалдық әлеуетке негізделген, әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кездегі жетістіктері есебімен, көп салалық, бәсеке қабілетті өнеркәсіптік кешенді қалыптастыруды қарастырады.

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында соңғы жылдары  еліміздің экономикалық нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты түбегейлі өзгерістер орын алуда.

Банкроттық – нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық құбылыс болғандықтан Қазақстанда ол оны сауықтырудың құралына айналмады.

Кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету мақсатында қалыптасқан көзқарастар мен  сараптауларды, экономикалық қатерлерді талдауды, дағдарысқа қарсы басқаруды, ғаламдану жағдайындағы қолдауды ғылыми негіздеу зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды және ғылыми-тәжірибелік құндылығын анықтайды.

Кәсіпорындардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын зерттеу  өрісі әлі көптеген сұрақтар бойынша  кең болып қалып отыр. Кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы қамтамасыз етудің бағалау көрсеткіштері, дағдарысқа қарсы басқаруды экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізі ретінде қарастыру, мемлекет тарапынан дағдарысқа қарсы реттеудің экономикалық қауіпсіздікке тигізетін әсері, ғаламдану жағдайындағы саланың дамуын қамтамасыз ету бағыттары, кәсіпорындардың маңызы, ауыл шаруашылығы, машина жасау, химия өнеркәсіптерімен өзара тығыз байланыстарын назарға ала отырып, тиімді даму тізбегін құру мәселелері жан-жақты сараптауды талап етеді. Үдемелі қарқынмен дамып отырған технологиялық, инновациялық, ғылыми-техникалық факторлар және нарық сұранысының өзгермелілігі тұтынушылар зердесінен шығатын тауарлар өндіру қажеттілігін анықтайды. Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету теориялық және әдіснамалық тұрғыдан саралау қажеттілігі курстық зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз болды.

Курстық жұмыстың мақсаты  кәсіпорындардың қызметтерін жан-жақты  зерттей отырып, олардың экономикалық дағдарысқа қарсы, дағдарысқа қарсы  басқару және оларды қолдану бойынша нақты ұсыныстар жасау.

Белгіленген мақсатқа жету үшін зертеу жұмысының келесі міндеттері анықталды:

  • -дағдарысқа қарсы қатысты анықтамаларды зерттеу және олардың мазмұнын ашу;
  • дағдарысқа қарсы басқарудың экономикалық тигізетін әсерін анықтау;
  • -жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің әлемдік нарығының даму беталысын бағамдау;
  • Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің және сала кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды салыстырмалы түрде талдау;
  • -ғаламдану жағдайындағы кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағдарларын негіздеу.

Экономикалық дағдарысқа қарсы басқарумен байланысты ұйымдастырушылық – экономикалық қатынастар жиынтығы кіреді.

Зерттеу объектісі ретінде  банкроттыққа ұшыраған кәсіпорындарды атауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ι. КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Кәсіпорын  банкроттығының экономикалық табиғаты  мен мәні

 

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі оның қаржы-экономикалық тұрақтылығы болып табылады. Бірақ бірқатар отандық кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуы ойдағыдай қолданыс таба алмай, дәрменсіз немесе банкроттық жағдайға душар болуда.

Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы ретінде соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралың 07.04.1995 жылғы № 2173 Заңына сәйкес, ол қарызын төлей алмайтын, ақшалай міндеттемелер талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады.Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, мідеттемелердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанарлықсыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.

Баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымы борышкердің мүлкі мен  міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың  алдында мүлік есебінен міндеттемелерін дәл уақытысында төленбеуі жағдайында орын алады. Мұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.

«Банкроттық» ұғымы  экономикалық және құқықтық қатынастардың өзара тығыз байланысқан кең саласын қамтиды. Құқықтық тұрғыдан, банкроттық – кәсіпорынның жойылуына (ликвидация) негіз болатын төлемқабілетсіздігінің құқықтық танылуы болып саналады. Совет энциклопедиялық сөздікте банкроттық (итальян сөзі Banco – банк және gotto – құлдырау) – дәрменсіз, кәсіпорынның немесе азаматтың қаржысыз болуы, осыған орай өз міндеттемелерін төлеуге дәрменсіз болуы .

Дәрменсіздік (банкроттық) орыс ғалымдарының көзқарастары бойынша  – борышкердің төлемқабілетсіздігінің сотпен анықталуы немесе баланс құрылымының қанағаттанарлықсыз болуы.

Ал қазақстандық ғалымдар өз анықтамасын ұсынды: банкроттық – шаруашылық субъектісінің экономикалық дәрменсіздігі, оның қарыз міндеттемелері бойынша төлемқабілетсіздігі, шаруашылық соттың шешімімен жариялануы.

Жалпы банкроттық өзінің мәні бойынша – нарықтық экономиканың қалыпты құбылысы, бәсекелік күрестің табиғи процесі. Банкроттық бәсекелік  күрес нәтижесі ретінде өндірістің дамуын, іскерлікті ынталандырады.

Банкроттық-кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық банкроттықы жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын жақсартуға бағыттылған бағдарлама жасау керек.

 Дегенмен көптеген  ғалымдар банкроттықты құқықтық  қатынастарды сипаттайтын категория  ретінде қарастырады. Құқықтық  тұрғысынан банкроттық – ол  сот шешімімен немесе борышкердің жариялауы бойынша борышкердің қаржы міндеттемелері бойынша кредиторлардың талабын толық қанағаттандыруға дәрменсіздігі. Банкроттық – кәсіпорынның жойылуына негіз болатын оның төлемқабілетсіздігінің құқықтық танылуы болып табылады. Құқықтық бағыттың негізі соттың дәрменсіз деп тануы.

Сонымен бірге қазақстандық зеттеушілер төлемқабілетсіз және дәрменсіз түсініктеріне нақты  жауап берген: төлемқабілетсіз –  деп борышкердің өтеу мерзімі  бойынша қаржы міндеттемелрі  мен басқа да қарсы сипатындағы  талаптарын орындай алмауы, ал дәрменсіз – деп кәсіпорынды банкрот деп тану мақсатында тауарлар (жұмыс, қызмет) төлемі бойынша кредиторлар талабын қанағаттандыра алмауы.

Жалпы әрбір кәсіпорын  үшін кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы басқарудың рөлін атқарады. Осыған сәйкес кәсіпорындар өндірген өнімдердің бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықтағы тауарлардың сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылады.

 Экономика-құқықтық  тұрғыда банкроттықты қарастыруда  оны таза экономикалық, немесе  таза құқықтық деп бөлуге болмайды.

Банкроттықты экономикалық тұрғысынан қарастырғанда негізінен  шаруашылық субъектісінің дәрменсіз болуының себептерін зерттеуге бағытталады. Сонымен бірге, банкроттық макро-, микроэконмикалық түрде қарастырылады, яғни бірінші бағыт бойынша нарық теориясының қорытындыларына негізделсе, екінші – фирмалар теориясына негізделеді.

Басқаша айтқанда, экономикалық бағыт кәсіпорынның банкроттығын экономикалық механизмдерін, яғни оны қаржы банкроттықы ретінде қарастырады, ал құқықтық бағыт-кәсіпорынның төлемқабілетсіз, яғни банкроттық жағдайға душар болғанын мойындағаннан кейінгі кәсіпорындардың жоюлуы. Ұйымдастырушылық – құқықтық механизмі, банкроттықтың күрделі табиғатынан туындайды, яғни ол макроэкономикалық, микроэкономикалық және қоғамдық аспектіге ие: экономика тұрғысынан банкроттық және ликвидациялық процесс ретіндегі банкроттық.

Сонымен, банкроттық деп кредиторлар мен борышкерлер арасындағы соңғылардың төлемқабілетсіздігі мен міндеттемелері бойынша уақытылы қарызын төлей алмауы бойынша қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория болып табылады.

Кез келген басқару қызметі  өз деңгейінде тәуекел сипатына ие болады. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы басқару шешімдерінің қабылдау күрдешілікті мен олардың нәтижесін болжау күрделілігімен сипатталады. Коммерциялық ұйымдар пайданы максимализациялауға ұмтылуда заңдылыққа сүйенеді: пайда көп болған сайын, тәуекел де көп болады. Мұндай жағдай үш мүмкін болатын экономикалық нәтижесінен сипатталады: теріс (жеңілу, жоғалту, банкроттық, зиян), нөлдік, оң (жеңіс, пайда, табыс).

Кәсіпкерлік және тәуекел  екі ажырамас түсінік. Банкроттық жағдайында кәсіпорынның банкроттыққа ұшырау ықтималдығы жоғары болады.

Кәсіпкерлік процестің  қозғаушы күші (тәуекелге бару тілегі) Макконел К.Р. мен Брю бойынша  жеке қызығушылық: «әрбір экономикалық бірлік өзіне тиімді іске ұмтылады. Сондықтан кәсіпкерлер мақсаты  кәсіпорынның пайдасын максимализациялау немесе жоғалтуларды максимализациялау болып саналады. Осыған байланысты кәсіпкер пайда табу үмітіне қарай баруға мәжбүр.

 Кәсіпкерліктің соңғы  нәтежиесі-өндірілген өнім мен  қызмет болып табылады. Жалпы  кәсіпорынның табысты дамуын қарастыруға болады,ол 4 сатыдан тұрады :

1) Жаңа идеяларды іздеу  мен бағалау.

Барынша көп табыс  келтіру-кәсіпкерліктің ең қозғаушы факторы. Кәсіпкерлер өзіне тиімді өзгерістер,яғни жұмыстарына жаңалықтарды енгізеді, мақсаты-пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі бір уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске шығармашылықпен қарау іскерлік әлемінде жоғары бағаланады.

2) Бизнес-жоспарды құру.

Бизнес-жоспарды құру -күрделі  мәселелердің бірі, яғни өзіне нарық  сегменттерін қосатын, оның қөлемін  және негізгі сипаттамаларын, маркетинг  жоспарын, өндірістік және қаржылық жоспарларды  қамтамасыз ету болып табылады.

3) Қажетті ресурстарды  табу.

Бұл ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау; бастапқы деңгейден қаталама деңгейді ажырата білу; ресурстар жетіспеушілігімен байланысты теріс зардаптарды бағалау жұмыстары жүзеге асырылады.

4) Құрылған кәсіпорынды  басқару.

Әрбір кәсіпорынды басқару  мәселесі - нақтыланған өнім стилінің басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру, табыстың шешуші тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы шешім қабылдаудан тұрады.

 Ал жалпы жаңа  кәсіпорын құру процесі 3 негізгі  кезеңнен тұрады:

1-ші кезеңді дайындық кезеңі деп аталады, мұнда кәсіпкердің қызмет түрін және көлемін анықтау және ұйымдастырушылық- құқықтық формасын таңдайды;

2-ші кезең, яғни  құрылтайшылық кезеңде құрылтайшы  құжаттарды дайындау процесиері  мен мемлекеттік тіркелу және  кәсіпорынның атрибуттарын енгізу мәселелері шешіледі,

3-ші ұйымдастырушылық  кезеңінде жаңа шағын кәсіпорынның  ұйымдастырушылық құрылымын құру  мәселесі қарастырылады, яғни  негізгі өндірістік құрылымын,  басқару құрылымы, персоналдық құрылым  және өндірістік инфрақұрылым.

Информация о работе Маркетинговые услуги