Маркетинговые услуги

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 11:19, курсовая работа

Описание работы

Банкроттық – нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық құбылыс болғандықтан Қазақстанда ол оны сауықтырудың құралына айналмады.
Кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету мақсатында қалыптасқан көзқарастар мен сараптауларды, экономикалық қатерлерді талдауды, дағдарысқа қарсы басқаруды, ғаламдану жағдайындағы қолдауды ғылыми негіздеу зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды және ғылыми-тәжірибелік құндылығын анықтайды

Содержание работы

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
Ι-ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні….5
1.2. Кәсіпорын банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің пайда болу себептері ………………………………………………………………….10
ІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ САЯСАТЫ
2.1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны……………………………………………………………………17
2.2. Кәсіпорынның қаржылық қабілетсіздігін бағалау шараларын талдау
………………………………...................................................………….21
2.3 «Көктас» АҚ –ның банкроттыққа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайын талдау……………………………………………………………….29
2.4 Дағдарысқа қарсы басқару- кәсіпорынның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі ретінде………………………………………………..………..…..36
ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………….....………………………..40
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………..…42

Файлы: 1 файл

Кәсіпорынның дағдарысы мен банкроттығы. КУРСОВАЯказгу.нуржан.doc

— 331.00 Кб (Скачать файл)

Кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз ету үшін меншікті корпоративті ресурстар  пайдаланылады:

1. Капитал ресурсы;

2. Персонал ресурсы;

3. Ақпараттар және технологиялар ресурстары;

4. Техника және жабдықтар ресурстары;

5. Құқық ресурстары: патенттер, лицензиялар, экспорттық квоталар және т.б.

Экономикалық субъектілердің іс-әрекеттері әлеуметтік-экономикалық мәртебені анықтайтын экономикалық қызығушылықтардан тұрады. Меншік иелерінің және жалдамалы қызметкерлердің экономикалық мүдделерінің бар екенін айта кеткен жөн. Меншік иесінің, сәйкесінше кәсіпорынның бар мүддесі таза табыс алумен байланысты болғандықтан, оны алуға кедергі келтіретін факторлардың бәрі сәйкесінше экономикалық қатер болып табылады. Осылайша біз экономикалық қатер деп, таза табыс мөлшерінің төмендеуіне немесе жойылуына әкелетін мүмкін жағдайды айтамыз.

Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару ең алдымен менеджерлердің мүмкін қатерлерді көре білу және алдын-алу, пайда бола бастаған қиындықтарды тез шешіп, оң жолға түсу шараларын жүзеге асыруымен байланысты.

Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруда төнетін  қатерлерді келесі түрде жіктейді:

- Субъективті, кәсіпорынның немесе оның басшылығының тиімсіз қызметімен байланысты, қатерлер. Мысалы: төмен бәсеке қабілеттілік әсерінен өнімнің нарықта өтпеуі, қаржылық тұрақсыздық жағдайы.

- Объективті, кәсіпорынға тәуелсіз жағдайлардан болатын қатерлер. Мысалы: инфляция деңгейі, табиғат апаттары.

Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару функционалдық  тұрғыдан келесі элементтерден тұрады:

- Технико-технологиялық;

- Интеллектуалдық және кадрлық;

- Қаржылық;

- Саяси-құқықтық;

- Ақпараттық;

- Экологиялық.

Осы элементтерге толығырақ  тоқталып кетейік.

Технико-технологиялық  элемент. Экономикалық дағдарысқа қарсы  басқаруды қамтамасыз етуде менеджерлердің кәсіпорындағы технология, құрал-жабдықтар  әлемдік стандарттарға сай келетінін, балама өнімдерді шығаратын кәсіпорындарда қандай технология пайдаланатынын, қолданыстағы технологияны ішкі резервтердің көмегімен жақсарту мүмкіндігін талдау және жаңа ғылыми ізденістерді байқауы керек.

Интеллектуалдық және кадрлық  элемент. Қазіргі экономикалық жағдайларда экономикалық дағдарысқа қарсы басқару деңгейі көп жағдайда мамандардың біліктілігімен анықталады. Сондықтан, кәсіпорында жұмыскерлерді іріктеу, оқыту және ынталандыру жүйесі ұйымдастырылған деңгейде болуы керек. Оның үстіне, кәсіпорынның басқару персоналы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жағдайын үнемі талдап отыруы, дағдарыс жағдайында сасып қалмайтындай болуы керек.

Қаржылық элемент. Бұл  элемент кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы  меншікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты болғандықтан маңызды болып саналады. Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығының жойылу себептері өндіріс көлемінің төмендеуімен, өнімнің өзіндік құнының жоғары болуымен, активтерді тиімсіз жоспарлау және басқарумен байланысты болады. Қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін кәсіпорынның қаржылық - экономикалық қызметінде нақты тапсырмаларды жоспарлау және өткізу жолдарын қарастырған жөн. Келесідей стратегиялық міндеттерді анықтауға болады: өнімді жетілдіру, өзіндік құнды төмендету, аз шығындармен өндіріс тиімділігіне қол жеткізу, рентабельділіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету.

Саяси - құқықтық элементті  қорғаудың үрдісін келесі түрде  жүргізуге болады:

- кері әсерлерді анықтау;

- қорғаудың қазіргі деңгейін талдау;

- осы деңгейді жетілдіру бойынша шараларды жоспарлау.

Ақпараттық элемент. Кез-келген ұйым немесе кәсіпорынның құрамында  ақпараттарды жинап, сақтап, өңдейтін белгілі бір бөлімше болуы  керек. Осы бөлімшенің мақсаты болып, кәсіпорынға келетін барлық ақпараттарды талдап, ары қарай дамуы үшін колдана  білу табылады. Кәсіпкерлік құпияны сақтайтын шараларда осы бөлім арқылы жүргізілуі керек.

Экологиялық элемент. Кәсіпорын  экологиялық мөлшерлерді бұзудан  болатын айып пұлдары сияқты шығындарды төлегісі келмесе, халықаралық және ұлттық экологиялық мөлшерлерді  сақтауы керек.

Осы ретте, біздің ойымыз бойынша, келесі шаралар алгоритмі  тиімді болар еді:

1. Мүмкін болатын экономикалық қатерлерді талдау;

2. Қарсы шараларды жоспарлау;

3. Қабылданған шаралардың орындалуын бақылау;

4. Экономикалық дағдарысқа  қарсы басқару жүйесінің тиімділігін талдау.

Кәсіпорындардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету үрдісі, біздің ойымыз бойынша, бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші  кезеңде кәсіпорын үшін қолайсыз жағдайлардың пайда болуының түрлері  мен себептері анықталуы қажет. Екінші кезеңде сол қатерлердің алдын-алатын шаралар жүйесі іске қосылуы керек. Үшінші кезеңде олардың орындалуы бақылауға алынса, төртінші кезенде тиімділігі талдануы мүмкін. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің қызметі оң бағаланса, шараларды қайтадан бастауға болады, қанағаттанарлықсыз деңгейде болса, тиімді қызмет жасайтын жүйе құру керек болады.

Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етудің ағымдағы жағдайын бағалауда кәсіпорынның өз өнімін өткізу көлемі туралы ақпаратының мәні зор. Бұл жерде басты көрсеткіш болып, сатылымдардың ассортименті мен аймақтық құрылымы анықталады. Маркетингтік тұрғыдан кәсіпорынның тауар нарығындағы орнын, бәсекелестерінің артықшылықтары мен әлсіз тұстарын анықтау кәсіпорынның нарықтағы үлесін, баға-сапа қатынасын, баға саясатын, бәсекелік стратегиясын анықтауға-мүмкіндік береді.

Ешкім және ешқашан дағдарыстан  қорғап қалуға кепілдік бермейді. Әдетте, дағдарыстық жағдай аяқ астынан  болады. Дағдарыс кәсіпорындарды қызмет саласына, қызметкерлер санына, өнім сапасына және басқа жағдайларға қарамай-ақ таңдайды. Дағдарыстық жағдайда менеджменттің әдеттегі, бәрімізге белгілі шеңберінен тыс тұратын әдістері қолданылуы тиіс. Олардың кейбірі арнайы, тек дағдарыс жағдайларында қолданылатын болса, кейбір әдеттегі әдістері бизнестегі тиімді шараларға қол жеткізу құралдары сапасында қолданылады. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер тәжірибесінде макро - микродеңгейлерге дағдарысқа қарсы шаралардың бай қоржыны бар.

Қазақстан кәсіпорындарында дағдарыс мүлде күтпеген, "көктен түскендей" тосын жай ретінде қабылданады да, оған, көп жағдайда, кәсіпорын персоналы дайын еместігін байқатады. Нарықтық экономикада жекелеген компаниялардың дағдарысы үйреншікті іс, сондай-ақ, қазір жекелеген елдерді ғана емес, тұтастай континенттерді қамтитын жүйелік дағдарыстарға да етіміз үйреніп келеді. Дағдарыстық құбылыстарға, мүмкіндігінше, әдеттегі табиғи құбылыс ретінде қарап, алдын-ала мұқият түрде дайындалу керек. Сол кезде кәсіпорын үшін зиян аз, ал дағдарыстан шығу жеңілірек болады. Дағдарысқа қарсы басқару кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуге қаншалықты қатысы бар екенін анықтау үшін, зерттеу жұмысымыздың келесі бөлімін соған арнадық.

 

2.2 Кәсіпорынның  қаржылық қабілетсіздігін бағалау  шараларын талдау

 

«Көктас» акционерлік  қоғамы Ақтөбе облысы бойынша ірі  компаниялардың бірі болып табылады. Негізгі қызметтері: лицензиялау, іздеу- барлау, пайдалы қазбаларды өндіру, ауыл шаруашылық өндірісі  болып  табылады. Құрылымы АҚ «Көктас»,

- Мұғалжар қиыршық тас зауыты;

- Анастасьевка әк кені;

- Кварц құмының каерьері;

- Силикат тас зауыты;

- Шолақсай құрылыс  құмы;

- Технологиялық матералдар  өңдеу цехы;

- Шалқар минералды  су құю цехы;

- «Ақ құс» құс фабрикасы; 

- Литографиялық бұйымдар бойынша  капсула өндіру зауыты;

- Баспахана кешені;

- Спорт-сауықтыру кешені;

Соның ішінде мысалға өндіріс объектілеріне  құрылыс тастары (диабаз, известняк), кварц құмы, құрылысқа арналған құм, құм-қиыршық тас қоспасы, каолин, диатомит, минералды су, мал шаруашылығы, элеватор және дермен сияқтылар жатады. Бұлар негізінен шикілей жеткізуге жатады. Содан соң  шикізаттарды қайта өндеп, объектілерге апарады. Бұл объектілерге мыналарды, яғни Мұғалжардағы қиыршық зауыты, Шалқардағы минералды суды құю цехы сияқты қайта өндеу объектілері жатады. Көптеген жұмыссыз қалған адамдарды және имигранттарды жұмыспен қамтамасыз етті. Бұл шамалы болса да, жұмыссыздық жағдайын азайтты. Бұл кәсіпорынның броллер тауықтары Ақтөбе каласы мен облысындағы дүкендерде ең алғашқы Қазақстандық броллерлік тауықтар болып шықты. Бұл тауықтарды шығару алдында, оларды жұмыртқа түрінде Қарағанды қаласынан сатып алып, содан соң 45 күн ішінде бұл жұмыртқалардан тауық шығарады.

2011 жылы дүкендерге 55 тоннадан астам тауық еті өткізілді. Бұл фабриканың күштілігі 1 жылда 3,5 млн. броллер, немесе 6300 тонна тауық етін шығара алады. Бұл фабриканың технологиялық  жағдайы тауық өндірісінің барлық кезеңдерін қарастырады. Тауықтарды өсіру және тамақтандыру үшін арнайы құрал-жабдықтары Германиядағы «БичДачмен» және голландиялық «VanDerPloeg» сияқты шетел компанияларынан әкелінеді. Әсіресе арнайы тауық өсіру құрал-жабдықтары германиялық «E.M.F» компаниясынан алынады.

Көп жылдар бойы бұл акционерлік  қоғам үлкен экономикалық жетістіктерге  қол жеткізіп отырды. Бұл қоғам Ақтөбе облысындағы жақсы дамыған кәсіпорындардың бірі болып табылады. Кәсіпорын Ақтөбе облысында жұмыссыздық деңгейін азайтуға үлкен ықпалын тигізді.  Мысалға алғанда 1999 жылы жұмысшылар саны 600-ден астам болса, 2009 жылы 870-тен астам жұмысшы жұмыс жасаса, ал 2010 жылы бұл көрсеткіш 2009 адам санына жетті. Бұл кәсіпорын сонымен қатар Ақтөбе облысын тамақпен қамтамасыз етеді, сонын ішінде тауық өнімі және ауыз, минералды су жақсы дамыған.  Тамақ өнеркәсібінен басқа бұл кәсіпорын Ақтөбе облысындағы әрбір шағын қалаларда көптеген зауыттар ашқан, мысалға Қандыағаш қаласында әйнек шығару және құрылыс каолинді фабрикасы зауыттары,   Мұғалжар станциясында кварц құмын өндеу зауытын қайта қалыптастырған.

Кәсіпорын басшысы бас директор болғандықтан, оған директор, бас бухгалтер, бухгалтер, қаржы менеджері, менеджерлер бағынады. Кәсіпорын басқарудың сызықтық – функционалдық құрылымы қолданылады. Таблицада кәсіпорын басқаруының жалпы ұйымдастырушылық  сызбасы келтiрiлген.

Негiзгi басты мiндеттерi: көрсетілген мақсатқа жету үшін, кәсіпорынның қызмет түрі:

  • Лицензиялау;
  • Ауылшаруашылық өндірісі;
  • Бирудалы материалдар шығару;
  • Өнім өндіру, өңдеу, өткізу;
  • Қайта өндіру;
  • Тамақ өнімдерін өндіру;
  • Ауыз су өнімдерін щығару;
  • Ойын-сауық отауларын ашу;
  • Кұрылысқа қажетті материалдар шығару және т.б;

Қаржы және экономика  бойынша менеджер экономикалық талдау және қаржы бөлімі  сонымен қатар  бухгалтерияға қарасты болып  келеді. Ал қалған менеджерлер маркетинг, кызмет көрсету және тағы басқа жұмыстармен айналысады. Директор барлық жұмыстарға қажетті құралдардан бастап, қаржы менеджердің, бас бухгалтердің және басқа жұмысшыларының үстінен қарап отрырады.

Кәсіпорынның  бөлімдері  компьютерлік жоғары технологиямен  жабдықталған. Барлық қызметтердің  жоғарғы сапада болуы арнайы белгіленген  қызметкерлердің міндеті. Бөлім  4 бөлімшеден тұрады:

  • Алдын – ала енді кұрылатан   инвестициялық проектілерді алдын-ала анализдеу.
  • Сол инвестициялық проектілер іске асыру бойыншы алдын-ала шараларды қарастыру.
  • Компьютерленген түрде сол проектілерді жүзеге асыруда әр түрлі жабдықтармен қамтамасыз ету, жабдықтау бөлімшесі.
  • Осы проектілерді нақты жүзеге асыру бөлімшесі.

Денсаулық сақтау пунктінде  кызметтен жарақат алғандарға бірінші  көмек көрсетіледі. Жұмысқа түсетін  адамдарды медициналық тексеруден өтуді, жылына бір рет флюрография өтуін қадағалайды.

Кәсiпорын еңбек ресурстарымен  толық қамтылған. Жұмысшылардың  жалпы санының 160 – басқарушылар, 600 адам - мамандар және 145 адам – қызмет көрсетушiлер мен басқалар. Сонымен  қатар 20 адамнан тұратын өрт сөндiру  қорғанысы. Қалған жұмысшылар 1220 адам санында жұмысшы құрамын құрайды. Жұмысшылардың орташа жалақысы қазiргi кезде 30000 теңге.

Бөлімшелер басқарушыларының функционалдық міндеттер. Қарамағында-ғылардың басқару қызметін бас директор атқарады. Ал бухгалтерлік  есепті негізінен бас бухгалтер басқарады.

Негізінен кәсіпорынды  бас директор басқарады. Одан кейін  директор. Директорға қарасты төрт қызметкер  бар. Олар:

  • Қаржы менеджері
  • Бас бухгалтер.
  • Менеджер
  • Жұмысшылар бригадасының басшылары

Директор қарамағына техникалық лаборатория, тасымалдау және кұрастыру бөлімі кіреді. Қаржы менеджері  ол коммерциялық және қаржылық сұрақтарға жауап беруші. Ендігі менеджерге, оған мыналар қарасты: маркетинг бөлімі, қызмет көрсету, сауда бөлімі, ас бөлме. Ал мамандар бөлімі тікелей директорға  жауап береді.

Кез келген коммерциялық кәсіпорынның негізгі мақсаттарының  бірі максималды пайда табу. Бұл  маркетинг арқылы жоспарланады, басқарылады. Маркетинг – кәсіпорынды басқару  жүйесінің спецификалық элементі.

Оның негізгі сұрақтары:

  • нарыққа қатысушылар туралы ақпараттың міндетті түрде алынуы;
  • өндірісті жоспарлау және тауарды өткізу;
  • баға жасау жүйесін өңдеу;
  • қызмет көрсетуді  ұйымдастыру және сатып алу мен сату;
  • өнімді өткізуден көбейту жөнінде болжам және бағыт жасау.

Сонымен қоса нарықтағы  алатын көлемін белгілеу.

Кәсіпорынның нормативтік - құқықтық құжаттары. Қарастырылған  кәсiпорын ұйымдастырушылық – құқықтық формалардың классификациясы бойынша  ашық акционерлік қоғам болып  табылады. Кәсіпорынды «Ашық акционерлік қоғам туралы» ҚР заңының 2 пункті 10 бабына сай, жалпы жиналысқа қатысушылардың құзырына  жататын барлық шешімдер жеке қатысушының жеке дербес түрде қабылданатын, жазбаша түрде рәсімдейтін кәсіпорын директоры. Кәсіпорын директоры ағымдағы жұмыс бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етіп отырады, құрылтайшы шешімнің орындалуы мен дайындығын ұйымдастырады, есептің орындалуы жөнінде ұсыныс білдіреді, кәсіпорын атынан сенім хатсыз шарт жасасып және олардың орындалуын қамтамасыз етеді, банктен өз есеп шоттарын ашады, бұйрықтар мен өкімдер шығарады, еңбекшіл ұжым серіктестігінің міндетті орындауында кәсіпорын жұмысшыларын қабылдау мен босатуға өз құқығын жүргізе алады,сенім хаттар береді, кәсіпорынның басқа заңды тұлғалармен қарым-қатынасында кәсіпорын мәселесі жөнінде ұсыныс білдіре алады.

Информация о работе Маркетинговые услуги