Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 09:43, реферат
Микроэкономика – экономикалық теорияның негізгі бір бөлігі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді. Адамдардың экономикалық іс-әрекеті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады және бұларды құрайтын: қажеттілік, ресурстар, технология, өнімдер және оларды пайдалану бір-бірімен тығыз байланысты болады
Бұл нүкте тепе-теңдік жағдайын көрсетеді, сонымен қатар төмендегідей шарт орындалады:
В нүктесінде №200 өнім бірлігін өндіргендегі шығындар А нүктесіндегіден көп болады немесе Q=200 Сондықтан 3-изокоста берілген өнім көлемін неғұрлымм жоғары шығындарды көрсетеді.
Өсу траекториясы
Өсу траекториясы фирма өнім көлемін шығаруды көбейткен кезде өңдірістің айнымалы факторлары қалай өзгеретінін көрсетеді.Көптеген изокванталарды өзара қарастырайық. Олардың әрбіреуінде изоквантаның изокостамен жанасу нүктесін көрсетуге болады.Онда берілген өнім көлемі ең төменгі деңгейдегі шығындармен өндіріледі. Осы қисықтардың нүктелерін қосу арқылы біз фирманың траекториясын аламыз.
6.6. Ұзақ мерзім кеңіндегі
бұл уақыт ағымына байланысты өзгеріп тұруы мүмкін.
Жоғары ұсынылған модельдерде
Ал ұзақ мерзім кезеңіндегі орташа жалпы
Өнім шығару көлемі 0<Q<1500 болған жағдайда бірінші өнеркәсіп орнының көлемі ең ұтымды болады, себебі жоғарыда көрсетілген өнім көлемін ең төменгі деңгейдегі шығындармен өндіруге болады. Егер 1500<Q<2700 болса, онда ұтымды өнім көлемін екінші өнеркәсіпте, ал Q>2700 болса, үшінші өнеркәсіпте өндірген тиімді болады.6.7-суретте өнеркәсіп көлімінің 3 мүмкіндігі берілген және ұзақ мерзім кезеңіндегі орташа жалпы шығын қисығы LRAC қара сызықпен көрсетілген.
Егер 3-тен әлдеқайда көп өнеркәсіп орындарын
Ұзақ мерзім кезеңіндегі
Арасындағы байланыс сияқты болады.
№7 тақырып. Жетілген бәсекелестік нарықтағы ұсыныс (2 сағат)
“Микроэкономиканың” бұл тарауының мақсаты жеке фирманың нарықтың белгілі бір моделіндегі, яғни жетілген бәсекелестік жағдайындағы іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Бұл модель зерттеуді жеңілдететін алғышарттардан туындайтын, нақты экономикада толық күйінде кездесе бермейтін таза нарықтық құрылым болып саналады. Алайда, ол шешім қабылдау барысында өндірушілерге көптеген негізгі жорамалдау кезеңдерге түсінік береді, атап айтқанда, өнім өндіру көлемі мен тауардың бағасы және жеке сатушылардың ұсынысына әсер ететін факторларды анықтауға көмек береді. Нақты нарықтық құрылымдағы фирмалардың тауар өндіру және қызмет көрсету процесін толық түсіну үшін аталған модеоьді қарастырудың маңызы зор.
Сонымен,зерттеу нысаны бәсекелес фирма болып
Жетілген бәсекелес нарығының негізгі сипаттамалары
Жетілген бәсекелес нарығы дегеніміз- төмендегідей шарттар орындалатын нарық:
Бәсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайтын болғандықтан, ло бағаны сырттан белгіленген баға ретінде қабылдайды. Бұл - өндірілетін өнімнің кез келген мөлшерін фирма бір ғана бағамен сатады деген сөз. Жеке өндірушінің сұраныс қисығы горизонталь сызық болып табылады.
Е с к е р т у. Аталған қисықты нарықтық сұраныс
қисығымен шатастыруға
Өнімнің өндірілген әр бір қосымша бірлігі тұрақты Ро бағамен сатылатындықтан, жалпы түсім өсімі немесе шекті түсім MR нарықтық бағаға тең болады, яғни MR=Po. Сондықтан жетілген бәсеке жағдайында шекті түсім (MR) қисығы жеке фирманың сұраныс қисығымен ( D) сәйкес келеді. Фирмаға белгіленген Ро бағасы нарықтық сұраныс пен нарықтық ұсыныстың сәйкестігінің нәтижесі екендігін көрсетеді.
Жетілген бәсекелес фирманың қысқа мерзімді кезеңде пайданы мейлінше арттыруы
Шекті және графиктік талдау.
Пайда дегеніміз- жалпы түсім (TR) мен
жалпы шығындар (ТС) арасындағы айырма:
П=TR-TC
Бұл жерде және әрі қарай экономикалық пайда туралы сөз болады. Фирманың мақсаты- белгіленген баға арқылы мейлінше аз зиян шешуге мүмкіндік беретін өндіріс көлемін таңдап алу болып табылады. Қысқа мерзім кезеңде бәсекелес фирманың құрал жабдығы тұрақты болады да, ал өнім шығару көлемі өзгерген кезде тек айнымалы ресурстар ғана өзгереді, осыған сәйкес айнымалы шығындар өзгереді.
Енді қысқа мерзімді кезеңде нарықтық баға мен өз шығындары туралы ақпараттарды ескере отырып, фирма өнім шығару көлемі туралы шешімді қалай қабылдайтындығын көрсеиейік.
Бәсекелес өндірушінің
Егер өнім өндіру
пайда әкелетін болса, онда бірінші сұраққа жауап дайын.
Егер өндіріс зиян шегетін болса, лнда фирманы жапқан
жағдайдағы шығындарды және
Егер фирма өндіріс көлемінің белгілі бір
Екінші сұрақтың жауабы өндірушінің мақсатынан
туындайды: фирма мейілінше көп пайда алып немесе
Қойылған сұрақтарға толық және нақты жауап беру
үшін белгілі бір өндіріс
Бірінші жағдайды қарастырайық – пайданы мейлінше арттыру. Баға орташа жалпы шығындардың ең төменгі деңгейінен жоғары делік, яғни
Онда, (2) формула бойынша есептесек фирма экономикалық пайда алады. Оны мейлінше арттыру үшін өндіруші өндірісті әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігінің жалпы түсімге (R) қосатын өсімі оның жалпы шығындарға (ТС) қосатын өсімнен артық немесе тең болғанша ұлғайтуы қажет: MR³MC немесе жетілген бәсеке жағдайында Р³ МС, өйткені MR=P. Сондықтан фирма менеджерлері әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы шекті шығындарды өнім бағасымен салыстырулары тиіс. Бұл жағдайда осы өнім бірлігін сату (1) формулаға сәйкес, жалпы пайданы өсіреді.
Мейлінше көп пайда мынадай теңдік
орындалған жағдайда шығарылатын өнім
Р=МС.
Бұл шарт жетілген бәсекелес фирма үшін пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізетін шарт болып табылады.
Пайданы мейлінше арттырудың графиктік талдауы төмендегі скретте көрсетілген.
7.2-суретте фирманың шекті (МС) және орташа (АС) шығындарының қисықтары мен сұраныс қисығы Р= MR көрсетілген. МС қисығы сұраныс қисығымен В нүктесінде қиылысады. Оған сәйкес өнім көлемі-Q. АВСD тік төртбұрышының биіктігі өнім көлемінің бір бірлігіне шаққандағы пайда немесе төмендегі көрсеткіштердің айырмасына тең (Р-АС).
Оның ені -өндірілген тауарлар саны. Сонымен, фирманың жалпы пайдасы АВСD тік төртбұрышының ауданына тең болады. Мейлінше көп пайда өнім шығару көлемі Q*-ға тең болғанда алынады, ал бұл өнім көлемі үшін орташа шығындардың ең аз мөлшерде болуы міндетті емес.
Жетілген бәсекелес фирманың зиянын мейлінше азайту
Екінші жағдайды, яғни шығындарды мейлінше азайтуды қарастырайық. Өнім бағасы мүмкін болатын жалпы орташа шығындардың ең төменгі мөлшерінен төмен, ал орташа айнымалы шығындардың ең төменгі шамасынан жоғары деп жорамалдайық.
Бұл жағдайда фирма зиян шегеді және оның алдында өндірісті тоқтату немесе қысқа мерзімді кезеңде қызметін жалғастыру сияқты екі таңдау тұрады. Барлығы да зиян мөлшеріне байланысты болады. Өндірісті тоқтатқан кезде, фирма тұрақты шығындарға тең зиян шегеді, яғни Y=TFC.Өз қызметін жалғастыра отырып, фирма жалпы айнымалы шығындарды толық өтеп, ал тұрақты шығындардың белгілі бір бөлігін ғана жабатын, жалпы түсім ала алады. Бұл жағдайда өндірісті жалғастыра отырып, фирма өз өндірісін тоқтатқаннан гөрі аз зиян шегеді. Зиян мөлшері өте аз болатын өндіріс көлемі (4) теңдеу арқылы анықталады.
График түрінде оны былай көрсетуге болады:
7.3-суретте баға сызығы AVC және АС қисықтарының арасынан өтеді. Өндіріс көлемі Q*-ге тең болғанда, Р= МС, зиян мөлшері өте аз немесе АВСD тік төртбұрышының ауданына тең болады. Өнімнің 1 бірлігіне шаққандағы зиян ( СВ) мөлшеріне тең. Бұл жағдайда өндірісті тоқтатқанда фирма көп зиян көретінін оңай көрсктуге болады. Шынында да, тұрақты шығындар DCEF тік төртбұрышы ауданымен анықталуы мүмкін, оның СЕ биіктігі ( АС- AVC) айырмасына тең, яғни AFC. Сонымен, DCEF ауданы:
S DCEF=FFC·Q*=TFC
Ал, S ABCD <S DCEF екендігі белгілі.
Қысқа мерзімді кезеңде фирманың қызметін тоқтатуы
Үшінші жағдайды қарастырайық- фирманы жабу.
Баға ең ықтимал орташа айнымалы шығындардың ең төменгі
P £ AVC min
Бұл жағдайда , фирма өзінің айнымалы шығындарын жабатын өндіріс көлемін де шығара алмайды. Өндірісті жалғастыратын болса, ол тұрақты шығындарының құнынан да көп зиян көреді, яғни зиян барлық шығындар шамасына тС-ға тең болады. Сондықтан, фирма өз жұмысын тоқтатқаны жөн. Зиянның ең аз мөлшері FC-ті құрайды. Бұл жағдай 7.4- суретте көрсетілген, ондағы баға сызығы AVC қисығынан төмен орналасқан.
7.5. Қысқа мерзімдегі жетілген бәсекелес фирманың және жалпы саланың ұсыныс қисықтары
Жоғарыда қарастырылған жағдайларды қорытындылай