Маркетинговые услуги

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 11:19, курсовая работа

Описание работы

Банкроттық – нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық құбылыс болғандықтан Қазақстанда ол оны сауықтырудың құралына айналмады.
Кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету мақсатында қалыптасқан көзқарастар мен сараптауларды, экономикалық қатерлерді талдауды, дағдарысқа қарсы басқаруды, ғаламдану жағдайындағы қолдауды ғылыми негіздеу зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды және ғылыми-тәжірибелік құндылығын анықтайды

Содержание работы

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
Ι-ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні….5
1.2. Кәсіпорын банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің пайда болу себептері ………………………………………………………………….10
ІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ САЯСАТЫ
2.1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны……………………………………………………………………17
2.2. Кәсіпорынның қаржылық қабілетсіздігін бағалау шараларын талдау
………………………………...................................................………….21
2.3 «Көктас» АҚ –ның банкроттыққа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайын талдау……………………………………………………………….29
2.4 Дағдарысқа қарсы басқару- кәсіпорынның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі ретінде………………………………………………..………..…..36
ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………….....………………………..40
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………..…42

Файлы: 1 файл

Кәсіпорынның дағдарысы мен банкроттығы. КУРСОВАЯказгу.нуржан.doc

— 331.00 Кб (Скачать файл)

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Жалпы қаржылық жоспарлау  – бұл қаржы механизмінің қосалқы  жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды  элементтерінің бірі. Қаржылық жоспарлау- бұл қаржы жоспарларын әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі.

Қарастырылып отырған  кәсіпорында қаржылық жоспарлаумен  қаржы және экономикалық талдау бөлімі шұғылданады. Бұл бөлім кәсіпорында  жоспарлы тапсырмаларды орындауға  қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтайды, кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау сияқты шараларды жүзеге асырады.

Кәсіпорында қаржылық жоспарларды  жасау негізінен 3 кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде есеп беріліп  отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, ішкі шаруашылықтық резервтерді табуға мүмкіндік береді. Екінші кезеңде көрсеткіштер негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы түрлерінің есеп- қисаптары жасалады. Үшінші кезеңде қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.

2011 жылдың маусым айынан бастап “Көктас” АҚ-ның қызметкерлері еңбекақысын банкоматтан карточкалар арқылы алады. Кәсіпорын мен Халық Банкі арасында тиісті келісім шарт жасалған. Бұл кәсіпорынның ақшаны тасымалдау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты шығындарды азайтуға және бухгалтердің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік жасайды. 

Әлеуметтік салық - мемлекетте алынатын салықтардың бірі. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орындарына енгізілген. Кәсіпорында әлеуметтік салықты төлеу, салық төлеушінің тіркеу алынған жері бойынша есепті айдан кейінгі айдың 15- інен кешіктірілмей жүргізіледі. 2010 жылы 420 400 мың теңге сомасы шамасында бюджетке төленген. Жер салығын анықтау үшін алаңы салық базасы болып табылады. Салық мөлшерлемесі жердің сапасына, тұрған орнына, сумен қамтамасыз етілуіне қарай сараланған және жер алаңының бір өлшеміне- гектарға, шаршы метрге белгіленген. 2010 жылы “Көктас” АҚ иелігіндегі жер үшін 6 458 000 теңге мөлшерінде салық төледі.

Кәсіпорынның негізгі  қорларының құраушы бөліктерінің бірі болып көлік құралдары мен  тасымалдау шараларына пайдаланылатын көлік құралдары табылады. Салық  мөлшерлемесі көлік құралдары двигательдерінің көлеміне, қуатына немесе жүк көтергіштігіне қарай айлық көрсеткіштерге белгіленген және көлік құралдарының түрлері бойынша сараланған. 2010 жылы иелігіндегі көлік құралдары үшін “Көктас” ААҚ 325200 мың теңге сомасын бюджетке төледі.Мүлікке салынатын салық тура нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады, мүлік салығы 2010 жылы 9 22 888,8 мың теңге сомасында төленді. «Көктас» ААҚ 1999 жылы жұмысшылар саны 450 адам, өндіріс көлемі  450 (мың м³), жылдық айналым 128,3 (млн.тг) болса. 2009 жылы жұмысшылар саны 480 адам, өндіріс көлемі  505 (мың м³), жылдық айналым 140 (млн.тг)болды. Ал 2010 жылы жұмысшылар саны 590 адам, өндіріс көлемі  640 (мың м³), жылдық айналым 177,0 (млн.тг) болды.  Ал «Көктас» ЖАҚ-да 1999 жылы жұмысшылар саны 370 адам, өндіріс көлемі  750 (мың м³). 2008 жылы жұмысшылар саны 520 адам, өндіріс көлемі  825 (мың м³), жылдық айналым 9600 (млн.тг) болса. Ал 2010 жылы жұмысшылар саны 780 адам, өндіріс көлемі  104 0 (мың м³), жылдық айналым 13 900 (млн.тг) болды.

2010 жылы “Көктас” АҚ 79 723 996 мың теңге сомасында корпоративтік табыс салығы төленді. Корпорациялық табыс салығының мөлшерлемесі 30 пайыз болып есептелінеді, ол белгілі бір мөлшерде ағымдағы айдың 20- сынан кешіктірмей ай сайын төлеп тұруға міндетті.

Жанама салықтардың  ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген  қосымша құн салығы болып табылады. ҚҚС дүние жүзінің 40-тан астам  елдерінде пайдаланылады. Жоғарыда келтірілген кестенің мәліметтері  бойынша кәсіпорын ол 2010 жылы 29 175,7 мың теңге мөлшерінде бюджетке төленді. Ал енді диаграммалар бойынша анализге келсем:

Кәсіпорынның салық  периодының басы және аяғынның қаншалықты теңгеге төленгені бойынша қөрсетілген (Сурет-2) Яғни салық кезеңінің басында 43%  пайызы ғана төленген. Ал салық периодының аяғында калған 57% толығымен төленген.

 

Сурет 2 -Кәсіпорынның 2011 жылғы салық төлемі

*Дерек көзі: «Көктас»  АҚ  қаржылық есептемесі.

 

Материалдық емес активтердің  жыл басы мен жыл аяғындағы  салыстырмалы көрсеткіші көрсетілген (Сурет-3). Салық кезеңінің басында материалдық емес активтердің 5 636 533 теңге (50%) құраса, салық кезенінің аяғында ол 5 698 533 теңге (50%) құрады.

 

 

Сурет 3 - Материалдық  емес активтердің 2011 жылғы көрсеткіші

 

Тауарлы-материалдық қорлардың жыл басы мен жыл аяғындағы салыстырмалы көрсеткіші көрсетілген (Сурет-4). Салық кезеңінің басында тауарлы-материалдық қорлар 2 02 470 911 теңге (32%) құраса, салық кезеңінің аяғында ол 428 587 920 теңге (68%) құрады.

 

 

Сурет 4 - Тауарлы материалдық қорлардың 2011 жылғы көрсеткіші

    *Дерек көзі: «Көктас» АҚ  қаржылық есептемесі.

 

Материалдық емес активтер мен тауарлы-материалдық қорлар бойынша, 2011 жылғы салық кезеңінің басы мен аяғы арасында, қаншалықты салық төлегендігі көрсетілген. Мысалы, 2011 жылғы салық кезеңінің басында, материалдық емес активтер 5 636 533 ( 3%), ал тауарлы – материалдық қорлар  2 02 470 911 теңге (97%) құрады. Немесе мысалы, 2011 жылғы салық кезеңінің басында, материалдық емес активтер 5 698 533 теңге (1%), ал тауарлы-материалдық қорлар салық кезеңінің аяғында 428 587 920 (99% ) құрады.

Дебиторлық қарыз бен  ақша қаражаттарының  арасындағы 2010 жылдың басында, дебиторлық қарыз 882 701 223 теңге (77%), ал ақша қаражаттары    270 903 276 теңге (23%) құрады. Немесе мысалы, дебиторлық қарыз бен ақша қаражаттарының  арасындағы 2011 жылдың аяғында, дебиторлық қарыз 913 908 385 теңге ( 82%), ал ақша қаражаттары 194 330 517теңге (18%) құрады.

Жеке меншік капитал  мен міндеттемелердің салық кезеңінің  басы мен аяғынның қаншалықты тенгеге төленгені бойынша қөрсетілген. Яғни салық периодының басында 3 066 747 186 теңге (43%)  пайызы ғана төленген. Ал салық периодының аяғында 4 135 337 299 теңге (57%) толығымен төленген.

Жеке меншік капитал, ұзақ мерзімді міндеттемелер және ағымдағы міндеттемелердің салық кезеңінің басы мен аяғының қаншалықты теңгеге төленгені бойынша қөрсетілген. Яғни салық периодының басында жеке капитал  2 541 222 220 теңге (17%)  пайыз, ұзақ мерзімді міндеттемелер 0 теңге (0%), ағымдағы міндеттемелер 525624968 теңге (83%)  пайызын құрайды. Ал салық периодының аяғында жеке капитал 2 849 991 979 теңге (33%)  пайыз, ұзақ мерзімді міндеттемелер 130 000 теңге (0%), ағымдағы міндеттемелер 1 385 345 320 теңге (67%) пайызын құрайды.

 

       

Сурет 5 - Дебиторлық қарыз бен ақша қаражаттарының  арасындағы

2011 жылдың аяғында көрсеткіші

         *Дерек көзі: «Көктас» АҚ  қаржылық  есептемесі.

 

Материалдық емес активтер мен тауарлы-материалдық қорлар бойынша, 2010 жылғы салық кезеңінің басы мен аяғы арасында, қаншалықты салық төлегендігі көрсетілген. Мысалы, 2011 жылығы салық кезенінің басында, материалдық емес активтер 5 636 533 ( 3%), ал тауарлы – материалдық қорлар 202 470 911 теңге (97%) құрады. Немесе мысалы, 2010 жылғы салық кезеңінің басында, материалдық емес активтер 5 698 533 теңге (1%), ал тауарлы-материалдық қорлар салық кезеңінің аяғында 428 587 920 (99% ) құрады.

Дебиторлық қарыз бен  ақша қаражаттарының  арасындағы 2010 жылдың басында, дебиторлық қарыз 882 701 223 теңге (77%), ал ақша қаражаттары   270 903 276 теңге (23%) құрады. Немесе мысалы, дебиторлық қарыз бен ақша қаражаттарының  арасындағы 2011 жылдың аяғында, дебиторлық қарыз 913 908 385 теңге ( 82%), ал ақша қаражаттары 194 330 517теңге (18%) құрады

Жеке меншік капитал  мен міндеттемелердің 2010 жылғы салық кезеңінің басы мен аяғының қаншалықты теңгеге төленгені бойынша қөрсетілген. Яғни салық периодының басында 3 066 747 186 теңге (43%)  пайызы ғана төленген. Ал салық периодының аяғында 4 135 337 299 теңге (57%) толығымен төленген.

Жеке меншік капитал, ұзақ мерзімді міндеттемелер және ағымдағы міндеттемелердің 2010 жылғы салық кезеңінің басы мен аяғының қаншалықты теңгеге төленгені бойынша қөрсетілген. Яғни салық периодының басында жеке капитал 2 541 222 220 теңге (17%)  пайыз, ұзақ мерзімді міндеттемелер 0 теңге (0%), ағымдағы міндеттемелер 525 624 968 теңге (83%)  пайызын құрайды. Ал салық периодының аяғында жеке капитал 2 849 991 979 теңге (33%)  пайыз, ұзақ мерзімді міндеттемелер 130 000 теңге (0%), ағымдағы міндеттемелер          1 385 345 320 теңге (67%) пайызын құрайды.

Сонымен қатар, Қазақстанда  бұл компанияның көптеген өндіріс  объектілері, қайта өндіру объектілері, тұтынушы өнімдер шығаратын объектілері  бар.

Отандық кәсіпорындардың  дамуының тигізетін әсері:

  • Отандық кәсіпорындардың дамуы еліміздегі жұмыссыздық деңгейінің азаюына;
  • Отандық кәсіпорындардың құрылыс-материалдарын  оңай, әрі тез алуға;
  • Еліміздің экологиялық жағдайын экологиялық  жақсартуға;
  • Тамақ өндірісін дамытуға;
  • Денсаулық жақсартуға;
  • Ауыл шаруашылығын дамытуға;

Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайы жылдан-жылға жақсара  түсуде. «Көктас» АҚ 2009 жылы жұмысшылар саны 450 адам, өндіріс көлемі  450 (мың м³), жылдық айналым 128,3 (млн.тг) болса. 2010 жылы жұмысшылар саны 480 адам, өндіріс көлемі  505 (мың м³), жылдық айналым 140 (млн.тг)болды. Ал 2011 жылы жұмысшылар саны 590 адам, өндіріс көлемі  640 (мың м³), жылдық айналым 177,0 (млн.тг) болды.  Ал «Көктас» ЖАҚ-да 1999 жылы жұмысшылар саны 370 адам, өндіріс көлемі  750 (мың м³). 2010 жылы жұмысшылар саны 520 адам, өндіріс көлемі  825 (мың м³), жылдық айналым 9 600 (млн.тг) болса. Ал 2011 жылы жұмысшылар саны 780 адам, өндіріс көлемі  1 040 (мың м³), жылдық айналым 13 900 (млн.тг) болды. Кәсіпорынның тұрақтылығы орташа жағдайда екенін қарауға болады.

 

2.3 «Көктас» АҚ –ның банкроттыққа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайын талдау

 

 Бұл бөлімде «Көктас»АҚ  – ның банкроттыққа ұшырау  мүмкіндігі және қаржылық жағдайына  диагностика жүргіземіз.

 Нарықтық қатынастар  жағдайында кәсіпорынның қаржылық  жағдайын анализдеу маңызды роль атқарады. Бұл мынаған байланысты, кәсіпорын тәуелсізденеді және жеке меншіктер ,жұмысшылар, комерциялық серіктестіктер алдында өндірістік кәсіпкерлік қызыметі бойынша жауапкершілікте болады. Нарық жағдайындағы қаржылық анализдің көп тараған әдісі - әртүрлі қаржылық коэффициенттерді төрт топта қарастырамыз:

  • мүліктік жағдайын бағалау
  • жұмыс белсендігін бағалау
  • қаржы тұрақтығын бағалау
  • кәсіпорынның табыстылығын бағалау

 Кәсіпорынның қаржы  тұрақтығын бағалау үшін объективті , ғылыми негізделген және оптималды басқармашылық, өндірістік және әсіресе қаржылық жағдайын талдау керек. Терең және нақты талдау базасы болған жағдайда ғана кәсіпорынның қызыметін объективті бағалауға, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығынкүшеитетін және оның жұмыс белсенділігін арттыратын басқармашылық шешімдер беруге болады.

 

Кесте 1 - Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау

Көрсеткіштер

2010 ж

2011 ж

Нормалық мәні

1

Өндістік мүлік коэффициенті

1,6812

1,6219

>=0,5

2

Активтердің мабилділік және мобилді құралдар коэффициенті

0,4222

0,4541

<0,5

3

Негізгі құралдардың  құн коэффициенті

0,7306

0,8319

<0,5

4

Негізгі құралдардың  тозу коэффициенті

0,5778

0,5459

<0,5

5

Мобилді активтер коэффициенті

0,6054

0,6055

>0,5


 

Бесінші кестеде кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау көрсетілген. Мұнда 1– ші өндіріске бағытталған мүлік коэффициенті қарастырылған :

0.57. Талданып отырған кәсіпорында  бұл коэффициент деңгейі 2010 жылы 1,6812, 2011 жылы 1,6219 –ды көрсетті. Бұл көрсеткіштің мәні талданып отырған кезеңнің нормативті деңгейіне тең.

 Бұл көрсеткіштен  кейін баланыс валютасын дағы  ағымды активтердің бөлігін анықтау  қажет.Кәсіпорын активтерінің мобилділік  коэффициентінің өсуі ол ағымдағы  активтер құнының кәсіпорынның  барлық мүлкінің құнына қатынасына  тең. /7/

 Біздің кәсіпорында  бұл коэффициент деңгейі 2010 жылы 0,4222, ал 2011 жылы 0,4541-ді құрағанын көрсетеміз. Бұл коэффициент сәл ғана өсті. Кәсіпорын активтерінің орналастыру тиімділігін көрсететін келесі көрсеткіш – кәсіпорын активтерін орналастыру коэффициенті болып табылады. Ол мабилді және мобилденген құралдар қатынасымен есептелінеді.

 Ол ұзақ мерзімді  активтер құны мен сонымен  ағымдағы активтер құнының айырмашылығымен  анықталады. Өндірістік кәсіпорындарда  бұл коэффициент деңгейі 0,5 –  тен кем болмауы керек . Талданып отырған кәсіпорында оның деңгейі 2010 жылы 0,7306; 2011 жылы 0,8319 . Бұл коэффициенттің деңгейінің өсуі мобилденген құралдарға қарағанда мобилді құралдар қарқынының өсуіне байланысты болады.Біздің кәсіпорында бұл коэффициент аптималды мәнге ие, бірақ 2011 жылы сәл төмендегенін көреміз . Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын қызыметі және оның дамуы жеке капитал, яғни өзін - өзі қаржыландыру көздеріне байланысты жүргізіледі. Жеке капиталдың жетіспеушілігіне баиланысты жағдайда ғана кәсіпорын заёмды құралдарды тартады. Бұл жағдайда сыртқы заёмдық бұлақтардан қаржының тәуелсіздігі маңызды. Бірақ ол мүмкін емес жеке капиталдың фактылық мөлшерін құру ғана емес, капиталдың жалпы соммасының шекті салмағын анықтау қажет. Бұл көрсеткіш әр түрлі аталады(жекеменшік коэффициенті, тәуелділік коэффициенті, автаномдық коэффициент) , бірақ оның мағынасы біреу ғана – ол бойынша бірнеше кәсіпорын , заёмды құралдардан тәуелсіз, жеке құралдармен қызымет ете алады. Бұл коэффициенттің жеткілікті деңгейі 0,5 – 0,6 – ға тең. Біздің жағдайда бұл коэффициент деңгейі 2010 және 2011 жылдары олардан асады, яғни 0,8833 -0,758. Ол кәсіпорынның қаржысының тұрақты екенін көрсетеді. Зерттелініп отырған кәсіпорында ол коэффициент 2010 жылы 0,1167, 2011 жылы 0,242 –ге тең. Бұл тәуелділік коэффициенті мөлшерленген мәннен едәуір төмен .

 Осы кәсіпорынның  қаржы тұрақтылын көрсететін  басқа да коэффициенттер , 2 –  шы кестеде көрсетілген. 

 Кәсіпорынның қаржы  тұрақтылығын мінездейтін келесі  көрсеткіш – қаржыландыру коэффициенті болып табылады. Бұл коэффициент деңгейі жоғарлаған сайын банктер және инвесторлар үшін қаржыландыру сенімдірек болады. Бұл коэффициент кәсіпорынның қай бөлігі жеке құралдармен және қай бөлігі заёмдық құралдармен қаржыландыратынын кқрсетеді. Бұл коэффициенттің бірден төмендеуі, кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің төмендегенін көрсетеді,яғни кредит алуды қиындатады. Біздің кәсіпорынның қаржыландыруы коэффициенті 2010 жылы 7,7525, 2011 жылы 3,1329 – ға жетті.

Информация о работе Маркетинговые услуги