Маркетинговые услуги

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 11:19, курсовая работа

Описание работы

Банкроттық – нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық құбылыс болғандықтан Қазақстанда ол оны сауықтырудың құралына айналмады.
Кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету мақсатында қалыптасқан көзқарастар мен сараптауларды, экономикалық қатерлерді талдауды, дағдарысқа қарсы басқаруды, ғаламдану жағдайындағы қолдауды ғылыми негіздеу зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды және ғылыми-тәжірибелік құндылығын анықтайды

Содержание работы

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
Ι-ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні….5
1.2. Кәсіпорын банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің пайда болу себептері ………………………………………………………………….10
ІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ САЯСАТЫ
2.1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны……………………………………………………………………17
2.2. Кәсіпорынның қаржылық қабілетсіздігін бағалау шараларын талдау
………………………………...................................................………….21
2.3 «Көктас» АҚ –ның банкроттыққа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайын талдау……………………………………………………………….29
2.4 Дағдарысқа қарсы басқару- кәсіпорынның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі ретінде………………………………………………..………..…..36
ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………….....………………………..40
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………..…42

Файлы: 1 файл

Кәсіпорынның дағдарысы мен банкроттығы. КУРСОВАЯказгу.нуржан.doc

— 331.00 Кб (Скачать файл)

- шаруашылық механизмдерінің қызмет етуінің өзгеруі;

- басқару шешімдерін қабылдау шарттарының өзгеруі;

- жаңа жағдайлардағы кәсіпорынның стратегиясын жасау және жүзеге асыру;

- басқарудың жаңа мүмкіндіктерін белсенді пайдалану;

- шаруашылық жүргізуде барлық заңды әдістерді пайдалану.

Осы жағдайда дағдарысқа қарсы басқарудың концепциясын анықтап  алу маңызды болып табылады. Осы  мәселе бойынша зерттеулері бар  көптеген авторлардың пікірі бойынша, дағдарысқа қарсы шараларды нарықта қызмет етуші кәсіпорынның қаржылық нәтижелері өте нашар болған жағдайда ғана пайдалану қажет. Бұл – теріс көзқарас, себебі басты мақсат дағдарыстың алдын-алу болғандықтан, біздің ойымызша, дағдарысқа қарсы басқаруда ең бастысы – қаржылық қиындықтар тұрақты, күнделікті сипат алмайтын жағдайларды қамтамасыз ету.

Экономикалық әдебиеттерде дағдарысқа қарсы басқарудың көптеген анықтамалары бар.

Кейбір авторлар дағдарысқа қарсы басқарудың ”нақты бір борышқор кәсіпорында қолданатын дағдарысқа қарсы нысандар мен әдістердің жиынтығы” деп түсінеді.Дағдарысқа қарсы басқару микроэкономикалық категория болып табылады және кәсіпорынның жойылуы мен қайта жандануы кезіндегі өндірітік қатынастарды қамтиды.

Ресейлік экономист-ғалым  Э.А.Уткин дағдарысқа қарсы басқару дегенде, ресейлік кәсіпорынның нарықтық қызметінде мүмкін қиыншылықтардың болмауына, оның өз жеке қаржыларына негізделген, кеңейтілген, ұдайы өндіріске, тұрақтылыққа бағытталған басқаруды түсінеді.

Профессор Э.М.Коротков былай  жазады: “дағдарысқа қарсы басқару – дағдарысты алдын-ала көре білуге көзделген басқару, оның белгілерін, залалдарын азайту шаралары талдап, оны ары қарай дамуға пайдалану”.

Келесі авторлар тобы дағдарысқа қарсы менеджментті қазіргі  менеджменттің барлық әлеуетін пайдаланып, бизнестегі қолайсыз жағдайларды жою немесе алдын-алуға бағытталған кешенді,жүйелі басқару деп қарастырады. Олардың пікірінше, кәсіпорында арнайы бағдарлама жасалып, жүзеге асырылуы қажеи, бағдарлама уақытша қиындықтарды жойып, өзіндік ресурстарды пайдалана отырып, нарықтық позицияны сақтауы қажет.

Батыс Еуропалық экономистер  дағдарысқа қарсы басқару деп, “негізгі мәселе нарықта өз орнын сақтап қалу болатын, кәсіпорын қызметіне қауіп  төндіретін жағдайдан өтуге қажетті  қызметті” айтады. Бұл қызмет келесі түрде сипатталады: “кәсіпорынға қауіп төндіретін жағдайдан өту үшін қажетті әдістер мен тәсілдерді интенсивті қолдануды арттыру”.

Бірақ та, Хаберландтың ойынша, барлық назар жедел, қысқа мерзімді мәселелерге, қатал және тез шешуші шаралармен байланысты мәселелерге  ауады. Дағдарыстың еркін және оңтайлы жақтарын атап өткісі келетін авторлар, дағдарысқа қарсы басқаруды керісінше, “жақындап келе жатқан қиын кезеңді алдын-ала біліп, даму бағытын өзгертуге мүмкіндік береді деп анықтайды”.

Қазақстандық экономист-ғалымдар дағдарысқа қарсы басқаруды – кәсіпорындағы базистік, өзгермелі шамаларды сақтап қалуға бағытталған шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру деп анықтайды.

Сонымен қатар, Қазақстанда  қалыптасқан кейбір көзқарастарға  сәйкес, дағдарысқа қарсы басқару  – банкроттықтың функциясы немесе міндетті қосымшасы болып табылады.

Көптеген елдердегі  нарықтық экономиканың қалыптасуы мен  даму тарихы, оның қызмет ету үрдісінің  бірқалыпсыздығын, өнім өндіру мен  өткізу көлемінің ауытқуын, өндірістің төмен құлдырауларын ашып көрсетеді. Бұл – дағдарыстық жай деп қарастырылып, жалпы заңдылық болып табылады. Осы айтылған заңдылық кәсіпорынның өміршеңдік циклімен тығыз байланысты.

Отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың  зерттеулерін қорытындылай келе, біз  “кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету” түсінігіне дағдарысқа қарсы тұрғысынан тоқталуды ұйғардық.

Біздің көзқарасымыз бойынша, “ Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету- кәсіпорынның күнделікті өмірінде қолданылып, стратегиялық сипат алатын, менеджменттің бар мүмкін болатын әлеуетін кешенді, жүйелік негізде қолданып, уақытша қиыншылықтарды жеңетін және нарықтағы өз орындарын бекітіп, ары қарай дамытуға арналған дағдарысқа қарсы басқару іс-шараларының жиынтығы”.

Осы тұрғыдан алғанда, дағдарысқа қарсы басқару экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралыретінде, дағдарыс жағдайында ғана емес, кәсіпорын қызметінің даму жағдайында да қолданылатын шаралар ретінде көрінеді.

Экономикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету жағдайында уақытша  қиыншылықтан өту үшін беріліп, нақты жасалған еңбек ынталандырылады, сәйкесінше, сыйақының жаңа түрлері мен басқарудың жаңа стильдері пайда болады.

Дағдарысты қабылдаудың  екі концепциясы бар:

1. Дағдарысқа деген қатынас – қолда барды сақтап қалуға бағытталған. Мұнда дағдарыс қауіп және тосқауыл деп қабылданып, қатысушы тұлғалар немесе ұжым үшін тәуелсіздігін жоғалтып алу қаупі болады. Осының нәтижесінде, жауапты тұлғалар дағдарысты теріс қабылдап, дағдарысқа дейінгі қалыпқа жету шараларын жүзеге асырады.

2. Дағдарысқа деген қатынас – жаңашылдыққа бағытталған. Бұл жағдайда дағдарыс кәсіпорынның эволюциялық даму үрдісіндегі жаңартуға деген қажеттілік деп қарастырады. Мұнда дағдарыс, белгілі бір иррационалдық немесе дұрыс емес жасалған мақсаттар, ережелерден тазартудың әдісі болып табылады. Осының нәтижесінде, дағдарысты туғызған, бұрынғы жағдайды өзгертуге әкелген талаптар ұтымды шешіммен қарастырылады. Мұнда негізге дағдарыспен күрес емес, өзіндік құрылымды жаңа қатынастарға сәйкес өзгерту алынады.

Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету төмендегі белгілермен сипатталады: экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мақсаты кез келген экономикалық, саяси және әлеуметтік құбылуларда нарықта тұрақты бекіну және компанияның тұрақты қаржыларын қамтамасыз ету. Сәйкесінше ол әрі жоспарлы және жан-жақты міндеттерді шеше алуы керек; оның шеңберінде кәсіпорынның (тек уақытша қаржы қиындықтарын ғана емес) ағымдағы міндеттерін шешуге, ерекше жағдайларға сай келетін басқару құралдары қолданылады; экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мәні – жағдайларға байланысты әр түрлі іс-әрекеттерді ескеретін, сыртқы ортада болған шамалы өзгерістерге жедел немесе пәрменді әсер ету үшін, алдын-ала дайындалған басқару шешімдерінің балама нұсқалары; экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізінде – кәсіпорынның іс-әрекетінің барлық салалары мен бөлімшелерінде үнемі және тізбектей жаңашылдықтар енгізу үрдісі; экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәсіпорын қандай қиын щаруашылық жағдайға тап болмасын, бұл қиындықтардан кәсіпорынды ең аз шығындармен шығара алатын, қаржылық және басқару механизмдерін іске қосуға негізделеді.

Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару механизмі келесі негізгі элементтерден тұруы  мүмкін:

1. Қаржы жағдайының диагностикасы;

2. Кәсіпорынның бизнесін бағалау;

3. Маркетинг;

4. Ұйымдастырушы - өндірістік менеджмент;

5. Персоналды басқару;

6. Қаржылық менеджмент;

7. Инвестициялық саясат;

8. Дағдарысқа қарсы бизнес-жоспарлау;

9. Бизнес-реинжиниринг үрдісі;

10.  Кәсіпорынның таратылуын ұйымдастыру.

Кәсіпорындағы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету оның құрылған мезетінен басталады. Дәл осы мезетте кәсіпкерлік қызметті жүргізуші, таңдалған миссиялы фмрманың қызмет ету үрдісі барысында, мүмкін болатын потенциалды мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді анықтайтын факторларды тереңінен зерттеу және болашақ фирманың бағытын, яғни қызмет саласын бір жағынан, өзінің жеке мүдделері мен мақсаттарына, екіншіден, оның объективті пайда болатын үлкен қауіптерді кейін қайтарудың потенциалды мүмкіндіктеріне сәйкес анықтау болып табылады.

Кәсіпорынның әр түрлі  қызмет саласымен байланысты факторлар  кәсіпорынның құлдырауына өз әсерлерін  тигізуі мүмкін, сонымен қатар  әсер ету тізбесі өте күрделі  және шытырман болуы мүмкін, сондықтан  экономикалық қатердің алғашқы себебеін не болғанын нақты айтуға болмайды.

Фирманы құру бастамасынан-ақ, фирманың экономикалық қорғау (қауіпсіздік) жүйесін құру туралы сөз қозғау қажет. Егер кәсіпорынның сәтсіздігінің негізгі  спаты оның төлем қабілетсіздігі болса, экономикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз етуде негізгі рөл қаржылық менеджментке беріледі. Сөз жоқ, бұл экономикалық құралдың мүмкіндіктері үлкен, бірақ шексіз емес. Қаржылық менеджменттің нәтижелері кәсіпорынның барлық нарықтық қызметінің нәтижесі, барлық ұжымның сапалы жұмыс жасауының нәтижесі болып табылады.

Осылайша, кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмін қалыптастыру мәселесі тәжірибелік жағынан өте қиын және әдістемелік жағынан толықтыруды  талап етеді. Ол, біздің экономикалық өндірістік нақты сектордың дамуын анықтайтын өзекті мәселеболып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Республикадағы экономикалық жағдайдың даму денгейі кәсіпорынға  тікелей әсер етеді, оның қаржы-экономикалық жағдайы мен банкроттық процесіне  ықпал етеді. Қазіргі жағдайда көптеген кәсіпорындар үшін кісіпорынның бәсекеқабілеттілігін аттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы басқарудың ролін арттырады. Осыған сәйкес кәсіпорындар шығарған өнімдерінің бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықты тауарлардан сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылуда. Жоғары деңгейдегі бәсеке жағдайында әрбір кәсіпорын мақсаты төлемқабілетті және қаржылай тұрақты бөлу. Дегенмен, кейбір кәсіпорындар сот шешімі бойынша төлемқабілетсіз деп танылып, банкроттыққа ұшырайды.

 Қазақстан Республикасы  жағдайында банкроттық механизмнің  нормативті-құқықтық базасы ретінде  заңдар мен қабылданған заңдалақ  құжаттар пайдаланылады.Қазақстан  Республикасының «Банкроттық туралың Заңына сәйкес, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешімі ерікті немесе еріксіз түрде қабылданады.

Банкроттық борышкердің  сотқа жазған өтініші бойынша  ерікті түрде немесе оның өзінің банкроттығы  жайында соттан тыс түрде кредиторлармен келісімге келе отырып, ресми түрде хабарлауы жолымен жасалады. Ал еріксіз түрде кредиторлардың немесе «Банкроттық туралың Заңымен өкімет берілген тұлғалардың өтінші негізінде жасалады.

Банкроттық жайында  кредитордың өтінішімен сотқы баруына  негіз болып борышкердің төлеу  қабілетінің болмауы болып табылады. Егер борышкер өзінің міндеттемелерін үш ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп саналады. Ал егер де кредитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150 айлық есепті көрсеткіштерден жоғары болса ғана, банкроттық жайында іс сотпен қаралады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, міндеттемелелердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігіне байланысты жағдайда болады. Бұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.

Жүргізілген зерттеулер негізінде келесі қорытындылар мен  ұсыныстарды жасауға болады:

1.Қазақстан Республикасы  ашық нарықты экономикалы ел  екенін әлем жұртшылығы мойындаған жағдайда, кәсіпорынға сыртқы ортадан, бәсекелестері тарапынан қауіп-қатер төнуі мүмкін. Ұлттық қауіпсіздік, мемлекет деңгейіндегі экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды күнделікті өмірге терендеп енген түсініктер болса, кәсіпорын деңгейіндегі экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуді көпшіліктің еті үйрене қоймаған термин болып саналады. Ғалым-экономистердің кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуге берген анықтамаларын зерттей келіп, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды — кәсіпорындағы барлық ресурстарды (өндірістік, технологиялық, еңбек, ғылыми-инновациялық, қаржылық, кәсіпкерлік) ұтымды пайдалана отырып, дағдарыстардың алдын-алу және ұдайы даму шаралары механизмінің тиімді қызмет ету жағдайы деп пайымдаймыз. Үдемелі дамып отырған қоршаған ортада қызмет ететін кәсіпорын басшылығына қатердің, дағдарыстың алдын-алатындай көреген болуы қажет.

2. Кәсіпорынның экономикалық  дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз  ету - кәсіпорынның күнделікті өмірінде қолданылып, стратегиялық сипат алатын, менеджменттің бар мүмкін болатын әлеуетін кешенді, жүйелік негізде қолданып, уақытша қиыншылықтырды жеңетін және нарықтағы өз орындарын бекітіп, ары қарай дамытуға арналған дағдарысқа қарсы басқару іс-шараларының жиынтығы ретінде көрсете отырып, біз дағдарысқа қарсы басқару кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі дегенге тұжырымға келдік.

3.Экономикалық дағдарысқа  қарсы басқаруды барлық құрамдас  бөліктерін талдай келіп, кәсіпорын басшылығына дағдарыстың, катердің алдын-алып, болжай алуы және оң жолға бүра білуі керек деген

ұйғарымға келдік. Осы  ретте, біздің ойымыз бойынша, келесі

шаралар алгоритмі тиімді болар еді: мүмкін болатын экономикалық

қатерлерді талдау; қарсы шараларды жоспарлау; қабылданған

шаралардың орындалуын бақылау; экономикалық дағдарысқа қарсы  басқаруды жүйесінің тиімділігін  талдау.

4.Шетелдік және дағдарысқа  қарсы мемлекеттік реттеу аспектілерін салыстыра зерггеп отырып, біз дағдарысқа қарсы мемлекеттік реттеуді бірнеше белгілері бойынша жіктедік. Осы жіктелу бойынша Қазақстандағы дағдарысқа қарсы мемлекеттік реттеуді кредиторлар мүддесін қорғайтын, төлемдер мерзімі бойынша төлемқабілеттілігін анықтайтын, реабилитация мерзімі алты айға дейінгі, әлеуметтік бағытталған, жедел диагностикалы заңдылық деп қарастыруға болады.

Информация о работе Маркетинговые услуги