Маркетинговые услуги

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 11:19, курсовая работа

Описание работы

Банкроттық – нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық құбылыс болғандықтан Қазақстанда ол оны сауықтырудың құралына айналмады.
Кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету мақсатында қалыптасқан көзқарастар мен сараптауларды, экономикалық қатерлерді талдауды, дағдарысқа қарсы басқаруды, ғаламдану жағдайындағы қолдауды ғылыми негіздеу зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды және ғылыми-тәжірибелік құндылығын анықтайды

Содержание работы

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
Ι-ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні….5
1.2. Кәсіпорын банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің пайда болу себептері ………………………………………………………………….10
ІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ САЯСАТЫ
2.1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны……………………………………………………………………17
2.2. Кәсіпорынның қаржылық қабілетсіздігін бағалау шараларын талдау
………………………………...................................................………….21
2.3 «Көктас» АҚ –ның банкроттыққа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайын талдау……………………………………………………………….29
2.4 Дағдарысқа қарсы басқару- кәсіпорынның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі ретінде………………………………………………..………..…..36
ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………….....………………………..40
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………..…42

Файлы: 1 файл

Кәсіпорынның дағдарысы мен банкроттығы. КУРСОВАЯказгу.нуржан.doc

— 331.00 Кб (Скачать файл)

Z = 1,2 + К1 + 1,4К2 + 3,3К3 + 0,6К4 + 1,0К5 (2)

Мұндағы; К1 = меншікті айналым  қаражаттар/активтер;

К2 = бөлінбеген табыс/активтер;

К3 = пайыз бен салық  төлуге дейінгі табыс/активтер;

К4 = акцияның нарықтық құны/активтер;

К5 = өткізуден түскен табыс/активтер;

 

Z индексінің шекті  мәні статистикалық сұрыптау  мәліметтері бойынша Э. Альтманның есептеуінше 2,675 болды. Осы өлшеммен нақты кәсіподақ үшін есептелген несие қабілеттілік индексінің мәні салыстырылады.

Бұл кәсіпорындар арасында шек коюға және болашақта (2-3 жыл) біреулерінің банкроттыққа ұшырап (z < 2,675 болғанда) және (z>2,675 болғанда) басқалардың қаржылық жағдайы тұрақтануы жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 1977 жылы Э. Альтман 7 факторлы моделін ұсынды, ол модельдің дәлдігі 70% дейін болды  және банкроттықты бос жылға жоспарлауға  мүмкіндік береді. Бұл жеті факторлы модель келесі көрсеткіштерді қамтиды.

- активтердің рентабельбілігі;

- пайданың динамикасы;

- несие бойынша пайызды өтеу коэффициенті;

- ағымдағы өтімділік коэффициенті;

- автономия коэффициенті;

- жиынтық активтер;

Бұл модельдің құндылығы  өте дәлдігінде, бірақ қолданылуына ақпараттық жетіспеушілігі қиындық туғызады (талдау есебінің мәліметтері қажет, ал ол сыртқы пайдаланушыларда жоқ).

Сонымен бірге банкроттыққа сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Сыртқы факторларға халықаралық, ұлттық, рыногтық, ал ішкі факторларға фирманың бәсекелестік ортасы, қызмет принципі, ресурстар мен оларды пайдалану, маркетингтік стратегиялар мен саясаты және қаржы менеджменті жатады. Сыртқы факторлар:

1.Халықаралық факторлар.

1.1.Жалпыэкономикалық: 

- экономикалық даму циклдылығы;

- дүниежүзілік қаржы жүйесінің жағдайы;-транұлттық банктердің қаржы саясаты;

1.2.Халықаралық саясаттың  тұрақтылығы:-халықаралық келісім-шарт  жасасу;

- еркін экономикалық аймақтар құру;

- тарифтік келісімдер;

- халықаралық маркетингі.

1.3.Халықаралық бәсеке:-бірлескен кәсіпорындар құру;-лицензиялық сауда;-фирмлық бәсекенің нарықтығы үлесін арттыру;

2.Ұлттық факторлар.

2.1.Саяси:-қаржы жүйесінің  жағдайы;-меншікке деген қатынас;-мемлекеттік  жер саясатының принциптері;-мемлекеттің  кәсіпкерлікке қарым-қатынасы;-салық саясаты;-монополизмді шектеу;-бәсекені қолдау;-тұтынушылар мен кәсіпкерлерді құқын қорғау шаралары;

2.2.Экономико-демографиялық  факторлар:-халықтың табысының деңгейі;-сатып  алушылардың қабілеттілік денгейі;-несие  алу мүмкіндігі;-кәсіпкерлік белсенділігі;

3.Рыногтық факторлар.

3.1.Психологиялық:-тұтынушылардың  таңдауы, талғамы, әдеттері мен  дәстүрлері, тұтынушы нормасы;

3.2.Ғылыми-технологиялық:-технологиялық  жаңалықтар;-өнімнің бәсекелік қабілеттілігі; (денгенмен банкроттықтың ең күшті сыртқы факторы технологиялық өзгерулер-ірі ғылыми-технологиялық қозғалыстар болып саналады). Ішкі факторлар:

1.Фирманың бәсекелік  ортасы:-саланың қызметінің мақсаты;-дәстүрлер,  репутация және имидж;-персоналдың  біліктілік құрамы;-нарықтағы үлесі  және циклдық кезеңдері.

2.Қызметтің принциптері:-меншік  формасы;-басқарудың ұйымдастырушылық  формасы;-инновациялық қызмет;-өндірісті  басқару жүйесін ұйымдастыру;-өндірістің  диверсификациясы.

3.Ресурстар мен оларды  пайдалану:-өндірісітің әдістері  мен құрылымын жетілдіру;-өндірістік циклдың ұзақтылығы;-өндірістік қорладың денгейі;-қаражаттар айналымы.

4.Маркетингтік стратегиялар  мен саясаты:-нарықты сегменттеу;-тауар  саясаты;-баға саясаты;-өткізу, сату  саясаты;-стратегиялық мақсаттар  мен сатуды болжау.

5.Қаржы менеджменті:-баланстың  құрылымы;-төлемқабілеттілік;-өтімділік;-капиталдың  құны.

 Сонымен қатар келесі сызбада ұйымдағы банкроттықтың субьективті және обьективті себептері көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


 

 

 

 



 

 







 

 

 


 

 





 

Сызба-1 Ұйымдағы дағдарыстың  субьективті және обьективті себептері.

 

Сызба-1 Ұйымдағы дағдарыстың  субьективті және обьективті себептері.

 

Жалпы төлемқабілетсіздіктің  ерекше себептеріне 1-ден, нарық тапсырысынан артта қалушылық, яғни ұсынылатын ассортимент, сапа, баға, т.б. туралы айтуға болады; 2-ден, кәсіпорынның қанағаттанарлықсыз қаржылық басқарылуы, яғни оның міндеттемеге жүктелуі. Бұл жағдайда қаржылық басқару дертіне ұшырайды /5,9б/.

Кәсіпорынның дәрменсіз, төлемқабілетсіз қызмет атқаруы  келесі факторларға байланысты:

1. Акция қаражаттырының  қозғалысының жалпы міндеттемелерге  қатынасын көрсететін көрсеткіштің  айтарлықтай шамасы;

2. Төмен рентабельдік

3. Тұрақсыз табыс

4. Акционерлік қоғамдық  акциясының бағасы бірден төмендеуі;

5. Дивиденд төлемдерінің азаюы;

6. Тұрақты шығындардың  жалпы шығындарға қатынасының  жоғарғы көрсеткіші;

7. Акцияның нарықтық  құны мен оның баланстық құны  арасындағы айырмшылықтың орны  алуы;

8. Айналымнан тыс активтердің  қажетті деңгейін қолдауда қабілетсіздік  таныту 

9. Қарыз міндеттемелерінің жоғарғы мөлшері;

Ал сапалық факторларына:

1.Қаржы есебі жүйесінің  нашарлығы және шығындарды бақылауға  қабілетсіздігі;

2. Басшылық тәжірибесіздігі 

3. Міндеттемелерін уақытылы  өтей алмау;

4. Заңсыз іс-әрекеттердің  орын алуы;

5. Кәсіпорынды басқаруда бөліксіздік таныту;

6. Қосымша қаржылану  көздерін алуға кәсіпорынның  қабілетсіздігі;

7. Басшылықтың сыртқы  ортадағы өзгерістерге тез бейімделе  алмауы;

8. Бухгалтерлік және  қаржы есебінің жеткіліксіз сапалы  жүйесі;

9. Қарыз келісім-шарттарын  жиі қарау;

10. Жалға беру мен  жалға алу келісім-шарттарын жиі  құрастыру;

Америка Құрама Штатында кәсіпкерлікті тұрақты түрде  мемлекеттік қолдауға ие. Әр түрлі  мемлекеттік реттеулер мен қолдау шаралары құқықтық базаға негізделген. Солардың бірі “шағын бизнес туралы заң”. Америка Құрама Штатының когрессінде шағын бизнес проблемаларымен екі комитет айналысады.

 Федералдық деңгейде  шағын бизнес әкімшілігі қызмет  атқарады. Әкімшіліктің басты функциясы-шағын  бизнесті жан-жақты қолдау.Әрбір  штатта әкімшіліктің аймақтық бөлімдері жұмыс істейді. Аймақтық бөлімшелер шағын бизнес субъектілеріне нарық туралы ақпарат береді, оның мәселелерін шешуге көмектеседі.

 Сонымен қатар,  Америка Құрама Штатының кәсіпкерлік  саясатының негізгі бағыттарының  бірі-ол қаржы түсімдерін реттеу болып табылады. Ол екі бағытта жүзеге асырылады:

1)бюджеттен мақсатты  бағытталған субсидиялар;

2)қаржыландыру үшін  жеке капиталдарды тарту;

Бұл бағытты іске асыруда  АҚШ-та Шағын Бизнестің Әкімшілігі құрылған және ол шағын кәсіпкерлікке  қаржылық,кеңестік,материалдық көмектеседі, кәсіпкерлерді оқыту мен дайындауды жүзеге асырады.Шағын Бизнес Әкімшілігі шеңберінде келесі бағдарламалар жүзеге асырылады:

1) халықаралық саудада  көмек;

2) ғылыми-техникалық  зерттеулер;

3) әйел-кәсіпкерлерге  көмектер;

4) ардагер-кәсіпкерлерге көмек көрсету жұмыстары;

5) ұлттық кәскерлікті  дамыту және т.б.

 

 

ІІ. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару саясаты

2.1. Кәсіпорынның  дағдарысқа қарсы басқаруының  мәні мен мазмұны

 

Нарықтық экономика  жағдайында кәсіпорынға қоршаған орта тарапынан көптеген дағдарыс төнуі мүмкін. Бұл дағдарыс бәсекелестік күрестің шиеленісуі, техникалық және бағдарламалық құралдарды заңсыз пайдаланумен, елдегі саяси және экономикалық тұрақтылықтың болмауымен байланысты. Сондықтан, кәсіпорын менеджеріне негізгі қызметінен, яғни кәсіпорынды басқарудан басқа да, дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету сұрақтары жүктелетіні сөзсіз. Бұл мәселе терең және көп қырлы болғандықтан, біз зерттеу жұмысымызда кәсіпорынның тек экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың қаматамасыз ету сұрақтарына тоқталамыз.

Қаржылық-экономикалық дағдарыстар, әдетте, өнеркәсіп кәсіпорындарға кері әсерін тигізеді: негізгі капитал  тозады, еңбек өнімділігі азаяды, жас  және білікті мамандар өндірістен кетеді.

Кәсіпорын алдына өзіне  тән өндірістік қызметтерді орындауына байланысты өзінің жағдайын бағалау мен болжау сияқты, яғни кәсіпорынға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардан қорғау, қауіптілік индикаторларының мониторингі жүйесін құру, олардың шектерін анықтау, қатерлерге қарсы шаралар қабылдау сынды, өзекті мәселе туады.

Әрбір кәсіпорын үшін өзінің экономикалық дағдарысқа қарсы  басқарудың қамтамасыз ету сұрақтары, тек қана дағдарыс жағдайында ғана емес, тұрақты экономикалық ортада да экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың міндеттері өз көкейкестілігін жоймайды.

Кәсіпорын тұрақты қызмет ету жағдайында экономикалық дағдарыстың  сұрақтарын шешуде басты көңілді  өндірістің және өнім өткізудің қалыпты  қарқынын сақтауға, материалдық және қаржылық залалдардың болмауына, ақпараттардың  компьютерлік базасының бұзылмауына, теріс пиғылды бәсекені болдырмауға бағыттайды.

Қазақстан Республикасының  егемендік алған кезеңінен бастап, «экономикалық дағдарыс» термині  елдің құқықтық - нормативті құжаттарынан берік орын алды. Осындай нормативті құжаттардың қатарына ҚР-ның "ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы, ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігінің Мемлекеттік стратегиясы жатады. Ұлттық заңдылықта экономикалық дағдарыс талаптары мен түсінігі, біздің ойымыз бойынша, анық көрсетілмегендіктен, біз «экономикалық дағдарыс» түсінігін жан -жақты қарастыруды үйғардық.

Үлкен заңгерлік сөздікте экономикалық дағдарысқа келесідей  түсінік беріледі: «...мемлекеттің  үдемелі дамуы мен әлеуметтік, саяси және қорғану қабілетін  дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ететін экономиканың жағдайы».

ҚР-ның «ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздігі туралы « Заңында экономикалық қауіпсіздік «ҚР-ның ұлттық экономикасының тұрақты дамуына және экономикалық тәуелсіздігіне кері әсер ететін үрдістер мен факторлардан, ішкі және сыртқы жағдайлардан қорғалған жағдайы » деп көрсетілген.

Біз жоғарыда тоқталып өткен  экономикалық дағдарысқа қарсы басқару  түсінігіне берілген екі анықтамада да кәсіпорынның экономикалық дағдарысы  қарастырылмаған, экономикалық дағдарыс түсінігі мемлекет деңгейінде ғана қарастырылған  деп тұжырымдап, анықтамаларды зерттеуімізді ары қарай жалғастырдық.

Отандық және ресейлік авторлардың  ғылыми жұмыстарында кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету көзқарастар көрсетілген. Соларға  шолу жасау арқылы, өз ойымызды білдірмекпіз.

Бір авторлардың пікірінше, кәсіпорынның (фирманың, ұйымның) экономикалық қауіпсіздігі ғылыми - техникалық, технологиялық, өндірістік және кадрлық әлеуеттің  сыртқы және ішкі экономикалық қатерлерден  қорғалған жағдайы және оның барлық ресурстарын тиімді қолдану арқылы ұдайы өндіріске қабілеттілігі.

Келесі авторлар кәсіпорынның (шаруашылық субъектісінің) экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды оның ғылыми - техникалық, технологиялық, өндірістік және кадрлық әлеуетінің тікелей (белсенді) және жанама (енжар) экономикалық дағдарыс, мысалы, мемлекеттің тиімді емес ғылыми - өндірістік саясатымен немесе қолайсыз сыртқы ортаның қалыптасуымен байланысты дағдарыс, қорғалуы және ұдайы өндіріске қабілеті.

Басқа авторлардың пікірінше, экономикалық дағдарысқа қарсы басқару дегеніміз - жұмыс істеп тұрған кәсіпорынға мүмкін болатын экономикалық қатерлердің қарсы шаралар жүйесіне немесе басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесіне тең болуы.

Кейбір авторлар экономикалық дағдарысқа қарсы басқару кәсіпорын қызметіне дағдарысты алдын алу үшін корпоративті ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалану және қазіргі кезде, болашақта кәсіпорынның тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етілуі деп түсіндіреді.

Осы пікірлерде кәсіпорынның экономикалық дағдарыспен байланыстыруға талап болмағаны байқалады, дегенмен дағдарыстың алдын-алу туралы мәселе қозғалған. Экономикалық дағдарыс ұштаса отырып, дағдарысқа әкелуі мүмкін болғандықтан, айтылып кеткен көзқарастарды біз дағдарыстың алдын-алу шараларымен байланыстыра көрсеткіміз келді. Біздің ойымызша, кәсіпорынның экономикалық дағдарыспен мәнін келесідей түсінік толығымен ашар еді: «Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын кәсіпорындағы барлық ресурстарды (өндірістік, технологиялық, еңбек, ғылыми-инновациялық, қаржылық, кәсіпкерлік) ұтымды пайдалана отырып, дағдарыстардың алдын-алу және ұдайы даму шаралары жүйесінің тиімді қызмет ету жағдайы». Осы ретте, бұл түсінікте ресурстарды толығымен пайдалану, дағдарыстардың алдын-алу, ұдайы дамуды қамтитын жүйе толығымен қамтылып, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару түсінігі толығымен ашылады деген ойдамыз.

Информация о работе Маркетинговые услуги