Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 09:43, реферат
Микроэкономика – экономикалық теорияның негізгі бір бөлігі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді. Адамдардың экономикалық іс-әрекеті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады және бұларды құрайтын: қажеттілік, ресурстар, технология, өнімдер және оларды пайдалану бір-бірімен тығыз байланысты болады
P > AVC min (Р>Р0) бағасына сәйкес МС қисығына дейін көлденең сызық жүргізу қажет, мысалы Р1 бағасында-Р= Р1 сызығын, Р2 бағасына –Р = Р2 сызығын.
Қиылысу нүктелерінен (сәйкестілік бойынша В немесе
С ) өнім көлемі көрсетілген оське
Нарықтық ұсыныс дегеніміз- саладағы фирмалардың кез келген мүмкін болатын бағамен сатқысы келетін нарықтағы өнім көлемінің сомасы.
Бұларды төмендеі грфиктен көрсетуге де болады.
Нарықтық ұсыныс қисығы дегеніміз нарықта қызмет етуші барлық фирмалардың шекті шығын қисықтарының көлденең жиынтығы.
Мысалы, егер сала әрқайсысының ұқсас шекті шығындарын МС бар 1000 ұқсас фирмадан құралатын болса, Ро бағасындағы жалпы өнім Q=1000·Q*- ге тең болады.
Мұнда, Q*-дәл осындай фирманың Ро бағасымен
Қысқа мерзімді нарықтық ұсынысқа ықпал
Осы факторлардағы өзгерістер фирманың шекті шығын қисығының ауысуына әкеліп соғады. Мысалы, айнымалы ресурстар бағасының өсуі МС қисығын жоғары жылжытады, өйткені фирманың шекті шығындары өседі. Нәтижесінде нарықтағы ұсыныс азаяды, салада жаңа технологияны пайдалану өңдірістің шекті шығындарын азайтады, соның нәтижесінде әр фирманың МС қисықтары төмен жылжиды. Бұл тауарды ұсыну көлемінің өсуін көрсетеді.
7.6. Ұзақ мерзімді бәсекелестіе теңдестік тауарлар ұсынысы
Ұзақ мерзімдіезңде фирма өз өндірісінде қолданатын факторларының барлығын өзгерте алады, соның ішінде кәсіпорын ауқымын да өзгертуі мүмкін. Ол өз өндірісін ұлғайта алады немесе саладан шыға алады. Егер экономикалық пайда алса, онда өндірісті ұлғайтуға тырысады. 7.7.-суретте ұзақ мерзімді кезеңде пайданы мейлінше арттыру графмк түрінде келтірілген.
Ро бағасына қысқа мерзімді кезеңде фирманың пайдасы ABCD аданына тең. Егер ұзақ мерзімді кезеңде баға өзгермейтін болса, фирма өндіріс көлемін Q1- ден Q2- ге көбейте отырып, пайданы AEFG ауданына дейін арттыра алады, яғни, баға шекті шығындарға тең болғанша өндіріс көлемі ұлғайтылады. ( LRМC):Ро= LRМC.
Алайда фирманың мұндай пайданы ұзақ уақыт бойы ала алмайды. Пайда алуды мақсат тұтқан фирмалар осы салаға келе бастайды, нәтижесінде саланың өнімінің нарықтық бағасы төмендей бастайды бұндай жағдай баға ұзақ мерзімдегі цықтимал орташа шығындардың ( LRАC) ең аз мөлшеріне дейін төмендегенше байқалады, яғни Р= LRМC min ( біз осы саладағы барлық фирмалардың шығындар функциясы бірдей деп қарастырамыз).
Нәтижесінде фирманың өнім шығару көлемі Q3 –ке дейін төмендейді, ал экономикалық пайда нольге тең болады. Сонымен фирма инвестицияланған капиталға тек қана кәдімгі (нормальді) пайда алады.
Ал егер Р< LRАC min болса,онда фирмалар бұл саладан кете бастайды, бұл жағдай баға жоғарылап, экономикалық пайда нольге тең болғанша жүріп отырады.
Өндірістік операцияларды осылайша реттеу нәтижесінде салада ұзақ мерзімдік бәсекелестік теңдестік орнайды. Ол, біріншіден, қызмет етіп тұрған фирмалардың өндірісті не ұлғайтуға ынтасы жоқ екендігін көрсетеді, өйткені барлық фирмалар Р= LRАC min болғандықтан экономикалық пайдалары нольге тең болады. Екіншіден, әр фирма ұзақ мерзімді кезеңде Р= LRАC-ға тең болатын өнім өндіре отырып пайдасын мейлінше арттырады. Үшіншіден, саланың жиынтық ұсынысы жиынтық тұтыну сұранысына тең.
7.7. Бәсекелес нарықты талдауда тұтынушы мен
өндірушілер ұтымы
Жетілген бәсеке нарығындағы теңдестік баға мен таурдың теңдестік мөлшері тұтынушылар мен өндірушілердің жалпы экономикалық хал-әухатын арттыратындығын көрсетйік. Бұл үшін тұтынушылар мен өндірушілердің ұтымын қарастырамыз. Тұтынушының ұтымы ( CS) дегеніміз- оның тауарға төлеуге даяр бағасы иен төлеген бағасы арасындағы айырмаға тең болатын тұтынушылардың таза пайдасы. 7.8- суретте сұраныс қисығы арасындағы аудан көрсетілген.
Өндірушілер де осындай пайда көреді ол өндірушінің ( РS) берілген тауарды сатудан алатын ұтымы деп аталады. Тауардың әр бірлігі үшін бұл- нарықтық баға мен оның өндіріс барысындағы шекті шығындар арасындағы айырма. Жалпы нарық үшін- бұл пайда мен өндіріс факторларына жиналатын кез келген рентаның қосындысы. РS- түрінде былай көрсетіледі- ұсыным қисығының жоғары жағынан басталып, нарықтық баға сызығына дейін келіп тірілетін аудан (7.8.-сурет).
Тұтынушылар мен өндірішілердің ұтымының
Мемлекет тарапынан бағаны бақылау саясатын
Мемлекет бағаны Рm<Ро деңгейінде белгілеу нәтижесінде карастырып отырған тауарды сату көлемі Qo – ден Q1 – ге дейін азайып отыр. Тұтынушы ұтымының жалпы өзгерісі: CS=A-B. Егер А ауданы В ауданынан артвк болса, онда DCS > 0. Өндірушілер PS = A- C зиян көреді. Сонда, жалпы зиян: DCS + DPS = - B – C бағаны бақылау щараларының тиімсіздігін көрсетеді, себебі тұтынушылар мен өндірушілердің жалпы жағдайы төмендейді.
Енді салық салу саясатының қоғам жағдайына тигізетін зиянын көрсетейік (7.10 – сурет).
Салық (Т) нарықтық бағаны Ро – ден Р- ге дейін арттырады. Сатушылардың салықты төлегеннен кейінгі алған таза бағасы (Р1 – Т) – ға тең. Тұтынушылардың шегетін зияндары: D CS = - А – С.
Салық ауыртпалығының тұтынушылар мен өндірірушілер арасында бөлінуі сұраныс пен ұсыныс икемділігіне байланысты болады. Жалпы зияндар шамасы (DPS + D CS) мемлекеттің салықтан алатын түсімінен, яғни (А + В) - дан ( С +В) мөлшеріне артық. Бұл қоғамның хал ө әхуалына тиетін таза зиян.
Сонымен жоғарыда қарастырылған мемлекет тарапынан араласу мысалдары бәсекелес нарықтың тиімді екендігін көрсетеді.